«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Тасбулатова Аягүл
БҚО , Казталов ауданы, Бостандық ауылы
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Апта
Күні: 20 -қараша, 2013 жыл 
Сабақ №4
Сабақтың 
тақырыбы
Тарау: Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем!
Тақырып:  Ей , Астана ! 
Жалпы 
мақсаты 
« Ей , Астана » өлеңін мәнерлеп, сауатты оқуы, өзара әңгіме сұхбат жүргізу , 
Астана  туралы өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру арқылы ойлары дамып 
және шапшаңдыққа үйренеді..
Күтілетін 
нәтижелер 
Астананы, Қазақстанды сүю, құрметтеу туралы түсінік қалыптасады. Тіл 
байлықтары дамиды. Астана  туралы еркін әңгімелейді. 
Тапсырмала
р 
5. Әңгіме -дебат
6. деңгейлік тапсырмалар орындау
7. әңгіме құрастыру
8. Астана   тақырыбына ой бөлісу, маршруттік карта , дақпақтар оқу 
Керекті 
жабдықтар 
 оқулық, дәптер, ақ парақтар,  плакат , маркерлер, бағалау парағы, Астана 
қаласының суреттері  
Сабақ 
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе 
І.Тұлғааралық байланысты 
орнату.
2.Сыныппен амандасу.
Жақсы оқып сабақты 
Әдеп сақтау сәніміз 
Сәлем бердік сіздерге 
Басымызды иіп бәріміз.
3. «Жақсы тілек» тренингі. 
Оқушылар бір -біріне тілек 
айтады. Қаланың көрнекті 
жерлері  туралы айтып  
Әр оқушы бойында сыйластық 
қасиеті оянады.
Қалаларды айтып  топқа 
бөлінеді . Топ ережесін айтады.
Өз рөлдерін анықтап алады .
Оқушылар өткен сабақтарды 
естеріне түсіреді жауап береді
Сөзжұмбақты шешеді. 
Тақырыпты және сабақтан 
күтілетін нәтижені анықтап 
9

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
оқушыларды үш топқа бөлу. 
(Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік
сарайы) 
Бағалау  парағы үйлестіріледі. 
Критериилері түсіндіріледі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау . 
4.  «Атамекен аяулы» 
өлеңін сұрау 
5. Сөзжұмбақ шешу  
арқылы тақырыпты 
анықтау.
Сөзжұмбақты шешу.
А)Қазақ халқының музыкалық 
аспабы.
Ә)Қазақстан Республикасының
елбасы кім?.
Б)Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
В)Қазақ халқының ұлы ақыны.
Г)Ас атасы не? 
Ғ)Қазақстан Республикасының 
рәмізі.
Сөзжұмбақ
Біз бүгінгі сабақта не 
істейтініміз туралы айтайық.  
6. Астана сөзіне тіркестер 
айту
7. Оқулықпен жұмыс. 
Сөздікпен жұмыс. 
Өрелі іс-жаңа жақсы істер
Шаһар-қала 
Бірегей – ерекше , басқаға 
ұқсамайтын 
Тасы өрге домалау – абыройы, 
беделі көтерілу.
алады.
Оқушылар өз пікірлерін 
білдіреді
Елорда, бас қала, жас қала, гүл 
қала , гүлденген қала, өркен 
жайған қала, нұрастана
Тұсаукесер
8. Ноутбуктен  
видеоролик 
көрсетіледі.Ой бөлісу:  
Видеороликті көріп, ой 
бөліседі.
Оқушылар өздерінің пікірін 
айтады. Жұптық жұмыс 
жүреді.
Оқушылар білімі негізінде 
жауап береді
Бағалау парағына критериилер 
бойынша өздерін бағалайды, 
смайликтарді немесе 
скрипканы пайдаланып топтың
жұмысын бағалайды.  «Екі 
жұлдыз бір тілек» әдісі 
бойынша ұсыныстар айтады. 
10

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Негізгі бөлім
Сергіту сәті: 
Жоғары қарап күн көрдім
Төменнен байтақ жер көрдім 
Оңға , солға бұрылдым 
Егеменді ел көрдім .
9. І топ:  Астана  туралы  маршруттық 
сызба бойынша  құрастырады 
ІІ топ:   Әңгіме  құрап ауызша айту 
ІІІ топ:  Астана  туралы  айту 
І топ «Астана – туған жердің жүрегі » 
атты дақпақтар оқу. 
ІІ топ «Астана» қаласына мақтау сөз табу
ІІІ топ  «Биік » сөзіне теңеу жазу
Оқушылар ойланады, 
салыстырады
Оқушылар бірнеше сұрақтар 
дайындайды. «Екі жұлдыз, бір 
тілек» әдісі бойынша 
ұсыныстар айтады.
Әр топ берілген тапсырма 
бойынша постермен 
жұмыстанады. Берілген 
қиындылар  бойынша құрап, 
топ спикерлері әңгімелеп 
береді
Бағалау парағына критерилері 
бойынша өздерін бағалайды, 
смайликтарді пайдаланып 
топтың жұмысын бағалайды.  
«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі 
бойынша ұсыныстар айтады
Қорытынды:
Үйге 
тапсырма:
С деңгейі:   Өлең жаттау
В деңгейі: Астана  туралы әңгімелеу
А деңгейі: «Астана » тақырыбына суреттер 
жинап альбом жасау
Оқушылар сөйлемдерді 
өзбеттерінше аяқтайды. 
Дәлелдейді
Тапсырманы күнделіктеріне 
жазып алады.
Сабақтың 
рефлексиясы
Мекеменің атауы:   Қарасу жалпы орта білім беру мектебі
Аты-жөні:         Мухамбеткалиева Самал Сабитовна
Лауазымы:       Бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс өтілі  : 15 жыл
Санаты: І санатты Пәні :  Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы«Хайуанаттар дүниесі» Б.Кірісбайұлы
Сабақтың мақсаты:  1. Оқушылардың төрт түлік  мал, мал шаруашылығы  және малшының тұрмыс-
тіршілігі туралы алған білімдерін тиянақтау, толықтыра түсуге жағдай  туғызу.
2.   Оқушылардың   ойлау   қабілеттерін   дамыту,   сөз   қорларын   кеңейту,   өздігінен   білім   алуға   жағдай
жасау.
3. Төрт түлік малды құрметеуге, малшы еңбегі мен ауылшаруашылық еңбектің құндылығын сезіндіру
арқылы ұлттық тәрбиеге бейімдеу.
Сабақтың міндеті: 1. Төрт түліктің пірлерін, жастарын, атауларын білуге үйрету.
                                    2. Төрт түліктің өмірдегі орнын бағалауға үйрету
Күтілетін   нәтиже:    1.   «Аңыз   арнасы»   мәтінімен,   «Хайуанаттар   дүниесі»   өлеңіндегі   төрт   түлік
малдың қадір  қасиетін таба алады.
2. Төрт түлікке байланысты өлеңдерді, ырымдарды, тиым сөздерді, мақал мәтелдерді жаттап алады.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейнефильм, төрт түлік мал туралы кітаптар, жинақтар,
суреттер,  тірек-сызбалар, түсініктеме сөздік, ырым-тыйым бейнеленген суреттер, киіз үйдің макеті,
ұрмалы аспап, қойдың жүні, сырмақ т.б. 
Сабақтың әдіс-тәсілі: орталықтарда жұмыс істеу, жеке, ұжымдық, жұппен, топпен.
Технология: Сын тұрғысынан ойлау
11

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
С а б а қ т ы ң  б а р ы с ы:
Сабақтың
кезеңдері
Кезеңде
рдің
мақсаты
Жұмыс
түрі
Мұғалімнің  іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ескерт
у
І. 
Ұйымдаст
ыру кезеңі
1.Психо
логиял
ық
дайынд
ық
  Оқушы
лардың
назарын
сабаққа
аудару
2.   Үй
тапсыр
масын
сұрау
ұжымд
ық
Амандасу. 
-Балалар,   бір-бірімізге
сабақта сәттілік тілейік.
«Аңыз   арнасы»   мәтіні
бойынша
 
мазмұнын
сұрау
Шеңбер
 
болып
тұрайық
Қолымыздан ұстайық
Сәттілік тілеп сабақта
Көңілді де болайық.
(Бір-біріне сәттілік 
тілеу) 
Мазмұнын  айту, 
сұраққа жауап 
беру, теңеу 
сөздерді табу
1 мин
8 мин
ІІ. 
Қызығушы
лықты 
ояту
Оқушы
лар-дың
қызығу
шылығ
ын ояту,
сабақты
ң 
тақыры
бын 
ашу.
Ұжымд
ық
    жеке
 Слайд  көрсету.
5. Бұл   слайдтан
төрт   түліктің
дыбысын,   төлін
табу
6. Ал,
 
бүгінгі
сабақтың
тақырыбы
қандай ?
7. Бүгін
 
нені
білгілерін
келеді?
Малдың
 
күтімі
туралы
Түйе үй жануары
(Жылқы,   сиыр,   қой,
ешкі)
Түйе   шаруашылығы
шөлді
 
жерлерде
кездеседі
Төрт түлік мал
Үй
 
жануарлары
туралы көбірек
5 мин
ІІІ. 
Мағынаны
тану
Білімде
рін
кеңейту,
негізгіні
таңдау,
берілге
н
тапсыр
малард
ы
өздігіне
н
жұппен,
топпен,
жеке
орында
у
Орталы
қтарда
жұмыс
-   Бүгінгі   сабақта   біз
белсенді   орталықтарда
топпен жұмыс жасаймыз
- Алдымен орталықтарда
жұмыстың
 
тәртібін
есімізге түсірейік
І. «Әдебиет» орталығы
ІІ. «Өнер» орталығы
ІІІ.   «Ғылыми-ізденіс»
орталығы
ІҮ.
 
«Ақпараттық»
орталығы
Әр  орталықтан  кейін  өз
көңіл-күйін белгілеу
Спикерлерге
маршруттық парақтарды
беру.
8. Бір-бірін
тыңдау;
9. Шуламау;
10. Көршіден
сұрап,   содан
кейін
мұғалімнен.
11. Белсенді
қатысу.
(Әр   топта   спикерді
таңдау)
Спикерлер   топтағы
балаларға тарату
Әр
орта-
лыққа
5 мин
12

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ІҮ. 
Рефлексия
Алған
білімде
рін
қорыты
ндылау
12. Ал,
 
балалар
бүгін
 
нені
білдік?
13. Бүгінгі   сабақта
қандай   жаңалық
алдыңдар? 
14. Әр
 
топтан
жасаған   жоба   –
сызбасын қорғау
15. Сендерге   қай
орталық   ұнады?
Неліктен?
16. Спикерлер
топтағы
балаларды
бағалау.
Балалардың
білімдерін
 
тест
арқылы тексеру.
Оқушылардың
жауабы
Әр   оқушы   тест
сұрақтарына   жауап
береді 
10 мин
Қосымша №1 (маршруттық парақ)
«ӘДЕБИЕТ» орталығы
7. Оқулықтағы 67-68 беттегі өлеңді 
мәнерлеп оқы.
8. Төрт түліктің біреуін таңдап талдау 
кестесін толтыр.
9. Түсіндірме сөздік пайдаланып түсініксіз 
сөздермен таныс.
10. Өз көңіл-күйін көрсет:
17. Түсінікті, қызықты                     - 
қиналдым
18. түсініксіз
жеке жұмыс
«ӨНЕР» орталығы
5. Төрт түліктің өнерге пайдасымен таныс.
6. Қойдың жүнінен текемет жаса
7. Өз көңіл-күйін көрсет:
19. Түсінікті, қызықты                     - 
қиналдым
20. түсініксіз
ұжымдық жұмыс
«ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕНІС» орталығы
8. Қосымша мәліметтермен танысу (Төрт 
түлік туралы жинақ, кітапша пайдалану)
9. Топпен ақылдасып бір мал туралы 
білгенін әңгімелеп, сызбаға салу. (жоба-
сызбаны толтыру)
10. Өз көңіл-күйін көрсет:
21. Түсінікті, қызықты                     - 
қиналдым
22. түсініксіз
топпен жұмыс
«АҚПАРАТТЫҚ» орталығы
7. Суреттер   арқылы   ырым-тыйым   сөздер
құрастыру
8. Төрт түліктің бірін таңдап алып. Оның
жасын ретімен жазу. (сызба толтыру)
3.Өз көңіл-күйін көрсет:
23. Түсінікті, қызықты                     - 
қиналдым
24. түсініксіз
жұппен жұмыс
Қосымша №2  Әдебиет орталығы (талдау кестесі)
Оқушылар ұнаған өлеңнің шумағын таңдап, кестені толтырады
Сенің атың ______________                     Қойдың ойы
Өлеңнің құрылысы
шумақ
тармақ
Неше буынды
Пірі
Түсінгеніңді қара сөзбен 
жаз
13

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөзді жаз
теңеу
Сенің атың ______________   Түйенің түйгені
Өлеңнің құрылысы
шумақ
тармақ
Неше буынды
Пірі
Түсінгеніңді қара сөзбен 
жаз
Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөзді жаз
теңеу
Сенің атың ______________                    Сиырдың сыры
Өлеңнің құрылысы
шумақ
тармақ
Неше буынды
Пірі
Түсінгеніңді қара сөзбен 
жаз
Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөзді жаз
теңеу
Сенің атың ______________               Жылқының жыры
Өлеңнің құрылысы
шумақ
тармақ
Неше буынды
Пірі
Түсінгеніңді қара сөзбен 
жаз
Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөзді жаз
теңеу
Қосымша № 5 (Тексеру қорытынды тест)
                              (Иә, жоқ)
Түйе шөлге шыдамды, 40 күнге дейін сусыз жүреді
Жылқының қылынан текемет жасайды.                          Дөнен 4-5 жасқа дейін түйе
Бие – аналық жылқы                       Қойдың төлі – лақ
Тоқты – 6айдан 1 жасқа дейінгі қозы         Сиыр суыққа төзімді мал.
Бойына сеніп жылдан құр қалған түйе ме? 
Тестің кілті. 1. иә   2. жоқ  3. жоқ  4. иә        5. жоқ  6. иә   7. жоқ   8. иә 
 Бағалау парағы:       1-2 қате – «4»                    3-4 қате – «3»           5-8 қате – «2»
Үй тапсырмасы:   Оқулықтағы 67-68 беттегі өлеңді мәнерлеп оқу
10. Ұнаған шумағын жаттау
11. “Төрт түлігім – асыл қазынам” тақырыбына эссе жазу.
12. Ұнаған төлдің суретін салу
14

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Қайыржанова Райхан Қайыржанқызы 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Бесікті орта мектебі. Атырау қаласы, Бесікті селосы
Бастауыш сыныптарда математикалық ұғымдарды,
 ұлттық құндылықтар негізінде оқыту
«Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және
инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс»  Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан   Республикасының   қоғамдық   өмірінде   жүріп   жатқан   демократиялық   өзгерістерге
байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген
білім   беру   жүйесіне   қойылатын   талаптар   күшейе   түсуде.   Сол   талаптардың   бірі   оқушының
дүниетанымын   қалыптастыруда   елеулі   ықпал   жасайтын  білім   мазмұнын  жетілдіру,   бүгінгі   күннің
өзекті мәселелерінің бірі.
Білім ана тіліміздің кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып
тұрақтана     түседі.   Үздіксіз   білім   беру   жүйесін   жақсартудың   басты   бағыттары   оны   дамыту
демократияландыру,   нақты   білім   беру   саясаты   және   халықтық   әлеуметтік   –   экономикалық
ерекшеліктері білім беру ісін жетілдірудің арқауы болып табылады. 
Жаңа   технологиялық   әдіс   –   тәсілдерді   тиімді   қолдана   отырып,   балалардың   сабаққа   ынта   –
ықыласын   арттыру,   ой   –   өрісін,   логикалық   ойлау   дәрежесін   кеңейту   арқылы   шығармашылық
қабілетін арттыру экономикалық экологиялық, халықтық педагогикалық ұлттық құндылықтар арқылы
тәрбие беру.
Оқу процесін ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастырудың тәрбиелік те, білімділік те үлесі
ұлан – ғайыр. Халық зердесіне терең үңілсек, ұрпақ тәрбиесі қай елдің, қай кезеңнің болсын толғақты
мәселесі   болып   отыр.   Бұл   көкейтесті   мәселе   ғасырлар   бойы   тек,   халықтың   өткен   тәжірибесіне
сүйенгенде ғана сәтті шешімін тауып отырған. Ол – халықтың кәсібімен, салт – дәстүрімен, тілімен,
тарихымен өнерімен бірге қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай
жетіліп,   ұрпақтан   ұрпаққа   ауысып   отыратын   қастерлі   мұра.   Халық   мұрасының   танымдылық
тәрбиелік мәні –ұлан ғасыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана, адам өмірінің рухани –
эстетикалық  қуатының  қайнары.  Оның  ішінде   тікелей бала  тәрбиесіне  бағытталған,   баланың  жан
дүниесінің қалыптасуына , рухани марқаюына негіз болатын дәстүрлер көп-ақ.
Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала
бойына сіңіріп отырған.
Қазіргі   кезде   оқушыларды   ұлттық   құндылықтарымызбен   таныстыра   отырып   еңбекке   тәрбиелеу
мақсаттарына жетуге, сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуға бағыттауға ұмтылу қажетін
математикадан   ауызша,   жазбаша   есептеу   дағдыларымен   қатар,   халықтың   ұлттық   өнерін,   салт-
дәстүрін, халықтық кәсіптерді үйретіп, еңбекке баулып, әсемдікті танып, сезінуін жетілдіруге болады.
Математика   сабағында   қазақ   халқының   ою   өрнектерін,   мәдени   мұраларын   пайдалана   отырып,
математикалық тапсырмалар беріп, геометриялық ұғымдарын түсіндіруге болады. Мысалы: ыдыс-аяқ
(кесе,   шайнек)   т.б.   ою   сызықтарының,   құрақ   көрпешеде   әртүрлі   маталар   санын   (санауға   үйрету)
формаларын (геометриялық фигуралардың өзгешеліктерін түсіндіру) анықтау .
9.
Шайнек сыртындағы өрнекте неше үшбұрыш, шаршы дөңгелек бар? 
10.
Суреттегі құрақ көрпенің және ондағы әріптердің пішіні қандай?
Халықтың бұрынғы тұрмыстық жағдайларына байланысты дөңгелек 
туралы мәлімет беріледі: қазан қақпағының, шаңырақтың, арба дөңгелегінің т.б. пішіні.
      Халықтың іс-кәсібімен байланыстырып мынадай есептер шығаруға болады.
1.Шопан ата ауылында 16 інген, 10 нар бар. Барлығы неше түйе бар?
2.2 ыдыста 12 сықпалы, 7 дөңгелек құрт бар. Сықпа құрттың саны дөңгелек құрттың санынан 
қаншаға артық?
Бұл жаттығулардың тәрбиелі мәні – ежелден мал шаруашылығымен айналысатын халықтың 
еңбегімен таныстыру. Сонда оқушылар еңбек процесінің мәнін, мазмұнын көз алдына елестете 
отырып түсінеді.
Осындай жаттығулар оқушылардың логикалық ой дүниесін байытады, тілін шеберлендіреді.
15

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бастауыш сыныптарда арифметикалық амалдар жөнінде білім дағдыларын қалыптастыру 
мақсатында есеп ойындарын былай жүргізуге болады.
1)Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
   Шұнақ құлақ бес ешкі,
   Қос-қос лақты қос ешкі,
   Төрт қозылы екі қой,
   Бәрін бірге ойлап қой.    (он тоғыз)
2)Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр, бір ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң, бол күлкі        (жиырма төрт)
   «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей  еңбектің бәрі адамның екі қолы арқылы жасалатын оқушылар 
санасына жеткізуде мынадай жұмбақ шештіруге болады.
   Егіз қайың,
   Бой бастары тең өскен,
   Іске дайын
   Бұтақтары бес – бестен     (қос қол)
Осылайша сабақ үстінде бастауыш сынып оқушыларының өмірге көзқарасын қалыптастырумен, 
білім өрісін кеңейтумен қатар әр шаруашылық, өнер салаларына байланысты еңбектің маңызын, 
мазмұнын олардың санасына жеткізуге адам еңбегін бағалауды үйретуге болады. Оқушының таным 
белсенділігі көбіне сабақ үрдісінде іске асады.
Математика сабағындағы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын танытуда өтілген 
сабағыма тоқталайын.
Тақырыбы: Аудан бірлігі
Мақсаты: 1. Фигураның ауданын табу жолын біле отырып аудан бірлігі квадрат метрмен таныстыру.
            2.Ауызша, жазбаша есептеуге түрлі фигуралардың ауданын таба  білуге төселдіру.
            3.Қазақтың ұлттық қол өнерімен, халықтық кәсіп туралы мағлұмат беру.
             Әдемі таза, жазуға  дағдыландыру.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық бұйымдары, парақшалар, суреттер
Түрі: Жаңа білім
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептер
Сабақтың барысы:
9.
Ұйымдастыру
10.
Өткен материалды пысықтау
7.
Ауданды қалай табуға болады?  
(ұзындығы, ені белгілі болса)
8.
Қандай әріптермен белгілейміз?
(ауданды – S, ұзындықты – a, енін – в)
9.
Ауданның қандай бірліктерін білеміз?
     Оқушыларға дидактикалық парақшалар беру (парақшалар әртүрлі формада болады).
     Парақшалардың қазақтың ұлттық өнері әсемдік өнері қошқар мүйіз бейнелерін, сол туралы 
түсінік беріп, есептер шығарту.
11.
Жаңа білім. Үй тапсырмасы қорытыла отырып жаңа сабақ түсіндіріледі.
Аудан бірлігін еске түсіріп, таблица арқылы 1 м2 аудан туралы түсінік беріліп, бұрынғы 
бірліктермен салыстырылады.
12.
Оқулықпен жұмыс. Ауданды есептеуде үйренген әріптерді формулаға қою. а = 5м, в = 4м, 
s= ?    а . в,    5.4 = 20м2
Осылай шартын қысқаша жазып ауданын табады. 
13.
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрі өте көп екені және шетінен шебер, ойластырылып, әсем
өрнектеп жасағанын айта келіп, суреттер көрсету.
Текемет – жүннен жасалған оюлы төсеніш – пішіні төртбұрышты (таныстыру). Мұның 
ұзындығымен енін қысқаша беремін. а = 3м,  в = 2м, s = ? 
16

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
14.
Қоржын суреті көрсетіледі. Жолаушының жол жүргенде аттың артына өңгеріп, керекті затын 
салатын бұйымы екені түсіндіріледі.
  а = 1м,  в = 1м,  s = ?
қоржынның ауданын табады.
         Аудан бірліктерін пысықтау. Таблица бойынша ауызша есептеулер
«Табуға бола ма?» ойыны. Киіз үйдің ағаштарын ата. (кереге, уық, шанырақ). Ауданын табуға бола 
ма? Керегенің ауданы тез табылады. 1м2, 1дм2, 1см2 – салыстыру.
Үйге тапсырма:   Ауданын табуға болатын үй бұйымы сандықтың ауданын тауып келу. «Кім көп
біледі»   үй   бұйымдарын   атау.   Осындай   сабақтар   арқылы   да   оқушылардың   ой-өрісін   дамытып,
ұмытылып, сирек кездесетін үй бұйымдарын танытып, олардың маңызын түсіндіремін. Сол арқылы
қазақ халқының өте шебер, толғампаз екенін, жасалған нәрселері әрі әсем, әрі алып жүруге ыңғайлы
екенін үйретемін. Қазіргі таңдағы мектептегі білім беру үрдісінің моделі түрлі деңгейлі вариативті
білім   беру   мазмұны   негізінде   және   оқытудың   репродуктливтігімен   шығармашылық   негізінде
қалыптастырылуы тиіс. Ұлттық құндылықтар негізінде білім берудің педагогикалық аспектілері, ата –
бабамыздың   ұлы   мұраларын   тани   отырып,   өз   ұлтымызға   деген   сүйіспеншілігін   арттырып,
эстетикалық сезімдерін оятып, талғампаздыққа баулиды. Сонымен бірге баланың білсем екен деген
құштарлығы артып, сабақ сапасы да жақсарып,оқушының ақыл – ой таным белсенділігі арта түседі,
оқушы жан-жақты ізденеді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«Бастауыш сынып оқушыларын математикалық  үйірмелерге тарту»
Дайындаған:  №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
Медеуова Шалхи Бактджановна.
Жаңаөзен қаласы. № 7 орта мектеп.  2013-2014 оқу жылы
Қазіргі кездегі еліміздің білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет – осы заманға, қоғам
талаптарына   лайық   дамыған   жеке   тұлғаны   қалыптастыру.   Бастауыш   сыныптарда   сабақтан   тыс
жүргізілетін   жұмыстар   балалардың   үйлесімді,   жан-жақты   дамуына,   сабақтың   жалғасы   болып
табылатын   сабақтарда   өз   бетінше   ізденуіне,   қосымша   практикалық   іскерлік   дағдыларын
қалыптастыруға жол ашады.  
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі үйірме   жұмыстары болып табылады. Үйірме жұмысының
негізгі   міндеті   -   сабақтарда   алған   білімдерін   дамытуға   мүмкіндік   жасаумен   қатар   қоғамдық
белсенділігін дамыту және өзара қарым-қатынасын қалыптастыру.
     Үйірме жұмыстарының алдына қойылатын негізгі талаптары да бар:
- оқушы қабілетін ескеру;   - оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы;
- оқушылардың еркіндігі;   - нарықтық-экономикалық қажеттілікті негізге алу.
     Н.И.Алпатов үйірме жұмыстарын төмендегідей топтастырады:
1.Мектепте оқылатын пәндерге байланысты(математикалық, әдебиеттік т.с.с.)
2. Техникалық үйірмелер.  3. Көркемдік үйірмелер.  4. Саяси үйірмелер (жоғары сыныптар үшін).   
5. Спорт секциялары.  6. Табиғатты зерттеуге байланысты.
7. Үй шаруашылығын жүргізуге байланысты(тігу, пішу,кулинария т.б.)
     Жоғары айтылғандарды ескере отырып, мектебімізде 3-сыныптарға арналған “Жас математик” 
үйірмесі ұйымдастырылды. Үйірме жұмысы аптасына 1 сағат (жыл бойына 24 сағ.) жүргізіледі. 
Бұл   үйірменің   міндеттері   –   математика   ғылымының   шығу   тарихымен   қысқаша   таныстырып,
17

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
математиканың құрамдас бөліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру, математика ғылымындағы
ұлы   тұлғалармен   таныстыру,   оза   оқыту   элементтерін   пайдалана   отырып,   математикалық
шығармашылық тапсырмалар мен логикалық есептер шығару дағдыларын дамыту. 
Оқушыларды   бұл   үйірмеге   тартудың   мақсаты   –   балалардың   математика   ғылымына   деген
қызығушылығын   арттыру,   шығармашылыққа   жетелеу,   сондай-ақ   әр   түрлі   математикалық   байқау,
сайыстарға, олимпиадаларға дайындық жұмыстарын жүргізу.
Үйірме бағдарламалары  төрт тарауға бөлінген:
1-тарау  “Математика-   ғылымдардың   патшасы”  деп   аталған.   Тарауға   9   сағат   берілген.   Тарауда
математика ғылымының шығу тарихы, дамуы мен құрамдас бөліктері, атақты математиктер туралы
тақырыптар   өтіліп,   әр   сабақта   практикалық   жұмыс   жүргізіледі.   Әр   тараудың   соңғы   сабағы
қорытынды сабақ ретінде (тест жұмысы, викторина, әр түрлі сайыстар, реферат, т.б.) өтеді. 
2-тарауға   7   сағат   беріліп,   “Қызықты   математика   әлеміне   саяхат”   деп   аталады.   Бұл   тарауда
математикалық   ребустар,   жұмбақтар,   сөзжұмбақтар   мен   фокустар   туралы   түсінік   беріліп,
практикалық жұмыс ретінде  қызықты тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар орындалады. 
3-тарауға   10   сағат   берілген.   Тарау   “Ойнайық,   ойланайық”   деп   аталады.   Бұл   тарауда   қазақтың
есептері, қызықты геометриялық тапсырмалар беріліп, оза оқыту ретінде бөлшек сандар, олардың
түрлері, “Эратосфен елегі”, “процент”, “пропорция” түсініктері енгізіледі. 
Соңғы 4-тарау күрделі тапсырмаларды орындауға берілген. Онда “Ақбота”,  “Кенгуру - математик” 
тәрізді интеллектуалдық марафон,  сайыстардың тапсырмалары қарастырылады. Сондай-ақ есепті 
теңдеу құру арқылы шығаруға  көңіл бөлініп, оза оқыту ретінде қозғалысқа берілген есептер 
шығарылады. Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан - 2050” стратегиясын белгілеп, біздің мақсатымыз – 2050 
жылға қарау жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру деп, әлемнің ең дамыған 30 елінің  қатарында 
болуымызға тиіс екенін атап көрсеткен. Бұл мақсаттарға жету үшін, әрине, білім берудің де тиімді, 
сапалы жүйесі құрылып, дамытылуы қажет. 
Сондықтан, бүгінгі күні берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларын
түрлі үйірмелерге тартып, жан-жақты дамыту, білімді, бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің 
маңызы ерекше зор.
  
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “2012-2014 оқу жылында  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарда ғылым 
негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы.” Астана, 2013.
2. Төрениязова Салиха. “Бастауыш мектеп оқушыларын сабақтан тыс жұмыстар арқылы дамыту”. 
Алматы, 2002.
3.Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан - 2050” стратегиясы Жолдауы. Астана, 2012.
4. Г. И. Глейзер “История математики в школе”. Москва, 1981.
5. В.Н. Русанов. “Математические олимпиады младших школьников”. Москва, 1990.
6. “Педагогический поиск”. Москва, 1988.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Нұралин Бекет Наубетұлы
                                                                    Алғашқы әскери дайындық пәнінің
                                                                        ұйымдастырушысы оқытушысы
                                                    Атырау энергетика және құрылыс колледжі. Атырау қаласы
Алғашқы әскери дайындық сабағында,аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін
 наихаттай отырып, оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беру
                                                                          
Отан үшін отқа түс, күймейсің. Б. Момышұлы
Оқушылар мен жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу – мемлекетіміздің өзекті
міндеттерінің бірі. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.
Н.   Ә.   Назарбаев   «Қазақстан   -   2050»   бағдарламасында;   «Қазақстандық   патриотизм   іргетасы   –
барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі.
Біздің   еліміздің   әрбір   азаматы   өзін   өз   жерінің     қожасы   ретінде   сезінуге   тиіс»   деген   болатын.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы
18

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
саяси көзқарасы, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп
тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық оның заңдарына бас ию, рәміздеріне
құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық
патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Халқымыздың патриот ұлы Б. Момышұлы
«Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азамат пен кісіліктің
символы, үлгісі санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін
білмеген,  тәлім  – тәрбие,  ғибрат алмаған халықтың  ұрпағы тұл,  келешегі  тұрлаусыз.  Біздің қазақ
халқы – батыр халық» деген.
Қазіргі заманғы педагогика оқыту мен тәрбие процесі қатар жүргенде тиімді екендігін көрсетіп
отыр.   Оқыту   білімділік   дамытушылық   функциясын   орындап   өоймайды,   тәрбиелеуді   де   жүзеге
асырады. Тек тәрбие арқылы ғана жеке тұлғаның саяси адамгершілік, психологиялық тұрақтылығы
сапалық   қасиеттері   қалыптасады.   Сабақ   түсіндірудегі   негізгі   мақсатым   оқушыларға   ақпаратты
көбірек ұсына отырып, оларды талдауға ой қорытуға, пікір таластар арқылы мәселенің дұрыс жолын
табуға   дағдыландыру.   Нақты   тұжырымдар   мен   дәлелдерді   мысалдар,   деректер   арқылы   сендіру.
Оқушылар   бойында   әскери   патриоттық   тәрбие   беру,   еліміздің   қауіпсіздігін   қаматамасыз   ететін
сенімді   қорғаудың   міндіттіерін   шешу   үшін   қажетті,   патриоттық   және   рухани   –   психологиялық
қасиеттерді   қалыстастыруға   міндетті.Әскери   рухтық   тәрбие   мақсаты   –   азаматтардың   патриоттық
парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру және де еліміздің тұтастығы мен
бірлігін нығайту, Қазақстан халықтарының достығын сақтау міндеттерін шеуге, қабілетті азаматарды
тәрбиелеу. 
Аға   ұрпақ   өкілдерінің   ерлік   дәстүрлерін   алғашқы   әскери   дайындық   пәнінің   кез-келген
сабақтарында  пайдалануға  мүмкіншілік мол.  Арғы,  бергі  тарихымыз  халқымыздың ерлігіне  толы.
Тарихта қазақ халқындай батырда, батыл дархан халық сирек. 
«Батылды оқ та алмайды, қылыш та кеспейді» деген нақыл сөз қазаққа тән сияқты. 1945 жылы
мамырда   фашизм   апаны   рейхконцелерияға   шабуыл   жасағанда   жарты   Европаны   еңбектеп   өткен
атқыштар батальонының командирі, майор Сағадат Нұрмағанбетов 20 жаста, Б. Момышұлы сұрапыл
соғыстың   басынан   аяғына   дейін   қатысып,   лейтенант   шенінен   бастап   полковник   атағына   дейін
көтерілді,   взвод,   батальон   пол   және   дивизия   басқарды,   207   рет   ұрысқа   қатысып,   5   рет   өлімнің
құрсауында қалып, 2 рет өлімші болып жараланды. Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізген.
Даңқты   партизан   құрамасының   командирі,   Халық   Қаhарманы   Қасым   Қайсенов   от   пен   өрттің
арасында жүріп, бірнеше рет өліммен бетпе-бет келіп, бәрінде де жеңіп шықса, жерлесіміз Хиуаз
Доспанова апамыз Сталинград аспанында жауға қырғидай тиіп, аты аңызға айналды. Мәңгі өшпес
ерлік жасаған шығыстың қос шынары Әлия 19 жаста болса, Мәншүк 21 жаста болған. Жерлесіміз
Боран Нысанбаевта өрімдей жас болған.«Ерлік дегеніміз не?» Ерлік істеу үшін соғыс болу міндетті
ме? Бейбіт өмірде ерлік жасауға бола ма?- деген сұрақтарға оқушылар ерлік туа бітетін қасиет емес,
тәрбие арқылы, тәрбиенің жемісі екенін, ерлік дегеніміз қиын сәттерде өзіңнің ар-намысыңды жоғары
ұстай білу, қауіп-қатерге саналы түрде бас тігу, Отан үшін, мемлекет үшін азаматтық парызыңды
орындау екенін, бейбіт замандағы ғарышкерлеріміз Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаевтың ерліктері,
Желтоқсан   оқиғасындағы   ,   өз   егемендігіміз,   тәуелсіздігіміз   үшін   күрескен   жастарымыз   Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды т.б. өрендердің өнегелі істерін мысалға ала
отырып, әңгімелеп беремін. ҚР Жоғарғы Бас Қолбасшысы, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050»   даму   бағдарламасындағы   негізгі   жеті   даму   саласында   бірінші   болып   ұлттық
қауіпсіздік   тұрғаны   бәрімізге   мәлім.   Ал,   егеменді   ел   тірегі   Қарулы   Күштер   болса,   ол   Қарулы
Күштерге жастарды даярлайтын алғашқы әскери дайындық пәні. Алғашқы әскери дайындық пәнін
оқытуда   әрбір   жас   жігіт,   бойжеткен   қыз   еліміздің   келешегі   жолында   табанды   күрескер   болуы
қажеттілігін ұғындыра білу керек. Отанның лайықты қорғаушысы болу күрделі іс. Әрбір жасөспірім
өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны – Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы
азаматтық жауапкершілігін кемел ұғынуға тиіс. Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту жастарды
қазақстандық патриотизмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілуге үйрететін, Отанға Қарулы
Күштерге деген сүйіспеншілік әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелейтін
мемлекеттік пән.Қазіргі білім беру технологияларының интерактивті әдіс – тәсілдері, электрондық
оқулықтармен   жұмыс   түрлері   біздің   әскери   дайындығымызды   шыңдай   түсуде.   Алғашқы   әскери
дайындық  пәнінің мақсаты:   міндеттері   және   мазмұны  Қазақстан Республикасының «Білім   туралы
Заңында» білім беру жүйесінде:
19

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
-ұлттық және  жалпы азаматтық құндылықтыр, ғылым мен практика  жетістіктері негізінде  жеке
адамды   қалыптастыруды   дамытуға   және   кәсіптік   шыңдауға   бағытталған   сапалы   білім   алу   үшін
жағдайлар жасау.
-жеке адамның шығармашылық рухани және  күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен
салаутты   өмір   салтының   берік   негіздерін   қалыптастыру,   даралықты   дамыту   үшін   жағдай   жасау
арқылы ой-өрісін дамыту сияқты міндеттерді жүктейді:
       Сабақ барысындағы ұстанатын бағытым:
ҚР   Конституциясы  мен
Заңдары   Отан   қорғау
туралы
Аға   ұрпақтың   ерлік
дәстүрлері   мен   Отан
тарихының   ерлік   беттерін
насихаттау
Сабақ барысындағы әскери 
рухтық, патриоттық тәрбие
Практикалық
жаттығуларда   нормативтік
көрсеткіштерді орындау 
АӘД   пәнінің   негізіг
бөлімдері бойынша теориялық
білімді меңгеру
Деңгейлік   тапсырмалар   арқылы
оқушы біліміне есеп жүргізу
Отансүйгіштік,   әскери   мамандыққа
қызығушылық   жинақтылық,   тәртіптілікке
үйрету 
Қай заманда да солдат халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық қалаулысы болған. Аталарымыз
ақ тілек тілеп, батасын беріп шығарып салса, әжелеріміз нан, тұзын ұсынып қарсы алған. Өйткені
олар өз ұлдары, Отан-Ана деуіміз де осыдан. Анасыз адам болмайтыны сияқты, отансыз адам да
болмайды. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде олардың өмірімен ерлік істері әрқашанда өнеге.
Өз ұрпағы, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты әділ ержүрек намысшыл ізгі ниетті болып өсуін
қадағалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады. Осы жерде білім беру саласындағы
түйінді   меселерді   жиі   бақылап,   оның   нақты   шешілу   жолдарын   тауып,   оқу   тәрбие   процесінің
жандануына өзіндік үлесімді қосып келе жатырмын. Атап айтқанда, жоспар бойынша өткізілген іс-
шараларға тоқталайын. 
1 желтоқсан Президент күніне «Қазақ деген атты әлемге танытқан , Елбасына басын бүгін иеді ел»
атты тәрбиелік шара, онда Елбасына деген құрмет, оның өмір жолдарына шолу жасалып, оқушылар
адамгершілік ізгілік қасиеттеріне баулу көзделді, Ауған соғысы ардагері Ерімбетов Амангелді мен
«Өмірде барлық уақытта, ерлікке орын бар» деген атпен кездесу кеші өтті. Онда Амангелді өзінің
Ауған жері Құндыз провинциясында әскери борышын өтегендігін, жауынгер жолдастарының ерлік
істерін көрген қиыншылықтары жөнінде  айтып, қазіргі  дастардың білімді,  қайратты,  патриоттары
болып өсуіне керек кезінде туған жерін, өз Отанын қорғай білулері керектігін айтты. «Сапта жүру мен
патриоттық әндер орындау» сайысы «Калашников автоматы мен пулеметі», «Бір қатарлы саптан, екі
қатарлы   сапқа   қайта   сап   құру   және   керісінше»   атты   ашық   сабақтар   арқылы   Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында азаматтық парызын өтеуге дайын болуға қажеттігін
жастар   сезінді.   Жеңістің   68   жылдығына     «Ерліктің   даңқы   мәңгілік»   атты   ерлік   сабағы   Даңқты
партизан   атамыз   Қ.   Қайсеновтың   өмірі   мен   ерлік   істері   туралы   мәліметтермен   таныс   болды.   Біз
ерлердің   ерен   ерліктері   ұрпақ   жалғастығын   табатынын   ұғынамыз.   Қазіргі   кезде   әскери   рухтық
тәрбиені   жетілдіруде   өткенді   зерттей   отырып,   бүгінгі   заман   талабына   сай   оның   мазмұнын,
міндеттерін ұғыну арқылы,  отансүйгіштік  қасиетті   қалыптастыруға   әсер  ететін  факторлар:   парыз,
адамгершілік,   жүректілік,   ерлік,   батырлық,   қаhармандық   деп   білемін.   Осы   ізгі   қасиеттер   арқылы
сабақ процесінде, тәрбие үрдісінде жауапкершілігі артады, қызығушылығы қалыптасады, Отанына
деген   сүйіспеншілігі   мол   патриот   жастарды   тәрбиелеуге   өз   үлесімді   қоса   бермекпін.   Қорыта
айтқанда, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек үлгі көрсетсек, онда заманға сай
азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.
20

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Пәнге деген қызығушылығы
артты 
Танымдық ізденіс,белсенділігі 
артты 
         Ізденіс жемісі
Адамгершілік пен салаутты 
өмір салтының берік 
негіздеріне тәрбиеленді
Өзін-өзі басқаруын жүзеге 
асырды
Елжанды патриот,жеке тұлға 
қалыптасты
Қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға 
бейімделді  
Пайдаланылған әдебиеттер:
    1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» бағдарламасы.
2.  «Патриоттық тәрбие және Б. Момышұлы» Қазақстан мектебі -2005.
3. «Жастарды патриотизмге тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті» Қазақстан орта мектебі.
 4. «Алғашқы әскери дайындық өмір қауіпсіздігі негіздері» журналы 2012 ж.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қыдырова Гүлайнұр, БҚО, Казталов ауданы,
Әбіш ауылы, Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: қазақ тілі 
Тақырыбы:   Сөйлемді өткенді пысықтау  
Мақсаты: а) Сөйлем және оның түрлері туралы алған білімдерін қайталау,   жаттығулар орындау;
сөйлемдердің   тыныс   белгілерін   орныны   қоя   білуге,   сұраулы   сөйлемдерді   ажыратуға   үйрету,
жануарлар туралы қысқаша мәлімет беру,  
ә)сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру ; 
б) дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, жануарларды қорғау
Сабақтың түрі:  дәстүрлі   Сабақтың типі:  саяхат
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары, сыни тұрғыда ойлау
Сабақтың көрнекіліктері:  сызбалар, мазмұнды суреттер, топшамалар
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану 
Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. 
                         Эмоционалдық бағыт: 
М: Көңіл күйің қалай ? 
О: Былай  ( бас бармағын көрсетеді ) 
М: Қалай жүреміз ? 
О: Былай ( алақанына саусақпен жүру ) 
М: Қалай жүгіреміз ? 
О: ( қолдарын бүгіп жүгіреміз ) 
М: Қалай ұйықтайсың ? 
О: Былай ( қолын басына салып ) 
М: Қалай береміз 
О: былай ( қимылын көрсетеді ) 
М: Қалай аламыз ? 
О: Былай ( қимылын көрсетеді ) 
М:  Есеп шығаруға қалаймыз ? 
О: Былай ( бас бармағын көрсетеді )
Психалогиялық дайындық   - Біз қандай мултьфилмдер білеміз ?
11.
Қандай мултьфилмдер ұнайды ?
12.
Бүгінгі сабақта кім болады деп  ойлайсыңдар?
ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру        Диегоның үйі:  
  4-жаттығу  ( көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіріп жаз )
Сәйкестендіру тест бойынша тексеру ( дәптер алмастыру )
21

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
    Терек                                                                         бүрін қорғайды 
    Ара                                                                            гүлін қорғайды
    Тікен                                                                         балын қорғайды
    Шопан                                                                       көлін қорғайды
    Шағала                                                                      төлін қорғайды
    Ержігіт                                                                       жерін қорғайды
    Егінші                                                                        елін қорғайды
ІІІ.  Жаңа материалмен жұмыс: 1. Қызығушылықты ояту    Саяхатқа аттанамыз 
Категориялық топтастыру 
 2. Мағынаны тану.  « Өзен жағалауы »  Керікпен кездесу   Ертегіні рөлге бөліп оқу 
                         а) оқулықпен жұмыс  1 – жаттығу   Рөлдерде: кірпі, қоян, автор     
Мәтіннен сұраулы  және лепті сөйлемдерді  айтып бер 
 Керік – бойы ұзын, казір жойылып бара жатқан жануарлардың бірі. Шөпқоректі жануар. 
                         ә) дәптермен жұмыс       « Өзеннің арғы беті »    Ақбөкенмен кездесу
2-жаттығу   Адасқан тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз
 - Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады ? 
             Ақбөкен – ерекше жануар. Оның тұмсығы етті, кеңсірігі дөңес, танауы салбыраған
жұмсақ   болып   келеді.   Денесі   сымбатты,   аяғы   жіңішке   және   мықты.   Ақбөкендер   далада
тобымен жайылады. Олар шөп жейді және ұдайы көшіп жүреді.
                             3 – жаттығу  « Орман ағаштарына өту »   Қабандармен кездесу 
Сөйлемдерді оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз 
       Қабандар – жаңғақ, еменжаңғақ, алма, көк шөп жейді. Өсімдік тамырын қазып жегенді
жақсы   көреді.   Егер   тышқан,   қандайда   бір   жәндіктер   кездессе   оларды   да   жеп   қояды.
Сондықтанда қабандар талғаусыз қоректілер деп атайды.
ІҮ.  Сергіту жаттығуы.   Шығу үшін шымыр боп,  Шыныңамыз шаршамай.
                                             Бұлшық еттер шымыр боп, Аламыз сосын тыныс жай 
в) Шығармашылық тапсырма      « Тауға шығу »  Жануарлар туралы бейнефильм
 өлеңді жатқа жаз                Қошақан 
Қарның ашып қалды ма ?
 Кел,  көрейін қошақан .
Жата қойшы алдыма, 
Жем берейін, қошақан 
                                    Піл, маймыл туралы бейнефильм көрсету
Ү. Қорытындылау   « Жануарлар ортасында »   Сұрақ жауап
а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? 
ә) Сөйлем туралы не білеміз? Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілер қойылады  ? 
б) Сөйлемнің қандай түрлері бар ?
осы   сұрақтарымызды   бүгінгі   сабақтан   алған   әсерімізді   семантикалық   картаға   түсіріп,   тыныс
белгілерін ажыратамыз
Сәйкестендіру тест                
Сөйлемдер 
Хабарлы
сөйлем 
Сұраулы
сөйлем 
Лепті сөйлем 
Қазақ тілі сабағы болды
Сабақта қонақтар болдыма
Жануарлар туралы мәлімет алдың ба
Мултьфилмдерді жақсы көремін
Тапсырмалар қиын болды ма
Алақай, мен жақсы баға алдым
Сабақ ұнады ма
Сәттілік тілеймін
ҮІ. Үйге тапсырма:   Сурет бойынша әңгіме құрастыр  « Әрқашан күн сөнбесін ! »
22

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ҮІІ. Оқушыларды бағалау парақтарымен баға қою 
Оқушы
ның 
аты-
жөні
          Үй
тапсыр-
масы
Қызығуш
ы-лықты
ояту 
Оқулық
пен
жұмыс
Дәптер
мен
жұмыс
Шығар
ма-
шылық
жұмыс
Қорытын
ды 
б
аға
                          С а б а қ  а я қ т а л д ы.  
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Утебалиева Гүлжанат, БҚО, Казталов ауданы, 
                                                                    Жас ауылы, Жас негізгі жалпы білім беретін мектебінің 
                                                                                                                бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Киіз үй
Мақсаты:    А)   Қазақтың   киелі   баспанасы   киіз   үйдің   маңызы   мен   құрылысы   мен   танысу.
Өздіктерінен ізденіс жұмыстарын жүргізу, ынта ықыласын нығайту.
Ә)   Оқушының   ойлау   қабілетін   икемділік   дағдыларын   арттырып   дәптер   бетіне   үйлесімділікпен
орындауға баулу.
Б)   Шығармашылық   ой   қиялдарын,   эстетикалық   талғамын   ұлттық   құндылықты   бала   бойына
сіңдірту. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: жаттықтыру
Әдісі: топтық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Түстер   арқылы   сурет   салуын   бағалау.   Жасыл   төмен   салынған   бояу   анық   емес.   Сары   орташа
салынған. Қызыл жақсы үйлесімді. Бағандар бойынша үй тапсырмасын бағалау. Оқушымен бірлесіп
бағаланады. 
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой шақыру. Жұмбақ шешу.
Үстінде сүйектері бақша бақша
Жарқыраған жалғыз көзі төбесінде.
(Киіз үй)
Өзара оқыту (14-15 беттер)
1-топ. Киіз үйдің құрылысы.
2-топ. Киіз үйдің әдеміленуі.
Оқушылар бір біріне тақырыпты түсіндіреді. 
Негізгі  мәліметтерді дәптерге түсіріп жаздыртып отыру.
Венн диаграммасын құру.
Шығармашылық   жұмыс.   15-бет   тапсырма.     Киіз   үйдің   сәндік   бедерлеу   бойынша   өз   бетінше
шығармашылық жұмыс орында. 
Әр оқушының  сурет салу бағыты бойынша топтастырылып отырғызу. 1- топ төмен, 2-топ орташа,
3- топ жақсы.
1-кезең. Дәптер бетіне киіз үйдің пішінін орналастыру.
2-кезең. Киіз үй бауларын салу.
3-кезең. Киіз үйді сәндеп оюлау.
Сабақты бекіту.
Киіз үй, шаңырақ сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.
Сабақты қорыту. 
Аквариум дөңгелене отырып салған суреттеріне пікір айту. Салынған суретке баға беріп, бағалану.
Үйге тапсырма.
«Қазақтың киелі киіз үйі» өз жандарынан эссе жазу.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
23

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
                                                                                                     Имангалиева Гулшат Нұрболатқызы,
                                                        БҚО, Казталов ауданы , әбіш ауылы, Әбіш негізгі жалпы білім
                                                                                  беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі
       Геометрия        9 сынып
      Сабақтың тақырыбы:  «Дұрыс , дөңес  көпбұрыштар»
      ( Есептер шығару)
      Сабақ мақсаты: Білімділік: Дұрыс, дөңес көпбұрыштарға  түрлі геометриялық есептер 
шығара отырып, формулаларды тиімді пайдалана білуге үйрету,
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыстану арқылы шығармашылық қабілетін  дамыту, 
қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, достастыққа тәрбиелеу,
Күтілетін нәтиже:  Оқушылар дұрыс көпбұрыштар мен дөңес көпбұрыштар  туралы толық 
меңгереді, есеп шығару кезінде қолдана біледі 
Сабақ  түрі:  Дәстүрлі, қайталау сабағы
Сабақ әдісі:  деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап т.б.
Сабақ барысы:  І  Ұйымдастыру   бөлімі
ІІ Қызығушылықты ояту
ІІІ. Қайталау сұрақтары
ІV. “Қателесіп кетпе” ойыны 
V. Мағынаны тану
VІ. Кестені толтырыңдар
VIІ.Үйге тапсырма 
VIIІ.Оқушыларды бағалау 
Қызығушылықты ояту
Дұрыс                                                            Дөңес
Дұрысүшбұрыш 
Дұрыстөртбұрыш 
Дұрысалтыбұрыш
Бесбұрыш
Алтыбұрыш 
Қайталау сұрақтары
1.Көпбұрыш дегеніміз не?
2.Көпбұрыштар туралы қандай 
теорема білесіңдер?
Жауаптары
1.Көпбұрыш дегеніміз- үш немесе одан да көп бұрыштары мен қабырғалары бар геометриялық 
фигура   Мысалы: Үшбұрыш, Төртбұрыш, Бесбұрыш т.б.
2.Көпбұрыштар туралы- Көпбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы 
(п-2)•180˚ -қа тең.
Мағынаны тану
Шағын мағлұматтар
Көпбұрыштар құрылысы:
Төбелері
Қабырғалары
Диагоналдары
Ішкі бұрыштары
“Қателесіп кетпе” ойыны 
Әрбір көпбұрышта қанша диагональ бар?
5, 9,  14,  20,  34,  52
Елестетіп көріңіз
Сіздің алдыңызда үстелдің үстінде жұмыртқа жатыр. Оның пішіні, түсі, мөлшері түрі 
әртүрлі болуы мүмкін. 
Сіз ол жұмыртқаны жарып қалдыңыз...
Ішінде қандай тапсырма  болуы мүмкін? біреуін таңдаңыз
24

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Деңгейлік тапсырмалар
№1  Дұрыс он бесбұрыштың бұрышын есептеп табу керек. 
Шешуі. n = 15 деп алып, α = формуласын пайдаланамыз.  
Сонда α = (п-2)•180˚/ п = 156˚ 
 Жауабы: 156˚
Есептер шығару
  №2   Бұрышы 144˚ болатын дұрыс n бұрыштың  қабырғалар санын анықтау керек         
Шешуі: α = формуласының көмегімен α = 144˚ деп алып, дұрыс көпбұрыштың n бұрыштар санын 
табамыз:  144˚ = (п-2)•180˚/ п , n = 10 
 Жауабы: n = 10(он бұрыш) 
№3 тапсырма
Дөңес көпбұрыштың әрбір төбесінен 5 диагональ өтеді.Көпбұрыштың қабырғалар санын 
анықтаңдар
Шешуі. n = ? деп алып, ( п – 2 )•180˚ формуласын пайдаланамыз. 
 Сонда ( п – 2 )•180˚= 180˚п- 360˚
 Жауабы: п = 8Сегізбұрышта ғана тек 5-5 тен диагональ болады. 
Математикалық диктанттар
1) Көпбұрыш сыз, белгіле.  
2. Көпбұрыштың қабырғаларын жаз. 
3. Көпбұрыштың төбелерін жаз. 
4. Көпбұрыштың диагональдарын жүргіз. 
5. Көпбұрыштың қабырғалар санын анықта. 
6. Көпбұрыштың бұрыштарының санын анықта. 
7.Көпбұрыштың төбелерінің санын анықта. 
Мына кестені  толтырыңдар
Мына    формуланы    пайдалан
Ой толғау
1 топқа 
Синустар теоремасы туралы
2 топқа 
Косинустар теоремасы  туралы
Үйге тапсырма: №310       №311   Бағалау     
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
25

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
 К.Мендалиев атындағы ОЖББ мектебінің
І  санатты бастауыш сынып мұғалімі
Гүлмира Жәлелқызы Арыстанғалиева
“Технология” грек сөзі “techne”-өнер, шеберлік деген мағына береді
Педагогикалық   технология   басқарылатын,   қайта   жаңғыртылатын   оқу-тәрбие   үрдісін   жобалауды
көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми
тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жүйесін құрайды.
 
Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген: 
  Технологиялар атауы 
Авторлары 

Саралап деңгейлеп оқыту 
Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У. 

Модульдік оқыту технологиясы 
Жампеисова М.М. 

Дамыта оқыту технологиясы 
Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б. 
Давыдов В.В.,Зайцев В. 

Проблемалық оқыту технологисы 
Монахов М. 

Ірі блокпен оқыту технологиясы 
Шаталов, Эрдниев П.М. 

Жобалау әдістемесі 
Дж. Дьюи 

Сын тұрғысынан ойлау 
Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл 

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту) 
Жүнісбеков Ә. 

Алдын-ала оқыту технологиясы 
Лысенкова А. 
10  Тұлғалық гумандық технологиясы 
Амонашвили Ш. 
11  Шоғырландырып- қарқындап оқыту 
(Концентрированно- интенсивное обучение) 
Нұрахметов Н.Н. 
Абдығалиев К.А. 
12  Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы 
Ғалиев Т.Т. 
13  Интерактивті оқыту технологиясы 
Я.А. Каменский 
Адамға балық берсең бір күн, ал балық аулауды үйретсең өмір бойы тоқ болады
                                                                                                             Шығыс даналығы 
Оқыту-бұл   ғылым   ба,   әлде   өнер   ме?   Педагогикалық   техника   өзіне   медалдың   екі   жағында
біріктіреді.   Педагогикалық   техника   анық   және   нақты   әрекет   етеді,   ол   мұғалімге   оқытудың   басты
мәселесі балаларды қалай оқыту керектігіне жақындастырады.
Идеалды дидактика – ол оның жоқ болуы. Оқушының білімге талпынуына ешкім, ештеңе кедергі
келтіре   алмайды.   Тіпті   жарық   өшіп   қалса   да   ол   майшам   арқылы   оқитын   болады.
                                                                                                                                Анатолий Гин
-Міне жіп. Шатаспаған ғой, рас па? –деп сұрайды оқушысынан мұғалім. -Иә, рас-дейді оқушы.Ал
мынау қарапайым байланған жіп. Мұндайды көрдің бе? –Иә. – Қазір екеуміз жіпті торлап, тоқимыз.
Міне, тор пайда болды. Онымен біз балық аулай аламыз, не бөгет жасай аламыз, не басқа бір нәрсеге
жаратуымызға болады.  Көрдің бе, бұл өнімнен қанша пайда табуға болады? – Иә.
Тор   -   педагогикалық   техниканың   тәсілдері.   Олар   бір-бірімен   байланыса   отырып,   тұтастықты
құрайды, жүйеге айналады.
Оқу материалына қызығушылықты арттыру жолдары:   1.Қызықты мақсат қою. 
10.
Алгоритмі: оқушының алдына оған түсінікті, қарапайым және қызықты мақсат қойылуының
арқасында оқушы педагогтың жоспарлаған оқу әрекетін орындағанын өзі де байқамай қалады. 
11.
Мысалы, кішкентай бала ваннаға суға түскісі келмейді. Анасы оны күшпен суға түсірмей, жүр
балам балықты суға түсірейік деп ұсыныс жасайды. Мұндай мақсат балаға қызықты, әрі түсінікті
және бала балықпен бірге рахаттана суға түседі. Ал анасы болса баласын суға түсіру мақсатына жетті.
Ақылды ана мектепте оқыту пәні мен жасына тәуелсіз қарапайым педагогикалық тәсілді қолданды. 
Қатені тап!
25.
Алгоритмі:   1.материалды   түсіндіру   барысында   мұғалім   әдейі   қате   жібереді.   (Алдын-ала
26

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
оқушыларға ескертіледі, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына қолданғанда қате тұстары интонация
және ым-ишара арқылы әрлендіріледі).
26.
2. оқушы қате жіберілген тақырыпқа сай мәтін алады, яғни оқушы «мұғалім» болып жұмыс
істесін. 
Пресс-конференция
11.
Алгоритмі: мұғалім әдейі тақырыпты толықтай ашпайды, оқушыларға тақырыпты ашатындай
сұрақтар   қою   ұсынылады.   Мысалы:   термореттеуші   жануарлар   туралы   мұғалімнің   әңгімесі:
«Африкалық піл құлақтарының алып болу себебі ол тоңазтқыш қызметін атқарады. Оның құлағында
қалың торланған қан тамырлары бар. Ыстық қан ауаға  жылылықты шығарып, піл ағзасына бірнеше
градусқа   салқындап   оралады.   Сондықтан   осы   процесс   тез   жүру   үшін   піл   құлағын   жиі   қағып
тұрады...» Репродуктивті сұрақтар: Неге пілге алып құлақтар қажет? Неге піл жиі құлағын қағады?
12.
Кеңейтуші сұрақтар:  Пілдің құлағының көлемі қанша? Неше градуста қан пілдің құлағында
суиды?
13.
Дамытушы сұрақтар: Тағы қандай жануарлар құлақтарының көмегімен температураны реттеп
отырады? Қандай суынудың басқа амалдары бар? 
Мәтінге сұрақ
8.
Алгоритмі: Мәтінді оқу алдында оқушыларға сұрақтар тізімін жасақтау тапсырмасы беріледі.
Кейде   оның   минималды   санын   айтқан   дұрыс.   Мысалы,   3   репродуктивті,   5   кеңейтуші   және   5
дамытушы сұрақтар әзірлеу. 
Сабақта өткен материалды қайталау жолдары
І. Өз тірегің
11.
Алгоритмі: оқушы жаңа материал бойынша өзінің тірек  конспектісін жасайды. 
2.Бақылаумен қайталаймыз
            Алгоритмі: Оқушылар сабақта оқылған материалға бірнеше бақылау сұрақтарын                       
құрастырады.
           3. Кеңейтіп қайталаймыз
            Алгоритмі: Оқушылар жаңа материал бойынша білімді толықтыратын бірнеше                    
сұрақтар құрастырады (мұғалімнің бұл сұрақтарға жауап беруі міндетті емес).
6.Үй тапсырмасын талқылаймыз
           Алгоритмі: жаңа материал сапалы беку үшін үй тапсырмасы қандай болу керек  
деген сұрақты мұғалім оқушылармен бірге талқылайды.
          (сонымен бірге оқылған материал тағы да бір қайталанады. Тәжірибелі мұғалім    
оқушылардың торына түспейді, бірақ оқушының пікірін үнемі ескереді). 
Үй тапсырмасының түрлері мен деңгейі
13.
1.Үш деңгейлі үй тапсырмасы
Алгоритмі: Мұғалім бір мезгілде 2, не 3 деңгейлі тапсырма береді. 
10.
Бірінші деңгейі-қарапайым, жеңіл тапсырма
11.
Екіншісі- жаттықтырушы тапсырма
12.
Үшіншісі-шығармашылық тапсырма
Топ (көп) тапсырма беру
Алгоритмі: 1.әртүрлі деңгейлі тапсырмалар тобын беруге болады

Мысалы, мұғалім 10 тапсырма береді (не 10 өлең), ал оқушы ішінен өзі таңдап алып 
орындайды (3-тен кем емес деп ескертіледі).
2. Тақырып бойынша көп тапсырма бірден беріледі.
 Мысалы, 60 тапсырма берілсе, оқушы соның ішінен кем дегенде 15-ін орындауы міндетті. 
Ерекше тапсырма
Алгоритмі: ерекше қабілетті оқушылар күрделі тапсырмаларды алып, орындауға құқылы. 
(Мұғалім оқушыны осылайша дамытып отырады).
Бұл тапсырмалар арнайы дәптерге орындалады. Оған жаттықтырушы және дамытушы тапсырмалар
енеді. 
Шығармашылық болашаққа жұмыстанады
15.
Алгоритмі: Оқушылар шығармашылық үй тапсырмасын дидактикалық материалдар бойынша 
орындайды 
Үй тапсырмасын беру тәсілдері
27

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
1.Идеалды тапсырма
Мұғалім үйге нақты тапсырма бермейді, бірақ үй тапсырмасы қызметі жүзеге асады. Ешқандай 
сиқырлық жоқ...

Алгоритмі: мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын өз қалаулары және түсініктері бойынша 
орындап келу тапсырылады. 
Таным пирамидасы.  (А. Маслоу бойынша)
Оқу-тәрбие үрдісіндегі  интерактивті әдістер

Егерде сабақ үстінде оқушылар мен 
мұғалімдердің арасында тығыз қарым-қатынас 
байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп 
атаймыз. 

Бұл жерде  оқушылардың жауаптарынан 
гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны 
маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың 
басты мақсатының өзі сол-оқушыларды өз 
бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. 
Әдетте оқушылардан неге біз оларға нақты 
дұрыс жауабы жоқ даулы сұрақтарды 
талқылауға ұсынамыз?

Бұл өз-өзіне деген сенімділікті тәрбиелейді;

Шешендік өнер солайша жетілдіріледі;

Сол арқылы тыңдай білу қабілеті жетілдіріледі;

Бұл танымның мәнін ұғуға көмектеседі(көбіне нағыз шындық жоқ болып шығады);

Бұл сыни ойлау қабілетін дамытады

Бұл арқылы өзінің жеке ойлау құқын түсіну қабілеті артады;

Пікірлердің көп екендігін осылайша жақсы түсінеді; 
Осы айтылғандардың бәрі бір ғана «оқи білу» деген тұжырымға тоғысады. Оқи білу дегеніміз 
қажетті тәжірибе екендігі анық. Өйткені ол интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады 
және барлық прогрессивті дамыған елдердің азаматтары үшін қажетті. 
Интерактивті әдістемені белсенді түрде пайдалану барысында оқушылар сабақты жақсы 
қабылдап, пікірталас кезінде айтылған жайттарды жылдам ұғады. Оның себептері 
төмендегідей:

Оқушылар мағлұмат алып қана қоймайды,  өздері айтқан пікірдің дұрыстығына логикалық 
түсініктеме береді;

Оқушылар пікірлерін алдымен терең ойланып барып айтады;

Мәселені талқылаған кезде оқушылар өздерінің және өзгелердің тәжірибелерін пайдаланады. 
Мұндай жалпы білім қоры кез келген білімінен артық болатыны белгілі;
Оқушылардың жаңа мағлұматтар алу арқылы мұғалім де білімін толықтырады
”Иә-жоқ” жаттығуы
Мұғалім бір нәрсені жасырады, ал оқушылар оны иә немесе жоқ жауаптары арқылы табады

Бұл затты адамдар ертеден қолдана ма?

Ол ауыл тұрмысының заты ма?

Оны тамақ дайындауға қолданыла ма?

Бұл құрал бір нәрсені өңдеуге арналған ба?

Бұл заттың тікелей қызметі демалу ма?

Онсыз адам өмір сүре ме?

Оны ересекте, балада қолданады?

Жиһазға жата ма?

Ыдысқа жата ма?

Ол электрлік құрал ма?

Ол магнитофон ба?

Ол жарық бере ме?
Брейнрайтинг
28

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы

Бұл терминді Баттеля во Франкфурте институтының ғалымдары енгізген. Бұл әдіс миға 
шабуыл техникасы бойынша жасақталған, бірақ топ өз ойларын жазбаша білдіреді. Қатысушылар өз 
идеяларын қағазға түсіреді және көршісімен алмастырады, ол көршісінің ойынан жаңа ой өрбітеді. 
Қорытынды. Жаңа технологияларды еңгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға  оқыту 
мазмұны жайында білгені жөн: 
Мұғалім нені білу керек? 
Мұғалім не істей алуы керек? 
Мұғалім қандай
 іс-әрекеттерді дұрыс
ұйымдастыру керек? 
1. Жаңа технология 
көмегімен шешілетін 
мәселелерді; 
2. Жаңа технологияны 
қолдану арқылы алынатын 
нәтижелерді; 
3. Жаңа технология мәнін, 
алынатын нәтижелердің 
теориялық негізін; 
4. Жаңа технологияда 
мұғалім қолданылатын әдіс-
тәсілдерді; 
5. Оқушыларды жаңа 
технологияда жұмыс істеуге 
үйрету әдәсән; 
1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген 
нұсқаларын құрастыру: 

Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы
2014 -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
2014 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2014 -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
2014 -> Ғылыми-танымдық конференция Қалмақтөбе көрінісі
2014 -> Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І
2014 -> Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі
2014 -> «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет