Жалғасы 3-бетте иә



жүктеу 0.71 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

1.  мемлекеттік  Әнұран  авторларын 

Халық  Қаһарманы  атағына  ұсыну.  (Бір-

не ше өнер қайраткерлері қол қойған бұл 

жө ніндегі арнайы ұсыныс-хат тиісті орын-

дардың қарауына берілген);

2. Шәмші туралы деректі және көркем 

фильм  түсіру,  өмірі  мен  шығар ма шы лы-

ғы на байланысты кітаптар шығару;

3.  республикалық  мәртебесі  бар 

Шәмші мұражайын ашу;



3.  Қазақстанның  барлық  облыс  ор та-

лық тарында  Шәмші  атына  көше  аттарын 

беру;

4.  ұлы  композиторға  алматы  қала-

сында ескерткіш орнату;



5. Шәмші мұрасын ғылыми айналымға 

енгізуге күш салу;



6.  композитор  Шәмші  Қалдаяқов 

атындағы сыйлық тағайындау.



РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№139 (139) 



15.08.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

6

Шығыс 



Қазақстан өңірі 

бетке ұстар 

брендінен 

айырылуы 

мүмкін. 

Аймақта бал арасы 

құрып барады. 

Мұны ара шаруашылығымен 

айналысатын мамандар ғана 

емес, тұрғындар да байқап отыр. 

Омарташылардың  сөзіне  сенсек,  егер 

дәл  қазір  осы  мәселені  тиісті  орындар  өз 

бақылауына  алмаса,  болашақта  сапасыз 

бал жалап отырарымыз анық. 

Ал  омарташылар  мәселені  тіпті 

төтесінен қойып, шеттен, әсіресе, Қытайдан 

әкелінетін  ара  түрлеріне  тосқауыл  жасау 

керек  деп  отыр.  Өйткені  өңірге  осыдан 

екі  ғасырдан  астам  уақыт  бұрын  тараған 

аралар  мүлдем  азайды.  Олардың  орнын 

қытайдың,  өзбектің  бал  аралары  басып 

барады.  Ең  бастысы,  жергілікті  жердің 

табиғатына  жерсінген  аралар  жоғалып 

кетті.  Күршім  ауданында  ғана  мұндай 

жәндіктердің  10  пайызы  бар.  Ішкі 

нарықты Қытайдың сапасыз балы жайлап 

алмасын  деп  қауіптенетін  омарташылар 

шенеуніктерден осы мәселеге бет бұруды 

сұрайды. 



Мұхамедолла 

АғзАМов, 

Шығыс 

Қазақ стан 

облыстық 

«ҚазАгроИнновация» АҚ жетекшісі:

–  Ара  шаруашылығы  назардан 

тыс  қалды.  Осы  саланы  игеруге 

бай ланысты  ғылыми  жоспар,  жо­

ба лар да жоқтың қасы. Бал өнім де­

рін  таратумен  айналысатын  елде гі 

жалғыз аймақ болсақ та, жыл өткен 

сайын  зерттеу­сараптау  жұ мыс та­

рына  қаржы  бөлінбейді.  Мы салы, 

биыл  қаржылай  қолдау  көр се ті ле­

тіндердің тізіміне іліккен жоқпыз.

Елмейір АХМЕД

– Мыңжасар аға, танымал 

композитор, кәсіби музыка маманы 

ретінде ғана емес, көзі тірісінде 

Шәмші Қалдаяқовпен тығыз 

араласқан жақын жолдасы ретінде де 

өзіңізден ол кісі туралы білгіміз 

келетін жайттар көп. осы ретте, 

Шәмші ағаның былайғы жұртқа 

белгісіз қырларын, беймәлім 

сырларын есіңізге түсіріп көріңізші? 

–  Қайран  Шәкең  ән  өнерінің  теңдесі 

жоқ патшасы, алдына жан салмаған дүл­

дүлі  еді.  Біз  өзі  бір  ауылданбыз.  Оңтүстік 

өңір де Шәуілдір деген жер бар, қазір Оты­

рар  ауданы  деп  аталады.  Қазақта  киелі 

жер  көп  қой.  Бірақ  адамзатқа  әл­

Фарабидей  ұлы  тұлғаны  берген  Отырар 

өңірінің  қа сиеті  ерекше.  Міне,  Шәмші  – 

сол  топырақ тың  тумасы.  Әуелде  Шәкең 

композитор болмаған. Біз жақта Қапланбек 

деген қала типтес село бар. Қапланбектің 

баяғыда ғы  дүниежүзіне  белгілі  шарабы 

шығатын  жү зімдер  сол  жерде  өсірілетін. 

Шәкең  сон дағы  зоотехникалық­мал дә­

рігерлік  техникумды  бітірген.  Ел  біле 

бермейтін та ғы бір жайт – Шәмшінің әкесі 

ұста  болған.  Бал та,  балға,  кетпен,  орақ 

іспетті,  ауыл  ша руашылығына  қажетті 

құралдарды жасайтын темір шебері еді.

  Шәкеңнің  «Бақыт  құшағында»  деген 

тамаша  әні  бар  ғой.  Соны  ең  алғаш  рет 

Рашид  Мұсабаев  айтып  еді.  Сол  әнді 

кейіннен  одан  да  керемет  қылып  құбыл­

тып айтқан Ришад Абдуллин болды. Мен 

сол  әннің  алғаш  таспаға  жазылғанының 

куәгерімін.  Ол  кезде  консерваторияда 

оқимын,  бірақ  сонымен  бірге  радиода 

музы ка  лық  редактор  болып  істейтін мін. 

Біздің  музыкалық  редакцияға  бағына  тын 

эстрадалық­симфониялық оркестр бол  ды. 

Басшысы  –  Василий  Лисица  деген  өте 

талантты,  білімдар,  ғажап  музыкант  еді. 

Шәмшінің  көп  әндерін  сол  кісі  ор  кестр   ге 

тү сірді,  таспаға  жаздырды,  жалпы, 

Шәкеңнің әндерінің насихатталуына үл  кен 

ықпал жасады. 

Біздің білуімізше, Шәмшінің есімі 

де, әндері де жұртқа бірден таралды. 

Елдің ол кісіге деген шексіз 

сүйіспеншілігінің сыры неде? 

–  Шәмші  әндерінің  ғажап  болатын 

себебі – оның ауылда өскендігінен. Ол за­

манда  оңтүстік  өңірлер  қазақ  халқы  жиі 

шоғырланған,  ұлттың  салт­дәстүрі  жақсы 

сақ талған  бірден­бір  аймақ  болатын. 

Міне, Шәкең жастайынан соның бәрін кө­

зі мен  көріп,  көкірегіне  түйіп  өскен  және 

со ның  бәрі  оның  шығармашылығына  үл  ­

кен  әсер  еткен.  Қалада  тәрбиеленген 

кейін   гі  жастар  мұндай  қасиеттен  жұрдай. 

Олар   дың шығармаларының жұрт көңі лі не 

қон  байтыны сондықтан. Ата дәстүрің мен 

төл  мәдениетіңді,  ұлтыңның  өзіндік  фи ­

лософиясын  бойыңа  неғұрлым  тереңі рек 

сіңірсең,  соғұрлым  кемел  азамат  бо лып 

шығатының анық. Міне, Шәкең – сон дай 

адам... 


Шәмшінің өзіңізге ғана аян 

қандай қырлары, қасиеттері болды? 

– Шәкеңнің үлкен бір қасиеті – ешкімді 

жамандамайтын,  өсектемейтін.  Қолынан 

кел се, жәрдемін беретін, болмаса, өзімен­

өзі жүретін адал жан еді. Азаматтығының 

ең басты қырының бірі де сонда болатын. 

Әзілді керемет орынды айтатын, сөзге ше­

шен болатын. Бұрын оңтүстікте Гагарин де­

ген  үлкен  ауыл  болатын,  өкінішке  қарай, 

кейін нен Өзбекстанға өтіп кетті. Сол жер­

де гі музыка мектебінде Шәкеңмен кезде су 

өткен­ді.  Сол  жиыннан  кейін  мектептің 

директоры, тағы бірқатар мұғалімдер бар, 

бәріміз  сол  білім  шаңырағына  Шәмшінің 

атын  беру  туралы  жоғары  жаққа  ұсыныс 

жасамақ  болып  келістік.  Ол  ойымызды 

Шә ке ңе  айтқанымызда:  «Жігіттер,  әуелі 

өліп  алайын  да...»  деп  өзімізді  қатты  то­

сылт ты. Тірі кезінде адамның атын беруге 

болмайтынын  аңғармаған  біз,  сол  жерде 

ішек­сілеміз қатып әбден күлгеніміз бар...

– «Ешкімді өсектемейтін, 

жамандамайтын» дедіңіз. Ал ол кісінің 

өзі өсекке көп таңылушы ма еді?

–  «Жақсы  адамның  артына  сөз  ереді, 

жаман адамның артына шөп ереді» дейді 

ғой.  Мысалы,  сол  уақытта:  «Қойшы,  сол 

Шәмшіні!  Ол  ішкіш  қой!»  дейтін.  Бірақ 

арақты  да  адам  себепсізден­себепсіз  іш­

пейді  ғой,  оған  да  бір  негіз  болуы  керек. 

Ішкенде  де  жағымсыз  жайттарды  ұмыту 

үшін,  кейде  жабырқаған  көңілді  жұбату 

үшін  немесе  әлдебір  жиын­тойда  қатар 

құрбыңмен  көңіл  көтеру  үшін  дегендей, 

әртүрлі жағдайлар болады ғой. Бір­ақ рет 

берілетін 

өмірде 


қолыңнан 

келсе, 


ешкімнен  ықпай,  бұқпай  өту  керек.  Қо­

лың нан кел месе, әркімнен қаймығып, ты­

рысып, бы рысып, өмірге құл болып өтесің. 

Міне,  Шәмші  ондай  болған  жоқ,  өмір­

бақи  шал қып,  өз  еркімен  өмір  сүрді.  Сол 

үшін  де  өсектейтін  оны.  Бірақ  ешқашан 

жерде құлап жатып, салынып ішкен адам 

емес.  Кетер­кеткенше  елдің  алақанында 

жүрді.  Кездесуден  кейін  бе,  әйтеуір  ел­

жұрт  сый  лап,  Шәкеңе  костюм  кигізіпті. 

Содан артынша­ақ бұзақылар соқтығысып, 

үстін дегі  киімін  шешіп  алыпты.  Сонда 

Шәкең  қабағын  да  шытпастан:  «Халқым 

өзі  киін діреді,  өзі  шешіндіреді»  деген 

болса  керек.  Қа лай  дегенмен  де,  елдің 

Шәкеңе  деген  махаббаты  қай  кезде  де 

өлшеусіз болды. 

– Ал ресми орындардың 

көзқарасы ше? олар Шәмшінің 

еркіндігіне, еркелігіне, ең бастысы

талантына қалай қарады? 

–  Мен  бір  уақыттарда  Қазақстанның 

Композиторлар Одағында II хатшы болып 

істедім.  Ол  –  Кеңес  өкіметінің  кезі, 

Компартияның күшіне мініп тұрған заманы. 

Кей  кезде  тапсырыстарды  да  орын­

дайтынбыз.  Сөйтіп,  музыканы  қандай 

бағытта жазу керек, қандай тақырыптарды 

көтеру  қажет  деген  тұрғыда  ком по­

зиторлармен  арнайы  жұмыстар  жүр­

гізетінбіз. Оның сыртында, әрине, өз қия­

лымызды,  арман­ойымызды  жырлап  та 

әр  жанрда  шығармалар  жазатынбыз. 

Міне,  Шәкең  осы  топтың  шоқжұлдызы 

болды. Менен бес­алты жас үлкендігі бар 

еді. Бірақ соған қарамастан, біз бірге өстік. 

Консерваторияның  дайындық  курсында 

бірге оқыдық. Тірі кезінде Шәкеңді арнайы 

өкімет  орындары  «тек  ән  жазады»  деп 

онша  бағаламады.  Ал  біздің  Ком­

позиторлар  одағының  ережесі  бойынша 

консерваторияның  композиция  бөлімін 

бітіріп,  сосын  мұғаліміңнің  көмегінсіз,  өз 

күшіңмен  бір  актілі  опера  ма,  балет  пе, 

симфония ма, оратория ма, әйтеуір үлкен 

бір  шығарма  жазып,  елге  белгілі  болуың 

керексің.  Соны  біздің  Одақ  тыңдап, 

талқылап,  таспаға  жазылған  шығарманы 

Қаулымен бірге Мәскеуге жі беретін. Олар 

да жіті қарап барып мү ше лікке не бекітетін, 

не  бекітпейтін.  Шәкең ді  үш  рет  жібердік. 

Үш  ретінде  де  бекіт педі.  Ол  кезде 

Композиторлар  одағын  Еркеға ли  Рахма­

диев  ағамыз  басқаратын.  Осы  мәселенің 

жай­жапсарын  білме ген діктен  де  жай 

халық  бізді:  «Шәмшіні  Ком по зиторлар 

одағына неге алмай сың дар?!» деп сөгетін, 

тіпті  «Сендер  оның  та лантын  көре 

алмайсыңдар,  баға ла май сыңдар»  деп  те 

кінәлайтын.  Шын  негізінде,  мұның  бар­

лығы  –  Кеңес  өкіметінің  ішкі  саясаты нан 

туындаған жағдайлар. 

Сол  Шәмші,  Әсет,  Әблахат  үшеуін  біз 

дүниеден өтіп кеткеннен кейін ғана Одаққа 

мүшелікке қабылдай алдық. Өйткені еліміз 

сол  кезде  Тәуелсіздік  алды,  сөйтіп,  әрең 

дегенде  өз  қолымыз  өз  аузымызға  жетіп, 

дербес шешім қабылдай алатын жағдайға 

жеттік. Екінші бір мәселе – Кеңес өкіметінің 

шенеуніктері  Шәмшіні  «самодеятельный 

дилетант»  деп  кемсітіп,  данышпан  ком­

позитор екендігін мойындамайтын. Сөйтіп, 

атақты  да  уақтысында  ала  алмады.  Ал­

ғашқы атағы көпшіліктің хат жазып, талап 

етуінің  арқасында  ғана  берілді,  онда  да 

«Мәдениетке  еңбегі  сіңген  қызметкер» 

деген атақ... Ол кезде оны кез келген авто­

клуб меңгерушісі алатын. Бірақ «Ештен де 

кеш  жақсы»  дейді  ғой.  Өзі  өмірден  өтсе 

де, елдің аузында әні қалды, есімі лайықты 

түрде  дәріптеліп  жатыр.  Халқымыз  аман 

болса,  Шәмшінің  бейнесі,  әні  ешқашан 

өлмек емес.

– «Композиторларға бағыт-бағдар 

беріп отыратынбыз» дедіңіз. Шәмші 

соған бағынушы ма еді?

–  Ол  кісі  оған  бағынбайтын.  Шәкең 

тіпті  Одаққа  көп  келмейтін  де.  Өйткені 

мүше  емес  болатын.  «Ананы  жаз»,  «мы­

наны жаз» дегенге Шәмші сияқты Нұрғиса 

дАТ!


АлАш АзАмАты

ОҚиғА


МӘСЕЛЕ

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Шәмші – өз құпиясын өзі 

арқалап өткен адам

Мыңжасар МАҢғЫТАЕв, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор:

жүрді.  Тұйғынбек  оған  дұнғандардың 

арасынан  жер  беріп,  үй  салдыртып  та 

бастаған.  Қысқасы,  Шәкеңнің  өмірінің 

көбісі  елдің  ортасында  өтті.  Адам  ба­

ласының  арманы  көп  қой.  Оны  терең 

зерттеу  өте  қиын,  оған  тұтас  бір  ғұмыр 

керек.  Жалпы,  Шәмші  –  өз  құпиясын  өзі 

арқалап  өткен  адам.  Қанша  жақын 

араласып,  қатар  жүргенімен,  сыр  ашып 

ешкімге ештеңе айтпайтын да... 

– Шәмші ағаны, әдетте, «вальс 

королі» деп жатады ғой. осының өзі 

ол кісінің өнерін олқысыну

жадағайландыру сияқты... 

–  дұрыс  айтасың.  Вальс  –  ән  сала­

сындағы  бір  ғана  жанр.  Ал  Шәмші  ән 

жанрының  қай  саласында  да,  мейлі 

вальсінде,  мейлі  маршында  болсын,  би 

билейтіндей  ойнақы  немесе  патриоттық 

әуендерінде  болсын,  қай­қайсысына  да 

шебер  еді.  Сондықтан  мен  Шәкеңді 

жалпы, «ән падишасы» дер едім.

– Шәмші әндерінің шыңы – 

сіздіңше, қай ән?

–  Шәмшінің  әндерін  «мынаусы  кере­

мет» деп бөле­жарып айту қиын. Өйткені 

оның  кез  келген  шығармасы  ғажап! 

Мысалы,  «Менің  Қазақстаным»,  «Бақыт 

құшағында», «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқа­

рым»,  «Қайықта»,  «Теріскей»  әндерінің 

кез келгенін тебіренбей тыңдай алмайсыз. 

Шәкең қай әнді жазса да керемет жазатын. 

«Сыған  серенадасы»  мен  «Өмір–  өзен» 

деген  әндерін  өзімен  араласып  жүргенде 

естіген  емес  едім.  Қарап  тұрсаң,  екі  әнде 

де  кереметтей  тұңғиық  сыр  жатыр!  Мен 

соны  «өмірдің  өкініші»  ме  деп  те 

ойлаймын.  Осы  «Теріскейді»  талай  адам 

айтып  жүр.  Бірақ  мен  соны  осы  уақытқа 

дейін  тап  Нұрғали  досым  сияқты  жеріне 

жеткізе  шалқытып  айтқан  әншіні  көрген 

емеспін. 

– Ал кейінгі орындаушылар ше? 

олардың Шәмші әндерін 

тыңдарманға өз деңгейінде жеткізе 

алмауының мәнісі неде? 

–  Жалпы,  біздің  қазақ  –  өте  талантты 

халық.  Небір  мықты  орындаушылар  бар. 

Бірақ  кейбір  «жаңашылдар»  әнді  бұзып 

айтады, ырғағын өзгертеді. Музыка тілінде 

біз  «форшлаг»  дейміз.  «Форшлаг»  деген 

–  бір  нотаның  үстіне  басқа  бір  нотаның 

мінгесіп  тұруы.  Мен  соған  наразымын. 

Оригиналды  өзінің  бастапқы  күйінде 

алып, соған өз үнінің бояуын қосып айта­

тын  әншілер  аз.  Әуенді  өзгертуге  бол­

майды. Өйткені ол – автордың жан дүние­

сінен шыққан нәрсе. Егер де түпнұсқасынан 

озып тұрса, әрине, оның жөні басқа. Бірақ 

көп жағдайда олай емес қой. Сол себепті 

де, ән ақсайды. 

Мен осы күні қарттардан: «Жастар әнді 

бұзып айтатын болып жүр, неғып соларға 

«қой»  демейсіңдер?»  деген  әңгімені  көп 

естимін.  Бірақ  кімнің  аузына  қақпақ 

боласың?  Кімнің  ақшасы  бар,  сол  жаз­

дырады. Біреудің өзі жақсы, біреудің көзі 

жақсы.  Сөйтіп,  жолын  тауып,  күні­түні 

радио мен теледидардан «шырқайды» да 

тұрады.  Негізінде,  біздің  халқымызда 

керемет  әнші  қыздар  мен  жігіттер  бар. 

Бірақ  солардың  насихаты  аз,  жолдары 

ауырлау  болып  жатады.  Арагідік  сондай 

әншілерді тыңдағанда өзім жалғыз отыр­

сам, мен тіпті жылаймын...



– осы орайда, әншілерден өзіңізге 

кім қатты ұнайды?

–  Мысалы,  Алтынай  Жорабаева, 

Толқын Забирова, сосын менің Нұрғалиым 

әлі  күнге  дейін  аттан  түскен  жоқ.  Қалай 

сахнаға  шығады,  солай  халық  дүр 

сілкінеді. Мен өзінің жасына қарамастан, 

даусын сақтап қалған үш адамды білемін. 

Олар – Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, 

сосын  осы  Нұрғали  Нүсіпжанов.  Әнші­

лердің  ішінде  осы  Роза  әпкеміз  бен 

Нұрғалиға ерекше ризамын...

– Не үшін?..

–  Үндерінің  қайталанбастығы  өз 

алдына,  олар  әннің  әрбір  сөзін  терең 

түсініп, тыңдарманға тақпақтай тәптіштеп 

жет кізеді, әннің мән­мағынасын көкірегіңе 

құйып береді. Ал көп әншілер өз даусына 

өзі  елігіп,  сөздің  астарын  түсінбейді. 

Түсінсе  де  соны  жұртқа  жеткізіп  айта 

алмайды...

Ал Шәмшінің әні де, өзі де әлі 

күнге дейін аңызға айналып келе 

жатыр. Ел-жұрттың ол кісіге деген 

махаббатының әлі күнге дейін 

суымауы неліктен?

–  Оның  ешқандай  құпиясы  жоқ. 

Мұның  мәнісі  –  оның  тазалығында.  Таза 

адамның  көкірегінен  шыққан  ән  де  таза 

болады,  тыңдарманының  жүрегін  бау­

райды,  жанын  тербейді.  Өткенде  Бибігүл 

әпкеміз  бір  хабардан  «Талант  деген  – 

Алланың  көктен  дарытқан  сыйы»  деп 

айтып  жатыр.  Шын  мәнісінде  солай.  Бұл 

деген – тылсым бір құдірет. Яғни Шәмшінің 

әндері – Алланың берген сыйы мен өзінің 

шыңдалған  ой­сезімінің,  арманының 

айна сы.  Сол  себепті  де  мәңгілік,  сол 

себепті де оны халық ұмытпайды.



– Шәмші ағамен ең соңғы рет 

қашан кездестіңіз? Қандай әңгіме 

болды? 

–  Кейінгі  10­15  жылда  Шәкең  қатты 

науқастанып жүрді. Ең соңғы жолы біздің 

елдегі  Темір  совхозының  ауруханасында 

жатқан  жерінен  Мұхтар  Шаханов  (ол 

кезде  ол  –  депутат,  –  М.М)  алдырып, 

Министрлер  Кабинетінің  ауруханасына 

жатқыздыртты.  Онда  кілең  көрнекті  қай­

рат керлер,  халық  әртістері  ғана  қа был­

данатын.  Содан  бір  күні  таңертең  радио­

дан  «Шәмші  Қалдаяқовқа  «халық  әртісі» 

атағы  берілді»  деген  хабарды  құлағым 

шалып қалды. Біздің үй ауру ханаға жақын 

болатын.  Содан  қуанышым  қойныма 

сыймаған  бойы  дереу  Шәкеңе  барып, 

естіген  жаңалығымды  айттым.  Ол  кісі 

қуанған жоқ. Мұңайып біраз жатты. Сосын 

барып:  «Ойпырым­ай,  осыны  ертерек 

бер  генде өкіметтің атағы таусылып қалар 

ма еді?!» деді. Қандай ойлы да терең сөз! 

Артынша көпке ұзамай дүние салды... 

Қалай ойлайсыз, ол кісі атақты 

не үшін керексінді екен? 

– Атақ кімге керек емес? Ол – халықтың 

арнайы  мойындауы,  баға  беруі.  «Адам 

содан өсіп кетеді» деген әңгіме жоқ. Бірақ 

ықылас  кімнің  болса  да  мерейін  өсіреді. 

Әрбір  талантты  адам  сәби  сияқты,  жылы 

сөзден  көңілі  толығады,  «мені  халқым 

сыйлайды  екен,  ел  билеген  азаматтар 

ескереді  екен»  деп  ойлайды.  Мысалы, 

сені  біреу  «данышпан»  десе,  сен  «жоқ, 

мен  данышпан  емеспін»  дейсің  бе?! 

Әркімнің  көкірегі  –  Алатаудай.  Атақ­дә­

реже деген моральдық тұрғыда, жұрттың 

елеп­ескеруі үшін ғана керек. Абайды неге 

«данышпанымыз», Мұхтарды неге «заңғар 

жазушы»  дейміз?!  Халқы  мойындамаса, 

дәріп темесе,  Абай  «Абай»,  Мұхтар 

«Мұхтар»  болар  ма  еді?!  Орыстың  да 

Чайков ский,  Мусоргский  сынды  компо­

зиторлары  қанша  жерден  ұлы  болса  да, 

ел­жұрты қабылдамаса, дәріптемесе, ән­

шейін көптің бірі, арттың кірі болып қала 

берер еді... Ақан да туғанда «сері» болып 

туған жоқ. Ақ киізге көтеріп, жұрты солай 

дәріптеді.  Біржан  сал  да  солай.  Сайып 

келгенде,  «сері»,  «сал»  дегеннің  бәрі  – 

атақтың  бір  белгісі,  яғни  «халықтың 

еркесі» деген сөз. Сондықтан мұның бәрі 

–  бүгін  ғана  пайда  болып  отырған  нәрсе 

емес,  ғасырлар  бойы  келе  жатқан 

дәстүр... 

Сұхбаттасқан Роза РАҚЫМҚЫзЫ

аға да бағынған емес. 

Олар  өзінің  ойын, 

сезімін,  халықтың 

арманын жырлады. 

Мысалы,  Шәкеңнің 

кезінде 

орыстар 


елі міздің  солтүстік­

тегі  бес  облысына  қол 

салғанда  соған  қарсылық, 

наразылық  ретінде  Жұмекен 

Нәжімеденовпен  бірігіп  жазған 

«Менің  Қазақстаным»  атты  әні 

мемлекетіміздің  гимні  болып  отыр. 

Мұның бәрі тегін емес. Яғни адамның 

өзінің  ішкі  дүниесінің  айтуымен, 

нұсқауымен жазған дүниесі әрқашан 

бәрінен  де  биік  тұрады,  артық  бо­

лады.  Шынайы  таланттардың  әдет те гі 

өнерпаздардан  бір  артықшылығы  да 

осында. Сөйтіп, Шәкең саясатқа бойұсына 

қойған  жоқ.  Бірақ  елге,  жерге  деген 

сүйіспеншілікті арқау еткен шығармаларды 

ол кісі өзінің жүрек қалауымен­ақ жазды, 

қай  жерге  табан  тіресе  де  сол  өңірдің 

қадір­қасиетін  танып­біліп,  атын  асқақ­

тататындай  әдемі  әндер  туғызды.  Мыса­

лы,  «Талдықорған»,  «Теріскей»  «Мойын­

құмда»,  «Отырардағы  той»  деген  тәрізді 

басқа  да  жігерлі  әуендері  жетерлік. 

Осының  барлығы  –  барған  жеріндегі 

табиғатты  көріп  тебіренгеннен,  елдің 

сүйіспеншілігін  көріп  толқығаннан  келіп 

шыққан туындылар. 

– ол кісінің өзіндік 

шығармашылық әлемі туралы не 

білесіз? Ән шығарғаннан кейінгі көңіл 

күйі қандай болушы еді?

–  Шәкеңнің  қалжыңы  үзілмейтін.  Қо­

лын рояльдің бетінде әрлі­берлі жүгіртетін 

де:  «Мен  бір  тамаша  ән  шығардым»  деп 

әзілдейтін. «Қандай ән?» десең, Естайдың 

«Қорланын»  айтатын.  Сол  әнді  өте  биік 

санап,  жанындай  жақсы  көретін.  Сөйтіп, 

«Мен өмір­бақи Естайдың «Қорланындай» 

ән шығара алмай кеттім» дейтін. 

Бұл сонда хас шебердің өз 

шығармаларына деген көңіл 

толмаушылығы ма?

–  Бәлкім,  «қарапайымдылығы»  деп 

түсінген  дұрыс  шығар.  Бір  анығы,  еш 

уақытта  мақтанып,  «мен  сөйттім»,  «мен 

бүйттім» демейтін. Тек бір­ақ рет: «Мың­

жасар,  мен  бір  мошный  «(«щ»  дыбысын 

кәдімгі  «ш»  ғып  айтатын,  –  М.М)  ән 

жаздым» дегені есімде. 



– ол қайсы әні еді?

–  Ол  «Бақыт  құшағында»  деген  әні 

болатын.  «Осы  әнді  неге  бұлай  атады?» 

дегенде  өзім  былай  ойлаймын:  билік 

орындары онша елеп­ескермесе де өзінің 

бақытты екенін, халқына жағымды екенін 

ол  сол  кезде  біліп  жүрді.  Мұнда  терең 

пәлсапалық ой жатыр.



– Бірақ ел аузында «Шәмші 

айтыпты» деген мынандай да бір 

әңгіме бар, яғни ол кісі: «Елдің бәрі 

«Бақыт құшағында» әнін менің 

образым деп ойлайды. Бірақ мен өмір 

бойы ескексіз «Қайықта» өттім...» 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал