«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Қазақстан мектебі» журналы.
2. Педагогикалық ілімдер.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. www.cpm.kz
4.Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006ж.
171

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Сабирова Светлана Қуандыққызы,
 БҚО, Казталов ауданы,Қараоба ауылы,  Ғ.Қараш атындағы 
мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі
«Оқушыларды математика пәнінен
ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары»
Ғылым   мен   техника   дамып,адамзат   қоғамы   жиырма   бірінші   ғасырдың   табалдырығын   аттап
отырған   кезеңде   оқушыға   белгілі   көлемде   білім,білік   дағдыларын   меңгертумен   бірге
табиғат,қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,оларды шығармашылық бағытта жан-
жақты дамыта отырып, жеке тұлға етіп қалыптастыру  бүгінгі күннің басты талабы.
 2004 жылдың ақпан айында Үкіметтің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы» 
қабылданып, соның негізінде елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) жүйесі құрылды. Қазіргі 
уақытта оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында тестілеудің тиімді екені дәлелденіп отыр.
 
 
ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы мен 
жоғарғы оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады. Тест ағылшын сөзі 
(test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді.Педагогикада тесті пайдалану 130 
жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғаш тестіні 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып, 
оны Гринвич госпиталіндегі мектепке пайдаланған. Тест тапсырмаларының әр түрлі типтері болады. 
Олар: толықтыру тестісі, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік 
бағдары тестілер.
ҰБТ-ны енгізу мақсаты білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауға, олардың нақты
рейтингін анықтауға, жалпы білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылар
мен   мұғалімдердің оқу қорытындысын дәлелдеуге, білім бағытын және мазмұнын жетілдіруге, оқу
бағдарламасын,   оқулықтардың   технологиясын   оқытуға,   мұғалімдерді   даярлауға   мүмкіндік   беретін
болды.
 
 Оқушылардың ҰБТ көрсеткішінің жоғары болуы үшін, оларға жеткілікті дәрежеде білім беру,
әзірлік   жұмыстарын   жүйелі   ұйымдастыру,   психологиялық   және   физиологиялық   ерекшеліктерін
ескере   отырып   бағыт-бағдар   беру,   жан-жақты   жағдайлар   жасау   мен   көмек   көрсету   жұмыстары
жоспарлы болу қажет. Осы мақсатта жылда оқу жылының басында келесі оқу жылына  арналған ҰБТ
өткізу жоспары жасалып отырады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны,экономикалық процестерді
басқару теориялары күннен күнге математикалық сипат алып бара жатқаны тарихи шындық. Бірақ
математика пәнінен ҰБТ-де оқушылардың жинаған балы төмен болады. Себебі неде 
Оның  бірнеше  факторлары  бар.    Себебі  ,қазіргі  таңда   еліміз  егемендігін алып,   қоғам  дамуы
демократиялық сипат алуынан,математиканы оқытудың әртүрлі әдістемелері мен ұсыныс-пікірлері
тексерусіз, ғылыми тұрғыдан дәлелдендей –ақ ,эксперименттік бақылауға ұсынылды.
Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тұрлаусыздықтар ,яғни білім беру стандарттарының ,оқу 
бағдарламаларының жылда өзгеруі,оқу құралдарының жетіспегендігімен тұрмай,ішкі құрылымның 
жылда өзгерістерге ұшырауы ,тіпті оның ішкі құрылымындағы тақырыптардың мән-
мағынасының,сапасының төмендегі не күрделендіріп берілуі оқушы түгел мұғалімдердің де өз 
міндеттеріне деген немқұрайлығын туғызуы әбден мүмкін.
Математика пәнін оқытудың мақсаты төмендеді.Бекітілген уақыт көлемінде қарастырылатын 
материалдың көпшілігінен күрделі есептерді орындау,дәлелдеу,түрлендірудің стандартты жолдары 
ғана қарастырылып ,шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына ,математикалық идеялардың 
туындауына мүмкіндіктің болмауы.
Оқушылардың ойлануының психологиялық  дамуын ескермей олардың жалпы логикалық дамуына 
ғана назар аударуынан.
Оқушыларды тек дайын білімді қабылдаушы ретінде қарау ,яғни, мұғалім береді олар 
сақтайды.Нәтижесінде элементар математикасын қалыпты тәсілдерін ғана меңгереді.Мектеп 
оқушыларын бағдарламалық материалдарды ысырып қойып, тек ғана ұлттық бірыңғай тестілеуге 
дайындау,кез келген әдіс амалмен ұпай жинауға бейімдеу.
Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында математикалық білімді игеру пирамидалық тұрпатта 
дамиды. Демек соңғы сынып оқушыларының 10% -ы ғана мектеп бағдарламасын толық меңгерсе, 
30% -ы қанағаттанарлық деген бағаға сәйкес келеді. Ал қалған 50%-ын математикадан алшақтап 
алғанымыз рас және ата-аналардың ,оқушылардың, тіпті мұғалімдердің арасында «барлық оқушылар 
172

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
бірдей математиканы оқуға қабілетті емес » деген пікір қалыптасты.
Математиканың негізін меңгертуде математика пәнінің мұғалімі өз пәнін терең білетін, күнделікті 
сабақтағы тақырыпты толық қамтитын,әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі,оқытудың 
дәстүрлі және ғылыми жетілдірген әдіс амалдарын, құралдарын еркін меңгеруі, математиканы 
оқытудың педогогикалық-психологиялық негіздерінен хабардар болуы керек.
Оқыту барысында теориялық материалды практикамен байланыстырып есептерді шығартқанда 
оқушыға түсінікті ,жете меңгеретіндей мүмкіндіктерді таңдап білім деңгейін анықтап,талдап, 
кемшіліктерін толықтырып отырулары керек.
Есептер шығару көбінесе байқап көру, іздену процесімен жүреді .Ойша болжай білу балалардың 
бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Есептерді бірнеше жолмен шығару әдістері 
бар.Соның тиімді әдісін таңдау оқушының қабілеттілігін көрсетеді және ҰБТ-де жоғары балл 
жинаудың бірден-бір жолы.
Математикада тестпен жұмыс жасау арқылы оқушы әрбір тапсырманың мазмұнына сәйкес оның 
есептеу жолдарын таңдау ,уақытты үнемдеу мүмкіндігіне ие бола алады.
    Математикалық тест тапсырмаларымен жұмыс жасау жолдарына тоқталайық:
1.Әрбір тапсырманың берілген шартын нақты түсініп,не берілгенін ,нені табу керектігін айқындау.
2.Уақытты үнемдеу үшін есептеудің қысқа жолдарын таңдай білу керек.
3.Барлық тапсырмаларды қысқаша жазып есептеуге дағдылану.
4.Белгілі уақыт аралығында барлық тапсырмаларды тез жылдам орындау.
Кейінгі жылдарда мектеп бағдарламасы бойынша математикадан ұсынылған тестілік 
тапсырмаларды талдау барысында төмендегі кемшіліктер байқалады.
1.Сапасы төмен тестілік тапсырмалардың кездесуі
2.Жекеленген тапсырмалар тым күрделі
3. Тестілік тапсырмалардың басым бөлігі тікелей тура сұрақ түрінде берілген .Мұндай сұрақтарға 
жауап оқушының есепті шешудің  негізгі тәсілдерін меңгерген ,меңгермегендігін анықтап бермейді.
4.Қолданылып жүрген тест тапсырмаларды орындауға оқушылардың дайындығы бір қалыпты 
сипат алуда.
5.Есеп жауаптарының қайталануы
6.Тест тапсырмалардағы көптеген геометриялық есептерді шешу үшін оқушының ұзақ есептеулер 
орындауына тура келеді.Ал тестілік тапсырманы орындауға бөлінген уақыт шектеулі болғандықтан 
берілген уақыт шеңберінен шығып кетеді.
7. Әр жылдарда ұсынылып жүрген тестілерде мектеп математикасының негізгі бөлімдері 
қамтылған . Геометриялық есептерді шешу үшін сызбалар,қосымша салулар қажет.Көп жағдайда 
шешу бірнеше сатыдан тұрады .Сондықтан оқушылар есеп шартын түсінбей –ақ белгілей салады.
8.Бағдарлы оқытылудың ескерілмеуі,яғни екі бағыттағы оқушыға есептің бірдей берілуі.
    Математикадан оқушылардың білім сапасының төмен болу себептері:
1.  Апталық жүктемедегі сағат санының аздығы, бірақ биылғы оқу жылынан  бастап сағат сандары 
көбейтілді, дегенмен әліде бірнеше (5)жыл  мате
мати икадан білім сапасына әсер етеді.
2.  5-6 сыныптарда жақсы оқыған оқушылардың,  7-9 сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты
оқуға ынтасының азаюы.
3.Математика пәнін қиын пән дей отырып,оқушылардың немқұрайлы қарауы.
4.Оқушылардың өз бетімен білім алуға қабілеттігінің жоқтығы.
5. Есеп шығарудың тиімді әдісін қолдана білмеуі
6. Мұғалімдердің ізденісінің аздығы,білім тайыздығы
7. Білімді жастардың басқа салаға кетуі, яғни мұғалімдікке 3-4 –ке оқыған балалардың баруы
Математикадан тестіден жақсы нәтижеге жету үшін:
1. Өз пәнін жетік білетін,білім берудің жаңа технологияларын меңгерген,жеке тұлғаны 
қалыптастыру жолында еңбек ететін, білімді ұстаз керек
2 .Қосымша сабақ өткізу
3. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату
4. Қосымша әдебиеттермен,журналдармен жұмыс істей білуге үйрету
5.Уақытты үнемдей білуге үйрету
6. Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету
173

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
7.Апталық сағат сандарын көбейту
8. Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру.
9. Формуланы жаттап, қолдана білу
Біздің мектебімізде ҰБТ-ге математика пәнінен дайындық жақсы жолға қойылған. 11-сыныптың
басында ұйымдастыру жиналыстарында ата-аналармен келісе отырып,дайындық кестесі құрылады.
Мектеп бағдарламасын  түгел қайталатып,  әрбір тарау  бойынша  тест тапсырмалары дайындалады.
Тест қорытындысы бойынша жіберген қателіктермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың түсінбеген
тақырыптарына қайтадан лекция оқылып, тесті жүргізіледі. Жақсы оқитын оқушыларды консультант
ретінде   пайдаланамыз.Тестімен   тез   жұмыс   істеу   әдістері   үйретіледі.   Ақпараттық   технологияны
пайдаланып   электронды   оқулықтар,   интербелсенді   тақтамен   жұмыстар   жүргізіледі.Ата-аналарға
әрбір тестіден кейін ,баласы туралы мәлімет беріліп отырады. Мектеп басшылығы да, ата-аналарда
мұғалімге     әр   баламен   жеке   жұмыстануға   жағдай   жасайды.   Мектеп   психологі   оқушылармен   жиі
кездесіп,кездескен қиындықтарды жеңуге ақыл кеңес беріп отырады. Мектеп дәрігері оқушылардың
денсаулығына көңіл бөліп,жыл бойына балалардың тамақтануын, күн режимін қадағалап отырады.
Бірлескен   жұмыс   ҰБТ-де   өз   нәтижесін   беріп   жүр.   Бірнеше   жылдан   бері   оқушыларды   ҰБТ-ге
математика   пәнінен   дайындап   жүрмін.   2009-2010   оқу   жылында   19   оқушыны   математика   пәнінен
ҰБТ-ге   дайындап,   нәтижесінде   6-оқушым   «Алтын  белгі»  иесі   атанды,   білім     сапасы  70%   болды.
Қазіргі таңда  барлығы да  жоғары оқу орнында  білім алуда. 2012-2013 оқу жылында 19 оқушыны
математика  пәнінен ҰБТ-ге  дайындадым.  Білім сапа-89% болып, бір оқушым  «Алтын белгі» иесі
атанды. Орташа балл-16,2 . Әрбір тестіден кейін жинаған балдары бойынша мониторингісі жасалып,
балалардың білім сапасына талдау жасалады. «Алтын белгі» үміткерлеріне де білім мониторингісі
жасалып, талданады.
Д.Пойа айтқандай:”Егер мұғалім өз пәнін шын ықыласымен берілсе ,онда бүкіл сыныпта бұл пәнге 
ынтасымен берілетін болады.Егерде ,пән сізді қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ 
беруден бас тарту керек. Себебі,сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз.”
Өз заманының аса ойшылы ,дүние жүзіне танымал,артына өшпес мұра қалдырған немістің атақты 
математигі Карл Гаусс “Математика –ғылымдардың патшасы”-деп текке айтпаған шығар.Олай болса, 
математиканы оқыту ,одан терең де сапалы білім беру -әрбір математик ұстаздың міндеті. Расындада 
пәнді сүю және оны терең білу-мұғалімге қажетті шарт ,алайда бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің 
пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет.
Елбасы Н.Назарбаев:”Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр
деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең   білгірі болу емес,тарихи танымдық
педагогикалық-психологиялық   сауаттылық,   саяси   эканомикалық   білімділік   және   ақпараттық
сауаттылық   талап   етілуде.   Ол   заман   талабына   сай   білім   беруде   жаңалыққа   жаны   құмар,
шығармашылықпен   жұмыс   істеп  оқумен  тәрбие   ісіне   еніп,   оқытудың  жаңа   технологиясын  шебер
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады.”
------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің
ІІІ деңгейлі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Салаватова Асем Амангельдиевна
Сабақты құру және жоспарлауға  арналған кесте
Сыныбы: 5
Апта 
Күні 
Сабақ 
Сабақтың тақырыбы
How many stamps have you got?
Жалпы мақсаты
 Өзінің оқу –құралдарының, киім –кешектерінің, жинайтын 
заттарының саны туралы ағылшын тілінде айтуға үйрету
Күтілетін нәтижелер
А. Грамматикалық құрлымды меңгереді
В. Диалогтық оқытуда фразалық тіркестер мен нақты дұрыс 
қолданады, өзінің оқу –құралдарының, киім –кешектерінің, жинайтын 
174

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
заттарының саны туралы ағылшын тіліндегі мәліметтерді тыңдап, 
сұрақ қоя алады
С. Өзінің оқу –құралдарының, киім –кешектерінің, жинайтын 
заттарының саны туралы ағылшын тілінде жазып, айтып береді
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Тапсырмалар 
Топтық жұмыс, диалог, СТО элементері, 
Керекті жабдықтар
Постер, маркер, оқулық, сөздік, ноутбук
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе 
Organization moment :
Good morning children!
How are you?
Let me introduce myself. My name is 
Assem Amangeldievna. I am your teacher for 
today. I hope that we work very usefully and 
funny. And now I you know my name. but I 
do not know your names. Take your color 
pens, papers, scissors and write your names. 
Give the Kazakh equivalents. For example: 
Ainur- Ай-дай сұлу. 
Your names and you are so nice and 
beautiful!
And now lets begin our unusual lesson.
Сабақтың мақсатарымен, бағалау 
өлшемдерімен таныстыру. Бір мұғалімге 
бағалау өлшемдерін беріп қою.
L)
What is the date today?
M)
What is the day?
N)
Year, season, month, day, weather…
O)
Oh, listen, do you hear? Anybody is 
coming.
P)
Oh, they are our friends. They will 
help us. His name is Alex. Her name is Samal.
Q)
Greeting them. Say “Hello!”
R)
What is your name?
S)
Where are you from?
T)
How are you?
U)
Which class are you in?
  
Топқа бөлу. 3 топқа топтастыру
V)
Stand up please. Let us divide into 3 
groups: English, Kazakh, Russian.
W)
But you are so few. It is a problem.
X)
But I know how we decide this 
problem(say Alex)
Y)
There are so many guests there. There
are so many teachers. Help us!!! Say together.
Help us!!!
3 мұғалім үш топқа бөлініп кетеді.
Әр топ постерін қорғайды.
әр топтық жұмыстан кейін мадақтау, 
Оқушылар мұғаліммен 
амандасып, танысады, қал 
жағдайларын  сұрап әңгіме 
әдісін құрады. Өз атарын 
ағылшынша қазақша сын есім 
келдіріп қағазға жазады. Алекс 
және Самалмен танысады. 
Диалог құрады. Берілген 
сұрақтарға оқушылар толықтай
жауап береді. 
Оқушылар топқа бөлінеді. 
8.
Ағылшын тобы
9.
Орыс тобы
10.
Қазақтар тобы
Әр топ өз ел бойынша постер
қорғайды. Мысалы: 
Ел:
Президенті:
Тілі:
Ақшасы:
Атақты адамдары:
175

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
шапалақтау.
Тұсаукесер 
Жаңа тақырып: 
- Now look at the magic box.
Оқушылар әр түрлі заттарды алады, 
қазақша сосын Алекспен Самал 
ағылшынша айтады: coins, pens, oranges, 
shells… сұрақтар қояды 
Z)
What is it? Is it a pen?
AA)
How many pens have you got, Alex?
BB)
I have got 3 pens.
CC)
Samal has got 3 pens. 
Grammar rules.   Have got    Has got
I
You 
We               have got  5 books
They
He 
She              has got    2 pens
Samal 
Карточкалардағы сөздерді дұрыс 
құрастыру. Тақтамен жұмыс.
Топтың ішінде сұрақтарды талқылау.
Make dialogue 
Топпен сұрақтан жаңа ой,
пікірлер айтады, ойынға
қатысады, топ мүшелерімен
диалог құрастырады 
Грамматикалық
тапсырмаларды орындайды.
Мысалдар келтіреді.
Тақтамен карточкалармен
жұмыс жасайды.
Негізгі бөлім
Phonetic drill сергіту сәті
22.
Are you tired? Lets 
dance!!!
Деңгейлік тапсырма білімі төмен және 
дарынды оқушыларға жеке тапсырма .
14.
Translate
15.
Make the sentences
16.
Write about your collection  
Постер қорғайды. 
Сергіту сәті
Сыныптағы деңгейі төмен
және дарынды оқушыларға
берілген тапсырманы жеке өзі
орындайды, жазады оқиды.
Қортынды 
Бекіту
Рефлексия 
23.
What do you understand ?
24.
What is the English for……
25.
Do you like this lesson?
26.
If you like put red color, if you do not
like it put green, if you do not understand
something put yellow card
Қорытынды: Үй тапсырмасын беру.
Write a short story about your collection.
Бағалауға сөз кезегі қонақ мұғалімде.
Ойын.
Stand, find and touch.
27.
I see … a watch, chairs, a
blackboard….
Assem Amangeldievna.
Барлық оқушылар мұғалімді табады,
құшақтасады.
Сабақтағы құрылымды
дұрыс пайдаланып, ойлап
нақты пікір ой айту.
Сабақтан алған әсерін түрлі
түсті қағаздармен қөрсетеді:
Қызыл түс- сабақ ұнаса, сары
түс – егер бір нәрсе түсінбесе,
жасыл түс – сабақ ұнамаса
Оқушылар ойынға қатысады.
176

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Сипанова Меңсұлу Сүндетқалиқызы
БҚО, Казталов ауданы, Қайыңды ауылы,
Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі
Обал мен сауап
Мақсаты: «Мейірімділік», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 
-Обал мен сауап туралы түсінік беру.
- Халықтың дәстүрлі игі әрекеттеріне қызығушылықтарын арттыру. 
- Мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер, оқулық, дәптер, слайд.
Шаттық шеңбері. Бәрі шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. 
Ой, обал – ай, обал – ай!
- Енді қарным ашпайды!
Деп, Кер сұмдық бастайды:
Нан артылса, қоқысқа
Лақтырып тастайды.
Ой, обал – ай, обал – ай!
Ас «артық» деп төгеді,
Аш қап, азап шегеді.
«Үнемді жасай біл!» десең,
Сөлекеттеп, сөгеді.
Ой, обал – ай, обал – ай!
Шығармашылық жұмыс: Шығармашылық жұмысты орындау үшін оқулықта бірнеше сурет 
ұсынылған. Оқушыларға суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатының айту тапсырылады.
Жаңа ақпарат: Мұғалім сабақта оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында оқу ақпаратын 
ұсынады. Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан – жануардың, табиғаттың 
қадірін білуге шақырады. Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кеңеледі. 
Оқушылар осы ақпаратпен танысып, ой түйіндейді. 
Мәтінмен жұмыс:
      Сабақта мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін Ө.Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» атты
өлеңі ұсынылады. Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
Құс ұясын бұзбайық!
Ей, балалар, балалар!
Аман болсын аналар!
Құстада да ана бар,
Құстада да бала бар,
Кім сүймейді баласын?!
Осылар еске түскенде,
Бір ойланып қаласын!
Өсіруге баланы,
Құстар ұя салады.
Жасауға жұмсақ ұяны,
Жабағы жүнді жияды.
Жайлы қып жасап ұяны,
Жұмыртқасын салады.
Бір қуанып қалады.
Тақия тұзақ салмайық!
Қарғысына қалмайық!
Әдейі көздеп атпайық!
Көп күнәға батпайық!
Құс ұясын бұзбайық!
Жұмыртқасын алмайық!
177

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Обалына қалмайық.
- Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастық бар?
- Құс өз балапанын қалай мәпелейді?
- Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?  
Сергіту сәті
Сабақты қорытындылау алдында балалардың бір сәт денесі сергітіледі. 
Аппақ болып таң атып, (құшағын кең ашады)
Түтін тікке ұшады. (қолдарын толқындата жоғары көтереді)
Қарлығаштар қанатын, (қанатын жаяды)
Самғап биік ұшады. (құсша ұшады) 
Тапсырма: Мұғалім оқушылардың оқулықта берілген суреттерге қарап, табиғатқа обал жасау 
дегенді қалай түсінетіндері туралы тапсырма береді.
Дәптермен жұмыс: Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. 
Немесе үйге тапсырма береді. 
Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. И. Тургеневтің «Торғай» әңгімесін балалар әр 
түрлі бағытта жалғастыруы мүмкін. Орындап біткен соң жария етеді. 
Торғай.  Бақша арасындағы жолмен аяндап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол 
кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей – ақ төрт тағандап бұға бастады. 
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапаның көрдім. Ол ұясынан 
құлап түсіпті. ...
 - Әңгімені жалғастырыңдар. 
 - Иә, балалар, балапандарға көмектескендерің үлкен сауап болды, өйткені адамның жануардың, 
табиғаттың қиналғаның көре тұра, оған жақсылық жасамау обал болады. 
- Сендер, үлкендер «обал болады», «сауап болады», «сауабын ал» деген сөздерді қандай 
жағдайларда айтады?
Балалардың жауаптары.
Қорытындылау: Мұғалімнің бүгінгі сабақты былайша қорытындылауына болады:
- Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы 
болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған.
Осы мақсатта – тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып 
отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен. Балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы 
қатыстыңдар. әрқашан қайырымды, мейірімді болыңдар. Сендерге мен мейірім гүлін таратып 
беремін. (қағаздан жасалған гүлдерді барлығына таратып беру.)
 Жүректен жүрекке. Мұғалім оқушыларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар 
мұғаліммен, бірге қосылып, ән айтады.         
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы
2014 -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
2014 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2014 -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
2014 -> Ғылыми-танымдық конференция Қалмақтөбе көрінісі
2014 -> Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І
2014 -> Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі
2014 -> «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет