Жаңа құжат дайындау қажеттілігі туды



жүктеу 79.96 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.01.2017
өлшемі79.96 Kb.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№10 (236) 27.01.2010 жыл, сәрсенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ  БЮРО

ҮКІМЕТ


Теңге бағамы тұрақты болмақ

Қазіргі заңға бірсыпыра өзгерістер 

енгізілгенімен, жұмыс істеу барысында 

жаңа құжат дайындау қажеттілігі туды. 

Соған орай аталған заң жобасы өмірге 

келген болатын. Министр жобадағы негізгі 

позициялар туралы депутаттарға айтып 

берді. Жер қойнауын дұрыс пайдалану 

еліміздегі ең өзекті тақырып екені мәлім. 

Сондықтан болар, министрлік дайындаған 

заң жобасына Мәжіліс тарапынан 1700-

дей ұсыныс түсіпті. Соның 650-і заң 

жобасына енгізілген. Осынша көп түзетудің 

сыры туралы сұраған Мәжілістегі Экология 

мәселелері және табиғат пайдалану 

комитетінің төрағасы Ерлан Нығыматул-

линге министр Сауат Мыңбаев ұтымды 

жа уап берді. «Ұсыныстар мен түзетулердің 

тү суі және енгізілуі қателікке жата қоймас, 

қай та ол позициялардың өзара алмасуы, 

пікір лердің толығуы», – деді Сауат Мұхам-

бе дияұлы. Сондай-ақ өзге депутаттардың 

шетелдік компаниялармен жасалған келі-

сімшарттардың алдағы ахуалы туралы 

сұрақтарына министр жан-жақты түсінік 

берді. «Қолданыстағы заңда еліміздегі 

ұлттық және экономикалық қауіпсіздікке 

қатер төнген жағдайда республика бір-

жақ ты тәртіп бойынша жер қойнауын пай-

да ланушылармен жасаған келісімшартын 

бұза алады деген норма қамтылған. Соны-

мен бірге Мемлекет басшысының өткен-

дегі Үкіметтің есебін тыңдау барысында 

бер ген тапсырмаларына сәйкес, бұл мәсе-

лені шешу үшін алда біраз талқылау 

жұмыс тары жүруі керек. Ал егер салық 

салу бойынша  үш-төрт компанияға қа-

тыс ты жасалған келісімшарттарға келетін 

бол сақ, онда мұның бір ғана жолы бар, 

бұл – осы келісімшарттардың күшін жою», 

– деді С.Мыңбаев. Министрдің уәжінше, 

Жердi аямағандарды 

аямайтын заң керек

Қашаған жобасы сынды ірі жер қойнауын 

пайдаланушы компаниялармен жасалған 

келісімшарттарда ұлттық, экономикалық 

қауіпке қатысты республиканың ұстанатын 

әрекеттері анық көрсетілген. Аталған заң 

жобасында Үкіметтің, сондай-ақ жер қой-

науын пайдалану саласындағы өзге де 

мемлекеттік органдардың функциялары 

нақ тыланған. Сонымен бірге мемлекеттің 

басымдықтарын жүзеге асыру жөніндегі 

ведомствоаралық комиссиялардың, мә-

се лен, пайдалы қазбалар қорларын са-

рап тау ко миссиясының, жер қойнауын 

пай далану құқығын беретін комиссияның 

қызметтері толық регламенттелді. Бұл 

комиссиялар бү гінгі күні іс жүзінде қызмет 

етіп отыр. Бір ақ қолданыстағы заңнамада 

олардың жұ мысы арнайы құжат арқылы 

қарасты рыл маған. Тағы бір артықшылы-

ғы, алғаш рет осы салада жобалық құжат-

тардың ма 

ңызды рөлі орнықты түрде 

айқындалды. Бұл құжат бұдан былай жер 

қойнауын пай 

далануға арналған 

келісімшарттың ере 

желерін әзірлеудегі 

негізгі құжат ретін де қаралатын болады. 

Оның үстіне, ши кі зат өндіруге арналған 

жобалар үшін жо 

ба 


лау ұйымының 

тарапынан тәртіпке кел тіретін қадағалау 

да енгізілді. Сондай-ақ заң жобасында 

құзыретті органның құқық беру ге рұқсаты 

қажет болмаған жағдайда жер қойнауын 

пайдалануға қатысты жаңа нор 

малар 

енгізілді. Бұдан басқа, заң жо 



басы 

конкурстық ұсынысты екі топқа бөлу ді 

болжайды, оның бірі – ең аз қажетті 

талап тар тізбесі, екіншісі – жеңімпазды 

анық тау өлшемдері. Бұл құрылым рәсім-

дер 


дің ашықтығын қамтамасыз етуге 

ЕҚЫҰ-2010

ЫҚПАЛДАСТЫҚ

Ұлттық қауіпсіздік және 

халықаралық ынтымақтастық 

институты құрылды

Қазақстанның халықаралық қа-

уым  дастықтағы беделінің артуы және 

Ор талық Азия аймағында жаңа гео-

саяси жағдайлардың қалыптасуы 

кезе ңінде еліміздің ұлттық қауіпсіздік 

жү йесін ғылыми негіздермен қамта-

ма сыз ету – республиканың интел лек-

туалды қауымдастығының негізгі мін-

деттерінің бірі болып табылатыны 

бел гілі. Осы міндеттерді жүзеге асыру 

мақ сатында құрылған институт маман-

да ры еліміздегі ұлттық қауіпсіздік және 

халы қаралық ынтымақтастық мәсе ле-

лерін шешумен айналысатын мем ле-

кеттік және өзге де органдарға ғылыми 

негіз делген ұсыныстар берумен айн а-

лыс пақ. Жүйелік зерттеулерді жүзеге 

асы руға бағытталған бұл жаңа мекеме 

іш кі саясат, халықаралық және эконо-

ми калық сараптама мен болжаулар 

деп аталатын үш бөлімнен тұрады. 

Жо ғары білікті саясаткерлер, эконо-

мис тер, әлеуметтанушы мамандар Қа-

зақстан мен өзге де мемлекеттердің 

ұлт тық қауіпсіздік мәселелерін, әлем-

дік экономика мен саясаттың даму 

үде рісін және олардың біздің ел эко-

но микасының дамуына әсерін зерттей 

отырып, мониторинг жүргізуді қолға 

ал мақшы. 

Жансая ӘБДІБЕКОВА

Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

қабырғасында еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне орай 

Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі 

институт құрылды. Алдағы уақытта институт ғалымдары 

еліміздегі ұлттық қауіпсіздік жүйесінің нығаюы мен 

халықаралық әріптестікті дамытуда жаңа тәсілдерді қолдану 

арқылы ғылыми зерттеулер жүргізуді қолға алмақ. 

МӘЖІЛІС


Бас-аяғы 23 минутқа созылған Үкіметтің кешегі 

отырысында мәжіліс залына қаулы қолтықтай кірген екеудің 

асығы алшысынан түсті. Алдымен Үкімет мүшелеріне 

экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт 

Сұлтанов экономикалық саясаттың 2010 жылға арналған 

негізгі бағыттары туралы қаулының жобасын ұсынды. Іле-

шала министрдің өкшесін баса мінберге көтерілген Жамбыл 

облысының әкімі Қанат Бозымбаев ортаға Тараз қаласы және 

Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын 

өзгерту туралы қаулының жобасын тастады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

СҰЛТАНОВ СЫНАҚТАН 

«СУ ЖҰҚПАЙ» ӨТТІ

Екі жоба да сәтті қорғалып шықты. 

Отыр  ғандар да қос құжатқа ерекше ықы-

лас білдіріп, «100 пайыз» деген (отырысқа 

18 адам қатысты) көрсеткішпен қабылдап 

жі берді. Енді аз-кем осы 18 тұлғаның 

жүре гін жібіткен қос жоба туралы айтсақ. 

Эко номика және бюджетті жоспарлау ми-

нистрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 

2010 жылға арналған экономикалық сая-

сат тың негізгі бағыттары мыналар болып 

та былады екен. Біріншіден, елдің мак роэ-

кономикасына тұрақтылық беру ар қылы 

экономикада оң үрдіс қалыптастыру. 

Екінші ден, дағдарыстан кейінгі экономи-

каның дамуына қолайлы орта қалыптас-

тырып, өткен жылғыдан да жоғары өсімге 

қол жеткізу. «Бұл экономикалық саясаттың 

2010 жылға арналған негізгі бағыттары 

туралы жобасын ел Үкіметі, Ұлттық банк 

жә не Қаржы нарығы мен қаржы ұйым-

дарын реттеу және қадағалау агенттігі 

бір лесе дайындады. 2010 жылы жалпы 

ішкі өнімнің өсімі 1,5-2 пайыз деңгейінде 

болады деп болжануда», – деп қайырып, 

келіп отырғандарға қарады. «Жалғастыра 

бер», – деген Үкімет басшысы Кәрім 

Мәсім 


ов 

тің рұқсатын алған соң Бақыт 

Тұрды бек ұлы баяндамасын одан әрі орыс 

тілінде «ой қастатып» әкетті.

Министрдің мәлімдеуінше, барыс жы-

лы елімізде 120-дан астам индустриялық-

инновациялық жобалар жүзеге асырыл-

мақ. «Бұлардың ішінде «Батыс Еуропа 

– Батыс Қытай» транзитті көлік дәлізін 

қай та жаңарту, «ҚазЦинк» АҚ, Мыс бал-

қыту электролизді зауытының құрылысы, 

Мой нақ су электр стансысы, Көксарай су 

тос пасы сынды ірі жобалар бар», – деді 

эко номика және бюджетті жоспарлау ми-

нистрі Бақыт Сұлтанов. Ол сондай-ақ 

атал мыш инфрақұрылымдық жобаларды 

жү зеге асыруға жинақтаушы зейнетақы 

қор 


ларының қаржылары тартылатынын 

атап өтті. 

2010 жылы басы даудан арылмай ке-

ле жатқан БТА банк пен Альянс банктің 

бе ре шектерін қайта құрылымдаудың нә-

ти 


жесінде олардың сыртқы қарыз 

да-


рының мөлшері 10 млрд долларға азаяды. 

Бұл да – отырғандардың жанын жібіткен 

жа ңалықтың бірі. Сұлтановтың айтуынша, 

бұл жетістіктерге банктерге қосымша тө-

лем құқын беру арқылы банк секторының 

тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы 

қол жеткізе аламыз. «Осындай шаралар-

дың арқасында қолда бар мәліметтер бо-

йынша банктердің сыртқы қарызы 33,6 

пайызға дейін азаюына алып келген. 

Экономиканы сауықтырудың бұдан да 

басқа тетіктерін қарастырып жатырмыз. 

Мысалы, сыртқы капитал нарығына мем-

ле 


кеттік құнды қағаз шығару арқылы 

сырт тан қаржы тартуға болады», – дейді 

Ба қыт  Сұлтанов. 

Сонымен қатар шағын және орта биз-

несті дамытуға көңіл бөлінеді. «Кәсіп кер-

лікті, ең алдымен, шағын және орта биз-

несті дамыту Үкіметтің 2010 жылғы 

қыз 


 

метінің негізгі бағыттарының бірі 

Президент кітапханаларының ерекшелігі қандай?

АҚШ-та президент кітапханалары бар екенін білеміз. 

Жалпы, ТМД кеңістігінде қай елдерде президент 

кітапханалары бар?

Маржан СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ, Семей

Кешеден бастап Қазақстан 

Пре зиденті Нұрсұлтан Назар-

баев тың балалық шағы тура лы 

«Балалық  шағымның  ас па н ы» 

деп аталатын көркем фильм ді 

түсіру басталып кетті. Бұл 

фильм  нің  сценарийін  Ша  хи-

марден Құсайынов пен Рүстем 

Әб дірашев жаз ды. Бала Нұр-

сұлтанның рө 

лін шым 


кенттік 

бүл діршін  Нұр  дәу лет  Лес  сом-

дайды. Ке ше тү сіру алаңына 

жеткен Нұр дәу леттің әкесі Ба-

уыржан Жаң 

быршиннің қуа-

ны шында шек жоқ. Оның ай-

туынша, кіш кентай актерге ат 

құла ғында ойнай білу қажет. 

Бес жасар актер Нұрдәулет Лес 

осы мен екінші рет киноға түс-

келі отыр. Ол «Кешіккен ма-

хаб 

бат» фильміндегі Гера 



шал дың рөлін сомдаған атақ-

ты әртіс Жерар Депардьемен 

бір ге киноға түсу бақытына ие 

бол 


ған еді. Француз актері 

Шым кенттің бүкіл балабақ ша-

ларынан іріктелген елу шақ  ты 

баланың ішінен дәл осы 

Нұрдәулетті  таңдаған  бо ла  тын. 

Енді Нұрдәулет бала Нұр-

сұлтанның рөлін ойнайтын 

болады. 


Бала Нұрсұлтан туралы фильм түсіріліп жатыр 

«Елбасының балалық шағы туралы көркем фильм 

түсірілейін деп жатыр» деп естіп едім. Сол рас па? Бала 

Нұрсұлтанның рөлін кім сомдайды екен?

Ербол БЕЙБІТҰЛЫ, Алматы облысы

АҚШ-та Герберт Гуверден 

бас тап соңғы 13 президенттің кі -

тапханасы бар. Бірақ бұл кі тап  -

ханалар мұражай іспеттес. Ол 

кітапханаларда бұрынғы бас 

 

-

шылардың қызметі туралы, жұ-



мыс барысында оларға тие сілі 

бол 


ған заттар қойылған. Ал 

ТМД-ның кейбір мемле кетте рін-

де мұндай кітапханалар бар. 

Мы салы, Беларусь Президенті-

нің кітапханасы қоғамдық ғы-

лым мен шұғылданатын адам дар 

үшін ақпараттық және ғы лы ми 

орталық болып табы ла ды. Бұл 

жерден президент, үкі мет, пре-

зидент әкімшілігі жә 

не парла-

мент  тің  жұмыстары  ту ралы  да 

мә лі меттер табуға бо ла ды. Соны-

мен қатар өзге тіл дерге аударыл-

ған 1,5 мил лион құжат та сақтал-

ған. Дәл осын 

дай президенттік 

кітапхана Әзір байжанда да бар. 

Гейдар Әлиев атындағы кітапхана 

2003 жылы ашылған. Ал Ресей-

дің Санкт-Петерборда орналас-

қан пре зиденттік кітапханасы тұң-

 ғыш Президенті Борис Ельцин нің 

аты 


мен аталады. Электронды 

алып орталық өткен жылы Пе тер -

бор қаласының 306 жыл ды ғына 

орай мамыр айының 27-сі күні 

ашылды. Ал қыркүйек айы 

нан 


бастап  жалпыхалықтық  кі тап    хана 

ретінде пайдалануға берілді. 



Басы 1-бетте

болып табылады», – деп атап өткен ол, 

жал пы алғанда, экономикадағы, сондай-

ақ жекелеген маңызды нарықтардағы 

бәсекелестікті қорғауға және дамытуға 

үлкен көңіл бөлінетінін айтты. 

Инфляция деңгейі де тұрақты болмақ. 

«Атқарылатын жұмыстардың арқасында 

инфляцияның деңгейін болжанып отыр-

ған көлемде ұстай аламыз. Кеден одағына 

мүше үш мемлекеттегі инфляциялық айыр-

  машылық ел экономикасына әсер ете тіні 

сөзсіз. Бірақ қалай болғанда да біздің бү-

гінгі экономикадағы үрдістердің бар лығы 

қазіргі кезде атқарылған жұмыс 

тар 


дың 

арқасында өзіміз болжап отырған инфля-

цияның деңгейін ұстай аламыз деп айтуға 

болады», – деген министр 2010 жылы 

тең генің орташа бағамы 150 теңге деңге-

йін де сақталатынын да «болжап» берді.



БОЗЫМБАЕВ ТА «БЕС» АЛДЫ

Отырыста сондай-ақ Үкімет мүше ле-

ріне Жамбыл облысының әкімі Қанат Бо-

зымбаев Тараз қаласы және Байзақ, 

Жамбыл аудандарының әкімшілік ше к а -

ра  ла рын өзгерту туралы қаулыны та ныс-

тырды. «Кейінгі жылдары Тараз қала сы 

халқының саны біршама өсіп, соңғы са-

нақ бойынша 349 мың адамға жетті. Бұл 

көрсеткіш 2013 жылы 365 мыңға, ал 

2025 жылы 500 мыңға жетеді деп жора-

мал данып отыр. Қала аумағы 12 800 

гектар ғана. Сондықтан бүгінгі таңда қала-

да тұрғын үй құрылысы үшін жер телім-

дерін бөлу өткір мәселеге айналып отыр», 

– деп тоқтаған облыс әкімі Үкіметке өз бұ-

йымтайын айтып жатты. «Байзақ және 

Жам был қалалары маңындағы елді ме-

кен дер аумағы есебінен облыс орта лы-

ғының шекарасын 5953 гектарға кеңейту 

қа жет. Орталықты 10 шақырым аумаққа 

ке ңей ту үшін қаланың оңтүстік-батыс бө-

лігі белгіленіп отыр. Кеңейтілетін жер ау-

мағына әсіресе ауыл шаруашылығы, шар-

уа қожалықтарының, мемлекеттік қордың 

жер 


лері еніп отыр. Шаруа қожа 

лық-


тарының жерін сатып алу үшін 162 мил-

лион теңге қажет», – деді Қ.Бозымбаев.

және бюд жеттік төлемдерді ең жоғары 

шекке жет кізуге мүмкіндік бермек. 

Министрдің айтуынша, Қашағанды, 

Қа рашығанақты, Теңізді игеру бойынша 

өнім ді бөлу туралы келісімшарттар өзгер-

мей ді. Осы жобалар бойынша Салық ко-

дек сіндегі салық тұрақтылығы сақталатын 

бола ды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қа-

зір гі қолданыстағы салық жүйесін барлық 

жер қойнауын пайдаланушыларға қолда-

ну қажеттігі туралы ой айтқан еді. Депутат-

тар министрден осы бағытта министрліктің 

қан дай шара қабылдап жатқанын да біл-

мек болды. Сауат Мыңбаев халық қа лау-

лыларына «Айтылған тапсырманы ескере 

оты рып, нақты іс-әрекет жобалары қалай 

іске асырылатынын біз алда қосымша тал-

қы лайтын боламыз», – деген тоқ етер 

жауап қайтарды. 

ҰСЫНЫС


«Әділет» жаңа 

Конституцияға мүдделі 

«Әділет» партиясы жаңа құжат бо-

йынша зейнетақыны әлемдік стан дарт -

қа жеткізу, қазақстандықтарға тұр ғын 

үйдің қолжетімді болуы, ме дициналық 

көмекке байланысты мемлекеттік 

кепілдік беру туралы жаңа заң қабылдау, 

кедейшілікті жою, жас тар туралы жаңа 

заң қабылдауға бас та машылық танытып 

отыр. Сонымен қатар Мақсұт Нәрікбаев-

тың партиясы қа зақ халқын негізгі ұлт 

ретінде қарас ты ра отырып, Қазақстан-

дағы ұлт бір лігін дамыту, ауыл шаруа-

шылығы мен ша ғын және орта бизнесті 

дамыту, жем қорлықпен күресті жетілді-

ру, ҚР қо ғамдық телерадио хабарларын 

тара ту туралы жаңа заң қабылдауды 

ұсы нып  отыр. 

Партия төрағасы Мақсұт Нәрік-

баев тың пікірінше, Қазақстанда Тәуел-

сіздік жылдары құрылған мемлекеттік 

жә не қоғамдық-саяси институттардың 

жұ мысы тиімсіз. «Құрылған институт-

тар дың жеке мүдделері ұлттық мүд-

делерден басым, ал қарапайым адам-

дардың мүдделері қосалқы жоспарда 

ғана. Басқарудың қазіргі сұлбасының 

же тілдірілмей осы түрде одан ары сақ-

талуы елдің дамуына тежеу болып, 

оның құлдырауына әкеп соғуы мүмкін. 

Дәл сондықтан біз елде өзгерістер бо-

л уы керектігіне нық сенімдіміз», – де-

ген ол саяси жүйені жаңғыртуды және 

де мократияландыруды, қажет болса, 

кейін нен жаңа Конституция қабылдау-

ды ұсынды. Оның ойынша, Конститу-

ци 

яда күшті де ширақ мемлекеттік 



органдардың арасындағы өкілеттігінің 

даралануы жетілдірілген және тетіктері 

жаңартылған жүйенің дағдарыстан 

ке йін гі кезеңге есептелген жаңа үлгісі 

бе кітілуі тиіс. «Әділет» партиясының 

тұғыр намасына сәйкес, ҚР Президенті 

қо лына мемлекет және үкімет басшысы 

құ зыретін бірге алуы тиіс. 

Жемқорлыққа жол бермеу шарасы 

ретінде партияның саяси кеңесі тек 

мемлекеттік қызметкерлердің өздері 

ғана емес, олардың жанұя мүшелеріне 

де кірісін міндетті декларациялауды 

ен гізу, олардың шоттары мен шығын-

да рына бақылау жүргізуді, құқық тәр ті-

бі органдарындағы жемқорлықпен кү-

рестегі бытыраңқылықты жойып, оны 

мемлекеттік бір құрылымға шо 

ғыр 

-

ландыруды ұсынады. Яғни партия Қар-



 жы  полициясының  құзырын  кү шей  туді 

жөн деп санайды. Сондай-ақ «Әді лет» 

партиясы  Қазақстанда  Конс ти  ту циялық 

сотты таратып, оның функ 

 

циясын 


Жоғарғы сотқа беруді ұсы нып отыр. 

«Келешекте біз Конс ти туциялық ке ңесті 

таратып, оның фун кцияларын рефор-

маланған соттық жүйесімен және 

қысқарған судьялар санымен бір 

ге 


Жоғарғы сотқа беруді ұсынамыз, онда 

барлық істерді қазір гідей алқалар емес, 

толық сот құра мы мен қарастыру қа-

жет», – дейді пар тия жетекшісі. Ол 

Сенат тың  41  де  пу татын  мажоритарлық 

жүйе бо 


йынша сайлап, әр үш жыл 

сайын Сенат сай 

лауын өткізуді жөн 

санайды. Ал Мә жіліс үшін пайыздық 

кедергіні 1 па йыз ға дейін төмендетіп, 

100  депутатты  про пор цио нал ды  жүйе-

мен сайлауға ұсыныс жасап отыр. 

Өз тілшімізден

Кеше Алматыда «Әділет» демократиялық партиясы 

«Біздің әділет жолымыз» деп аталатын партияның 

саяси тұғырнамасын таныстырып, елдің саяси жүйесін 

реформалауды ұсынды. 

Саудабаев Еурокомиссия 

президентімен кездесті 

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның сыртқы істер 

министрі, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Брюссельде 

Еуропалық комиссия президенті Жозе Мануэль Баррозумен 

кездесті.

Қанат Саудабаев Жозе Баррозуға 

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 

сәлемдемесін жеткізіп, оны елге 

шақырды. Ал Еурокомиссия басшысы 

оның шақыруын қабыл алды. Еуро ко-

миссия президенті өз кезегінде 2006 

жылы Брюссельде Қазақстан басшы-

сы мен болған кездесуді еске алып, 

Н.Назарбаевтың биыл Еуропа астана-

сына жоспарлап отырған сапарын 

асыға күтетінін жеткізді.

Сонымен қатар кездесу барысын-

да Қ.Саудабаев пен Ж.Баррозу Қа-

зақстан мен ЕО арасындағы саяси 

және эконо микалық ынтымақтастық 

мәселелерін талқылады. Кездесуде 

ЕҚЫҰ төрағасы 

ның негізгі қызмет 

бағыттары да сөз бол ды.

Мансұр Х

АМИТ (фо


то

)

Мансұр Х



АМИТ (фо

то

)



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 79.96 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет