ЖАҢа технологиялар негізінде қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары л. Н. Кажгереева Орал қ. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



жүктеу 42.32 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.04.2017
өлшемі42.32 Kb.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 

 

Л.Н.Кажгереева  

Орал қ. 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті-



ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтары,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, 

оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп,  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттері  көзделеді. 

Бүкіл  дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  қазіргі  кезде  Қазақстанда  білімнің  жаңа 

жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен 

қатар  елімізде  болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды,қол  жеткен 

табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, 

мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Біздің елдегі мемлекеттік тіл – қазақ 

тілінің  орны  хақында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»  деп 

айтқаны  белгілі.  Демек,  тіл  –  бейбітшілік  пен  тыныштықтың,  өсіп-өркендеудің  кепілі.  «Біздің 

міндетіміз  –  оны  барлық  салада  белсенді  пайдалана  отырып  дамыту.  Біз  ұрпақтарымызға 

бабаларымыздың  сандаған  буынының  тәжірибесінен  өтіп,  біздің  де  үйлесімді  үлесімізбен  толыға 

түсетін  қазіргі  тілді  мұраға  қалдыруға  тиіспіз.  Бұл  –  өзін  қадірлейтін  әрбір  адам  дербес  шешуге  тиіс 

міндет,  қазақ  тілі  барша  қазақстандықтардың  жаппай  қолданыс  тіліне  айналады»,-  деп  баса  айтқан 

болатын. 

Қазақ тілі сабағында оқушыларға  білімнің өмірлік маңызын түсінуге, теория мен практиканы тығыз 

байланыстыруға,  пәнге  ынтасын  арттыруға,  білімге  ынтасының  болуына,  олардың  сабақтағы 

белсенділігінің артуына, білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына 

мүмкіндік    жасай  білуіміз  керек.  Білім  берудің  құрылысын,  оқушылар  мұғалім  койған  мақсаттарды 

түсінетіндей,  қабылдайтындай  етіп  құру  керек  және  оқушы  мұғалім  қойған  мақсатты  белсенді  жүзеге 

асырушысы  болуы  тиіс.  Білім  беру  саласы  мұғалімдердің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі  – 

оқытудың әдіс  -  тәсілдерін  үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды 

меңгеру.  Қазіргі  таңда  мектептерде  инновациялық  технологияларды  және  интерактивтік  әдістемелерін 

сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. «Технология – 

қандай  да  бір  істе,  шеберлікте,  өнерде  қолданылатын  тәсілдер  жиынтығы»,-  дейді  түсіндірмелі  сөздікте. 

“Инновация”  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы, 

Э.Раджерс  инновацияны  былайша  түсіндіреді:  “Инновация-  нақтылы  бір  адамға  жаңа  болып  табылатын 

идея”.  Майлс  “Инновация  –  арнайы  жаңа  өзгеріс.  Біз  одан  жүйелі  міндеттеріміздің  жүзеге  асуын, 

шешімдерін күтеміз», – дейді. 

Инновациялық  білім  беру  –  іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  оқу  ісін  дамытуға, 

пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  мұғалімнің  кәсіптік  шеберлігін  арттыруға  басқа  жаңа  технологияларды 

енгізуге,  пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге  бағытталған.  Мұндай 

технологияларды  қолдануда  -  оқытушы  ұтады,  яғни  ол  сабақты  тиімді  ұйымдастыруға  көмектеседі, 

оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. 

Қазақ  тілі  пәнінен  өзім  сабақ  беретін  сыныптарда  оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалана 

отырып,  жан-жақты  дамыған,  бәсекеге  қабілетті  шығармашыл  жеке  тұлға  тұлғаны  қалыптастыруды 

мақсат  еттім.  Қазақ  тілі  сабағында  оқытудың  жаңа  технологиялары:  “Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамыту”,  интерактивті  әдістер  және  мультимедиялық  проекторды  жиі 

қолданамын.  “Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту”  технологиясы  сабақты 

жоспарлауда қолдану тиімді деп білемін. 

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады: 

- қызығушылықты ояту; 

- мағынаны тану; 

- ой-толғаныс. 

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз 

шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, 

ойын  айтуға  оқушы  шығармашылығын  қалыптастыратынын  атап  өту  керек.  Сабақтың  қай 

құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс  



«Түртіп алу» стратегиясы. (топтық жұмыс) Мысалы: 

деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. 

 

Мен не ұқтым? 



Мен нені білгім келеді? 

Нені үйрендім? 

 

 

 



“Мағынананы  тану”  кезеңінде  оқушыларды  топқа  бөлу  арқылы  сұрақтар  дайындап,  оны 

мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған 

сұрақтарға  оқушылар  өз  ойларымен  жауап  бере  отырып,  бұл  сұрақтар  оқушылардың  деңгейіне  сай 

топтастырылады  немесе  сұрақтардың  өзін  сұрыптауда  “Жуан  және  жіңішке  сұрақтар”  стратегиясын 

пайдаланды.  Осы  кезең  бойынша  жұмыстану  арқылы  қорытынды  шығаруға  болады:  Мысалы  етістік 

тақырыбын  өткенде  «Түртіп  алу»  стратегиясын  пайдаландым.  Бұл  мәтінде  оқушылар  берілген 

тапсырмалар бойынша керектісін түртіп жазып алады. 

Тапсырма:  №1  Мәтінді  оқып,  етістіктің  түрлерін  тауып,  дәптерлеріне  теріп,  жазып  алу  керек. 

Кім қанша етістік жазып алды? Әр топ өздері жазып алған етістікті құрамына қарай (морфологиялық) 

талдау жасайды. 

«Мәди»  Байлықтың  зорлығы  мен  кедейліктің  тарлығын  көріп,  ширағып  өскен  Мәди  бұғанасы 

қатып,жігіт атанған кезден-ақ тізе батырған жуандардан кек ала бастады.Сол үшін оны байлар сан рет 

түрмеге де жаптырды. Жасынан домбыра тарту,ән айтуға бейім болған Мәди ақындық, композиторлық 

өнерді  өзінің  жан  серігіне  айналдырды.  Халқының  сүйікті  әншісі  болды.  («Қазақ  әдебиеті»)  Бұл 

технологияның  келесі  бір  кезеңі  –  ой-толғаныс.  Мұнда  “Венн”  диаграммасын  қолдану  арқылы 

тақырыптардың  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  көрсетуге  болады.  Мысалы:Құрмалас  сөйлемді 

өткенде  оны  жай  сөйлеммен  салыстырады,  айырмашылықтарын  және  ұқсастықтарын  жазады,  алған 

білімдерін жинақтайды. 

                                           Жай сөйлем                                   Құрмалас сөйлем 



 

 

 

 



 

 

 



Осы  кезеңде  оқушылардың  тілдік  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында  сабақ  тақырыбына 

байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мысалы: «Ұстаз» 

сөзіне 3-жолдық өлең құрастыру. 1. Бір сөз-зат есім (ұстаз) 2. Екі сөз- сын есім (білімді, мейірімді) 3. 

Үш  сөз-  етістік  (оқытады,  тәрбиелейді,  үйретеді)  4.  Төрт  сөзді  сөйлем  (Ұстазы  жақсының  ұстамы 

жақсы) 5. Синонимі (мұғалім) Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 

5  жолдық  өлеңді  жазғанда  сабаққа  қабілеті  төмен  деген  оқушылардың  өзі  3,4  сөз  тіркестерін 

құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін. Мысалы етістік 

тақырыбын  өткенде  сабақты  жинақтау,  бекіту  мақсатында  «Топтастыру»  стратегиясын  пайдаланған 

тиімді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бұл технологияны пайдаланудың тиімді жақтарына тоқталатын болсақ: 

- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады

 - Танымдық қабілетін арттырады; 

- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; 

- Оқытушының уақытын үнемдейді; 

- Қосымшы мәліметтер береді  

Сын  тұрғысынан  ойлау  және  жазу»  технологиясы    топтық,  жұптық  негізде  жүзеге  асады.  

Балалар  бір-бірінің  ойларымен,  пікірлерімен  алмасады,  дәлелдейді,  қателеседі,  өз  ойларын  ортаға 

салады,  негіздейді,  тексереді,  қателерін  түзейді,  бірде  өзі  көмектеседі,  бірде  басқаның  көмегін  өзі 

алады, т. с. с. топтық жүйеде  пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ 

игереді,  қиындықтарды  бірге  шешеді.  Мұндай  жағдайда,  барлық  балалар  алға  жылжиды,  білімдері 

терең балалардың  тежелмеуін,  білімі  төмен балалардың  алға ұмтылуына  мүмкіндік береді.   Сонымен 

қатар, ізденеді. жаңалық ашуды үйренеді. Яғни, қазақ тілі сабақтарында  слайдтар қолдану, электронды 

оқулықтарды  тиімді  қолдану  арқылы  оқушыға  мол  ақпарат  беріледі,  сөйлеу  тілі  дқалыптасады.. 

Оқушылардың тілге деген қызығушылығы артады. Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің 

тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің 



Етістік 

қай  саласы  болмасын  сатылап  талдануға  бағынады.    Сатылай  комплексті  талдаудың  маңызы  зор  деп 

ойлаймын: 

- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады; 

- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі; 

- ізденуге жетелейді, қызықтырады; 

- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;  

Мысалы: 5-сыныпта фонетика саласын қайталау кезінде өткен тақырыпты меңгергенін  бақылау 

мақсатында төмендегі талдауды пайдаланамын.  

 

                         Балапан    - жуан буынды сөз                   



                          3 буын:   ба- ла- пан  (а.б.+  а.б.+ б.б.) 

                         Тасымалдың 2 жолы:   Ба лапан    Бала  пан 

                         7-дыбыс, 7-әріп         -(3 а)          - (4 б,л,п,н) 

                      Буын үндестігіне бағынады.  бірыңғай жуан дауысты дыбыс. 

             б-     , ұяң, а-     , жуан, ашық, езулік, л-    , үнді, п-    , қатаң,  н-    , үнді                              

 

 



 

Сатылай  кешенді  талдау  тіл  білімінің  барлық  салаларымен  сабақтаса  жүргізіледі.  Оқушы 

синтаксистік  талдаудан  соң  морфологиялық  талдауды,  одан  кейін  фонетиканы,  сосын  лексикалық 

талдау  жасайды.  Мұның  өзі  оқушы  білімінің  бір  саламен  ғана  шектелмей,  грамматиканың    барлық 

салаларын  терең  меңгеруіне  мүмкіншілік  туғызады.  Сатылай  кешенді  талдау  «айтылым,  жазылым, 

тілдесім  оқылым»  принципі  бойынша  жүзеге  асады.  Осы  төрт  жағдай  оқушыны  жүйелілікке, 

нақтылыққа  тәрбиелейді.  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай:  «  Мұғалім  әрдайым  ізденісте  болса  ғана, 

шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөзін әрқашанда жадымызда ұстайық , құрметті ұстаздар!  



 

Әдебиеттер 

1.Бабанский  Ю.К.  Оптимизация  учебно-воспитательного  процесса.  Методические  основы. 

Москва, 1982. 

2.Шукина Г.И. Проблема  познавательного интереса в педагогике.Москва, 1981. 

3. Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі // Қазақстан мектебі. №2. 2005 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 42.32 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет