Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын



жүктеу 495.37 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата01.05.2017
өлшемі495.37 Kb.
1   2   3

 



Арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері 

 

Арнайы сыныптарда оқу-тәрбие процесі Арнайы педагогикада есту, көру, 



сөйлеу  қабiлетi,  жүрiп-тұру  мүшелерiнiң  функциялары  бұзылған,  психикалық 

дамуының  тежелуi  бар  оқушылардың  оқу  әрекетінің  дағдылары  мен  оқу 

материалын  меңгеру  мүмкіндіктерін  көпжылдық  эксперименттік  зерттеулер 

негізінде  әзірленген  жалпы  талаптардың  ескерілуімен  құрылу  керек  [2]. 

Арнайы  педагогика  балалардың  барлығы  дамуының  бұзылу  ауырлығына 

қарамастан  оқи  алатына  сүйенеді.  Оқуға  қабілеттілік,  оқу  процесінің  өзі 

кеңауқымды  мағынада  түсіндіріледі.  Бұл  жалпы  білім  беру  пәндері  бойынша 

білімдерді  меңгіру  ғана  емес,  балаға  қолжетімді,  оның  қоршаған  ортаға 

бейімделуі мен мейлінше жеке және тәуелсіз өмір сүруін қамтитын, кезкелген 

әлеуметтік  және  жеке  тұлғалық  маңызы  бар  өмірлік  құзыреттіліктер 

дағдыларын  меңгеруге  дайын  болу  тәсілі.  Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері 

бар оқушылар баяу оқиды, бірақ оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. 

Оқушылармен  жүргізілетін  педагогикалық  жұмыс,  оқудың  дамуда  басқарушы 

рөлін растайтын және әр оқушымен түзете-дамытатын жұмыстың нәтижесі мен 

мазмұнын  болжауға  мүмкіндік  беретін  Л.С.Выготскийдің  «жақын  аймақта 

даму» ойына сүйенеді [3]. 

Түзету  жұмыстары  психофизикалық  даму  кемістіктерін  жоюға  немесе 

бәсендетуге бағытталыған, мысалы, тілдік дамуының, еркін қозғалыс, кеңістік 

бағдарлау  кемістіктерін  жоюға.  Сақталған  басқа  қызметтердің  есесінен 

жоғалтылған  қызметтің толықтыруылуы мүмкіндіктері физиологиядан белгілі. 

Оқушыларды  түзете-толықтыру  оқыту  бағыты  білім  беру  процесін  сақталып 

қалған қызметтері мен дамуының кемтарлық табиғатының ерекшелігіне сәйкес 

ағза  жүйесін  қолдануға  сүйене  отырып  құруды  көздейді  (яғни,  табиғи 

қонымды). Көздері көрмейтіндер сасақтарының ұшымен оқып, естімейтіндер – 

оларға айтылған сөзді сөйлеушінің ерні арқылы түсінуді және ым-ишара тілінде 

теңдәрежеде  сөйлесуді  үйренеді.

 

Түзете-толықтыру  оқыту  бағыты  оқытуда 



және түзету жұмысында арнайы заманауи техникалық құралдарымен, АКТ-мен, 

оқу  процесінің  ерекше  ұйымдастырылумен  қамтамасыз  етілу  керек.  Ол  білім 

берудің ұйымдастыру формалары әдістері мен мазмұнында  көрініс тапқан. Бұл 

сыныптың  ең  аз  мөлшерде  топтасуы,  оқу  мерзімдерін  ұзарту,  педагогикалық 

қорғау  тәртібі,  жеке  және  топтық  түзету  сабақтарын  ұйымдастыруы,  арнайы 

түзету және теңелту жұмыстары үшін арнайы құралдарының, оқытудың арнайы 

әдістері мен тәсілдерінің бар болуы.  

Оқудың 


әлеуметтiк 

бейiмдеу 

бағыты 

тұлғаның 



әлеуметтік 

икемсезденуінің  азайтуын  немесе  жоюын  көздейді.  Оқушылардың  әлеуметтік 

өмірге  қатысуы  үшін  қажетті  тәртіп  нормаларын,  қарапайым  гигиеналық, 


16 

 

коммуникативтік,тұрмыстық  дағдыларынан  басталып  қиын  әлеуметтік 



дағдылармен,  көзқарастармен,  түсініктерімен  аяқталатын  өмірлік  дағдыларды 

меңгеру бойынша арнайы жұмыс қарастырылады. 

Мұғалімдер  мен  мамандар  оқу-тәрбие  процесінде  ойлауды,  тіл  мен 

коммуникацияны  білім  алу  құралы  ретінде  дамыту  бойынша  арнайы  жұмыс 

жүргізу  керек.

 

Дәстүрлі  мектептік  оқыту  баланың  мектепке  келген  кезіндегі 



меңгерген  өмірлік  түсініктері  мен  дамыған  ауызекі  сөйлеу  тіліне  негізделеді. 

Ауызекі сөйлеу тілі негізінде қарым-қатынастың дамуы жалғасады, анағұрлым 

ауызекі сөйлеу тілі негізінде оқушының тәртібі реттеледі. Білім алуда ерекше 

қажеттіліктері  бар  оқушылардың  сөйлеу  тілінің,  ойлау  қабілетінің,  қарым-

қатынастық  даму  мәселелері  орын  алуда,  олар  табысты  білім  алу  мен 

әлеуметтену  үшін  педагогикалық  құралдармен  шешіліп  немесе  теңелтілуі 

керек. 

Арнайы сынып оқушыларымен жұмыс жасауда оқытудағы әрекеттік тәсіл



 

маңызды  орын  алу  қажет.

 

Білім  алуда  ерекше  қажеттілігі  бар  бастауыш 



оқушыларды  оқыту  процесінде  педагогтің  басшылығымен  (жұппен,  топпен 

жұмыс)  уәжделген  сөйлеу  тілдік  қарым-қатынастар  үшін  табиғи  жағдай 

құратын  заттық-тәжірибелік  әрекет  кеңінен  пайдаланылады.

 

Заттық-



тәжірибелік әрекет жоғары  психикалық атқарымдардың (қабылдау, сөйлеу тілі, 

ойлау  және  т.б.)  сенсомоторлық  негізін  дамытуға,  балалардың  жеткіліксіз 

өмірлік  тәжірибесінің  орнын  толтыруға,  әлеуметтік  өзара  әрекетену 

дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.  

Оқушыларға саралай және жекелей тәсілін қолдану – арнайы сыныптарда 

білім беру процесін ұйымдастыру маңызды ерекшелігі. Ұжымдық оқу процесі 

жағдайындағы  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларға  қатысты 

сараланған  тәсіл  бұзылыстары  бір  санаттағы  оқушылардың  вариативтік 

типологиялық  ерекшеліктерінің  барлығына    шартты  болады.  Педагог  түзете 

білім  беру  процесін  сыныптағы  өзінің  сипаты  бойынша  біртектес  топтардың 

болуына  қарай,  олардың  әрқайсысына  арналған  жұмыс  мазмұнының, 

қарқынының,  көлемінің,  күрделілігінің,  тәсілдері  мен  әдістерінің,  оқуды 

бақылау  түрлері  мен  тәсілдерінің  әр  түрлі  болуын  есепке  ала  отырып 

ұйымдастырады. Оқушыларды топтарға бөлу  шартты және қозғалмалы түрде 

болады. Жекелеген оқыту тәсілі саралай оқытудың нақты көрінісі болады.

  

Педагог бала дамуының жалпы заңдылығын, сыныптағы әрбір оқушының 



танымдық мүмкіндігін, арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін  біле отырып, 

балалардың  оқу-танымдық  әрекетін  тек  ұйымдастырып  қана  қоймай,  бұл 

процесті бағыттай да алады. Кейбір жағдайда оқушының  өзіндік оқу-танымдық 

әрекеті  әлсіз  болған  немесе  мүлдем  мүмкін  болмаған  жағдайда,  педагог    оқу 

тапсырмаларын    табысты  орындалуын  қамтамасыз  ету  үшін    оқушының 

жетілмеген  компонентінің  атқарымын  өзіне  алады.  Оқушының  білім  мен 

біліктілігін қалыптасуын іске асыратын толық дербестігін қамту үшін педагог 

көмегі  біртіндеп азаю керек. 



17 

 

 



Жоғарыда

 

аталып  кеткен  оқу-тәрбие  процесіне  қойылатын  талаптарға 



сәйкес жалпы білім беретін мектептердің жұмысында төрт Арнайы бағыт іске 

асырулуы керек: 

 

диагностикалық-кеңестік; 



 

түзете-дамытушы; 



 

емдік-профилактикалық; 



 

әлеуметтік-еңбектік [4]. 



Диагностикалық-кеңестік 

бағыт 

психологиялық-педагогикалық 

диагностика  нәтижелеріне  сәйкес  түзету  жұмыстарын  құруды  қарастыратын 

анықтау  мен  түзету  бірлігі  ұстанымына  негізделген.  Оны  консилиумды 

мәселені  зерделеу  және  шешу  жолдарын  іздеудің  ұжымдық  тәсілі  ретінді 

пайдаланатын 

психологиялық-командалық 

қолдау 


 

қызметінің 

мамандары(психолог,  логопед,  арнайы  педагог  және  т.б)  іске  асырады. 

Психологиялық-командалық  қолдау    қызметінің  мамандары  білім  беру 

процесінің  ұйымдастырушылық-  педагогикалық  қамтамасыз  етілуі  (арнайы 

сыныптың  әр  оқушысының  әлеуметтік  даму  жағдайын  бағалау,  оқушының 

қажеттіліктеріне 

мейлінше 

оқу 

ортасын 


ыңғайландыру 

бойынша 


нұсқаулықтарды  әзірлеу;білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды 

оқытуда  жекеленген  бағдарламаларды  құрастыру;  тиімділін  саралау  қажет 

болған  жағдайда  жекеленген  бағдарламаларға  уақытылы  нақтылықтар  мен 

өзгерістерді  енгізу;тәрбие  мен  оқу  процесінің    нәтижелі  өтуінің  мониторингі, 

оқушының  отбасымен  қарым-қатынас  жасау  және  басқасы)  мен  арнайы 

сыныптағы оқушылармен түзету  сабақтарын өткізеді [5]. 

Психологиялық-командалық 

қолдау 


 

қызметінің 

мамандары 

консилиумдарда  үнемі  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылар  үшін 

жекеленген  кешенді  бағдарламаларды  іске  асыру  нәтижелерін  талқылайды,  

анықталған  мәселелерді  шешу  үшін  шешімдер  қабылдайды,  арнайы  сынып 

жағдайындағы  оқу-тәрбие  процесін  іске  асыру  бойынша  мұғалімдерге 

нұсқаулықтар беріп, ата-аналарға кеңес береді [6]. 



Мектептің түзете-дамыту жұмыс бағыты арнайы сыныптарда  барлық 

оқу  пәндерін  жаппай  оқыту  процесінде  жұмыс  істейтін  мұғалімдер  мен  оқу 

жоспарының  тузету  цикіліндегі  пәндер  бойынша  арнайы  педагогтің 

(дефектологтің),  логопедтің,  психологтің  жеке  және  топтық  түзету 

сабақтарымен, және  қосымша білім  беру  жүйесіндегі сабақтарымен реттеледі. 

Түзете-дамыту  жұмыстары  арнайы  сынып  оқушыларының  оқыту  мен  дамуы 

мәселесінің    шешу  барысында  мұғалімдер  мен  мамандардың  өзара  қарым-

қатынас  жасаулары  мен  бірыңғай  тәсілдер  негізінде  жекеленген 

психологиялық-педагогикалық бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.  

Емделу-профилактикалық жұмыстар: 

 



оқушылардың психикалық – жүйкелік және физикалық денсаулығын 

нығайтуға,  қажетті  жағдайда  емдік  дене  шынықтыру  сабақтарын 

ұйымдастыруға; 

 



арнайы сыныптарда  педагогикалық қорғау тәртібін ұстануға; 

18 

 



 

санитарлық-гигиеналық нормаларды, ауа тәртібі мен тиімді тамақтану 

тәртібін сақтауға; 

 



қажетті  жағдайда  гипербелсенді  оқушылармен  және  психикалық 

тәртіпті  танытатын  оқушылармен  психикалық  түзету    жұмыстарын 

ұйымдастыруға бағытталған. 

Мектептің әлеуметтік –еңбектік жұмыстарының бағыты: 

 



арнайы  5-10  сынып  оқушыларымен  кәсіби  бейіндік  жұмыстарды 

ұйымдастыруды; 

 

қолжетімді  мамандықтар  саласында  оқушылардың  бастапқы 



дағдыларын меңгеру үшін шеберханаларды ұйымдастырып, жабдықтауды; 

 



қолжетімді және кең таралған мандықтарды табысты игеруге кедергі 

болатын оқушылардың даму ерекшеліктері анықтау мен түзетуді; 

 

еңбек  ету  процесінде  оқушылардың  ғимаратта  бағдарлану,  жұмысты 



жоспарлау,  өзін-өзі  бақылау  және  бағалау  дағдыларын  қалыптастыруды 

қарастырады. 

Кәсіби-еңбектік оқу үшін арнайы сынып оқушыларының  5-ші сыныптан, 

ал  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушыларды  4-ші  сыныптан  бастап  екі  топқа 

бөлінеді.  Топтардың  бірігуі  еңбектің  барлық  түрлері  бойынша  оқушылардың 

мүмкіндіктері мен психологиялық, физикалық қалыптары ескерілген дәрігердің 

нұсқаулары негізінде іске асырылады. 

 



Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім беруге қажеттілігі  

бар оқушыларды түзете-дамыта қолдау 

 

Есту,  көру,  сөйлеу  қабiлетi,  жүрiп-тұру  мүшелерiнiң  функциялары 



бұзылған,  психикалық  дамуының  тежелуi,  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар 

оқушыларды  арнайы  сыныптар  жағдайында  түзете-дамыту  қолдау  осы 

санаттағы оқушылардың нақты ерекшеліктері ескерілген олардың ерекше білім 

алу  қажеттіліктерін  қанағанттарндыруды  кешенді  тәсілмен  қамтылады. 

Кешенді тәсілдер компоненттері арасынан: 

 



оқу  процесін  мейлінше  жекелендіруге  және  педагогикалық  қорғау 

тәртібін қамтуға мүмкіндік беретін сыныпты ең көп толықтыруды; 

 

дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар  оқушылардың қажеттіліктеріне 



сәйкес  эмоционалды,  сенсорлы,  моторлы  және  когнитивті  дамуын 

ынталандыруды қамтамасыз ететін пәндік-кеңестік және әлеуметтік ортаны; 

 

дамуында  шектеулі  мүмкіндіктері  бар    оқушылардың  қажеттіліктерін 



ескеретін  арнайы  дидактикалық  материалдарды  қолдануымен    Арнайы  және 

бейімделген бағдарламалар, оқулықтар бойынша оқытуды; 

 

бұзылған  қызметін  жоюға  және/немесе    теңелтуге  бағытталыған,  әр 



санаттағы  оқушылардың  өзіндік  түзету  бағытындағы  Арнайы  пәндерді  оқу 

жоспарына енгізуді; 

 

мамандармен 



(логопедпен, 

арнайы 


педагог-дефектологпен, 

психологпен, ЕДШ инструкторымен) жеке және топтық түзету сабақтарын; 



19 

 



 

арнайы  педагогикалық    технологияларды,  техникалық  құралдарды 

(мысалы,  дыбысты  күшейтуші  аппаратура,  оқу  машиналары)  мен  АКТ-ны 

қолданылатын барлық оқу-тәрбие процесінің түзету бағытын; 

 

арнайы 



сыныптарды 

оқу-тәрбие 

процесін 

ұйымдастыруға 

педагогтердің кәсіби дайындығын; 

 



балалардың 

үйлесімді 

қарым-қатынас 

жасауға 


бағытталған 

мүмкіндіктері шектеулі және дені сау балалардың әлеуметтік өзара әлеуметтік 

қарым-қатынастарды ұйымдастыру атау керек. 

Әр  санаттағы  оқушыларды  оқыту  процесінде  түзете-дамыта  қолдауды 

қамтамасыз  ету  үшін  кешенді  тәсіл  ағзаның  сақталған  және  бұзылған 

қызметінің сабақтасу ерекшеліктерін ескерілуімен іске асырылады. 

 

Арнайы сыныпта білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін 



оқу  процесі  арнайы  мектептер  типіне  сәйкес  ҚР  ББҒМ  бекіткен  оқу 

бағдарламалары  (бағдарламалар  мәтіндері  ҚР  ББҒМ  сайытында)  мен  оқу 

жоспарлары [7, 8] негізінде іске асырылады.  

Даму  кемтарлығы  бойынша  саны  көп  оқушылар  психикалық  дамуының 

тежелуi  бар  оқушылар    санатына  жататыны  белгілі  болып  отыр.  Еліміздің 

жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі  арнайы  сынаптардың  басым  бөлігі  осы 

санаттағы оқушылар үшін жұмыс жасап отыр. 

 

Есту қабілеті бұзылған оқушыларға арналған арнайы сыныптар 

Естімейтін, естуі нашар және кейін саңырау болып қалғандарға арналған 

арнайы сыныптар оқушының қарым-қатынас жасау құралы ретінде сөйлеу тілі 

мен есту-көру негізінде ойлау қабілетінің тығыз байланыста қалыптасуда, 

өзбетінше өмір сүре алу үшін жалпы білім беру, еңбек және әлеуметтік дайын 

болуына олардың психологиялық, физиологиялық дамуындағы ауытқуларды 

түзету немесе толықтыруға бағытталған оқу-тәрбие процесін қамтиды. 

Естімейтін,  естуі  нашар  және  кейін  саңырау  болып  қалған  оқушыларды 

оқыту  визуалды  негізде  оқу  материалы  мен  басқа  да  ақпаратты  жеткізуді 

қамтамасыз ететін техникалық құралдарды, дыбысты күшеутуші  аппаратураны 

қолданумен іске асырылады. 

Сыныптарды толықтыру: 

Естімейтіндер үшін – 8 баладан артық емес; 

Естуі  нашар  және  кейін  саңырау  болып  қалғандар  үшін  –  10  баладан 

артық емес. 

Мектептік білім беру құрлымы: 

1) бастауыш білім беру деңгейі (0, 1-4 сыныптар); 

2) негізгі орта білім беру деңгейі (5-10 сыныптар); 

3) орта білім беру деңгейі (1-12 сыныптар). 

 

Естуі  нашар  және  кейін  саңырау  болып  қалған  оқушылар  орта  білім 



немесе кәптік орта білім алу мақсатында кешкі бөлімнің 11 – 12 сыныптарда, 

жалпы  білім  беретін  мектептердің  бейіндік  сыныптарында,  кәсіби 

колледждерде оқуларын жалғастыра алады. 


20 

 

Есту қабілеті бұзылған оқушыларды оқыту: 



1)  естімейтін  оқушылардың  0  және  1-7  сыныптарда  арнаулы 

бағдарламалар  бойынша,  8-ші  сыныптан  бастап  оқушылардың  оқу 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  бейімделген  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

бағдарлпамасы мен оқулықтарымен; 

2) естуі нашар немесе кейін саңырау болып қалған оқушылар  0 және 1-4 

сыныптарда  арнаулы бағдарламамен, 5-ші сыныптан бастап оқушылардың оқу 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  бейімделген  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

бағдарлпамасы мен оқулықтарымен іске асырылады. 

 

Естімейтін  оқушыларған  арналған  бастауыш  және  негізгі  орта  білім 



берудің үлгілік оқу жоспарына түзету курстары енгізілген: заттық-тәжірибиелік 

оқыту,айналадағы  әлеммен  танысу,  түзету  ритмикасы,  есту  арқылы 

қабылдауды  дамытуммен  дыбыстауды  қалыптастыру,  күнделікті-сөйлеу  тілі, 

ым-ишары  тілі.  Естуі  нашар  оқушыларға  арналған  сыныптарда  түзету 

ритмикасы, есту арқылы қабылдауды дамытуммен дыбыстауды қалыптастыру 

бойынша түзету сабақтары қарастырылған.  

Бастауыш  сыныпта  естімейтін  (естуі  нашар)  оқушыларында  қоршаған 

болмысты, олардың адамзат қалыптастырған тіл мәдениетін, вербалды қарым-

қатынас  жасау  тәсілдерін  жүйелі  саналы  түрді  түсінуге  бағытталған  оқу 

әрекетәнәң негізі қаланады. 

Естімейтін  (естуі  нашар)  баланың  тұлға  ретінде  әрі  қарай  даму  жолы, 

негізгі  мектеп  көлемінде  бекітілген  білімді  меңгеру,  қоғамда  қабылданған 

адамгершілік нормалар мен ережелерді, эстетикалық өлшемшарттарды ұғыну – 

ойлау  қабілетінің  сатыланған  (түсіну)  құрлымының  қалыптасу  деңгейіне 

байланысты,  оны  ақпаратты  ауызша  түрінде  қабылдау  және  оны  дұрыс 

пайдалана алу мүмкіндігі ретінде тілдік құзыреттілік анықтайды. 

Естімейтін (естуі нашар) баланы мазмұнды тіл әлеміне кіріктіру тек қана 

жалпы  қабылданған  әдістемеге  арнаулы  тәсілдерді  қолдануды  талап  етеді. 

Сақталған  және  дамымаған  психикалық  қызметке  жан-жақты  әсер  етуді 

біріктіретін  тұтас  срдопедагогикалық  жүйе  қажет.  Жалпы  білім  беру  және 

түзету курстары оқушыларға кешенді психологиялық-педагогикалық әсер етуді 

қамтамасыз етеді: 

1)  сенсорлы-перцептивті  әрекетті  ынталандыру  (есту-көру  және  естуді 

қоса қабылдаудың барлық түрлерін дамыту); 

2)  қоршаған  заттардан  түрлі  сезімдерді,  соның  ішінде  сан  алуан 

дыбыстық сезімді түсінуді дамыту; 

3) моториканы, нақты нысананы зерттеу тәсілдерін дамыту және олардың 

бейнесі мен моделін әзірлеу; 

4) дыбысты күшейтетін аппаратураны  тұрақты қолдануда кең ауқымды 

коммуникативтік тәжірибиеге жағдай туғызу; 

5) әлеуметтік қажеттіліктерді белсендету және жеке, әрі түрлі бірлестікте 

жұмыс істей алу біліктерін дамыту; 

6) уәжді және түрлі тілдік әрекетті пайдалану тәсілдерін дамыту; 


21 

 

7)  әрекетін  жоспарлау  және  болжау  дағдыларын  дамыту  (практикалық 



және тілдік); 

8)  білімдерін  безендіру  мен  қарым-қатынас  жасауға  қажетті,  соның 

ішінде  терминологиялық  сөздік  пен  базалық  лексикалық-грамматикалық 

құрлымдарды, жалпы қабылданған тілдік құралдарды пайдалану; 

9)  танымдық  процестерді  дамыту  және  эмоционалды  күш-жігерлік 

саланы байыту. 



 

Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған арнайы сыныптар 

Көрмейтін,  көруі  нашар,  кейіннен  көрмей  қалған  үшін  арнайы 

сыныптарда оқу процесінің өзіндік міндеті болып алғашқы ауытқуларда, тірек 

саласындағы,  кеңістік  бағдарлаудағы  бұзылуларды  толықтыру,  елестету  және 

түсінік  жүйесін  қалыптастыру,  заттық-тәжірибиелік  әрекеттің,  әлеуметтік 

коммуникация дағдыларын дамыту болып табылады. 

Сыныптарды толықтыру: 

Көрмейтіндер үшін – 8 баладан аспайды; 

Көруі нашар, кейіннен көрмей қалған үшін – 12 баладан аспайды. 

Көру  қабілеті  бұзылған  оқушыларды  оқыту  жалпы  орта  білім  беру 

көлемінде  іске  асырылады.Көруі  нашар  және  көрмейтін  оқушылардың 

мектептік білім беру құрлымы: 

1) бастауыш білім беру деңгейі - 0, 1-4 сыныптар; 

2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар; 

3) орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар. 

Көру нашар оқушылардың дәстүрлі сыныптарға көшуі оқудың кез-келген 

кезеңінде мүмкін. 

Көрмейтін және көруі нашар оқушыларды оқыту арнаулы бағдарламалар 

мен оқудың 1 жылға созылуына байланысты оқу материалының

 

қайта бөлінген 



және өзгертілген жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларымен оқытылады. 

Көрмейтін  оқушылардың  оқу  процесінде  оқытуда  Брайльдің  тегістік-

нүктелі  шрифтімен  басылған  жаппай  жалпы  білім  беретін  мектептің 

оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады. 

Көруі  нашар  оқушыларды  оқыту    көріп  қабылдауға  қолжетімді  үлкен 

шрифтпен  басылған  және  арнайы  суреттері  үлкейтілген  жалпы  білім  беру 

мектептердің оқулықтарымен жүргізіледі. 

Көрмейтін, көруі нашар, кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту үшін 

жұмыстың  арнаулы    әдістері  мен  формалары,  көрнекіліктер,  тифлотехника 

және т.б. қолданылады. 

Көрмейтін,  нашар  көретін  оқушыларған  арналған  орта  білім  берудің 

үлгілік  оқу  жоспарына  түзету  курстары  енгізілген:  емдік  дене  шынықтыру 

тәрбиесі  (ЕДШ),  түзету  ритмикасы,  мимика  мен  пантомиканы  дамыту, 

әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  (ӘТБ),  кеңістік  бағдарлау,  қалған  көре  алу 

және  көру  арқылы  қабылдай  алу  қабілеттерін  сақтау,тіл  дамуының 

кемістіктерін  түзету.  Тузету  курстарының  мақсаты  көру-бейне  арқылы  ойлау 



22 

 

қабілетін,  сонымен  бірге  кеңістік  бағдарлауды,  мимика  мен  пантомиканы 



дамыту, қозғалысты реттеуді және өзін-өзі ұстауды қалыптастыру. 

Үлгілік  оқу  жоспарына  жалпы  білім  беру  курстарымен  факультативті 

сабақтармен  бірге  түзету  курстарын  енгізу  көру  мүмкіндіктерінің  қалпын, 

танымдық  белсенділігін,  қызығушылықтарын,  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін 

ескере отырып оқушыларды оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз етеді. 

 

Тірек және қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларға арналған арнайы 

сыныптар 

Тірек және жүрiп-тұру аппараты бұзылған оқушыларға арналған арнайы 

сыныптарда  оқу-тәрбие  процесі  өзіндік  мәселелерді  шешуге  бағыттылған: 

жүрiп-тұру  қызметін  қалпына  келтіру,  қалыптастыру  және  дамыту, 

оқушылардың  психикалық  және  тілдік  кемістіктерін  түзету,  арнайы 

ұйымдастырылған  жүрiп-тұру  тәртібі  мен  заттық-тәжірибиелік  әрекеттің 

негізінде олардың әлеуметтік-еңбектік  беймделуі мен қоғамға бірігуі. 

Сыныпты толықтыру 12 баладан аспайды. 

Тірек  және  жүрiп-тұру  аппараты  бұзылған  оқушылар  үшін  білім  беру 

жалпы орта білім беру көлемінде іске асырылады. 

Мектептік білім беру құрлымы: 

1) бастауыш білім беру деңгейі - 0, 1-4 сыныптар; 

2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар; 

3) орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар. 

 

Оқыту жалпы білім беру негізгі орта білім беру сатысында оқу мерзімін 1 



жылға  созуымен,  мектептің  бағдарламаларымен,  оқулықтарымен  іске 

асырылады.  

Нөлдік сынып профпедетивті-диагностикалық ретінде қызмет етеді. Оны 

баланың  мүмкіндіктерін  зерделеу,  психикалық  даму  деңгейін  нақтылау, 

бастауыш сыныпта әрі қарай оқуға дайындау негізгі міндеті болып табылатын 

икемді құрылым ретінде қарастыру керек. Нөлдік сынып арнаулы мектепалды 

дайындықтан  өтпеген  және  функционалды  мектеп  кемелдігіне  жетпеген, 

сонымен қатар диагнозды нақтылауды қажет ететін оқушыларға қажет.арнаулы 

мектепалды  дайындықтан  өткен  және  жүріп-тұру,  тілдік  әрекеттері  қажетті 

деңгейде қалыптасқан балалар 1-ші сыныпқа қабылдануға болады. 

Балалардың  түрлі церебральді паралич түрінде қолыдың басын қозғалту 

қызметінің  бұзылуы  жазу  техникасын  меңгеруді  қиындатады,  сондықтан 

дайындық  және  бірінші  сыныптарда  жазудың  қозғалмалы  дағдысын 

қалыптастыруға арнаулы уақыт бөлінеді.  

Жалпы  білім  беру  және  түзету  міндеттері  қарастырылатын  дене 

шынықтыру  тәрбиесі  оқу  пәндерінің  негізгі,  барлық оқушыларға  міндетті  пән 

болып  табылады.  Дене  шынықтыру  сабақтарында  оқушыларға  жеке  оқыту 

тәсілдер  қолдануға  ерекше  назар  ударылады.Дене  шынықтыру  тәрбиесі 

сабақтарында  баға  нормативтері  шығарылмайды.  Баға  оқушының  жүрі-тұру 

мүмкіндіктерін ескеріп қойылады. 



23 

 

Жалпы  білім  беру  цикіліндегі  пәндермен  қатар  Үлгілік  оқу  жоспары 



оқушылардың  жүріп-тұру  және  психикалық  қызметтер  кемістіктерін  түзету 

сабақтарын:  ЕДШ,  тіл  дамуының  кемістіктерін  түзету  (логопедиялық) 

сабақтарды, танымдық әрекетті түзету және дамыту сабақтарын қарастырады. 

Емдік  дене  шынықтыру  тәрбиесі  (ЕДШ)  оқушылардың  дене  тәрбиесі 

жүйесіндегі  маңызды  бөлігі  болып  табылады.Әр  оқушыға  түзету  жұмысың 

жоспары  ЕДШ  инструкторымен  бірге  құрастырылады.Сабақтар  2-4  адамдық 

топпен  немесе  жеке  жүргізіледі.  Сабақтың  ұзақтығы  –  45  минут.  Логопед 

сабақтары  сөйлеу  қабілетінің  бұзылуы  бар  оқушылармен  өткізіледі.  Әр 

оқушымен  сабақ  аптасына  3  реттен  кем  емес  жүргізіледі.  Сабақтардың 

ұзақтығы  –  25  минут.  Танымдық  әрекетті  қалыптастыру  және  дамыту 

сабақтары қоршаған орта туралы білімдерді кеңейтуге, кеңестік және уақыттық 

түсініктерді  қалыптастыруға,  таңбалық  дағдыларды  дамытуға,  осыдан  ілгері 

дамуындағы  олқылықтарды  толықтыруға,  психикалық  қызметтің  бұзылуын 

түзетуге,  күрделі  оқу  материалын  меңгеру  дайындығына  бағытталған. 

Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. 

Танымдық әрекетті қалыптастыру және дамыту сабағына сынып 2 топқа 

бөлінеді. Олар оқушылардың танымдық және жүріп-тұру мүмкіндіктерін, 

сонымен бірге жасөспірімдердің қызығушылықтары ескеріле , дәрігерлердің 

(ортопедтің, психоневрологтің және ЕДШ дәрігерінің) қатысуымен топтасады.

 

Сыныптар түрлі  жүріп-тұру бұзылулары бар оқушылармен танымдық әрекетті 



қалыптастыру және дамыту сабағын өткізу мүмкіндігі ескеріліп жабдықталады. 

Сыныптарда жарақат алудың алдын алатын арнаулы жабдықталған құрал-

саймандар қолданылады. 

Арнаулы  ортаны  бейімдеу  және  түзету  жүмыстарын  өткізу  қажеттілігі 

пандустардың,  есіктің  ойығын  кең,  мүгедектер  орындығына  гидравликалық 

көтергіштің,  баспалдақ  бойында  гидравликалық  көтергіштің,  есіктердің 

автоматталған  ашқыштардың,  сонымен  бірге  түзету  сабақтарына  арнайы 

жабдықталған кабинеттердің болуын қарастырады. 

Жұмылғыштығы  шектеулі  оқушылар  үшін  арнайы  сыныптар  ашылған 

жалпы білім беру мектептің  үй-жайлары және ғимаратының тиісті аумағымен 

қолжетімділігі  сәулет,  қалақұрлысы  мен  мен  құрлыс  саласында  қолданыстағы 

мемлекеттік нормативтермен сәйкес қамтамасыз етіледі. 



Сөйлеуі күрделі бұзылған оқушыларға арналған арнайы сыныптар 

Сөйлеуі күрделі бұзылған оқушылар үшін оқу-тәрбие процесінің арнаулы 

міндеті  тілдік  кемістіктерді  және  соған  байланысты  психикалық  дамудың 

ерекшеліктерін  жою  болып  табылады.

 

Сөйлеуі  күрделі  бұзылған  оқушылар 



үшін сыныптардың топтасуы 12 баладан аспайды. 

Сөйлеуі күрделі бұзылған оқушылар үшін мектептік білім беру құрлымы: 

бірінші  саты – 0, 1 - 4 сыныптар; 



екінші саты – 5 - 10 сыныптар. 

Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  арнаулы  бағдарламалар  мен  арнаулы 

әдістемелік  және  дидактикалық  материалды  қолдану  қарастырылады.  Негізгі 

орта білім беру деңгейінде оқушылар оқудың 1 жылға созылуына байланысты 


24 

 

мазмұны  қайта  бөлінген  жалпы  білім  беру  мектептерінің  бейімделген 



бағдарламасы бойынша оқытылады. 

Оқушылардың тілдік даму деңгейі ескеріле отырып, қазақ, орыс және шет 

тілін оқуға сағаттарды бөлуде вариативтілік рұқсат етіледі. 

Логопедтік  түзету  жұмысы,  оқушылардың  тұлғалық  және  зияткерлік 

мүмкіндіктерінің  дамуын  қамтамасыз  ететін,  сөйлеуі  күрделі  бұзылған 

оқушылардың  білім  беру  жүйесінің  қажетті  компоненті  болып  табылады. 

Арнаулы логопедтік және түзету-педагогикалық қолдау арнаулы тілдік тәртәпті 

сақтауымен барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта іске асырылады. 

 

Психикалық дамуының тежелуi бар оқушылары үшін 

арнайы сыныптарды ұйымдастыру 

 

Психикалық  дамуының  тежелуi  бар  оқушылар,  жеткіліксіз  танымдық 



қабілетерімен  немесе  психикалық  дамуның  бұзылу  ерекшелігімен  белгіленген 

оқу  бағдарламаларын  меңгеруде  қомайғайлы  қиындықтар  кешеді.  Оқушылар 

үшін мектептік нормаларды меңгеру қиындықтарында, айналадағы балалармен, 

ересектермен  қарым-қатынас  жасауда,  тәртіптің  бұзылуында  танылатын 

әлеуметтік қабілеттердің дефициті типті. 

Психикалық  дамуының  тежелуi  бар  оқушылары  үшін  арнайы 

сыныптарындағы  оқу  процесі  тән  мәселерді  шешуге  бағытталған: 

оқушылардың  психикалық  дамуы  мен  эмоционалды  ерік-жігерілілік  саласын 

дамытуға,  олардың  танымдық  әрекеттерін  белсендеттіруге,  оқу  әрекетін 

қалыптастыруға. 

Психикалық  дамуының  тежелуi  бар  оқушылары  үшін  арнайы 

сыныптарды топтастыру 12 балалардан аспайды. 

Мектептік білім беру құрлымы:  

1) бастауыш білім беру деңгейі – 0, 1-4 сыныптар; 

2) негізіг орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. 

Бастауыш  сынып  оқыту  сатысында  арнайы  сыныптарды  ашу  –  0,1 

сыныптарда және, бірыңғай жағдайда, 2 сыныпта мәнді. Оқушыларды оқытуда 

пайда болған қиындықтардың себептерін уақытылы жіктеу және олардың оқуы 

мен тәрбиеленуіне дұрыс жағдай жасау маңызды. Мектепте оқудағы жағымсыз 

тәжірибе,  психикалық  дамуының  тежелуi  бар  оқушылардың  мектеп 

жағдайындағы ұзақ уақытта сәтсіздікке ұшырауы оның мектептік икемсіздігіне 

әкеліп,  эмоционалдық  саланың  қалыптасуына  кері  әсер  етіп,  тұрақты 

үлгірмеушілікті  және  тәртібінің  бұзылуын  қоздырады.  Оқудағы  кез  келген 

кезінде  жалпы  білім  беру  сыныптарына  оқушылардың  бірігуі,  сонымен  бірге 

оқушылардың  психикалық  даму  тежелуiнің  айқын  формаларында  арнайы 

сынып беру жағдайында білім алуын жалғастыруы қарастырылады. 

Психикалық  дамуының  тежелуi  бар  оқушылары  үшін  арнайы 

сыныптардың  күнтәртібі    балалардың  тез  шаршап  қалуы  ескере 

орнатылады:ұзартылған күнтәртібіндегі бірінші аусымда оқу. 


25 

 

Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  арнаулы  бағдарламалар  мен  арнаулы 



әдістемелік  және  дидактикалық  материалды  қолдану  қарастырылады.  Негізгі 

орта білім беру деңгейінде оқушылар оқудың 1 жылға созылуына байланысты 

мазмұны  қайта  бөлінген  жалпы  білім  беру  мектептерінің  бейімделген 

бағдарламасы бойынша оқытылады. 

Түзете-дамыта  оқыту  бағдары  жалпы  білім  беретін  циклігіндегі  пәндер 

аясында,  сонымен  бірге    қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  түзету  пәндерімен 

іске  асырылады.  Эмоционалды  жеке  тұлғалық  түзетуді  іске  асыруға  және 

оқушылардың  танымдық  әрекетін  іске  асыруға  мүмкіндік  беретін  басқа  

пәндерге  теңдәрежелі  деп  эстетикалық  бағытындағы  пәндерді(музыканы, 

бейнелеу өнерін, дене тәрбиесін) есептеуге болады 

Психикалық  дамуының  тежелуi  бар  бастауыш  оқушылары  үшін  жалпы 

арнайы  сыныптарда

 

оқу-тәрбие  процесінің  түзете-дамыту  бағыты  келесі  



мәселелерді шешуді қарастырады: 

оқуға  дайындықты  қамтамас  ететін  психологиялық  физиологиялық 



қажетті  деңгейінің  дамытуды:артикуляциялық  аппаратың,  фонемантикалық 

естудің,  қолдың  ұсақ  бұлшықеттерінің,  көру-кеңестік  бағдарланудың,  көру- 

мотрикалық бағдарлаудың; 

оқушылардың  дүниетанымын  байытуды,  оқушыларға  оқу  материалын 



саналы  түрде  қабылдауға  мүмкіндік  беретін  заттар  мен  қоршаған  болмыс 

ортаның құбылыстары туралы анық түсініктерді қалыптастыруды; 

мектептік  жағдайларға  табысты  бейімделуді  қамтамасыз  ететін 



әлеуметтік-адамгершілік тәртіпті қалыптастыруды; 

оқу уәжін қалыптастыруды; 



-

жеке  тұлғалық  компоненттердің  дамуын:танымдық  белсенділік, 

өзімшілдік, еркіндік; 

кез-келген  әрекеттке  қажетті    білік  пен  дағдыларды  қалыптастыру:



 

оқушылардың ғимаратта бағдарлану

 

жұмысты жоспарлау, оны ауызша  немесе 



/және  көрсетілген  үлгіге  сәйкес  орындау,  өзін-өзі  бақылау  және  бағалау 

дағдыларын қалыптастыруды; 

жастарына  сәйкес  жалпы  зияткерлік  біліктерді  қалыптастыруды 



(саралау, салыстыру, жалпылау, топтау); 

сомантикалық және психологиялық жүйкелік денсаулықты нығайту мен 



сақтау:  психологиялық  физиологиялық  зорығуды,  эмоционалдық  бұзылысты, 

болдырмау, психологиялық жайлы хал-ахуалды жасау, жалпы нығайтатын және 

алдын алу емдік дәрілік терапия; 

жасөспірімдердің  жастарына  сәйкес  дамуды  қамтамасыз  ететін,  оның 



танымдық әрекетін, тілінің коммуникативті қызметін ынталандыратын қолайлы 

әлеуметтік ортаны құру; 

жасөспірімнің  дамуын  жан-жақты  жүйелі  бақылау,  ата-аналармен 



тұрақты қарым-қатынас жасау; 

-

оқушылардың әлеуметтік-еңбектік бейімделуі. 



Оқу жоспарының  түзету компоненті келесі түзету курстарын кіріктіреді: 

«Айналадағы  әлеммен  танысу  және  тіл  дамыту»  -  0,  1  сыныптар,  «Түзету 



26 

 

ритмикасы» - 0 -  сыныптар, «Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ) – 5-10 



сыныптар  және  жекеленген-топтық  түзету  сабақтары:  «Тіл  дамыту 

кемістіктерін  түзету»  (логопедиялық  сабақтар),  «Білімдегі  олқылықтарды 

толықтыру  бойынша  міндетті  жеке  және  топтық  түзету  сабақтары».  Оқу 

жоспарының  түзету  компонентіндегі    пәндерді  инвариативті  (өзгермейтін, 

тұрақты)  компонентпен  ауыстыруға,  және  де  бұл  сағаттар  санын  қысқартуға 

болмайды. 

«Айналадағы әлем және тіл дамыту» түзету курсы: 

-

 



қоршаған болмыс туралы түсініктері мен білімдерін байытуға; 

оқуышылардың сөздік қорын кеңейтуге;  



байланыстыра сөйлеуді дамытуға; 

қабылдауды, зейінді(барлық түрлерін) дамытуға; 



жалпы  зияткерлік  біліктерді  қалыптастыруға  (саралау,  салыстыру, 

жалпылау, топтау) бағытталған. 

«Түзету  ритмикасы»  курсы  психикалық  дамуының  тежелуi  бар 

оқушылардың  сөйлеу  моторикалық  әрекетінде  және  моторикалық  сласындағы 

даму  ауытқуларын  жеңуге  бағытталған.  Сабақта  еркін  түсінуді,  өзін-өзі 

реттеуді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады. «Әлеуметтік – тұрмыстық 

бағдарлау» курсы  оқушылардың өмірлік құзыреттілік дағдыларын, қоғам мен 

тұрмыста  өзбетімен  өмір  сүруге  тәжірибелік  дайындығын  қалыптастыруға 

бағытталған. 

Әлеуметтік  –  тұрмыстық  бағдарлау  сабақтары  үшін  оқушылар  2  топқа 

бөлінеді.  Түзету  цикіліндегі  пәндер  бойынша  бағалар  қойылмайды.  Баға 

жетістіктерді сипаттау тұрғысында болады. 

«Білімдегі  олқылықтарды  толықтыру  бойынша  міндетті  жеке  және 

топтық  түзету  сабақтары»  сабақта  оқу  бағдарламасын  меңгеруде  қиындық 

кешетін  оқушылар  үшін  ұйымдастырылады.  Сабақтар  оқу  қиындықтары 

ұқсатығы  негізінде  топтастырылған  жеке  немесе  топтарда  (2-4  оқушы) 

өткізіледі.  Бастауыш  сыныптарда  түзету  жұмыстарына  аптасына  4  сағат 

беріледі.  Сабақтарды  сыныптың  негізгі  мұғалімі  жүргізеді.  Әр  сабақтың 

ұзақтығы 20-25 минут. Педагог аптасына 8 түзету сабақтарын өткізуі тиіс, олар 

сыныптың сабақ кестесіне енгізілуі тиіс. 

Педагогикалық  диагностика  негізінде  педагог    қандай  оқушылар  жеке 

сабақтарды қажет ететінің, оқушылар білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру 

үшін  қанша  топты  құрастыруды  және  олармен    түзету  жұмысын  жүргізуді  өз 

бетінше  анықтайды.  Оқушыларды  топастыру    және  олармен  келешекке 

арналған  жұмыс  жоспарын  анықтау  1  тоқсан  мерзімінде  іске  асырылады. 

Тоқсан  аяқталысымен  педагог  түзету  жұмыстарының  тиімділігін  талдайды 

және  оқушыларды  топастырып  олармен  келесі  тоқсанға  келешекке  арналған 

жұмыс жоспарын жасайды. Педагог қажетті құжаттарды құрастырып жүргізеді: 

топтың  тізімі  бар  түзету  сабақтарына  қатысуын  тіркейтін  журналды,  топ  пен 

жеке  сабақтардың  келешекке  арналған  жұмыс  жоспарын,

 

топ  пен  жеке 



сабақтардың  жоспарларын.  Түзету  сбақтары  жұмыстардың  түрлі  түрі  мен 

формаларын,  заттық-тәжірибиелік  және  ойын  әрекетінің  қолдануымен 



27 

 

өткізіледі.  Әр  сабақ  міндеттері,  түзету  нысанының  –  баланың  біліктілігін 



қалыптастыруын  көрсетуімен  баланың  айқындалған  сыртқы  әрекеті  арқылы 

тұжырымдалады.Бір  сабаққа  2-3  міндеттер  беріледі.  Оқушының  қандайда  бір 

топта  болу  ұзақтығы  өзіндік  қиындық  пен  сыныппен  бірге  тапсырмаларды 

орындай алу дайындығының түзету дәрежесімен  

5-

10  сыныптарда  оқушылар  білімдеріндегі  олқылықтарды  толықтыру 



бойынша жеке-топтық сабақтарға берілген сағаттар  пән мұғалімдер арасында 

бөлінеді.  

Тілдік кемістіктері бар оқушылары үшін логопедпен жеке және  топтық 

сабақтар  жүргізіледі.  Топта  оқушылармен  психологиялық  түзету  жұмыстарын 

психолог  өткізеді.  Ол  психикалық  дамуының  тежелуi  бар  оқушыларда 

коммуникативті  біліктерін,  эмоционалды  қалпын  реттеу  дағдыларын 

қалыптастыруға, жалпы белсенділікті арттыру бағытталған.  

Факультатив  сағаттарын  балалардың  әлеуеттенуіне  мүмкіндік  беретін  ( 

«Тіл  және  қарым-қатынас  мәдениеті»,  «Өмір  сүру  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету»,  «Экономикаға  кіріспе»),  даму  кемістіктерін  жоюға  бағытталған 

(«Бейнелеу өнері», «Қолданбалы өнер», жүзу, ЛФК) курстарына немесе еңбекке 

баулу бойынша қосымша сабақтарына берілгені дұрыс. 

Психикалық  дамуының  тежелуi  бар  оқушыларды  оқыту,  оқытудың 

бастапқы  кезеңінде  оқу  міндеттерін  жалпылама  тәсілдемемен  шешуді, 

меңгерген  білімдерін,  біліктері  мен  дағдыларын  тұрақты  байқауды 

қарастырмайтын, қолжетімді білім беру бағдарламасы (ондай болып танылатын 

осы  санаттағы  оқушылар  үшін  арнаулы  және  бейімделген  бағдарламалар) 

бойынша  жүргізілу  керек.танымдық  әрекетінің  жоғары  даму  деңгейі  бар 

оқушыларға  есептелген  білім  беру  бағдарламалары  психикалық  дамуының 

тежелуi  бар  оқушыларға жарамсыз,  өйткені  жақын  аймақта  даму  шегінен  тыс 

оқыту  күрделірек  танымдық  әрекеттердің  қалыптасу  негізіне  қолдана  алуға 

болмайтын, үздік-үздік, байланыссыз білімдердің жинақталуына әкеледі. Оқуға 

және жалпы мектептік жағдайға жағымсыз көзқарас қалыптасуының алдын алу 

мақсатында,  өзіне  қолжетімді  әрекеттердің  түрлерінде  оқушының 

табыстылығын қамтамасыз ету маңызды.  

 

Психикалық  дамуының  тежелуi 



бар оқушылардың ерекшелігі туралы барлық педагогикалық ұжымды хабардар 

ету міндетті болып табылады, өйткені білімдердің бұл түрлері жаппай мектеп 

педагогтерінде  қарапайым  сипатта  болады:  мұғалімдер  тәртіптің  бұзылуын 

тәрбиеінің  кемшілігі,  ал  білімдеріндегі  олқылықтар  мен  мектептік 

қиындықтарды  педагогикалық салақтық деп біледі.  

Оқушылардың  әлеуметтену  мәнмәтінінде  түзете  –  дамыту  жұмысы 

психикалық дамуының тежелуi бар оқушыларды оқыту процесінен толық өтуі 

керек.  Бұл  санаттағы  оқушылардың    әлеуметтік  бейімделеу  мәселелері 

оқушылардың  деке  қызығушылықтары  мен  мүмкіндіктерін  ескере  отырып, 

әлеуметтік  рөлдер  мен  мәдени  нормалардың  меңгеру  мақсатында  олардың 

қолжетімді  тұрмыстық,  жеке  және  қоғамдық  маңызды  әрекеттері  арқылы 

шешіледі.  Қарым-қатынас  тәжірибиесінде  оқушылар  нақты  мысалдарда 

қоғамның  мәдени  және  әлеуметтік  тәжірибесін  меңгеру  керек.  Психикалық 


28 

 

дамуының  тежелуi  бар  оқушылардың  қалыпты  дамып  келе  жатқан 



құрдастарымен  және  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  басқа  санаттағы 

балалармен бірге ортақ әрекетті ұйымдыстыруға маңызды мән беріледі.   

Бақылау  –  диагностикалық  шараларды  әзірлеп,  ұйымдастыруда  келесі 

талаптар сақталу керек: жүйелілік, дұрыс қабылдау, объективтілік, жеке тәсіл, 

вариативтілік,  жан-жақтылық,  психикалық  дамуының  тежелуi  бар  (ПДТ) 

оқушыларды оқыту ерекшелігін ескеру.  

Білім  беру  және  түзету  жұмыстараның  нәтижелерін  сипаттауда  білім 

берудің  екі  компонентінің  өзара  қарым-қатынасының  көрсететін  тұтастық 

мінездеме  ұстанымы  қолданылуы  керек.  Оқушының  білімдері  осы  білім  беру 

кезеңінде  күтілетін  біліктеріне  сәйкес,  жетістіктері  олардың  іс  жүзіндегі 

әрекеттерде  өзін-өзі  көрсете  алу    деңгейі  мен  мүмкіндіктері  тұрғысынан 

бағалануы  керек,  белсенділік  дәрежесі,  оларды  қолдану  қызығушылығы, 

қайсібір әрекеттердің дербестігі ескерілуі керек.  

Меңгерілуі  бастауыш  мектеп  курсының  оқу  нәтижесіннің  талабына 

жататын  білімдер,  біліктер  мен  дағдыларын  қорытынды  тексеру  процесінде 

оқушылар  жалпы  білім  беретін  оқушылар  үшін  әзірленген  тапсырмалады 

орындайды. Бұл жерде түзету жұмысының нәтижелігін, сонымен қатар тек оқу 

жетістіктерінде  ғана  емес,  мектеп  нормаларын  меңгеруде,  ересектермен 

құрдастарымен табысты қарым-қатынастарда байқалатын  мектептік бейімделу 

сапасын  бағалауға  мүмкіндік  беретін  арнайы  әзірленген  тапсырмаларды 

қолданған дұрыс. Негізгі мектепті бітірісімен арнайы сынып оқушылары алған 

білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат алады. 



Каталог: uploads -> docfiles
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
docfiles -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
docfiles -> Учебно-методическое пособие Integrated learning to English language
docfiles -> Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински
docfiles -> План приобретение товаров

жүктеу 495.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет