Жаһандық диалог ж урна л арнайы бағаналар



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата08.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

әл-Сисидің  ұлтшылдық  пернелерінде  ойнау  қабілеті  аса 

тиімді сияқты (6). 

Дэвид Харви 1852 жылдан 1870 жылға дейін билік құрған 

Луи  Наполеон  Бонапарт  –  Наполеон  III  үшін  Парижді 

қалпына  келтіру  қаланы  капиталистік  ассигнациялау 

арқылы  қосымша  құн  алуға  тәуелді  болғанын  есімізге 

салады  (7).  Наполеоннің  Парижді  қалпына  келтіруі 

деспотизм  және  құқықтарды  шектеумен  қатар  жүрді 

-  әл-Сисидің  билігімен  қатты  ұқсас.  Екі  билік  те  аса  ірі 

инфрақұрылымдық жобалар ықпалында болды. Екеуі де 

Суэц  каналын  ұлттық  жоба  деп  жариялады.  Наполеон 

каналдың  ашылуын  қаржыландырды,  ал  әл-Сиси  болса 

қазір  оны  ұлғайту  үшін  жұмыс  жасап  отыр.  «Қалпына 

келтірулердің»  ұқсастықтары  бар:  екеуі  де  қаланың 

капиталистік ресурстарын игеру үшін инфрақұрылымды 

кеңейту  маңызды  мәнге  ие  деп  мойындайды.  Мысалы, 

Мысыр  әскері  провинциялық  қалалар  арасындағы  және 

Каир  маңындағы  автомагистралдар  мен  көпірлердің 

құрылысына тым жиі жұмылдырылады.



МБ: Өте қызық салыстыру, дегенмен егер Мысырға тән 

ішкі тарихи салыстыру туралы айтсақ, онда әл-Сиси мен 

Насердің  ұлтшыл  жобалары  арасындағы  ұқсастықтар 

қандай?

МА:  Шынында,  2013  жылы  әскер  Мүрсиді  орнынан 

тайдырғанда,  әл-Сисиді  Гамал  Әбдел  Насермен 

жиі  салыстыратын,  қауіпті  күш  деп  саналатын 

Мұсылман  Бауырларының  исламшыл  халықаралық 

желісінен  (терроршыл  желі  болуы  мүмкін)  әл-Сисидің 

айырмашылығы – ұлтшылдық аясындағы әңгіменің дамуы 

үшін  көп  нәрсе  жасағаны.  Жуырда,  2015  жылғы  тамыз 

айында  болған  «Жаңа  Суэц  каналының»  ашылуында 

әл-Сиси  тағы  да  ұлтшылдық  белгілерін  пайдаланды. 

Салтанатты  ашқан  флотилия  –  тақтан  тайдырылған 

король отбасына тиесілі, 1869 жылы Суэц каналы алғаш 

рет  ашылған  кезде  император  әйел  Евгенияны  алып 

жүрген  флотилия  еді.  Салтанат  неолибералдық  көңіл-

күйге  меңзейтін,  космополиттік  мәдениетке  жақын,  аса 

ірі  инфрақұрылымдық  жобалардың  ұлттық  мақтанышқа 

ұмтылыс ретінде қабылдануы әбден мүмкін. 2015 жылы 

шетелдік қонақтар арасында президент Франсуа Олландқа 

деген ықыластың ерекше зор болуы Франциямен тарихи 

сабақтастықты  білдіреді.  1956  жылы  Насердің  Суэц 

каналын  мемлекет  меншігіне  алғаны  туралы  іс  жүзінде 

ауызға алмау да қызық жәйт.



МБ:  Сіздің  мегажобалардың  ұлтшылдық  көңіл-

күйді  көрсететіні  туралы  айтқаныңыз  өте  жақсы, 

бірақ  күнделікті  өмірдегі  ұлтшылдыққа  қатысты 

басқару  қандай?  Мен  сіздің  қала  архитектурасымен 

айналысатыныңызды білемін, осы салада не өзгерді?

МA:  Бұл  жерде  бұрынғы  ұлтшылдықпен  байланысты 

өзгерістерді  көре  аламыз.  19  және  20  ғасырлардың 

ортасындағы  Керемет  Дәуірде  салынған  қаланың 

орталығындағы ғимараттардың қасбеттерін ақтау арқылы 

қаланың  бетіне  косметикалық  сылап-сипау  жүргізілген, 

мысалы,  Талаат  Харб  алаңын  қоршап  тұрған  ғимараттар 

Мүбәрәк  дәуіріне  сәйкес  қалпына  келтірілген  (8).  Үлкен 

Ораби  алаңы  жаяу  жүретін  орынға  айналдырылған, 

алайда  билік  Шерифейн  көшесіндегі  көптеген  танымал 

кафелерді жабуды тоқтатқан жоқ. Мұны ұлттың ұлылығы 

сезімін  күшейту  үшін  жасалған  популистік  қадам  деп 

бағалауға болар еді, дегенмен бұл - ең алдымен, көшенің 

«тапсырысы».



MБ:  Және  осы  популистік  қозғалыстардың  артында 

экономикалық мүдделер жасырынып тұр ғой?

МА:  Иә,  қала  орталығын  қайта  құруда  пайдакүнемдік 

мүдделер бар екені анық, капиталистер мен олигархтарды 

онда орналасқан тарихи ғимараттар орталықты иемдену 

және  оның  қосымша  құнын  тағайындау  мақсатында 

қызықтырады. Әл исмаили жылжымайтын мүлік Агенттігі 

Каирдың  орталығынан  1916  жылы  салынған  Арт  Деко 

Гариб  Моркос,  1924  жылғы  Кодак,  1920-жылдары 

салынған  Дэвис  Брайан  мен  Әбдел  Халек  Рауат  үйлері, 

сонымен  қатар  1930-жылдары  тұрғызылған  кино-радио 

бекеттері  сияқты  көптеген  тарихи  ғимараттарды  сатып 

алған (9). Кодак ғимараты, сонымен қатар еврей синагогасы 

айналасындағы жаяу жүретін аймақ түсініксіздеу әдіспен 

жөнделген.



МБ:  Осылайша,  ұлтшылдық  жобалар  экономикалық 

мүдделерді  жасырып  тұр,  алайда  әл-Сиси  популизмінің 

басқа, көрінбейтін мүддесі қандай?

МА:  Шынында,  «тәртіп»  пен  тұрақтылықты  қайтару 

туралы дискурс адам құқықтарын бұзу, бұқаралық қамау 

және  абақтыға  жабу,  сонымен  қатар  белсенділердің 

жоғалып кетуіне деген қауіптерді басып тастады. Мұның 

бәріне,  алғашқы  жылдарға  қарағанда  ықылас  төмендеу 

сияқты. Дегенмен, күрделі экономикалық дағдарыс, ресми 

топтардың арасындағы жүйелі сыбайластық және полиция 

тарапынан  жүргізіліп  отырған  репрессиялар  шешуші 

мәселе  болып  қалып  отыр,  ешқандай  революция  тіпті 

болмағандай. Күні бүгінге дейін үндемейтін көпшіліктің 

артып келе жатқан наразылығы басқа әлеуметтік дүмпуге 

алып келуі мүмкін, әскерге қарсы ықтимал көтерілістегі 

адам өмірінің бағасы өте жоғары болатыны сөзсіз, себебі 

ол әрі қарай зорлық зомбылыққа ұласады.

Хаттарды Мона Абазаға <

mona.abaza@gmail.com

> жолдауға болады.

1

 Қараңыз Ketchley, N. (2014) “The people and the army are one hand!” Comparative 



Studies in Society and History 56(1): 155-186.

2

 Abul-Magd, Z. (2016) “The Army and the Economy in Egypt.” Midan Masr, 



August 7, 2016, 

http://www.midanmasr.com/en/article.aspx?ArticleID=222

3

 Sawaf, L. (2016) “The Armed Forces and Egypt’s Land.” Mada Masr, April 26, 2016, 



http://

www.madamasr.com/en/2016/04/26/feature/economy/the-armed-forces-and-egypts-

land/

4

 Saba, J. (2014) “The military and the state: The role of the armed forces in post-30 June 



Egypt.”  September  27,  2014, 

http://www.dailynewsegypt.com/2014/09/27/military-

state-role-armed-forces-post-30-june-egypt/

5

 “From Tahrir Square to Emaar Square,” Cairobserver, February 23, 2014, 



http://cairobserver.com/post/77533681187/from-tahrir-square-to-emaar-square#.

WHN1ptLhCM8

6

 Oakford, S. (2014) “Egypt’s Expansion of the Suez Canal Could Ruin the Mediterranean 



Sea,”  October  9,  2014, 

https://news.vice.com/article/egypts-expansion-of-the-suez-

canal-could-ruin-the-mediterranean-sea

 (2016 жылғы 2 желтоқсандағы мәлімет).

7

      Abaza,  M.  (2014)  “Post  January  Revolution  Cairo:  Urban  Wars  and  the  Reshap-



ing  of  Public  Space.”  Theory,  Culture  &  Society,  2014  жылы  30  қыркүйекте  онлайн 

жарияланған.

8

   Сонда.



9

  

http://al-ismaelia.com/buildings/



, 2016 жылғы 2 желтоқсандағы мәлімет.

 8

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

> Шындыққа күмәндану:

Люк Болтанскимен сұқбат

Люк Болтански.

>>

Люк  Болтански  –  бүгінгі  күннің  ең  мәртебелі  әлеуметтанушыларының  бірі.  Кезінде  Пьер  Бурдьемен 

әріптес болған ол қазір Париждегі Әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары мектебіндегі зерттеулер 

жетекшісі (EHESS). 1990 жылдары Ив Чиэпелломен бірге жазған кең тараған Le nouvel esprit du capi-

talisme  атты  француз  тіліндегі  кітабында  капитализм  ұйымдары  мен  олардың  басымдылығының  жаңа 

формаларын  зерттеген.  Кейін  оның  зерттеулері  сынау  әрекетін  зерттеу  мен  мемлекет  әлеуметтануына 

ойысты. 2009 жылғы De la Critique 2011 жылы On Critique ағылшын басылымындағы оның институттар 

мен  шынайы  өмірдің  өзара  байланысы  туралы  пайымдауы  өзгерген.  2012  жылы  ХІХ  ғасырдан  бергі 

детектив шығармалардың шығуы және таралуы туралы Énigmes et complots атты кітап жариялады.

Сұқбат алушылар Лора Чартэйн және Мэрайн Джин Бойссон EHESS (Париж, Франция) докторанттары. 

Олардың зерттеу қызығушылықтары Болтанскидің Énigmes et complots кітабындағы әлеуметтанушының 

әлеуметтік  институттарды  тексеріп  сынау  барысына  негізделген.  Төмендегі  мәтін 

Global  Express

-те 


жарияланған сұқбаттың толық нұсқасынан үзінді.

ЛЧ  және  МДБ:  Детектив  шығармалармен  айналысу 

туралы ой қайдан пайда болды?   

ЛБ:  Негізі,  өзім  детективке  қатты  қызықпаймын. 

Өзгелер  сияқты  оны  ұйқым  келмеген  кезде  ұйықтау 

үшін оқитынмын. Бірақ, әрдайым қызық бола бермейтін, 

көбіне  қоғамның  консервативті  көрінісін  сипаттайтын 

әдеби жанрдың осы түрі неге соншалықты кең тарағанын 

түсінгім  келді.  Шын  мәнісінде,  ол  нарративті  жұмыс 

кітабы, көркем фильм және телесериал формасында жиі 

тараған негізгі жанрына айналды. Ол мен үшін шынымен 

де қызықты болды.

Ізденумен  байланысты  өз  мансабыммен  қатар, 

өмірбаяндық  деңгейде  балам  да  репортер  болғандықтан 

тергеу-ізеустіру  жұмыстарының  түрлерін  зерттегім 

келді.  Осы  кітапты  жазу  барысында  Николя  Саркози 

президент еді және ол уақытта «саяси жанжал», «тергеу 

ісі»  Францияда  белең  алып  жатқан  болатын.  Осы  істер 

және  саяси  жанжалдар  тергеу  жұмыстары  мен  қарсы 

тергеуге ұласып жатты. Өзімнен тергеу не себепті батыс 

әлемінде  соншалықты  маңызды  рөлге  ие  болды  деп 

сұрадым.  Осы  сұрақ  мені  әртүрлі  тергеулер  арасындағы 

айырмашылықтар мен ұқсастықтар және олардың жүзеге 

асу жолдарын зерттеуге жетеледі.



ЛЧ  және  МДБ:  детектив  шығармалардың  генезисін 

зерттегіңіз келген шығар?

ЛБ: Бұл – Дюркгеймдік ескі әдіс немесе «археологиялық» 

деп аталатын Фуколық әдіс. Біз құбылысты Пьер Бурдье 

танытқан «далалық әсер» арқылы мүлдем басқа нәрсеге 

айналмас бұрын, түпкі мағынасын қамтығанда жақсырақ 

түсінеміз.  Алдымен  жаңа  жанр  пайда  болып,  сосын 

түрлі  рәсімдер  жаңарады  және  осы  салада  бір  бірінен 

ерекшеленуге  тырысады.  Осылайша,  жанрлар  жаңарып 

отырады.  Бір  ғасырдан  сәл  ғана  көп  уақыт  ішінде 

детектив және шпиондар туралы шығармалар стилдерінің 

саны  артты.  Осы  жанрдың  шыққан  уақытына  қайта 

оралуға  тырыстым.  Квази  құрылымдық  әдісті  детектив 

шығармаларды  зерттеуде  қолданып,  осы  жанр  пайда 


 9

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

болған  уақыттың  тарихи  ерекшеліктерін  анықтағым 

келді.  Бірақ  мен  бұл  кітапты  жауаптар  емес,  керісінше 

проблемалар жиыны деп білем.



LC  &  MJB:  Énigmes et complots-та  сіз  өздері  күнделікті 

өмірде  бастарынан  кешетін  «өмір»  мен  институттар 

құрастыратын  «шындық»  арасындағы  бос  кеңістікті 

байқағанда тергеу-іздестіруді әлеуметтік акторлардың 

өздері-ақ жүргізе алады деген ойды өрбіткенсіз. Осы бос 

кеңістік  кейін  акторлар  арасында  күмән,  келіспеушілік 

және пікірталастар тудырады.  Осы кітапта «энигма 

шынайы  нақтылықты  бұзуға  қауқарлы  қоғамдық 

тәртіп операциясында көрінетін нәрседен тұрады» деп 

көрсеткенсіз.

ЛБ:  Шындығында,  энигма  Эдгар  Алан  По  дәстүріндегі 

детективті  шығармаларға  тән.  Гештальт  психологитар 

да  тұрақты  әрі  айқынды  бұзудан  туындайтын  энигманы 

осы  тұрғыдан  қарау  идеясын  қарастырған.  Кітаптың 

тұжырымдық негізі De la Critique кітабымда бейнеленген 

шындық  пен  әлем  арасын  ажыратуға  сүйенеді.  Бұл 

ажырату менің жұмысымда аса маңызды болып табылады. 

Қысқасы,  шынайы  нақтылық  институт  тарапынан 

құрылған тұрақты тәртіпке байланысты, ал әлем әлеуметтік 

актордың  күнделікті  болжамсыз  тәжірибесінде  пайда 

болатын  барлық  нәрселерге  байланысты  болғандықтан 

шындыққа күмән тудырады. 

Мұндай  ажырату  мақсаты  нақтылықты  әлеуметтік 

құрастыру  парадигмасынан  туындайтын  белгілі  бір 

сұрақтарға  жауап  беруге  бағытталған.  Бұл  мәселе  Ян 

Хокиннің  танымал  The  Social  Construction  of  What? 

кітабында сипатталған. Егер барлық нәрсе құрылымдалып 

қойылған  болса,  қалай  және  қай  көзқарас  тұрғысынан 

осы  құрылымдарды  қарастыра  аламыз?  Факт  әрдайым 

«әлеуметтік  құрылымдалады»  деген  анықтамадан 

шығатын  қайта  құрылымдау  және  құрылымдауға  әкеп 

соқпай  ма?  Осы  тұрғыдан  қарау  әлеуметтанушының 

жұмысына  сәтсіздік  әкелетін  жалпы  релятивизмге 

жетелемей  ме?  Сондықтан,  мен  шындықты  әлеуметтік 

құрылымдау идесын әлеуметтік институттың шындықты 

қалыптастыру  жолын  мұқият  бақылай  отырып,  шындап 

қабылдағым келді. Әлем мен шындықтың арасын ажырату 

арқылы  біз  шындық  құрылымын  әлемде  орнатылған 

тәжірибеден  айыруға  көмектесетін  сілтеме  нүктесін 

анықтауға  мүмкіндік  береді.  сондықтан,  Шотландық 

ағарту, Мур және кейбір тұста, тіпті Шюцтің мұрасындағы 

“саналы ой” теориясынан арылған жөн.

Анықталмаған  белгісіз  әрекет  тұжырымынан  бастаған 

дұрыс.  Бірақ,  әрине,  біздің  тәжірибелеріміз  де  шындық 

құрылымның  маңызды  бөлігі.  Оған  қарапайым  мысал, 

сіз  автобус  күткенде  оны  әр  15  минут  сайын  келеді  деп 

ойлауыңыз  шындық  форматында  бекітілген  тәжірибе 

болып табылады. Аялдама, қоғамдық көлікті үйлестіруші 

компания  және  аялдамаларды  салып,  олардың  кестесін 

бекітетін  жергілікті  орган  қызмет  атқарады,  дегенмен 

әлемдегі әртүрлі белгісіз себептердің нәтижесінде автобус 

уақытында  келмеуі  мүмкін.  Біздің    тәжірибелеріміздің 

басым бөлігі әлемнің де бір бөлігі болып табылады және 

белгісіздігімен  сипатталады.  Мұндай  тәжірибелерді 

анықтау оңай емес. 

Институттар  тарапынан  анықталған  әрекеттер  шеңберін 

сипаттап,  жалпылау  оңай,  себебі  олар  жазбаша 

түрде  нақтыланып,  есеп-қисапқа  бейімделген.  Ал, 

әлем  анықталмаған,  белгісіз,  өзгермелі  және  әртекті 

болғандықтан,  жалпылауға  келмейді.  Сондықтан,  біз 

әлеуметтік акторлардың институттар арқылы қалыптасқан 

шындық  форматтарымен  қалай  беттесіп,  оларды  қалай 

сынауын,  олар  туралы  қалай  пікіталастыратындығын 

және жаңа форматтарды қалай жасайтындығын сипаттай 

аламыз. Сын, басқаша айтқанда, тәжірибенің осы жанрын 

түсіндіруге көмектеседі.

Сондықтан, 

шындықты 

құрастырудың 

осындай 

белгісіздікті 

азайтуға 

бағытталған 

әлеуметтік 

құрылғыларды  орнататын  әлеуметтік  институттармен 

байланысын қарастырғым келді. Énigmes et complots-та мен 

арнайы  Еуропалық  ұлт  жобасын,  әсіресе  ХІХ  ғасырдың 

екінші  жартысындағы  олардың    заңға  (полициялық 

құрылғылар), әлеуметтік және жаратылыс ғылымдарына 

сүйене  отырып,  шындықты  іс  жүзінде  құрастыру 

немесе  бейберекет  әрекетті  болжамды  етуге  ұмтылған 

демократиялық  формаларын  қарастырдым.  Бұл  ойдың 

басым  бөлігі  Фуконың  биосаясат  туралы  жазбаларынан 

туындаған.

Өзіме жақсы ұнайтын тағы бір мысал келтірейін. Менің 

бір досым біз жас болған 70-жылдары шынайы солшыл 

әрі  феминист  болды.  Ол  азшыл  топтардан  шыққан  өзге 

әйелдер  мен  еркектермен  бірге  ультрасолшыл  қозғалыс 

қатарында болды. Бір күні қыздар өздеріне көңіл аударып, 

күнде  конверт  жабыстырып  отыратын,  кофе  және  т.б. 

жасайтын  адамдар  өздері,  яғни  әйелдер  екенін  сезінді. 

Сосын олар не істеді? Жігіттерді шығарып жіберіп, өздері 

бір бөлмеде оңаша қалып бір тәулік бойы пікірлесті. Бұл 

Франциядағы феминизмнің дүниеге келуінің айтулы сәті! 

Оның  алдында  олардың  талдау,  психология  төңірегінде 

тәжірибелері  бар  еді,  сонда  да  феминизм  қарапайым 

нәрседен пайда болды. Менің ойымша бұл қозғалыс білім 

алу, яғни әлеуметтану, психоанализ, кәсіподақ әрекеттері 

(кез  келген  тәжірибені  үйреніп  оны  басқаларға  таратуға 

тырысу) нәтижесінде пайда болды.

ЛЧ  және  МДБ:  Әлеуметтанушылар  акторлар 

тәжірибесін қалай қарастырады?

ЛБ: Объективтілікті сақтау мақсатында әлеуметтанушылар 

сипаттау құралдарын сілтеме нүктесімен байланыстыруы 

шарт.  Соның  арқасында  біз  шындыққа  сыни  тұрғыдан 

қарай аламыз. Бұл нақты бір моральге байланыстырыла 

алмайды,  себебі  оның  орнына  айтылған  сыни  сілтеме 

нүктелер,  De  la  Critique-те  көрсеткенімдей,  белгілі  бір 

әмбебаптықты  талап  етуі  қажет.  Оның  бір  шешімі  – 

акторлардың  сынау  үрдісінде  пайда  болады.  Аталмыш 

акторлар - реалистер. Олар әр жағдайда әртүрлі нәрсені 

айтып,  түрлі  контекстіні  өз  пайдасына  айналдыра 

алатындай  әрекет  ететін  жағдайларды  назарға  алады. 

Сондықтан, жұмысшы бастығына жағымды болып, үйге 

>>


 10

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

барған соң оны әбден сынауы мүмкін.

Менің  ойымша,  адамдар  әлемді  өздері  құрастыратын 

жолды,  яғни  әлеуметтік  құрастыру  үрдісін  ұстануымыз 

қажет. Әсілінде әрбір тәжірибе ерекше болып табылады, 

әлемде ерекше жағдайлардан басқа ештеңе жоқ. Адамдар 

бұл тәжірибелерді өзгелермен бөлісу үшін оларға балама 

тауып,  оған  тиесілі  тілді  анықтап,  оларды  талаптарға 

айналдырып,  ұсыныстар  мен  талаптар,  шындық 

модификациясы  мен  шындық  форматтарын  құруға 

талпынады.  Біліктендіру  және  сынау  барысымен  қатар 

шындықтың  түрлі  элементтерінің  құрастырылуы  мен 

қайта  құрастырылуының    жолын  мүмкіндігінше  жіті 

ұстану өте қызықты процесс. Оларды шығармаларды оқу, 

сұхбат жүргізу және келіспеушіліктерді бақылау арқылы 

қадағалай  аласыз.  Әлеуметтанулық  жұмыс  шындықты 

құрастыру, қайта құрастыру және оның жаңа форматтарын 

орнатуын қадағалап отыруы тиіс.



ЛЧ  және  МДБ:  Әлеуметтанушылар  сүйеніп  отырған 

құрылымды  талдауға  талпыну  үшін  акторлар  мен 

институттардың  іс  жоспарынан  алшақтап,  тереңірек 

қарауы тиіс деп ойлайсыз ба?

ЛБ:  Қазіргі  ойым  бойынша,  толығымен  прагматикалық, 

толығымен 

жағдаятты 

талдаумен 

айналысатын 

әлеуметтанумен  шұғылдану  мүмкін  емес.  Бұл  жерде 

оны  акторлардың  өздері  істемейді.  Олардың  қоршаған 

өмірі индивид ретінде өздері толық қадағалай алмайтын 

шешімдерге және ненің не екенін нұсқайтын институттарға 

тәуелді.  Бірақ,  олар  өз  мақсатына  институттардың 

шындықты  құрастыру  жолдарына  әрдайым  қауіп 

төндіретін  қарама-қайшылықтарды    пайдалана  алады. 

Алдында автобус туралы келтірген мысалым сияқты, олар 

автобус уақытында келуі керек болғанымен, ол іс жүзінде 

ешқашан ондай болмайтындығын көрсете алады.

Шындық 

форматын 



жасауды 

сынау 


үшін 

әлеуметтанушылар  белгілі  бір  моралдық  талаптарды 

емес,  керісінше,  ондай  талаптарды  сынап,  анағұрлым 

әділ  форматтарды  орнатуға  талпынатын  әлеуметтік 

акторлардың  әрекеттерін  қарастырады.  Дегенмен, 

әлеуметтанушылар  шындықтың  жаңа  форматтарын 

орнатуға талаптанған әлеуметтік акторлардың әрекеттерін 

қадағалаудан  да  тереңірек  мақсаттарға  ұмтыла  алады. 

Олар  акторлар  тәжірибесін  тұрақтандыратын  жалпылау 

құралдарын  пайдалануы  керек.  Олар  аталмыш 

жұмыс  түрінің  сипаттамасын  нормативті  пікірлермен 

байланыстырудан  тұратын  өте  күрделі  операцияны 

жүзеге асырулары керек. On Critique кітабымда мен ондай 

операциялардың  әлеуметтану  тарихында  қолданылған 

түрлі жолдарын бейнеледім. 

Менің  тезисімді  «гипотеза»  деп  атау  қиын,  себебі  оны 

эмпириялық  тұрғыдан  дәлелдеу  оңай  емес.  Шындықты 

тұрақтандыру  ұлттық  мемлекет  идеясы  шеңберінде 

капитализмнің дамуымен байланысты ағындар тарапынан 

тұрақты  бұзылып  отырғанда  сәтті  жүзеге  асады  деп 

ойламаймын.  Аталмыш  ағындар  территория  мен  халық 

шеңберінде  шындықты  біртектілеуге  бағытталған 

әрекеттерге  қауіп  төндіреді.  Көптеген  зерттеулер, 

әсіресе шекараларды қайта жандандыру, бірегейлік және 

лингвистикалық  біртектендіру  мәселелері  төңірегінде 

еңбек  етіп  жүрген  Жерар  Нойриелдің  еңбектерінде 

теорриториялар  мен  халықтарды  бірегейлендірудегі 

мемлекеттің ықпалы сарапталған. Францияда Жак Ревел, 

Доминик Жулия, Мишель де Серто айтулы зерттеуі осы 

тақырыпқа 30 жыл бұрын арналған еді. Аталмыш зерттеу 

кейбір  тұстары  бойынша  Делездің  территория  мен 

ағындар арасындағы оппозициясына қатысты Капитализм 

қызметінің әсерінен ағындар ұлттық мемлекет жобалары 

үнемі  тұрақсызданып  отырады.  Детектив  не  шпиондар 

туралы  шығармалар  туындайтын  әлеуметтік  контексте, 

шындықты құрастыруға құлықты әрі мүмкіндігі жететін, 

ең алдымен осы ұлттық мемлекет болып табылады.

ЛЧ  және  МДБ:  Осы  тұжырымды  құру  және 

тұрақсыздандыруды  түсінуге  мүмкіндік  беретін 

жалпылаудың жаңа жолдарын табу үшін әлеуметтанушы 

ұлттық  мемлекет  идеясының  шеңберінен  шығуы  керек 

пе?

ЛБ:  Шын  мәнісінде,  иә.  ұлттық  мемлекетті  орнатуға 

қатысты  неге  детектив  шығармалардың  тарихына 

қызықтым?  Неге  менің  осыны  жүзеге  асыруға  шамам 

жетті?  Менің  бұған  шамам  жеткені  -  тұжырым  қазір 

күрделі  дағдарыс  үстінде.  Сондай-ақ,  оны  сырттай 

сипаттау  қиын  болса  да  бұл  жүйені  сырттай  бақылай 

аламыз. Ойлау тәжірибеміз арқылы, жоқ дегенде ұлттық 

және мемлекеттік жүйелердің шеңберінен шыға аламыз. 

Менің  ойымша  бүгінде  әлеуметтанушылар  үшін  негізгі 

мәселе  –  Франциядағы  әлеуметтану  архитектурасы, 

тіпті  Франциядан  басқа  жердегі  болуы  мүмкін,  ол  19 

ғасыр  соңындағы  ұлттық  мемлекеттің  қалыптасуына 

байланысты.  Сондықтан  біз  Ағылшын  әлеуметтануы, 

Неміс 

әлеуметтануы, 



Француз 

әлеуметтануы 

дегенді  кездестіреміз.  Бұл  жүйенің  қазіргі  кездегі 

трансформациясы  болып  жатқанын  ескере  отырып, 

әлеуметтанудың  көптеген  құралдары  жарамсыз  болып 

отыр  және  шындықты  сынап,  тұрақтандыруды  ұлттық 

шекараға  қарамастан  түсіну  үшін  қайта  өзгеруі  қажет. 

Әлеуметтанулық  қызметті  мойындарыңа  алсаңдар,  осы 

нәрсемен айналысуларың қажет.

Хаттарды Люк Болтански <

boltansk@ehess.fr

>, 


Лора Чартэйн, <

laurachartain@gmail.com

және Мэрайн Джин Бойссонға <



boisson.marine@hotmail.fr

> жолдауға болады.


1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет