Жаһандық диалог ж урна л арнайы бағаналар



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата08.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

 26


GD

 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

идеялар  мен  саясатты  таңдап  ассигнациялаудан  кейін 

Сингапурдың космополиттік және әлемдік сипатына қатысты 

балама нарративтер мен пікірталастың болмаған дәуірі еді.

Сингапур  әлеуметтануындағы  маңызды  өзгерістер  1990-

шы жылдары орын алды. Дамудың жаңа кезеңі 1995 жылы 

Чуа  Бэй  Хуаттың  Коммуна  мүшесінің  идеологиясы  және 

Сингапурдағы  демократияны  жария  етіп,  басқарушы 

партияның басым идеологиясын бұзып, оған атау бергеннен 

кейін  мүмкін  болды.  Содан  кейін  1997  жылы  Чуаның 

мемлекеттік  тұрғын  үй  туралы  еңбегі  жарық  көрді. 

Мемлекеттік тұрғын үйде бес сингапурлықтың төртеуі өмір 

сүріп, коммуна мүшесі идеологиясының материалданғанын 

көрсетті, яғни әр азамат басқарушы партия бекітіп отырған 

саяси-экономикалық  жүйенің  мүдделі  жақтаушысына 

айналды. Бұл басқарушы партияның ұзақ билігіне шыдаған 

автократия  болмады.  Грамши  ілімінің  рухы,  осы  теория 

идеяларының гегемониясы адамдардың күнделікті өмірінен 

көрініс  тапты,  бір  партиялық  заңдылықты  жүзеге  асырды. 

Сингапурлық  антропологтар  мен  әлеуметтанушылардың 

жаңа толқыны бұл жаңашылдыққа, осы диалогтағы алдыңғы 

төрт  эссе  көрсеткендей,  балама  нарративтер  және  құжатқа 

түсіруден  зерттеудің  балама  әдістерін  іздей  отырып,  жауап 

беруге тырысуда.

Сингапур  әлеуметтануындағы  бұл  өзгеріс  Раджаратнам 

сипаттаған  жаһандық  қаланың  Саския  Сассен  ұсынған 

жаһандық  қалаға  өте  жылдам  өзгере  бастаған  кезеңмен 

тұспа-тұс  келгенін  ескерген  маңызды.  Үкімет  капитал, 

тауар  мен  миграциялық  ағымдар  қарқынын  жылдамдату 

мақсатында  неолибералды  жаһандануға  кең  құшақ  жайып, 

экономиканы  өзгертіп  жатты.  «Мен»  жалғаулығымен 

бекітілген  дихотомия  орын  алған  жаңа  лексика  пайда 

болды.  Азаматтар  «космополит»  пен  «heartlander»    болуға, 

әлемде еркін сезініп, мемлекеттік тұрғын үйдің «жергілікті» 

өмірлік әлеміне терең сіңуге шақырылды. Ел енді жаһандық 

қала  болып  табылатын  халық  емес,  ол  ұлт  пен  жаһандық 

қала  деп  аталады.  Көпұлтты  және  мултикультурализм 

орын  алған  ел  болу  мақсатында  иммиграция  ағымы 

арттырылады. 1989 жылы Оңтүстік-шығыс Азия зерттеулері 

институты  екі  географ  редакциялаған,  Сингапурдың 

жаһандық  капиталисттік  жүйеге  Азия  жолбарысы  атымен 

сәтті  кіруін  көрсеткен  бірінші  ұрпақтағы  сингапурлық 

әлеуметтанушылардың  мақалалары  енгізілген  Сәттілікті 

басқару:  заманауи  Сингапурды  құрастыру  бағдарын 

жариялады. 2010 жылы осы институт әлеуметтанушы Теренс 

Чон  редакциялаған  Сәттілікті  басқару:  Сингапурға  қайта 

оралуды  басып  шығарды.  Бұл  жолы  еңбек  неолибералды 

жаһандану  нәтижесінде  орын  алған  қысымды  түсінуге 

бағытталған мақалалармен толықтырылды.

Егер  жаһандану  Сингапур  болса,  жаһанданудан  кейін 

сингапурлық  әлеуметтану  не  істемек?  Үш  мүмкіндік  бар: 

утопиялыққа  қарсы,  утопиялық  және  апокалипсистік. 

Өткенге шолу жасасақ, 2010 жылғы Сәттілікті басқарудағы 

өз мақаламды утопиялыққа қарсы әдіс аясында жазылған деп 

танимын.  Мақалада  иммиграция  нәтижесінде  орын  алған 

көптүрлілікті басқару мақсатымен үкіметтің ескі көп нәсілдік 

аясында  жаңа  мултикультурализмді  ендіру  талпыныстары 

мен  саяси  қадағалауды  сақтай  отырып,  экономикалық 

теңсіздіктен  орын  алған  ұлтаралық  шиеленісті  шешуге 

ұмтылысы  қарастырылған.  Неолибералды  жаһанданудың 

шиеленіскен  қарым-қатынасы  модернизация  қарама-

қайшылығымен қоса қатпарлану мәселесін шешудің, оларды 

басқару  үшін  мықты  үкіметке  тәуелді  болуынан  басқа, 

еш  әдісі  жоқ.  Бұл  плюралист  қоғамдағы  ынтымақтастық 

мәселесінен  бастап  әлеуметтік  интеграция  мен  реттеудің 

мемлекетке  тәуелді  болу  пессимизміне  дейін  дюркгеймдік 

құрылыммен ұштасып жатқаны анық. Мұның мәні мынада - 

сингапурлық әлеуметтануда кең тараған балама әдістер мен 

нарративтерді іздеу пайдалы, себебі мемлекет балама әдістер 

мен  нарративтерді  мәдени  репертуарына  ендіре  отырып, 

моралдық қолдауын қайта жүзеге асыруы тиіс.

Екінші  мүмкіндік  –  утопиялық,  және  оны  осындағы 

эсседен табамыз. Бұл әдіс Томас Мор рухындағы демократия 

мен  теңсіздік  орын  алған,  халқы  тығыз  орналасқан 

аралдағы мінсіз республиканың әлеуметтік, саяси және діни 

дәстүрлерін іздейтін Утопияға сәйкес. Негізгі ден үкіметке 

барынша тәуелсіз болуға және мемлекетке қатысты ұлғаятын 

тұлғаның  жеке  автономиясы  мен  өзін-өзі  жетілдіруі  үшін 

кеңістікке  үміттенуге  қойылады.  Адамдар  экономикалық 

тұрғыдан  шығармашыл,  әлеуметтік  саналы  және  саяси 

мүдделі.  Кей  антропологтар  мен  әлеуметтанушылар  үшін 

Сингапурдағы  осы  үміт  орындарын  табу  және  талдау 

неолибералдық  жаһандану  көмегімен  жүзеге  асырылады. 

Осындай  балама  жәйттер  университет  қабырғасындағы 

студенттерді  шабыттандырып,  олар,  өз  кезегінде,  әлемді 

өзгертуге  ұмтылатына  сенім  бар.  Кейбіреуі  қарапайым 

адамдар белсенділігінен ары қарай жылжиды, кейбірі өмірлік 

әлемнің  жағдайларын  өзгертетін  ерекше  адамға  айналады. 

Дегенмен,  осы  шығарылымдағы  Юен  Тео  мақаласы  

басқаларды ұсынылған баламаларды кең аудиторияға жария 

ету үшін саналы академиялық белсенділікке шақырады, яғни 

әлеуметтанушы өзгерістер агентіне айналады.

Утопиялық  әдіс  өз  саясатында  оппозициялық  та  емес, 

радикалды  да  емес.  Дегенмен,  олардың  идеологиялық 

басымдығына қызғанышпен қарайтын басқарушы элитаның 

misrecognized  болуы  әбден  ықтимал.  Утопиялық  әдістің 

Раджаратнам сипаттап кеткен жаһандық қаламен ұқсастығы 

көп.  Ол  1972  жылы  сөйлеген  сөзінде  «жаһандық  қаланы 

әуелден пайғамбарлар мен көріпкелдер түсінде көрген аспан 

қаласына айналдыру үшін адамдарды интеллектуалды және 

рухани  жабдықтауда»  корреспонденттерді  аудиторияға 

жеткізулеріне  шақырды  (The  Straits  Times,  7  ақпан  1972). 

Утопиялық әдіс Әулие Августиннен бастау алады.

Соңғы мүмкіндік – апокалипсистік әдіс. Бұл консервативті 

Сингапурда  саяси  тұрғыдан  мүмкін  емес,  бірақ  осы  әдіс 

шеңберінде еңбек етсеңіз, қандай мәселелерді көтеретініңізді 

тек  интеллектуалдық  емес,  саяси  жағынан  да  ойлыстыру 

қажет.  Егер  жаһандану  Сингапур  болса,  жаһандану  кері 

жүргенде, яғни әлемдік жүйе де-жаһандануды бастағанда не 

болмақ?  Мұндай  жағдай  1920-шы  және  1930-шы  жылдары 

орын  алған.  Бұл  кезеңде  солшыл  және  этноұлттық  саяси 

мобилизация екінші дүниежүзілік соғыстан кейін британдық 

Малайяда деколониялықтың ушыққан шиеленістерінің саяси 

негізін қалаған заман еді. Шиеленістер жарты ғасыр бұрын 

ойға  да  келмеген  үш  ұлттық  құрылымды  құрды:  алдымен 

Малайя  Федерациясы,  содан  кейін  Малайзия  Федерациясы 

және  соңында  Сингапур  Республикасы.  Бұл  құрылымдар 

жергілікті  қоғамды  алдыңғы  ұрпақ  мүмкін  деп  санамаған 

нәрселерге айналдырды. Бүгінгі күні қандай болашақ қиялға 

сыйымсыз?  Жаһанданудан  кейін,  жаһандық  қала  болудан 

қалғаннан кейін Сингапурмен не болмақ?

Хаттарды Фрэнсис Даниэль П.С. Гохқа  <

dsong@nus.edu.sg

> жолдауға болады.


 27

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

> Либералды емес

   

болашаққа

 

Ж

аһандық 

саясатта 

жыныс 

мәселесі 



маңызды. 

АҚШ-


тағы сайлаудан кейін 

анық  білетініміз:  қыз-келіншектерге 

қарсы  Трампты  бұқараның  жақсы 

көруі  –  мәселенің  бір  бөлігі  ғана. 

АҚШ-тағы  және  басқа  елдердегі 

популизм 

тек 

экономикалық 



тұрақсыздық  пен  қорқудан  емес, 

гендерлік  қарым-қатынас,  (гомо)

сексуалдық 

және 


репродукция 

аясындағы 

мазасызданудан 

да 


қуат  алады.  Бір  елден  басқа  елге 

қарай  «гендер»  немесе  «гендерлік» 

терминдерін,  яғни  гендерлік  теңдік 

саясаты,  жыныстық  тәрбие,  ЛГБТК 

және  репродукциялық  құқықты 

консерваторлардың 

(әсіресе, 

католиктер)  сынауы  ерлер  мен 

әйелдердің  мобилденуіне  ықпал 

етіп, популистік көшбасшыларға жол 

ашты. Феминизм мен гендерлік теңдік 

саясатына  оппозиция  бұрыннан 

болғанымен,  қазіргі  таңда  оның 

артуы  алдыңғы  неоконсерваторлық 

парадигмадан  ауытқуды  көрсетеді, 

яғни  әлеуметтік  консерватизм  енді 



гендерлік пен жаһандануға қарсы 

Гендерге қарсы митингтегі жазу,  2015 

жылғы 30 тамыз. Суретті түсірген Элжбиета 

Королчук.

>>

Агнешка Граф, Варшава университеті, Польша және Элжбиета Королчук, Содертеорн 

университеті, Швеция, ХӘҚ Әйелдер мен қоғамды (RC32), Әлеуметтік таптар мен әлеуметтік 

қозғалысты (RC47) зерттеу комитеттерінің мүшесі


 28

GD

 VOL. 7 / # 1 / MARCH 2017



жаһандық  капиталға  өшпенділік 

қатынаста.

Польшада  2015  жылы  оңшыл 

«Құқық 


және 

әділеттілік» 

партиясының  жеңіске  жеткен  сайлау 

алдында  консерваторлық  БАҚ  пен 

діни  дискуссияда  «гендерлікке» 

қарсы  науқан  орын  алды.  2012 

жылдан бері Польша католик шіркеу 

мен консерваторлық топтар гендерлік 

теңдік  пен  заңнаманың  (мысалы, 

әйелдерге  қатысты  және  тұрмыстық 

зорлық-зомбылықты  тоқтату  және 

онымен  күрес  бойынша  Стамбул 

конвенциясы) 

қабылдануымен 

күресе 

және 


сексуалдық 

пен 


репродукциялық құқықтарды шектей 

отырып,  бағдарламалық  құжаттар 

мен  қоғамдық  пікірталаста  «гендер» 

терминін  қолдануға  қарсы  шығып, 

көп  бастамаларды  ұсынды.  Науқан 

католиктік  діни  көшбасшыларды, 

консерватор 

саясаткерлерді, 

оңшыл  ой  орталықтарын  және 

сайлауға  қарсы  топтарды  біріктірді. 

Басқа  топтар,  мысалы,  білім  беру 

реформасына  қарсы  шығу  үшін 

шамамен  2009  жылы  пайда  болған 

Ratujmy Maluchy! (Азды Сақта!) Ата-

аналардың  бұқаралық  қозғалысы 

отбасындағы 

зорлық-зомбылыққа 

қарсы  күресу  үшін  әзірленген 

шаралар отбасындағы ата-ана билігін 

жоққа шығаруы мүмкін деген негізбен 

Стамбул 

конвенциясына 

қарсы 

күреске қосылды. Қоғамдық ұйымдар 



мен  желілер  көп  адамның,  әсіресе 

«гомосексуалды  лобби»-мен  және 

сексуалдық  тәрбиемен  байланысты 

балаларына  қауіп  төнуі  мүмкін  деп 

уайымдаған  мүдделі  ата-аналардың 

мобилденуіне ықпал етті. Гендерлікке 

қарсылар балалар мен отбасын, поляк 

мәдени  және  діни  құндылықтарын 

либералды 

саясаткерлер 

мен 

жемқор  Батыс  қолдау  көрсететін 



феминистерден, 

ЛГБТК 


және 

құқық  қорғаушылардың  қорғағанын 

мәлімдеді.  Осы  гендерлікке  қарсы 

дискурста  сол  кездегі  билеуші 

партия  –  консервативті-либералды 

Азаматтық  платформа  аса  солшыл 

ретінде  көрсетіліп,  Еуропалық  Одақ 

сияқты  шетелдік  институттар  баға 

ұсынған жағдайда «дәстүрлі» отбасы 

мен поляк ұлтын жоюға ұмтылатыны 

туралы айыпталды.

Бұл  консерваторлық  шабуылда 

«жыныс»  жыныстық  әртүрлілікті 

талқылау 

үшін 

қолданылатын 



немесе  еркектік  пен  әйелдікті 

қалыптастыруды 

талқылайтын 

жарлық  емес.  «Жыныс»  сексуалды 

революциядан және/немесе гендерлік 

теңдікті  сақтаудың  коммунистік 

стилінен  бастау  алатын  дәйекті 

халықаралық  астыртын  әрекет.  БҰҰ 

сияқты  ұлтаралық  ұйымдар  мен 

жаһандық капитал тарапынан қолдау 

тапқан «гендершілер» жасанды түсік 

жасатудың  дамуына,  моральдық 

құлдырау  мен  бұрмалаушылыққа, 

сондай-ақ 

қауымдастықтар 

мен 


дәстүрлі 

отбасыларды 

бұзатын 

индивидуалдылыққа 

бағытталған-

мыс.  Осы  қозғалыс  мақсаттарының 

бірі  –  күнәсіз  балалардың  жынысын 

ауыстыру; «гендер» ұғымы жыныстық 

әртүрліліктің  жойылуымен,  әлемнің 

кей  бөліктерінде  халықтың  азаюына 

алып  келетін  адам  сексуалдылығы 

саласындағы 

хаоспен 

дәйекті 


байланыста.

Гендерлікке қарсылық тек поляктық 

ерекшелік  емес.  Мұндай  дискурсты 

басқа  жерде  де  кездестіруге  болады. 

Заманауи Ресейде гомосексуалдылық 

пен  гендерлік  теңдік  қамқорлары 

жергілікті  дәстүрлі  құндылықтарға 

қауіп  төндіріп,  қоғамның  Путин 

режимін қолдауы күшейді; Францияда 

бір жынысты некеге қарсы бұқаралық 

мобилизация  Ұлттық  майданды 

халық  арасында  әйгілі  етті.  АҚШ-та 

Дональд  Трамптың  әйелдерге  ашық 

қарсылығы  оның  жеңісіне  кедергі 

бола  алмады  және  сайлаушылар 

елдің  бірінші  әйел  президентін 

сайлауға  дайын  болып  көрінбеді  (ақ 

нәсілді  америкалық  әйелдердің  53% 

Трамп  үшін  дауыс  берген).  Оңшыл 

популизмнің  артуы  мен  гендерлікке 

қарсылықтың  арасындағы  байланыс 

қандай?  Екі  идеология  да  гендерлік 

қарым-қатынасқа 

әлеуметтік 

тұрғыдан  консерваторлық  көзқарас 

ұстанып  қана  қоймай,  халықтың 

экономикалық 

және 


әлеуметтік 

себептерге  байланысты  азаюына 

жауапты 

ретінде 


либералды 

элиталарды  жоспарлауда  да  ортақ 

пікір танытады.

Талдауымызды  Еуропада  өткен 

соңғы гендерлікке қарсы науқандарға 

жауап  беретін  бірнеше  ортақ 

жобаларға  қатысу  және  Польшадағы 

гендерлікке 

қарсы 

науқанға 



бағытталған  бірнеше  бастамаларға 

қатысуды  қамтитын  белсенділер 

тәжірибесі  арқылы  дамыттық.  Біз 

өте  көп  мәтінге  талдау  жасадық: 

гендерлік 

мәселесімен 

күресте 

негізгі  тұлғалар  жазған  кітаптар  мен 

мақалалар;  гендерлікке  қарсылықты 

жақтаушылардың  сұқбаттары  мен 

көпшілік алдындағы мәлімдеулері (екі 

Рим  Папасы,  жергілікті  католиктік 

көшбасшылар және интеллектуалдар); 

БАҚ-та гендерлікке қарсы оқиғаларды 

жариялау;  www.stopgender.pl  поляк 

желісі және www.citizengo.org немесе 

www.lifesitenews.com  халықаралық 

платформалары  сияқты  қозғалыстар 

мен  ұйымдардың  веб-сайттарында 

жарияланған түрлі материалдар.

Барлық 

«гендерлікке 



қарсы» 

мәтіндер қауіпті және ықпалды ретінде 

сипатталатын феминистерді қосқанда 

либералды  элиталардан  сезілетін 

аса  жоғары  қауіп  сезімін  көрсетеді. 

Гендерлік теңдік пен гомосексуалдық 

құқығына 

қарсылар, 

керісінше, 

еңбекқор  және  отбасыларына  адал 

ретінде  суреттелетін  қарапайым 

адамдар  өкілдері  екендерін  алға 

тартады.  Құрбан  болу  сезімінің 

мәдени 


де, 

экономикалық 

та 

аспектілері  бар  екенін  ескеру 



қажет:  «гендершілер»  –  жақсы 

қаржыландырылатын және жаһандық 

элитамен  байланысы  мықтылар;  ал 

қарапайым  адамдар  –  жаһандану 

құнының  төлемі.  Осы  мәдени  және 

экономикалық 

өзарабайланысқан 

динамика  гендерлікпен  күрестің 

дәйекті  дискурстық  стратегиясында 

айқын 


көрініс 

тапқан: 


антиколониялық 

құрылымның 

консерваторлық  нұсқасын  қолдану. 

Гендерлік 

колонизацияға 

және 


салыстырмалы  түрде  жиырмасыншы 

ғасыр тоталитаризмдеріне, жаһандық 

лаңкестікке  теңестірілген  шетелдік 

кірігу 


ретінде 

қарастырылады. 

Бұл  дәйек  Батыстың  нақты  тарихи 

колониялық 

доминанттылығы 

туралы  пікірталастардан  алынып 

тасталғанымен,  Польша  сияқты 

айқын  колониялық  тарихы  жоқ 

елдерде  де  жиі  қолданылады. 

Барлық  популистік  сөздердегідей 

>>


 29

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

бұл  риторика  қарапайым  адамдарды 

қанайтын және адамдарды жергілікті, 

нағыз  және  әскери  дайындыққа 

келтірілген  деп  ұсынатын  жемқор 

халықаралық элитаға қарсы.

Гендерлікке  қарсы  дискурстың 

жарқын  мысалы  ретінде  Польшаның 

сол  кездегі  Әділет  министрі  болған 

Ярослав Говинді келтіруге болады. Ол 

2012  жылы  Стамбул  конвенциясын 

ратификациялауға 

түбегейлі 

қарсы  болды.  Оның  айтуынша, 

Конвенция – гендерлік идеологияның 

тасымалдаушысы,  дәстүрлі  отбасы 

мен жергілікті мәдени құндылықтарды 

жоюға  бағытталған  жасырын  күн 

тәртібіндегі  идеологиялық  Трояндық 

ат.  Дәл  осылай,  2016  жылдың 

қаңтарында  Папа  Франциск  діни 

сенушілерге бай Батыс елдері қауіпті 

мәжбүрлі таңатын, тек идеологиялық 

емес,  экономикалық  отарлау  түрі 

ретінде  «гендерлік  идеологияға» 

қарсы  ескерту  жасады.  Папа  сөзіне 

сенсек, шетелдік көмек пен білім беру 

әдетте  гендерлік  теңдік  саясатымен 

байланысты,  бірақ  «жақсы  және 

мықты  отбасылар»  бұл  қауіпті  жеңе 

алады.

Католик шіркеуінің көшбасшылары, 



оңшыл 

фундаменталистер 

мен 

гендерлікке 



қарсы 

қозғалыс 

сарапшылары  «гендерлікті»  сипат-

тауда 


идеологиялық 

отарлауды 

халықаралық 

мекемелер 

мен 

корпорациялардағы 



билікпен 

сипатталатын  экономикалық  қуат-

тылықпен  байланыстырады.  Польша 

белсенділерінің 

басым 

бөлігі 


Еуропалық  Одаққа  меңзегенімен, 

ЖҚТБ,  туберкулез  бен  малярияға 

қарсы  күрес  жөніндегі  Жаһандық 

қор,  ДДСҰ,  БҰҰ,  ЮНИСЕФ 

және  Дүниежүзілік  банк  сияқты 

басқа  да  халықаралық  ұйымдар, 

қорлар  мен  қауымдастықтар  да 

осы  бағытқа  бағдарланған.  Поляк 

контексінде  гендерлікке  қарсылар 

1990-шы  жылдары  Батыс  донорлары 

негізін  қаланған  азаматтық  қоғам 

құрылымдарына, әсіресе гомофобияға 

қарсы  науқан  (КРН)  сияқты  ЛГБТК 

құқық қорғау топтарына мақсатталған. 

Бұл  топтар  шетелдік  жемқорланған 

элита  агенттері  ретінде  сипатталады. 

Маңызды  еуропалық  гендерлікке 

қарсы  билік  ретінде  Габриэль  Кюби 

Католик  әлемдік  есебіне  қатысты 

сұқбатында:

Қазіргі  таңда  жаһандық  сексуалды 

революцияны  билеуші  элиталар 

жүзеге  асыруда.  Олардың  қатарында 

құрамдас ұйымдары өте көп Біріккен 

Ұлттар  Ұйымы  және  Еуропалық 

Одақ  сияқты  халықаралық  ұйымдар; 

Amazon,  Google  және  Microsoft 

сияқты  жаһандық  корпорациялар; 

Рокфеллер  және  Гуггенхайм  сияқты 

ірі қорлар; Билл мен Мелинда Гейтс, 

Тед Тернер, Жорж Сорос және Уоррен 

Баффетт  сияқты  өте  бай  адамдарды; 

Отбасын жоспарлаудың халықаралық 

федерациясы  мен  Лесбийлер  мен 

гомосексуалдардың 

халықаралық 

қауымдастығы сияқты үкіметтік емес 

ұйымдар да бар. 

«Жергілікті» 

және 


«нағыз» 

құндылықтарға  қойылатын  талапқа 

қарамастан 

гендерлікке 

қарсы 

қозғалыс  Отбасылардың  әлемдік 



конгресі сияқты ұйымдарды қамтитын 

халықаралық  желінің  нығаюы  мен 

CitizenGO  сияқты  платформалардың 

мобилденуінен  күшейеді.  Мысалы, 

Польшаның  Ordo  Iuris  институты 

Еуропаның  бүкіл  әлемдік  жастар 

альянсымен,  Америкалық  католик 

отбасы  және  адам  құқықтары 

институтымен,  Брюссельде  орна-

ласқан  Абыройды  Еуропалық  қорғау 

ұйымымен  және  әлемде  сайлауға 

қарсы  ескі  ұйымдардың  бірі  – 

Болашақ балаларды қорғау британдық 

қоғамымен 

тығыз 

серіктестік 



қарым-қатынас  орнатқан.  Осындай 

халықаралық 

байланыстарына 

қарамастан  гендерлікке  қарсылар, 

әдетте, жақтаушыларын мобилдендіру 

үшін  жәбірленуші  көпшілік  ретінде 

қарапайым адамдардың абыройы мен 

сәйкестенуіне сілтеме жасап, олардың 

отбасы мен балаларының болашағына 

қатысты 


заңмен 

бекітілген 

кедергілерді сәтті қолданатын элитаға 

қарсы дискурсты қолданады.

Консерваторлық 

акторлар 

нео-

либералды  идеология  мен  саясат 



туғызған үрей сезімі мен экономикалық 

тұрақсыздықтың  артуын  тежей  алды. 

Бұл сезімдер Польшада адамгершіліктен 

азғындаған 

«Еуроэнтузиастар»-

мен  (аса  оңшыл  ұрандардың  бірі 

–  Еуроэнтузиастар  –  педофилдер 

мен 


педерастар!) 

сипатталатын 

немесе  АҚШ-та  «қисық  Хиллари» 

сілтемесі 

ұсынатын 

декадентті 

элиталарға қарсы ашуға бағытталған. 

Гендерлікке  қарсылықтың  жаңа 

толқыны 

1970-ші 


жылдардың 

соңынан  бастап  гендерлік  теңдік 

саясаты  мен  дискурсы  оппозиция 

құрылғанын,  сондай-ақ  либералды 

емес  популизм  мен  жергілікті 

ұлтшылдықтың 

халықаралық 

қайта  жандануын  да  көрсетеді. 

«Нағыз»  жергілікті  құндылықтар 

мен  қарапайым  адамдарды  шетелдік 

жаһандық  күштерден  және  бай 

жемқор элитадан қорғайтын қозғалыс 

ретінде  «жынысты»  бағынбайтын 

индивидуалдық  пен  мәдени  және 

экономикалық  қанауға  теңестіретін 

осы  стратегия  либералды  емес 

популизмнің 

саяси 


жетістігіне 

жол  ашады.  Гендерлікке  қарсы 

неолибералды  жаһандануға  қарсы 

тұрудың  жаңа  консерваторлық  тіліне 

айналды. 

Хаттарды Элжбиета Королчук <

bekorol@gmail.com

>

пен  Агнешка  Графқа  <



abgraff@go2.pl

>  жолдауға 

болады.

1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет