«Жаңа Қазақстанның – жаңа идеологиясы қандай болуы керек?» 11 қантар күні президент Тоқаев күллі Қазақстан елін – «Жаңа Қазақстанды»



жүктеу 16.71 Kb.
бет1/3
Дата19.07.2022
өлшемі16.71 Kb.
#20799
  1   2   3
Токаев

«Жаңа Қазақстанның – жаңа идеологиясы қандай болуы керек?»

11 қантар күні президент Тоқаев күллі Қазақстан елін – «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырып, көптеген саяси және экономикалық реформалар басталатынын айтып өтті. Бірақ осы реформаларды жүзеге асыратын қарапайым адамдар ғой. Егер тек бағдарлама жарияланып, оны жауапкершілікпен іске асыратын адам болмаса, әрине ондай реформалар тек қағаз жүзінде қалып қалу қаупі бар.


Ал мемлекет пен ел алдындағы жауапкершілігін түсінетін, сыбайлас-жемқорлыққа принципиалды түрде қарсы тұратын, Қазақстан азаматы мен қазақ екенін мақтан тұтатын тұлғаны тәрбиелеу – ол тек идеологияның құзырында. Ешқандай жоғары жалақы, арзан пәтер, қаптап тұрған жұмыс орындарымен осындай тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу мүмкін емес.
Ендеше – «Жаңа Қазақстанның – жаңа идеологиясы қандай болуы керек?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа мен былай жауап берер едім – «Жаңа Қазақстанның идеологиясы – қазақи ұлттық салт-дәстүрге негізделіп, Алаш идеяларына сүйеніп, толерантты принциптермен толысқан болуы керек». Қысқаша айтқанда, жаңа идеология - «Мен Қазақстан азаматымын!», «Мен – қазақ болғаныма мақтанамын!», «Біз бір-бірімізді сыйлап, құрметтейміз!», «Ел мен жер алдындағы болашаққа мен жауаптымын!» деген принциптерді дәріптеп, соларды халықтың бойына сіңіртетін бағыт.
Менің ойымша, идеологияны 1-2 жылда қалыптастыру мүмкін емес. Мысалы, 1941-1945 жылдары жан пидалықпен отанды фашистерден қорғаған ұрпақты тәрбиелеу үшін Кеңес Одағына 20 жылдан астам уақыт керек болды. Яғни, 1917 жылы билікке келе салған большевиктер дереу өздерінің коммунистік идеологиясын халықтың бойына, әсіресе жас буынның бойына сіңірте бастады, осы бағытта оқытты, тәрбиеледі. Нәтижесінде, сол 1941-1945 жж. майдан шебінің бірінші орындарын осы коммунистік тәлім-тәрбие алған жас жігіттер мен қыздар басты. Бұл нені дәлелдейді? Яғни, ел мен жер үшін жан пидалыққа баруға дайын, жемқорлықтан алыс, толерантты патриот ұрпақты тәрбиелеу – біршама уақытты талап ететін процесс. Не ғұрлы тез бастасақ, со ғұрлы жылдам осындай саналы, өнегелі, патриот азаматтарға арамыз толады.
Бірақ – идеологияны қалыптастыру процессін неден бастау керек? деген сұрақ тағы пайда болады. Менің ойымша, «Жаңа Қазақстанның идеологиясы - еліміздің тарихына жаңаша көзбен қараудан басталуы керек». «Тегін білмеген - тексіз», «өткенін білмегенде ұрпақта - болашақ болмайды» деген дана сөздер осыны дәлелдеп тұр емес пе.
Ендеше өткенімізге шынайылықпен, жанашарлықпен қарау – осы идеологиядағы ұрпақ тәрбилеудің бастамасы болар еді. Оның үстіне, қазіргі таңда – тарихымыздың керемет қоры жиналыпта үлгерді, оны әрі қарай зерттеп-зерделейтін мамандарымызда аз емес. Енді тек сол тарихи деректерді жариялаудан қорықпай, керек жерде мақтанудан сескенбей, қоғам мен ел алдына ұсыну керек. Бұны қалай жүзеге асыру керек? дейсіз ғой. Оған да жауабым бар.

жүктеу 16.71 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет