Жалпы өнер туралы айтар болсам: Өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы



жүктеу 15.83 Kb.
Дата24.03.2022
өлшемі15.83 Kb.
#18329
эссе фило
2лекция Көшкінбаева А. , Мәдениет Дана, эссе спз

Жалпы өнер туралы айтар болсам: Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер - бұл адамның іс-әрекеті. Оның көмегімен ол әлемді үйренеді, демалады және жаңа нәрсе жасайды. Өнердің адам өміріндегі рөлі мен маңызын елеусіз қалдыруға болмайды. Онсыз мүмкін емес болар еді. Бұл әрі қарайғы ашылулардың өзіндік негізі.
Өнер тек жеке адамдар үшін емес, қоғамның дамуында да өте маңызды рөл атқарады. Егер де қоғамның рухани мәдениеті жоғары дамыған болса, онда өмір сүретін адамдардың да мәдениетінің жоғары болары сөзсіз, себебі адамдар қоғамда тәрбиеленеді.
Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет,музыка,мүсін,кескіндеме,театр,кино,би,сәулет өнері т.б. түрлері бар.
Өнердің түрлері көп және олар бір-бірімен тығыз байланысты. Өнер негізінен өмірді бейнелейді, бірақ та әрбір өнердің түрі өмір шындығын толықтай бейнелей алмайды. Мысалы, музыка адамның ішкі жандүниесінің құпия сырларын әуен, ырғақ арқылы бейнелей алады, бірақ та адам болмысын толық суреттеуге оның шамасы келмейді. Әдебиет сөз арқылы адамның өмір тіршілігін суреттесе, сәулет өнері адамдардың сол өзі өмір сүрген заманындағы тұрмыс-тіршілігінен хабар береді. Сол сияқты өнердің басқа да түрлері өздерінің образдарын жасап, сол арқылы өмірдің шынайы көрінісін беруге тырысады.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкерлердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.
Қортындылай келе өнер-адам баласының жан-жақты жетілуіне,эмоциялық күйіне,өсуіне мүмкіндік береді.Өнер туындылары адам сезіміне қозғау салып,оқиғаны басынан өткізгендей күй кешіреді,ләззәтқа бөлейді. отырған.Өнер адам баласы үшін-таусылмас азық,жұтаймас байлық.Өнер біздің өміріміздің өрнегі.
жүктеу 15.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет