«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Замануи сабақты дамыту ресурстары : Кембриждік сындарлы оқыту  
бағдарламасы  модульдерінің   оқу мен оқытудағы  тиімділігі
Қазіргі   таңда елімізге   жоғары білікті, шығармашыл, жаңаша ойлайтын,   тұлғалар   қажет.   Жеке
тұлғаның  шығармашылығының  дамуына   оқыту  мен  тәрбиелеуде   жаңа   технологияны  енгізу  -   жол
ашпақ. Әр адамның табиғатынан берілген шығармашыл тума талантын дамытуда замануи білімді
беру стратегияларын қолдану тиімді болып отыр.   Оқушыға   білімді өздігінен   игеру   амалдарын,
тәсілдерін   үйрете     отырып,   баланың     өзіндік     дүниетанымын   қалыптастыруына   жағдай   жасау,
кеңестер мен бағыт- бағдарды беруді мұғалім басты мақсат етіп алу керек. [1] Жаңаша әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып,   оқушылармен   жұмыс жасау   жолында мұғалім көп ізденеді,   үнемі еңбектенеді,
сабақты берудің   жаңаша технологияларын жетілдіреді.   Яғни, әрбір мұғалім шәкірт жүрегіне жол
таба отырып, пәнге қызықтыра, оқытудың ең тиімді көңілінің көкжиектерін ашулары керек. [1] Осы
Бағдарламаның   нәтижесі   оқушылардың   қалайша   оқу   керегін   үйреніп,   сандық     технологияларда
құзырлық танытатын өзінің дәлелі мен уәждерін шынайы жеткізетін, ынталы, сенімі мол, сыни- пікірі
бір   жүйемен   дамыған,   оқушының   қалыптасуын   қамтиды.     Тәжірибеде   қолданып   отырған   жаңа
114

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бағдарлама   білім   бере   отырып,   қалай   оқыту   керектігін   ұсына   мұғалімнің   де   өзіне   қоятын   талап
дәрежесін биіктетеді. Осыны ескере отырып, өзімде сол нәтижеге қол жеткізуге өз үлесімді қоссам
деген   ниетпен   бір   сабақты   қалай   өткізгеніме   тоқталып   кеткім   келіп   отыр.   Мұндағы   мақсатым
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты»   тақырыбындағы   сабағымды Бағдарламаның
жеті   модулін   бір-   бірімен   байланыстыра,   сабақ   кезеңдерінде   өзара   қалай   ықпалдастыра
қолданғанымды   баяндай   отырып,   оқушыларды   оқытуда   оқудағы   жаңа   тәсілдердің   тиімділігінің
нәтижесін   көрсету,   осыған   сай   Бағдарламаның   басты   мақсаты-   ынтымақтастық   атмосферасын
қалыптастыра отырып метесананы немесе «Қалай оқу керектігін үйретуін»  (Flavell,1976, Vygotsky ,
1978) жүзеге асыра, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді игерту тиімділігін дәлелдеу. Соның ішінде
Выготскийдің оқыту моделінде оқушылар диалогтік оқытуды құру нәтижесінде білім алатындығын
жорамалдаған   идеяны   жүзеге   асыру.   «Диалог   арқылы   оқытуды»     (Mercer,   1995,  Alexander,   2008)
пайдалануда   тапсырманы   жас   ерекшеліктерге   сәйкестендіре   беріп,   оқушыларды   сыни   түрде
ойландыра, таланты мен дарыны ұшқындап тұрған балаларды оқыту кезеңіндегі ұтымды жетістігін
оқушыларға  әркез  көрсете ынталандыру. Олар алған білімдерін өз өмірлеріне пайдалана алатындай
түсіну   деңгейін   қалыптастыруға   болады.   Сабақтың   жалпы   мақсаты:   автор   туралы   мағлұмат   бере
отырып, өлең мазмұнының идеясын ашу. Міндеттері: мәнерлеп оқи алу, негізгі ойды анықтау және
басқа шығармалармен салыстыру арқылы ұқсастықтарын табу, өмірмен байланыстыра  ой талдауға,
шығармашылыққа   үйрету.   Сабақтың   ұйымдастыру   кезеңінде   ынтымақтастық   пен   сынып
атмосферасын   орнату   үшін     «Шаттық   шеңбері   »   психологиялық   жаттығудан   кейін   топқа   бөліп
отырғызылды. Сабақта топқа бөліп отырғызу оқушылардың асыға күтетін сәті. Балаларды  әр кезде
әртүрлі тәсілдермен ауыстырып отырғызу қызғылықты әрі  тиімді. Оқуға үйретуде топтық жұмыстың
тиімділігі, балалар бетпе- бет отырып еркін сөйлеседі, ой-пікірін айтады, ақылдасады.. Осыдан соң
критерийлер жазылған бағалау парақшаларын топ басшыларына таратып бердім, сабақ барысында өз
тобының оқушыларын және өзін  бағалап отыруды түсіндірдім. Оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде
жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін, мұғалім  одан әрі оқу туралы шешімді қабылдау
мақсатымен оқушылардың  іс-әрекетін бағалауды жүзеге асырып отырады. Мұғалім бағалауды өткізер
алдында   оқушылардың   нені   біліп   және   нені     жасай   алатынын,   сонымен   қатар   оларда   қандай
келеңсіздіктер кездесуі мүмкін екендігін анықтап алады.Оқушыларға үй тапсырмасын талдатуда он
екі минут уақыт бөліп, Майк Гершонның оқыту үшін бағалауының бір түрі «Ыстық орындықты»
пайдаландым. Бастауыш сынып оқушыларына не нәрседе қызық болып көрінеді. Оқушылар «Ыстық
орындыққа  »  ынтазарлық  білдіріп,   қысқа   сіріңкенің  өздеріне   келгенін қалап отырды.  Ал,   «ыстық
орындықтың»   ыссылығын   жан-жақтан   үй  тапсырмасы   бойынша   сұрақтар   жаудырылғанда   сезінді.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың   бірі болып табылады,  себебі,  дұрыс қойылған сұрақтар сабақ
берудің   тиімді   құралына   айналады.[1]   Әр   топтағы   оқушылар   сұрақ   қоюда   белсенділік   танытты.
Олардың арасында үлгерімі төмен оқушыларда бар. Өткен сабақтағы «БББ кестесін» толтырғанда
білгісі   келетін   ұсыныс   бойынша   қосымша   рәміздер   туралы   тақпақтар   іздену,   жаттап   келу   және
рәміздер авторларын анықтап келу тапсырылған болатын.Сол тапсырмаларды орындап келген кейбір
оқушылардың әрекетінен оқытудағы жетістікке жетуге кері байланыстың тиімді екендігін көрсетеді.
Бағалаудың     мақсаттарының   бірі,   бұл   жетістікке   жеткендікті   көрсететін   кері   байланыс.Осы   кері
байланыстың   негізге   мақсаты   оқушылар   мен   мұғалімдерге   жетістіктер   мен   даму,   мысалы,
білім,түсіну,және дағды туралы хабарлама беру болып табылады. [1]  Орындықтағы оқушы жауабын
сыныптастары «бас бармақ» арқылы «тамаша», «жақсы», «онша емес» қалыптастырушы   бағалап
отырды. Сабақтың негізгі бөліміне түспестен бұрын интербелсенді тақтадан Шәкәрім Құдайдердіұлы
туралы ақпараттық кесте көрсетіліп (фотосы, туған жылы басылып шыққан кітаптар суреті), ақын
туралы   топтар   өз   білгендерін,   бұрыннан   таныс   өлеңін   (Адамдық   борышың)   еске   түсіру   үшін
«айнымалы бекет» әдісі   жүргізілді. Бұл көрсетілімнің не үшін екендігін, бүгінгі сабақтың кімнің
өлеңі туралы болатынын оқушылар болжады да, әрі қарай «тізбектей оқыту» арқылы «Бостандық
таңы атты» өлеңін топтағы оқушылар мәнерлеп оқыды. Келесі кезекте үш топ «Жағымсыз әдеттер»,
«Жағымды әдеттер»,  «Тәуелсіз елдің баласы» тақырыптарын қорғау үшін топтық жұмыс жүргізілді.
Бұл   жерде   оқушыларға   жұмысты   аяқтау   барысында   уақытты   ұтымды   пайдалану   ескертіліп,
көшбасшылық бағыт-бағдар беріп, отырдым. Ойларын дәлелдеу үшін сыни тұрғыдан ойлана жауап
беру   көзделді.   Оқушылар   диалогтік   әңгімені   жүргізе   отырып,   Мерсердің   пайымдауынша   топтық
әңгімемен топтарда жұмыс істеді. Сырттарынан топ жұмысын  бақылап жүрген байқағаным 1,3-топ
белсенділердің   айтылған   пікірлерімен   қалған   тыңдаушылардың     әрқайсысы   тыңдаушылар
115

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
механикалық түрде келісе берді. Оларға нені, қалай талқылау керек екені жайында бағыт –бағдар
беріп отырдым. 2-топта  қызу зерттеушілік әңгіме көрініс тауып, оларда ортақ мәселе болып, бір-
бірімен   пікірлесті,   идеяларын   талқылап,   ортақ   келісімге   келді.   Әр   топтан   белсенділер   шығып
постерлерін   қорғады.   Өлең   мазмұнының  идеясын   ашуда   оқушылар  ойларын  дәлелдеу   үшін  сыни
тұрғыдан ойлана жауап берулері көзделді. Бұл әрекеттерде Александердің (2001,2008,)  диалогтің бес
үлгісі   талқылау   арқылы   ақпараттар   тарату   және   мәселелерді   шешу,   диалог   арқылы     қателіктерді
азайта отырып, түсініктер мен қағидаттарды жеткізуге ықпал ететін сұрақтар мен талқылаулардың
жиынтығы «Бұл жағымсыз әдеттер өз досыңның бойынан табылса  қандай әрекетке  барар едің?»,
«Автор   айтып  отырған  жағымды  әдеттер  өз   бойыңнан  табыла   ма?»,   «Жағымды  әдеттер  адамның
қандай қасиеті?», «Талап не үшін қажет, ол адамды неге жеткізеді?». Мұндағы мақсат оқушыларға
ашық сұрақтар қойылып, олардың жауабын білім деңгейлерін тексеру үшін емес, оларға өз ойларын
ашық жеткізуге және кеңейтуге, дамытуға мүмкіндік беру үшін де қолдану еді. Оқушыларға жауап
беруге   уақыт   беру   керек   және   мүмкін   болса,   бұдан   кейінгі   сұрақтар   мен   жауаптарды   олардың
сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Харгривс пен Гэлтон   (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ
қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі
секундтай   кідіретіндігін   анықтаған.   [1]   Мұғалім   жақсы   дамып   отырған   коммуникативтік
дағдылармен,   сонымен   қатар   түсіністікпен   қарау   арқылы   оқушылардың   білетіндігін   немесе
білмейтіндігін анықтай алуға міндетті. Оқушылардың жауап беруде талап ететін сұрақтар талантты
және дарынды балалардың ой ұшқырлығын дамытып қана қоймай, басқа да оқушылардың ойлана,
тереңірек жауап беруге үйренулеріне мүмкіндік берді. Үлгерімі орташа оқушылар болса, топ ішінде
өз пікірлерін айтуды, қалай оқу керегін  Бандураның  пішіндеу- «жанама тәжірибесіндегі»  «олардың
қолынан   келген   нәрсе   менің   де   қолымнан   келеді»   дей   отырып,   қате   жауап   беру   қорқынышынан
қысылмай  еркін сөйлеуге үйренді. Яғни, Маслоудың қажеттіліктерінің 4-деңгейі өзін-өзі құрметтеуге
деген қажеттілікке, жігер- күшке ие болып құзіретілігіне жол ашылды. 
Топтардың өз жұмыстарын   қорғау мен тақырыпты дәлелдеулерін       басқа топтар қолпаштаумен
бағалап   отырды.     Сабақ   үстінде   талантты   және   дарынды   балалардың   іс-әрекеті   бірден     көзге
түспегенімен, Фриманның сегіз өлшеміндегі икемділік, ойлау қабілетінің жылдамдығы байқалды. Бір
оқушының   топ   бойынша   сурет   салуда   туған   жер   көріністерін   икемділікпен   өз   ойынан   бейнелей
білгені   байқалса,   тағы  бір  оқушыларым   постер  қорғауда   өздерінің    ой-белсенділігін,   тапсырманы
орындауда алғырлықтарын көрсетіп отырды.
Бұдан кейін оқушыларды бір серпілтіп алу үшін интербелсенді тақтадан бейнеәуен жіберіп, сергіту
сәтін жасаттым.  Дәстүрлі  сабақтарда  оқушылардың сабақ  үстінде  би  билеп,  қозғалысқа  түсуі  аса
құптала бермейді. Сергіту сәтінде балалардың көңілді әуенмен демалуы, бақытты балалық шағын
ескере отырып, көңілдеріне қуаныш ұялату ұялшақ балалардың ашыла түсуіне жақсы әсер етеді. 
       Сабақ жоспарының келесі кезеңінде «Адамгершілік» сөзінен бірнеше сөз құрастыру және өз
жетістіктерін   бағалау     критерийлері     ұсынылды.   Бұл   жерде   ұяң   оқушыларымның   бірі   өздерінің
шапшаң ой қабілетін көрсетіп мені таңқалдырса,«өте жақсы» оқитын, «екпінді» қатарындағы оқитын
кейбір оқушылардың сыни ойлауда жылдамдық таныта алмай кібіртектеп қалып, өзімнің кәдімгідей
оқытуда  ойланып әрекет  етуіме  негіз  болды,  Оқушылардың жіберіліп жатқан аз-  кем  кемшілігіне
қарамастан,   олардың   еңбегін,   ынтасын   мақтап-қолпаштап   формативті   бағалап   отырдым.   Өйткені,
өзін-өзі   бағалау   өзінің   білімін,   тапсырмаларды   түсінуге,   оқыту   үдерісін   жақсартудың   жолдарын
сезінуге мүмкіндік ала отырып, өзін-өзі сыйлауға, оқу үшін ынталануға, жауапкершілігін арттыруға
үлесін   қосады.   [2]     Келесі   топтық   тапсырмаларда   1-топ   Ш.   Уәлихановтың     сөзінің   өлеңге
байланысынан   дәлелдер келтірсе,   2-топ Венн диаграммасы арқылы осы өлеңді Абай атамыздың
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, өз
бойларына тек жақсы адами қасиеттерді жинау керек екендігі туралы ой-пікірлерін білдірді, ал 3-топ
оқу, білім туралы мақалдар айтты. Сабақты   жинақтап қорытуда «Оқушы» сөзіне «Бес жол өлең»
құрастырды. Оқытудағы  тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай
оқу мазмұнындағы  оқыту құралдарына ерекше назар аударылып,  кіші жастағы балалардың зейінін
дамытуда тапсырмалардың балалар үшін тартымды, қызықты, және оларға сәйкес келетіндей етіп
жасаудың маңыздылығын Хаген мен Хейл (1973) атап кеткен. Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа
мерзімді  Баддели мен Хитч (1974) (оны жұмыс жадысы деп атаған) есте сақтау адамның 
жадында негізгі орын алатындығын анықтаған. Жұмыс жадысы арқылы адамдар санаға ақпарат
енгізіп, сол арқылы жұмыс жасай алады. Жұмыс жадысы танымдық міндеттерді орындау қабілетінде,
116

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
балалардың жадысының дамуында негізгі мән жатыр. [1] Сабақтың тартымды да қызықты болуына
АКТ   құралдарының   мүмкіндіктерін     пайдалану   оң   әсер   етеді.   Себебі,   жаңа   тақырыпқа   қатысты
материалдарды аудио- визуалды қабылдау мен көрсетілімдердің алған ақпаратты сақтауының 20%-
30%-на   ғана   әсер   етсе   де,   тапсырмаларды   талқылау,   тәжірибе   барысында   жетістікке   жете   алады.
Сабағымның   соңында   топ   басшыларының   бағалау   парақтары   бойынша   топ   мүшелерін   бағалауы
талданды.Оқушылардың   жеткен   жаңа   жетістіктері   мадақталып,   оқуды   бағалау   үшін,   балаларға
жиынтық баға қоюда бағалау критерийлеріне сүйеніп, ашық баға қойылды. Бағалау критерийлерін
басшылыққа алып, оқушылар өз кемшіліктерін байқағандарын, келесіде жоғары нәтижеге жету үшін
кемшіліктерді   жою   бағытын   түсінді.   Сабақтың   оң   нәтижеге   жетуіне,   табысты   болуына   мұғалім
құзіреттілігінің биік болуы шарт. Ол үшін педагог бойында Шульман « мұғалімнің үш көмекшісі»
(2007) [1] деп аталатын қасиеттері болуы керек. Яғни, бірінші көмекшісі –бас, кәсіби түсінігі (оқыту
мен   оқушылар   туралы   жеткілікті   білім   болуын   талап   етеді),   екінші   көмекшісі-   қол,   оқытудың
тәжірибелік дағдылары ( ілім жүргізу, демонстрациялау, түзету, оқытуды бағалау сияқты тәсілдер,
ынталандыру,   қолайлы   орта),   үшінші   көмекшісі-   жүрек,   кәсіби-өнегелік   тұтастық   (мұғалімнің
этикалық   және   моральдік   құндылықтары)   сапалы  және   табысты   оқытуда   дайын   білім   беру   емес,
оқушылардың өздерінің білім мен идеялары болуын қадағалау.[1] Оқытудың Кембридж тәсілдерінің
сындарлы оқыту теориялық негіздері уақыт талабына сай Бағдарлама екеніне көзім жетті. Алдағы
уақытта   бұл  оқытудың   жаңа   әдістерін   тереңірек   меңгере   түсіп,   тәжірибеме   енгізуді   мақсат   еттім.
Шоқан Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек»,-
деп айтқандай, өз Тәуелсіздігіне 22 жыл асқан өркениетті Қазақстанның болашағы балаларымыздың
әлемдік дәрежеде білімді болуы үшін, шәкірт алдында  мұғалімнің атқарар міндеті, көтерер жүгі аз
емес   екендігін   білдіреді.   Осы   міндетті   ұғынған   маған-   алдымдағы   өскелең   шәкірттерімді   білім
шыңына бағыттау әрі мақтаныш, әрі өмірлік ұстанымым. Өз білімімді жетілдіріп, кәсіби біліктілігімді
арттыра   отырып,   оқу   мен   оқытудағы   жаңа   әдіс-   тәсілдерді,   Бағдарламаның   жеті   модулін   оқу
барысында   ықпалдастыра     орынды     қолдануым,     еңбектенуім,   бұл   менің   –көшбасшылығымның
міндетті   қыры.   Еңбек   жолымда   көшбасшылығымды   дамыту   жұмыстарын  одан   әрі   жандандырып,
жалғастырып   отыруды   жоспарыма   енгізіп   қойдым   десе   де   болады.   Бағдарлама   мақсаттары   мен
міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде балаларымыздың білім мұхитының кемесінде еркін жүзуіне
жол ашылғаны деп білемін.
Сілтеме:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, үшінші басылым.
2. Ресурстар. 
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Нұрғалиева Бибігүл Жомартқызы
Атырау қаласы. №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының 
информатика пәні мұғалімі, ІІ санатты
VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ
Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтауға арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде,
яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер
сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында
тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-
ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де
орналастыруға   мүмкіндік   береді.   Осылайша   біз   қазіргі   заманғы   мәліметтер   базасында   тек   ғана
мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. 
Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына  процедуралар және басқа
объектілер қатары кіреді.  Кестені қандай да бір  объектілер жиынның  атрибуттары бар екі өлшемді 
кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме 
жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің  характеристикаларына, яғни өрістерге 
сәйкес келеді. Әрбір өріс  сақталған  мәліметтердің  аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты – 
идентификатор. Ол әртүрлі программалардағы мәліметтерді манипуляциялау үшін қолданылады. 
Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі  мәліметтер өрісінде сақталғандардың типтерін 
сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен текстер, кескіндер  т.с.с. болуы мүмкін. 
117

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Мәліметтер қоры төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:
12.
Мәліметтер тәуелсіздігі – бұл принципті екі жақты анықтауға болады. 
    а) Мәліметтер  өзгертілгенде осы мәліметтерге қолданылған программа өзгертілуі міндетті емес. 
        ә)   Мәліметтер   қорымен   жұмыс   жасайтын   барлық   программа     басқа   программадағы
өзгертулерден оқшауланған болуы тиіс.
13.
Мәліметтер   қорында   мәліметтер   мүмкіндігінше     қайталанбауы   тиіс,   яғни,   артық   мәлімет
болмайтындай етіп, сақтауды ұйымдастыру.
14.
    Жан – жақты байланысты орнату және қолдау. Мұндай байланыстар қандай да бір файлды
әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды ұйымдастырады.
15.
Үзіліссіз   дамытылуы,   яғни,   барлық   уақытта   мәліметтер   өзгертіліп   және   кеңейтіліп   отыру
мүмкіндігі бар.
16.
Мейлінше аз шығындану, яғни жадыдан көп орын алмау.
Мәліметтер қорын жобалау кезендері
МҚ  
 
  жобалауда  
 
 мәліметтерді  
 
  ұйымдастыруды  
 
  үш  
 
  кезенде:
ақпаратты-логикалық
(инфологиялык),
даталогиялық  (концептуалдық)       және       физикалық
деңгейлерде   қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концептуалдық
және  физикалық  модельдері  сәйкес  келеді.
Мәліметтер қорын құратын және оларға сұрауды өндейтін бұл-МҚБЖ болып табылады. Дербес 
МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ 
– Paradox, dBase, FoxPro, Access. Комплекстік мәліметтер қорын программалаудың ортасы көмегімен 
құруға болады. Мысалы, Delphi, Visual Basic т.б.
Visual   Basic   ортасы  Access,   FoxPro,   Dbase,   Paradox   форматындағы   мәліметтер   қорымен   жұмыс
істеуге мүмкіндік береді. 
Қазіргі таңда қолданылатын мәліметтер қоры  «клиент-сервер» архитектурасымен жұмыс істейді.
Visual   Basic   ортасында   клиент-сервер   архитектурасымен   жұмыс   істеу   үшін   ADO(ActiveX   Data
Objects)   технологиясы   қолданылады,   бұл   мәліметтер   қорына   ену   әдістерін   қамтитын   жаңа
технологиялардың бірі. 
ADO   технологиясын Access,   Oracle,   SQL,   және   т.б.   мәліметтер  қорына   қосылу  үшін  қолдануға
болады. Бұл технологияда МҚ-на тез және ыңғайлы түрде қосылуға мүмкін беретін OLE DB жаңа
механизмі қолданылады. ADO технологиясында OLE DB драйверлері бар кез келген МҚ-на қосылу
мүмкіндігі бар.
VB қосымшаларында ADO технологиясын жүзеге асыру үшін үш түрлі құрал қолданылады:
26.
ADO Data Control 
27.
ADO Connection Object(МҚ-на қосылуды жүзеге асыратын объект)
28.
ADO   Recordset   Object(жазбалар   жиынтығы   мен   жұмыс   істеуге   арналған   объект)  ADO
Connection Object және ADO Recordset Object обьектілері  DLL – кітапханалар болып       табылады.
Сондықтан олармен жұмыс істеу типтер кітапханасына сілтеме жасау көмегімен     іске асады, яғни
қасиеттер, әдістер, оқиғалар және мәліметтер типтері осында орналасқан. 
Visual Basic ортасында мәліметтер қорын, кестелерді құру және оларды өңдеу үшін Visual Data
Manager қосымшасы қолданылады.       Мәліметтер қорында сақталатын буманы көрсетіп мәліметтер
қорына атау бергеннен кейін оның құрамына кіретін кестелер, индекс, кілттік өрістер құруға болады. 
Visual Basic ортасында мәліметтерді кесте режимінде көру үшін DataGrid, FlexGrid, DataBoundList
компоненттері,   ал   форма   режимінде   көру   үшін   ListBox,   TextBox,   ComboBox   компоненттері
қолданылады. 
   
Visual   Basic   ортасында   мәліметтер   қорымен   байланыс   орнату   үшін  ADO   Data   Control   6.0
басқару элементін қолданамыз.
Мәліметтерді өңдеу үшін SQL құрылымдық сұраулар тілі қолданылады. Мәліметтерді таңдап алуда
Select     операторы   қолданылады.   Бұл   оператор   SQL      операторы   тілінің   негізгі   операторы   болып
табылады, ол күрделі критерийлерді қанағаттандыратын жазбаларды таңдап алуда қолданылады. 
Visual Basic ортасында Crystal Reports pro программасының көмегімен есептерді құруға болады.
Бұл программаны қолдану үшін оны алдымен компьютерге орнату керек. 
Crystal   Reports   pro   программасы   орнатылғаннан   кейін   Visual   Basic-ті   іске   қосамыз.   AddIns
менюінен  ReportDesigner  программасын таңдаймыз. Ашылған диалогтық терезеде жаңа есепті құру
үшін  File-New  компонентін  орындаймыз.   Есеп шебердің  көмегімен құрылады.  Шебердің  жұмысы
118

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
бірнеше қадамнан тұрады. Барлық қадамды орындағаннан кейін есепті алдын ала көру режимінде
көруге болады. Егер есеп өз қалауымызша шықпаса, оған әртүрлі түзетулер енгіземіз. Ол үшін design
жапсырмасына көшеміз. Бұл бөлім есептің құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Яғни бұл жерде
өрістің   орналасу   ретін   ауыстыруға,   әртүрлі   шрифт   түрлерін   таңдауға,   артық   өрістерді   жоюға,
графикалық   бейнелерді   орналастыруға   және   т.б   орындауға   болады.   Есеп   кеңеймесі   .rpt   түрінде
сақталады. Есепті қосымшада қолдану үшін стандартты емес элементті(Crystal Report) проектке қосу
керек. 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
A)
Тим Андерсон. Visual Basic «Шаг за шагом». – Москва, 1997.-223 б.
B)
Халықова   К.З,   Бостанов   Б.Ғ,   Тұрғанбаева   А.Р.   Обьектілі   бағдарланған   программалау
жүйелерінің негіздері. - Алматы, 2005. 
C)
Д.П. Мак-Манус. Обработка баз данных на Visual Basic 6.0.М, С-П, Киев, 2000. - 396 б.  
 -----------------------------------------------------------------------------------------------
Нысанбаева Венера Сисенбаевна,
БҚО, Казталов ауданы, Әбіш негізгі мектебінің 
биология пәнінің мұғалімі
Биология 6-сынып                     
Сабақтың тақырыбы:§26.Жемістің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы.
Жемістің   түрлері:құрғақ   және   шырынды,   қақырайтын   және   қақырамайтын,   біртұқымды   және
көптұқымды жемістер.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал