Жакупов Алтынбек Аманжолович



жүктеу 17.18 Kb.
Дата12.01.2022
өлшемі17.18 Kb.
#16692
Жакупов Алтынбек Аманжолович

Жакупов Алтынбек Аманжолович (PhD доктор, қауымдастырылған профессор) Жакупов Алтынбек Аманжолович, Қазақстан Республикасының азаматы, Павлодар облысында 1981жылы 14 қаңтарында дүниеге келген. Үйленген. Үш баланың әкесі. 2004-2006 жылы Павлодар мемлекеттік институтының «География» магистратурасын үздік аяқтады. 2003-2012 жылдар аралығында дарынды балаларға арналған лицей, гимназияларда география пәні мұғалімі ретінде және кеңесші ғалым қызметінде жұмыс атқарды.

2014-2015 жылдары Венгрия, Түркия мемлекетерінде ғылыми тағыламдамадан өткен. 2017-2018 жылдар аралығында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D090600-«География», 6D090200-«Туризм» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте ресми оппонент болып сын пікір берді. 2019 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D090200-«Туризм» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. Қазіргі таңда Қазақ және технология және бизнес университетінің «Менеджмент және туризм» кафедрасының меңгерушісі қызмет атқарып келеді. А.А.Жакуповтың 70-ке жуық ғылыми мақалалары және Thomson Reuters (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) ақпараттық базасының мәліметтері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық ғылыми журналдар деректер базасына енетін баспа беттерінде 5 мақаласы жарияланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына 5 жобамен қатысқан. Импакт фактор Томсон Ройтерс - 5., Скопус-2, Монография- 2. Индекс Хирша-2. Марапаттары: 2006 ж. Облыс әкімінің гранты. Оқу-зерттеу қызметіндегі жетістіктері үшін Павлодар облысының білім беру басқармасы. 2008 ж. Инновациялық-педагогикалық идеялар V Республикалық фестивалі. I Дәрежелі орын. № 1-002. 19.12.08 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі. 2011 ж. «Одаренные дети-будущее Казахстана» энциклопедияның І Выпуск. Рубрика: «Мастер своего дела» энциклопедияға өмірбаяны енді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымының үздік педагогы» атағының иегері және кеуделік белгісімен марапатталды. 2013 ж. Республиканской дистанционной олимпиаде по географии для учителей награжден Лучший результат области. Астана қаласы. РҒПО «Дарын» және ҚР КИО ұйымдастыру комитеті. 2015 жылы «Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Астана қаласы білім басқармасының алғыс хаты. 2015 жылы Халықаралық энциклопедия (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Украина) президиумының шешімімен энциклопедияға өмірбаяны еніп «За высокое профессиональное мастерство и самоотверженную работу во благо Республики Казахстан» атты диплом және кеуделік белгісімен марапатталды.

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Импакт факторы бар журналдарда ғылыми мақалалар жариялау бойынша үздік жас ғалым» конкурсының жеңімпазы. 2016 жылы Қазақстан Республикасында географиялық білім берудегі ерекше еңбегі үшін географиядан Республикалық атаулы мектептің 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. 2017 жылы Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алашы рухы және ұлт тілі» атты тіл апталығы шеңберінде өткізілген ашық жатжазуда «Ең сауатты жазу» мадақтамамен марапатталды. 2019 жылы Университет мүддесін қорғауға, жас ұрпаққа патриоттық және ұлттық тәлім-тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырудағы қажырлы еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.



2019 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік ғылым кандидаты-2019» атты республикалық байқауының І дәрежелі дипломмен марапатталды. Білім саласындағы дамытуға қосқан елеулі және кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін қала, облыс әкімдерінің атаулы грант иегері, бірнеше рет қалалық білім бөлімінің құрмет грамотасы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мақтау қағазымен, аймақтық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хатымен марапатталды.
жүктеу 17.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет