ЖАҢа технологиямен оқытуда оқушыларға берілетін шығармашылық тапсырмалардың ТҮрлері мен үлгілері



жүктеу 41.65 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.02.2017
өлшемі41.65 Kb.
#3415

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҮЛГІЛЕРІ 

 

Р.С.Қуанаева 

Орал қ. 

 

Заман  талабына  сай  оқушыға  білім  беруде  әр  шығармасы  атан  түйенің  жүгін  көтеріп  тұрған 

күрделі поэмаларды немесе әңгіме, хикаяттарды оқытуда, ол шығармаларды жіліктеп талдап, ақынның 

не жазушының айтпақ ойын оқушылардың өздеріне дәлелдету арқылы көзін жеткізуде шығармашылық 

тапсырмалардың алар орны ерекше. Әр сабағын жеке тұлғаны қалыптастыруға құратын мұғалім қандай 

технологияны  қолданса  да,  ана  тілінде  жақсы  сөйлеп,  ойын  ашық  айтатын  өзіндік  «мені»  бар  адам 

қалыптастыруға көңіл бөлері сөзсіз.  

Жаңашыл  әдіскер-ұстаз  Қ.О.Бітібаева:  «Мектептегі  барлық  пәндердің  ішінен  баланың  жан-

жүрегі,  ой  дүниесіне  бойлай  еніп,  оның  рухани  өрісін  болжай  алатын  бірден-бір  пән-әдебиет  пәні 

сияқты. Әдебиет пәні нағыз достықтың, ынтымақтастықтың пәні» деп төл әдебиетіміздің рухын көтере 

баға берген еді. 

Осы  талаптан  шығу  жолында  мен  де  талмай  еңбектеніп  жүрген  ұстаздардың  бірімін.  «Сын 

тұрғысынан  ойлау»  жобасын  әр  сабағымда  қолдану  арқылы  тапсырмалардың  түрлерін  өзгертіп 

отырамын.  Ш.Айтматовтың  «Құз  басындағы  аңшының  зары»  шығармасындағы  Қожажаш  бейнесі 

бойынша: «Әңгімедегі ең бақытсыз жан» атты эссе үлгісі. 

Менің  ойымша,  әңгімедегі  ең  бақытсыз  жан  –  Қожажаш.  Ол  өзінің  мергендігін  орынсыз 

пайдаланып, ашкөзденіп, табиғаттағы жануарларды аяусыз қырып-жойды. «Қанағат қарын тойғызады» 

деген халық сөзін ескермеді. Ол ауыл жұртының күнделікті ас-суына қажет жануарларды атса бір сәрі, 

табиғат  байлығын  құрту  арқылы  өзінің  баю  жолын  көздеді.  Неғұрлым  құндыздардың  жалтылдаған 

терісін сыйға тартсам, не болмаса үйлену тойыма кететін шығындарды сол құндыздардың терісін сату 

арқылы  өтесем деп,  ел  игілігіне  қолданылатын табиғат    байлығын жеке  мүддесіне  пайдаланды.  «Көп 

асқанға  бір  тосқан»  деген  сөздің  тегін  еместігінен  ол  тағдырдан  өз  сыбағасын,  жазасын  алды. 

Сондықтан  тірлікте  адамдар  «барға  қанағат  етуі  керек».  Тіршілікте  адам  көзі  ешнәрсеге  тоймайды, 

байыған  сайын  құныға  түседі.  Өлгенде,  көзіне  құм  құйылғанда  ғана  тояды.  «Ашыққаннан  құныққан 

жаман»  деген  осы да. Сол  қанағатсыздығынан  ол  еш  рақат  көрген  жоқ,  тым болмаса әр  адам  сияқты 

үйленіп, үй болып, артына  ұрпақ  та қалдыра  алмады,  өз  ажалын  өзі мезгілсіз құшты. Сондықтан бұл 

шығармадағы ең бақытсыз жан - Қожажаш. Бар байлық оған жолдас болмады, өмірлік мұраты-артына 

із қалдыру болса, оны да қалдыра алмады. Оның өмірде болған-болмағандығын енді ешкім де білмейді, 

құмға сіңген судай жер бетінен жоғалғандай болды. 

Тағы бір әдістің түрі «Әңгіме–диалог». Бұл әдіс көбінесе көркем шығармаларды оқушыларға өз 

бетімен  оқуға  тапсырма  бергенде  жүргізіледі.  Әсіресе,  «Сыныптан  тыс  оқу»  кезінде,  жазғы  каникул 

уақытында  оқушыларға  көркем  Әдебиеттердің  тізімін  береміз.  Сол  шығармаларды  оқып  келген 

балалармен  «Кітапты  мен  қалай  таңдаймын?»  деген  тақырыпта  әңгіме  –  диалогқа  мынадай  сұрақтар 

беруге болады. 

-

 

Авторын, тақырыбын таңдайсыз ба? (Әрине) 



-

 

Қалай оқисыз? (Басынан  - аяғына дейін тыңғылықты оқуға тырысамын) 



-

 

Сіздің соңғы оқыған кітабыңыз қандай? (Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық, мол жылдар». 



-

 

Қандай әсер алдыңыз?Мен бұл кітапты қызыға оқыдым, себебі : 



1. Бұл кітаптың кейіпкерлерінің прототиптері өмірде бар адамдар. 

2. Эпилогында жазушының кітапты қалай жазғандығы туралы айтылады. 

3. Шынайы махаббатты, адал сүйіспеншілікті жырлайды. 

4. Кейіпкерлер әрекеттері өмірдегі шынайылығымен дараланады. 

5.Адам бойындағы асыл қасиеттердің қандай болу керектігін түйсінесің. Меңтайдан адалдықтың

адамгершіліктің,  достықтың,  адал  жардың  бейнесін  көруге  болады,  яғни  үлкен  өмірге  сабақ  алуға 

болады.  Осы кітап бойынша жарнама үлгісі немесе «Сауаттылықты ашатын хаттар» стратегиясы:  

Достарым, жан жолдастарым, шынайы махаббаттың не екенін сезінгің келсе, қос ғашық екеніңді 

дәлелдеп,  айлы  түнде  қыдырып,  ай  астында  жүргілерің  келсе,  достықтың  не  екенін  білгілерің  келсе, 

жар мен бала сүйіп, дұрыс отбасын құрғыларың келсе, өмір жолына  үлкен жолдама алғыларың келсе, 

мына кітапты оқуларыңды сұраймын. 

Сын тұрғысынан ойлау жобасындағы стратегияның бірі - «Тақырып таңдау». Бұл стратегияны 

көбіне  тіл  ұстарту  жұмыстарының  түрлерін  (мазмұндама,  шығарма  т.б.)  жүргізген  кезде  қолдануға 

болады.  Бұл  стратегияны  қолдану  үшін  алдын  ала  шығарма  жұмысының  тақырыптарын  мұғалім  өзі 

жасақтап  алуына  болады  немесе  оқушылармен  бірлесе  отырып,  құрастырып  жаздыруға  болады.  Осы 

жобаның оқыту семинарына қатысқан кезде мен мынадай тақырыптарды ұсындым, атап айтсам:  

 

Адамгершілік-асыл қасиет. 



 

Ұлы сезімді қастерлейік. 



 

Доссыз өмір-тұзсыз ас... 

 

... Махаббат, қызық мол жылдар... 



 

Отбасым-ордам, Отаным. 

 

Бала-адамның бауыр еті. 



Енді осы шығармамды мысалға келтіре кетйін. 

Бала – адамның бауыр еті 

Әр  адам  өмірге  келгеннен  кейін-ақ  өмірінің  бір  мәні  болу  үшін  алдына  мақсат  қояды.  Соның 

бірі-отбасын құру. Отбасы дегенің – шағын мемлекет. Сол мемлекеттің іргетасы нық қаланып, мықты, 

іргелі болуы үшін басшысы да сондай болуы керек. Ал отбасының, яғни шаңырақтың мәнін де, сәнін де 

келтіретін  –  бала.  Бала-ата-ананың  өмірінің  жалғасы,  көзқуанышы.Ол  сенің  өмірге  деген 

ұмтылысыңды,  сеніміңді  нығайтып,  қадамыңды  кеңейтеді.    «Бала  –  ата-ананың  бауыр  еті».  Өмірге 

деген  үмітің  үзілген  шақтарда  сол кішкене, бейкүнә  сәбиің  келе қалса,  үміт  оты  қайта  тұтанып,  өмір 

сүруге бел байлайсың. Әр адам жас кезінде әке-шешенің қадірін мүмкін біле бермес, сол кезде «Ата-

ананың  қадірін  балалы  болғанда  білерсің...»  деген  мақал  ойыңа  оралады.Сәбидің  әрбір  пәк  күлкісі, 

риясыз жымиысы, былдырлаған тілі, сан қызықты қылығы жаныңды рухтандырып, адамның ет жүрегін 

елжіретеді. Сол шақта өзіңді бүкіл ғаламдағы ең бақытты жандай сезініп, «Алланың бергеніне шүкір» 

деп  тәубе  қыласын.  Бір  сәтке  ғана  көз  алдыңнан  таса  болса,  жүрегіңді  орнынан  біреу  жұлып  алып 

кеткендей  күй  кешесің.  Сонда  ғана  «ол  жоқта  мен  бұрын  қалай  өмір  сүрдім?»  деген  ой  да  басыңа 

келеді. Ал қазіргі қоғамда сәбиін тірі жетім етіп, балалар үйіне тастап немесе жасанды түсік жасатып, 

некесіз сәбиді дүниеге әкеліп, оны көзі қиып, күл-қоқысқа тастап кетіп жатқан көкек-аналар қаншама? 

Сол  жәйттерді  көріп,  естігенде  жаның  қалай  түршікпес?!  Жүрегің  қалай  жыламас?!  Ондай  жандарға 

еріксіз  лағынет  айтасың.  Сендерді  де  құдайдың  өзі  табар,  осы  істегеніңді  алдыңа  келтірер  деп  жан 

айқайға салып айтқын келеді.  

Сәби деген ата-ананың бақыты

Жүрегіңнің гауһартасы, жақұты, 

Отбасының берекесін келтірген, 

Басқа қонған жұмақтағы бақ құсы. 

Аялаңдар, сәбилерді сүйіндер. 

Солар үшін отқа пен суға күйіндер. 

Тәрбиелеп қатарына қосыңдар, 

Еске ұстап, осыны ойға түйіңдер.  

Осы жұмыс «Нобайын жазу» стратегиясы бойынша мынадай критерийлермен талданады. 

 

Тақырыптың өзектілігі 



 

Автор ойын әдеби тілмен жеткізгендігі (шығарманың әдебилігі) 

 

Жұмыстың қорытындылануы (қазіргі өмірмен байланысы) 



Шығармашылықпен  жұмыстанудағы  әдістердің  бірі  мен  бірегейі  сабақтың  толғаныс  бөлімінде 

жүзеге  асыруға  қолайлы  -  РАФТ.  Оқушыларға  күрделі  туындыларды  талдатып  болғаннан  кейін 

оқушының ішкі жан тебіренісін, шығармадан алған әсерін сыртқа шығаруға бағытталған тапсырманың 

түрі десе де болады. Сондықтан  үлгі ретінде «Жолдау» атты РАФТ жұмысын ұсынып отырмын.  



Қымбатты жоғарғы сынып оқушылары! 

Сіздерге мен, «Айгөлек»  журналының тілшісі ретінде «Табиғат. Көңіл. Сезім.» атты айдар ашу 

үшін осы айдардың атына сай өлең, мақала, эссе, очерк, новелла т.б. жанрларды қамтып жазып, біздің 

редакциямызға жолдауыңызды сұраймын, яғни  сіздің  шығармаңызда  айдардың  аты  айтып тұрғандай, 

Табиғат. Көңіл. Сезім-үшеуі бір-бірімен үндесіп, астасып жатуы керек, мұны әдебиет теориясына орай 

айтсақ,  психологиялық  параллелизм  сияқты.  «Күнді  бұлт  қоршайды,  күн  жауарға  ұқсайды,  Алланың 

хақ бұйрығы, Маған таянғанға ұқсайды» деп эпостық жырларда жырланса, мен сіздерге мысал ретінде 

мына өлеңімді келтіремін. 

Күз келді, маңай түгел сарғыш тартты, 

Қураған жапырақтар жерді жапты,  

Сол кезде жүрегімді саған деген 

Сарғайған сағыныштар  тербеп жатты. 

Сен жоқсың. Мен жалғызбын. Көңілсізбін. 

Күтемін кеп қалар деп үміт үзбей, 

Көңілім жабығады кей сәттерде, 

Тұнжырап, мүлгіп тұрған қоңыр күздей. 

Қамыққанмен, шыдармын бәріне де, 

Әлде бұған кінәлі қоңыр күз бе ?! 

Аласұрған сезімімді өзім  ұқпай


Адасып қалғандаймын жапан түзде. Осындай бағыттағы шығармаларыңызды жолдаңыздар. Хат-

хабар күтемін. Айгөлек журналының тілшісі: Жайна Мұратқызы. Мұндағы Роль – (тілші), аудитория – 

(Жоғары  сынып  оқушылары),  Форма  –  (Жолдау),  Тақырып-  (Табиғат.  Көңіл.  Сезім).  Осылайша 

тапсырмаларды  түрлендіру  арқылы  оқушының  сөздік  қорын  молайтып,    тілін  ұстартуға, 

шығармашылық  қабілетін  шыңдау  міндетін  үнемі  алға  қойып  келемін.  Мұғалім  осындай 

тапсырмаларды берілген уақыт ішінде оқушылармен бірге өзі де жазып, «Автор орындығына» отырып, 

өзі де жазған туындысын оқып беруіне де болады. Бұл тапсырмалардың үлгілерін пән мұғалімі ретінде 

өзім жасақтап, ұсынып отырмын, себебі курсқа келген мұғалімдердің айтуынша, басылым беттерінен 

осы  әдістерді  оқып-танысқанымен,  осы  жобаның  толық  курсын  өтпеген  кейбір  ұстаздар  бұл 

тапсырмалардың  байыбына  бара  бермейді,  яғни  «Мен  не  ұтамын?»,  «Оқушым  не  ұтады?»  деген 

философиялық  қағиданы  ескере  бермейді.  Сондықтан  пән  мұғалімдеріне  әдістемелік  бағыттағы 

шығармашылық тапсырмалардың түрлеріне мысалдар келтіріп кеткім келді.  

Мақаламды курс тыңдаушыларына өткізген осы практикалық сабағымнан кейін өз ойын өлеңмен 

өрбіткен  Ақжайық  ауданы,  Қ.Байсықов  атындағы  жалпы  білім  беретін  мектебінің  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәні  мұғалімі  Избасарова  Бағдагүл  Сайынқызының  пікірімен  қорытындылай  кетуді  жөн 

көрдім.  

Құлақтан кіріп, бойды алды

Сыни тұрғы сабағың, 

Көңілге түрлі ой салды, 

Инновациялық ілімің. 



 

Әдебиеттер 

1.

 

Республикалық «Білім технологиялары» журналы, 2011жыл №4. 

2.

 

Республикалық «Әдебиет Қазақстан мектебінде» журналы,2011 жыл №5.  

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 41.65 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет