Жайнаған Жасыл бағым 6-10 беттер. „ Қр президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні»



жүктеу 1.16 Mb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата11.03.2017
өлшемі1.16 Mb.
#4576
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №37 (1272)   9 қыркүйек  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Жайнаған Жасыл бағым

 

6-10 беттер.

 

„

ҚР Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» 



болып белгіленген. Жанұя – жер бетіндегі ең жылы мекен. Себебі, бақыт сол жерден 

ғана  тарайды.                                             



Олжас  – азия чемпионы

 

„



Боксшыларымызға Азия 

чемпионатынан 5 алтын  бұйырды.                                                                                                                



 бір үйдің баласындай

 

„



«Өмірді сүюді бізден үйрен!»

      13  бет.

Тіл меңгеру –  мақсат,            

тарихты білу – міндет!

 

„



Таразда жол  нұсқаушы ақпар-

кітапша қашан жарыққа шығады? 



      5 бет.

      15  бет.

Құрметті                      

Тараз қаласының 

тұрғындары!

Хабарландыру!

2015 жылдың 21-27 қыркүйек 

аралығында «Атакент –                       

Тараз» сауда орталығында 

(Тараз қаласы, Тәуке хан 

көшесі, № 24) Қырғызстан 

Республикасы және Тараз 

қаласы өндірушілерінің ауыл 

шаруашылығы және азық-түлік 

өнімдерін, халық тұтынатын 

тауарларын сату жәрмеңкесі 

өткізіледі.

 Жәрмеңкеге барлығыңызды 

шақырамыз.



Тараз қаласының әкімдігі

2015 жылдың 19 қыркүйегі 

сағат 17.00-де Қазақстан 

халқы Ассамблеясының                               

20 жылдығы, Қазақ хандығының 

550 жылдығы аясында грек 

этносының республикалық 

мәдени күндері өтеді. 

Іс-шараның қадірменді қонағы 

болуға шақырамыз.

Өтетін орны: Тараз қаласы, 

Рахимов көшесі, қалалық 

мәдениет үйі.


қала-қарбалас

2

//   «ЖАмБыл - ТАРАз»  //  №37 (1272), 9 ҚыРкүйек 2015 Жыл  //



 

„

«нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары асқар 



мырзахметов іссапармен Жамбыл облысына келді. Төрағаның 

бірінші орынбасары алдымен облыс орталығында «нұрлы жол» 

бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан «атшабар» көпқабатты 

тұрғын үй кешеніне барып, құрылыс барысымен танысты.

ҰТымды ҰсынысТар Оң шешімін Табады

басым бағыттар мен мәселелер талқыланды 

  

Суретті түсірген В.Алсуфьев.



Өмірі - өнеге, тағдыры - тағылым

 

„

абай даңғылы №160 үйдің қабырғасына  Ұлы Отан соғысы және еңбек 



ардагері, белгілі қоғам қайраткері Қартабаев алтай Әбенұлына арналған 

мемориалдық тақта орнатылды. 

Ерман ӘбдиЕв

Елбасы,  партия  Төрағасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тапсыр-

масымен  әзірленген  мемлекеттік 

бағдарлама негізінде салынып жатқан 

«Атшабар» кешені көп жылдар бойы 

үй  кезегінде  тұрған  жамбылдық 

отбасыларыдың өз баспанасын алып, 

болашағына зор үмітпен қарауына 

мүмкіндік  берді.  Бүгінгі  күні 

экономикалық сектордың  басынан 

кешіп отырған күрделі уақытында 

қазақстандықтардың мүддесін ойлап, 

түрлі қиыншылықтарға қарамастан, 

Елбасы  азаматтардың  алдындағы 

әлеуметтік  міндеттемелерді 

орындауға  шешім  қабылдағанын 

барша  қазақстандықтар  лайықты 

бағалайтынына партия төрағасының 

бірінші орынбасары сенім білдірді. 

Од а н   ке й і н   Та р а з   қ а л а л ы қ 

мәдениет үйінде «Нұр Отан» пар-

тиясы  Жамбыл  облыстық  филиа-

лымен  кездесу  барысында  «Нұр 

Отанның» жаңа жұмыс бағыттары 

талқыланды. Жиынды облыс әкімі, 

«Нұр  Отан»  партиясы    Жамбыл 

облыстық  филиалының  төрағасы 

Кәрім Көкірекбаев ашып, жүргізіп 

отырды. Алдымен сөз алған «Нұр 

Отан» партиясы аймақтық филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

Масат Берік облыстық филиалдың 

атқарып  жатқан  жұмыстарын  ба-

яндап өтіп, өз ұсыныстарын ортаға 

салды.  Сондай-ақ,  жарыссөзге 

шыққандар  қатарында  «Нұр 

Отан»  партиясы  Жуалы  аудандық 

 «мектепке жол» 

акциясы жалғасуда

«Нұр Отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалының мұрындық 

болуымен  «Бақытты  балалық» 

партиялық  жобасы  аясын-

да  «Мектепке  жол»  акциясы 

ұйымдастырылды. 

Акция  барысында  қалалық 

мәслихат  депутаттары,  «Нұр 

Отан»  партиясының  БПҰ 

белсенділік танытты. Мысалы, 

облыстық  мәслихат  депутаты, 

бастауыш  партия  ұйымының 

төрағасы Арман  Еділбаев, қалалық 

мәслихат  депутаттары  Анар                                                                                            

Досумбаева,  Берік  Ақшалов, 

Н ұ р ж а н   Н ұ р а л и е в ,                                                      

Рулан Кан,   Айша Ниязбекова, 

Қуанышбек  Болысбаев,  Жанар 

Бүркітбаева, Жұмабек Бөлекбаев,                                    

Марат  Мырзахметов,  Эльмира                                    

М ы р з а - Ғ а л и ,   Ш о л п а н                                                                       

Иманбекова, Қадырхан Абдуллаев, 

Гулам Умаров, Қайрат Жетібаев,  

Шамбылхан  Үсенбаев,  Талғат                                                                                                     

Мананов,  Жақып  Жексембиев, 

Айдар Джузановтар аз қамтылған 

отбасы  балаларының  оқу 

құралдары мен мектеп киімдерін 

алуына демеушілік жасады.

 Акция әлі де жалғасуда.



Айсана НҰРбАП

Алтай Қартабаев сонау 1923 жылы 

Қарағанды өңірінде дүниеге келген. Атасы 

Қартабай Елденұлы Ұлытау жеріне сөзі мен ісі 

сыйлы би болған екен. Әкесі Әбен Қартабайұлы 

тоқсан жасқа дейін өмір сүрген. Дегенмен                

Алтай Әбенұлы анасынан ерте айырылып, 

тағдыр талқысында ер жетеді. Оның өмір жолы  

соғыс жылдарымен тұспа-тұс келеді. Есеп – 

сынақ техникумында оқып жүріп, Ржевтегі 

соғыс училищесіне жіберіледі. Ол жерден 

қысқа мерзімде оқу-жаттығудан өткен Алтай 

18 жасында Кеңестік Армия қатарында әскери 

борышын өтейді. 1942 жылы 1-ші Украин май-

даны 723 атқыштар полкінің қатарында 395-СД 

пулемет взводының командирі болды. Украин 

жерін басқыншылардан азат ету жорықтарына, 

Чехословакия, Югославия елдерін неміс 

фашистерінен тазарту соғыстарына қатысып, 

батырға  лайық  ерлік  танытады.  Соғыс 

жорығын Берлинде аяқтаған лейтенант                                                                                  

Алтай  Қартабаев    жауынгерлік  Қызыл 

жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерін 

және бірнеше медальдарды иеленіп, 1946 

жылы аман-сау елге оралады. Оның соғыстан 

кейінгі  өмірі  Жамбыл  жерімен  тығыз                                                                                                        

байланыста өтті. Алғашқы еңбек жолын 

облыстық комсомол ұйымында, облыстық 

кәсіподақ саласында бастаған майдангер 

1965-1985 жылдар аралығында Жамбыл 

қалалық партия комитеті ұйымдастыру 

бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен. 

Жақсыдан қалған бір белгі. 

  

Суреттерді түсірген В.Алсуфьев.



Халық депутаттарының қалалық, облыстық 

Кеңестерінде бірнеше мәрте депутаттылыққа 

сайланған.  Жастайынан соғыс көріп, өмірдің 

ащы-тұщысына қанығып есейген Алтай 

аталған жылдары елге елеулі қызмет етіп, 

абыройға ие болады. Партия органдарында 

көп жылдар бойы жемісті еңбек атқарғаны 

үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет 

грамотасымен және медальдарымен, Алғыс 

хаттарымен марапатталған. 1985 жылы зейнетке 

шыққан Алтай Әбенұлы 1986-1989 жылдары                                                           

«Жамбылсу құрылыс» мекемесінде үш жыл 

бойы кадр инспекторы қызметін атқарды. Ол 

еңбек талабына белсенді де білікті мамандарды 

даярлады. Халқына адал қызмет етудің озық 

үлгісін көрсеткен Алтай ардагер 1992 жылдың 

көктемінде дүниеден өтті.  Ұлы Жеңістің 70 

жылдығына орай оның ерлігін, парасатын, бір 

сөзбен айтқанда, өмір жолын ұрпаққа өнеге 

етіп қалдыру мақсатында Тараз шаһарындағы 

өзі тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық 

тақта орнатылды. Оның ашылу салтанатына 

облыстық, қалалық мәслихат депутаттары 

мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық 

ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың 

қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары 

қатысты. Көрнекті қоғам қайраткерінің рухына 

арналған мемориалдық тақтаны облыстық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуқабыл 

Төребеков пен қалалық мәслихаттың хат-

шысы Балабек Нарбаев салтанатты түрде 

ашып берді. Көзі тірісінде Алтай ардагермен 

көп жыл бойы қызметтес болған Тілеуқабыл 

ақсақал Алтай Әбенұлының бойындағы 

адамгершілік қасиетінің жоғары болғанын 

және ондай азаматпен тілдесудің өзі үлкен 

мақтаныш екендігін атап өтті. Өз кезегімен 

сөз тізгіндеген Балабек Жанбекұлы да ел үшін 

майданды жеңген ардагерлердің ерлігі ешқашан 

ұмытылмайтынын баса айтты. Ал майдангердің 

ұлы Бейбіт Қартабаев әке рухына тағзым етіп, 

салтанатты шараға жиналған қауымға және игі 

іске атсалысқан барлық азаматтарға алғысын 

жеткізді. Шара соңы ұлттық бимен жалғасты.

филиалының  төрағасы,  аудан  әкімі 

Батырбек  Құлекеев,  Облыстық 

мәслихаттың  депутаты,  Партиялық 

бақылау  комиссиясының  төрағасы 

Асаубай Майлыбаев, «Меркі» баста-

уыш  партия  ұйымының  төрайымы 

Г.Тілеубердиева,  «Нұр  Отан»  пар-

тиясы  Тараз  қалалық  филиалының 

«Гидрометерология»бастауыш  пар-

тия  ұйымының  төрағасы  Арман 

Еділбаевтар да өздерінің тарапынан 

бастауыш  партия  ұйымдарының 

жұмысын  ширату  бойынша  нақты 

ұсыныстарын айтты. Облыс активімен 

өткен басқосуды Асқар Мырзахметов 

қорытындылады.

Атап  айтқанда,  бұдан  бұлай 

бас  партия  басымдықты  бюджет 

қаражатының  тиімді  әрі  сапалы 

жұмсалуына береді. Әсіресе өңірлерде 

мемлекет қаржысына жүзеге асыры-

лып  жатқан  түрлі  бағдарламаларға 

бақылау күшейтіліп, қатаң қадағалау 

қолға алынады. Одан бөлек бастауыш 

партия  ұйымдарының  орталық  ап-

паратпен байланысы нығайтылады, 

бірізділеніп, жүйеленеді. 6700-ге жуық 

бастауыш партия ұйымдары - «Нұр 

Отанның» негізгі күші. Осыны дұрыс 

пайдаланып,  өңірлерде  кездесетін 

көптеген  өзекті  мәселелердің 

дер  кезінде  шешілуіне  атсалысу 

қажеттілігі баса айтылды.

Тағы бір өзекті мәселе - қоғамдық 

қабылдау бөлмелерінің белсенділігін 

арттыру.  Ол  үшін  қоғамдық 

қабылдаулар халықтан түсіп жатқан 

арыз-шағымдар  бойынша  терең 

талдау  жүргізеді.  Яғни,  белгілі  бір 

шағым қандай себеппен, қандай орган 

жұмысына байланысты түскенін нақты 

анықтап, оның шешілуіне ықпал етіп, 

шешімін таппаған жағдайда тиісті ор-

ган басшыларына шара қолдану тиіс.

Қоғамдық  қабылдау  жұмысына 

жүргізілген  талдауға  байланысты 

мәслихаттарда  жергілікті  билік 

органдарының, Парламентте орталық 

атқару  органдары  басшыларының 

есебі тыңдалады.

Бұған қоса алдағы уақытта «Нұр 

Отан» партиясының Мәжілістегі және 

барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 

фракциялары  арқылы  жергілікті 

жерлерде  қарапайым  халыққа 

қиындық тудырып, өндірістің, ауыл 

шаруашылығының,  шағын  және 

орта бизнестің дамуына кедергі бо-

лып  жатқан  мәселелерді  анықтап, 

партияның  Мәжілістегі  фракция-

сы  арқылы  заңнамалық  құжаттарға 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

мәселесі көтерілді. Ол үшін өңірлердегі 

өзекті мәселелердің тізбегін айқындап, 

Орталық аппаратқа ұсыныс беру тап-

сырылды. 

А л д а ғ ы   у а қ ы т т а   п а р т и я 

жұмыстарының басым бағыттарының 

бірі – жастар саясаты болмақ. Ендігі 

жерде  Жастар  қанатының  жұмысы 

практикалық  тұрғыдан  жүргізіледі. 

Бұл үшін жастар саясаты саласындағы 

барлық  бағдарламаларға  талдау 

жүргізіліп,  олардың  тиімділігін 

бағалап, жүзеге асыруға белсене ат-

салысатын болады. Сонымен қатар, 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеоло-

гия мен жұмысты барлық деңгейдегі, 

оның  ішінде  жергілікті  жердегі 

партиялық құрылымдарды тарта оты-

рып күшейтіледі.

Әлемдік  экономика  қарқынын 

тежеген жаһандық дағдарыстың салда-

рына қатысты елде жаңа экономикалық 

саясатқа бет бұрғанын және осы орай-

да Елбасының азаматтар алдындағы 

әлеуметтік міндеттемелерді толығымен 

орындау қажеттігі жайлы да сөз болды.

Мұндай шара халықтың мүддесі 

үшін  жасалып  отырғаны  айтылды. 

Ендігі жерде елдегі жетекші әрі бүкіл 

халық алдындағы жауапты саяси күш 

ретінде  «Нұр  Отанның»  алдында 

тұрған аса маңызды міндет – ел ара-

сында тиісті түсіндіру жұмыстарын 

жүргізу,  қазақстандықтарды  «Бес 

и н с т и ту ц и о н а л д ы қ   р е ф о рма -

ны»  және  «100  нақты  қадам»  Ұлт                                                   

жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыру, 

мемлекеттік  бағдарламалардың 

жүзеге асырылуына тиімді бақылауды 

қамтамасыз ету болмақ.

Іссапар  бағдарламасы  «Жаңа                 

Жамбыл  фо с фор  зауытында» 

жалғасты. Төрағаның бірінші орынба-

сары аталмыш кәсіпорынның ұжымы 

негізінде құрылған бастауыш партия 

ұйымына барды. Құрамына 400-ден аса 

партия мүшесі кіретін бастауыш ұйым 

облыстағы  үздіктердің  қатарында. 

«Казфосфат»  ЖШС-і  шығаратын 

химиялық  өнімдер  Германия,                                                                     

Чехия,  Польша,  Ресей,  Швейцария, 

Түркия,  Жапония,  Үндістан,  Иран 

және  т.б.елдерінде  зор  сұранысқа 

ие.  Төрағаның  бірінші  орынбасары 

кездесу барысында зауыт жұмысымен 

танысып,  халықаралық  деңгейде 

қызмет етіп жатқан кәсіпорынға

 оң 


бағасын берді.    

қала-қарбалас

3

//   «ЖАмБыл - ТАРАз»  //  №37 (1272), 9 ҚыРкүйек  2015 Жыл  //



 

„

Өткен демалыс күндері қала тұрғындарының басым көпшілігі сенбілік 



жұмыстарына бір кісідей жұмыла атсалысты. 

Қала Тазалығы ҚалыпТы

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Тазалық – бәрімізге ортақ. Қала басшы-

сы Нұржан Календеров осы жарты жылдық                                                                                                   

бойынша мәслихат депутаттары алдында бер-

ген есебінде  «Қаланың кейбір аймақтарында 

тазалық  өз  деңгейінде  емес.  Бұның  басты 

негіздерінің бірі - кейбір қала тұрғындарының 

тазалық пен тәртіпті құптамай отырғандығында. 

Осы арада, құқық қорғау органдарының басшы-

лары мен қала әкімдігінің жауапты тұлғалары 

пәтер иелері кооперативтерімен, үй ағалары 

және тұрғындармен бірлесіп аталған бағыттағы 

жұмысты жандандыруы қажет» деп баса айтқан 

болатын. Расында, қаладағы тазалық жайы - 

тұрақты назардағы мәселенің бірі. Өткен сенбі 

күні қала тұрғындары саймандарын сайлап, 

тазалық  жұмыстарына  жұмыла  атсалысты. 

Сенбілікке  қаланың  11  аумақтық  округінен 

жалпы саны 4500 адам қатысты, 135 тоннаға 

жуық күл-қоқыс шығарылды.

Жастар мәселесі жалпыға 

ортақ


 

„

«нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық 



филиалында өткен қоғамдық қабылдауда облыс 

жастарының мәселесі тыңдалды.

Шынболат СЕЙдУАЛиЕв

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл 

облысы  бойынша  департаментінің 

басшысы  Мақсат  Қожабаев,  Де-

партамент  басшысының  орынба-

сары,  Тәртіптік  кеңестің  төрағасы 

Ғалым  Тұрсынбаев,  «Нұр  Отан»                                

партиясы  Жамбыл  облыстық  фи-

лиалы  төрағасының  орынбасары 

Шәбден Тілеумұрат және өңір жаста-

ры қатысты. Қабылдауға бірінші бо-

лып жазылған Т.Рысқұлов ауданының 

тұрғыны  Шакен  Жапаралиев  Ауыл 

шаруашылығы  саласынан  грант 

алу  мәселесін  көтерді.  Негізінен, 

оның жоспарлаған  жеке кәсібі қоян 

өсіру  болған.  Ол  осы  өзінің  жеке 

кәсібін ашу үшін аудандық әкімдікке 

үкіметтен  қаржы  алу  мәселесі                  

бойынша  қайрылған.  Аудандық 

әкімдік қызметшілері қаржыны об-

лыстан алуға болатындығын, бірақ 

алдымен шаруашылықтың базасын 

сенбілікке атсалысайық! 

  Суретті түсірген автор.

-  Біз  ұжым  болып  ұйымдасқан  түрде  әр 

сенбі сайын өзімізге бекітілген аумақта тазалық 

жұмыстарын жүргіземіз. Бұл біз үшін дағдыға 

айналды  деуге  де  болады.  Үйде  ғана  емес, 

қоғамдық  орындарда  да,  күнделікті  аяқ  ба-

сып жүретін көшелерімізде де үнемі тазалық 

болуы қажет. Осындай сенбіліктерге белсене 

атсалысып,  тазалық  жұмыстарына  араласып 

жүргендер  тазалықтың  қадірін  жақсы  біледі 

және өздері ешқашан қоқыс тастамайды. Ал 

бей-берекет қалдықтарды тастап кететіндердің 

көбісі мұндай сенбілікке шығып, қала тазалығы 

үшін тер төгеді деп ойламаймын. Қазір қала 

бұрынғыдай емес. Күн санап көркейіп келеді. 

Қоғамдық  орындардың  барлығында  арнайы 

қоқыс  жәшіктері  орнатылған.  Сол  себепті 

бей-берекет қоқыс тастаудың жөні жоқ, - дейді         

Жамбыл облыстық ауруханасының нейроин-

сульт бөлімінің мейірбикесі Жанна Кошманова. 

Айтқандай-ақ, облыстық аурухана маман-

дары өздерінің жұмыс орны маңынан бөлек, 

орталық алаңнан бастап, Қайрат Рысқұлбеков 

саябағына дейін тазалық жұмыстарын жасады. 

Расында,  қала  орталығының  мұнтаздай  таза 

қалпына  өз  үлестерін  бұрыннан  қосып  келе 

жатқан  жандардың  бірі  -  осылар.  Сонымен 

қатар,  қала  орталығының  тазалығына  №6 

аумақтық округ тұрғындарынан 600-ге жуық 

адам қатысты. 

-Тараз  қаласы  әкімдігінің  2015  жылғы 

5  тамыздағы  №798  қаулысына  сәйкес                                          

15 қыркүйектен қазан айының он бесіне дейінгі 

аралықта қаланы абаттандыру, көгеріштендіру 

және  санитарлық  тазалық  жұмыстарын 

ұйымдастыру  бекітілген  болатын.  Осыған 

сәйкес,  қала  аумағында  орналасқан  барлық 

мекемелерге  арнайы  хабарлама  таратылып, 

келісім бойынша көше аумақтарының тазалық 

жұмыстары бекітілді. Жамбыл облыстық ауру-

хана мен қалалық әскери комиссариат, қаржы 

басқармасы, облыстық музей, жылжымайтын 

мүлік сынды бірқатар мекемелердің мамандары 

сенбілік жұмыстарында белсенділік танытып 

отыр. Оның ішінде талдарды әктеу, бағаналарды 

сырлау, бардюрларды әктеу, көгалдарды тырма-

лап, өздері тарапынан көлік бөліп, қоқыстарды 

шығарып тастау жұмыстары да бар. Дегенмен, 

бұл сенбілік жұмыстарынан  балалар стоматоло-

гиясы, Мемлекеттік кірістер департаменті мен 

қалалық кірістер басқармасы, Казкоммерцбанк, 

Дельта  банк,  АТФ  банк,  ІІД  қызметкерлерін 

көрмедік.  Ал  жалпы  қала  орталығындағы 

бағаналардың 85 пайызы, талдардың 90 пайы-

зы әктеліп, сырланған. Бардюрлардың кейбірі 

гранит болғандықтан, әктелмейді. Қалғаны 70 

пайыз әктелді. Көшелердің тазалығы жоғары 

деңгейде, - дейді қала әкімдігі №6 аумақтық 

округінің бас инспекторы Дархан Егеубаев. 

кәсіпкерлермен өткен 

келелі жиын

 

„

«Жамбыл» қонақ үйінің бизнес 



орталығында еуропа Қайта құру 

және даму банкі облыс және қала 

кәсіпкерлеріне арнап бір күндік кеңес 

өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Сейділдә ТӨРЕН

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті 

қолдау қорының облыстағы филиалы ұйымдастырған келелі жиынға 

40-тан аса кәсіпорындардың  жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Шараны облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш 

Аралбекова ашып берді. Ол өз сөзінде, қазіргі таңда облыс көлемінде 

орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысып отырған кәсіпкерлерге 

түрлі жағдайлар жасалынып отырғандығын жеткізді. Соның айғағы 

аталмыш іс-шара екендігін тілге тиек етті.

«Бизнес алаңы. Өз өніміңізбен қызмет көрсетуді алға жылжытуды 

біліңіз» деп аталған шара барысында Еуропа Қайта құру және Даму 

Банкінің өкілдері негізінен, орта және шағын бизнесті дамыту, олардың 

арасында бәсекелестікті арттыру мәселелерін алға тартты. Сонымен 

қатар, шеберлік сыныптарын өткізіп, заманауи маркетинг саласындағы 

жаңа технологиялардың жағдайы және оларды сату, сауда саласын алға 

ілгерілету жолдары қарастырылды. Аталған шараның өту аясында 

кәсіпкерлер маркетинг стратегиясының жүзеге асырылуы, кез келген 

тауарды экспортқа шығару дайындығын бағалау, тауардың дизайндық 

әсері мен атқаратын рөлі турасында мол мағлұмат алды. Сондай-ақ 

облыстағы азық-түлік, туристік және тоқыма өндірісінің даму жайы 

да сөз болды. Бұл бағытта білікті кеңесшілер кәсіпкерлерге өндірілген 

тауарды сату жөнінде жан-жақты ақпараттар беріп, кәсіпкерлердің 

сұрақтарына жауап берді. 

Негізінен, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі – шағын және орта 

бизнесті дамыту бойынша жүйелі жұмыс өрбітіп отырған банктердің 

бірі. Банк кәсіпкерлерді қаржыландыра отырып, оларға кеңес бе-

румен де айналысады. Аталған банк кәсіпкерлерді «Бизнестің жол                                      

картасы - 2020» бағдарламасы негізінде қаржыландырады.

Кәсіпкерлердің потенциалын күшейтуді мақсат тұтқан шараның 

соңында кәсіпкерлерді банк қандай бағытта қаржыландыратыны 

түсіндірілді.     

салуды тапсырады. Ендігі мәселе - кәсібін 

ары қарай жетілдіру үшін қажетті қаржы 

табу.  Оның  мәселесін  жіті  тыңдаған 

департамент  басшысы  алдағы  жылдың 

басында өтетін конкурсқа қатысып, бағын 

сынап көруге кеңес берді. 

Бұдан әрі жас маман  Жұлдыз Айтбаева  

2016 жылы мемлекеттік қызметтегі жаңа 

реформа жастарға қандай мүмкіндіктер 

беретіндігі  туралы  сауалын  жеткізді. 

Қоғамдық  қабылдауды  жүргізушілер 

аталған реформа барысында айтарлықтай 

мүмкіндіктердің  болмайтындығын  баса 

айтты.  Десе  де,  2016  жылдан  бастап 

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саяса-

ты  мәселелері  басқармасымен  бірлесіп 

«Мемлекеттік  қызметшілер  мектебі» 

жобасы іске қосылатындығын және сол 

жобаның мемлекеттік қызметке ұмтылған  

жастарға үшін едәуір пайдалы екендігін 

атап өтті. 

Сонымен қатар кешенді аттестация-

дан өту мәселесі туралы сұрай келген жас 

мамандардың  бірі  Асемгүл  Жүнісоваға 

да  толықтай  мағлұмат  берілді.  Негізі 

облысымызда 5 мыңнан аса мемлекеттік 

қызметші бар екен. Олар кешенді аттеста-

циядан өту барысында таңдаған саласына 

байланысты сынақ  кезеңінен өтуге тиіс. 

Дайындалып  жатқан  жоба    бойынша 

ерлердің жасы 60, әйелдердің жасы 55-

ке  келген  болса  кешенді  аттестацияға 

жіберілмейді.  Ал  еңбек  өтілі  20  жыл-

дан  асқандарды    аттестациядан  босату 

көзделген. 

Қоғамдық  қабылдау  барысында  ҚР 

Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

агенттігінің  Жамбыл  облысы  бойын-

ша  департаментінің  басшысы  Мақсат 

Қожабаевқа мемлекеттік қызметтегі ER-3 

санаты бойынша жұмысқа орналасу және 

мемлекеттік  қызметшілердің  жұмысын 

бағалау нәтижесінің еңбекақы төлеміне 

әсері жайлы сұрақтар қойылып, тұшымды 

жауаптар алынды. 

Жаңа жоба жүзеге аспақ. 

  


зерде

4

//   «ЖАмБыл - ТАРАз»  //  №37 (1272),  9 ҚыРкүйек  2015 Жыл  //



550

жыл


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.16 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет