Жалғасы 3-бетте иә



жүктеу 0.71 Mb.

бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

деРеК пен дәйеК

Сыр 

еліндегі 

сот 

қызмет-

керлері 

бұрын-

соңды 

кездеспеген жаңа 

сот процесін өткізді. 

перзентхана үйіне 

босанамын деп барған 

азаматша дәрігерлердің 

салғырттығынан егізінен 

айырылып қалды. Тоғыз ай 

құрсағында көтерген қос 

сәбиінен көз жазып қалған 

ана дәрігерді кінәлап, сотқа 

арыздануға мәжбүр болды.

Жәбірленуші  дәрігерге  өз  ісі-

не  ұқыпсыз  қараған  деген  айып 

та ғып  отыр.  Бұл  қылмыстық  іс тің 

қозғалуына  түрткі  болған  қыл-

мыс тық  оқиға  өткен  жы лы  орын 

алыпты. 

Қызылорда қаласының тұрғыны 

Ба  қыт күл  Теберикова  толғақ  қы-

сып,  қа ла лық  перзентханаға  жет-

кі   зі леді.  Өкі ніш ке  қарай,  оған  құр-

са  ғын дағы қос сәбиін көру бақыты 

бұ  йыр  мапты.  Сол  күні  оны  дәрігер 

Мей  рам күл  шүкенова  бақылауға 

алады.  Жә бір ленушінің  айтуынша, 

дә рі гер  та мыр ға  жалғайтын  дәріні 

мөл ш е рінен ар тық салып жіберген. 

Осы лайша  өз  ісі не  атүсті  қарады 

деп  айып  тағылған  дә рі гер дің  сот 

залына ке луіне тура келді. 

Сот қызметкерлерінің айтуынша, 

нәрестелердің  дүниеге  келуіне 

кедергі  келтіргені  үшін  дәрігерге 

бірқатар  жазалар  қолданылады. 

Ол  500  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде  айыппұл  төлеуі  тиіс. 

Сонымен  қатар  атқарып  жүрген 

қызметінен  төрт  айға  шеттетілуі 

қажет.  Прокуратураның  талабы  – 

осы. 


SOS – СТАТиСТиКА

Соңғы  жылдары  бала  өлімінің 

көрсеткіші  Қызылорда  облысында 

күрт өсіп, ел бойынша алдына жан 

салмай  отыр.  Облыста  былтыр  ана 

құрсағында  шетінеп  кеткен  нә рес-

телер  саны  200-ге  жетсе,  биылғы 

жыл дың  жеті  айының  өзінде 

225  нәресте  шарана  күйінде  көз 

жұмды. 


әділжан ҮМБеТ

Бізде  әр  нәрсені  жазып-сызатын 

және  өзін  «журналиспін»  деп  есептейтін 

адам  көп.  Бірақ  солардың  ішінде  на-

ғыз  журналистер  өте  аз.  Саусақпен  са-

нар лықтай  сол  санаулының  бірі  –  Әділ 

Бек  Қаба.  Өзін  осы  топқа  жатқызатын 

көп  жұрттан  бір  айырмашылығы,  ол 

үшін  журналистика  –  кәсіп  емес,  түп  не-

гізінде  қазақтың  қасиетті  сөзі  жататын 

шы найы  шығармашылық.  Журналистік 

са ланың  қай  соқпағында,  қай  биігінде 

тер  төккеніне  қарамастан,  ол  әрдайым 

өзіндік ой өрнегі, парасат-пайымы, тілдік 

тамаша  мақамы  қатар  өрілген  айшықты 

қолтаңбасымен  танылды.  Әділ  Бек 

Қабаның тағы бір ерекше қасиеті ретінде 

оның шығармашылық қуатының молдығы 

мен  жанрлық  жан-жақтылығын  айтуға 

болады.  Сол  себепті  де,  журналистік 

еңбегінің  ұстаханасындай  «Жас  Алаш», 

өзінің 


төл 

перзентіндей 

«Айқын» 

беттерінде саясат пен экономика, әлеумет 

пен  мәдениет  мәселелерінен  бастап,  ол 

қалам тартпаған тақырып кемде-кем.  

Ақындығы  мен  әуесқой  сазгерлігі  өз 

алдына,  Әділ  Бек  Қаба  жұртшылыққа 

жазушы ретінде де танымал. Баспасөзден 

қол  үзбей  жүріп-ақ,  ол  –  «Мыңнан  бір 

мезет»,  «Тағдыр»  атты  кітаптарын  да 

жарыққа шығарды. Оның әрбір туындысы 

көзіқарақты  қауым  тарапынан  өзіндік 

бағасын алғаны анық. 

шығармашылық  шеберлігі  мен  шы-

найы  таланты,  табандылығы  мәртебесін 

биік теткен  Әділ  Бек  Қабаға  жаңа  же-

тіс тіктер  тілейміз.  Жақсылыққа  құмар, 

жаңалыққа  іңкәр  талантты  әріптесіміздің 

мерейі әрдайым арта берсін!     



«АлАш АйнАСЫ»     

павлодардағы 162/2 қатаң 

ережедегі колониялардың бірінде 

оқыс оқиға орын алды. Мекемеде 

күзетте болған 66/79 әскери 

бөлімшесінің сарбазы 25 жастағы 

павлодар қаласының тұрғынына 

қарсы оқ атқан.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, 

оққа  ұшқан  азамат  түрмеге  есірткі 

өткізбек  болған.  Қоршаудың  сыртында 

64,5  метр  жерде  табылған  электрод  пен  

пластикалық  құтыдағы  сұйықтық  осыны 

айғақтайды.  Қаза  болған  адам  бұрын 

қылмысы үшін жазасын өтеген. Еш жерде 

жұмыс  істемеген  екен.  Оқиғаға  қатысты 

мәлімдеме  жасаған  Павлодар  қалалық 

Солтүстік  ішкі  істер  бөлімі  бастығының 

орынбасары 

Файыс 

Қамышевтың 



айтуынша,  сарбаз  устав  бойынша  әрекет 

жасады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары 

жүргізіліп  жатыр.  іс  әскери  трибуналдың 

қарауына  жіберіледі.  Бөліп  айтары, 

өңірдегі  түзету  мекемелерінде  бұрын-

соңды мұндай қайғылы оқиға болмаған.

P.S.  Бейресми  мәлімет  бойынша,  қа-

рауыл Павлодар тұрғынын түрмеден қашып 

бара жатқан адам деп шатастырған.

Бекжан АРғЫнБАй

Республикалық «Айқын» 

қоғамдық-саяси газеті бас 

редакторының орынбасары әділ 

Бек Қаба Қазақстан Республикасы 

Бас прокуратурасы аппаратының 

Тіл саясаты және ақпарат 

басқармасының бастығы қызметіне 

тағайындалды. 


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№139 (139) 



15.08.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

4

таным



АтАқсыз қАлғАн бАтырлАр

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Ел басына күн туған қиын-қыстау күн-

дерде  азамат  жүгін  арқалап,  мыңдаған 

қазақ  қыз-келіншектері  уақыт  сынынан, 

тарих  талқысынан  сүрінбей  өтті.  Аяғына 

солдат етігін киіп, Отанымыздың астанасы 

Мәскеуден  берлинге  дейін  шеру  тартты. 

рейхстагта  желбіреген  қызыл  туда  қазақ 

әйелдерінің де даңқ жолы, ерлік дастаны 

бар. Оны бір мақала түгіл, бір кітапқа да 

сыйғызу мүмкін емес. 

қазақ  даласының  қос  сұңқары  Әлия 

мен  Мәншүкті  бүгін  кім  мақтан  етпейді. 

бүкіл  дүниежүзі  жырына  қосып,  ерлігіне 

бас  иді.  Өсер  ұрпақ  сіңлілеріне  ерліктің 

биік  шыңын  қалдырды.  Ана  «қос  ботам» 

десе,  қарындас  «менің  шығар  аспаным» 

дей ді.  Шынында  да,  Шығыс  әйелдерінің 

өмі ріндегі  тұңғыш  тарих  беті  ашылып, 

кейін гі  ұрпаққа  ерліктің  мұрасы  қалды. 

Енді ерлік – біз қол созар арманымыз ғана 

емес, мақтанышымыз!

Отан  соғысына  қатысқан  қазақ  әйел-

дері  аз  емес.  Оларды  майданның  әр  тұ-

сынан,  әскери  құрамалардың  әр  түрінен 

кездестіруге  болатын.  Олардан  ұшқыш 

та, танкист те, барлаушы да, партизан да 

шықты.  Айталық,  штурман,  гвардия  лей -

тенанты Хиуаз Доспанова, ұшақтың ме  ха-

нигі  Дәмелі  Жәкеева,  зенитті  артилле  рия 

расчетінің  командирі  Ақлима  Ақжо лова, 

танкистер  –  Жамал  байтасова,  Күлкен 

тоқбергенова,  Гүлжәмилә  талқанбаева, 

пулеметші Жәмилә бейсенбаева. 

1-інші 

Прибалтика 



майданының 

«Жау  ға қарсы аттан» газетінің 1944-1945 

жылдардағы  сандарында  майдан  ше-

бін де  жүрген  қазақ  қыздарының  есімде-

рі  жиі  кездеседі.  соның  бірі  –  туысқан 

бела русь пен литва, Польша жерлерінде гі 

қатты  соғыстарда  болып,  ақыры  фашис-

тік  Германияға  бұзып  өткендердің  ішінде 

болған  Ертістің  шығыс  жағалауынан  кел-

ген  баян  байқожина  еді.  Оның  Германия 

жерінде  жүргізген  ауыр  да  даңқты  ұрыс-

тардағы  көрсеткен  ерлігі  жөнінде  «Прав-

да» газеті жазып, қарапайым қазақ қы зы-

ның есімін дүниежүзіне таратты. 

сондай-ақ  «қызыл  әскер  ақиқаты» 

атты  майдан  газетінің  қызметкері  рахима 

Жанбекова,  медициналық  қызметтің  ка-

питаны  Мәриям  сырлыбаева,  май дан 

дәрі гері  роза  Момынова,  радистер  – 

Орын кеш  Мысырова,  Шәкира  ботақано-

ва, бикен сәдуақасова, Шағила құсано ва, 

барлаушы рахима Ералина, рота бас қарған 

құралай  натулаева,  пулемет ші  зинат 

Оңайбаева,  мерген  Мәликә  тоқтамысо -

ва,  медбикелер  –  рәзия  ысқақова,  Мая 

ғабитова  тағы-тағы  сол  сияқты  көптеген 

қаһар ман қазақ қыздары Отан үшін жан-

қияр лықпен шайқасты. 

соғыс жылдарының шежіресіне назар 

аударсақ, қазақ қыздарының ерлігі қайран 

қалдырады. 

соңғы  кезде  «Егемен  қазақстан», 

«Алматы  ақшамы»,  «Дала  мен  қала»  га-

зеттерінде  батыр  қыз  Алтыншаш  ту ра-

лы  деректер  беріліп  жүр.  бұрын-соңды 

Алтыншаш  нұрғожинова  туралы  сөз 

кездестірмеген  едік.  содан  газет  тігін-

ділерін ақтарып отырып «қазақ әдебиеті» 

газетінің  1988  жылғы  28  қазандағы  са-

нында  «Үшінші  батыр  қыз  –  Алтыншаш» 

деген  мақалаға  тап  болдым.  Мақала 

авторлары  –  бақытжан  қанапиянов  пен 

Жүсіпбек  қорғасбек.  Мақала  «ленин 

комсомолына – 70 жыл» деген айдармен 

шығыпты.  төрт  шумақ  өлең  мынадай 

жолдардан  басталады  (Үшінші  батыр 

қыз...  төмендегі  де рек терге  қарағанда, 

оның  Әлия  мен  Мәншүктен  кейін  осы 

атаққа ұсынылғаны анық):

 «Екі фашист танкісін жойған ком сомол 

қыз  Алтыншаш  нұрғожиноваға  арнай-

мын. 


Өзіміз емес, өзгелер білген батыр офицер қыз –

                    Алтыншаш НұрғожиНовА

Мен гүлденген Украинаданмын,

Маған қымбат Днепр жағалауы.

Астықты алқап әнменен тербелетін,

Көзді арбап кешкі алауы.

бірақ мен де ол секілді,

қазақстанда туғандаймын,

қазақ жерінде өскендеймін...

Жымиып күлгенін, көздерін, қос

бұрымын көремін

тұманды, түтінді кештен кейін.

Ақсақалды ақын кешкілік осы ауылда,

Домбыраға қосылып жыр айтқандай.

бізді бастап ол кенет алға ұмтылды,

Жау қолынан атылды сұм оқ қандай...

таулы өңір тыныш ұйқыға батар,

басылып соғыс күркірі.

таңдарын күтер жарқырап атар,

Даланың тірі бір гүлі».

бұл 1944 жылы майдандық «Пат  риот 

родины» газетінде «Даланың тірі бір гү лі» 

деген  тақырыппен  жарияланған  жауын -

гер  ақын  Михаил  левченконың  өлеңі. 

Кейіннен ол майдан жолдарын топ  тас тыр-

ған да,  бұл  өлеңді  де  жинағына  енгіз ген. 

Ақын бұл жырды фашистердің екі тан кі сін 

жой ған  комсомол  қыз  Алтыншаш  нұр -

ғожи новаға арнап жазған.

Өлең авторы соғыстан кейінгі өмірінде 

он шақты жыр кітапты жазған. бұл күнде 

Одесса  университетінің  оқытушысы,  фи-

лология  ғылымының  докторы,  профес-

сор. Алтыншаштың есімін алғаш «Майдан 

дәптері»  атты  жинақтан  кездейсоқ  ұшы-

растырған  белгілі  ақын  бақытжан  қа-

напиянов болатын. 

Көп 

ұзамай 


бақытжан 

Михаил 


Александро вичтен 

төмендегідей 

хат 

алады. 


«Менің  өлеңім  Алтыншаш  нұрғожи-

но ваның  өзім  көзбен  көріп,  куәсі  болған 

ересен ерлігінің ізі суымай жатып жазыл-

ған  еді.  Мәселе  былай  болған.  Ол  кезде 

мен «Патриот родины» газетінің қатардағы 

қызметкері  едім.  Майданда  материал 

жинап  жүріп,  бір  топ  солдаттармен  және 

офицерлермен  бірге  неміс  фашистерінің 

қоршауында  қалып  қойдым.  Меніңше, 

бұл Катовице маңында болса керек. Жағ-

дай тым қиын еді. Кенет жауынгерлердің 

арасынан қаршадай бір қазақ қызы шыға 

келді  де,  қорғаныс  ұйымдастырып,  алға 

ұмтылды. Гранатамен жаудың бір танкісін 

отқа  орады.  Орнынан  тұрып,  «алға»  деп 

ілгері  ұмтылғанда,  тасадан  екінші  темір 

тажал шыға келгені ғой. Әлгі қыз әй-шайға 

қарамастан, соған қарсы ұмтылды. Өзі де 

мерт болды. Жолдастарына да жол ашты. 

Ол осы батальонның комсоргі Алтын шаш 

нұрғожинова  екен.  Өлгеннен  кейін  оны 

Кеңес Одағының батыры атағына ұсынды.

Кейін  қарулас  достары  Мәскеуде  бо-

лып,  қыздың  туған-туысқандарын  тауып 

алып,  менің  өлеңімді  көрсетіпті.  Олар 

ме ні  қонаққа  шақырды.  Алайда  жағдай 

болмай,  бара  алмай  қалдым.  сонымен 

байланыс үзілді. Жылдар жылжып, уақыт 

зулап,  бір  отты  оқиғаның  кейбір  те тік те-

рін  жадымыздан  өшіріп  те  тастады  ғой. 

Алайда  бір  менің  ғана  емес,  ондаған, 

жүздеген  жолдастарының  өмірін  аман 

сақтап  қалған  қаһарман  қазақ  қызының 

бейнесі көз алдымда тұрады да қояды».

бұдан  кейін  Алтыншаш  туралы  дерек 

жинауға Жүсіпбек қорғасбек кірісіп кетті. 

Мәс кеу,  Подольск  қалаларына  барып, 

қорғаныс министрлігі архивтерінен іздес-

тір гендегі анықтағаны мыналар: 

нұрғожинова  Алтыншаш  Өскенбай-

қы  зы  –  1924  жылы  туылған,  ұлты  –  қа-

зақ.  Әс керге  Мәскеу  қаласының  сталин 

аудандық  әскери  комиссариатынан  ша-

қы   рылған.  1941  жылы  Орал  әскери 

окру   гінен алты айлық комсоргтар курсын 

бі  тір ген,  гвардияның  лейтенанты.  Орта -

лық  Воронеж  және  Украина  майдан да -

рын да  соғысқан.  237-інші,  70-атқыш тар 

дивизияларында  да  батальон  комсоргі 

болған. Ол 1942 жылдың желтоқсанында, 

1943  жылдың  ақпаны  мен  сәуірінде 

жараланған.  Жарақаттан  жазылып  шық-

қан  соң,  басқа  әскери  бөлімдерге  ауыс-

тырылып отырған.

1944 жылғы 4 қазандағы 207-қы зыл-

ту  лы  гвардиялық  атқыштар  полкінің  ко-

мандирі,  гвардия  подполковнигі  Демков 

гвар дия  лейтенанты  Алтыншаш  нұрғо-

жи нованы  «қызыл  Жұлдыз»  орденімен 

марапаттау  қағазында  мынадай  мінез-

деме жазған:

«Гвардия  лейтенанты  Алтыншаш  Өс-

кен  байқызы  батальон  жұмысын  жан дан-

дыруға көп еңбек сіңірді. Коман до вание-

ге  елеулі  еңбек  сіңірді,  жастар  жетекшісі 

бола білді, жауынгерлер ара сында беде лі 

артып,  құрметке  бөленді.  нұрғожинова 

жолдас  ұрыста  батыл  шешім  қабылдап, 

көзге  түсті.  сондай  ұрыстардың  бірінде 

ол  өзі  пулеметтен,  минометтен  қар ша 

бораған  оқтан  ауыр  жараланған  алты 

жауынгерді  аман  алып  шықты.  соны мен 

бірге  басқаларды  сөзімен  де,  іс-қи мы-

лымен  де  жігерлендіріп,  ерліктің  үлгісін 

көрсетті». 

«Үкімет  наградасы  –  «қызыл  Жұл-

дыз»  орденімен  марапаттауға  лайық  деп 

танылды» делінген. 

Одан  әрі  қарай:  «қызыл  Жұлдыз» 

орденін  алуға  лайықты  делініп,  дивизия 

командирі  мен  саяси  бастығы  1944  жы-

лы  17  қазанда  бұйрыққа  қол  қойған.  Ал 

гвардия лейтенанты Алтыншаш нұрғо жи-

нованы марапаттау туралы 101-атқыштар 

корпусының  бұйрығы  1944  жылы  22 

қа рашада  шығарылған.  бірақ  бұл  кезде 

төртінші рет ауыр жарақат алған батальон 

комсоргі Алтыншаш далалық госпиталь де 

көз жұмған еді...

Оның  денесі  Польша  жеріндегі  Кра-

ковск  воеводасының  Гутополянск  ел-

ді  мекенінің  солтүстік-батыс  жағындағы 

бауыр ластар зиратында жерленген. 

Он сегізге толар-толмас шағында лей-

тенант  атағын  алып,  батальон  комсоргі 

бол ған  Алтыншаштың  аты-жөні  Мәс кеу  -

дегі  орталық  мұрағаттағы  офицерлер 

құрамы  тізімдеген  картотекаға  қырық 

жылдан соң ғана, онда да қаламгер Жүсіп -

бек  қорғасбектің  тікелей  араласуынан 

кейін  тіркелді.  не  ата-анасына  хабарлан-

бай,  не  туған,  қаза  болған  жылдары  мұ-

рағат  өмірдеректерде  сақталынбай,  ор-

ден-медальдары  табыс  етілмегендердің 

құ жаттарымен  бірге,  ескерусіз  жатқан 

ол  туралы  құнды  деректер  енді  табылып 

отыр. Ал Алтыншаштың Кеңес Одағының 

батыры  атағына  ұсынылған  марапаттау 

қағазы  көзден  таса  қалып,  із-түзсіз  кет-

песіне  немесе  мазмұны  өзгертіліп,  қайта 

басқаша жазылмасына кім кепіл?

сол кезде Алтыншаш нұрғожинованың 

әке-шешесі  Мәскеу  қаласында  қызмет 

істеуі  мүмкін.  Ал  Алтыншаш  болса  Мәс-

кеуде  білім  алған.  Өйткені  қызыл  Армия 

қатарына  Мәскеу  қаласындағы  сталин 

аудан дық  комиссариатынан  шақыртыл-

ған. құжатта наградталған адамның және 

оның  жанұясының  тұрақты  мекенжайы: 

«Мәскеу қаласы, большая поляна көшесі, 

жаңа корпус, 19-үй, 13-пәтер» деп тайға 

таңба басқандай анық көрсетілген. 

Осылай болса, қазақ қызы Алтын шаш-

тың бұрынғы майдандас, қарулас серікте-

рі  мен  қазір  көзі  тірі  ет  жақын  туыста ры, 

ағайындары бұл күнде республикамыздың 

түкпір-түкпірінде  тұрып  жатқаны  анық. 

сондықтан  Алтыншаштың  әке-шешесін 

және өзін білетіндер табылып жатса, мына 

мекенжайға  хабарласса,  нұр  үстіне  нұр 

болар еді: 

Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 

132-үй, Қуандықұлы Ауданбекке. 

бұл  «қызыл  Жұлдызды  қыз»  деген 

мақала  Ұлы  Жеңістің  60  жылдығы  қар-

саңында  «Дала  мен  қала»  газетінің  2005 

жылғы  1  сәуірінде  жарияланған.  Мақа-

ла  авторлары  –  қарлығаш  Дүйсенова, 

Аудан бек қуандықұлы. 

Ұлы Отан соғысының ардагері, отстав-

кадағы  полковник  самиғолла  Омаров 

былай дейді: 

–  Әке-шешесіне  хабарланбаған  және 

«қызыл  Жұлдыз»  орденімен  наградтау 

қағазы  мен  ордені  адресі  белгісіз  бол-

ғандықтан,  табыс  етілмегендердің  доку-

менттері  арасынан  енді  ғана  табылып 

отыр.  А.нұрғожинованың  совет  Ода ғы-

ның  батыры  атағына  ұсынылған  мара-

пат тау  қағазы  да,  осылайша,  әлде  басқа 

себептермен  көзден  таса  қалып,  із-түзсіз 

жоғалып  кетпесіне  немесе  мазмұны  өз-

гертіліп,  басқаша  жазылмасына  кім 

кепіл? себебі ол соғыс кезі ғой. Мұндай-

лар  сирек  те  болса,  кездеседі.  Мысалы, 

1942-44  жылдары  Одесса  дивизия сы-

ның  жауын гер  барлаушысы  ысқақов  со-

вет  Одағы ның  батыры  атағына  ұсы ныл  -

ған.  Ал  ол  наградтау  қағазы  жо ға лып 

кетіп, ақырында ол жауынгерлік қызыл ту 

орденімен ма рапатталғаны маған белгілі. 

Көрген көз, естіген құлақ аман болса, 

оның да дерегі анықталар деген үміт әзірге 

үзілмейді. 

соғыстан  кейінгі  Мәскеу  қаласында 

бас  қосқан  полктастары  левченконың 

Алтыншаш  ерлігі  туралы  жазған  өлеңін 

Алтыншаштың әке-шешесіне арнайы іздеп 

барып, Мәскеуде табыс еткен. бұл – жүрек 

тебірентерлік жағдай еді. 

Ал  Ж.қорғасбек  сол  адрес  бойынша 

90-жыл  дардың  басында  іздеп  барғанда, 

ол ме кенжайда әке-шешесі болмай шық-

қан.  қай да  кеткенін,  өлі-тірісін  көршілер 

біл ме  ген. Мұның мақсаты – Алтыншашқа 

ар нал ған  «қызыл  Жұлдыз»  ордені  мұра-

жайда  жатқанын  естірту  еді.  Әзірге  бі-

ле тініміз  –  осы.  болжамымыз  бойынша, 

Ал тын  шаш  солтүстік,  әлде  Орталық  қа-

зақ  стан да дү  ние ге келген сияқты. білетін-

дер  та былып  жатса,  «Алматы  ақшамы» 

га зе тінің ре дак ция сына хабар берер деген 

үміттеміз.

қайткенде  де,  Алтыншаштың  істеген 

ерлігі белгілі, атақ алмаса да, ерлігі мәң-

гілік. Оның Отаны үшін, қазақтың намысы 

үшін  істеген  ерлігі  Мәншүк,  Әлия  сияқты 

мәңгі жасамақ. 

Отандастар,  Алтыншаштың  ерлігі  ал-

дында  бас  иіп,  тағзым  етелік,  бүгінгі  бо-

лашақ  қазақтың  ұл-қыздары  оның  ер-

лігінен, намысқойлығынан үлгі алсын деп 

бата  берелік!  («Алматы  ақшамы»,  2003,   

8 мамыр). 

белгілі жазушы сарбас Ақтаев «Егемен 

қазақстан»  газетінің  2005  жылғы  7  ма-

мыр дағы  «Алтыншаш.  Апыр-ай,  ә!..  бұл 

батыр  қыз  кім  болды  екен?»  деген  ма-

қаласында: 

«...Он жеті жасында соғысқа өзі тіленіп 

барған  қаршадай  қыз  алапат  шайқастың 

күллі от-жалынын бастан-аяқ кешіп өткен. 

бір  емес,  үш  рет  жараланса  да,  ол  қас 

дұшпанын  жер  жастандырмай  тыным 

таппасқа белін бекем буған. 

солай  бола  тұрса  да,  қаһарманның 

ерлік жолы күні бүгінге дейін елдестеріне 

де,  жерлестеріне  де  кеңінен  мәлім  бол-

май келгені қынжылтады. бір украин ақы-

нының  сонау  сұрапыл  тұстағы  жалғыз 

жыры  болмаса,  оның  есімін  ешкім  еске 

де алмайтындай түрі бар. рас, сұрау салы-

нып,  іздестіру  жұмыстары  ілгерілі-кейінді 

жүріп  жатыр.  тағы  бір  қынжыларлығы, 

Польшада  шыққан  екі  томдық  атақты 

«Память» деген кітапта өз жерінде жатқан 

жерлесіміздің  есімі  болмай  шықты.  Ал 

оның өзі соғысқа дейін ата-анасымен бірге 

тұрған  Мәскеудің  Үлкен  Полянасындағы 

№19 үйдің он үшінші пәтерінде қазір мүл-

дем басқа адамдар тұрады екен. тым құ-

рығанда,  Алтыншаштың  шағын  суреті  де 

қолға  түспей  қойды.  суреті  болса,  батыр 

қыздың  бет-бейнесін  көріп,  көңілді  бір 

демдер едік қой. 

қалай  айтқанмен,  ешкім  де,  ештеңе 

де ізсіз-түзсіз кетуге тиіс емес. Кім білсін, 

Алтыншаштың 

туған-туыстары 

басқа 


жақ  қа  көшіп  кеткен  болар.  Әлде  кешегі 

саптыаяқтан  су  ішіп,  сабынан  қарауыл 

қарап,  екі  көздің  бірін-біріне  аңдытып 

қойған зар заманнан запы болған жандар 

ма  екен?  не  37-нің  зұлматына  ұшырап, 

әбден  зәрезап  болып,  бас  көтеруге  жү-

рек сініп  жүр  ме?  Әйтеуір,  Алтыншаштың 

туғандары  тегін  жандар  болмаса  керек. 

Мәскеуде тұрғанына қарағанда, не Алаш 

ардагерлерінің,  не  алғашқы  қазақ  оқы-

ғандарының  бір  жақындары  болуға  тиіс. 

Ата-анасы  өмірден  өтсе  де,  ағайын-ту-

ғаны, жақын-жұрағаты бар шығар. солар 

үн қатып, жауап жазса, қаһарман қыздың 

өмір  жолын  айшықтай  түсер  деген  ой-

дамыз». 


Осы  орайда  өзі  де  сыбағалы  атағын 

кезінде ала алмаған қазақстанның Халық 

қаһарманы  қасым  қайсеновтың  мына 

сөзін  еске  ала  кеткен  артық  болмас. 

«Жоқ,  ағайын,  жаланың  да  жаласы,  жа-

мандаудың да жамандау шегі болу керек 

қой! – деп жазды ол «қазақ әдебиеті» га-

зетіне.  –  Шындықтан  аттамайық.  Жет піс 

жылдай  Кеңес  Одағы  құрамында  бол ған 

кезеңінде  жаман  болсын,  жақсы  бол сын 

өз  тарихымызды  өшіруден,  шын дықты 

бұрмалаудан  аулақ  болайық.  Ке ңес  хал-

қының  бұл  жанқиярлық  ерлігін  жоқ қа 

шығару тарихқа қиянат». 

қорыта  айтар  болсақ,  кешегі  Ұлы 

Отан  соғысына  қатысқан  әрбір  жауынгер 

қазақ  қызын  нағыз  батыр  деп  бағалауға 

болады.  Өйткені  өз  тілегімен  жас  жанын 

қиып,  өлімге  бас  тігу  тек  өз  Отанын 

шынайы  сүюден  туады.  Жастардың  жү-

регіне  жауынгер  қыздардың  ерлік  істері 

терең  ұялап,  олардың  рухына  бас  иіп, 

тағзым етулері керек. Міне, сол қасиетті де 

киелі орын – қазақстан әйелдерінің ерлік 

істерінің шежіресі – ескерткіш – мемориал 

болуы керек. 

«Оның  алдында  жастарды,  барлық 

келушілерді  Әлия  мен  Мәншүктің,  Хиуаз 

бен  Алтыншаштың,  Дәмелі  мен  Иісжан-

ның,  Майра,  Мәриям,  рахиляның,  баян 

мен  Мархабаның,  Шағила  мен  зураның 

т.с.с.  қазақ  қыздарының  асқақ  бейнелері 

қар сы  алып  тұрса»  дейміз.  Өйткені  Ұлы 

Отан соғысының белгілі және белгісіз қа-

һар мандары  –  замандастары  мен  ұр пақ -

тар  алдында  өзінің  алып  тұлғасымен  ас-

қақ  көрінеді.  қазақ  әйелдерінің  сәулетті 

бо  ла шақ үшін күресте көрсеткен ерлігі мен 

еңбекте қосқан сүбелі үлесі кейінгі ұр  пақ-

тарға тамаша үлгі болып қалуы тиіс. 

Әлия  мен  Мәншүк,  Хиуаз  сияқты 

қаһарман  қазақ  қыздарының  қатарын 

Алтыншаш  толықтыра  түссе,  нұр  үстіне 

нұр емес пе? 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал