«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»


Дене тәрбиесі пәнінің  мұғалімі: Мулдашев А



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Дене тәрбиесі пәнінің  мұғалімі: Мулдашев А
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Ғ.Қараш ат. Қараоба мектеп-гимназиясы
Қазақтың ұлттық  ойындарын сабақта пайдалану арқылы
оқушылардың ой-өрісін, қимыл-қозғалыстарын дамыту
Біздің халқымыз өмір кешкен ұзақ жолында, өздері қызықпаған алуан өнер бар ғой. Ойын деген
менің түсінуімше қазба көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның
өзінше бір мағыналары болған. Міне осы жұртқа ортақ, жас ұрпақты жан-жақты қызықтырып,
көңіл көтеретін ойындар халықпен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.”  М.Әуезов
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын  кейінгі буынға
мирас   етіп,   іс-әрекет   үстінде   көзін   қанықтыра   беруден   бастаған.     Солардың   бірі-ұлттық   спорт
ойындары.   Халықтың   сәби   шағымен   бүгінгі   өскелең   дәуірінің   куәсі   ретінде,   адам   баласының
фантазиялық ой жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйренудің, тәжірибеде пайдаланудың үлкен
білімділік,   тәжірибелік   маңызы   бар.   Ұлттық   спорт   ойындары   интернационалдық-патриоттық
тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз, ұлттық спорт ойындары арасында өзара үндестік, тығыз байланыс
178

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
бар.   Ұлттық   спорт   ойындарына   тек   ойын   деп   қарамай,   халықтың   ғасырлар   бойы   жинаған   асыл
қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң
болмас   үшін,   заманымыздың   заңғар   жазушысы,   ұлы   ойшыл-кемеңгер   ғалым   Мұқтар   Әуезовтың
пікірін басшылыққа алып отырмыз.
Қазақ халқының көңіл көтеруге арналған көптеген ойындары бар, алайда соларды баяғы күйде
пайдалану  міндетті емес, оны уақыт талабына сай етіп өзгертіп, өңдеуге болады. Ұлт ойындары ата-
бабамыздан   бізге   жеткен,   өткені   мен   бүгінгіні   байланыстыратын   баға   жетпес   байлығымыз,   асыл
қазынамыз.   Сондықтан   оны   үйренудің,   күнделікті   тұрмысқа   пайдаланудың   өзі,   заманымызға   сай
ұрпақ тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге пайдасы орасан.
Ойын   баланың   алдын   ашып,   оның   шығармашылық   қабілетін   оятып,   бүкіл   өмірімен   ұштасып,
жалғасын   таба   береді.   Ойынсыз   баланың   ақыл-ойы,   дене   сымбаты   қалыпты   дамуы   мүмкін   емес.
Бұған әсіресе ұлттық спорт ойындарының көмегі зор. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту
үлгісінде   ұлттық   ат   спорты,   тұрмыстағы   спорт   ойындары,   тоғызқұмалақ   сынды,   кең   тараған
ойындарды   ертеден   ата-бабамыздан,   қазірге   дейін   қолданып   келеді.   Қазақтың   ұлттық   ойындарын
еріккеннің   ермегі   деп   түсінуге   болмайды,   жұмыстың   жоқтығынан   тумаған.   Әр   ойынның   өзіндік
мақсаты   бар.   Олардың   көбісі   адамның   денесін   шынықтыруға,   буынын   бекітуге,   шапшандыққа,
алғырлыққа,   жүректілікке   баулыса,   кейбіреулері   тіл   байытуға,   тіл   сындыруға,   өзінің   қоршаған
табиғатты тануға, тапқырлыққа баулиды. 
Қазақ халқының ұлттық ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріп өрнектелген ой
мен   әрекеттің,   философиялық   тұрғыда   жүйелейтін   адамгершілік   үлгі-өнегенің   желісі   бар.   Қазақ
халқының ұлттық ойындары негізінен үш жүйеден тұрады:  ойын сауық, дене шынықтыру, спорт
және ой шыңдау.
Жас   ұрпақты   бала   күннен   дұрыс   тәрбиелей   білудің   қажеттілігін   өте   дұрыс   түсінген   халық
ойынының да ойлы, ақылды ұстаз рөлін атқару жағын мұқият қарастырған. Жастарды жан-жақты
дайындау мақсат етілген. Ұлттық ойындарды ойнайық деп айту оңай. Оны қызықты өткізу үшін талай
ғасыр бойы халық талқысынан өткен ойындардың тәртібін біліп, мазмұнын, мақсатын түсіну қажет,
және ойынға жиналған адамдарды жасына, мамандығына қарай топтай білудің маңызы зор.
  Қазақтың ұлттық спорт ойындарын түр-сипатына қарай төрт топқа бөліп ойнатуға болады:
-балаларға арналған ойындар
-жасөспірімдерге арналған ойындар
-бозбалалар мен бойжеткендерге арналған ойындар
-үлкен-кішіге бірдей ортақ ойындар
1.   Балаларға     арналған   ойындар.  Балабақшадағы   балаларға   немесе   бастауыш   сынып
оқушыларына   жедел   қимылды,   ой   және   ой   қабілетін   арттырудағы   қазақтың   ұлттық   ойындарын
ойнату   керек.   Олардың   баяу   қимылын   жеделдету   мақсатымен   «Үш   орындық»,   «Кім   жылдам?»
ойындарын ойнатуға болады. Сонымен қатар қазақтың балаларға арналған тәлім-тәрбиелік мәні зор
ойындар   көп:   «Омпы»,   «Көтермек»,   «Ханталамақай»,   «Атбақыл»,   «Түйілген   орамал»,   «Тақия
тастамақ», «Ақ серек, көк серек», «Орамал тастау», «Мысық пен тышқан», «Асық», «Қарақұлақ»,
«Қуыр-қуыр қуырмаш», «Теңге алу», «Ұшты, ұшты», «Сақ құлақ» т.б.
«Орамал тастау» балалардың сүйіп ойнайтын ойыны. Балалардың саны қаншалықты көп болса,
ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тек екі топқа бөлінеді де, арасын он қадамдай екі
сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа отырады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың
өз   жағындағы   шеткі   ойыншыға   береді.   Ол   өзінің   қарсыласының   біреуіне   тастайды   да;   «қа»деп
дауыстайды. Ол қағып «ғаз» дейді болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала» т.б. сөздері шығады.
Айтатын сөз екі буыннан ғана тұру керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі
шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буыны тез, дұрыс тауып
айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.
Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны бере алмаған ойыншы да
жаза тартылып, ортаға шығып   өнер көрсетеді. Бұл ойын шапшаңдыққа, ойын дамытып, ана тілін
жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді. 
«Қуыр-қуыр   қуырмаш»   ойыны   балалардың   жүйке   жүйесін   шынықтыруға   көмектеседі,   тілін
дамытады, ішкі жан дүниесін дамытады. 
«Сақ құлақ» ойыны балалардың зердесін дамытып, өнерге деген құштарлығын арттырады
«Ұшты,   ұшты»   ойыны   баланың   сезімталдығын   шыңдап,   тез   жедел   ойлап   біліп,   нақты   әрекет
179

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
жасауға, іштей жинақы болуға қалыптастырады. 
«Ақ серек, көк серек» ойыны ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, қимыл бірлестігіне тәрбиелейді. 
Ойындар   біртіндеп   жас   қайраткер   балалардың   санасынан   орын   ала   бастайды,   білгендерін   әр
уақыттада ойға ұстауға әзір болуға машықтана береді.
2.   Жасөспірімдерге   арналған   ойындар.  Сабақ   барысында   және   сабақтан   тыс   кезде   ойын
элементтердің дидактикалық материал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес,
сондай-ақ жоғарғы сыныпта  да пайдасы мол.  Жасөспірімдерге  арналған ойындар:  «Мәлкі  тотай»,
«Қоян», «Кім түртті?», «Үй артында қол ағаш», «Марламқаш», «Ай құлақ», «Етек-етек» т.б.
«Мәлкі тотай» ойыны жасөспірімдерді ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ал «Қоян» ойыны болса
шапшаңдыққа,   икемділікке   уйретеді.   Ұжымдылықты,   бірігіп   әрекет   жасауды,   шығармашылық
ынтымақтықты «Үй артында қол ағаш» ойыны қалыптастырады. «Марламқаш» ойыны жасөспірімді
жүйіріктікке,   сергектікке,   қараңғыда   бағдарлай   білуге,   мақсатқа   жету   үшін   еңбектене   білуге,
өжеттікке, тез ойлап, жедел шешім табуға үйретеді.
3.Бозбалалар мен бойжеткендерге арналған ойындар. Бозбалалар мен бойжеткендерге арналған
ойындар  көбінесе   ойын-сауықты   болып   келеді,   сол  үшін  де   кештерде,   ойын-сауқтарда   ойналады.
Бозбалалар   мен   бойжеткендерге   арналған   ойындар   бір-біріне   деген   сыйластықты,   терең   сезімді,
қарым-қатынас   мәдениетін   қалыптастырады.   Ойындар   «Ақ   сүйек»,   «Көрші»,   «Соқыр   теке»,
«Алтыбақан», т.б. болып келеді. Соның ішінде «Ақ сүйек» ойынына тоқтала кетейік.
«Ақ сүйек» ойыны жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ойынды жүргізу үшін ірі қараның,
жылқының, түйенің кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне
бастық сайлап алады. Ойынды кім бастайтыны екі топ басшының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ
өз көмбесін белгілейді Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп сапқа тұрады. Бірінші болын
ойын бастауға мүмкіншілік алған топ бастығы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары
сүйекті іздеуге кіріседі. Сүйекті кім тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді, қалғандары оны қуады,
қарсы жақтың ойыншысы жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып оны өз көмбесіне жеткізуге
тырысады. Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады.
Ойын жастарды  қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге, тез, жылдам жүгіруге үйретеді.
4. Үлкен-кішіге бірдей ортақ ойындар. Үлкен-кішіге бірдей ортақ ойындарға келетін болсақ, онда
жас   мөлшерлеріне   шек   қойылмайды.   Қазақ   салт-дәстүрлі   ойындарында   бұрыңғы   кезде   жас
мөлшеріне бөлмеген. Кейіннен өзгерте отырып, біз оларды төртке бөліп, үлкен мен кішіге арналған
ойындар   деп   мына   ойындарды   алдық:   «Қарғымақ»,   «Доп   тебу»,   «Қырықаяқ»,  «Түйілген   шыт»,
«Инемді тап», «Айдап сал», «Мырыш-мырыш» т.б. Осы ойынның ішінде «Мырыш-мырыш» ойынын
алып тоқтала кетсек. Ойыншылар қаншалықты көп болса,ойын соншалықты қызық болады. Ойынға
қатысушылардың еркіне байланысты жас мөлшеріне, жынысына қарамай қатынасуға болады. Ойын
жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғызғаннан кейін ортаға бір орындық алып шығып, оған бір
ойыншыны   отырғызып,   тиын   тістетеді   де,   сұқ   қолымен   кез-келген   көзі   байлаулы   ойыншыны
аузындағы тиынды бергісі келсе «мяу» дейді, бергісі келмесе ойын жүргізушісінің айтқан «мырыш»
деген сөзін қайталайды. Көзі байланған ойыншының не десе де, қай ойыншыны көрсетем десе де өз
еркінде.   Көбінесе   ойын   қызықты   өту   үшін   қыздар   мен   ұлдар   араласып   ойнайтындықтан,   көзі
байланған қыз болса, онда қыздың аузындағы тиынды алу үшін балаларды шығарады да, ал бала
болса, онда керісінше. Сонымен көзі байланған ойыншыны «мяу» десе, жүргізуші көрсеткен ойыншы
орнынан   тұрып,   білдірмей   келіп,   ортадағы   көзі   байлаулы   отырған   ойыншының   аузынан   тиынды
аузымен алып кетіп, білдірмей орнына отыруы керек. Осы кезде жүргізуші ортадағы ойыншының
көзін шешіп, аузынан тиынды алған ойыншыны тап дейді. Көзі байланған ойыншы кім алғанын таба
алмаса, онда көптің ұйғаруымен ортада тұрып ойын көрсетеді. Сосын көзін қайта байлайды. Ал кім
алғанын тауып алса, онда орындарымен ауысады.
Бұл ойында балалардың ұйымшылдығы, және ойын барысында көзін жұмған жастың сезгіштігі,
жылдамдығы артады, және жастардың музыкалық қабілетін қалыптастырады. Ұлдар мен қыэдарды
бір-біріне адамгершілікке, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа баулиды.. 
Осы ойындарға қарай ұлттық мұраларды тиімді пайдалану арқылы біз ұлтқа тән салт-сана, әдет-
ғұрып дәстүрлерін құрметтеп, үлгі тұтып, өз халқының тілін, дінін қадірлей білетін және өз бойына
ұлттық қасиеттерін сіңіріп, жинақтап өскен ұл мен қыз тәрбиелейміз. Сол арқылы жасөспірімдер өз
халқының ділін өз бойына сіңіріп, ең алдымен, өзінің кім екенін, шыққан тегін танып біле алады да,
басқаның қадір-қасиетін сезініп, өзі де соларды үйрететін болады.
180

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері 
 Күміс Иманғалиева
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды 
шығармашылыққа баулу жолдары
Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   сабақтарында   бала   бойында   жалпы   білім   дағдысы   мен   білігін
қалыптастыру мәселесі қаралады. Жалпы оқудың білігі мен дағдысын жан-жақты қалыптастырудың
маңызы зор екені белгілі. Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін,
дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше, нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Оқушы жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер, оқиғалар, естеліктер мұғалімнің ұтымды ой-
пікірлері   арқылы   астасып   жатуы   керек.   Міне,   сонда   ғана   шығармашылық   процеске   бастайтын
шығармашылық   көңіл   күй   туады.   Сабақта   балаларға   ауыр   болады   деп   кейбір   теориялық   –
практикалық міндеттерден бас тартуға болмайды.
Сөз   өнерінің   негізінде   оқушының   дербес   шығармашылық   қабілетін,   ұшқыр,   шешен   сөйлеу
шеберлігін   дамыту   үшін   әдеби   білім   мазмұны   көркемдік   сипатқа   құрылып,   оқушы   біліктілігін
арттыруға негіз болады, сол себепті нәтижеге бағытталған білім моделі бойынша әр пәннен берілетін
білім   мазмұны   мектептің   барлық   сатыларында   нақты   көрініс   тауып,   оқушылардың   білімдік
құзыреттілікті   меңгеруін   қадағалайды.   Құзыреттілік   ұғымы   –   оқушының   белгілі   бір   кешенді   іс-
әрекетті орындай алу қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді.
Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   сабақтарында   оқушыларға   шығарма-тапсырмалар   беру   арқылы
шығармашылық   пен   іскерлікке,   ізденімпаздық   пен   байқампаздыққа   бағыттауға   болады.   Сабақта
оқушыларға құрылысы, тілі, оқиғасы өте қарапайым тапсырмалар желісін ұсынуға болады. Оқушыға
шағын әңгіме желісін беріп, әрі қарай әңгіме желісіне өзгеріс енгізуді, әңгімеге басқа көзқарас қосуды
тапсыру   қажет.   Сонда   оқушылар   ойлана   отырып,   әңгімені   әрі   қарай   жалғастырады.   Әркім   өз
шеберлігіне қарай жұмыс жасауға үйренеді. Оқушыны іздендіру үшін сұрақ қоя білуге үйрету арқылы
оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, білімі мен біліктілігі қалыптасады. Сонымен қатар, жоспарлы
түрде   жұмыс   істеуге   машықтану   үшін   мәтін   бойынша   жоспар   құру   әдетін   қолдануға   болады.
Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша тұжырымдама жасап, әрбір оқиғаға ат қойып, өзіндік
іздену мен білім дағдысын берік қалыптастырады.Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау,
поэзиялық   шығармаларды   прозаға   айналдыру   тәсілдері   де   оқушының   жан-жақты   дамуына   үлкен
ықпал етеді.
Сонымен қатар оқушылар шығармашылығын арттыруға жұмыстар жүргізуге болады:
1. Жай жоспар жасаудан түрлі тақырыптарға шығарма жазуға
2. Көркем мәтінді қарапайым талдаудан мазмұн мен формаға
3. Оқулықпен істейтін қарапайым жұмыстан 2-3 қосымша оқулықтардан ізденуге
4. Лекция жоспарын жасауға конспект, тезис, реферат жасауға
5. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беруден баяндама, диспутқа дейін 
Оқушылардың өзіндік орындайтын жұмыстарының ішінде шығарма басты орын алады. Шығарма 
жазу оқушылардың шындыққа нақты қатысын қалыптастырады, нағыз шығармашылықтың дамуына 
үлкен әсер етеді. Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің 
таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында 
бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. 
1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға
икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың 
көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша 
түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің 
түпкі нәтижесі.
Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні
сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі
болса   да   өте   күрделі   ой   еңбегі,   шығармашылық   іс.   Оқушының   ақыл   -   ой   қабілетін   дамытып,
белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай күрделі
181

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ақыл - ой еңбегін «шығармашылық»  деп атауға болады.
 Шығармашылық жұмысқа бейімдеу үшін алдымен оқушы сабаққа қызығу керек. Әсіресе әдебиет 
сабағының кіріспе және қорытынды кезінде оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар 
ұйымдастырған жөн.
1. Баланы жұмбақ, ребус шешуге үйрету керек
2. Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер жасырын беруге болады.
3. Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру, ойланту қажет.
4. Кейіпкер туралы ой қозғау, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге 
үйрету арқылы жазу жұмысына төселдіруге болады. 
 Сонымен қатар  баланы мазмұндама жазуға үйрету керек.
- Кей бала тыңдаған мазмұныны сол күйінде қағазға түсіре алады.
- Кей бала мазмұнды тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі береді, ал кейбір 
жерлерін  шалағайлау жазуы мүмкін.
- Кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды, не сөйлем құрай 
алмайды.
- Кейбір бала мазмұндаманың өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті кейде өз ойын, пікірін қосып та 
жазуы мүмкін. Міне, бұл – шығарма жаза аларлық қабілетін танытқан бала. Енді сіздің жұмысыңыз 
екі түрлі бағыт алады.
1) жаза алмайтын баланы жаза білуге жеткізу;
2) жақсы жазатын баланы әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға, шығармаға пікір жазуға баулу;
Мазмұнын білген бала өз бетінше әңгіме құрай алады. Әңгіме жазған бала шығарма жаза алады деген
сөз. Шығарма жаза білген бала, барлық шығармашылық түрлерімен айналыса алады.
Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   сабақтарында   оқушыларды   шығармашылықпен   жұмыс   жасатып,   алған
ақпараттарын өмірде қолдана алуына жағдай жасаудың оқушы біліктілігін арттыру үшін маңызды
зор.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
  Атырау қаласы. Ақсай ауылы. Б.Момышұлы атындағы 
№ 25 орта  мектебінің  биология пәні мұғалімі
Уразова Рая Лұқпанқызы
Биология сабағында оқушылардың шығармашылық  қабілетін 
дамыта отырып, таным белсенділігін арттыру
                      Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мектептің негізгі міндеті
Мектеп  - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең.
Білім   беру   мекемелерінің   қазіргі   жаңа   құрылымы   мен   оқытудың   жаңа   мазмұны   іскерлік,   жаңа
технологияны   өндіру   міндеттерін   шешуді   талап   етуде.   Мұның   өзі   оқушының   пәнге   деген
қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытады. Білімді жас ұрпақтың бойына егу, баланың
табиғи мүмкіндіктерін дамыту, қажетті білім қорын бойына жинақтаған, өзіндік ой – шешімі бар жеке
тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымына жүктеледі.
Жас   ұрпақты   рухани   адамгершілікке   тәрбиелеу,   олардың   әлемдік   деңгейдегі   дүниетанымының
қалыптасуына, білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы
білім   беру   жүйесіндегі   кезекті   мәселенің   бірі.   Оқушылардың   қабілеті   әр   түрлі   әрекетте   дамиды.
Біріншіден, кез – келген бала оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік дағдыны қабылдайды.
Екіншіден,   кез-келген  оқушы  шығармашылық   әрекеттер  орындау  арқылы  өзінің  мүмкіндіктерін
дамытады.   Оқу   әрекетінен   шығармашылығы:   ол   бала   жүзеге   асыруға   бағытталған   жаңа   әдіс   –
тәсілдер іздейді.
Екі  әрекетте   оқушылар екі  түрлі  мүдделерді  көздеген  әр  түрлі  мақсатты шешеді.  Мысалы,  оқу
әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындаса
шығармашылық  әрекеттерге  баланың  іздену жұмысы  басты нысана   болады.  Оқу  әрекеті   баланың
жалпы   қабілетін   дамытса,   шығармашылық   әрекеті   нақты   жағдайды   шешу   барысында   нәтижеге
жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Оқытудың тиімді әдістерін пайдалану, деңгейлік тапсырмалар беру, оқушылардың жұмыс істеуге
құлшынысын   туғызады,   ізденуге   жетелейді,   ойлауға   үйретеді,   белсенділігін   арттырады.   Ал
182

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
оқушының белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. 
- Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері.
- Биология сабағындағы шығармашылық тапсырмалар.
- Сабақтағы ойындар.Сабақтың негізгі қасиеттері: нақтылық, жылдамдылық, көркемдік. 
Сондықтан әр сабақта ұстаз үнемі оқушының тілімен жұмысты жүргізгені жөн, сөздің айтылуын 
үнемі қадағалау. Жоғарыда айтылған кезеңдерге нақты тоқталайық. 
1.Мәтінмен  жүргізілетін жұмыс түрлері – негізгі ойды анықтау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мазмұндау.
2. Биология сабағындағы шығармашылық тапсырмалар-
3. Сабақтағы ойындар түрлері  –
Оқушыларға ойын арқылы берілетін білім балалардың санасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады.
Сөйтіп   ойын   балаларды   бір   –   біріне   жақындастырады,   олардың   шығармашылық   мүмкіндіктерін
ашады. Сонымен қатар жаңа технология әдістері оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне,
өз бетімен жұмыс істеп, қорытынды жасай алуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, жүйелі
білім   алуға   жетектейді.   Яғни,   оқытудың   дамытушы   және   тәрбиелеуші   ықпалының   пәрмендігін
арттыру көзделеді. Оқушының шығармашылықпен, ынтамен жұмыс жасауына, ізденулеріне көп көңіл
бөлінеді. 
Шығармашылық қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушы мүмкіндігін
ашу – оқушы тек тыңдаушы емес, ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім бағыттаушы,
ұйымдастырушы,   жетекші.   Ұстаз   еңбегінің   күрделілігі   әрбір   оқушы   жүрегіне   жол   таба   білуінде.
Әрбір   баланың   бойындағы   қабілетті   дамыту   арқылы   өзін,   өмірді,   әлемді   танып   білуге,   қоғам
алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Ол үшін ұстазда мынадай қасиеттер
болуы керек:
-Мұғалім өз шәкіртінің қасиеттерін аша білу;
- Ой – өрісі кең, жан-жақты білімді өз мамандығының шебері болуы;
- Өз білімін үнемі шыңдап отыруы керек.
Ал шәкіртінен мынадай қасиеттерді күтеді:
-Оқушы өз біліміне берік болуы тиіс;
- Сабаққа деген құлшынысы болуы тиіс;
- Оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн.
Осындай оқу тәсілдерін тиімді пайдаланған кезде аталған нәрселерге қол жеткізуге болады. Оқушы
бойында   шығармашылықты   дамыту,   оқушының   білімге   құлшынысы  дами  түседі.   Оның  ішкі   жан
дүниесі, сыртқы ортамен байланысы, дүниетанымы, өзара сыйластығы, бірін-бірі тыңдап санасуы, өз
ойын нықтап дәлелдеуі, нақты шешім қабылдауы, өзіне сенім арта түсері сөзсіз.
Ал   ойлауға   үйрететін   сабақтарды   дамыта   оқыту   сабақтары     деп,   шығармашылыққа   баулитын
жұмыстар, тапсырмалар мен ізденістер деп білеміз. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында
болуы   мүмкін.   «Бұлақ   көрсең,   көзін   аш»   деген   халқымыз.   Шығармашылық   қабілетті   биология
сабағымен   ұштастыру   себебімнің   өзі   де   оқудағы   пәнаралық   байланысты   күшейте   отырып,
оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға жағдай
жасау.   Биология   сабақтарында   оқушыларды   шығармашылық   жұмысқа   баулып,   олардың
белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы
2014 -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
2014 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2014 -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
2014 -> Ғылыми-танымдық конференция Қалмақтөбе көрінісі
2014 -> Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І
2014 -> Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі
2014 -> «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет