Жаһандық диалог ж урна л арнайы бағаналар



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата08.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

>>

> Оңтүстік Африкадағы



  

 

 

айырықша институт

Сара Мосоецамен сұқбат

Сара Мосоеца.

Оңтүстік  Африка  университеттері  апартеид  мұрасын 

еңсеруде талай қиындыққа тап болды. #RhodesМustFall 

and  #FeesМustFall  студенттік  қозғалыстарының 

салдары қаншалықты терең әрі күрделі болатындығын 

білеміз,  бірақ  ол  Африка  жоғары  білім  беруіндегі 

жаңа  эксперименттердің  назарынан  тыс  қалмауы 

тиіс.  Осылардың  арасында  Ұлттық  гуманитарлық 

және  әлеуметтік  ғылымдар  институтының  (NIHSS) 

шоқтығы  биік.  Қарқыны  мен  амбициясы  бойынша 

NIHSS  Африка  континентінде  ерекше  болып  отыр. 

Жоғары  білім  беру  және  даярлық  департаменті 

тарапынан  қаржыландырылатын  институт  жүздеген 

PhD  студенттерін  оқыту,  халықтың  барлық  жіктеріне 

маңызды стипендияны жеткізу және Оңтүстік Африкада 

өткені  және  болашағы  туралы  диалогтарды  өрбіту 

арқылы  университеттердің  оқытушылар  құрамының 

келесі ұрпағын даярлауда.  Институтты Уитуатерсранд 

университетінің  әлеуметтану  профессоры  Сара 



Мосоеца  басқарады.  Ол  Eating  from  One  Pot  (2012) 

атты  зауыттарын  жаппай  жабылуы  жағдайындағы 

отбасылардың күн көру стратегиясы сипаттамасының 

авторы.  Уитуатерсранд  университетіндегі  әріптесі 



Мишель  Уильямс  берген  сұқбатында  NIHSS 

қиындықтары мен жетістіктері туралы баяндайды.



МУ: NIHSS туралы айтыңызшы?

СМ:  Сыни  контексттен  бастауға  рұқсат  етіңіз.  2010 

жылы  профессор  Ари  Ситас  және  Жоғары  білім  және 

кәсіби даярлық департаментінің (DHET) министрі доктор 

Бонгинкоси  Нзиманде  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі 

гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың (HSS) қазіргі 

жағдайын  зерттеу  үшін  екі  кісілік  жұмыс  тобын  құру 

мақсатында келген болатын. Министр гуманитарлық және 

әлеуметтік  ғылымдардың  STEM-ге  [ғылым,  технология, 

инжинерия  және  математика]  қарағанда  дәрежесі  төмен 

болып  тұрғанына  алаңдаушылық  білдірді.  Ұққаным, 

гуманитарлық  және  әлеуметтік  ғылымдар  ұлттық 

трансформацияда  алдыңғы  қатарда  болған  жоқ.  Жұмыс 

тобының  мандаты  өте  кең  бола  отырып,  ел  арасындағы 

академиктермен  жүргізілген  әңгімелерге  құрылған  дерек 

табу  қажет  болды.  Профессор  Ситас  директор  болды  да, 



 12

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

>>

мен көмекші ретінде қызмет атқардым. 



Министрліктің 

жұмыс 


тобы 

ретінде 


барлық 

университеттерде  болып,  академик,  декан,  кафедра 

жетекшілерімен  гуманитарлық  және  әлеуметтік  ғылым 

туралы әңгіме қылдық. Біздің нәтижелеріміз айтарлықтай 

болды. Жаратылыстану ғылымдары маңызды болғанымен, 

олардың  өсімі  гуманитарлық  және  әлеуметтік  ғылымдар 

есебінен жүзеге асты. Жоғары білім екіге қақ айрылғаны 

белгілі болды. Сондай-ақ, гуманитарлық және әлеуметтік 

ғылымдар саласындағы жетістіктерге куә болдық.

МУ: Сонда бұл институттың бастамасы болды ма?

СМ:  Иә.  «Гуманитарлық  және  әлеуметтік  ғылымдар 

жарғысы» 

атты 


баяндама 

дайындадық. 

Онда 

гуманитарлық  және  әлеуметтік  ғылымдардың  негізгі 



мәселелері  суреттеліп,  оны  қалай  қайта  жандандыруға 

болатындығы сипатталды. Жарғы Ұлттық гуманитарлық 

және  әлеуметтік  ғылымдар  институтын  (NIHSS)  құруды 

ұсынған  болатын.  Министр  Жарғыны  қолдап,  тез  арада 

NIHSS-ті құруға кірістік те, 2013 жылдың желтоқсанынан 

бастап институт ресми түрде жұмыс істей бастады. Кеңес 

құрылғаннан кейін менен 2014 жылы бас директор міндетін 

атқарушы болуымды өтінді. Содан кейін Кеңеспен бірге 

институтты жоспарлап, негізгі бағдарламаларға қатысты 

шешімдер шығаруға қатыса бастадым.



МУ: NIHSS-тің түрлі бағдарламалары бар екенін білемін. 

Олар туралы айтып бере аласыз ба?

СМ: Онда жеті негізгі бағдарлама бар. Институтымыздың 

өзегі  болып  табылатын  докторлық  бағдарламадан 

бастайын.  Жыл  сайын  PhD-ға  тіркелген  Оңтүстік 

Африкалық  азаматтарға  150  үш  жылдық  шәкіртақы 

ұсынамыз.  Шәкіртақыға  иеленгеннен  кейін  Оңтүстік 

Африканың  барлық  университеттері  гуманитарлық 

ғылым 


институттарының 

декандарымен 

тығыз 

жұмыс  жасаймыз.  Декандар  шәкіртақыға  үміткерлер 



тізімін,  яғни  қай  студенттерді  қаржыландыруға  ниетті 

екендігін  (ішкі  іріктеу  саясаты  мен  ішкі  қағидаларына 

негізделе  отырып)  ұсынады.  NIHSS  декандар  жіберген 

тізімдегі  студенттерді  қаржыландырады.  Бұл  -  барлық 

университет  студенттерінен  зерттеу  ұсыныстарын 

жинаудан  басталатын  ашық  үрдіс.  Иегерлердің  80  қара 

нәсілді  оңтүстік  африкалықтар  және  60  әйел.  2016 

жылдың  аяғына  дейін  барлығы  451  PhD  шәкіртақысы 

тағайындалды.  Сонымен  қатар,  оңтүстік  африкалық 

емес,  бірақ  Африка  континентінің  азаматтарына  111 

шәкіртақы тағайындалды.

МУ:  Қызық  екен.  Сонда  сіздер  Африканың  басқа 

жерлерінен  келген  студенттерді  де  қаржыландыра-

сыздар ма?

СМ:  Иә,  бізде  континент  бойынша  ең  көп  шәкіртақы 

ұсынып  отырған  Африкалық  даярлық  бағдарламасы 

(APP)  бар. APP  шеңберінде  жыл  сайын  37  үш  жылдық 

шәкіртақы  ұсынамыз.  Негізгі  ойымыз-континентіміздің 

өзге  де  мүшелерін  тарта  отырып,  NIHSS-ті  дамытып, 

онда  өсу  мүмкіндігін  алу  және  өзгелерге  үлгі  болу. 

Негізгі  қалағанымыз  тарихи  мұра  шеңберінен  шығып, 

континенталдық  әріптестерімізбен  серіктестік  орнату 

болатын.


МУ:  Осы  серіктестік  төңірегінде  көбірек  айта  аласыз 

ба?

СМ:  Әлі  бұғанасы  қатпаған  институт  ретінде  біз 

континенттегі басқа да бірлестіктермен (олардың көпшілігі 

NIHSS сияқты тәжірибені көрмеген) жұмыс істегіміз келді. 

Осылайша,  континентте  студенттерді  таңдау  және  ортақ 

қызмет  атқару  мақсатында  серіктес  ретінде  Африкадағы 

әлеуметтік  зерттеулерді  дамыту  кеңесін  (CODESRIA) 

анықтадық. Серіктестік гүлдену үстінде.

Сондай-ақ,  NIHSS  Африка  ұтқырлық  бағдарламасына 

АРМ  бастамашы  болды.  Бұл  Еуропалық  «Erasmus 

Mundus»  бағдарламасына  еліктеу,  бірақ  АРМ  Африка 

аумағына  бағытталды.  Аталмыш  бастама  қызметкерлер 

мен  студенттерді  континенттің  түкпір-түкпіріне  жаңа 

зерттеу тақырыбын зерттеу үшін ынталандырады. Зерттеу 

сапарларын жаңа контент дайындау, ғылыми-зеттеу жүйесін 

қалыптастыру және оқыту мен ғылыми ынтымақтастықты 

жетілдіру мақсатында қаржыландырамыз.

МУ:  Оңтүстік  Африкаға  оралсақ,  соншама  PhD 

студенттерін табу қиын болды ма?

СМ:  Жақсы  сұрақ.  Шын  мәнісінде,  алғашқы  екі 

жылда  (2013-2015)  қаржыландыруды  қажет  ететін 

стутенттердің  барын  көрсету  қажеттілігі  туды,  сосын 

оларды қаржыландыру жүйесіне қоса алатын едік. Қазір 

біздің  назарымыз  студенттердің  сапасы  мен  олардың  өз 

дәрежелерін  ала  алуына  ауысты.  Оңтүстік  Африкалық 

студенттердің  халықаралық  бағдарламаларымыздағы 

студенттер  сияқты  50%  ғана  философия  докторы 

дәрежесін  алып  жатыр.  Сапалы  жетекшілік  ете  отырып 

және тек жетік орындалған жұмысты ғана қорғауға жіберу 

арқылы сапаны арттырудамыз.



МУ: Айтқаныңыз маңызды сияқты, жетекшілік туралы 

сөз ете аласыз ба?

СМ:  Жиырма  бір  қызмет  атқарушы  және  зейнеткер 

профессорлар  әртүрлі  провинцияларда  студенттермен 

жұмыс  істеу  үшін  тағайындалды.  Мысалы,  Батыс 

Кэйпте  аймақтық  докторлық  мектеп  үшін  екі  жетекшіні 

тағайындадық.  Жетекшілер  қауымдастықты  қолдап, 

студенттермен  үнемі  жұмыс  жасап,  жетекшілік  етеді. 

Олар әдіснама, теория және академиялық хатқа қатысты 

мәселелерді қамтитын кең әрі бірізді семинарлар ұсынады. 

Жетекшілер  оқытып,  үйретуде  маңызды  рөл  атқарады, 

дегенмен  студенттер  бір-бірінен  де  біліп,  үйренеді. 

Әріптестік оқытуды өте маңызды деп қарастырамыз. PhD 

орындау  жалғыз  атқаратын  процестерге  бағытталған, 

дегенмен бағдарламамыз когортаны анықтап, студенттер 

арасында  ынтымақтастықты  арттырады.  Жетекшілер 

біздің  университеттердің  трансформациясы  үшін  адам 

сенгісіз  үлес  қосуда.  Зейнеттегі  профессура  қабілеттері 

мен  тәжірибесін  тиімді  пайдалана  білдік.  Осы  арқылы 

оларға  трансформацияға  өз  үлестерін  қосуға  мүмкіндік 


 13

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

>>

бердік.



МУ:  NIHSS  PhD  студенттері  жұмыстарынан  тыс 

зерттеулерді қолдай ма?

СМ:  Иә,  шын  мәнісінде  бізде  Каталиттік  зерттеу 

бағдарламасы  бар.  Ол  бойынша  жаңа  инновациялық 

зерттеулер  қаржыландырылады.  Ол  зерттеушілердің  ескі 

зерттеу сұрақтарының шеңберінен шығып, жаңаша ойлау, 

жаңа әдіснама мен желіні қолдануға мүмкіндіктер береді. 

Ондай жобалар дәстүрлі қаржыландыру институттарының 

назарынан  тыс  болуы  мүмкін,  сондықтан  NIHSS 

осындай  ерекше  зерттеулерді  қолдайды.  Сондай-ақ, 

біз  гуманитарлық  және  әлеуметтік  саладағы  ғалымдар 

негізінен  кітап  жазумен  айналысу  керек  деп  есептейміз, 

дегенмен  басым  бөлігі  журналдық  жобалармен 

айналысады.  Каталиттік  бағдарламамыздың  шеңберінде 

біз магистратура студенттерін де қолдаймыз.



МУ:  Осындай  «ерекше»  зерттеулер  жариялануда 

қиындықтар  көруі  мүмкін.  Осы  жағдайда  көмек  қолын 

соза аласыздар ма?

СМ:  Айтып  өткенімдей,  тек  PhD  шәкіртақылары  мен 

зерттеулерін ғана қаржыландырып, қолдамаймыз. Баспалар 

кейбір  жобаларды  тамаша,  бірақ  «қаржылық  тұрғыдан 

өміршең  емес»  деп  қарайтынын  білеміз.  Институтымыз 

баспагерлерге  нені  жариялау  керектігін  нұсқай  алмайды, 

дегенмен  біздің  мандатымызбен  үндес  қолжазбаларды 

қолдауға  тырысады.  Сонда  да  жұмыс  баспагердің  қатаң 

редакциялауынан бәрібір өтуі керек, бірақ біз бірнеше кітап 

сатып алуға немесе жұмысты дайындау барысына кететін 

жариялау  шығынын  өтеуге  кепілдік  береміз.  Сондай-

ақ,  конференциялардан  шығатын  жарияланымдарды 

қаржыландырамыз.

Жеке  басым  қатты  мақтан  тұтатын  бастамалардың  бірі-

марапатқа  алғаш  рет  2016  жылдың  наурыз  айында  ие 

болған  гуманитарлық  және  әлеуметтік  ғылымдарға 

берілетін  ұлттық  кітап  пен  шығармашылық  марапат.  Біз 

түрлі  жұмыстарға  алты  марапат  тағайындадық:  ғылыми 

және көркем әдеби кітаптар, жинақтар, электрондық медия 

және өнер. Марапаттар тек Оңтүстік Африкалық академия 

саласының  мүшелеріне  беріледі.  Алғашқы  марапаттар 

2013-2014 жылдары жарық көрген кітаптарға арналды және 

біз өтініш берушілер санына риза болдық, себебі бұл біздің 

гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар қызығушылыққа 

ие екендігін көрсетті. 2017 жылдың наурызында бізде тағы 

бір марапат жиынтығы тағайындалмақ.



МУ:  Оңтүстік  Африкада  қоғамдық  істермен 

айналысатын  ғалымдардың  ұзақ  тарихы  болғаны 

белгілі.  Қоғамдық  салаға  өз  идеяларын  және  ғылыми-

зерттеу  қоғамдық  салада  қолданатын  ғалымдарды 

ынталандырудың қандай да бір жоспары бар ма?

СМ:  Шын  мәнінде,  бізде  қалыпты  академиялық 

кеңістіктен  тыс  зерттеулерді  қолдайтын  және  білімді 

генерациялау  үшін  дәстүрлі  емес  орындарды  дамытуға 

бағытталған Гуманитарлық Хаб бағдарламасы бар. Біз оны 

тарихы бай Лилислифте апробациядан өткізудеміз. Онда 

1960  жылдары  азаттық  қозғалысы  орын  алып,  Ривония 

сотталушылары  ұсталған.  Бұл  –  көптеген  ғалымдар 

мен  студенттер  білмейтін  қайғылы  шынайы  кеңістік. 

Жоба  осындай  тарихи  мұраға  негізделген  көзқарасты 

тарихи  оқиғалар  туралы  басқаша  ойлау  жолдары  мен 

білім  жүйесіне  айналдырады.  Осы  жоба  шеңберінде 

Лилислифтің  Азаттық  Жарғысының  орталығында 

тарихқа  басқаша  тұрғыдан  қарауды  ұсынып,  ғалымдар, 

практиктер  және  т.б.  арасында  пікіралмасуды  қамтитын 

коллоквиум  өтуде.  Азаттық  қозғалысы  тарихынан 

білетініміздей, ғалымдар мен халықтық интеллектуалдар 

өзара әрекеттестігінен ұлы идеялар шығуы мүмкін.



МУ: 

Қоғамдық 

саладағы 

жұмыстарыңыздың 

мысалдарын айта аласыз ба?

СМ:  Біздің  «гуманитарлық  хаб»  мектеп  оқушыларын 

гуманитарлық 

және 


әлеуметтік 

ғылымдарға 

қызығушылығын  арттыруға  бағытталған.  Мысалы, 

мектептің жоғары сынып оқушылары тарихты көздерімен 

көру  үшін  Лилислифке  автобуспен  апарылды.  Бұл 

студенттерге  тарихымызды  оқытудың  жаңа  заманауи 

тәсіліне  айналды.  Бірақ  Лилислифке  екінің  бірі  бара 

алмайды, сондықтан біз Оңтүстік Африка университеті, 

Венда  университеті,  Лимпопо  университеттеріне 

арнап,  «кіші  Лилислиф»  атты  жылжымалы  көрме 

ұйымдастырдық.  Бұл  тәсіл  –  гуманитарлық  және 

әлеуметтік  ғылымдарды  өзіміз  үшін  ғана  емес,  бүкіл 

әлемге  танытып,  үйретудің  жаңа  жолы.  Аталмыш  тәсіл 

тарих, Азаттық жарғысы, тіпті өзіміз туралы түрлі жаңа 

диалогтарға мүмкіндік береді. Біз Азаттық жарғысының 

ұсыныстар  жасау  кестесін  ұйымдастырдық.  Біз 

адамдардан екі нәрсе сұраймыз:

1)  Азаттық  жарғысын  қайта  жазу  керек  болса,  қандай 

өзгерістер енгізер едіңіз? 

2) Азаттық жарғысының қай пункті сізге қатты ұнайды? 

Адамдар  әр  түрлі  қызықты  коментарийлер  жазады. 

Жұмыссыздық,  кедейлік  және  т.б.  төңірегінде  көптеген 

мәселелер анықталуда. Лилислиф пилоттық жоба болатын, 

енді  біз  басқа  жерлерде  де  соған  ұқсас  «гуманитарлық 

хаб» ұйымдастыруға бел буып отырмыз.

МУ: Институттарыңызда халықаралық бағдарламалар 

бар ма?

СМ:  Оңтүстік-Оңтүстік  желісі  арқылы  Үндістан  

Әлеуметтік  ғылыми  зерттеулер  кеңесімен  бірге 

бастама  көтеріп,  ғылыми  зерттеу  бағдарламасын 

қаржыландырудамыз  (ICSSR).  Қазір  Бразилия  және 

өзге  елдермен  осы  сынды  зерттеу  серіктестігін 

қарастырудамыз. 

Біз,  сондай-ақ,  бес  ірі  дамушы  экономикалардың 

бірлестігінің  (БРИКС:  Бразилия,  Ресей,  Үндістан, 

Қытай  және  Оңтүстік  Африка)  Оңтүстік  Африкадағы 

сараптамалық  орталығының  үйлестірушісіміз.  Оның 

бизнес, ғылым, азаматтық қоғам сияқты түрлі бөлімшелері 

бар және біз жыл сайынғы БРИКС Кеңесі мен Саммитіне 

ұласатын  академиялық  форумды  бес  елмен  үйлестіруші 



 14

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

академиялық  бөлім  жұмысын  ұйымдастырамыз.  Биыл 

академиялық форум Қытайда өтсе, 2018 жылы Африкада 

өтеді. Бұл бастама саяси жұмыс пен үкіметке кеңес беруге 

негізделеді.  Академиялық  форум  тақырыптары  әр  түрлі 

(мысалы,  әлеуметтік  қауіпсіздік,  денсаулық,  білім  беру, 

энергия) және оны қабылдаушы ел анықтайды. Форумдар 

БРИКС-ті ақпараттандырып, бес ел үкімет басшыларына 

саяси жұмыстарда кеңес береді. Оны ғалымдар мен саяси 

қызмет  арасындағы  көпір  болатын  маңызды  алаң  деп 

есептейміз. 

МУ: 

Осынша 

қысқа 

уақытта 

айтарлықтай 

жетістіктерге жетулеріңіз мақтарлықтай екен. Сонда 

ең қиыны не болды?

СМ:  Менің  ойымша,  біз  ұзақ  уақыт  бойы  қажырлы 

еңбек  етіп  келеміз.  Институттың  жұмыс  істегеніне 

небәрі  үш  жыл  болғанымен,  көп  шаруаны  бітіріп 

үлгердік.  Оны  Жоғары  білім  және  кәсіби  даярлау 

департаменті  (DHET)  толық  қаржыландырып  келді, 

бірақ  мемлекеттік  департамент  арасында  қызмет  ету 

қиындықсыз болған жоқ. Осы уақытқа дейін DHET-тегі 

қамқор  жандар  бюрократиялық  кедергілерді  еңсеруге 

көп ықпал етті. Сондай-ақ, бұл NIHSS алқасымен тығыз 

қарым-қатынастағы ұжымдық жұмыс болды.

Басында  кейбір  ғалымдар  мен  университеттер  қарсы 

болды.  Жұмыс  істеп  отырған  бөлімдер  сияқты 

тағы  бір  бөлім  ашып,  университеттерге  кететін 

қаржыны  далаға  шашасыңдар  және  бұл  Жоғары 

білім  министрлігі  гуманитарлық  және  әлеуметтік 

ғылымдарды  қадағалауын  күшейтеді  деген  ойлар 

жиі  айтылды.  Осындай  күмәндар    мен  ұсыныстар 

ескерілді  және  бұрынғы  қарсыластарымыздың  көбісі 

қазір біздің ісімізді қолдаушыларға айналды. NIHSS – 

тәуелсіз  Алқаға  есепті  заңдармен  реттелген  бірлестік. 

Бастапқыдағы  ойымыз  бойынша,  Институт  өзге 

бірлестіктермен бәсекелеспейді, оның орнына өзгелерді 

толықтырады.

Қазіргі  күнгі  негізгі  жетістіктердің  бірі  – 

бағдарламалардың 

қарапайымдылығы 

және 


қолжетімділігі.  Мысалы,  жетекші  мен  студенттер 

арасындағы  байланысты  барынша  жеңілдету  және 

оңай  ету  үшін  қазір  жаңа  қосымшаны  тәжірибеден 

өткізудеміз. Жас ұйым ретінде көп үйрендік. Жүйенің 

толық  қалыптасып,  орнығуы  үшін,  менің  ойымша, 

кем  дегенде  үш-бес  жыл  уақыт  керек.  Қазіргі  жеткен 

жетістіктеріміз қанағаттандырып отыр.

МУ: NIHSS-тан болашақта не күтуге болады?            

СМ:  Менің  ойымша  осынша  қысқа  уақыт  аралығында 

NIHSS-ті  шынайы  бір  дүниеге  айналдыруымыздың  өзі 

адам сенгісіз жағдай. Бұл жағдайда министр маңызды рөл 

атқарғанымен, барлық жұмысты ол істеген жоқ. Министр 

қолдауы  Институттың  гүлденуіне  ықпал  етті.  Ол  біздің 

құжаттарды іс жүзінде оқиды, бізді шабыттандырады және 

әрдайым қолдайды.  Бұл NIHSS үшін үлкен сый болды. 

Кейбіріміз  министр  кетсе  не  болар  екен  деп  ойлаймыз. 

Саясат негізінен тұрақсыз дүние болып табылады және сол 

саясаттан  мәселелер  туындауы  мүмкін.  Бірақ  өз-өзімізді 

ұйымдастырып,  қалыптастыру  үшін  қажырлы  еңбек 

етудеміз және ұлы жұмыс істеу арқылы өз төзімділігіміз 

бен  құндылығымызды  дәлелдейміз.  2019-20  жылдарға 

дейін  қаржыландырыламыз.  Осы  уақыт  аралығында 

кем  дегенде  300  докторант  дайындап,  кем  дегенде 

төрт  марапаттау  циклын  өткізіп,  кем  дегенде  40  кітап 

басылымын  қаржыландырып  үлгереміз  деген  үміттеміз. 

Осыны  орындасақ,  өз  жұмысымызды  орындадық  деп 

есептейміз.  Осы  уақытқа  дейін  осынша  қысқа  уақыт 

аралығында  кез  келген  ұйымның  жұмысынан  артық 

істеген боламыз.

Оңтүстік  Африка  гуманитарлық  және  әлеуметтік 

ғылымы  Институтымызды  құшақ  жая  қарсы  алғанына 

дән  ризамын.  Ғалымдардың  біздің  ұсыныстарды  қарау, 

төреші болу, студенттерге жетекші болу сияқты көптеген 

өтініштерімізді  қалай  қабыл  алып,  қолдағандарына 

таңдандым  әрі  қуандым.  Ғылыми  қауымдастық  бізді 

көшбасшы деп танып отыр.

Хаттарды Сара Мосоеца  <

mosoetsa@nihss.ac.za

мен Мишель Уильямсқа <



Michelle.Williams@wits.ac.za

> жолдауға болады.



 15

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

>>

> Африка-америкалық



   әйелдерді таныстыру

Патриция Хилл Коллинзбен сұқбат 

Патриция Хилл Коллинз.



Патриция  Хилл  Коллинз  –  Мэриленд  Универ-

ситетінің  құрметті  профессоры  және  Америка 

әлеуметтанушылары  қауымдастығының  бұрынғы 

президенті.  АҚШ-тың  алдыңғы  қатарлы  әлеуметтік 

теоретигі  бола  отырып,  ол  Қара  нәсілділердің 

феминистік  ойы  (1990)  деп  аталатын    классикалық 

жұмысқа  айналған  алғашқы  кітабында  және  одан 

кейінгі  Сөзбен  ояту  (1998)  және  Қара  нәсілділердің 

жыныстық  саясаты  (2006)  деген  жұмыстарында 

«қысымның  көптігі»,  «өзара  байланыстылық»  және 

«ішкі аутсайдер» идеяларын ұсынушы ретінде әйгілі. 

Косоводағы    Приштины  университеті  магистра-

турасының  студенті  Лабинот  Кунушевчи  өткізген 

ұзақ сұқбаттан үзінді беріп отырмыз.



ЛК: Сіздің ойыңызша, әлеуметтік теңсіздікті зерттеуде 

теориялық  және  эмпириялық  әдіснамалардың  қайсысы 

неғұрлым ұтымды?  

ПХК: Мен үшін, ал мен «үстем дискурстарды» зерттеймін, 

Батыста  үстем  дискурс  –  идеялар  мен  тәжірибелердің 

үстемдігі білім жобаларының констелляциясы. Осы үстем 

дискурс  пікірталастардың  шарттарын  тағайындайды  – 

маңызды  мәселе  қайсы,  не  нәрсе  дәлел  бола  алады,  не 

нәрсені  маңызды  емес  деп  ығыстыру.  Құрама  Штаттарда 

үстем  дискурс  билік  жүйесіндегі  нәсіл,  тап,  жыныс, 

жыныстық  бағыт  және  ұлттың  қиылысу  алаңында 

қалыптасады.

Өз  жұмысымда  нәсілшілдік,  жынысына  қарай  кемсіту, 

таптық  қанау  және  гетеросексизмнің  әртүрлі  әлеуметтік 

топтардың өмірлік тәжірибесін қалай қалыптастыратынын 

зерттедім.  Қара  нәсілді  әйелдер  тәжірибесі  –  билік  пен 

білімнің  маңызды  мәселелерін  талдаудың  негізі,  бірақ 

африка-америкалық әйелдерге қатысты тәжірибе шешуші 

болып  табылмайды.  Мен  африка-америкалық  әйелдерге 

биліктің  бірнеше  жүйесі  тоғысқан  жерінде  пайда  болған 

әлеуметтік  мәселелердің  жиынтығымен  бетпе-бет  келіп 

отырған  әйелдер  ретінде  қараймын.  Мысалы,  зорлық-

зомбылықты  алып  қарайық.  Қара  әйелдердің  де  жігіті, 

күйеуі  және  әкесі  тарапынан  көретін  үйдегі  қорлығы 

құлдықтың  қалдығы  мен  нәсілдік  кемсітудің  бір  бөлігі 

ретінде  мемлекеттің  қара  адамдарға  қатысты  нәсілдік 

зомбылықты тыймауы аясында жүзеге асып отыр. 

Күштеудің осы екі түрі өзара байланыста. Анджела Дэвис, 

Джуна  Джордан  және  Кимберле  Креншоу  сияқты  қара 

нәсілді  интеллектуалдар  мен  қоғам  қайраткерлерінің 

қара  әйелдерге  қатысты  әлеуметтік  мәселелерді  қанау 

жүйелерінен бөлек қарастырсақ, ешқашан шешілмейді деп 

жүйелі түрде қалай дәлелдеп жүргені менің қара феминизм 


 16

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

бойынша жұмыстарымда зерттеледі.

Африка-америкалықтардың  ерекше  тәжірибесі  негізінде 

қара  феминист  және  интеллектуал  әйелдер  күштеудің 

бірнеше  түрі  бір  уақытта  жүзеге  асуы  мәселесін  көтерді, 

өз кезегінде бұл ғылым мен саясатта жаңа саланың пайда 

болуына алып келді, енді біз оны өзарабайланыстылық деп 

атаймыз.


Үстем  дискурсты  қалыптастыратын  билік  жүйелерінің 

үйлесімі  өзгеріп  отыруы  мүмкін.  Мысалы,  мен  АҚШ-та 

зерттеп  жүрген  өзара  қиылысатын  жүйелер  –  нәсілден, 

таптан,  жыныстан,  жыныстық  бағыттан  азаматтыққа 

(ұлт)  дейін  –  АҚШ-тың  нақты  тарихын  білдіреді.  Менің 

пікірім,  мысалы  сіздің  еліңіз  (Косово)  сияқты  жас  елдер, 

айталық  Косово  тарихы  үшін  ерекше  мәні  бар  ұлттық 

шығу  тегі,  тап  және  дін  сияқты  саналуан  қиылысулар 

негізінде  қалыптасады  дегенге  саяды.  Тарихтан  тәуелсіз 

билік  қатынастарының  әртүрлі  констелляцияларын 

көрсететін,  бәрін  қамтитын  үстем  дискурсты,  сондай-

ақ  білім  шарттарын  элиталық  топтар  барлық  кезде 

бақылап  отыратынын  естен  шығармау  маңызды.  Топтар 

өзгеріп  отыруы  мүмкін,  бірақ  әлеуметтік  теңсіздіктің 

билік  қатынастары  үстем  дискурсты  қалыптастыруға  кез 

келгеннің  қол  жеткізе  алмайтынын  көрсетеді,  дегенмен 

қоғамда барлығы белгілі дәрежеде оған тәуелді. Теориялық 

және  эмпириялық  әдіснаманың  қайсысы  неғұрлым 

жарамды  деген  сауал  жалпы  билік  қатынастары  туралы 

білім  өндірісі  қайда  және  сіз  білімнің  қандай  нақты 

элементтерін  зерттегіңіз  келетінін  сипаттайды.  Менің 

жағдайымда,  теорияны  зерттеуге  шешім  қабылдадым, 

себебі  ғылымның  гносеологиялық  негіздерін  талдау 

биліктің мәніне жақындауға мүмкіндік береді. Теориялық 

жұмысым қиылысатын билік қатынастарын, соның ішінде 

биліктің  білімді  қалай  қалыптастыратынына  ерекше 

назар  сала  отырып,  өлшеуді  талдаумен  байланысты. 

Осыған  орай,  академиялық  дискурс  аясындағы,  сондай-

ақ  саясаттағы  әлеуметтік  теңсіздікті  зерттеу  үшін 

өзарабайланыстылықтың  құрылымы  маңызды  талдау 

құралы.

ЛК: БАҚ – та әйелдерді қорлау мен азат етуді көрсетудің 

ықпалы қандай және ол әйелдердің қоғамдық және саяси 

салаларға қатысуына қалай әсер етеді?

ПХК:  Әйелдердің  барлығы  феминдік  әлеуметтік 

сценарийлерді 

ұсынатын 

бұқаралық 

ақпарат 


құралдарының өздеріне әсерін сезінеді. Соған қарамастан, 

қоғамдар  бір-бірінен  ерекшеленетіндіктен,  мінсіз  әйел 

бейнесі тиісінше өзгереді. Құрама Штаттардағы және сол 

сияқты  мультимәдени  қоғамдардағы  әйелдерді  медиада 

таныстыру нәсіл, гендерлік идентификация, ұлттық шығу 

тегі,  тап  және  азаматтық  статусының  белгілі  үйлесіміне 

байланысты  ерекшеленіп  отырады.  Гетеросексуалды 

бағыттағы орта таптан шыққан және АҚШ азаматтығы бар 

ақ нәсілді әйел басқа топтардағы әйелдер үшін мінсіз тип 

болып  табылады.  Бұл  базбір  идеал,  ұсыныс,  әлеуметтік 

конструкт,  дегенмен  бұл  нақты  адамдар  категориясы 

емес.  Әдетте  осы  мінсіз  әйел  бейнесі  үй  шаруасындағы 

әйел-ана  ретінде  таныстырылатын,  алайда  соңғы  кезде 

өзгеріп, бұл бейне ықпалды позицияларға қол жеткізген 

әйелдермен  толықты.  Полимәдени  қоғамда  мінсіз  типке 

сәйкес келетін басқа топтарға жататын әйелдер неғұрлым 

көп болса, солғұрлым олар жоғары бағаланады.

Қара  нәсілділердің  феминистік  ойы  деген  кітапта  мен 

африка-америкалық әйелдердің төрт негізгі стереотиппен 

ұшырасатынын  қарастырамын:  (1)  қашыр  -  ешқандай 

арызы жоқ, мал сияқты жұмыс істейтін әйел; (2) Иезавель/

жеңіл  жүрісті,  көбіне  тәнін  саудалаушы  бейнесіндегі, 

жыныстық  құмарлық  тудыратын  әйел;  (3)  ана,  өз 

қожайынына риясыз, адал қатынасы шексіз қара нәсілді 

қызметші әйел; және (4) мансапқа бола отбасылық өмірден 

бас  тарқан  білімді  қара  әйел.  Алайда,  бұл  бейнелер 

нәсілшілдіктің, сексизмнің және таптық қанаушылықтың 

бұрынғы тәжірибелерінің жәй ғана жомарт стереотиптері 

мен  анахронизмдері  емес.  Осыған  ұқсас  бейнелер  қара 

әйелдерді  қалай  қабылдау  керек  және  оларға  қалай 

қарым-қатынас жасауы қажет екендігін адамдарға таңады. 

Сонымен  бірге  осы  стереотиптер  қара  әйелдер  игеруге 

тиісті әлеуметтік сценарийлер болып табылатыны бәрінен 

бұрын аса маңызды.

Кең  мағынада  феминизм  әйелдердің  құқықтары  үшін 

қозғалыс  ретінде  имидждерді  және  осы  имидждер  өкілі 

болып  табылатын  билік  қатынастарын  құлату  мақсатын 

қояды. Әйелдер төмен жалақы және жұмыспен қамтамасыз 

етуге кепілдіктің болмауына көнетіндерден, нәсілдік және 

ұлттық  шығу  тегіне  байланысты  ерлерге  де,  әйелдерге 

адал  малай  болып  жүргендерден  бас  тартқаны  сияқты 

үй  шаруасындағы  тоғышар  бикелер  немесе  «қашыр» 

қалыптарынан  бас  тартқан  жағдайда  қоғамдық  ортаға 

түбегейлі өзгерген санамен енетін болады. Осы мағынада 

идеялар мен әрекет бір бірімен тығыз байланыста. Өзгеру 

үстіндегі  имидждер  мінез-құлықты  өзгертуге  қабілетті, 

ал  өзгерген  мінез-құлық,  өз  кезегінде  қоғамдық  салада 

әйелдер  туралы  әртүрлі  көзқарастардың  дамуына  ықпал 

етеді. 

Хаттарды Патриция Хилл Коллинз <



collinph@umd.edu

бен Лабинот Кунушевчиге <



labinotkunushevci@gmail.com

> жолдауға болады.


1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет