Жаһандық диалог ж урна л арнайы бағаналар



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата08.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

>>

>>



> Ли Куан Ю – дан соң

Виниета Синха, Сингапур Ұлттық университеті, ХӘҚ жарияланымдар бойынша Вице-президенті

2014-2018

T            

әуелсіз  Сингапурдың  алғашқы 

премьер-министрі, 

марқұм 


Ли  Куан  Ю-дың  түсініксіздеу 

бейнесі ұлттық арал мемлекеттің 

өмір  сүруі  мен  идентификациясының 

өзіндік  мәнін  анықтайтын  сияқты.  Ли 

Куан  Ю  есімімен  байланысты  басқарудың 

Сингапурлық стилін, шынында, оның жеке 

басына қатыстыра отырып, «прагматикалық 

авторитаризм»,  «жұмсақ  авторитаризм», 

«ағартушылық 

деспотизм», 

тіпті, 

«қайырымды диктатура» деп те айдар тақты. 



Мемлекеттік  нарратив  меритократияның, 

мультикультурализм 

мен 

заңдардың 



үстемдігін  ұстана  отырып,  «таза»  үкіметке, 

тиімді  бюрократияға,  модернизацияға, 

экономикалық даму мен гүлденуге, сонымен 

қатар әлем бойынша жан басына шаққанда 

жоғары  табысқа  жеткендердің  қатарына 

алып  келді  Этникалық  топтар  арасындағы 

әлеуметтік-мәдени 

айырмашылықтарды 

ескеріп  және  олардың  барлығына  «теңдік» 

беретін  идеологияны  қолданып  (осы 

шығарылымдағы  Нұрман  Абдулланың 

«Көпнәсілдіктен 

кейін» 

мақаласын 



қараңыз),  осы  нарратив  сандық  баламаны 

емес, мәртебелі еңбегі бойынша этникалық 

негіздегі  ресми  және  институттанған 

кемсітуді 

жоққа 

шығара 


отырып, 

мүмкіндіктер  теңдігін  білдіреді.  Бірақ  осы 

мықты  ұстаным  нәсілдік  ерекшеліктер  мен 

нәсілшілдік  туралы  ойларды  пайымдауға 

тіпті  мүмкіндік  бермек  түгілі,  күрделі  етіп 

жіберді;  саясат  пен  меритократияның 

қайшылықтарын  өлшеу  де  байқалмайтын 

болып  қалды  (осы  шығарылымдағы 

Юен  Teoның  «Меритократиядан  кейін» 

мақаласын қараңыз). 

Сингапур  саясатының  басқару  және 

әкімшілік әдісінде жоспарлау, тиімділік, 

бақылау  және  реттеуге  басымдық 

берілген. 

Сингапур 

қоғамының 

күнделікті  өмірін  бюрократия  шырмап 

алған, ол сыбайластық пен ашкөздіктен 

ада  тәжірибелерге  ие,  тиімді,  мүмкін 

тіпті  өте  тиімді  жұмыс  жасайды  деп 

қарастырылады.  Сингапур  басшылығы 

ағылшындардан 

мұраға 

қалған 


«инфрақұрылымды»,  кезінде  Макс 

Веберді  таң  қалдырған  және  мазасын 

кетірген 

мінез-құлық 

ережелерін 

(бюрократтар  тарапынан)  тыңғылықты 

сақтауды  күшейту  үшін  әбден  екшеп, 

мұқият жүзеге асырды. 

Орталықтанған  басқару  және  барлық 

басқа  әлеуметтік  салалармен  тығыз 

байланыс  сияқты  басқару  принциптері 

қолдаушы  бюрократиялық  ұйымдар 

желісі  бар  экспансивті  мемлекеттік 

аппаратты  талап  етті.  Тап  осы  делдал 

Гуаньинь ғибадатханасы пірәдарлары көрші 

Шри Кришнан ғибадатханасында хошиісті 

таяқшаларды таратып жүр. Суретті түсірген 

Даниель Го.

институттар 

арқылы 


мемлекет 

барлығын  қамтитын  авторитарлық 

және  прагматикалық  идеологияның 

тікелей үстемдігі негізінде қабылданған 

өз  азаматтарының  күнделікті  өміріне 

ықпал  ететін  саясаттарды  қолдануға 

талпынады. 

Сингапур 

мәдениетін 

«бақылау 

мәдениеті»  деп  сипаттай  отырып,  Карл 

Троки, 


постколониялық 

мемлекет 

биліктің анағұрлым жоғары деңгейлерін 

дамытады  және  «өзіне  қоғамды 

толық  басқару  мен  бақылаудың  [...] 

жауапкершілігін  мойнына  алады»  деп 

тұжырым  жасады.  Чуа  Бенг  Хуата  мен 

Квок  Киан  Вун  да  тәуелсіздік  алғаннан 

кейінгі 

Сингапурда 

«мемлекеттік 

араласудың кеңеюі және [...]мемлекеттік 

аппараттың 

қолында 


биліктің 

шоғырлануы» 

күнделікті 

өмірдің 


кейбір  салаларының  тәуелсіздігі  аясын 

тарылтқанына назар аударады.

Академиялық  және  кәсіби  емес 

дискурстар  Сингапурды  Ли  Куан 

Ю-мен  және  оның  келісімге  келмейтін, 

авторитарлық 

саясаты 

брендімен 

тығыз  және  үздіксіз  байланыстырады. 

Сингапурдың  азаматтары  әдеттегідей 

консервативті, 

бойларын 

үрей 

билеген,  тіл  алғыш  және  ынжық 



болатын.  Дегенмен,  сингапурлықтар 

жоғарыдан  төменге  бағытталған  әдіске, 

«грек  жаңғағын  жару  үшін  балғаны 

қолдануға»,  Сингапурдағы  қоғамдық 

дискурстың  бөлінбес,  кей  кезде  әбден 

мезі  қылған  бөлігін  сынай  бастағанына 

біраз уақыт болды.

Саяси  құрылымдар  мен  әлеуметтік 

ғылымдар  арасында  қандай  қатынас 

бар?  Сингапур  әлеуметтануы  да  үнемі 

Ли  Куан  Ю  қырынан  қарастырылады. 

Постколониялық  Сингапур  көсемдері 

экономикалық 

даму 


мен 

оның 


нәтижесіндегі  әлеуметтік  өзгерістер 

өзекті  деп  қабылданған  жас  тәуелсіз 



 

CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

 

 18



GD

 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

елдің  қажеттіліктерін  сипаттайтын 

экономикалық  дамуды  басымдық  деп 

таныды. 

Әлеуметтанулық зерттеулер (негізінен 

үкімет  қаржыландыратын)  «қолайлы» 

болуы тиіс; жаңғырту процесіне тікелей 

ықпал  етпеген  жағдайда  да,  ұлттық 

құрылыс жобасын демеп тұрады. 1970 – 

1990-жылдар  арасында  әлеуметтанулық 

білімдер 

Сингапурдың 

көпұлтты, 

көпконфессиялық  халқын  басқарудағы 

ұлттық  мемлекеттің  басымдықтарын 

көрсететін  жылдам  әлеуметтік-мәдени, 

экономикалық және саяси ақпараттарды 

қалыптастыруға бағытталды.

Алайда, 


соңғы 

кездерде, 

әлеуметтанушылардың  университеттік 

мүдделері  мен  ешқашан  абсолютті 

болмаған  ұлттық  мүдделер  арасындағы 

тепе-теңдік  бұзыла  бастады.  Сингапур 

әлеуметтанушылары 

мемлекеттің 

мультикультурализм, 

меритократия, 

отбасы,  неолиберализм,  жаһандану, 

Сингапурдың тарихы, көпконфессиялығы 

және  діни  үйлесімі,  кедейлік  пен 

теңсіздіктің жоқтығы және т.б. бойынша 

нарративтерін сынай бастады.

Тағы  бір  жағдай,  қазіргі  кезде 

Cингапур 

мемлекеті 

әртүрлі 

министрліктерде 

тәуелсіз 

зерттеу 


әлеуетін  қалыптастыруда,  бұл  қадам 

университеттік зерттеулерге тәуелділікті 

азайтуы мүмкін.

2015  жылы  Ли  Куан  Ю-дің  өлімі 

көптеген  сингапурлықтарды  есеңгіретіп 

тастағаны  таңқаларлық  жәйт  емес 

еді,  себебі  ұлт  заманауи  Сингапурдың 

сәулетшісін  және  басшысын  жоғалтты. 

Дегенмен  қызық  жәйт,  бұл  азаттық 

алу  сәті,  шектеулер  мен  гиперреттеуге 

шырмалмайтын мүмкіндікке, еркіндікке 

қарай,  соның  ішінде  саяси  еркіндікке 

қарай қадамды сезіну болды. 

Бірақ 


бұл 

эйфориялық 

реңк 

әлеуметтанулық 



қиялдың 

мықты 


мөлшерімен бір қалыпқа келтірілуі қажет. 

Сингапурда  өз  кәсібім  мен  тәжірибе 

жүзінде шүғылданушы этнограф ретінде 

менің  діни  тәжірибелерді  зерттеуім 

күнделікті  өмірдің  басымдығы  мен 

нәтижелігіне  негізделеді.  Әлеуметтік 

және  саяси  өмірді  ұйымдастырудың 

кеңдігін  ескере  отырып,  аралдың  киелі 

домендері  бюрократиялық,  әкімшілік 

және 


заңнамалық 

кедергілермен 

шырмалған  жоғары  рационалданған 

менталитетке  кіріктірілген.  Сингапур 

діни  алаңының  ерекшелігі,  әсіресе 

бюрократия  мәдениеті  мен  оның 

діншілдікті  білдіруге  ықпалы  зерттеуді 

қажет  етеді  (осы  шығарылымдағы 

Фрэнсис Лимнің «Секуляризмнен кейін» 

мақаласын қараңыз).

Сингапурлық  мемлекеттің  интер-

венциялық 

болуы 

зерттеуімнің 



алғашқы  тірегі  болды.  Зерттеуім 

«ғибадатханалар  джунглиін»  (биліктен 

жасырын 

орындарда 

орналасқан 

киелі  жерлер)  және  индуист,  даошыл, 

буддашыл  және  католик  ретінде 

сингапурлықтардың  күнделікті  діни 

өмірімен біте қайнасқан діни мерекелер 

мен  ғибадатханалар  саласы  әлемін 

аша  отырып,  Сингапур  діни  алаңының 

«астан-кестең» 

екенін 

көрсетеді. 



Діни  тәжірибелер  жоғары  дәрежеде 

шектелген  алаңдарда  киелі  орындар 

мен  сананы  қалпына  келтіргендіктен, 

Сингапур  қаласының  топографиясы 

діни  саладағы  «былықпайшылықты» 

және  «дүрбелеңді»  екенін  сипаттайды: 

діни  рәсімдер  спорттық  стадиондар 

мен  жүзу  бассейнінде  де  өткізілген.  Ли 

Куан  Юдің  авторитарлық  билігі  кезінде 

«киелі/зайырлы» және «жеке/қоғамдық» 

анық белгіленген шекараларын «елемеу» 

Сингапурдың  діни  доменінің  алғашқы 

үлгісіне  айналды.  Осы  діни  саланы 

балама  оқу  –  оның  Сингапур  қаласына 

таза,  кіршіксіз  таза,  аса  ұқыптылықпен 

реттелген  басым  көзқараспен  қарауға 

саяси қарсылыққа қатысуына жол ашты.

Ресми 


құрылымдармен 

келіссөз 

жүргізудің күнделікті мүмкіндігі туралы 

не  айтуға  болады?  Бюрократиялық 

құрылымдардың  нық  орнауы  мен 

интервенциялық  позициясына  қарамас-

тан,  діни  эксперимент  жүргізуге  асқан 

құлшыныс  Сингапурдың  діни  өмірін 

анықтайды.  Дінге  араласу  діни  саланы 

қайта  конфигурациялағанымен  діни 

инновация  мен  шығармашылықтан  да 

бас  тартпайды.  Дінді  реттеу  абайсызда 

діни  еркіндікке  жаңа  кеңістіктерді 

ашты.  Іс  жүзінде  бұл  бюрократиялық 

аппараттың  лабиринті  келіссөз  үшін 

орын  қалдырады,  себебі  күтілетін 

күнделікті нәтижелерге қол жеткізу үшін 

діни  тәжірибені  жүзеге  асыратындар 

ережелерді 

стратегиялық 

түрде 

қолданады.



Сингапур 

кешенді 


әлеуметтік-

саяси  және  діни  ландшафтының 

этнографиясы 

маған 


авторитарлы 

үкіметті,  әсіресе  Ли  Куан  Ю  кезеңін, 

жоғары  қоятын  шаршаған,  томаға 

тұйық, 


жәбірленген 

азаматтардың 

стереотипті  мінездемелерін  анықтауға 

итермеледі.  Баяндамам  Сингапур  діни 

домендерін  әдеттегідей  есептеуге  және 

Сингапур  мемлекетін  қадағалаудың 

басты дискурсына қарсы, себебі мұндай 

әрекет  ету  индивид  өмірін  айқындауға, 

яғни не тәртіпті, алдын-ала болжанатын 

әрекетке,  не  агенттердің  тұрып  қалуы 

мен жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін. 

Нық орныққан авторитарлық мемлекет 

объективімен  қарағанда  академиялық 

нарративтерге оптимистік сенімділік тән 

немесе Сингапур тарихы белгілі немесе 

анықталатын  нәрсе,  алдын-ала  белгілі 

және  іш  пыстырарлық.  Сингапурлық 

зерттеулер 

Сингапур 

саясатының 

ескірген 

көзқарасы 

тұрғысынан 

қарастырылатын 

әлеуметтік-мәдени 

және  саяси  өмірінің  көріністеріне 

қарсы  тұруда.  Шындығында,  Сингапур 

қоғамының  балама  сипаттарында,  мені 

авторитарлық  мемлекеттің  апологеті  не 

макро,  яғни  саяси  аппараттың  гегемон 

екенін мойындамайтын, бағынған азамат/

нон-актордың  күнделікті  жеңістерін, 

яғни  «микро»-ны  сипаттаумен  көңілім 

жай табатын тұлға ретінде оқитын.

Осылайша, 

Сингапур 

әлеумет-

тануының 

шешілмеген 

мәселелері 

көп.  Ол  ресми,  басым  нарративтерге 

және  сингапурлық  қоғамды  зерттеуге 

балама  жауаптарды  өндіріп  қана 

қоймай,  Сингапур  қоғамын  үнемі 

жауапсыз  интерпретациялауға  және 

әлеуметтанулық 

тұрғыдан 

шешуге 


ұмтылуы  қажет.  Шектеулер  мен 

шаблонды  дискурстардың  шекарасынан 

шығып,  көпқырлы  балама  ойлар 

бағытында  жылжи  отырып,  Сингапур 

әлеуметтік  және  саяси  өміріндегі 

түйткілдерді 

шешуге 

ұмтылыс 


ретінде  де  орын  алуы  тиіс.  Әлеуметтік 

құрылымдарды адамдар құрастырмайды 

және  ол  бір  сәтте  ғайып  бола  алмайды. 

Басты  сұрақ:  қазіргі  премьер-министр 

Ли  Сянь  Луннан  кейін  Сингапур  саяси 

күштерінің бөлінуі қалай болмақ?

Хаттарды Винетта Синхаға <

socvs@nus.edu.sg

жолдауға болады.



 

CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

 19


GD

 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ



> Көпнәсілдіктен кейін 

Нұрман Абдулла, Сингапур Ұлттық университеті, ХӘҚ мүшесі, пікір мен қоғам тақырыптық тобы 

(TG07)


Сингапурдың заманауи қытайлық орамындағы тарихи орын Телок 

Айерде малай және үнді саудагерлерінің мүсіндері. Суретті түсірген 

Даниэль Го.

>>

С   

ингапурдың  премьер-министр  Ли  Сьен  Лунг 

2016 жылы тамызда Ұлттық мерекеге арналған 

жиында  сөйлеген  сөзінде  нәсіларалық 

мәселелерді  қозғап,  жоғары  саяси  билік 

деңгейіне азшылықтың өкілдерін тартуға шақырды. Осы 

тұрғыда  азшылықтың  өкілдігі  тек  нәсілге  ғана  қатысты 

болды,  ол  не  гендерді,  не  жыныстық  бағытты  немесе 

басқа  әлеуметтік  маңызды  және  секторлық  аралық 

категорияларды қамтыған жоқ. Бір қызығы, 1989 жылдың 

өзінде-ақ, үлкен  Ли  бұрынғы  премьер-министр  Ли  Куан 

Ю  Сингапур  әлі  де  қытайлық  емес  премьер-министрге 

тіпті  дайын  емес  деп  сіресіп  еді,  алайда  2008  жылдың 

соңында, кіші Ли бұл жағдай болуы «мүмкін, бірақ жуық 

арада  емес»  деген  болатын  (The  Straits  Times,  9  қараша, 

2008).  2016  жылғы  жиыннан  екі  апта  өткеннен  кейін 

Сингапурдың  күнделікті  шығатын  басты  басылымы 

(The  Straits  Times,  9  қараша,  2008)  бір  бетке  толығымен 

Сингапурдың  тізгінін  кім  алады  деген  мақалада  Лиді 

ауыстыратын  мүмкін  үміткерлер  туралы  талдау  ұсынуы 

да  отқа  май  құйды  (2016  жыл,  4  қыркүйек)  –  олардың 

барлығы министрлер кабинетінде басым болып отырған 

қытай ұлтының өкілдері.

Лидің  сөзі  сингапур  қоғамында  нәсілдік  фактордың 

тұрақты күшейе бастағанын көрсетеді. Нәсілге назар аудару 

мен  оның  көрініп  қалуы  әлеуметтік,  саяси  және  мәдени 

саясатта байқалады және арта түскендігі де дау туғызбайды, 

сондай-ақ  Сингапурдың  күнделікті  өмірінде  едәуір  орын 

алып отыр. Мультикультурализмнің сингапурлік үлгісінің 

әлеуметтік-саяси  өмірін  ұйымдастырудың  осындай 

гегемондық дәстүрі яғни әрбір нәсілдік категорияға өзіне 

тән  мәдениеті  мен  тілін  иемденуге  мүмкіндік  беретін 

ресми  түрде  «қытай»,  «малай»,  «үнді»  және  «басқалар» 

категорияларының қысқартылған CMIO-дан туындайды.

CMIO  көп  нәсілдігі  меритократиямен  қоса  Малайзия 

мен  Сингапур  арасында  этникалық  қытайлар  мен  басқа 

азшылықтардың  құқықтарын  сақтау  бойынша  бітіспес 

даудың нәтижесінде 1965 жылы аяқ астынан Сингапурдың 

Малайзиядан бөліну нәтижесінде Британ отаршылдығынан 

мұраға қалған іргелі идеологиялық догматтарға негізделген.

Осы кедергі тәуелсіздіктен кейінгі Сингапурдағы ұлттық 

саясат  өзегінің  бөлігіне  айналып  отыр:  шағын  қала-

мемлекет ретінде өзін қорғау әрі заңдастыру үшін үкімет 

саналуан ұлттық және діни топтарға тең мәртебе, қатынас, 

мүмкіндіктерді  беру  және  кепілдікпен  қамтамасыз  етуге, 

сонымен қатар оларға бірдей құрмет көрсетуге баса назар 

аударды.


Нәсілге  қатысты  осындай  міндеттемелер  білім  беру 

мен тіл саясатында, өзара көмек топтарында, мемлекеттік 

тұрғын  үйді  бөлуде,  тұрғындарды  бақылауда,  сондай–ақ 

саяси өкілдікте үнемі ескеріліп отырды.

Сингапурдың  өзін  нәсілдік-бейтарап  ел-міс  деп 

таныстыруын  есепке  алсақ,  онда  мемлекет  ұлттық 

мүдделер шекарасында нәсілдік қатынастардың тең және 

аса мүдделі емес қорғаушысы жағдайына түседі. Сонымен 

қатар  саяси  құралдар  мемлекетке  халықтың  белгілі  бір 

нәсілдік арақатынасын өндіруге мүмкіндік береді.

Ақылға  қонымсыз,  бірақ  осы  нәсілдік  арифметика 

теңдікке  назар  аударылатынына  қарамастан,  этникалық 

қытайлардың басым бөлігіне және олардың үстем болуына 

қызмет  етеді  әрі  қолдайды.  Сол  уақыттағы  премьер-

министрдің  орынбасары,  кейін  сайланған  президент  Онг 

Тенг  Чеонг  белгілі  бір  топтарға  мәртебелірек  қатынас 

Конституцияның  тәні  мен  жанына  қайшы  емес  деп 

мәлімдеді.  Шынтуайтына  келгенде,  мультикультурализм 

дискурсы барлық мәдениеттердің теңдігімен келісе отырып, 

басқалармен салыстырғанда кейбір мәдениеттерге одан да 

теңірек болуға аса ашық емес мүмкіндіктер туғызады.

Тағы  бір  маңызды  нәрсе  CMIO  мәдени  әртүрлілікті 

басқару үшін әлеуметтік ұйымның ережеге сәйкес құралы 

ретінде ресми түрде рұқсат етілген осы категорияларға тән 

басқа  қоғамдық  маңызды  ұлттық,  аймақтық,  тілдік,  діни 

және  мәдени  айырмашылықтарды  айналып  өтуге  немесе 

жасыруға талпынады. Сонымен қатар CMIO нәсілдік топтар 


 

 20


GD

 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ



CИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ 

арасындағы  айырмашылықтарды  мойындау,  мерекелер 

және  инволюциялық  ерекшеліктер  арқылы  нәсілдік 

шекараларды  бекітеді  және  күшейтеді.  Нәсіл  мәдени 

кеңістігін  кеңейту  жолымен  саяси,  әкімшілік  категория 

ретінде  қарастырыла  отырып,  эссенциалистік,  шектеулі 

және  іштей  біртекті  ұғымдарға  өңделеді,  топтастырлады 

және институттанады.

Сонымен қатар мәдени тәжірибелер туралы пікірталастар 

нәсілдік төзімділік пен үйлесімді сақтау мүддесіне қарай 

көп  жағдайда  шектеулі  сипатта  болады.  Толеранттылық 

оқшаулану және ыңғайсыздық ретінде қабылданады деген 

пікірге илану есебінен сақталып отыр. Басқа жағынан алып 

қарасақ,  мәдениетаралық  диалогқа,  өзара  сыйластыққа, 

ынтымақтастықты  іздеуге,  сонымен  қатар  мойындау 

құндылықтары  мен  айырмашылықтар  құндылықтарын 

терең  түйсіну  мен  тану  арқасында  таралатын 

мультимәдениеттік мүдде мен әуестікке аз да болса назар 

салынған. Оның нәтижесі – ресми шараларда сипатталған 

мәдени айырмашылықтардың шегінен шықпайтын нәсілдік 

үйлесім.

Дегенмен,  күнделікті  өмірдегі  баламалы  мүмкіндіктер 

мен  саналуандық,  сонымен  бірге  тәуелсіздік  алғаннан 

кейінгі Сингапурдегі нәсілдік тегі, айырмашылықтар және 

мультикультурализммен  байланысты  неғұрлым  күрделі 

міндеттер  мемлекеттік  интервенция  мен  жоғарыдан 

төменге  бағытталған  бастамалар  шекарасынан  шығудың  

аса зор әлеуетін көрсетіп отыр. 

Осы 

күнделікті 



мәдениетаралық 

тәжірибелер 

органикалық түрде, яғни ешкімнің араласуынсыз, сырттан 

басқалардың ережені бұзып, қол сұғуынсыз, шекаралардың 

мәдени қиылысы мен кірігуші топтардың шекараларында 

пайда  болады.  Адамдар  мәдениетті  өндірушілер  ретінде 

қарапайым  айырбасқа,  күреске,  келіссөздерге  және 

интеракцияларға  өзіне  тән  мәдени  айырмашылығы  және 

өзгерістерімен қатысады.

Күнделікті  өмірдің  алуан  түрлі  бедері  –  институттық 

деңгейде мойындалған нәсілдік және мәдени категорияларға 

қарсы,  тіпті  оның  өзегінен  тыс  мемлекеттің  араласуы 

қажеттілігіне мәжбүр емес мәдени тәжірибелердің жарқын 

куәсі. Дін саласында осы шекаралар туралы келіссөздерде 

«синкретизм», «гибридтену мен қалыптың өзгерісі» және 

«араласу мен келісу» арқылы сипатталатын процестердің 

көмегімен түсіністікке қол жетті. Сенім, тәжірибе, кеңістік 

және  ғұрыптық  заттар  тұрғысынан  индуизм  даосизммен 

байланысты;  ғибадатханаларды  даосизмдікі  немесе 

индуизмдікі  деп  оңай  топтастыру  мүмкін,  сонымен  бірге 

индуизмді  ұстанатын  үй  шаруашылықтарынан  Иисус 

Христос,  Мария,  Құдай  әйел  Те  Гуаньинь  және  тұғырда 

күлімсіреп  тұрған  Буддамен  қатар  Кришна,  Муруган 

және  Ганеш  элементтерін  кездестіруге  болады.  Міне 

осындай араласу-және-салыстыру күнделікті құлшылығын 

жүзеге асыруда аталған әртүрлі діндерден белсенді түрде 

өзіне  керегін  таңдайтынын  көрсетеді.  Этникалық  малай 

мұсылмандары мен қытайлар рухани дертке душар болған 

жағдайда  екі  жақтың  да  рухани  тәжірибелерінен  пана 

іздейді. 

Сингапурдың культтік ұлттық асханасы да осыған ұқсас 

–  лакса,  балапан  еті  қосылған  күріш,  роджак,  ми  горенг 

және басқа да тағамдар CMIO-ға кіретін әртүрлі «нәсілдік» 

топтарды  таныстыратын  ресми  түрде  «мойындалған» 

тағам түрлері болмаса да  тағамдармен өзара алмасу және 

гибридтенудің көрінісі.

Тіл  саласында  Singlish-тің  пайда  болуы  заңды  және 

күнделікті  өмірде  қолданылуы  CMIO-ны  құрайтын 

нәсілдер мен тілдердің қарапайым ынтымағын бұзып отыр. 

Ағылшын  және  қытай  тілі  диалектісінің,  малай,  тамил 

және  басқа  жергілікті  тілдердің  говорларынан  тұратын 

ауызекі креол тілі ретінде қалыптасқан Singlishке мемлекет 

тарапынан қатынастың шиеленістік сипатын «Ағылшынша 

дұрыс сөйле» деген науқаннан байқауға болады.

Әлеуметтанушылар  мен  антропологтар  Сингапурдың 

түкпірлерін  аралап,  айттыру,  кездесу  сияқты  әртүрлі 

әлеуметтік 

өзараықпалдастықтардағы 

тәжірибелерді 

зерттеді. Олар дінде, тағамда және тұтыну тәжірибесінде, 

тілде,  сезімдерде,  сонымен  қатар  фильмдер  мен 

қойылымдарда  күнделікті  өмірдің  қалпына  бейімделген 

еді.  Мұндай  мәдени  тәжірибелер  ресми  қабылданған 

нәсілдік  категориялардың  эссенциалистік  және  өзара 

мойындалмаған шекараларын жояды.

CMIO нәсіл және көпнәсілділік жөніндегі мәселе бойынша 

күрделі  өзараықпалдасуы  мен  билік  және  үстемдікпен 

қоса  келетін  артықшылықтар  мемлекеторталық  дискурс 

пен  тағайындаулар  шекарасынан  тыс  жатырған  қиялдағы 

Сингапурдың мүмкіндіктерін көрсетеді.

Бүгінгі Сингапур космополиттік идентификация аясына 

және теңсіздік тереңдей түскен әлемге тың мақсаттармен ене 

отырып, мигранттар ағынына бар күшін салып қарсы тұруда. 

Нәсілдік  үйлесімнің  утопиялық  мұратына  жету  жолынан 

немесе  жалпы  категория  ретінде  нәсілден  либералдық 

тұрғыда  бас  тартудың  орнына,  әлеуметтанушылар  мен  

антропологтар  сингапурлық  қоғамның  әртүрлі  топтарын 

ашық  және  рефлексиялық  өзіндік  сынға  және  нәсіл, 

айырмашылықтар  мен  мультикультурализм  шекаралары 

мен  баламаларының  шарттарын  түсінуге  ұмтылысын 

жақтайды.  Осындай  талпыныстардың  нәтижесінде 

әрі  жалпы,  әрі  жалқы  болып  табылатын  Сингапурды 

сипаттайтын  маңызды  идентификацияларды  кейбір  жеке 

тұлғалар  мен  қауымдастықтардың  ойлауы,  пікірталасты-

руы,  таныстыруы,  болжауы  және  қалыптастыруы 

марапатталған болар еді. Бұл ұстанымдар ақыл тоқтатқан, 

шығармашыл  және  мультимәдени  азаматтарды  неғұрлым 

шыңдау  үшін  мойындау  мен  әрекет,  ымыра  мен  күрес, 

құрмет пен күмәнді қатар тіндеуді талап етеді.

Хаттарды Нұрман Абдуллаға <

socnoorm@nus.edu.sg

> жолдауға болады.

1

 Chua Beng Huat and Ananda Rajah (2001). “Hybridity, Ethnicity and Food in Singapore” 



pp. 161-197 in David Y.H. Wu and Tan Chee-Beng (eds.) Changing Chinese Foodways in 

Asia, Hong Kong: The Chinese University Press; Low, Kelvin E.Y. (2015). “Tasting Memo-

ries, Cooking Heritage: A Sensuous Invitation to Remember” pp. 61-82 in Lily Kong and 

Vineeta Sinha (eds.) Food, Foodways and Foodscapes: Culture, Community, and Con-

sumption in Post-Colonial Singapore, Singapore: World Scientific Publishing. 

1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет