«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



жүктеу 5.01 Kb.

бет13/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

Батыс Сібір  тау
Зайсан қақпасы
Қаратал жазық
Алтай өзен
Торғай көл
Тұран қырат
Жалпы сырт көл
Орал өзен
Лепсі тау
Балқаш  Жазық
ІҮ. Берілген сөздердің орнын табу
Тарка – Карта
Нөзе – өзен
Фреасдигор- гидросфера
Қзажы – жазық
Сатбау – бастау
Алас – сала
  Тест
 1. Қазақстан өзендері қай алапқа жатады?
А) Үнді, Атлант;
Ә) Тынық мұхиты;
108

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Б) Атлант мұхиты, Ішкі тұйық көлдер
В) Солтүстік Мұзды мұхит, ішкі ағынсыз
2. Ұзындығы 1000 км - ден асатын өзен:
А) Есіл, Іле;
Ә) Талас, Жайық;
Б) Тентек. Ертіс;
В) Ырғыз, Тобыл
3. Каспий теңізі алабының өзендері
А) Сырдария, Торғай
Ә) Жайық, Сағыз
Б) Лепсі, Іле
В) Шу, Жем
4. Жақсы қалыптасқан кең арналы өзендер
А) жазық өзендері
Ә) тау өзендері
5. Өзен торы солтүстіктен оңтүстікке қарай:
А) молаяды
Ә) азаяды
6Қазақстанның ең ірі өзені:
А) Сырдария
Ә) Тобыл
Б) Ертіс
В) Іле
7. Қар мұздықпен қоректенетін өзендер:
А(Жазық өзендері
Ә) тау өзендері
Су – теңдесі жоқ табиғи байлық, оны ұқыпты пайдалану қажет.«2030 жылы Қазақстан суы 
мөлдір, ауасы таза, жасыл желекті, гүлденген ел болады» (Н.Ә.Назарбаев)
ҮІ. Өзен су туралы мақал мәтелдер айт
ҮІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: Қазақстанның ішкі сулары 
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті 
№1 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Байхазан Алмагүл
Саралап оқытудағы  деңгейлік тапсырмалар арқылы
сабақтың тиімділігін арттыру
         
Жаңа   технологияларды   күнделікті   сабақ   үрдісінде   пайдалану   үшін,   әр   мұғалім   өзінің   алдында
отырған оқушылардың жас ерекшелігін  ескере отырып, педагогтың  мақсат-міндетіне  байланысты,
өзінің   шеберлігіне байланысты   таңдап   алады.   Жаңа   техналогияны   жүзеге   асыруда   мұғалім
белсенділігі,     шығармашылық     ізденісі,     өз   мамандығына     деген     сүйіспеншілігі,         алдындағы
шәкірттерін  бағалауы  ерекше  орын  алады.   Осы  жағдайларды  ескере  отырып,  өз сыныбының
оқушыларын  бірінші  сыныптан  бастап  бақылау  жасай отырып  профессор  Жауынбай Караевтің
«Деңгейлеп   саралап оқыту   техологиясын»   таңдап   алдым.  Мұндағы   мақсатым-өз бетімен   дами
алатын ,  әр түрлі  өмірдің   қиындықтарына  төзе  білетін, белсенді, білімді  оқушы  тәрбиелеу. Бұл
технологияда , біріншіден – дамыта оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға мүмкіндік  береді, өйткені  ол
оқушының     ойлауын,     елестету     мен     есте     сақтауын,ынтасын,     белсенділігін     дамытып,     білім
сапасының  артуына   көмектеседі.  Әр  оқушының  кемінде  мемлекеттік-стандарт  деңгей   алуына
кепілдік     береді.Деңгейлеп     саралау     технологиясы     оқушының     да,     мұғалімнің     де     белсенді
шығармашылық  қызметін  дамытуға  бағытталған.Осы  технология  бойынша  жұмыс  барысындағы
өз тәжірибемнен   баяндайын.
2-сыныптан     бастап   математика,   ана   тілі,   қазақ   тілі,   дүниетану     пәндері     бойынша     деңгейлік
109

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
тапсырмалар  беріп оқушыларды  қалыптастыра  бастаймын.
Деңгейлік  тапсырма  1,2,3,4 деңгейде  беріледі.1-деңгейлік  тапсырма мемлекеттік- стандарт  
деңгейі, бұны  орындауға  барлық  оқушылар  міндетті.2-деңгей (алгоритмдік)  бірте-бірте  
күрделенеді  және мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдаланып  бұл деңгейлік  
тапсырманы  орындауға  оқушылар  құқылы. 3-деңгей (эвристикалық) мұнда тапсырмалар алуан түрлі
тәсілдер мен  жолдар арқылы шешіледі.Оқушы өзі ізденіп қосымша әдебиеттерден жауап береді,ой 
белсенділігі артады.
Ал 4-деңгей (шығармашылық) оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатындай ,  өзіндік   
пікірін  жеткізе  алатындай,  ойын  дәлелдей  алатын  қабілетті  оқушылар  орындайды. Әрине, 
барлық  оқушылар 4-деңгейді  түгел  орындап  шығады  деу  артық.1-2  деңгейді  түгелге  жуық  
орындайды  да, озат  оқитын  оқушылар  алға  кетеді.  Бағалау  «балдық» жүйемен  жүзеге  
асырылады.1-деңгейді  орындаған  балаға 5  бал,2-деңгейді  орындаған  балаға 10 бал, 3-деңгейге 15 
бал, 4-деңгейге20 бал. Бұл  технологиямен жұмыс істей  бастағаныма  көп болған жоқ.
Небәрі бес жыл ішінде көп тәжірибе жинадым деп айта аламын, бірақ мұғалімнің  ынтасы , жұмыс 
істеуге  деген құштарлығы  білім  беру  жүйесіндегі    нәтижеге  жеткізетінін  байқадым. Сонымен  
қатар  сынып  оқушыларының  арасында  кімнің  қай  пәнге  қабілетті  екенін  байқап, ары  қарай  
дамытуға  көп  көмегін тигізді. Шығармашылық  қабілеті  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін. 
Біздің міндетіміз-оқушыға оның  бойында  жасырынып жатқан  мүмкіндіктерін  ашып  көрсету. Кез  
келген  оқушы  мұғалімнің  басшылығымен  орындаған   шығармашылық  жұмысының  нәтижесінде  
өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады.Баланың  қабілеті  мен  талантын  дамытуды   неғұрлым  
ертерек бастаса, соғұрлым  оның қабілеті  толық  ашылуы  мүмкін. Егер  бала  бойындағы  қабілетті  
мұғалім байқамаса,  ол  бала  басқа   оқушылармен  бірдей   болып  қалады.Сондықтан  оқушы  
қабілетін  дамытуға  түрткі  бола  білу  қажет.Осындай  жұмысты  жүргізу  әр  мұғалімнің  
шеберлігіне  байланысты.Күнделікті  сабақта  қолданатын  деңгейлік  тапсырманы  қызықты  етіп, 
оқушылардың  қызығушылықпен  орындауын  қадағалау қажет.Мысалы  математика  сабағында  
оқулықпен  ғана  шектеліп  қалмай,  әртүрлі  қызықты  есептер  беру   керек.Сабақты  қызықты  етіп  
өткізу   үшін  мұғалім өзі   даярлану  қажет,  яғни  мынадай   нәрселерді  біліп-ескеру  қажет.
- математика  сабағында  оқушылардың  ой  еңбегі  мен  қабілетін  арттыру  және дамытудың  
тиімді  әдістерін  қалыптастыра  білу  керек ;
- берілетін  есептің  шығарылу  тәсілдерін  біліп,оны  ұғыну  керек;
- қосымша  әдебиеттерді  оқып,білімді  күнделікті  толықтыру  керек;
- есеп шығарудың әр түрлі жолдарын,тәсілдерін игеру керек.
- оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
  
Міне,өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім оқушысын еш уақытта 
жалықтырмайды деп есептеймін. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа 
сабақты бекітуге және өткен сабақтарды  пысықтауға арнап құрылды, бұл деңгейді сынып 
оқушылары толық орындайды, яғни  үлгермеуші  жоқ  екенін  осыдан  анықтауға  болады. Келесі  
деңгейдегі  тапсырмалар  алдыңғыдан күрделі   және  түрлендірілген  болады.  Осы  тапсырмаларды  
өз  бетімен  орындау – шығармашылық  жұмыс  бастамасы. Келесі  4-деңгейді   орындайтын  
оқушылар  бірте-бірте  дараланып  шыға  бастайды.Басқа  оқушылар   да  осы  балаларға  еліктеп,  
сабақтан  тыс  уақыттарында  да  жұмыс  істеуге  өз  беттерімен  отырады. Ал 4-деңгей  
тапсырмаларын  үнемі  жеке  карточкалар,суреттер, сызбалар, өз бетімен ізденуді қажет ететін жағжай
туғызу  арқылы  беріп  отырамын. Егер  қабілетті  оқушы  өз  жұмысын  уақытынан   ерте  аяқтайтын  
дәрежеге  жетсе,  басқа  оқушылардың  жұмысын  тексеруге  рұқсат  беремін, бұл  бастауыш  сынып 
оқушыларының  өзіне  деген  сенімділігін,  мұғалімнің  сенімінен шығу  үшін  аянбай  еңбектенетінін 
көрсетеді.
Ана тілі   пәні   бойынша   көбінесе   мәтінмен   жұмыс   жүргізуді   деңгейлік   тапсырма   арқылы
беремін. Бұл жұмыс  нәтижесі  ауызша  тексеріледі.  Әр бала  орнында  дайындалып  отырады. Оның
1-деңгейінде   мәтінді   мәнерлеп,   түсініп   оқып   отыру   тапсырылады. 2-деңгейде   осы   мәтіндегі
кейіпкерлерге   мінездеме   беру, немесе   табиғатты   суреттеген   тұсын   тауып   оқу, 3-деңгей   осы
мәтінге       деген    көзқарасы,     оны    өз     ойымен     аяқтау,     мәтінге     баға     беру   сияқты     жұмыстар
орындалады.   Егер   өлеңмен     таныссақ,     осы өлең   ұйқасына     салып   өлең   құрау       сияқты
шығармашылық     жұмыстар     тапсырылады.   Әр     тарау     соңынан     шығарма     жазу     қалыптасқан.
Шығарма  жаза  білген   оқушының  сұлулық   пен  әсемдік  туралы,  көрегендігі  туралы  түсінігі  мол
110

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
болады. Оқушылардың  тілдік  қорын,сөз  өнерін  дамыту  үшін  «Ертегі  құрау»  ойыны,  «Сөзден
сөз   тудыру», ойдан   жұмбақ, жаңылтпаш   құрау   т.б   ойындар   жүргіземін.   Оқушы   бойындағы
табиғат  сыйлаған  талантты  тани  біліп,  оны  ұштауға  бұл  ойындардың   көмегі  мол. Осындай
шығармашылық  жұмыстарды  ойдағыдай  атқару  үшін  мұғалімдердің  оқушыға  берер  әсері болуы
керек. Мысалы: балаға   сенім  қалыптастыру  үшін  «сен білесің», «сенің  қолыңнан  келеді», «лезде
үйреніп  аласың» деген  сөздер  қажет. Оқушының  өз  ойынан  шыққан  жетістігін  жоғары  бағалап,
мадақтап, көтермелеп  отыру  керек.
Мысалы:   ана   тілі     сабағында   «Туған     жер»     тарауын     қорытындылаған     кезде     әр     баланың
қабілетіне   қарай   тапсырма   беріледі. Шығарма   жазуға   қабілетті,   сөз     байлығы   мол   оқушыға
шығарма     жазуды       тапсырдым,     өлең     шығаратын     қабілеті     бар     оқушыларға     өлең   жазуды
тапсырдым,     сурет    салуға     икемі     бар    оқушыларға     туған    ауыл    табиғатынан    сурет    салуды
тапсырдым, ал   қалған   оқушыларға   табиғат   көрінісі     бейнеленген   суреттер   жинауға   тапсырма
бердім.Оқушының  қойған  сұрақтарына  шын  пейілмен  жауап  беру  керек  және  «бұлай  айтуға
болмайды»  деп еш  уақытта  тиым  салуға  болмайды.
Дүниетану   сабағы- өте   қызықты   сабақ. Бұл     сабақта   өсімдіктер   мен     жануарлардың,   адам
ағзасы   мен     қоршаған   ортаның,   табиғат   пен   экологияның адам үшін   алар   орнын   ашу, мәнін
білдіру.     Пәнге     қызықтыра     отырып,     білім     қорын     кеңейту     үшін     мұғалім     шеберлілігі,
шығармашылығы   керек.   Бұған   деңгейлік   тапсырма   беру,   қосымша     деректермен   таныстыру,
зерттеу     жұмыстарын     жүргізу,   саяхат,     халықтық     болжаулар     сырын     анықтау,     экологиялық
мазмұнды   есептер   шығарту, оқушының   жеке   және топтық   жұмыстарын   ұйымдастыру   кіреді.
Туған  ауыл  табиғаты,  ондағы  өмір  сүретін  жануарлар тіршілігі,  өсімдіктер  әлемін  күнделікті
өтіп  жатқан  жаңа  сабақтармен  байланыстыра  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді  қабілеті  жоғары
оқушыларға     тапсырма       ретінде     беремін.     Сол     бойынша         қосымша       әдебиеттер,
энциклопедиялардан   материалдар  жинақтау  тапсырылады.  Туған   ауыл  маңы,  жануарлар  мен
өсімдіктері    туралы    көркем    сурет    көрмесін    ұйымдастырдым.    Табиғи   денелерден    әр    түрлі
пішіндер     құрау     еңбекке     баулу       сабағында     жүзеге     асырылады.Тағы   да     басқа     танымдық
жорықтарға  барып, ой  бөлісіп, әр бала өз туған  табиғатын аялау керектігін  түсіндіріп отырамын. 
Қорыта  айтқанда әр оқушы ақырындап өз деңгейімен көтерілсе, қолынан келмейтін іске 
итермелемесек, оқушы ешқашан сабаққа деген қызығушылығын  жоғалтпайды.
   Бұл  әрі  қарай   оқушының  тілін  дамытуға, сөз   байлығына, еркін  сөйлеуінің дамуына  үлкен 
ықпал   етеді.Жалпы сыныбымдағы  оқушылардың  ана  тілінен  көрсеткіші  мынадай.
              «5»- 38 %                     «4»-34%                  «3»-28%    
Күтілетін нәтиже: Осы айтылған  әдіс-тәсілдердің  бәрін жүзеге асыру  оңай  шаруа емес. Оған  
шығармашылық  тұрғыда  ізденіс,шыдамдылық, жүйелі жұмыс  жасай  білген жөн. Караевтің  бұл  
технологиясы  бойынша  жұмыс  істеудің  тиімді жақтарын  айтатын  болсам:
FF)
әр оқушы өздігінен жұмыс  істеуге дағдыланады;
GG)
оқушының  жеке қабілеті  айқындалады;
HH)
іштей бір-бірінен  қалмауға  тырысып,  талпынғанын  көріп  риза  боласыз;
II)
тапсырманың  күрделену  деңгейіне  сәйкес  оқушының  ойлау  қабілеті  артады;
JJ)
әр  бала өз  деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
KK)
сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын  біліп отырады; 
(1-деңгей «3», 2-деңгей «4», 3-4 деңгей «5»)
LL)
жұмыс дәптерінің  соңына әр деңгейді орындағаны  жайлы  белгі қойып, жинаған ұпай санын 
оқушылар өздері жазып отырады;
MM)
даму мониторингісін құрып, оқушылардың дамуын  қадағалауға және ата-анасымен байланыс 
жасауға жеңілдік  туғызады;
NN)
бір ғана сабақта есептің бірнеше түрін шығарады;
OO)
жаңа оқулықтағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген;
Саралап деңгейлеп оқытудың сипаттамасын ,  нәтижеге  жету  жолдарын  мына сызбалардан  
көруге болады.
           1-ші міндетті деңгей
2-ші алгоритмдік деңгей
               қарапайым өмірге                                                логикалық тапсырмалар
111

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
                      байланысты                                                        ребус,кроссворд шешу,
              жаттығулар орындайды                                           5 жолды өлең құрау
       3-ші  эвристикалық деңгей                       4-ші шығармашылық деңгей
            алуан түрлі тәсілдермен
ой толғау,өлең құрастыру,
              жолдар арқылы шешеді.
ой топтастыру,зерттеу жұмыстары
             графиктер,диаграммалар,
жоспарлау, жобалау,автор ойын
мысалдар құрастыру,дұрыс 
жалғастыру,елес,қиял жетегінде
                         шешім табу
жаңа идеялар айтады
Ал  енді қиындық  жағына келсем, оқушыларға көп қиындық  бола қоймайды. Тек мұғалім үшін 
туғызар қиындықтары  бар. Әсіресе математика пәні кезінде деңгейлік  тапсырмаларды  тексеріп, 
дұрыс болған  жағдайда ғана келесі деңгейге көшу  керек, осы  кезде мұғалімге  бүкіл  сыныпты  
тексеріп  шығу  өте  ауыр.Бұған  бірте-бірте төселіп, өзіме ыңғайлы болу үшін  1 қатарда 3 деңгейді 
бірдей уақытта орындайтын оқушыны  отырғыздым. 2 қатарға 2деңгейді  бірдей   уақытта  
орындайтын  оқушыларды, 3 қатарға  1 деңгейді  ғана орындайтын  оқушыларды отырғыздым. Сонда 
ары- бері жүріс азайып, бір қатардан екінші қатарға ауысып отырамын. Бірақ оқушыларға бұл 
тапсырмаларды қызыға, ынталанып орындағанын  еске ала отырып  кез келген қиыншылыққа төзуге, 
жеңуге болады деп ойлаймын.
 Сонымен қатар математика пәнінен алынған бақылау жұмыстарына да  маниторинг жасап 
отырамын.
2-3- тоқсан бойынша математика  пәнінен  алынған бақылау жұмыстар      көрсеткіші.
                  43%             44%              53%          57%           62%           62%
Осы бақылау жұмыстарын екінші жарты жылдықта оданда жоғарылатуыма көп көмек береді. 
Жалпы білім сапасын көтеруді бір көмекші құралы. Жеке оқушымен де осылай деңгейімен жұмыс 
жүргіземін.
Әрбір сабақ –ол қайталанбас өнер, шығармашылық десек, бұл деңгейдегі мұғалім орны ерекше
екені   айтпаса да түсінікті. Елдігін, ұлттың ұнамдысын, халықтың қастерлісін, абзал ардақтысын,
жүрегіндегі нәрін оқушыларының бойына сіңіріп, әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу «ұстаз»
деген  ұлағатты есімнің міндеті, парызы – деп білемін. 
Ол   әр   ұстаздың   ұйымдастыру   қабілетіне,   тереңдетіп   оқушы   ой-санасына   жеткізе   білу,   шәкірт
жүрегінен орын алу, бастысы өз мамандығын сүйген, бал тамған бала тілінің бағын ашар жан болуы
шарт. «Жақсы шәкірт-ұстазының мұраты»-деген   олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден
балаға»- деп ешқашан ертең демей жақсы шәкірт тәрбиелеуден жалықпайық .
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы,Казталов ауданы, Сексенбаев ауылы
Т.Сексенбаев атындағы жалпы білім беретін бастауыш мектебі
Галимова Баянсұлу – бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат.
Мақсаты: Балалардың табиғат туралы түсінігін анықтау.                                                                           
Жанды, жансыз болуын дәлелдету. Табиғаттың адам өмірі үшін қажеттінің бәрін беретінін, сондықтан
табиғатты сүю, оны қорғау керектігін өздері бақылай отырып, қорытынды шығару.
Адамның жақсы, жаман, білімді, тәртіпті, ақылды болып кездесетінін, өз пікірлерін айтып, шешім 
қабылдауына, салыстыруға түрлі тапсырмаларды орындату.
Жеке, топпен, жұппен қалай, қайтіп жұмыс істейтіндерін зерттеп, бақылау
Міндеттері:
-оқушылардың табиғат тіршілік  бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат 
заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.
-оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.
-ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Пайдаланатын материалдар:  1. Плакатта аспан және жер бетін бейнелеген сурет. Жеке-жеке 
112

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
тапсыруға арналған суреттер: тау, өзен, ағаш, жануарлар, құстар, киіз үй, ата және әже.
2. Жұптық, топтық, жеке жұмыстарға арналған карточкалар, схемалар.
3. Таза парақ пен түрлі қарындаштар.
Шаттық шеңбері. Балалар кезекпен өздерінің Жер анаға деген ізгі тілектерін білдіреді.
Шөліркемей гүл тұрсын! (сол қолын жайып көтереді)
Жерім жайнап құлпырсын! (оң қолын жайып көтереді)
Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)
Көкте мәңгі гүл тұрсын! (екі қолын төбесіне көтереді)
Нұр сыйлаған күн ыстық (қолдарын жаяды)
Ыстық бізге кең өлке (оң жаққа қарайды)
Ыстық бізге тыныштық! (сол жаққа қарайды)
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларға ақ парақ таратылып, жұмыс барысында қажет болған кезде пайдаланатындарын 
ескерттім. 
- Балалар, тақтадағы ілулі суреттен жылдың қай мезгілін көріп отырсыңдар?
- Жаз мезгілі.
- Оны қайдан байқадыңдар?
- Ашық аспан және жердегі өсімдіктердің құлпырып тұрғандығынан
- Дұрыс. Ендеше, балалар, менің бастаған жұмысыма сендер көмектеседі деген үміттемін.(балалар 
көмектесетіндерін білдіріп жатты)
- Жазда барып, өзеннің жағасына бөгелдім. Кім айтады, кәнеки, мен ол жерде не көрдім?
- Тау, өзен, ағаш, құс, гүл және т.б. (айтқан сөздеріне қатысты плакатқа көргендерін жапсырып 
отырды.)
-  Жазда тауға өрмелеп, 
   Шаршап талай бөгелдім.
   Қарап едім, не көрдім?  
күн, бұлт, жануарлар, аққу, тас т.с.с (тағы да жапсырды)  
Табиғаттың қай түрін көріп отырсыңдар?
Тірі табиғат, өлі табиғат.
Доппен жұмыс: Допты әр балаға лақтырып тірі табиғат десем тіріні, өлі табиғат десем, өліні атау 
керек екенін ескерттім.
Табиғатқа арнап ән шумағын жазған қазақтың ұлы ақын адамы кім еді? Абай Құнанбаев
Ән сабағында жаттаған Абайдың әнінің аты қалай?
Желсіз түнде жарық ай.(әнді бәрі орындап, әннің ырғағымен, қимыл қозғалыс жасауына болатынын
ескерттім)
Балалар, алдарыңдағы қағазға табиғат, оның түрлерін көрсетіңдерші. 
Яғни, тіріге адам, жануар, өсімдік. Өліге: күн, ай, жұлдыз, тау, тас, су екендігін ажыратады.
Тапсырмалардың орындалу тәртібі:
1.Қажет сөздерді сызықпен белгілеу керек екенін ескерту.
2.Жауап берерде топ ішінен бір оқушы, не бәрі жеке-жеке айтуға болатынын ескерту.Топтың 
жұмысына бірден сәтті орындалғанын айтып,немесе қателескен жері болса, басқа топтармен 
ақылдасып дұрыс шешімін айтқызуды қалыптастырдым.
Пікірталас
Киіз үйдің суретін плакатқа жапсырып тұрып:
-Мына өлі табиғатты ұмытып кетіппіз,- дедім
-Жоқ, ол табиғат емес
-Неге табиғат емес?
-Ол зат
-Оның зат екенін қайдан білесіңдер?
-Ол адамның қолымен жасалған зат.
-Адам. Адам дегеніміз кім?
-Ол тірі табиғат. Қозғалады, жүреді, сөйлейді, 
еңбек етеді
-Жануарлар да, құстар да осындай іс-әрекет 
113

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
жасайды ғой, олардан қандай айырмашылығы бар?
Адам оқып білім алады. Ақылды, миымен ойланады. Адам екі аяқты, жануарлар төрт аяқты. Құс 
ұшады, адам өздігінен ұша алмайды
Жаңа адам білім алады дедіңдер. Дұрыс-ақ, балалар. Білімді қайдан алуға болады?
Жұптық жұмыс: Кім не істейді?
Екіге бөлінген карточканы таратып, жұптарын тауып, берілген сойлемді дауыстап анық оқу керек 
екенін ескерттім. Қосымша басқа да мамандық иелерін айтып, ол жайлы тоқталып, білетін өлең 
шумағын, мақалдарын айтты.
Жаңа ақпарат
«Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің 
бәрін табиғаттан алады.  Табиғат адам үшін жайлы мекен,барлық игіліктердің бастауы.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техника пайдаланудың жаңа 
стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы-адамзат амандығы» екенін 
естен шығармау керек. 
Адамзаттың басты міндеті-табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, 
қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу». 
Мұғалім оқушыларды ақпаратпен таныстыру арқылы  адам мен табиғаттың бірлігі, табиғат 
адамның асыраушысы, панасы, сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау адамның  
парызы екенін ұғындырады.
Түйіндеме
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып-құру жағдайында екендігі жиі айтылады. 
Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты 
тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ.Ал 
адамдарды улап жатқан газ, түтін, улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін 
тигізуде.Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда,бұл тек ауа,су, тамақтың ластануынан ғана 
болып жатқан жоқ.Егер адам баласының рухани әлемі мұншама ластанбаған болса, адамдар барлық 
сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан  
басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз  сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң 
пайда болады.Демек, сыртқы  әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі.Сондықтан 
ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы,сезімі, тілегі, мұраты таза  
болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер,
біздер оны қорғауымыз керек.  Балықтарға су, ал құстарға орман, тоғай керек. Демек, табиғатты 
қорғау өз Отанымызды сақтау деген сөз.  “Табиғатты қорғайық” деген белгі тапсырылды.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Шуриева Бақтылы Тлеккабылқызы
Атырау қаласы.  Бесікті орта мектебінің

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал