Жалғасы 3-бетте иә



жүктеу 0.71 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

деген көрінеді...

– Ол сөздің де жаны бар. Себебі Шәкең 

шығармашылық  тұрғыда  өзін  бақытты 

сезінгенімен, моральдық жағынан алғанда 

елеп­ескермеушілікке, немқұрайдылыққа 

тап  болды.  Алқалы  жиындарда  «Шәкең 

қайда?»  деп  іздеп­сұрап,  құрметтеп 

жатқан  ешкімнің  болмауы  да,  мүмкін, 

көңіліне  қаяу  түсірген  болар.  Әндерінің 

мұңдылау болып келетін себебі – олардың 

бәрінің  өмірден  алынғандығынан  ба  деп 

ойлаймын. Сосын, неге екенін білмеймін, 

әйтеуір  Алматыда  онша  тұрақтағысы 

келмеді.  Көбінесе  туған  жерінде  болды. 

Жастайынан бірге өскен Тұйғынбек деген 

жолдасы  Жамбыл  облысында  II  хатшы 

болып  қызмет  істеді.  Бір  жағынан,  соған 

арқа  сүйеп,  Жамбыл  өңірінде  де  көп 

Шетелдіктердің елімізден баспана алуының заңды жолы қалай?

Менің туысқаным Ресейде тұрады, сол елдің азаматтығын алған. 

оның Алматыдан пәтер сатып алғысы келеді. Өзге ел азаматтарының 

Қазақстаннан баспана алуына бола ма?

Жаңыл ЖұБАНиязовА, Ақтөбе қаласы

ҚР Әділет министрлігі мамандарының 

мәліметінше,  «Тұрғын  үй  қатынастары 

туралы» 


Заңның 

9­бабына 

сәйкес, 

Қазақ стан  Республикасындағы  шетелдік 

заңды  және  жеке  тұлғаларының  тұрғын 

үй  қатынастарындағы  құқықтары  мен 

міндеттері  осы  елдің  азаматтары  немесе 

заңды  тұлғаларымен  тең.  Аталған  бапта 

көр сетілгендей,  Қазақстан  Республикасы 

аума ғында  ұзақ  мерзімде  өмір  сүруге 

келген  шетел  азаматтарының  осы  мем­

лекеттен  тұрғын  үйге  қол  жеткізуге  мүм­

кіндігі  бар.  Ал  Үкіметтің  2000  жылғы  28 

қаңтарда  бекітілген  Қазақстан  Респуб ли­

касына  шетел  азаматтарының  кіру  және 

шығу  ережелеріне  сәйкес,  «Қазақстан 

Рес пуб ликасына  уақытша  келушілер»  деп 

табылған  шетел  азаматтарына  мұн дай 

мүмкіндік  берілмейді.  Егер  сіздің  туыс қа­

ныңыз  Қазақстанға  ұзақ  мерзімге  келген 

не месе  осында  тұрақты  жұмыс  істейтін 

бол са, пәтер сатып ала алады.



Қарағандының Майқұдық 

тұрғын аймағының 17-шағын 

ауданындағы автотұрақ 

маңынан зеңбірек снаряды 

табылды. Артиллерия 

жарағының 

бұл маңға 

қайдан 

келгені 

мүлде 

белгісіз 

болып отыр.

Кешкі  мезгілде  достарымен  бірге  қы­

дырыстап  жүрген  иван  дэрр  автотұрақ 

іргесінде  елеусіз  ғана  жатқан  снарядты 

байқаған бетте автотұрақ күзетшісі Сәкен 

Жүнісовке  табыстап,  полиция  бөліміне 

ха барласқан.  Жедел  хабар  түскен  бетте 

Ок тябрь  аудандық  полиция  бөлімінің 

қыз меткерлері,  Ұлттық  қауіпсіздік  ко  ми­

те тінің  облыстық  департаментінің,  Тө­

тен  ше  жағдайлар  департаментінің,  жер­

гілікті  әскери  бөлімдердің  қызметкерлері 

қауіпті аумақты қоршауға алып, снарядты 

тұрғын  аймақтан  тыс  жерге  алып,  за лал­

сыздандыру шараларын атқарды. 

Майқұдықтың  17­шағын  ауданында 

кемі 10 000­нан астам халық тұрады. Ал 

қала іргесіндегі №31775 әскери бөлімнің 

«Спасскідегі»  далалық  полигонына  жет­

кізіліп,  залалсыздандырылған  сна ряд­

тың  қала  ортасына  қайдан  тап  болғанын 

ешкім нақты айтып бере алмай отыр.



Алексей  иРиСов,  «Астана» 

аймақтық  әскери  басқармасының 

инженерлік 

бө лімінің 

бастығы, 

майор:

– Артиллерия жарағы саналатын 

снарядтың диаметрі – 76/78 милли­

метр, ұзындығы – 50 сантиметр. Зең­

бірек оғы гильзасыз екен. Бұл маңға 

қайдан келгені белгісіз болып отыр.

Серік САғЫНТАЙ

Майқұдықта 

зеңбірек 

снаряды 

табылды

омарташылар 

қытай 

арасынан 

қорқып отыр

Сіздің  сауалыңызға  қалалық 

прокура тураның  мамандары  жауап 

береді:


–  Мұндай  оқиғалар  толассыз 

болып  жатады.  Біз  осындай  мәсе­

ле ні айтып хабар ласқандарға олар­

дың  құқық  қор ғау  органдарына 

ша ғымдануы  қажет  еке нін  ескер те­

міз. Тәртіп сақшылары Қыл мыстық­

про цессуалды  кодекстің  178  және 

185­баптарына  сәйкес  азамат тар 

анық талмаған  тұлғалардың  бұза­

қы лы ғы на тиісті шаралар қолдануы 

тиіс.  Арыз  тұрғылықты  мекенжай 

орналасқан  аудан дағы  ішкі  істер 

бөлімшесінде қа был данады.

Телефоныма тыным бермейтіндермен қалай күресемін?



Айтыңыздаршы, не істеуге болады? Менің үйіме белгісіз 

біреулер қоңырау шалып, ананы-мынаны айтып, мазақ 

қылады. оларды анықтап, жазалауға бола ма? 

Ажар МұҚАНҚЫзЫ, Алматы қаласы

АлАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

... Жалпы, біздің қазақ – өте талантты халық. Небір 

мықты орындаушылар бар. Бірақ кейбір «жаңашылдар» 

әнді бұзып айтады, ырғағын өзгертеді. Мен соған 

наразымын. Оригиналды өзінің бастапқы күйінде алып, 

соған өз үнінің бояуын қосып айтатын әншілер аз. Әуенді 

өзгертуге болмайды. Өйткені ол – автордың                      

жан дүниесінен шыққан нәрсе. Егер де түпнұсқасынан 

озып тұрса, әрине, оның жөні басқа. Бірақ көп жағдайда 

олай емес қой. Сол себепті де, ән ақсайды...

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№139 (139) 



15.08.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

7

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

ДоДа


Ат жарыстың жүлдесі жылдағыдан кем болмайды

Толық  мағлұмат  алу  үшін  Алматы 

облысы  ат  спорты  қауымдастығының 

төрағасы 



Орынтай  Өмірәлиевпен 

хабарласып төмендегідей жауап алдық:

–  Алматы  облысы  әкімдігінің  мұ­

рындық  болуымен  биыл  да  ат  жарысы 

өтеді.  Бас  жүлдеге  тігілетін  темір  тұл­

Біз  ат  жаратып,  тұлпар  баптап  жүрген  жандар  едік.  Жыл  сайын  Ата 

заңымыздың  құрметіне  Алматы  облысындағы  «Көкбастау»  атша барында 

дүркіретіп тұрып, ат жарыстар өткізілуші еді. Алайда биыл сол дүбірдің даусы 

естілмей тұр. Сол бәйгелер биыл ұйымдастырыла ма, жоқ па, білмей отырмыз. 

Қалай болады, бәйге тігіле ме? Осы жөнінде мағлұмат бере аласыздар ма?

Қасымхан мұҚАшұлы, Алматы облысы

парлар  мен  бағалы  сыйлықтар  саны 

жылдағыдан аз болмайды. Өйткені біздің 

елімізде осындай ірі ат жарысы – санаулы­

ақ. Сол себепті демеушілердің көмегімен 

жүлделер  санын  азайтпаймыз.  Меніңше, 

атбегілер  өзара  хабарласып  тұрулары 

керек  еді.  Сондықтан  кейбір  шалғайда 

жатқандары  болмаса,  «ел  құлағы  елу» 

дегендей,  бәрі  де  хабардар.  Барлығы 

аттарын  жаратып  жатыр.  Бұл  жердегі 

әңгіме  тек  жүлде  жайында  ғана  шығар. 

«Экономикалық дағдарыстың салдарынан 

жүлде  жылдағыдай  емес,  жұпыны  бола 

ма?»  деп  ойлап  жүргендер  бар  сияқты. 

Алайда  дағдарысқа  да  қарамай,  биылғы 

жарыс жылдағыдан өзгеше болмаса, кем 

болмайды.  Аламан  бәйге,  топ  бәйге, 

жорға  жарыс  және  аударыспақ  секілді 

ұлттық  спорт  түрлері  сыны  ұйымдас­

тырылады,  –  деді  Орынтай  аға  мүдір­

местен. 


Ережесіз жекпе­жектің де ережелері болады

Жақында  теледидардан  Алматыда  өткен  ережесіз  жекпе-жек  кешін  тама-

шаладым. Бейбіт назаровтың тамаша жеңісіне шын жүректен қуандым. Бірақ 

түсінбегенім,  әр  жекпе-жектің  алдында  төреші  спортшыларға  «тіземен,  шын-

тақпен  және  баспен  ұруға  болмайды»  деп  ескертіп  тұрды  ғой.  Бейбіттің  кәріс 

жігітін тіземен тепкені несі? әлде бұл айқаста ондай ережелер болған жоқ па?

Салауат ТемірҚОЖА, Алматы қаласы

Сіздің  сұрағыңызға  жауап  беру  үшін 

Бейбіттің  туған  ағасы,  ережесіз  жекпе­

жектен  әлемнің  үш  дүркін  чемпионы 



Ардақ назаровқа хабарласқан едік.

–  Бұл  айқастың  арты  біраз  дауға 

ұласқаны рас. Кәрістер «шағымданамыз» 

деп сес көрсетті. Бірақ артынан өздерінікі 

дұрыс емес екенін түсінді. Өйткені Бейбіт 

пен  оңтүстіккореялық  Сео  Сюнг  Кионг 

ере жесіз  жекпе­жектің  WAFC  тұжырымы 

бойынша чемпиондық атаққа таласты. Ал 

бұл  тұжырым  осы  федерацияның  прези­

денті Георгий Кобилянскийдің ережесі мен 

өтуі тиіс болатын. Онда тіземен тебу былай 

тұрсын,  тіпті  құлап  жатқанды  да  аямай 

тебуге болады. Алайда Оңтүстік Кореядағы 

төбелестердің  ережесі  аздап  басқаша 

болғандықтан, өз тарапымыздан жеңілдік 

жасап, «сұлап жатқанды тебуге болады» 

дегенді  алып  тастағанбыз.  Байқаған 

шығарсыздар,  кәріс  жігіті  жерге  жатып 

қалғанда  Бейбіт  оған  ешқандай  амал 

қолданған  жоқ.  Дегенмен  мұнда  төре­

шіден де аздап қателік кетті. Бейбіт қар­

сыласын бір рет тепкеннен кейін­ақ Кионг 

есін  жоғалтып  алды.  Екінші  мәрте  теп­

кізбеу керек еді. Жалпы ережесіз жекпе­

жек ті  қанша  жерден  «ережесіз»  деге­

німізбен  оның  да  өз  қағидалары  бар. 

Оның  бастылары:  көзден  шұқуға,  қара­

құстан  ұруға  және  шаштан  ұстауға  мүл­

дем  болмайды,  –  деп  түсіндіріп  берді 

Ардақ Назаров. 

Сенбі күнгі Сұхбат

Теңбіл доптың тарланбозы – 

Тимур аға

–  Тимур  Санжарұлы,  сіздің  қатты 

ауырып  қалғаныңыздан  хабардар-

мыз. Басында таң қалдық. Бұл қалай, 

темірдей Тимур ағамызды жеңе ала-

тын дерт бар ма деп?

–  Иә,  аяқасты  тым  қатты  ауырдым. 

Өзім  де  күтпеген  жерден  төсек  тартып, 

жатып  қалдым.  Екі  жыл  бойы  емделдім. 

Міне, қазір өзім тұрып­жүре алатын халге 

жеттім. Бұған да шүкір. Алайда құлан­таза 

айықтым  дей  алмаймын,  денсаулығыма 

тигізген  зардабы  бар.  Бірақ  бұдан  әрі 

таралмайды. Футбол ойнап шынықтырған 

денсаулығым енді жақсарып келеді. Бүгін 

ардагерлер  кездесуіне  келіп  тұрғаныма 

қуаныштымын.  Бұл  –  мен  үшін  үлкен 

мереке.  Замандастарыммен  кездесіп, 

осы  лай  мәре­сәре  болып  жатқанымызға 

қуанамын.  Ең  бастысы,  қатардамыз.  Тек 

бүгінгі  спорт  күні  мерекесі  біз  үшін  ұза­

ғынан болса деймін. Жылда осылай жүз­

 

СурЕТТЕ КіМ?



Өткен сенбіде ережесіз жекпе­жектің 

жампоз батыры Ардақ Назаровтың суре­

тін бергенбіз. Не қарсыласын жансы ра­

тып жеңіп, не жансауғалап жеңіліп шы­

ғатын  ережесіз  төбелеске  әлбетте  жү­

регінің  түгі  бар  жігіттер  ғана  қатысады. 

Ардақ аяусыз айқас өтетін шаршы алаңға 

41  рет  шығып,  соның  38­інде  жеңіп 

шық қан. Екеуінде тең түсіп, біреуінде ға­

на  жеңілген.  Осындай  білекті  батыл 

бауы рымызды  жазбай  танығандар  өте 

көп болды. Бәрінен бұрын хабарлас қан­

дар тұрақты оқырмандарымыз – Аман­

бай  Байнимиров  ағамыз  бен  Дәурен 

Ермекбайұлы ініміз.

Жұлдызды 

жазбай таныңыз

мына суреттегі тепсе темір 

үзетін, соққысы қуатты жігіттің 

боксқа қатысты адам екендігін 

басындағы қорғаныс дулығасына 

қарап-ақ білерсіздер. Байыптап 

қарасаңыз, суреттің Кеңес Одағы 

дәуірінде түсірілгендігін де білуге 

болады. Өз өмірінде абыройсыз 

болған жоқ. Бокстағы биік «шыңды» 

бағындырды. Кейіннен жеңілістің 

де кермек дәмін татып, сәтсіздікке 

де ұшырады. Қазақтың көпшілікке 

белгілі кішігірім қаласында туып-

өскен бұл жігіт қазір шетелде тұрады. 

А) Валерий рАчКОВ

ә) Василий ЖИрОВ 

Б) Геннадий ГОлОВКИН

в) Владимир ЖИрИНОВСКИй

ертең спорт күні. Қазақстан республикасы президенті нұрсұлтан 

назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашада шыққан Жарлығымен біздің 

елде Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. 

Осыған орай, кеше Алматыда спорт ардагерлеріне арналып жиын 

өткізіліп, құрмет көрсетілді. Бұл жиында Қр туризм және спорт министрі 

Темірхан Досмұхамбетов сөз сөйлеп, ардагерлерге ақ конвертке 

салынған құттықтау қағазы мен ақшалай сыйлық табыс етті.

шыны керек, ардагерлерді жиі көре бермейміз. Көбінесе осындай 

жиындарда ғана көріп қалып, қалбалақтап қолдарын алып, мәз боламыз. 

Өкінішке қарай, КСрО тұсында есімдері төрткүл дүниеге мәшһүр болған, 

Кеңес Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушылары болған 

ақсақалдарымыздың көбісі жыл сайын қартайып барады. шаштары 

аппақ қудай болып, жанарлары бұрынғыдай от шашпай, дауыстары 

баяғыдай нық шықпай, көргенде бұрынғы тарландарды аңсаған көңілің 

күйзеледі. Солардың бірі – Тимур Сегізбаев. Қазақтың «Қайратының» 

сапында ойнақ салған кезінде басқасы-басқа, әсіресе мәскеу 

клубтарының екі аяқтарын бір етікке тығушы еді. Қарымды «Қайраттың» 

«Тимур және оның командасы» атануы да, осыдан-ды. Теңбіл допты 

дедек қаққызған сол Тимур аға да екі жылдың ішінде қартайыңқырап 

кеткендей ме қалай? Бүгінде теңбіл допқа ілесе алмайды... ілбіп басады. 

Уақыт тығыз болса да, туризм және спорт министрі өткізген жиын 

барысында Тимур ағаны сөзге тарттық. 

десіп,  жымыңдасып  жатсақ  дегенім  ғой. 

Спорт  –  бұл  денсаулық.  Бірақ  біздің  де 

бірнеше жылдар бойы шыңдаған денсау­

лығымыз  мәңгілік  емес.  Ауырып,  соның 

салдарынан өмірден озып жатқан заман­

дастарымыз да, әйгілі спортшылар да бар. 

Сондықтан  «ардагерлер  ауырмаса  екен» 

деп  тілеймін.  Бірақ  амал  бар  ма,  бұл  – 

табиғаттың  өзіндік  заңы.  Ардагерлердің 

бәрін  Спорт  күні  мерекесімен  құттықтай­

мын. Жастарың ұзақ болсын дегім келеді.



– Тимур аға, негізінен, шетелде ем-

делгеніңізді  білеміз.  негізгі  ауырпа-

лық тың  қыздарыңызға  түскенінен  де 

хабардармыз. Осындай қиналған сәт-

те қол ұшын берушілер болды ма?

– Жалпы, айтар болсам, қоғам да, көп­

шілік  те  мойын  бұрып,  көмектесті.  Негізі, 

маған  өте  қымбат  ем­дом  жасалды.  Бұл 

жерде  ең  бастысы,  өзімнің  мінезім  мен 

қайсарлығым,  осындай  жаман  кеселден 

айығып шығам деген талпынысым, іштей 

күресуім  айығып  шығуыма  көп  әсер  етті. 

Негізігі  көмек  дертке  мойымай,  ішкі  жан 

дүниеммен  дертке  қарсы  күресе  алуым 

болды.  Әрине,  қоғамның  және  өзімнің 

жанкүйерлерімнің  моральдық  тұрғыдағы 

рухани қолдауы да жанымды жадыратып, 

өзімді желпіндіре түсті. Осылардың бәрінің 

арқасында мен бүгін, міне, алдарыңызда 

тұрмын.


– Қазір қалай, еліміздегі футболды, 

теңбіл  доп  додасын  қадағалап  оты-

расыз ба?

– Өзім футболшы болып қалыптас қан 

жасыл  алаңды  қалайша  ұмытайын.  Фут­

бол  додаларын  шамамның  жеткенінше 

қадағалап отырамын. Бірақ үзіп­үзіп. Жа­

сыл  алаңдағы  додаға  назар  аударуға  да 

шамамның келмей қалған кездері де бол­

ды ғой. Шынтуайтқа келгенде, менің дер­

тіме футболдан жөнсіз аластатылуым қат­

ты әсер етті. Ауруды қоздыра түскен де – 

осы. Қазақстан футбол федерациясы мені 

қолдаған  жоқ.  Тіпті  өзім  тәрбиелеп  шы­

ғарған шәкірттерімнің өздері сырттай ғана 

қолдаумен  шектелді.  Осындай  қарым­

қатынас  ауруымның  ұзаққа  созылуына 

кесірін  тигізбей  де  қалған  жоқ.  Әйтсе  де 

өмірімнің  ең  ауыр  сәтінде,  қиын­қыстау 

күндерде  кеш  те  болса,  елеп­ескерген­

деріне, қолдағандарына шүкір деймін. 

–  ескі  жараның  аузын  тырнап  өт-

сем,  кешіріңіз  аға.  енді  ауырмаңыз. 

Бар  көмек,  бар  жақсылық,  бар  қуат 

Алладан болсын!

– рақмет.



Сұхбаттасқан 

нұрғазы САСАев

ҚАЗірГі ЗАМАНғы БЕССАйыС

ХОККЕй

Жігіттер 

жерге қаратты

Жайлауов 

қатарға 

қосылды

Кувейтті 

күйреттік

Айта  кетейік,  «Тұманды  альбионда» 

өткен әлем біріншілігінде ел намысын жі­

гіттерімізден  Нұржан  Құсмолданов,  лео­

нид  Зимарев,  Денис  Туров  және  Евгений 

Тебенков  қорғаған  болатын.  Осылардың 

ішінде Денис пен Женя жартылай финалда 

«С»  тобында  бақ  сынаса,  Нұржан  мен 

леонид  сәйкесінше,  «А»  және  «В»  топ­

тарында  өнер  көрсетті.  Алайда  төрт  жігі­

тіміздің  де  нәтижесі  көңіл  қуантарлықтай 

емес.  Мәселен,  бессайыстың  қорытын­

дысы  бойынша  4612  ұпай  жинаған  Құс­

молданов  «А»  тобында  19­орыннан  кө­

рінсе,  4320  ұпай  жинаған  Зимарев  өз 

тобында  23­орынға  табан  тіреді.  Ал  «С» 

тобындағы Туров пен Тебенков 4608 және 

4380  ұпаймен,  сәйкесінше  26­27  орын­

дарға орналасты. 

Бүгін лондонда жігіттер арасында фи­

налдық  кезең  өтеді.  Бір  қызығы,  ақтық 

сынға Олимпиаданың екі дүркін чемпионы 

ресейлік  Андрей  Моисеев  шыға  алған 

жоқ.  Жартылай  финалда  бар  болғаны 

4316  ұпай  жинаған  ол  «А»  тобында  аут­

сайдерлермен бір қатарға орналасты.



P.S. Кеше кешкісін бет қатта лып 

жатқанда Лондонда қыздар 

арасындағы жартылай финал 

өтті. Ал чемпионат 17-та мызда 

аяқталады.

Арсен ЖАнАДіл

Жер жаннаты Швейцарияда жергілікті 

хоккей  клубтарымен  жолдастық  кезде­

сулер  өткізіп  жүрген  «Барыс»  канадалық 

шабуылшы Дэвид Немировскиймен келі­

сімшартқа  отырды.  Айта  кетейік,  бұған 

дейін  Санкт­Петербургтің  «СКА»  коман­

дасында ойнаған Дэвидтің биыл аталмыш 

ұжыммен  келісімшарты  аяқталған  бо­

латын. Елордалық командадан басқа тағы 

бірнеше  клубтардан  шақыртулар  болға­

нымен  «Барысты»  таңдаған  канадалық 

май талманға  жанкүйерлер  үлкен  үміт 

артып отыр.

Ал  енді  «Барыстың»  Швейцария  же­

ріндегі  жолдастық  кездесулеріне  тоқтал­

сақ. Алғашқы ойынын «лангнай Тайгерс» 

клубымен өткізген жерлестеріміз 3:1 есе­

бімен  жеңіске  жетті.  Келесі  күні  «Женева 

Серветпен» мұз айдынына шығып, қарсы­

ластарын  5:0  есебімен  ойсырата  жеңді. 

«Барыстың»  үшінші  ойыны  да  жергілікті 

хоккейсүйер  қауымның  көңілінен  шық­

қанын  айта  кетуіміз  керек.  Ивердон  қа­

ласында «ла­Шо­де­Фон» командасымен 

кездескен  жерлестеріміз  тартысты  өткен 

кездесуді  6:4  есебімен  өз  пайдаларына 

аяқтады. Өкінішке қарай, «Барыс» Швей­

царияда  өздерінің  төртінші  жолдастық 

кездесуінде  жеңіліп  қалды.  Амри  қала­

сында «Амри­Пиоттамен» кездескен олар 

қарсыластарына  2:3  есебімен  тізе  бүгуге 

мәжбүр болды.

Бір  қуантарлығы,  өткен  ҚХл  мау сы­

мында иығынан ауыр жарақат алған Тал­

ғат Жайлауов қатарға қайта қосылды. Тіпті 

осы  ойындарда  барлығы  төрт  шайба  со­

ғып та үлгерді.



Азамат ОрАзБАев

Виталий  Стребков  жаттықтыратын 

жігіттеріміз Кувейт құрамасымен кездесіп, 

76:57 есебімен басым түсті. Бұл ойынның 

тағдыры матчтың бірінші ширек бөлігінде­

ақ шешіліп, Қазақстан баскетбол шы ла ры­

ның  басымдығымен  өтті.  Ал  9­12  орын­

дар үшін додаға түсіп жатқан екінші жұпта 

Жапония  және  Біріккен  Араб  Әмірлігі 

баскетболшылары кездесіп, Күншығыс елі 

қырандары 86:59 есебімен жеңіске жетті. 

Енді  бүгін  біздің  баскетболшыларымыз 

жапон  жігіттерімен  9­орынға  таласатын 

болса,  Кувейт  пен  БАӘ  11­орын  үшін 

додаға түседі. 

Қазақстан – Кувейт – 76:57 

(19:6, 13:17, 22:15, 22:19)

Команда қоржынына ең көп ұпай сал­

ғандар:  Александр  Тютюник  (20),  Дмит­

рий  Гаврилов  (17),  Антон  Пономарёв 

(15), рустам Ерғалиев (9).

әлихан ЖАппАр

Бұл күндері Англия 

астанасы лондонда қазіргі 

бессайыстан әлем чемпионаты 

өтуде. Өкінішке қарай, бар 

мүмкіндіктерін жүзеге асыра 

алмаған Қазақстан 

құрамасының жігіттері ақтық 

сынға шыға алмады. 

Құрлықтық хоккей 

лигасының (ҚХл) кезекті 

чемпионатына дайындалып 

жатқан елордалық «Барыс» 

бұл күндері әлемнің ең көрікті 

елі саналатын швейцарияда 

оқу-жаттығу жиынын 

өткізуде.

Баскетболдан Қытайда өтіп 

жатқан ерлер арасындағы 

Азия чемпионатының көмбесі 

көріне бастады. Кеше 

Қазақстан құрамасы                 

9-12 орындар сарапқа 

салынатын додадағы алғашқы 

ойынын өткізді.

БА

СКЕ



ТБО

л

шторк шеттеткен шеберлер

Бұл  футболшылардың  келесі  іріктеу 

кезеңінде  де  ұлттық  құрамаға  шақырыл­

май қалуы ғажап емес. Мәселен, тұп­тура 

то ғыз  жыл  ұлттық  құраманың  ыстығына 

күйіп,  суығына  тоңған  Самат  Смақов  ке­

лесі  жылы  32­ге  толады.  Және  де  дәл 

қазіргі спорттық бабын сақтай ала ма, жоқ 

па, ол жағы да белгісіз. Ал егер бас бапкер 

Бернд Шторк өз орынтағынан таймайтын 

болса, онда «Ақтөбе» капитанына ұлттық 

құрама  жайлы  мүлдем  ұмытуға  тура  ке­

леді. Жалпы, Самат Смақовтың дәл қазіргі 

жағдайын  Испания  футболының  жарық 

жұлдызы  раульмен  салыстыруға  болатын 

секілді. Екеуі де жанкүйерлердің сүйіктісі, 

екеуіне  де  басшылықтардың  көзқарасы 

түзу.  Сонымен  қатар  екеуі  де  –  өз  клуб­

тарының капитаны және командасын алға 

сүйреуші  негізгі  күші.  Бірақ  неге  екенін 

раульге де, Саматқа да ұлттық құраманың 

есігі ашылар емес.

Мұның алдында Нұрбол Жұмасқалиев­

ті Сергей Тимофеев те біраз сынаққа алған 

болатын.  Ақыры  бір  жылдық  «сынақтан 

кейін» «Тобыл» капитаны құрамаға шақы­

рыл ған­ды.  Бұл  жолы  қалай  болар  екен? 

Әлбетте,  оны  уақыттың  еншісіне  қалдыр­

ғанымыз жөн. Алайда неміс маманының, 

сондай­ақ  Қазақстан  футбол  федера ция­

сының  қазіргі  ұстанған  бағытына  қарап, 

Нұрболдың  ұлттық  құрамаға  биыл  емес, 

ендігі жылы да шақырылмауы мүмкін еке­

нін  жоққа  шығармаймыз.  Өткен  жылдың 

қыркүйегіндегі украинаға қарсы матч Жұ­

масқалиевтің  ұлттық  құрама  сапындағы 

соңғы ойыны болып қалуы ғажап емес­ау.

Шторктың  ұлттық  құрамадан  аластат­

қан ойыншыларының бірі – Давид лория. 



Азиз ЖұмАДіл

Жақында футболдан ұлт-

тық құрамамыз Алматы қала-

сында кезекті оқу-жаттығу 

жиы нын өткізді. мұның 

алдында хабарлағанымыздай, 

бас бапкер Бернд шторк бұл 

жолы да жанкүйерлердің 

сүйікті футболшыларынан бас 

тартты. Сірә, неміс маманы 

тұрғанда Самат, нұрбол, 

Давид секілді майталмандар 

құрамаға ілікпейтін шығар. 

Сондықтан аталмыш 

футболшыларға, сондай-ақ 

бас командаға шақырту ала 

алмай жүрген басқа да 

сайыпқырандарға келесі 

іріктеу кезеңін тосу ғана 

қалды. Бірақ кім біледі, 

бәлкім...

Ел 


Ф

уТБО


лы

Ол  туралы  неміс  маманының  жақсылы­

жа манды пікірлері көп. Соның бірі «Бело­

руссия құрамасымен болған ойында көр­

ген  шығарсыздар,  лория  баланың  қате­

ліктерін  жасады.  Команданы  құтқара  ал­

мады.  Өткен  жылғы  украинамен  болған 

ойында  да  Давидтің  қателіктерінен  кейін 

қақпамызға  бірнеше  рет  қауіп  төнген 

болатын», – дейді. Одан кейін Дато ресей 

премьер­лигасында  да  қосалқы  құрамда 

отырып  қалды.  Бұл  Александр  Мокинді 

өзіне  жақын  тартатын  Шторк  үшін  қол 

болғаны жасырын емес. Алайда ел бірін­

шілігіне  қайта  оралған  лория  «локомо­

тив те» де қақпаны «құрғақ» алып қала ал­

мауда. Енді ұлттық құрама сапында ойна­

ғысы келсе, лорияға Мокин, Петухов және 

Григоренко сынды қақпашылардың жара­

қаттанып  қалғанын  күту  керек.  Дегенмен 

ондай жағдайдың өзінде Бернд мырза бір 

амалын  табуы  әбден  мүмкін.  Мәселен, 

«Тараздан» Мұрат Мұқашевті немесе «То­

былдан»  Ярослав  Багинскийді  шақырта 

салуы ғажап емес.

Бұл үштіктен бөлек ұлттық құрама са­

пына  қайта  орала  алмай  жүрген  фут бол­

шыларға  тоқталар  болсақ,  есімізге  ең  бі­

рінші  «ордабасылық»  Александр  Кучма 

ора лады. Бір қызығы, Бернд Шторк орта­

лық  қорғаушыны  алғашында  құрамаға 

шақыртып жүрді. Жоғарыда аталған фут­

болшыларға  қарағанда,  Кучма  «уэмбли­

де»  ойнап  үлгерді.  Бірақ  сол  ойыннан 

кейін  Са ша  құрамадан  мүлдем  аласта­

тылды.  Бұл  Шторктың  шешімі  ме,  әлде 

үшінші  тараптың  адамдары  қосылды  ма, 

ол жағы жұмбақ.

Бұрындары  Арно  Пайперстің  кезінде 

бас  командаға  Максим  Жалмағамбетов, 

Мұрат  Сүймағамбетов,  Дмитрий  Бяков, 

роман узденов, Ұлықбек Асанбаев сынды 

сайыпқырандар да шақыртылып жүретін. 

Алайда  аталмыш  ойыншылардың  бірде­

бірі бүгінде құрама сапында жоқ. Әрине, 

барлығын неміс маманына жаба салудан 

аулақпыз.  Осылардың  ішінде  кейбірі  өз 

клубтарында  да  жарытып  ойнай  алмай 

жүргенін  айтпай  кеткеніміз  жөн  болмас. 

Ал  біз  өз  назарымызды  алдағы  уақытта 

Шторк  командасынан  шеттелуі  мүмкін 

тағы бір футболшыға бұрсақ.

Қателессек  дұрыс  болар  еді,  бірақ 

алдағы  уақытта  Бернд  Шторк  Фархадбек 

ырысметовтің де қызметінен бас тартатын 

секілді.  Байқасаңыз,  бүгінде  бас  бапкер 

сол қапталдағы қорғанысқа «атыраулық» 

Александр Кировты шығарып жүр. Соған 

қарап, ырысметовтың да ұлттық құра ма­

дағы  жағдайына  алаңдаймыз.  Ал  неміс 

маманының сынына әбден ұшыраған Мұ­

рат Тілешев осы жолы бас командаға ша­

қыртылыпты.  Бұл  уақытша  құбылыс  бол­

маса екен дейміз.



күннің:

Шығуы 

 

Ұзақтығы 

 

Батуы

6.00      

 

14.36   

 

20.36       



ТоқТы

Бүгін жолсапарға шы­

ғу ды 

жоспарласаңыз, 



жолда  аса  абай  бол ға­

ны ңыз  жөн.  Сондай­ақ 

адам  көп  шоғырланған  жер­

лер де,  айтқан  сөзіңізге  еге 

бол масаңыз,  «айтылған  сөз, 

атыл ған оқ» дегендей, сөзіңіз 

өзі ңізге кесірін тигізуі мүмкін. 

Торпақ

Бұл  күні  сіз  қиял  мен 

шын  мәнісіндегі  өмір дің 

аражігін  ажырата  ал май, 

адасып  қалуыңыз  ық ти­

мал.  Ішкі  сұранысыңыз  бен 

сыртқы  қажеттілігіңіздің  ара­

сын да  қарама­қайшылықтар 

туындайды.  Ақыл­кеңестерге 

құлақ түріңіз.



ЕгіздЕр

Туған­туыстың  қамын 

ойлауды  бір  жаққа  ығыс­

тырып,  өз  отбасы ңыз дың 

жағдайын  жасауға  кірі­

сі ңіз.  Сонда  ғана  отбасының 

өзі ңізге деген жылуын сезініп, 

жаныңыз  рақатқа  бөленеді. 

Шы ғармашылық  шабыт  та 

сыйлайды.



Шаян

Сізге бүгін тек өзіңіздің 

ғана емес, өзгенің де тағ­

дырына  тікелей  қа тыс ты 

жауап кершілікті  мойны­

ңыз  ға алуға тура келеді. Өйт­

ке ні  туған­туысыңыз  бен  се­

нім ді достарыңыз сіздің қиын 

іс терде  қабілеттілігіңізге  арқа 

сүйейді. 



арысТан

Бүгін сіз өзіңіздің дип­

ло  матты,  яғни  ақыл ды 

әре  кет  етудің  маңыз ды­

лығын  сезінесіз.  Сәтті 

кезеңді  де  алдын  ала  бағам­

дай  білу  қажет  екенін  сіз 

білесіз.  Байланыстар  орна ту­

ға,туысқандармен  қарым­қа­

ты насты нығайтуға сәтті күн.



БикЕШ

Осы  күні  сіздің  өмі рі­

ңізде  оң  өзгерістер  орын 

алып,  болашаққа  нық 

сеніммен  қарайтын  бо­

ла  сыз.  Материалдық  жағ­

дайы  ңыз  жақсарып,  шы ғар­

ма  шылық  даму  мен  рухани 

өсуге  септігін  тигізеді.  Жалпы 

қатынас аясы кеңейе түседі.



ЖҰлдыз-Жорамал

Таразы

Бұл күні сіз жеңіл­желпі 

сәтсіздіктің 

шытырман 

шыр  мауынан  құтыла  ал­

май, әлек боласыз. Мә се­

лен, күтпеген жерден қар жы­

лық  қиындыққа  тап  боласыз 

немесе  айна ла ңыз да ғы лар­

мен келіспей қаласыз. Әзірше 

тек сәтті күнді күтіңіз. 

сарыШаян

Сізге  бүгін  жеке  ба сы­

ңыздың  қызығу шылы ғын 

қана ғаттан дыруға  қо лай­

лы  күн.  Келіп  түскен  ұсы­

ныс тарға және шешім қа был­

даған  кезіңізде  аса  мұқият 

бол ғаныңыз жөн. Әрбір қада­

мы ңызды нық басып, тек қана 

алға аяқ басыңыз.



мЕргЕн 

Бойыңыздағы  жақсы 

қа сиеттер мен өнеге бо лар  ­

лық  ұстанымның  ар қа­

сын да бүгін өз ортаңыз  да 

көшбасшы  атанасыз.  Сон­

дай­ақ  өзіңіздің  оқытушылық 

қабілетіңізді шыңдап, алға қа­

рай  жылжисыз.  Табысы ңыз­

дың молаюы мүмкін. 



ТауЕШкі

Сіздің  көптеген  бас та­

маларыңыз,  ойдағыдай 

нә тиже  бере  қоймайды. 

Әрі бұл күнгі сіздің шектен 

тыс  белсенділігіңіз  пайдасын 

емес,  зиянын  тигізуі  мүмкін. 

Бүгін  бар  көңіліңіз  бен  бос 

уақытыңызды сүйіктіңізге ғана 

арнағаныңыз жөн. 



суқҰйғыШ

Осы  күні  сіздің  неге 

екені  белгісіз,  шырғалаң 

да шытырман оқиғаларға 

деген  қызығушылығыңыз 

артады.  Тіпті  сіз  күнделікті 

күй бең тіршілікті ұмытып, шы­

найы өмірден алыстап кетесіз. 

Сол  үшін  көріпкел,  балгерден 

сақ болыңыз. 



БалықТар

Бүгін  сіздің  әлеуметтік 

белсенділігіңіз  –  қиялы­

ңыз ға  орын  береді.  Осы­

ның әсерінен сізде ерекше 

бейім ділік  пайда  болып,  ма­

ғы насыз  және  ақталмаған 

тәуе келге  бел  бумаңыз.  Қия­

лыңызды  іске  асыруға  асық­

пай, біраз ойланыңыз.



Бүгін:

Әзіл­шыны аралас

думан

№139 (139) 



15.08.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

8

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет



C

M

Y



K

C

M



Y

K

C



M

Y

K



C

M

Y



K

Тамыз

Сб

Жс



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сб



Жс

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сб

Жс

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сб

Жс



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сб



Жс

Дс

1



2

3

4



5

6

7



8

9

10



11

12

13



14

15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25



26

27

28



29

30

31



Тамыздың 15-і

алаштың атаулы күні

  1930 жылы ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов дүниеге келді.

  1944 жылы  

Қазақ  Мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

универ ситеті  ашылды.  1961  жылы  Қарағанды  облысында  Абай 

және Шахтинск қалаларының іргетасы қаланды. 

  Археологтар күні.

Туған күн иелері

Тұрсынбек  кәкішев  (1927)  –  филология  ғылымының 

докторы, профессор, академик;



сұлтан нысанбаев (1934) – экономика ғылымының докторы, 

профессор;



александр  қимасов  (1936)  –  Ұлттық  пресс­клубтың  вице­

президенті;



сұлтан  Байсұлтанов  (1947)  –  опера  әншісі,  Қазақстанның 

халық әртісі;



Бақдәулет кенжалиев (1948) – техника ғылымының докторы;

ғалиаусат  кешубаев  (1950)  –  «Самұрық­Қазына»  Ұлттық 

игілік қорының дирекция директоры;



құсайын Берқалиев (1951) – генерал­майор;

сәкен  Есбаев  (1952)  –  Сенат  аппараты  ақпараттық  талдау 

бөлімінің меңгерушісі, экономика ғылымының докторы;



дәулет нұралин (1955) – Жоғарғы сот судьясы;

серғазы  Әдекенов  (1956)  –  химия  ғылымының  докторы, 

профессор, академик;



зейнолла кәкімжанов 

(1959) – «Алтай Ассет Менеджмент» 

АҚ басқарма төрағасы, экономика ғылымының кандидаты;

сәуле аймұхамбетова (1961) – Қостанай облыстық қаржы 

департаментінің директоры;



Ерлан  манатаев  (1980)  –  «Самұрық­Қазына»  Ұлттық  игілік 

қорының атқарушы директоры.



Тамыздың 16-сы

Қаржы  академиясының  студенті  сабаққа  ішіп  келіпті. 

Профессор:

– Сен бізде оқисың ба?

– Иә.

– Қай курс?



– Доллар –150,81; евро – 217,20; рубль – 4,84...

***


Адам жасына қарай көлік жүргізудің деңгейі:

20 жас – бәрінен бұрын жету;

30 жас – басқалардан қалыспай жету;

40 жас – аман­есен жету;

50 жас – ештеңеге ұрынбай жету;

60 жас – бірдеңе қылып жетсек болды;

70 жас – жете аламыз ба, әуелі?!

80 ­90 жас – өздерің бара беріңдер!

Ке

зекшi  ред



ак

тор Ж


арқын Ж

ҰМА


ДІ

л

О



в

республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – 

с

ерiк Ж

ан

Б

ола

Т 

м

ұратқали 

дүйс

Ен

Б

а

ЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


м

ақсат Ә

д



Х

ан

 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕ

в  – 



ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕ

в  – 


те

х.ред


ак

тор


Күләш НАҚЫПО

вА – 


аға к

оррек


тор т

ел.: 


388-80-76

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

л

ИЕ

в – с



аяси бюро т

ел.: 


388-80-72

Берiк ӘШIМО

в – нарық т

ел.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕ

в – қоғам т



ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДI

л

 – өрк



ение

т т


ел.: 

388-80-64

Нұрғазы СА

САЕ

в – дод


а (спор

т) т


ел.: 

388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРО


в – ж

аңалықт


ар т

ел: 


388-80-68

Қу

анышбек ҚАРИ – меншiк



тi 

тiлшiлер қосыны т

ел.: 

388-80-62

а

стана филиалы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31

Те

л.:



 +7 (7172) 32-43-38, 54-27-31

mail: aa_as



tana@mail.ru

Жандос БӘ

д

Ел

Ұ

лы

 – 

ст



ана филиалының ж

ет

екшiсi)



besbogda@mail.ru besbogda@y

ahoo.c


om

Мұр


ат А

л

МА



СБЕКҰ

л

Ы – тiлшi



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫ



л

 – тiлшi


а

ймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Нарғыз ҒАБДУ

лл

ИНА т



ел.: 8702 5876587

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ т


ел.: 8777 3909779

Қос


танай – Алмагүл 

СҰ

л



ТАНО

вА

 те



л.: 87774067903

Қ

ызылж



ар – Ерб

ақыт 


А

МАНТ


АЙ

 те


л.: 

8 7054418255

Қызылорд

а – Әділж

ан 

ҮМБЕ


Т 

те

л.: 87777054466



Өск

емен – Ж


азир

а 

СҰ



л

ТАНҚЫ


зЫ

 те


л.: 87775797090

Павлод


ар – Есенбек Б

А

зАРҚҰ



л

 те


л.: 8702 3797079

Шымк


ент – Шадияр МО

л

ДАБЕК т



ел.: 8705 9877799

Газ


ет 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде 

тiрк


елiп, 

бұқар


алық 

ақпар


ат 

құр


алын 

есепк


е 

қою 


тур

алы №9650

­Г  к

уәлiгi берiлг



ен.

Ред


акция 

авт


орлар 

мақаласы 

мен 

ж

арнама 



мазмұнына 

ж

ау



ап 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi 

екi 


компью

терлiк 


бе

тт

ен 



(14 

кег


ль) 

ас

атын 



ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш 

айнасынд


а» 

ж

арияланған 



ма

териалд


ар 

мен 


суре

тт

ердi 



көшiрiп 

немесе 


өңдеп 

бас


у 

үшiн 


ред

акцияның 

ж

азб


аша 

рұқс


аты 

алынып, г

аз

етк


е сiлт

еме ж


ас

алуы мiнде

ттi.

қ

ұрылтайшысы және меншiк 

иесi – «Т

олғау

» ЖШ

с

д

иректор –  

а

лександр Филимонович 

ан

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17

­үй. Т


ел.: 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №3522

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана


­По

лигр


афия»,

Бр

усиловский көшесi, 87



­үй. Т

ел.: 


(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1307

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18

­үй. Т


ел.: 

(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №8248

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газ


ет сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

СІз ЕСТІДІҢІз БЕ?

«А

ла

ш а



йн

ас

ы» г



аз

ет



е ж

аз

ыл



у и

нд

ек



сi: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң м



ек

ен

ж



ай

ы: 


Ал

ма

ты қ



ал

ас

ы, Б



ег

ал

ин к



өш

ес

і, 1



48 а

Те

ле



ф

он

8



(7

27)

38

8-

80

-6

0, ф

ак

с: 



8(

72

7)

38

8-

80

-6

1

m



ai

l: in



fo

@

al

as

ha

in

as

y.

kz

ЖҰМБАҚ СУРЕТ

    Балықтар  су  бетіне  шығып,  шапшып  ойнай  бастаса  – 

жауынның белгісі.



Халық болжамы

ауа райы



+22 +26



о

 



 +15 +20



о



 



+20 +26

о

 



 



+14 +18

о

 



+24 +28

о

 

 



+16 +18

о

 



+24 +28

о

 



  +18 +20



о



 +27 +31



о

 



 +22 +23



о

 



+28 +30

о

 

 



+23 +26

о



+20 +23



о

 



 +14 +18



о



 +20 +26



о

 

 



+16 +18

о

         



+20 +24

о

 

 



+13 +18

о



 +26 +30



о

 



 +22 +24



о

 



+30 +34

о

 

 



+23 +26

о

 



+25 +30

о

 

 



+19 +24

о

 



+20 +22

о

 



 +12 +16



о



 +20 +25



о

 



 +14 +16



о



 



+20 +23

о

 



 +13 +18



о



 +20 +22



о

 



 +14 +16



о



 



+23 +28

о

 

 



+18 +20

о



 +24 +26



о

 



 +18 +19



о







№137 (137 ) Сканворд жауабы



Көлденеңінен:  

Тігінен:  

Айтқазы МАЙлЫБАЙ

Бұл қандай ғимарат?

суреттің жауабы: 

1) Алматы қаласындағы 

«Қазақтелеком» ғимараты;

2) Астана қаласындағы 

«Бәйтерек». 

дұрыс  шешімін тапқан 

оқырман: 

Дәурен ЕрмЕкБАйұлы, 

Алматы қаласы.

сонымен, зер салып, 

мұқият қарап, суреттiң қай 

қаладағы қандай ғимарат 

немесе кiмнiң ескерткiшi 

екенiн тауып, газетiмiзге 

хабарласыңыздар!

құрметтi оқырман!

газетіміздің өткен сенбі 

күнгі 8 тамыздағы №134 

санында біз «Жұмбақ 

сурет»  айдарымен жұмбақ 

жасырғанбыз. қазақстан 

қалаларындағы ғимарат 

не болмаса ескерткіштің 

бір бөлігінің ғана суреті  

арқылы оның қай объектіден 

алынғанын таппақ 

болып редакциямызға 

хабарласқандар да,            

www.alashainasy.kz сайтына 

хат жазғандар да көптеп 

табылды. алайда солардың 

дені өз аты-жөндерін 

көрсетуді назардан тыс 

қалдырыпты. осы жағына 

бей-жай қарамауларыңызды 

өтінеміз, себебі жұмбақ 

суреттің шешуін тапқан 

адамның аты-жөні мен 

жасырылған ғимараттың 

толық көрінісін газет бетіне 

жариялап отырамыз.  

құрастырған айтқазы майлыБай

СКАНвОРД


газетіміздің №138 (138) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

көлденеңінен: Босбелбеу. Стив. Үлде. Теке. Ни. Рок. Скутер. Икарус. Киіз. «Маса». Мопс. Ума. зауза. Боа. лақ. Кварта. Ра. 

Тігінен: Коллоквиум. Аба. Абсентизм. Ор. Ет. Иек. Озат. лит. Рампа. «Абвер». Расул. Конус. зар. Сутек. Садақа. 

Құрманға­

зының күйі

Алма түрі

Қағида

Франция 


футбол 

клубы


Кердері 

теңізі


Исландия 

парламенті

Би, кино

Жыра


Әже

Бір 


топ қой

Пикассо 


суреті

Көліктің іші

Қорықшы, 

орманшы


Тік беткей

Тері ыдыс

Ашамай

Сауал


Шекспир 

королі


Кения 

қаласы


Бидегі 

қадам


Таңба, белгі

Жартылай 

бағалы тас

Жапондар­

дың улы 

жеңсік 


балығы

Іс, қимыл

Тазалықшы

Тақа


Ұшақ

Алапат 


теңіз 

толқыны


Тартпа

Тоңазыт­


қышты 

тасымал 


көлік

Борышкерге 

берілетін 

жеңілдік


30,48 см

ғалымдар қоқиқаздың не себепті бір аяқпен 

тұруды қалайтынын анықтады. Бұл – құстың 

бойына суық өткізбеу үшін жасайтын инстинкті 

екен.

BBC News порталының мәліметінше, осы кезге дейін 

зоологтар  арасында  қоқиқаздың  бұл  әдеті  жайлы  сан 

алуан пікірлер қайшылығы қалыптасқан. зерттеушілердің 

бір тобы қоқиқаз аяқтарының шаршауын басу үшін бір 

аяқтап  қалғуға  дағдыланған  десе,  бұл  –  құстың  жырт­

қыштардан  дереу  құтылып  кетуге  сақадай­сай  тұруы 

деген  болжам  тағы  бар.  Жаңа  зерттеудің  авторлары 

бұл  пікірлердің  анық­қанығына  көз  жеткізу  үшін 

Кариб  аралдарын  мекендейтін  Phoenicopterus  ruber 

қоқиқаздарын бірнеше ай бойы бақылады. Нәтижесінде 

құстың  бір  аяқпен  тұрғанда  да,  екі  аяқпен  тұрғанда  да 

аспанға  бірдей  көтерілетіні  дәлелденді.  Және  оның  тек 

ағынды  суда  ғана  бір  аяқтап  тұратыны  белгілі  болды. 

Бұдан  ғалымдар  мынадай  қорытынды  шығарды:  бір 

аяққа  сүйену  –  қоқиқаздың  үнемі  суық  күйде  болатын 

ағынды суда бойына жылу сақтайтын инстинкті.

Қоқиқаз неге бір аяқпен тұрады?



германияның Федералды криминалды 

полициясы елде италияның 900-ге жуық 

мафиялық ұйымының өкілі бар екенін жария етті. 

олардың дені – «ндрангета» құпия қоғамының 

мүшелері.

Неміс полициясының сенсациялық мәліметтері ZEIT 

журналында жарияланды. Құқық қорғау органы жетек­

шілерінің  айтуынша,  итальян  мафиоздарының  есірткі 

бизнесі,  кісі  өлтіру,  шикізат  ұрлығы  мен  ақша  тонау 

сияқ ты  қылмыстарға  қатысы  бар.  «Ндрангетаны»  не­

гі зінен,  Германиядағы  итальян  мейрамханалары  бүр­

ке мелеп  отырады  екен.  Неғұрлым  белсенді  шетелдік 

ұйым дасқан  қылмыстық  топтар  елдің  Солтүстік  Рейн­

вестфалия,  Гессен,  Бавария  және  Баден­вюртемберг 

аймақ тарында шоғырланған. Әлемдегі ең қауіпті мафия 

саналатын этникалық қылмыстық ұйымның Германия ны 

мұншалықты деңгейде жаулап алуы – Гете елінің ұлт тық 

қауіпсіздігіне айтарлықтай нұқсан келтіріп тұр деген сөз.

Германияны итальян 

мафиясы дендеп алды



алаштың атаулы күні

  Спорт күні 



Туған күн иелері

қайрат    исағалиев  (1939)  –  дипломатия  ардагері,  Қазақстан  Респуб­

лика сы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері;



аяған сандыбай (1950) – Білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі;

ғибратолла  досқалиев  (1955)  –  Ішкі  істер  министрі  Экстремизммен 

күрес басқармасының бастығы, генерал­майор;



қайрат  Шәріпбаев  (1963)  –  «ҚазТрансГаз  Аймақ»  АҚ  басқармасының 

төрағасы;



асқар  Әлімжанов  (1964)  –  «Мир»  мемлекетаралық  телерадио 

компаниясының Қазақстан орталық ұлттық филиалының директоры;



Ержан  айнабеков  (1966)  –  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Айыртау 

ауданының әкімі;



сәбит қожаметов (1967) – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

айдар  қазыбаев  (1976)  –  Индустрия  және  сауда  министрі  Сауда 

комитетінің төрағасы.



Тамыздың 17-сі

Туған күн иелері

рәбиға  сыздықова  (1924)  –  филология  ғылымының  докторы, 

профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қызметкері;



нұржан  Өтеғұлов  (1946)  –  «KEGOC»  АҚ  өндіріс­технология 

департаментінің директоры;



Жақып асанов (1963) – Мәжіліс депутаты;

марат нәрібаев (1964) – Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының 

жетекші ғылыми қызметкері;



нұрлан  нұрғазин  (1968)  –  Ішкі  істер  министрлігі  Тіл  департаментінің 

бастығы;


Әсет Есекешов (1971) – Индустрия және сауда министрі;

рамазан  Әлімқұлов  (1976)  –  Білім  және  ғылым  министрлігі  заң 

департаментінің директоры.



мерейлеріңіз үстем болып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«алаш айнасы»

Document Outline

  • 1.pdf
  • 2.pdf
  • 3.pdf
  • 4.pdf
  • 5.pdf
  • 6.pdf
  • 7.pdf
  • 8.pdf

жүктеу 0.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет