Жаһандық диалог ж урна л арнайы бағаналар



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата08.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2  

016 жылдың күзінде Польшада жасанды түсікті 

қылмыс  түріне  жатқызуға  қарсы  әйелдер 

қозғалысының  жаңа  толқыны  басталды. 

Поляк феминистері 1993 жылы күшіне енген 

Польшаның  жасанды  түсікке  тыйым  салу  туралы 

заңына қарсы күресті бастады. Польшаның жасанды 

түсік туралы заңы Еуро одақтағы ең қатал заңдардың 

бірі саналады, себебі түсік жасауға бірнеше жағдайда 

ғана  рұқсат  беріледі:  әйелдің  денсаулығына  қауіп 

төнгенде немесе зорланғаны дәлелденсе, эмбриондық 

генетикалық бұрмалау болған жағдайда.

Поляк белсенділері атап көрсеткендей, құқықтық шектеу 

ел ішінде заңсыз түсік жасау желілерінің пайда болуын 

тудырды, дегенмен 2016 жылға дейін бұл мәселені шешу 

ашық  деңгейде  қала  берді.  2015  жылғы  Польшадағы 

парламенттік сайлаудан кейін көп дауыс жинаған Құқық 

және  әділет  партиясының  жаңа  заңды  ұсынуы  уақытты 

талап  етеді,  бірақ  бұл  репродукциялық  құқыққа  қарсы 

жаңа  шектеулердің  пайда  болуына  әсер  етпеуі  тиіс. 

2016  жылдың  басында  үкімет  мүшелері,  соның  ішінде 

премьер-министр  Беата  Шидло  бастаған  билік  түсік 

жасатуға қарсы екендіктерін білдіріп, мәлімдеме жасады. 

Содан кейін дәстүрлі көзқарастағы ҰЕҰ (үкіметтік емес 

ұйымдар), Шіркеу қауымдастығы гинекологтар мен түсік 

жасататын  әйелдерді  түрме  арқылы  жазалау  үшін  қол 

жинай  бастады,  сонымен  қатар  олар  биліктен  тергеудің 

жүргізілуін қамтамасыз етуді талап етті. Басты мақсаты  

-  түсік  жасатуға  медициналық  себептің  болғандығын 

заңды түрде анықтау. 

Ordo  Iuris  мәселеге  араласып,  жаңадан  белсенділердің 

екі  бағытының  пайда  болуына  әсер  етті:  олар  жақында 

құрылған  Қыздар  қыздар  жағында  ұйымының 

бастамасымен  өткен  демонстрациялар  мен  пикеттерді 

ұйымдастырғандар - социал-демократиялық феминистер 

тобынан  құрылған  Әйелдерді  қорғау  қоғамдық  ұйымы. 

Олардың  күн  тәртібінде  әйелдерге  заң  тұрғысынан 

Джулия Кубица, Варшава университеті, Польша


 31

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

көмектесу  және  Польшадағы  жасанды  түсікке  қарсы 

заңды либерализациялау тұр.

2016  жылдың  екінші  жартысында  Ordo  Iuris  өз 

көзқарасын  қолдайтын  500,000  аса  қол  жинағандығын 

мәлімдесе,  Әйелдерді  қорғау  өз  жақтастарының  саны 

250,000 деп көрсетті. Жасанды түсікке қатысты екі түрлі 

көзқарас  та  парламентте  көтерілді.  Дәстүрлі  ойдағы 

католиктік  ұйымдар  ескі  ұстанымдарын  жаңартып, 

бұл  мәселеге  қатысты  жаңа  ойларын  айтқанымен  билік 

тарапынан бұл сұрақты қарастыру кейінге қалдырылып 

отырды,  себебі  1992  жылы  1,2  миллион  азамат  аборт 

туралы  заңды  либерализациялау  туралы  петицияға  қол 

қойғанда  билік  бұл  сұрақты  талқылауға  тыйым  салған 

еді.

Осы  жолы  парламент  Әйелдерді  қорғау  ұйымының 



жобасын кейінге қалдырып, жасанды түсік туралы заңды 

криминализациялауды  қоғаммен  талқылауды  бастады, 

бірақ биліктің бұл шешіміне Әйелдерді қорғау мен солшыл 

партия Razem белсенділерінің жаңа демонстрациясының 

басталуына  себеп  болды:олар  өз  жақтастарына  қара 

киімге  кигізіп,  әлеуметтік  желілерде  фотосуреттерді 

салып, баршаға ортақ #blackprotest  хэштегін пайдалануға 

шақырды.  Польшаның  беделді  әртісі  Исландияда  өткен 

1975  жылғы  әйелдердің  демонстарциясының  үлгісін 

пайдаланып,  шеруге  шығу  керектігін  ұсынды  және  бұл 

ойды  әлеуметтік  желілердің  пайдаланушылары  қолдап, 

3  қазанды  (2016)  жалпыполяктік  әйелдердің  қара 

қозғалысын  өткізуді  ұйымдастырды.  Бұл  қозғалысты 

нақты  бір  қоғамдық  қор  ұйымдастырған  жоқ,  бірақ 

осы  идеяны  жақтағандардың  қатарында  феминистік 

ұйымдардың  және  саяси  партиялардың  белсенділері  өз 

уақыты  мен  ресурсын  ұсынып  жатты.  Шеруді  өткізудің 

аясында  жеке  меншік  жұмыс  берушілер  мен  жергілікті 

билік  органдары  әйелдер  қозғалысына  қолдау  білдіріп, 

3 қазанда демалыс жариялады. Университеттегі бірқатар 

факультеттерде дәрістер тоқтатылды. 

Шеруді өткізудің заңды мәртебесі сияқты кедергілерге 

қарамастан,    қозғалыс  қоғамның  мобилизацияланып, 

маңызды мәселелерді шешуде зор табысқа алып келді. Ел 

астанасы мен ірі қалаларында өтетін шерулерге қарағанда 

Әйелдер қозғалысы бүкіл елде қолдау тапты. Кейбір ер 

азаматтардың  қолдауымен  әйелдер  мен  қыздар  елдегі 

142  қала  мен  ауылдарда  қозғалыс  ұйымдастырды,  қара 

киінгендердің  жалпы  саны  150,000  жетті.  Әйелдердің 

негізгі  құқықтарын  қорғау,  олардың  репродукциялық 

таңдауы  мен  әйел  абыройы  сияқты  негізгі  ұрандар 

жасанды  түсік  жасауға  толы  тыйым  салуға  жол  бермес 

еді.  Шеру  өткен  күні  жаңбыр  ұзақ  жауғандықтан, 

қатысушылардың  көпшілігі  қолшатырмен  тұрған  еді, 

кейіннен  бұл  қозғалысты  ерекшелейтін  жаңа  символға 

айналды. 

Қарсылықтардың  күші  мен  ауқымы  билік  партиясы 

мен  католиктік  шіркеу  басшылығына  күтпеген  жағдай 

туғызды.  Алғашқы  қарсылыққа  жауаптар  мынадай 

болды: католиктік епископ «зорлау кезінде әйелдер жүкті 

болмау керектігін» айтса, популист-саясаткер әйелдердің 

жыныстық гетерогенді болатындығын және олардың бұл 

әрекеті  бақылауға  алынуы  тиіс  деді,  ал,  сыртқы  істер 

министрі әйелдердің жауапкершілігі төмен деп баға берді. 

Дегенмен, шеру аяқталғаннан кейін үш күнде парламент 

жасанды  түсікке  мүлдем  тыйым  салатын  заң  жобасын 

кері қайтарды, бұл – жақында билікке келген партияның 

алғашқы жеңілісі еді.  

Үкімет  алғашқы  қарқынын  бәсеңдетіп,  мәселені 

талқылауда  бейтараптық  позицияға  көшті.  Премьер-

министр  өз  сөзінде  әйел    үшін  «қиын  жүктілік»  деп  - 

айықпас дертке ұшыраған ананың босануы мен жыныстық 

денсаулық  мәселелері  анықталған  кезеңді  айтты,  бірақ 

бұл  үшін  әйелдер  баласын  босанғанға  дейін  1000  еуро 

жәрдемақы  алатынын  түсіндірді.    Әйелдер  дұрыс  және 

нақты  шешім  қабылдау  үшін  жәрдемақы  төлеу  қолға 

алынды, бірақ осы жағдай қатты сынға алынды.  

Польша  әйелдері  атты  ұйымға  біріккен  көптеген 

белсенділер  қара  шеруді  өткізуді  жалғастыру  керек  деп 

шешті,  бұл  үкіметтің  әлі  де  қысымда  болатындығын 

білдірді.  Белсенділер  екі  апта  бұрын  жаңа,  бірақ 

ауқымы  шағын  қозғалыс  ұйымдастырып,  11  пунктен 

тұратын талаптарын жария етті. Онда әйел абыройы мен 

еркіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау, сексуалды 

агрессияны  жою,  қоғамның  милитаризациялануы  мен 

отбасындағы  зорлық-зомбылыққа  қарсы  әрекеттерді 

күшейту және әйелдерді әлеуметтік саясатқа бейім болуға 

шақырды.  Қара  шеру  екі  атақты  тұлғаның  өз  жасанды 

түсігі  туралы  сырын  қоғамға  жария  етіп,  қоғамдық 

талқылаудағы шектеулере қарсы шығуға мүмкіндік берді. 

Қара шеруді поляктардың 58% қолдап, қоғам тарапынан 

мойындалды.  Бұл  жағдай  халықаралық  қолдау  тапты.  

Аргентина,  Исландия,  Оңтүстік  Кореяда  осындай 

қозғалыстардың  қалыптасуына  себеп  болды.  Әйелдерді 

қорғаудан  Барбара  Новацка  және  Razem  партиясынан 

Агнешка  Дзейманович-Бак  танымал  Foreign  Policy 

журналының  сыртқы  саясат  бойынша    берілетін  2016 

жылғы  Жаһандық  ойшыл  сыйлығын  Әйелдердің  Қара 

Қозғалысын ұйымдастырғаны үшін алды. 

Мүгедек болып туған балаларға көмек көрсету мәселесі, 

жасанды  түсік  жасауға  қарсы  Польша  үкіметі  екі  сала 

бойынша  қаржыландырудың  жоқ  болуына  қарамастан 

шеруден кейін өзінің жұмсақ саясатын жалғастыра берді. 

Бірақ,  қазан  айында  басталған  жалпыұлттық  шерудің 

белсенділігі төмендеген жоқ: жақында Денсаулық сақтау 

министрлігі  босанған  кездегі  күтім  мен  туу  кезіндегі 

көмек  көрсету  стандартын  төмендеткендіктен  және 

«Құқық  және  әділет»  билік  партиясы  Еуропа  Кеңесінің 

әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша Стамбул 

кеңесінің  шешімін  орындаудан  бас  тартуы  Польшадағы 

бүкіл  әйелдердің  жаңа  толқынға  бірігіп,  «қайтадан 

қолшатырмен» көшеге шығуына бастама болды.

Хаттарды Джулия Кубицаға <

juliakubisa@gmail.com

> жолдауға болады.


 32

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

> ХӘҚ жас

   әлеуметтанушыларының

   желісі 

Ә

леуметтанушылардың 

халықаралық 

қауым-


дастығы  жас  әлеуметтану-

шылар желісі өзінің барлық 

тақырыптық  қызығушылықтары  мен 

ғылыми  тәсілдерін  әлеуметтану  мен 

аралық пәндерге танытқан, ғылым жолын 

қуған  студенттердің  басын  біріктіріп 

отыр. Бұл эсседе Жас әлеуметтанушылар 

желісінің  міндеттері  мен  ағымдағы 

қызметтерін  әзірлеу  барысында,  осы 

халықаралық  бірегей  қоғамдастық  өз 

мүшелерінің  кәсіби  жолын  дамытуда 

және кең мағынада әлеуметтану пәнінің 

мәртебесін көрсеткім келеді.

2006  жылдан  бастап,  ХӘҚ 

президенттері 

және 


Атқарушы 

Комитеттің 

қолдауымен 

жас 


әлеуметтанушылар  желісі  тәжірибе 

жинақтаған,  ХӘҚ  PhD  студенттерге 

арналған  Лабораториясында,  ХӘҚ 

жас  әлеуметтанушылар  арасында 

конкурс  және  әлеуметтанушылар 

конгресін  ұйымдастырды.  Біздің 

қоғамдастықтың мүшелері жергілікті 

жерде  шоғырланған  және  шашырай 

орналасқанына қарамастан жаһандық 

тұрғыда  байланысты,  бұл  –  күрделі 

болғанымен,  қуанарлық  жәйт.  Осы 

әлеуетті түсіне отырып, ХӘҚ негізгі 

миссиясы – осы ойды жүзеге асыру. 

ХӘҚ-ның  негізгі  мақсаты  –  жас 

әлеуметтанушыларды 

ақпаратпен 

алмасуға  қолайлы  және  пайдалы 

алаңмен қамтамасыз ету. Одан бөлек, 

алдағы  уақытта  әлеуметтанулық 

білімді қолдана отырып, жеке мансап 

құруда өз идеясымен бөлісуді, қарым-

қатынас орнатуды үйретеді.

Соңғы  екі  жарым  жылда  жас 

әлеуметтанушылар 

желісінде 

біраз  ілгері  даму  байқалуда.  Жас 

әлеуметтанушылар  желісі  туралы 

ақпаратты ғаламшардың оңтүстігінде 

кең  көлемде  тарату  барысында, 

осы  желіге  мүше  болғысы  келетін 

Арбудың иллюстрациясы.

>>

Олег Комлик, Бен-Гурион университеті, Израиль, Жас әлеуметтанушылар желісі



 33

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

адамдардың  саны  айтарлықтай  өсті. 

Соның арқасында әлеуметтанушылар 

желісі  2500  магистр  дәрежесіндегі, 

PhD  студенттерді,  аға  және  кіші 

оқытушыларды  қамтыды.  Алайда, 

қатысушылардың біраз бөлігі ғалым, 

дәрігер,  белсенділер  болғандықтан, 

әлеуметтануды 

өз 


жұмысының 

өзегі  ретінде  көретін  адамдарды  да 

қабылдаймыз.

Жас  әлеуметтанушылар  желі-

сінің  қызметі  қосымша  төрт 

бағытқа  негізделеді.  Ең  алдымен, 

жас  әлеуметтанушылар  желісін 

қолданушылар  тізімі  -  жас  әлеу-

меттанушылар үшін танымал ақпарат 

дереккөзі.  Әрбір  екі  апта  сайын, 

пайдалы  ақпараттық  бюллетендер, 

өте  қызықты  жаңалықтар,  post-doc 

позициялар,  атаулы  гранттар,  бос 

орындар  және  әлеуметтану  мен 

академиялық  өмір  туралы  мақалалар 

шығарады.

Екіншіден,  ХӘҚ  Диссертациялық 

мәтіндер  жас  әлеуметтанушылар 

үшін  ашық  дерекқор  көзі  және  бұл 

жерде зерттеушілер өзінің докторлық 

рефераттарын,  жеке  өмірбаянымен 

қатар  байланыс  деректерін  қалдыра 

алады.  Осы  дерекқордың  көмегімен 

бүгінде  650  реферат  сақталған. 

Қатысушыларға  өзіне  бейтаныс 

тақырыптарды  зерттеуге  мүмкіндік 

бере  отырып,  бұл  алаң  зерттеушілер 

арасындағы 

ынтымақтастықты 

қалыптастыруға  септігін  тигізеді. 

Одан  бөлек,  баспа  осы  дерекқорды 

қарай отырып, рефераттарды ұсынған 

адамдармен байланыс жасауда.

Үшіншіден,екі  жарым  жыл  бұрын 

жас әлеуметтанушылар желісі 

Фейсбук


 

пен 


Твиттерде

 өз парақшасын ашқан-

нан бері мыңдаған қызығушылар мен 

қонақтар  онлайн-хабарландыруларды, 

диссертациялардың  авторефераттары 

мен  қызықты  сілтемелерді  қарау 

және  орналастыру  арқылы  әлеуметтік 

желінің  сан  салалы  және  айналысқа 

түсу тиімділігінің артықшылықтарына 

қол жеткізе алды.

Тағы  да  айта  кететін  маңызды 

нәрселердің  бірі  –  Жас  әлеуметтану-

шылар  желісі  саналуан  елдер  мен 

аймақтардан  келген,  әлеуметтану-

шылардың  басын  біріктіретін,  жыл 

сайын  өтетін  Славян  әлеуметтік 

ғылымдар 

конференциясы 

мен 

өзге  де  ғылыми  кездесулерді 



қаржыландыратын дәстүрінің болуы.

Жас  әлеуметтанушылар  желісінің 

басшылығына,  Долорес  Модик 

пен  Б.  Валикке  олардың  қосқан 

үлестері  мен  ХӘҚ  хатшылығына 

үнемі  қолдау  көрстеткені  үшін 

алғысымды 

білдіремін. 

Осы 

мүмкіндікті  пайдалана  отырып, 



Жас  әлеуметтанушылар  желісі  жаңа 

ұсыныстарға  әрқашан  дайын  және 

кез келген көрсетілген көмек ерекше 

бағаланатынын айтқым келеді.

ХӘҚ маңызды жобалары мен оның 

ғылыми-зерттеу комитеттерімен бірге 

жас  әлеуметтанушылар  әлеуметтік-

саяси  морфологияның  шырмауығын 

толық  түсінуге  мүмкіндік  беретін 

желісі әлеуметтанушылардың жаһан-

дық  қоғамдастығын  құруға  септігін 

тигізеді.  Жас  әлеуметтанушылар 

ретінде,  мына  күрделі  неолиберал 

және 


нарықтанған 

нақтылық 

заманында,  әлеуметтануды  өмірі-

міздің  бөлінбес  бөлшегі  және 

оған  қажетті  алғышарттардың  бірі 

екендігін  өзіміздің  борышымыз 

деп  білеміз.  Осы  баршамызға 

ортақ  сапар  аясында,  қасымыздағы 

әріптестеріміздің  қолдауымен  және 

зиялылардың  шырағын  ала  отырып, 

даму жолында боламыз.

Хаттарды  Олег  Комликке  <

komlik@gmail.com

жолдауға болады.



 34

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ



Жаһандық Диалогты

   индонезиялық  

2  

015 жылдың сәуірінде бірнеше индонезиялық 

әлеуметтанушылардың  бірігуімен  редакция-

лық топ құрылды. 2015 жылдың қыркүйегінде 

Жаһандық Диалогтың бесінші басылымының 

үшінші шығарылымы индонезиялық тілге аударылған 

бірінші  журнал  болды  және  индонезиялық  тіл  осы 

уақытқа дейін аударылған он алтыншы тіл.

Редакциялық  топтың  құрамына  4  қалада  орналасқан 

5  университеттен  тағайындалған  тоғыз  әлеуметтанушы 

кірді. Бұл университеттердің қатарына Депок қаласындағы 

Индонезия  университеті,  Гаджа  Мада  университеті, 

Джокьярта  қаласындағы  Санатана  Дхарма  университеті, 

Богор  қаласындағы  ауылшаруашылық  университеті, 

Купанг  қаласындағы  Нуса  Гендана  университеті  бар. 

Топтың төрт мүшесі Аустралиялық Ұлттық университет, 

Париждегі  әлеуметтік  ғылымдардың  Жоғары  мектебі, 

Амстердам университеті мен Лейден университеттерінің 

докторанттары.

Топтың  үш  мүшесі  аударылған  мақалаларды 

рецензиялауға 

жауапты 


редакциялық 

алқаның 


құрамында.  Сонымен  бірге,  алқаның  мүшелері  басқа 

аудармашылардың  саны  шекті  болған  жағдайда 

мақалаларды  аударуға  қатысып,  бірін-бірінің  жұмысына 

баға  береді.  Оның  үстіне,  алқаның  бір  мүшесі  бас 

редактордың қызметін атқарады, екіншісі алқа мүшелерін 

топтың  басқа  мүшелерімен  байланыстырушы  қызметін 

атқарады,  үшінші  мүшесі  топты  GD  қызметкерлерімен 

байланыстырушы жұмысын атқарады. Колледж түлектері 

топқа  аударма,  дизайнерлік  және  GD  журналын  жасау 

жұмыстары бойынша көмектеседі. 

Осыдан бір ай бұрын Халықаралық әлеуметтанушылар 

қауымдастығы жариялаған GD журналында редакциялық 

команда  топтың  әрбір  мүшесін  олардың  қолжетімділіге 

қарай  GD-тың  бір  немесе  екі  мақаласын  аударуға 

шақырған  болатын.  Өйткені  топтың  құрамына  кіретін 

университеттердің  арақашықтығы  65-тен  2770  км-

ге  дейін  ұзақ,  осыған  байланысты  университеттердің 

арасындағы коммуникация электронды пошта және басқа 

да әлеуметтік желілер арқылы жузеге асады.

GD6.3-те  сипатталған  бойынша  индонезиялық 

команданың  алдында  тұрған  міндеттер  румын 

редакциялық  командасының  міндеттерімен  азды–көпті 

бірдей.  Ағылшын  мен  индонезиялық  тілдегі  негізгі 

құрылымдық  айырмашылықтардан  басқа,  әлеуметтік 

ғылымдарға  тән  негізгі  ұғымдардың  да  айырмашылығы 

бар. Бұл ұғымдардың ресми аудармалары болмағандықтан, 

көптеген  ғалымдар  негізгі  ұғымдарды  ағылшын  тілінде 

қалдыруды  жөн  көреді.  Академиялық  сөздіктер  мен 

кәсіби  басылымдарды  қараудан  және  аударма  мәселері 

жайында  бірін-бірімен  талқылауды  жүргізуден  басқа, 

алқа  мүшелері    көмекті  тиісті  мамандардан  алуға, 

кейбір  жағдайларда  GD  мақалаларының  авторларынан 

қажетті  мәліметтерді  алуға  ұмтылады.  Барлық 

аударылған  мақалаларды  рецензиялаудан  өткізіп, 

аударманың  шешілмеген  мәселелерін  талқылағаннан 

кейін  алқа  мүшелері  мақалаларды  жариялауға  кіріседі. 

Аударманың  соңғы  нұсқасы  GD-та  жарияламас 

бұрын,  журналдың  Халықаралық  әлеуметтанушылар 

қауымдастығының 

негізгі 


ережелеріне 

сәйкес 


аударылғандығы 

туралы 


іс-шаралар 

жүргізіледі. 

Журналды ХӘҚ сайтында жариялағаннан кейін, алқа сол 

журналдың  сілтемесін  Индонезиялық  әлеуметтанулық 

қауымдастығына,  индонезиялық  әлеуметтанушылар 

ассоциациясына,  әртүрлі  әлеуметтанулық  бөлімдер 

мен  оқу  бағдарламаларына,  кітапханалар  мен  ғылыми-

зертттеу  орталықтарына,  әлеуметтанушы-студенттер 

қауымдастығына  және  әртүрлі  университеттердің  жеке 

әлеуметтанушыларына жібереді.

Хаттарды Каманто Сунартоға <

kamantos@yahoo.com

> жолдауға болады.

тілге аудару

Каманто Сунарто, Индонезия Университеті, Депок, Индонезия



көптеген негізгі ұғымдардың 



ресми аудармасы әлі жоқ



 35

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

> Индонезиялық 

Каманто Сунатро – Индонезия университеті, Әлеуметтанулық 

және  саяси  ғылымдар  факультеті  Әлеуметтану  кафедрасының 

құрметті  профессоры.  1980  жылы  Чикаго  университетінде 

философия  докторы  (PhD)  ғылыми  дәрежесін  алған.  Қазіргі 

зерттеушілік  қызығушылықтары  –  жоғары  білім  мәселелері 

және әлеуметтану тарихы. ХӘҚ Білім әлеуметтануы (ЗК04) және 

Әлеуметтану тарихы (ЗК08) зерттеу комитеттерінің мүшесі.

Хари  Нугхоро  –  Нидерланд,  Мәдени  антропология  және  даму 

әлеуметтануы  институтының  докторанты  және  Индонезия 

университеті,  Әлеуметтанулық  және  саяси  ғылымдар 

факультеті,  Әлеуметтану  кафедрасында  дәріс  оқиды.  Магистр 

академиялық дәрежесін Нидерланд, Гаага, Эразмус университеті, 

Әлеуметтік  ғылымдар  институтында  алды.  Зерттеушілік 

қызығушылықтарының  аясы  –  еңбек,  қоғамдық  қозғалыстар, 

жергілікті  саясат  және  әлеуметтік  теңсіздік.  Хари  –  ХӘҚ 

Жұмысшылар  қозғалысы  (ЗК44),  Әлеуметтік  таптар  және 

қоғамдық  қозғалыстар  (ЗК47)  және  Қоғамдық  қозғалыстар, 

ұжымдық  әрекет  пен  әлеуметтік  өзгеріс  (ЗК48)  зерттеу 

комитеттерінің мүшесі.

Люсия  Рэтих  Кузумэдьюи  –  Франция,  Париж,  Әлеуметтік 

ғылымдардың  Жоғары  мектебі,  Әлеуметтану  және  талдау 

орталығының  докторанты.  2006  жылы  Әлеуметтік  ғылымдардың 

жоғары  мектебінің  Болашақ  зерттеулер  дипломы  иегері  атанған. 

Нидерланд,  Мәдени  антропология  және  даму  әлеуметтануы 

институтының  докторанты  және  Индонезия  университеті, 

Әлеуметтанулық  және  саяси  ғылымдар  факультеті,  Әлеуметтану 

кафедрасында дәріс оқиды. Қоғамдық қозғалыстарды, сәйкестену, 

дін,  жастар  мен  білім  мәселелерін  қызығушылықпен  зерттейді. 

Люсия  –  ХӘҚ  Дін  әлеуметтануы  (ЗК22)  және  Әлеуметтік  таптар 

және қоғамдық қозғалыстар (ЗК47) зерттеу комитеттерінің мүшесі.

Фина Итрияти – Джакартадағы Гаджа Мада университеті, Әлеуметтік 

және  саяси  ғылымдар  факультеті,  Әлеуметтану  кафедрасының 

оқытушысы  және  зерттеушісі.  Сондай-ақ,  философия  докторы 

дәрежесін  алу  мақсатында  Австралия  ұлттық  университеті,  Өнер 

және  қоғамдық  ғылымдар  колледжінде  білім  алуда.  Ғылыми-зерттеу 

жұмысының  тақырыбы:  «Индонезиядағы  жер  сілкінісінен  кейінгі 

кезеңде  жаңа  мүмкіндігі  шектеулі  әйелдердің  сәйкестенуіндегі 

биоқарым-қатынас және оны қайта анықтау». Апат кезінде мүмкіндігі 

шектеулі  болып  қалған  әйелдердің  күнделікті  өмірін  түсінуі  үшін 

зерттеуінде этнографиялық әдістерді қолданады. Ол гендер, мәдениет 

және  қоғам,  еңбекке  жарамсыздық,  апат  және  адам  құқықтары 

мәселелерімен  қызығады.  Индонезия  әлеуметтанулық  қауымдастығы 

мен ХӘҚ Әлеуметтік ғылымдардағы дене (ЗК54) зерттеу комитетінің 

мүшесі.


редакция алқасымен 

таныстыру

>>


 36

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

Индера  Ратна  Иравати  Паттинасарани  –  Индонезия 

университеті, Әлеуметтанулық және саяси ғылымдар факультеті, 

Әлеуметтану  кафедрасының  оқытушысы.  Зерттеу  аясы  – 

әлеуметтік стратификация мен мобилділік, әлеуметтік теңсіздік, 

кедейлік  және  білім  әлеуметтануы.  Индера  әлеуметтанудан 

философия  докторы  дәрежесін  Индонезия  университетінде 

қорғаса,  гуманитарлық  ғылымдар  магистрі  академиялық 

дәрежесін  АҚШ  Мичиган  университетінде  алды.  ХӘҚ  Білім 

әлеуметтануы  (ЗК04)  және  Әлеуметтік  стратификация  (ЗК28) 

зерттеу  комитеттерінің  ғана  емес,  Индонезия  әлеуметтанулық 

қауымдастығының да мүшесі.

Бенедиктус  Хари  Джулиаван  –  Индонезия,  Джакартадағы 

Саната  Дхарма  университеті,  Діни  және  мәдени  зерттеулер 

арнайы  бағдарламасының  дәріскері.  Жұмысшы  мигрант 

мәселелерімен  айналысатын  және  жергілікті  үкіметтік  емес 

ұйым болып табылатын Сахабат Инсан зерттеушісі. 2007 жылы 

магистр  дәрежесін  алып,  2011  жылы  Біріккен  Корольдіктің 

Оксфорд университеті Даму институтында философия докторы 

атағын қорғады. Негізгі зерттеу қызығушылықтары – жұмысшы 

қозғалыстары,  жұмысшы  мигранттар,  сәйкестену  саясаты  мен 

экономиканың бейресми секторы.



Мохамад Шохибаддин – Нидерланд, Амстердам университеті, 

Әлеуметтану  және  антропология  бөлімінің  докторанты. 

Индонезиядағы  Богор  ауыл  шаруашылығы  институты, 

Адам  экологиясы  факультеті,  Коммуникация  және  қоғамдық 

даму  кафедрасының  дәріс  оқушысы.  Кедейлік,  ауыл 

шаруашылығының дамуы және аграрлық өзгеріс мәселелерімен 

айналысатын 

Sajogyo 


ғылыми-зерттеу 

институтының 

директоры  қызметін  атқарған.  Жер  реформасы  саясаты, 

аграрлық  зерттеулер,  әлем  мен  конфликтіні  зерттеу,  ауылдық 

қоғамдық қозғалыстар – зерттеуінің негізгі тақырыптары.

Домингус Эльсид Ли – Ресурсты және әлеуметтік өзгерістерді 

басқару институтының атқарушы директоры және зерттеушісі. 

2014  жылы  Біріккен  корольдіктің  Бирмингем  университетінде 

философия  докторы  атағын  қорғап,  2014-2015  жылдар 

аралығында  АҚШ,  Бостондағы  Гарвард  университетінің 

Кеннеди мектебінде постдокторлық бағдарламасынан өтті. Қазір 

Шығыс  Индонезия,  Купангтағы  Нуса  Сендана  университеті, 

Әлеуметтік  және  саяси  ғылымдар  факультетінің  дәріскері. 

Зерттеу  мәселелері  –  миграция,  адам  саудасы,  демократияның 

қатысуы мен ауыл әлеуметтануы.



Антонио  Арио  Сэто  Харджана  доктор  дәрежесін  Германия, 

Франкфурт,  Гете  университеті,  Этнология  институтында 

қорғаған.  Магистрлік  дәрежесін  Германия,  Оңтүстік-шығыс 

Азияны зерттеумен айналысатын Пассау университетінде алған. 

Қазір Индонезия университеті, Әлеуметтік және саяси ғылымдар 

факультеті, Әлеуметтану кафедрасының дәріскері. Зерттеу аясы 

– мәдени зерттеулер, әлеуметтік қарым-қатынас құралдары мен 

әлеуметтік желілер.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 0.69 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет