«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Сабақтың мақсаты:
Білімдік:  Оқушыларға   жемістердің   түзілуі,   түрлері,   олардың   бір-бірінен   ерекшеліктері
өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы туралы білім беру.
Дамытушылық:  Жемістердің көптүрлілігі, кездесетін жерлері және бұрыннан білетін жемістер
туралы білімдерін кеңейту, таным қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге, жеміс түрлерін ажырата
білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі       Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: СТО әдістері: топтастыру, семантикалық карта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен амандасу           ә) сабаққа дайындау     б) Оқушыларды 2 топқа бөлу, топ аттарын
белгілеу.
ІІ. Қызығушылықты ояту
D)
Топтастыру
 1-топқа:
2.Біліміңді тексер.
Төменде   аталған   өсімдіктердің   гүлшоғырларын   ажыратып,   тұсындағы   санын   әр   гүлшоғырдың
торкөздеріне жазыңдар.
Шашақ
Жай
масақ
Собық
Күрделі
шатыр
Жай
шатыр
Күрделі
шашақ
Себет
Күрделі
масақ
6, 11
2,
1, 13
7, 16
3, 10
4, 9
8,   12,
15
5, 14
119
Гүл 
бөлікте
рі
Гүл 
бөлікте
рі

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
1.Жүгері             2.Жолжелкен         3.Наурызшешек         4.Тары                5.Бидай                      6.Мия
7.Балдырған             8.Өгейшөп                         9.Гүлшетен                             10.Пияз                             11.Қараған
12.Күнбағыс                                            
13.Калла            14.Қарабидай         15.Гүлкекіре             16.Сәбіз
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі
1.Топтастыру                           1, 2-топқа қатар беріледі
  Өсімдік   гүлдеп   болғаннан   кейін   ұрықтанған   аналықтың   жатыны   жеміске   айналады.   Жеміс
құрылысы жеміс қабынан және тұқымнан тұрады. Жеміс қабының қызметі тұқымды қорғау және
тұқымның таралуына әсер ету.
Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, 
жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Жидек тәрізді жемістер-көп ұялы, көп тұқымды. 
Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт-сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді 
борпылдақ, кебу, ақ түсті.Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы.
Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың  етті-шырынды, ішкі 
қабаты-қатты сүйектенген.
 Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген, құрғақ болады.
3. Жемістерді жарнамалау. 1,2 топ оқушылары  жемістің суретін немесе жемістің өзін көрсете 
отырып  сол жеміс туралы тақпақтар айтады.
        Құлпынай                                        Итмұрын.
Уақытылы жинап алмаса,                   Жабайы раушан дейді екен,
Көп шыдамас ол аса.                           Итмұрынды ел кейде.
Баданадай жемісі                                 Піседі екен жемісі
Ағып кетер болмаса.                            Қараша айы келгенде.
Болар сусын десең де,                          Онда аскорбин қышқылы
Тоймайсың қанша жесең де.                Сенесің бе көп десе.
Жасайды одан әтір де,                          Елу есе лимоннан,
Жапырағы ем жөтелге.                          Қарақаттан он есе. 
          Алма                                                                 Шие
Тазартар ол қаныңды,                                   Зиянкестерден қорғауға
Жасартады тәніңді,                                       Әктеп, сырлап діңдерін.
Отаны деп алманың                                      Күн суытса от жағады,
Қазақ жері танылды.                                     Үсітпеу үшін гұлдерін.
Көрген кезде алманы,                                   Қып-қызыл болған жемісін,
Тіл үйірген бал дәмі.                                    «Шиедей» деп ел ішін,
Тұрады ғой жегің кеп,                                  Тараған сөз бар сол үшін.
Құрамында темір көп.                                            Лимон
       Апельсин                                                Иісі бар аңқыған,
«Қытай алмасы»,- дейді оны,                       Түрі сопақ демесең.
Ел құмартып жейді оны.                               Дәмі ащы-
Эфир майы-                                                    Лимонның
Бар онда,                                                         Қант қосып жемесең.
Сығындысы-                                                   Жақсаң оның шырынын
Дәрі ол да.                                                       Әппақ болар бет деген,
Қабығынан-                                                     Қоссаң асқа-
Тосапты,                                                          Дәмді етер,
Шырынынан сусын жасапты.                       Ауруға да ем көптеген.
                                                                         
Өседі жылы жер талғап,
Суық жерге өспес,
Ол-тоңғақ.
Бойында көп дәрумен,
Пайдалы ғой адамға.
Жемісі оның-
Дәрі, ем.
120

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ІV. Ой-толғаныс.
29.
Семантикалық карта
Өсімді
ктің
аты
Жемістер
Жеміс
түрлері
Тұқым саны
құрға
қ
шы
рынд
ы
б
іре
у
ек
еу
к
өп
Алма 
жидек
Қарбы
з
жидек
тәрізді
Манда
рин 
жидек
тәрізді
Өрік
сүйекті
Асбұр
шақ
бұршаққап
Күнба
ғыс
тұқымша
Емен
жаңғақ
Бидай
дәнек
2. Биологиялық жұмбақтар.
1.Жұп-жуан тұрқы,                    2.Бақшамызда өседі,
Қара-көк түсті сырты,                  Керек тағам деседі.
Қуырмасаң оны                           Бар қызыл, көк, сарысы
Жей алмайсың шикі   (баялды)  Ащы-тұщы бәрісі   (бұрыш).
3.Оранып көп жапыраққа,          5.Қайнатсаң-томатың, турасаң-салатың   (қызанақ).
Өсіп жатыр атырапта    (орамжапырақ)
4.Жасағанда борщты,                 6.Көкөніс бұл қалаулы, жасамас онсыз палауды.   (сәбіз)
Қосуға оны борышты.
Бұл көкөніс болмаса,
Қызармайды ол аса.    (қызылша)
7.Сілкідім де сабағын,
Жердің астын қарадым.
Он түйнегін алдым да, 
Дайын болды тамағым   (картоп). 
3.Қосымша мәліметтер:  Алып жемістер
Біз көбіне жерде өсетін көкөніс-жеміс біткеннің ең үлкені деп қауын-қарбызды ойлаймыз. Негізінде
салмағы мен көлемі жағынан үлкен жеміс Сейшель аралында өсетін пальманың жаңғағы екен. Оның 
диаметрі жарты метрге жетіп, 25 кг-ға дейін салмақ қосады. Бір пальма осындай отыз жемістен бере 
алады. Олардың қабығы өте қатты болады және баяу жетіледі. Гүлденгеннен кейін төртінші жылы 
ғана көлемі өсіп, пісуіне тағы екі жыл керек екен. Ұзындығы 90 см, ені 50 см-ге жуық. Бұл ағаш 
жемісінен жергілікті тұрғындар қамыр илеп, нан ісіреді. Дегенмен, ең ірі жемістер ағаш басында 
өспейді деген пікір дұрыс. Көкөністің ішіндегі ең ірісі–асқабақ. 
4.«Артығын тап» ойыны.
121

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
5.«Логикалық тапсырма»
6.Суретжұмбақты шешіп, жемісті тап
1-топ                                                    2-топ
           
7.Тренинг
5. Үй тапсырмасы. §26 оқу, біліміңді тексер, 88-бет.
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Дүйсенбаева Гүлзада Талапқызы
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ауылы, 
Бостандық орта жалпы білім беретін 
мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі
пәні
Дүниетан
у
2 «б» сыныбы 
20қараша
3-апта
Тақырыбы
Өсімдік-тірі организм
Мақсаты
 Өсімдіктің тірі табиғат екенін, оның тұқымынан өсетіні жер бетіне өсіп 
шығуы туралы мағұлмат беру. Ойлау, есте сақтау, байқау қабілетін дамыту, 
мазмұнын жүйелі баяндауға дағдыландыру. Танып білуге, туған елдің табиғатына
деген сүйіспеншілігін арттырып оны қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже
Өсімдік , ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің атауларын біледі және түрлерін 
ажырата алады.
Түйінді 
идеялар
Табиғатты қорғай білу. Өсімдіктердің  аттарын ажырату,оларға қамқор болу.
сабақтың 
формасы
топтық жұмыс, жұптық жұмыс,  жеке жұмыс
сабақтың 
әдісі
 миға шабуыл, салыстыру, сәйкестендіру, семантикалық карта, синквейн , 
инсерт,қазынаны табу,мозайкалық топ, ара әдісі
Ойлау 
деңгейі (Блум 
б-ша)
мақса
ты
Түрткі 
(тапсырма, 
сұрақ, ресурс)
нәтиже
бағалау
мұғалі
мнің іс-
әрекеті
оқушы
ның іс-
әрекеті
 (1-
тапсырма)
Сабақ
тың 
тақыры
бын 
анықтау
.
Жұмбақ 
жасыру (миға 
шабуыл)
- Балалар, 
мен сіздерге 
жұмбақтар 
жасырамын,дұр
ыс жауаптарын 
тапсаңдар 
алдарындағы 
суретерді 
көтересіздер. 
Жазда 
жатсаң, 
көлеңкесіне 
алады, 
Қыста 
Тақырыпт
ың  
«Өсімдік-
тірі 
организм»  
екендігін 
біледі, 
жұмбақтард
ың 
мазмұнын 
түсінеді
Формативті
к 
бағалау(жара
йсың, өте 
жақсы, 
бәрекелді т.б)
«жарайсың
»-бағытың 
дұрыс деген.
«бәрекелді»
-жауабың 
жақсы, әлі де 
болса дәл 
емес дегенді 
білдіреді
«өте 
жақсы»-
Оқуш
ылармен
өсімдікш
е 
тербеліп 
амандасу
.
Сабақ
қа 
қатысын 
тексеру.
Топқа 
бөлу.
Оқуш
ыларда 
мұғалімн
ің 
әрекетін
е қарай 
амандасу
түрін 
ұсынды.
Суретт
ер 
таңдау 
арқылы 
«ағаш», 
«бұта» , 
«шөптек
тес 
өсімдікт
122

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
 (2-
тапсырма)
Тақы
рыптың 
мазмұн
ын ашу, 
мәтінді 
түсіну.
жақсан, жаның 
рахат табады. 
 (Ағаш) 
 Жасыл ине 
киемін, 
 Жайлаймын 
тау биігін. 
 Жаңа жылды
тойласаң, 
 Төріндемін 
үйінің. 
 (Шырша) 
Ағайынды 
бәрі, шықса 
жасыл, түссе 
сары. 
 (Жапырақ)
Дауылға нық 
күшi,
Ағаштың 
мықтысы.  
(Емен)
Сергіту сәті
Мынау менің 
жүрегім
Бәрі осыдан 
басталған
Мынау менің 
басым
Барлық істі 
атқарған
Мынау менің 
қолым
Барлық істі 
атқарған
Интерактивті 
тақтадан 
бірнеше 
суреттер 
көрсету арқылы
өсімдіктер 
туралы 
мәлімет беру
 (сыни 
ойлану арқылы 
жауап беру)
Өсімдік 
түрлерін 
ажыратады
жауабың дәл, 
өз ойынды 
жеткізе алдың
дегенді 
білдіреді.
№1 
қосымша.
Оқушыларғ
а  өз 
топтарының 
аттарына 
сәйкес ағаш 
пен бұта, 
шөптектес 
суреттерін 
беріп 
отырамын.
Формативті
к бағалау.
Өз 
топтарының 
аттарына 
сәйкес ағаш, 
бұта, 
шөптектес 
өсімдік 
суреттерін 
тарату 
Тақтад
ағы 
суреттер
бойынш
а 
өсімдікт
ер 
туралы 
түсінік 
беру
ер» тобы
болып 
үш топқа
бөлінді. 
Өсімді
к 
аттарын 
айтады.
Тақыр
ып 
мазмұны
н ашады.
Өз 
білетін 
өсімдікт
ерін сай 
топта 
талқыла
п жауап 
беру.
(посте
р 
дайында
у, әр топ 
өз 
аттарына
сәйкес).
 (3-
тапсырма)
Жұппен 
«Мен 
білетін 
бір 
Алдарындағы
суреттер 
арқылы да 
Өсімдікті
ң өмірдегі 
атқаратын 
Формативті
к бағалау, 
Дайын
суреттер
Әр 
оқушыс
ы өз 
123

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
жұмыс
дерек»
(тақы
рыбы 
бойынш
а)
қосымша 
мәлімет беру
Сергіту сәті
 (өсімдікке 
қатысты)
Там, там, 
тамшылар
Там, там 
тамшылар
Тамшылар 
нөсерлет
Тамшыдан 
өсер көк
пайдасын 
біледі
қолдау сөздер
айту арқылы 
ынталандыра
мын.
«бағдарша
м» әдісі
ді 
үйлестір
емін.
парталас
көршісін
іе 
өсімдік 
туралы, 
қолдану 
аясына 
қарай 
ақпарат 
береді
(Өсімд
ік 
туралы 
не 
білседе).
(4-
тапсырма)
Өсімд
іктер 
әлем 
туралы  
бейнекө
рініс 
көрсетіл
еді
Бейнекөрініс
тен көргендерін
топта талқылау. 
Әр топ 
кезектесе жауап
беру. Бір-бірін 
қайталамауы 
керек.
«Жалғастыр»
ойыны
Бейнекөрі
ніс
тен 
көргендерін 
есте сақтау 
арқылы 
талдап, 
ойларын 
ортаға 
салады. 
(көшбасш
ылықты 
анықтау)
Формативті
к бағалау. 
Бейне
көрінісі 
қосу, 
оқушыла
рға 
ұсыну
Көрге
ндерін 
баяндайд
ы.
5-тапсырма
Деңгейлік 
тапсырмалар
*Өсім
діктер 
туралы 
мақал-
мәтел 
айту
*Өсім
діктер 
туралы 
ертегі, 
өлең, 
жұмбақ 
айту
*Өсім
дік 
туралы 
қанатты
сөздер 
Сергіту сәті
(қырағылық
қа
байланысты)
Орнымыздан 
тұрайық
Қолды алға 
созайық
Алға қарай 
бір адым
Артқа қарай 
бір адым
Жоғары-
төмен қарайық
Орнымызды 
табайық
Оқушы 
бойындағы 
білетін 
өлең, 
тақпақтар, 
жұмбақ. 
Мақалдар, 
нақыл 
сөздерді 
білу арқылы
шығарма
шылық 
қабілеттерін
байқау.
(дарынды 
оқушыны 
анықтау)
Формативті
бағалау.
Ағаш, бұта,
шөптектес 
өсімдік 
суреттерін 
беру
Оқулы
ққа 
назар 
аударту
Үйге  
тапсырм
а беру. 
(Отан 
туралы 
эссе 
жазу)
Мәуел
і ағаш-
майысқа
қ.
Адам 
көркі 
шүберек
Ағаш 
көркі 
жапырақ
Ағаш
ы аласа
Алмас
ы 
тамаша
Бір 
тал 
кессең, 
он тал ек
Қыз 
өссе 
124

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
елдің 
көркі, 
гүл өссе 
жердің 
көркі. 
Жел 
соқпай 
шөптің 
басы 
қозғалма
с
1.Дәрі 
шөптен 
шығады,
дана — 
көптен 
шығады
 
2.Қорада
малың 
болсын, 
көшеде 
талың 
болсын
(6-
тапсырма)

топқа 3 
әдіс 
бойынш
а 
тақыры
пты 
бекіту 
тапсыр
ылады.
сабақ
тың 
тақыры
бы, 
сабақ 
туралы 
сыни 
көзқара
сын 
білдіруі.
Кері 
байлан
ыс
«Басб
Сабақ ұнады, 
түсіндім деген 
оқушылар 
қолдарын 
жоғары көтеріп,
өсімдік 
бейнесінде 
қалықтайды.
Орташа 
түсіндім 
дегендер екі 
қолдарын жанға
жаю арқылы, 
мүлдем 
түсінбегендер 
қолдарын төмен
сермеу арқылы 
іс-әркетпен 
көрсетті.Әр 
оқушы 
Дарынды
лық 
қасиеттерін 
байқау.
Оқушыны
ң өз іс-
әрекетінің 
нәтижесін 
бағалай 
алуын 
байқау.
Формативті
бағалау.
Қолдау 
сөздерді айта 
отырып, 
топтарына 
сәйкес 
өсімдік 
суреттерін 
беремін.
Даналық 
Оқуш
ыларға 
бағыт 
беру.
Бүгінг
і 
сабақтан
не 
үйрендің
дер, неге
қызық 
болды, 
бүгінгі 
алған 
әсерлері 
жайында
сурақтар
қоямын.
(кері 
байланы
1-топ 
Синк
вейн
әдісі
Не?-
өсімдік
Қанда
й ?-
жасыл, 
алуан
Не 
істейді?-
өседі, 
қурайды,
өледі
Сөйле
м-
Өсімдік 
айналада
ғы ауаны
тазартад
ы
Мәнде
с сөз-көк
2-топ
Инсер
т әдісі
Білемі
н,Білмей
125

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
армақ 
әдісі»
рефлексия 
жасайды.
 
ағашы
(сабақ 
соңында 
оқушылар өз 
ойларын 
стикерге 
жазып іледі)
с)
(стике
рмен)
мін, 
үйрендім
3-топ
Семан
тикалық 
карта
Оқуша
р қимыл 
арқылы 
жасап 
көрсетед
і..
Рефлексия.
  Салихова Гүлзипаш Амірғалиқызы
Батыс  Қазақстан облысы. Казталов  ауданы, Қараөзен  ауылы, 
Қараөзен  мектеп –лицейінің 
география –биология пәнінің  мұғалімі:
  Тәрбие сағатының   тақырыбы: Ер есімі – ел есінде
Тәрбие сағатының  білімділік мақсаты: Елінің  келешегі үшін қалтықсыз еңбек еткен халық  
перзенті Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаевтың кісілік келбеті мен адами қасиеттері, биік тұлғасын, 
халқына сіңіргенеңбегін танып білуге, тағылым алуға  үйрету.
Тәрбие сағатының дамытушылық  мақсаты:Оқушының  ой -өрісін,ойлау қабілетін, ауызекі  
сөйлеу тілін дамыту, ізденіске жетелеу.
Тәрбие  сағатының тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қоғам қайреткерінің өмірін үлгі ете  
отырып елін, жерін, сүйе білуге баулу,  адамгершілікке, қайырымдылыққа  тәрбиелеу. 
Тәрбие сағатының  көрнекілігі:   Слайдтар, Д.А.Қонаевтың  суреті, Д.А.Қонаев туралы айтылған 
сөздер.
«Мейірім –шуағы мол, пейілі кең халықтың  перзенті  болудан асқан бақыт  жоқ. Сол халық – қазақ 
халқы. Елінің  өткенңн ұмытпай, келешегі үшін  қалтықсыз   еңбек  еткен  перзенті бар халық та 
бақытты. Сол перзент  – Дінмұхамед Қонаев.»  Джавахарлал Неру (Үнді мемлекетінің негізін 
қалаушы)
«Мен бүгін зор тұлғамен  қауыштым. Ол –терең саясаткер, халықтар даналығын толық  меңгерген 
адам. Ол – КСРО- ның сирек кездесетін тұлғасы.»   Дуайт Эйзенхауэр
«Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім».   Геннадий Толмачев (жазушы)
Тәрбие сағатының  түрі:  Аралас 
Тәрбие сағатының  әдісі: интерактивті тақта , суреттер, 
Тәрбие сағатының  барысы: І. Ұйымдастыру  бөлімі. 
Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Жаңа  сабақ  бөлімі.
Мұғалімнің сөзі: 
 «Қайтадан  қайырылып қауымға келмейсің,  
Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің. 
Ғибрат  алар артыңда із қалдырсаң,        
 Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік  өлмейсің»   ғұлама  ойшыл Шәкәрім атамыз айтқандай елу жыл ел
ағасы болған Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев  тәрізді ірі тұлғаға  арналған тәрбие сағатын бастаймыз.
126

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
  1.«Сен де бір  кірпіш дүниеге ...»   
2.Еңбегі мен қайраты екі жақтап.
3.Димаш ағаның шыққан тегі, отбасы.
4.«Мәнді накқыл, әрі нақыл»
5.Димаш- дана, ғасырда бір туатын дара тұлға.
6.Ұрпақ үні.
 7.Ауылдан шыққан ағалар.
8.Психологиялық сергіту сәті.
9.Қорытынды.
  1-оқушы:   Жаннұр. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1921ж. 12-қаңтарда қазіргі Алматы 
қаласында (бұрынғы Верный) дүниеге келді. 1930ж. Алматы қаласындағы № 14 орта мектепті бітіріп,
Мәскеу қаласындағы түсті металдар және алтын институтында оқиды. 1936ж. Тау-кен инженері 
мамандағы бойынша институттан соң Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кешенінде еңбек 
жолын бастайды. Осы кенішті 2 жыл бұрғылау цехының бастығы болған Димаш аға 1939ж. Риддер 
қаласындағы «Алтай полиметалл» комбинатына директор болып тағайындалды және Кеңестік 
Орталық Коммунистік партия мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1952ж. 
Сәуірде  Қазақстан Ғылым Академиясының президенті болып сайланды.
2-оқушы:   Думан. Көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері, ғалым 1955-1960ж, 1962-1964ж. Қазақ 
КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1960-1962 жылдары және 1964-1968 жылдары Қазақстан 
Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. Қонаев өмірінің 45 жылға 
жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның І басшысы қызметін атқарды. 
Ол басшылық қызмет атқара жүріп республикадағы тау-кен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. 
«Қоңырат мыс кешенін қазу» атты ғылыми еңбегі(1949ж), 1978ж. «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы 
сөздері мен мақалалары» еңбектері, 1992ж. «О моем времени» атты кітабы жарық көрді.
«Сен де бір кірпіш дүниеге...»   3-оқушы: Айткүл.   Бала күнінен тау-кен ісімен шұғылдануды 
арман еткен Дінмұхамед Ахметұлы тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевты ерекше 
құрмет тұтты. Энциклопедист ғалым М.Тынышбаевтың Түрксіб теміржолын салып өз елінің мерейін 
өсірудегі игі істері Димаш ағаны инженерлік кәсіпке әкелді. Еңбек жолын тау-кен инженері болып 
бастап, Балқаш мыс қорыту комбинаты мен Лениногор қорғасын-мырыш комбинаты сынды еліміздегі
ең алып өндіріс орындарында қызмет істеген Димаш Ахметұлы бірте-бірте Ғылым академиясының 
призеденттігіне жоғарылаған. 
4-оқушы:  Аңсағаным. Дінмұхамед Ахметұлының одан кейінгі өмірінің бәрі де партия-кеңес 
органдарында, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде қызметте өтеді. 10 жыл Қазақ КСР 
Министрлер Кеңесінде төрағаның орынбасары, төраға, 27жыл Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің І хатшысы, 21 жыл Совет Одағы Коммунистік Партиясы Орталық комитеті Саяси 
бюросының мүшесі болды. Осындай жоғары мансап пен атақ-дәреже ешқашан да Дінмұхамед 
Ахметұлының басын айналдырып, өмірде өзі бәрінен жоғары қойған қарапайымдылық, адалдық, 
турашылдық іспетті ізгі қасиеттерінен тандыра алмаған. Дінмұхамед Ахметұлы жайлы естеліктерде 
ол кісінің өте кеңпейіл, сабырлы да салмақты, парасатты адам болғанын баса айтады. Қолы қалт 
еткенде тарихи романдар мен танымдық әдебиеттерге ден қойған, халық әндерін, күйлерін 
тыңдағанды ұнатқан. Спорт түрлерінен боксқа, күреске құмартақан, өзі де үнемі бойжазба 
жаттығулармен айналысқан.
Еңбегі мен қайраты екі жақтап...  5-оқушы:  Маржангүл.Тың жерлерді игеру, Өзбекстанға өтіп 
кеткен қазақ аудандарын қайтару, Шардара өңіріне атом электр станциясын салғызбау, Ерейментау 
топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу тәрізді маңызы зор мәселелерде білікті саясат 
ұстанып, асқан табандылық танытты. Білікті басщылық  нәтижесінде ҚСР-ы сол жылдары Кеңес 
Одағы көлеміндегі 14-орыннан алдыңғы үштіктің қатарына ілінді. Одақ бойынша екінші астықты 
алқапқа және көпсалалы өнеркәсіп аймағына айналды. Сөйтіп еліміздің өндірістік ауқымы 10 есеге 
өсті.
Димаш ағаның шыққан тегі, отбасы...   6-оқушы:   Мадияр.Дінмұхамед Ахметұлының анасы 
Зәуре қарапайым, еңбекқор адам болған. Әкесі Меңліахмет ел ішінде беделді кісі болған. Оң жақ 
бетінде меңі болғандықтан да атын соған қарап қойған. Өз бетімен білімін жетілдіре жүріп қазақша 
да, орысша да сөйлеп, сауатты жаза білген. Анасы 11 құрсақ көтерген.  Қазір көзі тірі үшеуі: 
127

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Гаухар,Сара,Роза.
7-оқушы:   Толғанай. Дінмұхамед Ахметұлының үлкен әпкесі Әмина Түркебаева (1906ж) бас 
кітапханашы болса, жолдасы Айтжан Түркебаев-қазақтың тұңғыш революционерлерінің бірі болған, 
әпкесі Маймуна Қадыржанов-қазақтың тұңғыш инженерінің бірі, қазір ұлдары Қайрат Курчатов 
қаласындағы Ядролық Орталық директоры. Қарындасы Фазила (1918ж.) Мәскеуде білім алған, Нәйлә 
соғысқа қатысты. Інісі Асқар Қонаев (1929ж) – ғалым, жолдасы Ләйлә Мұхтарқызы – ғалым, Қазақ 
КСР ҒА призиденті; Гауһар Қонаева, Қонаева Сара – дәрігер, Роза – биология ғылымының докторы.  
Жолдасы Зуһра Шәріпқызы есеп қызметкері болса да, орыс, қазақ, шетел классиктерінің 
шығармаларын зейін қойып оқитын. Ағылшын тілін үйреніп, шетелдің өнеріне, мәдениетіне ден 
қойды. Мұсылманша сауаты бар еді.
 8-оқушы: Ақерке. Қонаев әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым 
бақылап отырды. Республикаға Қонаев басшылық жасаған тұста Қазастанның 5 томдық академиялық 
тарихы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Таңертеңгі астан кейін күнделікті газет-
журналдарды қарап, хат-хабарды ыждаһатпен оқып отырған. Осы өмір жолдарында Дінмқхамед 
Ахметұлының нақылға айналған сөздері:
    1. Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
    2. Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.
    3. Орынды сын ойлантпай қоймайды.
    4. Ақиқаттан аттап кету-арға сын. 
   5. Өмірдің 2 тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
    6. Жалад шындық болмайды. «Мәнді нақыл, әрлі ақыл». Димаш – дана, ғасырда бір туатын дара 
тұлға.
         9-оқушы: Меңдібек .Димаш Ахметұлы басқарған жылдары еліміздің барлық саласы 
(экономика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім, мәдениет) зор қарқынмен дамыды. Ұлттық ғылым 
академиясы одақ бойынша Ресей мен Украина Ғылым академияларынан кейінгі үшінші орынға 
шықты. Осындай деңгейге жетседе қазақ тарихынан ойып орын алған тұлға арманы – ел тәуелсіздігі 
еді.
10-оқушы:  Дидар.Дінмұхамед Ахметұлы өз еңбегінің арқасында, ұлтының мәртебесін көтергені 
үшін, еліне, жұртына, әділдігі, адалдығы, тазалығы, жанашыр қайраткерлігі үшін халық жүрегінен 
терең орнын алған. Зейнетке шыққанда  басындағы пәтерінен басқа ештеңесі болмаған. Өйткені 
Димекең ел басқарғанда байлыққа қызыққан жан емес. Сондықтан періштедей тазалығына куә болған
халқы Дінмұхамед Ахметұлы десе ішер асын жерге қояды. Дінмұхамед Ахметұлының еліміздегі 
абыройы Алатаудан да асқақ.
 11-оқушы:  Лена  Қонаевтың тұсында Қазақстанның өркендеуі оның белгілі бір партиялық 
талаптарды ұстанғанына ғана емес, адамдық қасиеттеріне де байланысты. Дінмұхамед Ахметұлы 
бейнесінің қазақстандықтардың жүрегінен мәңгі орын алуы-нағыз патриоттығында.
  Қазақтың көгіндегі жарық жұлдыз,
  Тұлпарың күнде сенің таң асқандай,
  Мөлдірсің, биіксің сен көк аспандай.
  Сүйемін сен отырған кабинетті,
  О-дағы жаңа ойларға жол ашқандай.
  Күледі ел, қуанады ел, құлпырады ел.
  Қой қоздап, бие туып, щұрқыра бел.
  Қазақтың үмітіндей жарық жұлдыз,
  Көгінде жап-жарық боп сен тұра бер. Тұманбай Молдағалиев.
Қазіргі кезде тың деректер жинақталып,  Димаш ата туралы 15 сериалды  фильмді түсіруге 
жұмыстанып жүрген   Журналистер акадимиясының   академигі  Мадрид Рысбеков фильмнің  8 
сериясының  түсірлгенін айтады.  Фильмінің басталуында “ Алатау” әні  орындалады, оның да өзіндік
тарихы  бар.Бұл ән Д.А.Қонаев туралы өлең. 
«Алатау» әнін сынып болып, қосылып орындау.  «Алатау»Әні:Н.Тілендиев
Ауылдан шыққан ағалар.
Мұғалім оқушыларға өз  аулымызда бірнеше жылдар бойы еңбек еткен еңбек ардагері: 
Мүтиғолла Темірханұлы Темірханов  өмір баянымен таныстырды.
128

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
1934 жылы дүниеге келген.1962 жылы Орал педагогикалық институтының тарих факультетін 
бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1962 жылы Ақкөл совхозын К.Маркс атындағы сегіз жылдық  
мектебінен бастады.1967 жылы Қараөзен мектебіне келіп, мектеп директоры қызметіне 
тағайындалды. Осы мектеп шаңырағында 32 жыл, соның ішінде 27 жыл директорлық қызметте істеді.
Ұстаз еңбегінің жемісі мен жетістігі қатар жүрді.Республикалық,облыстық “Құрмет грамотасы”, 
аудандық мақтау қағаздарымен қоса, “Қазақ ССР халық ағарту  ісінің озық қызметкері” атағына да ие 
болды. 
 Өтегенов Сапар Үмбетұлы 
1969 жылы Орал педагогикалық институтының толық курысн математика  мамандығы бойынша
бітірді. 1982- 2006 жылдар аралында Қараөзен орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі және тәрбие
ісінің меңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі болып, қызығы мол ұстаздық еңбектің қыр –сырын
терең   меңгереді.   Математика   саласында   оқытуды   жақсарту,   мұғалім   шеберлігін   шыңдау,   оқыту
үрдісінде жаңа жүйеде сипаттау,жаңа сабақ модельдерін құрып,республика, облыс, аудан көлемінде іс
–   тәжірибесі   тарады.Еңбек   ардагері   бұл   күндері   “   Қазақ   ССР   халық   ағарту   ісінің   озық
қызметкері”.1993 жылы тәрбие жұмыстарының өзіндік моделінің облыстық панорамасында қорғаған
шығармашылық   ерекшелігі   бар,   тиімді,   нәтижелі   еңбегі   үшін   Құрмет   грамотасына   ие   болды,
Қараөзен мектеп – лицейінде тәрбие жүйесінің жобасы облыстық білім басқармасының грамотасымен
марапатталған (2002 жыл)
   8.Психологиялық сергіту сәті.
9.Қорытынды:  «Адамдық қалыпты биік ұстау –кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген
асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жол да осы» деп Димаш ағаларың
айтпақшы, сендер де бақытты ұрапақ ретінде ерекше жаралған ұлы бабалардың қатарында өмірде
мейірбандылықтарыңмен,   мейірімділіктеріңмен   ел   еңсесін   көтеруге,   игі   істер   атқаруға   қызмет
етіңдер.   Осы   тағылым   сағаты   арқылы   Димаш   Ахметұлының   кемел   ақылы,   дархан   мінезі,
ұйымдастырушылық   қабілет-   қарымы   сендерге   өнеге   болсын.   Оның   барға   тасымаған   ,   жоққа
жасымаған еңбек адамының да, ғұлама ғалымының да есінде қалуы кездейсоқтық емес. 
 Мейлі 10 жыл,Өтсін мейлі 20 жыл,
100 жыл өтсін, Ұмытылмас еңбегің бар 
Ел бағалар тым алып, деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма беру. “Ер есімі ел есінде”    Эссе жазу.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ғизатова Ләззат Әдиқызы
Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
Бесікті орта мектебі. Атырау қаласы
Ахмет  Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі
Асыл қазынамыз, ана тіліміз қазақ тіл білімі сондай - ақ ғылыми терминология туралы ой толғасақ,
Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтпай кету мүмкін емес. Өйткені, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері,
ғылыми педагогикалық, ағартушылық және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі, қайраткерлігі қазақ
тілінің,  оның  терминологиялық  қорының дамуының тұтастай  бір кезеңін  қамтиды.  Осы  кезеңдегі
тілдік тарихи деректерге сүйене отырып, біз, ғылымның озық ойларын, тәжірибесін іс жүзіне асыра
аламыз. Ол бастаған сара жолды, дәстүрді сабақтастыру үшін ғалым мұрасын жан жақты зерделесек,
оның маңыздылығы болашақта да көрініс табары сөзсіз. 
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін
түйгенінше   айтуға   жарау.   Мұның   бәріне   жұмсай   білетін   адамы   табылса,   тіл   –   шама   қадірінше
жарайды.   Бірақ   тілді   жұмсай   білетін   адам   табылуы   қиын...»   деп,   (А.Байтұрсынов   шығармалар
Алматы, 1989) тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығармашылығында асқан шеберлікпен,
үлкен   жауапкершілікпен   жұмсай   білген   ұлы   тұлғаның   қазақтың   ғылыми   терминологиясын
қалыптастырудағы еңбегі ұшан – теңіз. Біз алдымен Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімін дамытуғаы
ролі мен шығармалар жинағына талдау жасап көрелік.
Ахмет   Байтұрсынұлы   –   қазақ   халқының   ғасырдың   басындағы   ұлт   –   азаттық   қозғалысы
жетекшілерінің   бірі,   мемлекет   қайраткері,   ақын,   публицист,   қазақ   тіл   білімі   мен   әдебиеттану
ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Тұтас буынның төл
129

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
басы болған Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы кітабы «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол
бұл   еңбегінде   Ресей   отаршылдарының   зорлық-   зомбылығын,   елдің   тұралаған   халін   жұмбақтап,
тұспалдап жеткізеді. Ахмет Байтұрсынұлы мысал жанрының, қызықты формасы, ұғымды идеясы,
уытты тілі арқылы азаматтық сананың оянуына ықпал етті. Ақынның кестеленген өлеңдері «Маса»
деген атпен жеке кітап болып шығып жұртшылықты оқуға, өнер білімге шақыру, мәдениетті уағыздау,
еңбек   етуге   үндеуге   арналды.   Ақын   халықты   қараңғылық,   енжарлық,   кәсіпке   марғаулық   сияқты
кемшіліктерден арылуға  шақырды.  Абайдың  ағартушылық  сыншылдық дәстүрін жаңарта   отырып,
Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл демократтық дәрежеге
көтерді.   Сондай -  ақ  Ахмет Байтұрсынұлы қазақ  еліне  А.С.Пушкин,  М.Ю.Лермонтов,  Ф.Вольтер,
С.Я.Надсон   өлеңдерін   аударды.   Бұл   аудармалар   Ахмет   Байтұрсынұлының   тақырыпты,   идеялық
көркемдік  деңгейі  жоғары туындылары.  Ел тағыдырының  келешегіне  алаңдаулы ақын көп  қырлы
ісімен,   даналық   саясатымен   қазақ   жастарынның   рухани   көсемі   болды.   Ахмет   Байтұрсынұлының
«Қазақтың   бас   ақыны»   деген   көлемді   мақаласы   әдебиеттану   ғылымындағы   алғашқы   зерттеу
еңбектердің   бірі.   Мақалада   ұлы   ақын   Абайдың   тарихи   миссиясы,   рухани   болмысы,   өлеңдерінің
ұлттық   сөз   өнеріндегі   маңызы,   көркемдік   эстетикалық   сипаты   баяндалды.   Ол   Абай   өлеңдерінің
даралығын, сөзі аз мағынасы көп, тереңдігін» сыншыдығын ұғындырды. Ахмет Байтұрсынұлының
Абайдың   ақындық   шеберлігі,   поэзияға   деген   көзқарасы   туралы   ғылыми   тұжырымдары   қазақ
әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі қазақ тіліндегі
тұңғыш   іргелі   ғылыми   теориялық   еңбек.   Ахмет   Байтұрсынұлы   әдебиет   тарихына,   теориясы   мен
сынына,   методологиясына   тұңғыш   рет   тиянақты   анықтама   беріп,   қазақ   әдебиеттану   ғылымының
жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздері термин
етіп  алып,   соның   негізінде   қазақ   әдебиетінің  барлық   жанрлық   формаларын   топтап,   жіктеп   берді.
Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау т.б. ғылыми теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің
ең   бейнелі,   мазмұны   мен   мағынасы   терең   шығармаларын   мысал   ретінде   пайдаланды.   Сөз   өнері
жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым,
термин категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу,
әсірлеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектету, кескіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық
дарын   табиғаты,   шығармашылық   психологиясы,   шабыт   стихиясына   ғылыми   тұжырым   берілді.
Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап,шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.
    Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. Мысалы,
діндар, дәуір сындар дәуір. «Әдебиет танытқыш» сан сапалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып,
талдап   түсіндірген   ғылыми   зерттеу.   Ахмет   Байтұрсынұлы   «Әдебиет   танытқышымен»   қазақ
әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айырықша                    «Ер Сайын» жыры мен қазақ
тарихының төрт жүз жылын қамтитын                       «23 жоқтау» жинағын кітап етіп шығарды. Халық
мұрасына жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет тіліне негіз етіп, ел аузындағы тіл
алынбаса, оның адасып, кететіндігін» айтты.
Ахмет   Байтұрсынұлы-қазақ   кәсіби   журналистикасын   қалыптастырған   ірі   қайраткер.   Ол   қазақ
халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз
елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Ахмет Байтұрсынұлы ұйымдастырып,
бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ»
газеті   халықтану   рухын   сергіткен   ірі   құбылысқа   айналды.   Ахмет   Байтұрсынұлы   әлеуметтік
мәселелерге, қоғадық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен,
өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демократиялық
құрылысы   туралы   ойларын   дамытып,   саяси   әлеуметтік   жағдай,   оқу   –   ағарту,   халықтың   тұрмыс
тіршілігі   туралы   мәселелерді   қозғады.   Қазақ   зиялыларының   жан   –   жақты   әрі   саяси   күресте
шыңдалған   легін   қалыптастыруда   Ахмет   Байтұрсынұлының   публицист,   баспасөз   ұйымдастырушы
ретіндегі еңбегі ұшан теңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған
реформатор Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде
жасалды.   Ол   қазақ   білімпаздарының  тұңғыш   съезінде,   құрылтайында   араб  жазуындағы  әліпбидің
қажеттілігін,   құндылығын   жан   –   жақты   тұжырыммен   дәлелдеген   ғылыми   баяндама   жасады.   Бұл
әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылыми
білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Ахмет
Байтұрсынұлының «Оқу құралы» - қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың
130

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
жаңа  әдістері  тұрғысынан  өңделіп,  1925 жылға  дейін бірнеше  рет  қайта  басылды.  «Оқу  құралы»
қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде
үйрететін   тұңғыш   оқулықтар   жазды.   «Тіл   –  құрал»   -   қазақ   тілінің   тұңғыш   оқулығы.   Бұл   оқулық
қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізгі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау –
тарау   салаларының   құрылымын   жүйелеп,   ғылыми   негізін   салған   зерттеу.   Оның   тілдік   ұғымдарға
берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруда ұсынған бағыты,
қалыптастырған қағидаттарын айтар болсақ, біріншіден, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің
терминологиясын жасаушы. Кез - келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету
сол   ғылым   саласында   қолданатын   арнаулы   ұғым   атауларынсыз   мүмкін   емес.   Қазақ   тіл   білімінің
негізгін қалаушы ғалым ретінде Ахмет Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды
және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін
түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған.
Екіншіден,   қазақ   әдебиеттану   ғылымының   негізін   салған,   тұңғыш   әдебиет   теориясын   жазған
ғалым, осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған. Терминделуші ұғымдарды дәл
білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән
дефинциясын   да   (ғылыми   анықтамасын)   берген.   Ол   дегеніміз   –   ғылыми   ұғымның,   өзін   ғана   тән
белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген
сөз. Мысалы, Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ
болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде
бірнеше   бунақ   болады.   Бунақ   дегеніміз   –   өлеңді   айтқанда   сезілетін   дауыс   толқынының   соқпа   –
соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады. (Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» Ахмет
Байтұрсынұлы шығармалары – Алматы, 1989 – 192б).
Үшіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылыми салаларының
ғылыми   терминологиясының   негізін   қалаумен   бірге   әдістеме,   тарих   және   этнографияға,   жалпы
мәдениетке қатысып, көптеген терминдер жасаған ғалым. Ғалымның термин шығармашылығындағы
қызметінің   бір   ғана   ғылым   саласымен   шектелмейтіндігі   оның   жалпы   қазақ   терминологиясын
қалыптастырудағы орнының айрықша екендігін көрсетеді. Алайда Ахмет Байтұрсынұлының қазақ
терминологиясының қалыптасуына қосқан үлесі бұлармен ғана бітпейді.
Оның Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі ғана емес, солардың ішіндегі аса ірі, біргей
екендігін дәлелдейтін деректер ғалым мұрасына тереңірек үңілген сайын табыла береді.
Төртіншіден,   Ахмет   Байтұрсынұлы   қазақ   тілінің   сөзжасам   тәсілдерін   анықтап,   оларды   өзінің
терминжасам тәжірибесінде кеңінен пайдаланған ғалым. Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып,
олардың   термин   шығармашылығында   іске   қосылуын   қазақ   тілі   грамматикасының   (сарфы)
жазылуымен   тікелей   байланыста   қарастырған   жөн.   Бүгінгі   терминжасам   тәсілдерінің   өзіндік
ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына
енеді. 
Ахмет Байтұрсынұлының жасаған терминдерінің өміршең болуының сыры – оның ұғымға атау
беруге ұлттық таным тұрғысынан келуінде жатыр. Ол қазақ тіліндегі сөз тудырушы жұрнақтарды,
байырғы лексикалық қорды, жалпы сөз тудыру тәсілдерін ұтымды, шебер пайдалана білді. Сондықтан
да   Ахмет   Байтұрсынұлының   айтуға   ыңғайлы,   естуге   жағымды,   көңілге   қонымды   атаулары   мен
терминдері уақыт өткен сайын маңыздылығын арттырып, ұрпақтан – ұрпаққа қызмет етіп келеді. 
-------------------------------------------------------------------------------
                   Шығыс Казакстан облысы, Үржар ауданы,
                                     Үржар ауылы  «М.Горький атындағы орта
мектебі» тарих пәні мұғалімі Жуманова Гүлнар Тоқанқызы
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
Білімділік: Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының 
зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, 
ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.
131

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген 
сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың өту әдісі: Интерактивтік оқыту әдістері.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық, ұжымдық.
Сабақтың пәнаралық байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, мультипроектор, электронды оқулық мәтіні.
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Бар ынтасын сабаққа аудару.
4. Оқушыларды топқа бөлу.
II. Жаңа сабақты меңгеру: 20 минут
1. Ой, толғау.
- Ия, балалар сендер мәдениет жайлы не білесіңдер?
2. Мәтінмен жұмыс. ( Электрондық оқулық мәтінімен жұмыс жасау).
3. “ Кім? Қайда? Қашан? ” ойыны.
Шартты: Топтарға сұрақтар қойылады. Топ бірлесе отырып, тез арада жауап беру керек.
1. Қазақстанның Рессей ықпалына біртіндеп өтуі нендей өзгерістер әкеледі?
2. “Азияға жол іздеу” талабын кім құрды?
3. Рычковтың “ Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары” қашан шықты?
4. И. Муравин, Д. Главдышев, Я. Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
5. Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
6. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі не?
7. Н.П. Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
8. Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кім?
9. Ақтамберді жырау қашан, қайда жерленген?
10. Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін арқау еткен?
11. “ Жоңғария картасын” жасаған кім?
12. Ақтамберді қай өңірде тұрды?
13. Неміс саяхатшысы, натуралист П.С. Палластың “Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына 
саяхат” атты еңбегінде не айтылған?
14. Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі П.С. Рычковты кім қолдады?
15. Қашан, қайда қазақ хандары мен сұлтандарының съезі болды?
4. “Тұлғаны таны” ойыны.
Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін, 6 бөлікті 
ұяшықта ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған. Ұпайдың-10 ұпайы оқушылар қоржынына түседі, 
қалған ұпай топқа есептеледі.
10 ұпай:1. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады?
20 ұпай:2. Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған “Орынбор өлкесінің 
топографиясы”, “ Орынбор тарихы” (1730-1750 ) атты еңбектердің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін
суреттеп жазған ғалым?
30 ұпай:3. XIX ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В.В. Вегеловский 
Жоңғария картасын алғаш рет қай қоғам жазбаларында жариялады?
40 ұпай:4. Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар кімдердің жазбаларында 
кездеседі?
50 ұпай:5. Қазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын ата ?
60 ұпай:6. Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы 
өтетіндігі туралы мәлімет қалдырған және Сібір-Түмен, Тобыл, Барнаул туралы мағлұматтарды 
зерттеп, 1750 ж. “Сібір тарихы” еңбегін жазған, Сібір тарихының атасы атанған кім?
Жасырылған тұлға- Бұқар жырау.
132

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бұқар жырау туралы не білеміз?
( 6 бөлікті ұяшықтың алдында Бұқар жыраудың суреті жасырылған.)
Жауаптары:
1. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады. ( 10 ұпай )
2. Рычков. (20 ұпай )
10 20
30 40
50 60
3. Орыс география қоғамында (30 ұпай )
4. Капитан В. Урусов, И.М. Лихарев. (40 ұпай)
5. П.С. Паллас, И. Фалок, И. Георги. (50 ұпай)
6. Г.П. Миллер. (60 ұпай)
5. “ Бұл кім білесің бе?”ойыны.
Шарты: 3 түрлі мәтін жасырылған, әр топ басшылары келіп, жасырылған мәтінді 
алады.Дайындыққа уақыт беріледі. Оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады.
III. Жаңа сабақты бекітуі. 15 минут.
1. “ Футбол ” ойыны. Шарты: Оқушылардың алдына парақшалар таратылып беріледі, 
парақшаларға оқушылар сұрақтар жазып, қарсы топтарға кезекпен лақтырады. Әрбір дұрыс жауап 
ұпай болып есептеледі.
2. “Кім тестке жылдам ” ойыны.
1. И.Г. Андреев, Я. Гавердовский қазақ жүздері туралы мағлұматтар жинақтады. Қай жүз туралы 
мағлұмат жинақтады?
а) Ұлы жүз
ә) Орта жүз
б) Кіші жүз
2. Ақтамберді жырау қай жылдары өмір сүрді?
а) 1706-1778 ж.ж
ә) 1675-1768 ж.ж
б) 1684-1781 ж.ж
3. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, Абылай ханның кеңесшісі болған жырауды ата?
а) Ақтамберді
ә) Бұқар
б) Үмбетей
4. Айтыстарға қатысқан, философиялық ойлармен белгілі болған кім?
а) Ақтамберді
ә) Бұқар
б) Үмбетей
5. Жанақ ақын қай жерде дүниеге келген?
а) Шығыс Қазақстан.
ә) Солтүстік Қазақстан.
б) Батыс Қазақстан.
IV. Үйге тапсырма:§ 8-9 2 минут.
V. Бағалау. 5 минут.
--------------------------------------------------------------------------------------------
Қоштаева Гүлайым Набенқызы
БҚО , Казталов ауданы, Казталов ауылы,
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі 
Пәні:Дүниетану. Сыныбы:3
Сабақтың тақырыбы:  Жануарлардың көп түрлілігі.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың білімін арттыра отырып, жануарлардың көп түрлілігі туралы
түсінік қалыптастыру, мағлұмат беру; 
2.Жануарлардың топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін терендету. 
133

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Логикалық ой өрісін дамыту;
3.Табиғатты, жануарларды қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, интерактивтік, СТО элементтері
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, жануарлардың дыбыстары
Пәнаралық байланыс: математика, биология, еңбекке баулу
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
1. топқа бөлу
Үстел үстіне түрлі жануарлардың суреттері тасталады. Әрқайсысы өзіне ұнайтын суретті таңдап 
алады. Не себептен таңдап алғны анықталады
І –топ: «Сүтқоректілер»
ІІ-топ: «Балықтар»
ІІІ-топ. «Құстар»
Әр топ орындарына жайғасады
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Өсімдіктердің сан алуандығы»
Өсімдіктер бөліміне арналған, білімдерін тексеру мақсатында тест жұмысы орындалады. 
 Тест
E)
Біздің елімізде өсімдіктердің қанша түрі өседі?
а) 4000        Б) 5000      В) 6000
2. Қарағай қандай өсімдік тобына жатады?
А) қылқан жапырақты     Б) бұталар тобына   В) шөптесін өсімдіктерге
3. Ағаш қандай ағзаға жатады?
 А) өлі     Б) жасанды   В) тірі
4. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік
А) жантақ     Б) қызғалдақ   В) қоңырбас
5. Бидай, сұлы, арпа мыналардың қайсысы жатады?
А) суыққа төзімді     Б) жылу сүйгіш   В) жарық сүйгіш
6. Өсімдіктер нешеге бөлінеді?
А) 1     Б) 2   В) 3
7. Ең ұзақ өмір сүретін ағаш?
А) қайың     Б) бетеге   В) емен
8. Қызыл кітапқа қандай өсімдіктер енеді?
А) барлық өсімдіктер     Б) көп өсімдіктер   В) азайып бара жатқан өсімдіктер
9. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
А) жылу, су, мұз, жер     Б) жарық су, жер   В) жылу, жарық, ауа, су, қорек
10. Өсімдік топтары нешеу?
А) 2     Б) 3   В) 4
Тақтадан тест жауабы көрсетіліп, оқушылар өзін-өзі тексереді.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды. 
Жауабы: 1- с; 2-а; 3-с; 4-а; 5-а; 6-в; 7-с; 8-с; 9-с; 10-в;
Бағалау парағы: «5»-барлығы дұрыс жауап;
                              «4»-1 қате;
                              «3»-2 қате;
                              «2»-3 не одан да көп қате;
       ІІІ Жаңа сабақ.     1.  «Кім тапқыр?» ойыны 
 -Қане, балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын ойын ойнайық. Зейін қойып тыңдайық. 
Жануарлардың дыбыстарын тыңдау арқылы жаңа сабақты ашу.
-Ненің дыбыстарын тыңдадыңыздар?
-Жылқы, бақа, сиыр, ит, құстар, арыстан т.б.
-Олай болса, оларды бір сөзбен қалай айтуға болады?
-Жануарлар
-Олай болса, күннің жады мен тақырыпты жаза қойыңыздар. 
134

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
5-слайд. 2. Кіріспе.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері көп. 
Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. Жануар сөзі парсының джан-
джанвар деген сөздің екінші бөлігінен алынған. Джан-джанвар қазақша жануар әлемі, яғни дүние 
жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
6-слайд.
             Жорғалаушылар
Құстар
Сүтқоректілер
                                                       
Бунақденелілер
                                                           
Балықтар              Қосмекенділер
Әр опқа жеке-жеке слайдтар көрсету. Ерекшеліктерін түсіндіру.
Әр топ жинап келген деректерімен толықтырады.
7-слайд. Сүтқоректілер 
Сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда 178 түрі бар.
Олардың айырмашылығы: Балаларын тірі туып сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар.
8. Слайд. Балықтар.
Балықтар-сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. 
Балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді. Қазақстанда 140 түрі бар.Олардың айырмашылығы жүзеді.
9.Слайд. Құстар
Құстардың 8600 түрі бар, айырмашылығы ұшады. Қазақстанда 486 түрі бар. Денесі қауырсынмен 
қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.
Құстар дене құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 топқа бөлінеді.
Олар: Жүгіретін құстар, жүзетін құстар(пингвиндер) ұшатын құстар.
10. Слайд. Қосмекенділер
Қосмекенділердің 4000 түрі бар.Олардын айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді. 
Қазақстанда 33 түрі бар.
11. Слайд. Жорғалаушылар.
Жорғалаушылардың 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы:бауырымен жорғалайды. Қазақстанда 
48 түрі бар.
12. Слад. Будақденелілер   2 млн.
Жануарлардың ішінде ен көп тараған будақденелілер. Олардың 700000 түрі бар.Омыртқасыз 
жәндіктер класы. Үш бөліктен тұрады. Бас, көкірек, құрсақ. Бунақденелілер 6 аяқты. (қоңыздар, 
шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер)
13. Слайд құрттар. 
Жауынқұрт, сүлік, паразит 3 типібар.  Құрт жалпақ, жұмыр буылтық.
14. Слайд. Малюскалар 
Бұлар ұлу, шырыш, сегізаяқ, кальморлар. Былқылддақденелі дейді 130 мың
15-слайд. Өрмекшітәрізділер
Сегіз аяғы болады. Өрмекшілер өрмек тоқып, онымен қорегін ұстайды. 60 мың
3. Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді бәрі түгел іштерінен оқиды. Бір-біріне түсіндіреді. Сұрақ-жауап арқылы 
талдау жасау.
-Сені жануардың қай тобы ерекше қызықтырады?
-Сен табиғат аясында жүргенде қай топ өкілдерін сырттай бақыладың?
4. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс
Ұлу, бунақденелі, маллюскалар
16-слайд. 5. Артық болмас білгенің...
1. Ең алып құс. 
135
Жануарла
р

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
-Африка түйеқұсы. Оның салмағы 90 кг, жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді.
2. Ең жүзгіш құс. -Пингвин. Ол сағатына 30 км жүзе алады.
3. Жануарлардың ең алыбы. Африка пілі. Салмағы 6 тонна. Піл басымен тұра алатын жануар. 
Төрт тізелі жалғыз жануар. 
4. Ең биік жануар. Керік (жираф) Биіктігі 6м. Салмағы 500 кг. Жүрегі ең үлкен, қан қысымы 
жоғары. Тілі қара түсті ұзындығы 45 см.
5. Ең аштыққа төзімді жануар. Кірпі. Ол 236 тәулік, яғни 8 ай бойы ас ішпей ұйықтайды.
6. Ең ірі бауырымен жорғалаушы және адамға ең қауіптісі. -Теңіз қолтырауыны.
7. Қай жорғалаушы 3 жыл қатарынан тамақтанбай ұйықтай алады. -Жылан
8. Сүттің майлылығы қай сүтқоректіде. -Тюлень сүтінің 48 % май.
9. Киттің жүрегі минутына неше рет соғады? -9 рет соғады
10. Тістері тілінде орналасқан былқылдақ денелі. -Ұлу
17-слайд. Сөз тізбесін құрастыр
Қаблы-балық                             ыжылқ-жылқы
Лажын-жылан                           абақ-бақа
Ылтоақд-тоқылдақ                    іпл-піл
Рсиы  -сиыр                               тнқыоулары-қолтырауын
-Оқушылар қай топқа жататыны туралы айтып кетеді
ІҮ. Бекіту
І –топ: «Сүтқоректілер»
ІІ-топ: «Балықтар»
ІІІ-топ. «Құстар»
-Жануарлар туралы сабақ бойында не алдыңдар?
-Сабақ басында көк түспен жазғандарын сабақ соңында қызыл түспен толықтырады.
Ү. Бағалау
Топ басшысы оқушыларды бағалайды.
ҮІ. Үйге тапсырма
Табиғаттың өзі емші
Жануарларға байланысты тыйым сөздер
Менің жақсы көретін жануарым.
Қосмекенді, жорғалаушы, бунақденелі туралы дерек жинап келу.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы 
К.Мендалиев атындағы орта жалпы 
                                      білім беретін мектебінің қазақ тілі мен 
                                      әдебиеті пәні мұғалімі Г.А.Темірғалиева 
Сан есімнен өткенді қайталау
Мақсаты:1) Оқушылардың сан есім түрлерінен алған білімдерін кеңейту, тиянақтау, теориялық 
білімдерін өмірмен ұштастыру;
                2) Ойлау қабілетін дамыту,сөз мәдениетін жетілдіру,шығармашылыққа баулу;
                3) Өз тілін, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, ұлағатты сөздерді түсіне білуге 
дағдыландыру; 
Сабақ көрнекілігі: жұлдызша,сызбалар, слаидтар,т.б.
Пәнаралық байланыс:әдебиет,салт-дәстүр, математика,тарих,саз.
Сабақ типі: қайталау сабағы.
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, СТО, тест
   Сабақ барысы:  І Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сөзі:-Желтоқсан – қыстың бірінші айы. «Жел» және «тоқсан» сөзінің бірігуінен 
шыққан.Ежелгі түріктер бұл айды жел айы деп атаған.Желтоқсанның 22-сінде күн барынша 
қысқарады.Мұны күннің тоқырауы деп атайды.
                           «Бір» мен «екі» алмаңдар,
136

Сан есімнің
мағыналық
түрлері мен
олардың
жасалу
жолдары
Реттік сан есім
Нешінші? ... ?
Болжалдық сан есім
Қанша?
Бөлшектік сан есім
Қай шамалы? ... ?
Топтау сан есім
Қаншадан? Нешеден?
Жинақтық сан есім
Қаншау? Нешеу?
Есептік сан есім
-лап,
-лаған,
-тай
- лар, ...
шақты,
тарта,
шамалы
Қо-
сар-
лану
жолы
-ы, -і, -ден
-ы, -і, -ның
-ден,
-дан,
-тан,
-тен
Қосарлы сан есім +
шығыс септік
жалғауы
-ау
-еу
-
-
-ншы
-ыншы
-нші
-інші
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
                           «Үшке» алданып қалмаңдар.
                            Кілең «төрттік» алғандар 
                           «Бесті» ғана армандар.
Бүгінгі сабағымызды әр түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы сан есімді қайталауға 
арнаймыз.Өйткені «Қайталау – оқу анасы».Біздің «Білім қоржынымызда » тек қана  «төрттіктер» мен 
«бестіктер».Сондықтан жақсы бағадан құр қалмай, сабаққа қатысып, өз білімдерімізді көрсетіп 
отырайық.
“Білгенге - маржан, білмеске - арзан”
1. “Бір адамға” кімнің өлеңі?
2. Өздерің оқыған қай ертегінің аты сан есімнен басталады?
3. Біржанның жастарға үйреткен әні қандай?
4. “Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар ... “ Абайдың нешінші қара сөзінен?
5. Тақырыбы сан есімдерден басталатын қандай әндерді білеміз?
6. Сан есімнен басталатын музыкалық аспап?
7. Сан есімнен басталатын ұлттық спорт ойындары?
Мағынаны тану
Кітаппен 
жұмыс.
Сан есімдерді 
мағыналық және
тұлғалық 
түрлеріне 
ажырату.
3.
І топ: 184 – жаттығу.
F)
ІІ топ: 185 – жаттығу.
17.
ІІІ топ: 186 – жаттығу.
Ойлан, тап!
Фонетикалық екі ұғым
Бірі мен бірі сыбайлас.
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді.
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
Сыңар, жалқы, жалғыз сөздері қай сан есіммен синонимдес?
Бір ақынның атында
 
Екі түбір, төрт буын.
Төртеуі де бітеу буын.
Мұны тауып бірінші
Айтар екен кім бұрын?
137

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бір көлде он екіден қаз ойнайды,
Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып,
Бір-бірін алмасына еш қоймайды.
Сөз құрамынан сан есімді тауып, санмен жаз.

Түбір                            тү + 1

Кекіл

Күшік

Төртбақ

Дербес

Балтыр

Жетік

Сегізкөз

Тоғызқұмалақ

Моншақ
“Артық болмас білгенің”
(Халық өлшемдерінің негізгі түрлері)
30.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениетінің қызықты салалары. «Халық айтса ,қалып айтпайды» 
дегендей, халық өлшемдері – анық өлшем. Халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне  тоқталайық.
Салмақ өлшемі:
Мысқал – 1 грамм.
Қадақ – 750 грамм.
Келі – 1 килограмм.
Пұт – 16 килограмм.
Батпан – 100 килограмм.
Қалыңдық  өлшемдері
Бұлт, пышақ сырты, 
қылыш сырты.
(3-5 мм шамасы)
Шынашақ, елі, бармақ.
(1-2,5 см шамасы)
Екі елі, ... , сере, табан.
(7-10 см шамасы), т.с.с.
Қашықтық өлшемдері
Адым, қадам (1метр)
Таяқ тастам жер (10-15 
метр)
“Әй” дейтін жер (100 
метр)
Дауыс жететін жер (250-
300 метр)
Шақырым (1 километр)
Иек астында, төбе 
астында (4-5 км)
Қозы көш жер (5-6 км)
Құнан шаптырым (8-10 
км)
Ат шаптырым (25-30 км)
Ұлағатты ұлттық ұғымдар
- Халық даналығындағы  «3,4,5,6,7» сандарына байланысты қандай сөздерді білеміз?
І топ. Үш санына байланысты ұғымдарды айту;
ІІ топ. Төрт пен бес сандарына байланысты ұғымдарды айту;
ІІІ топ. Алты мен жеті сандарына байланысты ұғымдарды айту;
І топ. 
Үш жұрт:өз жұртың, нағашы жұртың, қайын жұртың.  
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, бес саулық.
Үш қат: 1) жоғары қат(аспан), 2) орта қат (жер үсті), 3) төменгі қат (жер асты).
Үш қуат: Ақыл қуат,жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып:ажал ғайып, қонақ ғайып,несібе ғайып.
Үш арсыз: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш дауасыз: мінез, кәрілік, ажал.
Үш қадірсіз:жастық шақ, денсаулық, 
Үш жамандық: 1) нақақ қан төгу ; 2)кісі малын нақақ алу ;3)ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу;
Үш қуаныш: 1) алғыс алу; 2)өзіңді көптің іздеуі; 3) ісіңнің өшпеуі;
Үш асыл: көз, тіл, көңіл. 
138

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Үш артық: 1) адалдық; 2)еңбексүйгіштік; 3) өнерпаздық;
Үш кедейлік: 1) кежірлік;2) еріншектік; 3) ұйқы;
   
ІІ топ.Төрт тұлға: 1) от 2) су 3)жел 4) жер.
Төрт құбыла: шығыс,оңтүстік, батыс, солтүстік.
Төрт түлік: түйе атасы - Ойсыл қара, жылқы атасы – Қамбар ата, қой атасы – Шопан ата , сиыр 
атасы -  Зеңгі баба.
Төрт қылыш: Хәмхам,  Сәмсам, Зұлпыхар, Зұлқожа.
Төрт күнә: 1) Аллаға күмән келтіру ; 2)Нақақ қан төгу; 3) Ата-анаға тіл тигізу; 4) Өтірік куә болу.
Бес қару: 1)садақ  2)мылтық  3) найза  4) қылыш  5) айбалта 
Бес қатер: 1)от    2)жау   3)борыш   4) ауру    5)сөз.
Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Бес  дұшпан:  өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек,мал шашпақ. 
ІІІ топ. Алты асқар: 1)ақыл  2) білім   3) жомарттық  4)әділдік  5) шыншылдық  6) кең пейіл.
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
Жеті жетекші:1) Адамның басшысы –ақыл.
                        2) Жетекшісі -  талап.
                        3)Жолаушысы – ой.
                        4)Жолдасы – кәсіп.
                        5)Қорғаны – сабыр.
                        6)Қорғаушысы – мінез.
                        7)Сынаушысы – халық.
Жеті қазына: 1)ер жігіт   2)сұлу әйел   3)ақыл, білім   4)жүйрік ат   5)қыран бүркіт    6)берен 
мылтық   7)жүйрік тазы.   
Жеті жұт: 1)құрғақшылық     2)жұт (мал қырылу)     3)өрт     4)оба (ауру)      5)соғыс  6)топан су     
7) зілзала (жер сілкіну)
Жеті жетім :  Тыңдалмаған сөз жетім.
                       Киюсіз тозған бөз жетім.
                       Иесіз қалған жер жетім.
                       Басшысы жоқ ел жетім.
                       Аққу-қазсыз көл жетім.
                       Жерінен айырылған ер               
жетім.
                       Замандасы қалмаса,
                       Бәрінен де сол жетім.  
Тест тапсырмалары
9.
Дұрыс жазылған сан есім.
А) 16 желтоқсан
В) V – сынып
С) 7 сынып
D) ХХІ - ғасыр
 2. Қай сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғанғанда –ы, -і дыбыстары түсіп қалады?
А)  Болжалдық сан есім
В) Реттік сан есім. 
С) Жинақтық сан есім. 
D) Бөлшектік сан есім. 
3. «Бүтін, жарым» сөздері сан есімнің қай түрінде болатынын анықтаңыз. 
А) Есептік сан есім. 
В) Реттік сан есім. 
С) Жинақтық сан есім. 
D) Бөлшектік сан есім. 
4. Дұрыс жазылмаған сан есім.
А) 11-ден
В) 20 дәптер
С) 50-50 ден
Д) 2-қатар
5. Күрделі  сан есімдер қалай жазылады?
А) Бірге
В) Біріккен түрде
С) Бөлек
139

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Д) Үтір арқылы
6. Болжалдық сан есімнің қосымшасы.
А) –ыншы, -інші
В) –ау, -еу
С) –лар, -лер
Д) –дан, -ден
7. Мақал-мәтелдегі сан есімнің түрін анықтаңыз. 
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, 
төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 
А) Есептік сан есім. 
В) Реттік сан есім. 
С) Жинақтық сан есім. 
D) Бөлшектік сан есім. 
8. Бөлшектік сан есімі бар сөз тіркесін табыңыз. 
А) Алтыншы сынып. 
В) Он екі ай. 
С) Жиырма төрт сағат. 
D) Екі бүтін оннан бес пайыз. 
9. Күрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз. 
А) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар. 
В) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар. 
С) Қазақстанда төрт республикалық мәні бар қорық бар. 
D) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар. 
Аталы сөз – баталы сөз
І топ. “Бұқар жырау мен Қазыбек би”
ІІ топ. Абайдың отыз бірінші қарасөзі
ІІІ топ. М. Мақатаев “Үш бақытым”
31.
Марғау дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы  -  тарихтағы аса қасіретті де
қаралы, қастерлі де мақтанышты , алтын әріптермен жазылып қалатын оқиға.Еліміздің тәуелсіздік 
жолында жанын қыршын қиған Қайрат.Ербол, Ләззат, Сәбира сынды жауқазын жастарымыздың уыз 
бейнелері біздердің есімізде мәңгі сақталады.     
Үйге тапсырма:  Шығармашылық жұмыс.                               
«Тәуелсіздік – ел тілегі» деген тақырыпта  шағын ойтолғау жазып келу.
Бағалау. Бейнебаян  «Желтоқсан желі».                           
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Гусманова Алия Зербиевна, учительница химии, биологии
ЗКО, Казталовский район,село Казталовка,
средняя общеообразовательная школа имени Алмы Уразбаевой
Урок «Общие свойства металлов»(модульное обучение, 2 урока) 9 класс
                                                       


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал