Жаһандық диалог ж урна л арнайы бағаналар



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата08.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

> Меритократиядан

 

  

кейін

Заманауи Сингапурде “кемелдену” және “оқыту”орталықтары кәдуілгі 

құбылысқа айналды. Суретті түсірген Юен Тео.

>>

С   

ингапурдегі кез келген сауда орталығына кірсеңіз, 

«мектепте  және  өмірде  табысты  болғысы 

келетін»  балаларға  және  «қалай  оқу  керектігі 

жөніндегі өнерді» жарнамалайтын студенттерге 

арналған  «кемелдендіру»  және  «оқыту»  орталықтарын 

көресіз. Олардың кейбіреулері мектеп бағдарламасына сәйкес 

ағылшын,  қытай,  математика,  жаратылыстану  ғылымдары, 

физика,  экономика  пәндерін  үйретсе,  басқалары  негізінен 

сүйікті іске, соның ішінде, әсіресе шахмат пен робототехника 

тақырыптарына  көбірек  бағытталған.  Тікелей  академиялық 

немесе  керісінше,  орталықтардың  бірінде  айтқандай, 

«емтиханға дайын» студенттерді даярлайды. 

Осы орталықтардың кең таралуы – ертерек жіктелу жолы, 

сонымен  қатар  баласының  «жылдам  жетілуін»  мақсат 

еткен  ата-аналардың  үш  жасқа  дейінгі  кезеңде  мұрагерін 

«кемелдендіру» ізденісін бастауы сияқты Сингапурдың білім 

беру  жүйесінің  негізгі  ерекшеліктерін  сипаттайды.  Үздіксіз 

жіктелу мектепте білім алудың барлық кезеңінде қысымның 

сақталуын  қамтамасыз  етеді,  осыған  орай  кемелдендіру/

Юен Тео, Наньян технологиялық университеті, Сингапур 

оқыту  орталықтары  әртүрлі  жастағы  және  деңгейдегілерге 

қызмет көрсетеді. 

Мектептерде  стандартты  емтихандар  қабылданады, 

сондықтан  орталықтар  қызметінің  барлық  түрі  «емтиханға 

дайындық» аясына шоғырландырылады да сатылады. Сайып 

келгенде, бәс өте жоғары, бәсеке де тым жоғары, сондықтан 

орталықтарға  үлгермейтін  студенттер  ғана  емес,  сонымен 

бірге биіктен көрінгісі келетін студенттер де келеді. Заманауи 

Сингапурде  табысқа  жету  үшін  мектептен  тыс  кемелдену/

оқытуды ақылды іс деп санайды.

Меритократияның  өз  дәрежесінде  жұмыс  жасай  алмай 

отырғанын  сынау  Сингапурде  неғұрлым  кең  тараған. 

Үй  тапсырмалары  көлемінің  тым  қомақтылығы  мен 

емтихандардың  көптігі  ата-аналарды  ызаға  булықтырып 

отыр. Сыншылар табысы төмен отбасынан шыққан балалар да 

мүмкіндіктерге қол жеткізе алатындай жағдайды қамтамасыз 

етуге  қатысты  теңсіздіктерге  алаңдауда.  Алайда,  мектептен 

тыс оқытуды меритократияның аберрациясы емес, қисынды 

нәтиже деп санайтындар аз.

Меритократия  әлеуметтанулық  әдебиетте  марапаттарды 

жіктеп  алып,  содан  соң  жеңімпаздарды  заңдастыратын 

жүйе  ретінде  кеңінен  қарастырылады.  Ол  нені  пайдалы, 

нені пайдасыз деп санайтын тар түсініктерге сүйенеді, және 

Пьер  Бурдье  «танымау»  деп  атаған,  яғни  қоғамдастық  бір 

ұстанымдар  жиынтығына  негізделген  деп  есептейтін,  бірақ 

ол басқа негізде жұмыс жасайтын жүйе болған кезде жақсы 

жұмыс  атқарады.  Осы  жағдайда  Сингапур  жүйесі  үздіксіз 

жеке жұмыстың нәтижесін емес, ата-анадан балаларға өтетін 

экономикалық және мәдени капиталды қолдайды. Жіктелудің 

нақты  принциптері  мен  тетіктерін  танымаудан  бастап, 

меритократия  мұраға  қалған  әділетсіз  артықшылықтары 

арқылы  емес,  өзінің  қажырлы,  ауыр  еңбегі  мен  қабілеті 

арқасында  табысқа  жеткен  адамдарды  таңдай  отырып, 

жеңімпаздарды заңдастырады. Сонымен қатар меритократия 

бізге  сәтсіздік  туралы  ерекше  жәйттерді  баяндағанда, 

оларды  жүйелік  кемшіліктермен  емес,  жеке  қасиеттермен 

байланыстырады.

Әлеуметтанулық  тұрғыдан    Сингапурдегі  білім  беру 

саласы инженерия сияқты дәл жұмыс жасайды. Белгілердің 

таңдалған тар жиынтығы мен студенттерді дәл категориялар 

негізінде  сұрыптауды  қолдауға  қосымша  қауымдастықтың 

басым бөлігі марапатталып отырған қасиеттер жеке қабілет 

пен  күш-қайраттың    нәтижесі  деп  шынайы  санайды. 

Сәйкесінше,  диплом  алған  тұлғалар  дұрыс  «ағындар» 

мен  «жақсы»  мектептерден  өткендер,  ресми  біліктілігі, 

мамандығы  бойынша  қорғалған  жұмыс  орындары  бар, 

академияда,  азаматтық  қызметте,  немесе  үкіметте  көпшілік 

мойындаған  мәртебе  мен  жалақыға  лайықты.  Кемелдену 


 

 22


GD

 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ



CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

және  оқыту  орталықтарының  жүйенің  жалпы  қисынына 

деген адамдардың нық сеніміне нұқсан келтіру деңгейі тым 

төмен. Бәс өте жоғары, тіпті кейде тым жоғары деп саналады, 

бірақ марапат ерікті деп қабылданбайды. 

Білім беру мен меритократия туралы сыни әлеуметтанулық 

ойлар күрделі кезеңде дамып отыр. Біз Сингапур қоғамының 

екі  ерекшелігі  болып  табылатын  индивидуализмнің 

институттануы 

мен 


телеологиялық 

нарративтердің 

бедерленуін неге зерттеу керек екенін түсінуіміз керек.

Меритократияның  негізіндегі  қисын  некеге  тұру,  баланың 

дүниеге  келуі  және  оны  тәрбиелеу,  үй  шаруашылығын 

жүргізу  және  қариялар  мен  науқас  адамдарды  күту  сияқты 

жағдайларды  рәсімдейтін  әртүрлі  мемлекеттік  мекемелер 

мен  кешенді  саясат  арқылы  күнделікті  өмірге  етене  сіңіп 

кеткен.  Аталмыш  қисыннан  шығатыны:  Адамдар  өзін  және 

отбасыларын  өз  қамқорлықтарына  алу  керек.  Сингапур 

мемлекеті  сингапурлықтардың  өмірін  ұйымдастыруды 

басқарудың кейбір салаларында интервенциялықтың жоғары 

дәрежесін  ұстанушы  ретінде  әлеуметтік  қамсыздандыру 

саласында  универсалды  ережелерге  шешімді  түрде  қарсы 

шығып  отыр.  Адамдардың  дағды  мен  білімді,  тұрақты 

жұмысты  иемденуі,  сонымен  қатар  гетеросексуалды 

серіктестік  өз  кезегінде  баспана,  денсаулық  сақтау,  балалар 

күтімі,  қариялардың  күтімі,  зейнеткерлік  қолдау  сияқты 

қоғамдық игіліктер мен жақсы тұрмыстың алғышарты болып 

табылады. 

Оқу, жұмыс, некеге тұру, ұрпақ әкелу сияқты алғышарттарға 

қабілетті  болмаған  болса,  онда  ол  қорғалудан,  игіліктен 

және  әлеуметтік  мүшеліктен  шеттетіледі.  Осылайша, 

жеке  «жетістікке»  қол  жеткізу  –  лайықты  мүмкіндіктердің 

маңызды  қыры,  сонымен  қатар    өзара  тәуелді  ұрпақтармен 

қоса  нуклеарлы  отбасы  саясат  пен  басқарудың  әлеуметтік-

экономикалық  бірлігі  болып  қалып  отыр.  Міне  сондықтан, 

отбасылардың  мойындалған  жетістіктерді  иемденуге 

инвестиция салуы ақылды ғана емес, сондай-ақ қажетті. 

Екіншіден,  меритократия  ұлттың  және  ерекше  нақты 

мәні  бар  мықты  телеологиялық  нарративінен  қолдау  тапты. 

Сингапур  меритократиясы  ұлттық-нәсілдік  фаворитизм 

және  кемсіту  жағынан  алғанда  жақын  көршісі  Малайзияға 

ұқсамайды.  Меритократия  –  рационалды,  жүйелік  сипатта, 

сонымен  қатар  Сингапурдың  ерекше  экономикалық 

табысының,  оның  ұлт  ретінде  ғажайып  өміршеңдігінің 

қайнар  көзі  деп  саналатын  көрінбейтін,  беймәлім  құбылыс.

Ұлттың  прогресін  баяндау,  осыны  өз  «қолымен  жасаған» 

сингапурлықтардың  ғұмырнамаларының  баянынан  өз 

нәтижесін  көреді.  Пьер  Бурдьенің  Франциясындағы 

«мемлекеттік    дворяндық»  сияқты  –  «сіңірген  еңбегі  үшін» 

әлемнің  ең  мықты  университеттерінде  оқып,  айта  алатын 

және өзін тыңдата алатын лауазымдарды иелену. 

Индивидтер 

өздерінің 

өмірбаяндық 

нарративтері 

тұрғысынан саяси элитаның және саясаткерлердің кеңсесінен, 

журналистер  мен  жоғары  оқу  орындары  оқытушыларының 

жұмыс орнынан жүйеге, мүмкін керемет жұмыс жасап тұрған 

жоқ,  алайда  жақсы  жұмыс  атқарады,  себебі,  ең  бастысы 

олар/біз  шыңдағылармен  бір  қатардамыз  немесе  оларға 

жақындамыз деп санайды.

Табысқа  жетпегендер  туралы  айтылмайды,  оқшауланған 

және  олар  туралы  кейбір  сәтсіздіктерді  сипаттау  бөлімінде 

ғана баяндалады. Маңыздысы, меритократия өзін жақсы жүйе 

ретінде  көрсетіп  отыр,  өйткені  оған  қарсы  шығатындар  өз 

әлеуметтік позициялары мен құндылықтарын заңдастыратын 

жүйені сынауды тоқтады.

Меритократияның  құны  жоғары.  Жетістік  ретінде 

саналатын сапаға балаларының қол жеткізуіне жағдай жасай 

алмайтын  табысы  төмен  ата-аналар  материалдық  және 

символдық  құндылықтар  үшін  тым  жоғары  ақы  төлеуге 

мәжбүр.  Қоғамдағы  теңсіздіктің  тереңдей  түсуі  табысына 

сәйкес  жоғарыда  орналасқандардың  өзін  үрейлене,  жоғары 

ақы төлеуге итермелеп отыр, себебі төмен қарай бағытталған 

мобилдік  нақты  шығындардың  өсуіне  алып  келеді.  Білім 

берудегі  оралымсыз  және  қымбат  тұратын  көлеңкелі 

бизнес,  жастар  арасындағы  депрессия  мен  ата-аналардың 

бойын  билеген  үрей  және  үй  тапсырмаларын  қадағалауға 

босқа  кеткен  уақыт,  сонымен  қатар  жүйенің  қисынсыз  көп 

ойындарынан пайда болған теңсіздіктердің орнығуы – міне, 

қоғамды зардап шектіріп отырған шығындар осы.

Әлеуметтанушылар  не  істеу  керек?  Бізге  зерттеулердің 

бағдарламасымен қатар іс-әрекеттер бағдарламасы қажет. 

Зерттеулер 

алаңы 

көрсетіп 



отырғандай, 

білім 


әлеуметтануынан  отбасындағы  қатынастарды,  әлеуметтік 

қамтамасыз  етуді,  мемлекет-қоғам  қатынастарын  және 

саясатты зерттеуді бөліп алу мүмкін емес. 

Меритократияны  зерттеу  үшін  бізге  бір  жағынан 

иррационалды  көрінетін  (мысалы,  білімге  қымбат  тұратын 

жеке инвестициялар салу), бірақ екінші жақтың динамикасын 

түсінгенде  (әлеуметтік  қамсыздандыруға  қарсы  фамилистік 

мемлекет) мәні бар екеніне назар аударатын терең бағалауға 

мүмкіндік  тудыратын  барлық  аналитикалық  әдістер  мен 

қолданыстағы құралнама қажет. Бұл мәселелерді білім беру 

тұрғысынан  ғана  емес,  күн  тәртібінде  кеңінен  қойылып 

отырған  теңсіздіктерді  және  олардың  саналуан  түрде  қайта 

өндірілуіне  талдау  қажеттігі  тұрғысынан  қарастыруымыз 

жөн.


Бұдан  басқа,  егер  әлеуметтанулық  құралдар  меритократия 

жөніндегі  ашық  пікірталастарда  назарға  іліксе,  біз  үстем 

нарративті бұзуымыз керек. Үстем нарративтен бас тартудың 

алғышарты - өзіндік рефлексия. Ғалымдар меритократия және 

теңсіздік олар зерттеп отырған объектінің ғана мәселесі деген 

пікір  аясынан  шығып,  күнделікті  тәжірибелер  мен  дискурс 

арқылы  теңсіздікті  тұрақтандыратын  өзімізге  тән  дағдылар 

мен әдістерді зор ынтамен мұқият зерттеуге дайын болғаны 

дұрыс.

Үстем  нарративті  шектеу  ғылыми  алаңнан  қашықта 



орналасқан  аудиториямен  өзара  әрекетті  талап  етеді.  Егер, 

пән аясында қолымызда артықшылықтар мен маргиналдықты 

қайта  өндіруді  түсіндіретін  маңызды  құралдар  болса,  онда 

осы ойларды халықтың әртүрлі топтары арасына таратылатын 

мақалалар  және  әртүрлі  аудиториямен  келіссөздер  мен 

пікірталастар  жүргізу

сонымен  біргеазаматтық  қоғаммен, 



педагогтармен,  саясаткерлермен  және  ата  аналармен 

стратегиялық  кездесулер  көмегімен  академиялық  алаңнан 

тыс жерлерге тарату үшін жақсы жұмыс жасауымыз керек. 

Хаттарды Юен Теоға <

yyteo@ntu.edu.sg

>  жолдауға болады.



 

 23


CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

> Секуляризмнен кейін

К   

өп  жағдайда  сингапурлық  болу  дегеніміз 

–  қоғамдық  та,  жеке  өмірде  де  әлеуметтік 

топтастырудың  жолға  қойылған  мемлекеттік 

жүйесімен  үнемі  келіссөз  жүргізу.  Әрине, 

қазіргі  заманғы  ұлттық  мемлекеттердің  барлығы  өздері 

қамтитын  түрлі  әлеуметтік  және  мәдени  топтарды 

айқындауға,  шектеуге  және  қадағалауға  қатысады;  бұл 

басқару  мен  заманауи  мемлекет  құру  құралдарынан 

кейін.  Сингапурлық  болу  –  сәйкестенудің  негізгі  үш 

белгісімен  ылғи  өзараәрекетте  болу.  Нәсіл,  тіл  және  дін 

–  ұлттық  аңызды  жасаудың  басты  тақырыптары  және 

әлеуметтік, саяси қадағалауды жүзеге асыруға ұмтылатын 

мемлекеттің маңызды басқару құралдары. 

Әр оқушы «тілі, нәсілі және дініне қарамастан» бір ұлт 

болу үшін Сингапурдың күнделікті «Уәдесін» оқығанда, 

әр азаматтың ұлттық жеке куәлігінде «нәсілі» көрсетілуі 

тиіс болғанда; Азшылық құқықтары бойынша Президент 

жанындағы Кеңес пен Діни үйлесімділікті қолдау туралы 

заң  (1991)  сингапурлық  мультикультурализм  тірегі 

болғанда; кей христиандар шектен тыс прозелитизм орын 

алған бүлігі үшін сотталып, ал «өздігінен радикалданған» 

мұсылмандар  лаңкестік  әрекет  жасауы  мүмкін  деген 

айыппен Ішкі қауіпсіздік туралы заңға сәйкес ұсталғанда 

Сингапурдағы  нәсіл,  дін  және  тіл  мәселелері  саяси 

жағынан да өзара тығыз байланыста екенін анық көруге 

болады.

Елдегі  түрлі  діни  және  этникалық  топтар  бейбіт 



өмір  сүруі  үшін  секуляризмнің  сингапурлық  үкімет 

үшін  маңызы  зор.  Этникалық  сәйкестенумен  және 

дінмен  байланысты  мәселелер  саласындағы  кез  келген 

әлеуметтанулық  зерттеу  Сингапурдың  көпконфессиялық 

қоғамы  бар  ресми  зайырлы  мемлекет  екенін  ескеруі 

қажет. Сингапурдың діни плюрализмі – негізінен шартты 

тарихи  факторлардың  нәтижесі,  оның  ішінде  Азия 

және  одан  тыс  аймақтардағы  түрлі  қауымдастықтар 

үшін  тартымды  болған  маңызды  сауда  отары  ретіндегі 

бұрынғы статусы да бар. Дегенмен, секуляризмді үгіттеу 

мемлекеттің ұлттық іргені қалаудан бастау алатын саналы 

идеологиялық  жұмысы,  яғни  1965  жылы  Сингапурдың 

Малайзия  Федерациясынан  шығуы  шарттарымен  тығыз 

байланысты  табанды  әрекеттері  мен  көрші  Малайзия 

және  Индонезиядағы  мықты  ислам  мәдениеттерінен 

ерекшеленіп  тұрған  ұлттық  сананы  қалыптастырудағы 

саяси көшбасшылар мен азаматтардың әрекеттері. 

Зайырлы мемлекет үшін Сингапурда Мұсылман істері 

министрлігінің  болуы  таң  қаларлық  жәйт.  2016  жылы 

Ид  аль-Адхада  (құрбандық  шалу  мерекесі)  министр 

сингапурлықтарды интеграцияға кері ықпал етуі мүмкін 

идеялардан  бас  тартуға  шақырып,  осы  діни  жағдай 

«Сингапурдағы  діни  және  нәсілдік  интеграция  туралы 

ойланатын  қолайлы  уақыт»  екенін  естеріне  салды. 

Елдегі  ашық  саяси  пікірталаста  Сингапурды  зайырлы 

ұлттық  мемлекет  деп  өзіндік  қабылдауына  қатысты  да, 

«экстремистік»  идеологияның  жаһандық  таралуымен 

байланысты  әлеуметтік  үйлесімділікке  келтірілетін 

мүмкін  қауіп  ретінде  де  ислам,  әдетте,  «Басқа»  ретінде 

ұсынылады.

Қуатты  мемлекет  халықты  нақты  категорияларға 

белсенді  бөлгенде,  «нәсіл»  тіл  және  дін  сияқты  мәдени 

ерекшеліктер арқылы анықталғанда этникалық сәйкестену 

мен  дін  мәселелерін  қозғайтын  әлеуметтанулық 

зерттеулердің екі түрлі әдістің бірін таңдау тенденциясы 

бар.  Позитивті  әлеуметтанулық  дәстүр  аясындағы  әдіс 

«нәсіл»  мен  «дінді»  бір-біріне  тәуелсіз  айнымалылар 

>>

Фрэнсис Хек Ги Лим, Наньян технологиялық университеті, Сингапур

Пірәдарлар муниципалитеттік пәтерде орналасқан үй 

ғибадатханасында құдайға сыйынуда. Суретті түсірген 

Фрэнсис Лим.


 

 24


GD

 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ



CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

ретінде  қарастырса,  екінші  әдіс  нақты  классификацияға 

кері  әсерін  тигізетін  біркелкі  емес,  аралас,  көпқырлы 

сәйкестенулерді  өндіретін  этникалық  және  діни 

шекараларды  зерттей  отырып,  биліктің  шекараларды 

құруын  сынайды.  Осылайша,  Сингапурдағы  діни 

плюрализм саласындағы зерттеулер индуизм мен даосизм 

(сәйкесінше,  «үнді»  және  «қытай»  қауымдарынан) 

табынушыларының  көбі  екі  діни  дәстүрдің  ұштасуынан 

шаққан Мунисваран, Туа Пек Конг, Тай Сенг, Кришна мен 

Хануман сынды құдайларға табынады. Осы құдайлардың 

кейбіреуі ортақ ғибадатханаларда орналасқан.

Секуляризмді  сыни  зерттеу  секуляризмнің  әлеуметтік 

үйлесімділікке  ұмтылуда  Сингапурдың  көп  нәсілділігін 

легитимдеуге ықпалы тиюімен қатар, саяси процесс пен 

саясатты  анықтауда  «объективті»  және  «рационалды» 

талқылауда  да  секуляризм  рөлі  ерекше  екенін 

көрсетеді.  Сингапурлық  стилдегі  секуляризм  –  кейбір 

коммунистік  елдерде  орын  алған  құдайға  қарсы  емес, 

керісінше,  сингапурлық  секуляризм  адам  өміріндегі  дін 

маңыздылығын мойындап, барлық діндерге тең қатынас 

жасайды.  Дін  таңдаудағы  еркіндікке  конституциялық 

кепілдіктен басқа мемлекет әлеуметтік мұқтаждықтарды 

өтеудегі  көмегі  үшін,  яғни  әлеуметтік  қамсыздандыру 

қызметтерін  ұсыну  мен  адамгершілік  және  мәдени 

құндылықтарды  насихаттауына  –    түрлі  діни  топтарға 

қолдау көрсетеді.

Сингапурлық  секуляризм  негізгі  екі  аспектіден 

құралады.  Бір  жағынан  мемлекет  діннің  саясаттан 

тыс,  әсіресе,  діни  ұйымдарға  мүшелерін  саяси  билікке 

мобилдендіруіне  рұқсат  бермей,  қызмет  етуін  талап 

етеді. Екінші жағынан, мемлекет Сингапур ислам кеңесі 

(MUIS)  сияқты  ресми  ұйымдарға,  ғибадатханаларға, 

мешіттерге  немесе  ерікті  әлеуметтік  қамсыздандырудың 

діни  топтарына  «кеңесші»  ретінде  үкімет  өкілдерін 

бекіту  жолымен  діни  қауымдастықтарды  қадағалау  мен 

басқаруға  ұмтылады.  «Кеңесшілер»  қызметі  орын  алуы 

тиіс діни пікірталас тақырыбы мемлекеттік күн тәртібінің 

мәселелерімен үндесуін тексеруге бағытталған.

Қазіргі  заман  мемлекеттерінің  басым  бөлігіндей 

Сингапур  да  даму  мен  модернизация  идеологиясымен 

қуаттандырылған 

территориялықтың 

функциялық 

концепциясын  дамыта  отырып,  түрлі  діни  топтарға 

ғибадатхана  бөледі.  Қала-мемлекет  болғандықтан,  жер 

жеткіліксіздігін ескере отырып, билік қаланы жоспарлауда 

утилиттік  және  интервенциялық  әдістерді  қолданады. 

Жер телімдерін реттейтін сингапурлық билік діни ұйым 

орналасқан  жерді  меншігіне  алған  кезде,  діни  топтар 

жылжуға,  жабылуға  не  конгрегацияларын  біріктіруге 

мәжбүр  болады.  Мысалы,  түрлі  жерлерде  орналасқан 

қытай  ғибадатханалары  «біріккен»  ғибадатханаларды 

құру  мақсатымен  біріктірілген  болатын.  Кезінде  жеке 

ғибадатханаларда  орналасқан  мехрабтар  қазір  бір 

ғимаратта орналастырылған. Соңғы уақытта үкімет түрлі 

діни  топтар  өз  қызметтері  үшін  жалға  орын  ала  алатын 

көпқабатты ғимараттар тұрғызуды ұсынып отыр.

Сингапурдағы дін зерттеушілерінің басым бөлігі дінді 

басқару  мен  реттеудің  мемлекеттік  стратегияларын 

зерттеумен  айналысады,  алайда  түрлі  діни  топтардың 

секуляризм  саясатын  айналып  өтудің  инновациялық 

әдістері туралы зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, Теренс 

Чон,  Дэниел  Гох  және  Мэтью  Мэтьюс  кей  евангелистік 

христиандардың  саяси  көшбасшыларды  «жұтуы»  және 

сексуалдылық  пен  отбасыға  қатысты  мәселелерде 

үкіметтің  консервативті  саясатына  қолдау  көрсетуі 

арқылы  саясат  пен  саяси  дискурсты  қалыптастырудағы 

орны  туралы  зерттеуді  жүзеге  асырып  жүр.  Индуизмді 

зерттеушілер,  Мунисваран  жамағатын  зерттеген  Винита 

Синха жұмысын қоса алғанда, билік көзінен таса орманды 

жерлерде  өткізілетін  рәсімдерді  сипаттайды.  Мен  жеке 

зерттеуімде Yiguan Dao-ның – түбі қытайлық халықаралық 

«құтқару  діні»  -  тұрмыстық  пәтерлердің  (ресми  түрде 

зайырлы орындар) ғибадатханаларға айналуына ықпалын 

қарастырдым.  Сондай-ақ,  христиандар  өз  үйлерінде 

«кездесу топтарын» ұйымдастырса, қытайлық медиумдар 

мен даолық абыздар «үй-ғибадатханаларды» ашқан.

Бұл  жағдайлар  Сингапурдағы  дінді  мемлекеттік 

басқарудың  мүмкін  шекарасын  ұсынады,  яғни  «жеке» 

және  «бұқаралық»  діни  домендері  арасындағы  зайырлы 

айырмашылық  –  дінді  және  кей  діни  топтардың 

мемлекеттің  ресми  құзыреттілігінен  тыс  қызмет  ету 

кеңістігін  толық  басқару  мүмкіндігіне  шектеу  қоюға 

ықпал ететін айырмашылық.

Хаттарды Фрэнсис Хек Ги Лимге <

fkglim@ntu.edu.sg

> жолдауға болады.



 

 25


GD

 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ



CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

 

> Жаһанданудан кейін



Ұ   

лттық  мұражай  мен  тарих  оқулықтарында 

Сингапурдың  қалыптасуы  туралы  екі  негізгі 

дерек  бар.  Біріншісі  және  ерте  қабылданғаны, 

1965 жылы тәуелсіздік алынғаннан соң айтылған 

1819  жылы  Ист  Индия  компаниясының  өкілі  Стэмфорд 

Раффльздің  аралда  британ  қонысының  негізін  салуымен 

байланысты. Мұнда Раффльздің Малай түбегінің мүйісінде 

отырып,  Үнді  мұхиты  мен  Шығыс  Азия  арасындағы  сауда 

жолдарының  түйіскен  жеріндегі  Сингапурдың  орналасу 

орнын  стратегиялық  деп  мойындауы  туралы  айтылады. 

Қажетті  басқару  және  ашық  иммиграция  нәтижесінде 

қоныс  малайлық  балық  аулау  тұрағынан  заманауи 

көпұлтты  мегаполиске  айналды.  Екіншісі,  яғни  кейінірек 

қабылданғаны,  аралдағы  ең  алғашқы  қоныс  –  Темасэк 

туралы.  Археологиялық  қазбалар  мен  ертедегі  азиялық 

зерттеушілер жазбаларына сүйенсек, Темасэк – он төртінші 

ғасырда  кішірейіп  бара  жатқан  Сривия  империясының 

ханзадасы  негізін  қалаған  бекініс  және  космополиттік 

сауда  порты  болған.  Он  бесінші  ғасырда  порт  Малакка 

сұлтанатының қарамағына өтеді де, 1511 жылы Малакканың 

португалдықтардан жеңілісінен кейін қаланы тастап кетеді, 

осыдан  соң  аралдың  санскриттік  атауы  –  сингапурлық 

қайтарылды.

Қала  іргесінің  қалыптасуы  туралы  осы  екі  оқиғаның 

да  ортақ  қорытынды  нүктесі  –  1959  жылдан  бастап 

Сингапурдың басқарушы партиясы, әрекет етуші Халықтық 

партия британ отары үшін жалпы сайлау құқығы мен өзін-

өзі  басқару  құқығы  алғаш  орнағанда  қаланың  ерекше 

екенін  мойындауы  және  оның  болашағы  сәтті  болатынына 

сенуі.  Екі  оқиғаны  байланыстыратын  нәрсе  –  жаһандану 

Сингапур сәттілігінің ажырамас бөлігі ғана емес, оның өмір 

сүруі  үшін  маңызды  жағдай.  Жаһандану  –  бұл  Сингапур. 

Осылайша,  1965  жылы  Сингапур  абайсызда  Малайзия 

>>

Даниэль П.С. Гох, Сингапурдың ұлттық университеті

Марина Бей жүзетін платформасында Ұлттық Шерудің дайындығы. 

Суретті түсірген Даниэль Го.

Федерациясынан  ажыратылғаннан  кейін  қиялдағы  ұлттық 

қауымдастықты  қалыптастыруға  мәжбүр  болған  кезде 

жас  мемлекетті  құруда  негізгі  орынға  ие    басқарушы 

партия  идеологы  С.Раджаратнамның  1972  жылы  Сингапур 

туралы  жаһандық  қала  ретінде  баяндауы  көрегендіктің 

белгісі  ретінде  бағаланады,  себебі  бүгін  де  Сингапурдың 

пайдакүнем  экономикадан  өндірістік  экономикаға,  одан 

кейін  постиндустриялық  жаһандық  қалаға  сәтті  айналуы 

жоғары  бағаланады.  Ол  –  жаһанданып  жатқан  Азияның 

қаржылық және қызмет көрсету орталығы.

Бірақ  Раджаратнамның  Сингапурдың  жаһандық  қалаға 

айналуындағы саяси және экономикалық қажеттілігі туралы 

түсінігі  жай  ғана  дәйектер  болмады.  Арнольд  Тойнбидің 

сипаттамасына сәйкес, гегельден кейінгі Ағартуға бой ұрған 

Раджаратнам  бойынша  Сингапур  жаһандық  қала  болып 

табылады.

Сингапур  өз  қалпын  сақтап,  тарихта  тағдырын  жүзеге 

асыруы үшін жаһандық қала күйінде дамуы қажет. Ұлт құру 

мен ұлттық индустрияландыру Сингапурдың жаһандық қала 

ретінде  ұзақ  дамуына  қайшы  әдіспен  жүргізілмеуі  керек. 

Сондықтан,  экономиканы  трансұлттық  корпорациялар 

үшін  тартымды  ету  және  иммиграцияға  ашық  қоғамды 

ұстап  қалу  шешімі  экономикалық  бәсекеде  аман  қалудың 

прагматикалық  императивтері  ғана  емес,  Сингапурдың 

жаһандық қала сипатын сақтап қалуы еді.

1965 

жылы 


Сингапур 

ұлттық 


университетінде 

модернизациялауды күшейту аясында Әлеуметтану факультеті 

ашылды.  Соңғы  елу  жылда,  әсіресе  алғашқы  онжылдықта, 

кафедра  антропологтары  мен  әлеуметтанушылары  (басым 

бөлігі жоғары оқу орнынан кейінгі білімін Батыстың мықты 

университеттерінде  алған)  үкіметтің  әлеуметтік  саясатын 

әзірлеуге,  кейде  жүзеге  асыруға  жұмылдырылды.  Олардың 

қатарында  халықтың  басым  бөлігіне  қоғамдық  тұрғын  үй 

құрылысына  бейімделуіне  көмек,  этникалық  және  діни 

плюрализмді  басқару,  неке  және  туу  мәселелері,  сондай-

ақ,  бір  ұрпақ  ғадеті  мен  дүниетанымын  модернизациялау 

бойынша  үкіметтің  қарқынды  әлеуметтік  инженерлік 

науқанмен байланысты мәселелер. 

Сыншыл 


ғалымдар 

бұл 


жағдайды 

бүгін 


әлеуметтанушылардың  басқарушы  партия  гегемондық 

идеологиясын және авторитарлы билігін қалыптастырудағы 

сыбайластығы  ретінде  қарастыруы  мүмкін.  Алайда, 

өткенге сын айту – айыптаудың ең оңай жолы. Тәуелсіздік 

алған  алғашқы  жылдары  басқарушы  партияның  жарқын 

болашағы,  әсіресе,  егер  Раджаратнам  сияқты  терең 

ойлайтын  идеологтар  мен  ойшылдар  ұсынған  болашақ 

болса,  айналасына  топтастырылған  егемендікке  енді  ғана 

қол  жеткізген  адамдардың  постколониялық  ұмтылыстарын 

кез келген сингапурлық немесе шетелдік тұрғын қолдар еді. 

Оның  үстіне  деколонияландыру  кезеңінде  солшылдардың 

жеңілуінен  кейін,  халықаралық  коммунизммен  байланыс 

элементтерінен  жұрдай  билеуші  партияның  социалисттік 

1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет