«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Пайдаланылған әдебиеттер:

ҚР Білім туралы Заңы. 2007 жылғы  27 шілдедегі №319 Заң 

Ж. Б. Қоянбаев. Р. М. Қоянбаев.   Педагогика.Алматы,  2004

Ш.Құрманалина, Б. Мұқанова, Ә. Ғалымова, Р. Ильясова . Педагогика. Астана , 2007

С. Губашева, А. Отарбай.  Тәрбие жұмысының әдістемесі. Астана, 2011

Ә. Усманов, М. Сәрсенбаева . Педагогика (дәрістер жинағы). Алматы, 2005

С. Мұсаева, Т. Бегалиев . Жас ерекшелік педагогикасы. Астана , 2006

Құрастырушы И. Баженова. Педагогикалық ізденіс . Алматы , 1990

С. Бабаев.Тұлғалық педагогика. Алматы, 2011

Н. И. Болдырев. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі.  Алматы, 1987

  Қосымша   білім   және   тәрбие   журналы.   Республикалық   оқу   әдістелік   журналының
басылымдары.

Темірқазық журналы. Балалардың ғылыми техникалық шығармашылығы. №1,2012 ж .Астана
-------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі
Шүкіров Жасұлан Ерболатұлы
Қазақ тілі мен әдебиетінің І санатты мұғалімі
Пән: әдебиет  6-сынып          
Күні: 13.05.13   
Тақырыбы: 
Д.Исабеков. «Ата үміті»
Мақсаты
Мақсаты: Шығарманың мазмұнымен оқып, танысу.
Күтілетін нәтиже
А) Шығарманы түсініп оқиды, сюжетін меңгереді және өз 
сөзімен баяндай алады. 
 В) Шығарманың сюжеттік жоспарын құра алады, басқа 
оқушыға мазмұнын түсіндіре алады.
С) Шығарма мазмұнын өткен,оқыған шығармалармен 
салыстыра баяндайды.
Керекті жабдықтар
Әдебиет оқулығы, көркем әдебиеттер, флипчарт, ноутбук, 
стикер, Интернет.kk.wikipedia.org.
Сабақ 
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылармен амандасу. Психологиялық 
дайындық.
Сергіту сәті.  Қалаған түстері бойынша 
оқушыларды топқа бөлу. Топтардың атауы: 
І топ:«Сары түс» 
ІІ топ: «Жасыл түс»
ІІІ топ: «Қызыл түс»
  
Топтағы оқушыларға түсінігін бағалау 
үшін бағдаршамдар  беріледі. Үй 
тапсырмасын «ТВ шоу» әдісімен 
тексеремін. Сұрақтар:
 Шығармадағы соғыс зардабы қалай 
көрінген? Жетім қалған балаларды ауылға 
неліктен алып келді? Ахмет шал неге неміс 
баласын асырап алды? «Балалар 
республикасының тең құқылы азаматы» 
болудың Зигфрид үшін қандай қиындығы 
болды? Ол сыннан жаңа отбасы, оның 
мүшелері қандай іс-әрекет, мінез-құлқымен 
Мұғаліммен амандасады. 
Топтарға бөлінеді.
Топ мүшелері сұрақтардың 
жауабын айтады. Әр оқушы өзіндік
көзқарасын білдіреді. 
101

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
сүрінбей өтті? Кейіпкерлер сөзінен 
адамдардың бір-біріне «халық жауы» деп 
жала жапқан баяғы 1937-1938 жылдардың 
елес беріп қалатындығына мәтіннен мысал 
келтіріп, өз бағаларыңды беріңдер.
Қазіргі кездегі бала асырап алу жөнінде 
не білесіз?
Тұсау-
кесер
 «Дермене»дегенді не деп ойлайсыз? 
Ергеш бұл затты атасымен далаға теруге 
барды.Бұл зат арқылы табыс табуға болады.
Ергеш бұл зат арқылы оқу құралы мен 
велосипед алуды армандады. Бұны емдік 
қасиеті үшін жинайтын. Бұның бір түрі 
бізде өседі, оның қышқыл иісі бар, оны біз 
күнделікті өмірде қолдануымыз мүмкін. 
Шығармадағы оқиғаны болжап 
айтады. Оқушылар болжамдарын 
тақтаға жазады. Бұл шешімге қалай
келгендігін айтады.
Негізгі 
бөлім
А)Тақырыпты бөлімдерге бөліп, топтарға
тапсырамыз. Топ ішінде  талқылауға уақыт 
беріп, «Қарлы кесекпен» бір-біріне 
талқылауға жібереміз.   Ә) «Бағдаршам» 
бойынша топтың  қаншалықты түсінгенін 
анықтау.  Б)  Түсіндірген топ түсінген топқа 
сұрақтар қою арқылы бір-бірін түсіндіреді. 
В)  Алдын-ала белгіленген критерийлер 
бойынша топтар бір-бірін бағалайды.            
Мәтінді оқып, топта талдайды. 
Бір оқушы келесі топқа барып, бір-
біріне түсіндіреді.
Өзгелерді тыңдай отырып,өз 
білімдерін толықтырады. 
Түсіндіреді,пікірлерін 
байланыстырады,салыстырады,түй
ін шығарады. 
Бағдаршам,сэндвич,кері байланыс 
арқылы бағалайды.
Қоры-
тынды
Тақырыптағы проблема.Қазіргі заманмен 
салыстыр.
Проблеманы табады, 
салыстырады, қорғайды.
Үйге 
тапсырма
Дулат Исабековтың «Ата үміті» 
шығармасын оқу.Дермене туралы 
мәліметтер тауып,дәптерлеріңе жаз.
Үй тапсырмасын күнделікке 
жазады,шығарманы оқиды,дермене
туралы ізденеді.
Ахметкалиева Жанна Тасқалиқызы
БҚО, Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы
А.Хұсайыновв атындағы жалпы орта білім беретін 
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Математика
Тақырыбы: Бекіту. Білім деңгейлерін тексеру.
Мақсаты:   Білімділігі: Оқушылардың өткен тақырыпқа байланысты білімдерін тиянақтау, 
білімдерін тереңдету, пысықтау (10 көлем. Кестелік қосу және азайту)
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, өрісін, дағдысын қалыптастыру. Есте сақтау 
қабілетін арттыру, логикалық есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, 
ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, достық қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті
Сабақтың түрі: Ертегі, жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойнау, ойлау, ой қозғау, топтастыру стратегиясы, СТО әдісінің кейбір
102

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
элементтері
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту:
Сабаққа дайындық жасау:
Кітапты жастан оқы,
Оқымай білім жұқпас
Білімсізден өнер шықпас
Сәттілік тілейік бір-бірімізге
«Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз!»
1-оқушы: Шерхан, бүгінгі күнің сәтті өтсін!
2-оқушы: Перизат, мен де саған жақсы күн тілеймін!
3-оқушы: Еділ, Деніңе саулық тілеймін!
4-оқушы: Айбек, аспаның ашық болсын!
5-оқушы: Дилара, мен саған жақсы көңіл-күй сыйлаймын!
6-оқушы: Ақжан, бақытты бол!
7-оқушы: Бегайым, сабағыңды 5-ке оқы!
8-оқушы: Азамат, атыңа лайық азамат атан!
9-оқушы: Ақылжан, ақылды, озық ойлы бол!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Балық аулау» ойыны бойынша
Q)
әр оқушыға берілген логикалық тапсырманы тексеру
ІІІ Жаңа сабақ:
R)
Сабағымыздың тақырыбын ашып алу үшін мына сөзжұмбақты шешейік
Ой қозғау  1. үздік баға
2. рәміздің бірі
3. құс аты
4. тышқан үйі
5. ең үлкен бір таңбалы сан
6. киіз үйдің бір бөлігі
S)
Сабағымызды топтық жарыс түрінде өткіземіз.
T)
Топтар өз топтарын таныстырып өтсін.
І топ «Білімділер» тобы
- Бір сыныпта оқимыз бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендерге келіп тұрмыз
(Мына) оқушылардың таңырқасын бәрі бізге
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, Білімсіздің күні - қаріп»
U)
Жарыс сабақ болған соң, әр топтың аты болады.
ІІ Ойшылдар тобы
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы»
Оқушылар, бүгінгі сабағымызертегі желісінде құрылды. Мен сендерге бір математика елінің 
ақылгөй дана қариясы туралы ертегіден бастайын, тыныш отырып, тыңдайық. Бір елде ешқандай 
баласы жоқ кедей, данаға барып, перзент сүйгісі келетінін айтады. Сонда қария батасын беріп тұрып, 
былай дейді: Үш күннен соң түс көресің, түсіңде жеті мүшеңе жеті құт беремін дейді. 7 бала дүниеге 
келеді, аттарын 7 күнмен атайды.
V)
Ертегі ұнады ма? Бүгінгі күн қай күн? (1-оқушы Дүйсенбі)
W)
Бүгінгі математика сабьағымызға «Бауырсақ» ертегісіндегі «Ата мен әже» қонаққа келіпті. 
Алғашқы ертегіміздегі кедей сияқты ата-мен әженің де балалары болмапты. Содан ата-әжеге 
103
Б
Е
К
І
Т
У

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
бауырсақ пісірші депті, Содан Әже бауырсақ пісіріп, суытайын деп терезе алдына қойса, 1 бауырсақ 
домалап жерге түсіп кетеді. Домалап жолмен келе жатады. Ол ормандағы аңдардан қорқып келе 
жатқанда алдынан «қоян» шыға келеді. «О, іздеген азығым сен бе едің, мен сені жеймін» дейді. 
Бауырсаққа көмектесейік, қоянның тапсырмасын орындайық.
Қоянның тапсырмасы:
Логикалық тапсырма: 1) 10асықтың 3-ін досың сұрап алады, айтшы сонда нешеуі өз қолыңда 
қалады? (7)
2) Тақтаның 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастадың, неше бұрышы қалды? (5)
Қасқырдың тапсырмасы:
5.
ағаш басында 8 балық отыр еді, оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды.
6.
Жанұядағы 5 ер баланың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда қанша бала бар
7.
        ның сол жағында           оң жағында               орналасқан   
             қайда орналасқан?
Қорбаңдай аюдың тапсырмасы: 
№2 Оқулықпен жұмыс: 1.Барлығы 6 бала еді, тағы келді 3 бала, қанша бала болды?
Өрнек құрастыр 6+3=9 бала
   2. Барлығы – 8 бала
Кетті – 2 бала   
Қалды - ?   бала? 8-2=6 бала
№4 – мына сандардың құрамын жаз:
Түлкінің тапсырмасы:
23.
Бір жақсы сергіту сәтін жасап беріңдерші?
X)
Ал, балалар, тұрайық,
Қане қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық.
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп-жүзіп алайық.
Шаянға ұқсап балпылдап,
Қане, айналып алайық.
24.
10 санының құрамын топтастырып, қандай екі санның қосындысы екенін жазып берсін – 
дейді.
25.
– Түлкі: Ой балалар менің құлағым естімей тұрғаны, мен қартайған түлкімін ғой. Мына 
тапсырманы орындамасаңдар, бауырсақты жеп қоямын.
Ойлан тап: «Шығармашылық тапсырма»
І топқа
ІІ топқа
1. Қанша шаршы бар?
2. Үшбұрыштың үш жағының да қосындысы 10 ға тең болуы керек.
Бауырсақ: -  Балалар, мені құтқарғандарыңа көп-көп рахмет. Бауырсақты атай мен әжейге апарып 
берейік.
Ата мен әже қуанып, сендерге тағы да пісірген бауырсағынан сыйға бауырсақ бермекші. Ой ата-
әже, көп-көп рахмет!
Енді, ертегіміз бітті, сабағымызды қорытындылайық!
Түртіп алу стратегиясы бойынша, кестені толтыру.
Білемін
Білгім келеді
Нені білдім
 
Топтарды біліміне қарай жеке-жеке мадақтап ынталандыру
Оқушыларға өз-өздерін бағалату.
Үйге тапсырма: №5 есеп 140 бет
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
104

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Қарағанды облысы Осакаров ауданы 
«Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ
            бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Нұргүл Толегеновна
Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова  «Астана»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға К.Ахметованың «Астана» өлеңінің мағынасын түсіндіру, 
меңгерту.
 2. Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын дамыту, ойын жеткізе білу дағдыларын 
жетілдіру.  
  3. Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушылардың бойында Отанына деген мақтаныш 
сезімдерін ояту,  Отанын құрметтеуге  тәрбиелеу. 
Түрі: жаңа білімді меңгерту.   Көрнекілігі:  суреттер, слайдтар,
Әдісі: түсіндіру, көрнекілік, әңгіме, сұрақ-жауап,    
Сабақтың эпиграфы:«Астана – Отанымыздың жүрегі,
Тәуелсіздігіміздің тірегі»   Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың барысы:
 I.    Ұйымдастыру кезеңі   II.    Психологиялық дайындық. Күн шуағы 
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне, Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз  Кілең бестіктер болсын!!!
Олай болса, осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.
ІІІ. Үй тапсырмасы. Сәкен Жүнісовтің  «Кімнің мекені жақсы?» әңгімесі. 

Бұл әңгіме неше бөлімнен тұрады? 

Әр бөлімге ат қойған болатынбыз.
1 бөлім. Шалшықтағы көкқұтанның қонысы
2 бөлім. Жазық даладағы бозторғай  мен жауынқұрттар 
3 бөлім. Құрбақа, тышқан, құмырсқаның қоныстарына оралуы
- Кім әңгімелеп береді?
- Осыдан көкейлеріңе не түйдіңдер?
Слайд 
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
3. Бақа көлінде патша.
Балыұ суында патша.
Жігіт елінде патша.

Өз тұрған жерің саған ұнай ма? Несімен ұнайды? Ол туралы «О, шіркін! Дүниеде мен тұрған 
жерден ......» деп бастап толғана әңгімелеп бер. Әңгімеңде жоғарыда оқыған  мақал – 
мәтелдерді қолдануды ұмытпа.

Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс қай жер екен?

Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс - әркімнің өз мекені, өз жері екен. 

Алысқа кеткенде туған жеріңді, үйіңді сағынасың. Үйге келгенше асығасыңдар. Неліктен? 
Өйткені, отбасыңды сағынасың, ал отбасы – шағын Отанымыз. 
IV.    Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту. Ребустарды шешу.
АСТАНА                                          АЛМАТЫ
2. Мағынаны тану. Ребустардың шешуіндегі екі қала аты туралы не білесіңдер? / Қазақстанның ірі
қалалары, Алматы – бұрынғы астанасы болған, Астана – қазіргі бас қала..../
3. Мақсат қою. 
8.
Балалар, бүгін сабақта осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш 
Ахметованың «Астана» өлеңімен танысамыз. 
  Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол
біздің   Елордамыз   –   Астана.   Астана   –   Қазақстан   Республикасының   Елордасы.   Бұрынғы   атауы   –
105

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Ақмола.. Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Сендер – осы елдің болашағысыңдар.
Ендеше Астана туралы бүгін әңгімелеп, мақтан етейік.
4. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқу.
- Өлең жолдары қалай басталып тұр? /Бәйтеректің басына сен шықтың ба?/ 
-Бәйтеректің басына шықтыңдар ма? Ол не?
-Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Соның бірі, біріншісі – «Астана – Бәйтерек» кешені 
болып табылады. Ол туралы не білесіңдер?
5. Көрініс «Астана – Бәйтерек» /Слайд/
        Атасы мен немересі келе жатады. Немересі Бәйтеректің бейнесін көріп, атасына сұрақ қояды. 
Немересі:Ата, осы Бәйтерек қандай мағына береді, оған неге Бәйтерек деп ат қойған? Атасы: Ой 
балам – ай, Бәйтеректің шығу тарихы, мағынасы өте тереңде жатыр.
Немересі: Ата, маған Бәйтерек туралы айтып беріңізші. Менің білгім келеді.
Атасы: Онда тыңда, балам. Ол «Астана – Бәйтерек» кешені болып табылады. Есіл өзенінің сол 
жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Бәйтеректі «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет 
туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген, балам. Өз бақытын іздеп шыққан
Ер Төстік қиын – қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік 
өмір ағашына таң – тамаша қалады. Дәл төбесінде ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына 
ие болады. Сөйтіп, бақытты, баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған 
«Бәйтерек» - Бас қаламыздың символы.
  «Астана – Бәйтерек» үш бөліктен – тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үшбұрышты күміс 
тұмар өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс, балам. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 
97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті 
Астананың көрінісін көруге болады.
  Немересі: Ата, барлық нәрсе тарихқа байланысты құрылады екен ғой. Енді менің есімде 
Бәйтеректің шығу тарихы әрқашан сақталып қалады. 
Атасы: Иә, еліңнің, жеріңнің тарихын білу, әрі оны қорғау сендердің парыздарың, балам.
Немересі: Ата, мен Бәйтерек туралы өлең оқып берсем бола ма?
Атасы: Айта ғой, балам, айта ғой.
Немересі:
                   Бәйтерек
Қазағым, қара орманым, байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асырған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!
Танытып терезесі теңдігіңді
Әлемге әйгіледі елдігіңді
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан – байтақ кеңдігіңді.
Атасы: Бәрекелді, балам! Жүр Бәйтеректен Астананың қандай әсем екенін тамашалайық! (Шығып 
кетеді)  
- Көрініс не туралы? Не білдіңдер?
V.  Сергіту сәті  -Олай болса бізде Астанаға саяхат жасайық. Әсем ән тыңдай отырып, біраз сергіп 
алайық. Слайдтар /Алматы, Астана/
- Иә, біз елордамыз туралы көп нәрсе білдік.Отанымыздың көрікті жерлері көп екен. 
VІ. Оқулықпен жұмыс. 
Күләш Ахметованың «Астана» атты  өлеңін оқиық.     1. өлеңді тізбектей /шумақтап/ оқу.
 2.  сөздік жұмыс. саф ауа – таза ауа, шоғырлан – жинал 
Сарыарқаның саф ауасы, түп қазыққа шоғырлан.
3. дәптермен жұмыс
1)Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндір.
а) Сарыарқа                       ә) Алатау                     б)  Алматы
                                                                                               
         Есіл                                  
                                                      Алматы                         Астана
106

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
      Астана
                    
     Бәйтерек
2)Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқы. 
VІ.   Үйге тапсырма. Суретпен жұмыс.
 – Суретке зер салып қараңдар. Сурет сендерде қандай сезім тудырады? 
 -  Ақынға ілесіп, суреттен алған сезімдеріңді өлеңмен жеткізіп көріңдер.
 Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Күләш Ахметованың «Астана» өлеңін жаттау.
VІІ.   Қорытындылау. 
Y)
Бүгін сабақта не білдік, не өттік? 
Z)
Өлеңнің авторы кім? Автор туралы не білдік?
AA)
Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады?
BB)
Астана қаласы бұрын қалай аталды? 
CC)
Астана қаласының алғашқы сәулет туындысы? 
DD)
Бәйтеректің басына қандай құс ұя салады екен? 
EE)
Бәйтеректің  биіктігі неше метр? 
     Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымызды мақтан етейік. Жарқын 
болашақ күтіп тұрған елімізде терең білім алып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді 
қосайық. 
VIIІ     Бағалау. Бәйтерек жапырағы 5-қызыл, 4- жасыл, 3-сары.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Наурызова Бақытжамал Шәріпқалиқызы, 
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараөзен ауылы, 
Қараөзен мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақстанның ішкі суы, жер бедері мен климат ерекшеліктеріне 
байланысты екенін айта отырып «Өзен режимі», «Солтүстік Мұзды мұхит» «Ішкі тұйық су алабы» 
ұғымдарын түсіндіру. Ұсынылған теориялық мағлұматтарды зерттеп,, әр түрлі статистикалық 
картографиялық материалдарды пайдалана отырып, Қазақстан өзендеріне анықтама беру дағдысын 
қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, өз ара бірін - бірі оқыту, ұқсастық және 
даралық, түртіп алу стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар, слайдтар арқылы 
суреттер көрсету, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы І. Қызығушылықты ояту. Ішкі су сөзін естігенде, кімге қандай нәрсе елестеді? 
Топтастыру. Жеке жұпта ой бөліседі., топта пікірлеседі, ортақ пікірді ақ қағазға түсіреді.
Схема көрсетіледі. Өз ойларын жеткізеді.
ІІ.. Мағынаны ашу. Оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады.
Өзен деп нені айтады? Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар? Жер бедері өзеннің ағысына 
қалай әсер етеді? Оқушы жауабынан соң,  картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге 
тоқталып өтеді.
Өзара бірін - бірі оқыту стратегиясы
1) Қазақстанның өзендері мәтінін оқытып, талдау жасату. Мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін 
әрбір оқушы кезекпен оқыған бөліктерін қорытындылап айтады.Интерактивті тақтаны пайдалана 
отырып қысқаша қорытындылау.
3. Түртіп алу стратегиясын қолдану.
1. «Қзақстанның өзендері» атты текст беріледі. Мұндағы ақпараттармен танысу барысында, әр 
абзацтың тұсына белгі қойып отырасыздар. оқу барысында қойылатын қажетті белгілер:
V - білемін, - білмеймін, + мен үшін жаңа мәлімет,?- тереңірек білгім келеді.
Қазақстанның өзендері
1. Өзен дегеніміз - бұл арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су ағыны.
107

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
2. Негізгі өзен барлық салаларымен қоса өзен жүйесін құрайды.
3. Бетіндегі судың бәрі бір өзенге келіп қосылатын құрлық ауданы өзен алабы деп аталады.
4. Өзендер жаңбыр суынан, еріген қар мен мұз суынан, жер асты суынан қоректенеді.
5. қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа: Солтүстік Мұзды Мұхит алабы мен ішкі тұйық 
көлдер алабына жатады.
6. Еңістік дегеніміз өзеннің белгілі бір учаскесіндегі оның ұзынды ғының бөлігі болып табылады.
І= H - H/L
I - еңістік мөлшері
Н1 - басталған жердегі абсолюттік биіктік
Н(2)- сағадағы абсолюттік биіктік
L - өзеннің ұзындығы
7. Су шығыны дегеніміз белгілі уақыт ішінде өзеннің көлденең қимасынан ағып өткен су мөлшері.
8. Жыл бойындағы өзеннің су шығынын жылдық ағын деп атайды.
9. Ағын судың тау жыныстары шайып, ағызып әкету процесін өзен эрозиясы деп атайды.
10. Бастауы еңіс келетін тау өзендерінде ағыс жылдам болып, өзеннің арнасы тереңдейді, орта және 
төменгі ағыстарында су ағызып әкелген малта тас, құм тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды 
аллювий деп атайды.
11. Өзеннің су көтерілмеген ескі арнасын терраса деп атайды.
12. Өзенмен тасымалданатын қатты заттың бәрін қатты ағын деп атайды.
2. Белгі қойылған соң оларды топтау мақсатымен, реттік нөмірі бойынша төмендегі кестені 
толтырасыздар
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
1. Картаны пайдаланып, Солтүстік Мұзды мұхит, Каспий, Арал, Балхаш, Алакөл алаптарының 
өзендерін анықтап картаға түсіру.
2. Сырдария, Жайық, Ертіс өзендерінің ұқсастығы мен даралығын анықтау.
ІІІ.«Иә,жоқ» ойыны
1.
Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар? (иә)
2.
Ертіс, есіл, Тобыл Арал теңізіне барып құяды? (жоқ)
3.
Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады. (жоқ)
4.
Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атаймыз? (иә)
5.
Елордамыз Есіл өзенінің бойында орналасқан? (иә)
6.
Сырдария Қазақстан Республикасындағы ең таза өзен? (жоқ)
ІҮ. Адасқан нысанды табу

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал