Ж. И. Намазбаева Редакция алқасы



жүктеу 5.18 Kb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата01.06.2017
өлшемі5.18 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Резюме 
Бейсенова Ж.Ж. – к.психол.н, доцент КазГосЖенПУ  
Психологические особенности процесса профессионального самоопределения и 
самоутверждения личности 
В  статье  рассматривается  проблема  самоактуализации,  профессионального  самоопределения  и 
самоутверждения в психологической науке. Показаны особенности и значимость профессионального 
самоопределения  и  самоутверждения.  Проделан  психологический  анализ  формирования  
профессиональной  направленности  и  социально-профессиональной  адаптации  студенческой 
молодежи  к  высшему  учебному  заведению.  Систематизированы  и  теоретически  проанализированы 
взгляды и теоретические положения ученых-психологов.  
Ключевые слова: профессиональная психология, самоактуализация личности, профессиональное 
самоопределение, 
самоутверждение, 
профессиональная 
направленность, 
социально-
профессиональная адаптация, активная позиция. 
 
Summary  
Beisenova Zh.Zh. – candidate of psychological science, associate Professor Kazakh State Women's 
Teacher Training University 
Psychological peculiarities of professional self-determination and self identity 
 In article psychological differences of professional performance was observed. Also types of social – 
psychological adaptation in high school was investigated.  In the article the problem of self-actualization, 
professional self-determination and self-assertion in psychological science  was analyzed. The features and 
34 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
importance of professional self-determination and self-affirmation. Done psychological analysis of the 
formation of professional orientation and socio-professional adaptation of students to higher educational 
institution.  
Keywords: professional psychology, self-actualization of a personality, professional self-determination, 
self-affirmation, professional orientation, socio-professional adaptation, active attitude, professional abilities, 
professionally important personal qualities, professional growth, professional improvement. 
 

 
УДК: 378:37.03 
 
МӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ АМАЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛAШАҚ МҰҒAЛІМДЕРДІҢ 
ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ МӘН-МАҒЫНАСЫ 
 
Т.Б. Кенжебаева -Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Рһ.D докторы 
 
Мақалада ЖОО-нда болашақ мұғалім тұлғасының барлық құрылымының, соның ішінде зияткерлік жүйенің 
қарқынды  дамуы  сипатталады.  Студенттердің  зияткерлік  дамуының  әр  курстағы  ерекшеліктеріне  мінездеме 
беріледі, студенттің белгілі бір жасқа лайықты адам ретінде, әрі тұлға ретінде үш қырынан, оның жас ерекшелік 
және  тұлғалық  мүмкіндіктерін  анықтауға  негіз  болатын,  тұлғалық  сапасын  аша  түсетін:  биологиялық, 
психологиялық және әлеуметтік қырлары ашылады.  
Автор  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  бағытындағы  еліміздегі  зерттеулердің  инновациялық  және 
бәсекеге қабілеттілігінің айқындалу жолдары қарастырады. 
Түйін сөздер: студент, болашақ мұғалім, зияткерлік әлеует, толеранттылық, гуманизм, педагог мәдениеті, 
мәдениеттанымдық амал. 
 
Мұғалім мектеп жүрегі және ең әуелі мектепке керегі – білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті 
оқыта білетін мұғалім болғандықтан, оның қалыптасуы, жетілуі, біліммен сусындауы жастық шақта 
ЖОО  оқу  барысында  жүреді.  Болашақ  мұғалім  тұлғасының  мәдениетінің  жоғары  дәрежеде  болуы, 
оның  зияткерлік  мүмкіндігінің,  ой-өрісінінің  кеңдігі  біртұтас  педагогикалық  үрдістің  тиімділігін 
арттыра түседі.  
Әлеуметтік-психологиялық  жас  ерекшелік  категориясы  ретінде  студенттік  жаста  белгілі  бір 
психикалық  жаңа  туындылардың  пайда  болуы  тән.  Себебі  бұл  жаста  тұлғаның  барлық 
құрылымының,  соның  ішінде  зияткерлік  жүйенің  де  дамуы  қарқынды  болады.  Студенттік  жаста 
адамның психологиялық дамуы одан әрі жалғаса береді: зияттың бойындағы психикалық қызметтер 
қайта құрылымданады, жаңа өзгерістерге, кең әрі сан алуан әлеуметтік қауымдастыққа енген сайын 
тұлға құрылымы тұтастай өзгере бастайды.  
«Студент» (лат. studiosus; scholaris; scholasticus; studens - «ынтамен шұғылданатын, жігерлі жұмыс 
істейтін», яғни білімді меңгерген, іждағаттана жұмыс істеуші, шұғылданушы) –жоғары оқу орнында 
білім алушы адам [1]. Студент белгілі бір жасқа лайықты адам ретінде әрі тұлға ретінде үш қырынан 
сипатталады:  
1)  биологиялық  тұрғыдан,  ол  жоғары  жүйке  қызметіне  ие,  анализатор  құрылымы,  рефлекстері, 
инстинкт, дене күші, дене құрылымы, бойы, бет әлпеті, т.б. толық қалыптасқан бар адам. Адамның 
осы  аталған  қырлары  негізінен  туабітті  қалыптасады  және  тұқымқуалаушылық  нышанына  тән 
болады, бірақ белгіленген аралықта өмір талаптарының ықпалына қарай өзгереді.  
2)  психологиялық  тұрғыдан  тұлғаның  қасиеттері  мен  психологиялық  үрдістерінің,  күйінің 
тұтастығын  танытады.  Психологиялық  қырындағы  басты  ұстаным  -  психикалық  қасиеттер,  яғни 
(бағыттылығы,  темпераменті,  мінезі,  қабілеттері).  Психикалық  қасиет  психикалық  үдерістердің 
орындалуына, психикалық көңіл-күйдің туындауына тікелей қатысты болады; 
3) 
әлеуметтік  тұрғыдан  алғанда  студент  бойында  қоғамдық  қатынастар  іске  асады,  белгілі  бір 
әлеуметтік топтағы, ұлт құрамындағы студентке қажетті қатынастар туындайды, т.б.  
Осы  қырларды  игеру  студенттің  мүмкіндіктері  мен  тұлғалық  сапасын  аша  түседі,  оның  жас 
ерекшелік және тұлғалық мүмкіндіктерін анықтауға негіз болады.  
Мотивацияны қайта жасау, яғни, бір жағынан, құндылық бағыттардың барлық жүйесін жаңадан 
жасау, екінші жағынан кәсібилендіруге байланысты әлеуметтік қабілеттерді қарқынды қалыптастыру 
істері  осы  студенттік  жасты  зият  пен  нағыз  мінезді  тудыратын  ортақ  кезең  ретінде  айқындап 
көрсетеді. Бұл уақыт спорттық рекордтар және көркемдік, ғылыми техникалық жетістіктердің кезеңі.  
35 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
Жас  ерекшелік  психологиясы  мен  педагогикасының  тұжырымдары  бойынша,  студенттік  жаста 
ішкі  әлем  қырлары  мен  өзін-өзі  тану  деңгейі  өзгереді,  психикалық  үдерістер  мен  тұлға  қасиеттері 
эволюцияланады  әрі  тұлғаға  тән  бейімделе  бастайды,  сөйтіп  өмірдің  эмоционалды-ерік  белестері 
өзгереді.  
Адам  ғұмырының  жастық  шағында  өмірлік  құндылықтарды  таңдау  мәселелері  туындайды. 
Болашақ  мамандар  өзінің  ішкі  ұстанымын  өзіне  деген  қатынасына  («Мен  кіммін?»,  «Мен  қандай 
болуым  керек?»)  қарай,  өзге  адамдардың  қатынасына  қарай,  сондай-ақ  моральдық  құндылықтарға 
орай  қалыптастыруға  тырысады.  Осы  жастағы  адамгершілік  дамуына  тән  қырлар  қатарына  мінез-
құлқының  саналы  түрдегі  мотивациясын  күшейтіп  нығайту  үрдісі  жатады.  Бұндай  жағдайда 
табандылық, мақсаткерлік, қажырлылық, қайсарлық, дербестік, ынтагерлік, белсенділік, өзін басқару 
іскерлігі  сияқты  қасиеттері  елеулі  нығая  түседі.Бұнымен  қоса, көптеген  мамандар адамның  саналы 
түрде өзін басқару қабілеті 17-19 жасында толықтай дамып үлгермейді деген пікірді айтады [2].  
Демек, жастық шақ - бұл өзіне-өзі есеп беретін, өзіне-өзі баға беретін кезең. Өзіне-өзі баға беру 
мінсіз  «Мен»  және  шынайы  ақиқатты  салыстыру  жолымен  жүзеге  асады.  Бірақ  мінсіз  «Мен» 
толықтай  салыстыра  тексерілмеген,  сондықтан  кездейсоқ  болуы  мүмкін,  ал  шынайы  ақиқаттағы 
«Мен»  негізгі  тұлғаның  өзімен  жан-жақты  бағаланбаған.  Жас  адамның  тұлғалық  дамуындағы 
осындай  объективті  қарама-қайшылық  оның  бойында  өзіне  деген  ішкі  сенімділікті  қалыптастыруы 
мүмкін  және  кейде  сыртқы  агрессивтілікпен,  әдепсіздікпен,  дөрекілікпен  немесе  түсініксіз 
сезімдермен көрінуі мүмкін.  
Студенттердің зияткерлік дамуының әр курста ерекшеліктері бар. 
Бірінші  курста,  кешегі  ғана  абитуриент  ұжымдық  өмірдің  студенттік  формаларына  үйрену 
міндеттерін  шешеді.  Олардың  мінез-құлқы  жоғары  дәрежелі  конформизммен  ерекшеленеді.  Өзінің 
рөліне  деген  дифференциалды  қатынас  орнатпайды.  Оларға  пікірді  қабылдау  және  өз  мінезін  топ 
икеміне қарай өзгерту тән.  
Екінші  курс-  студенттердің  оқу  іс-әрекетінің  ең  қиын,  кернеулі  кезеңі.  Екінші  курстықтардың 
өміріне  оқу  іс-әрекетінің  зияткерлік  формалары  қарқынды  енеді.  Бұл  кезеңде  жалпы  дайындық 
жүреді, кең мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Аталмыш ортаға бейімделу үрдісі 
негізінен аяқталған кезең. 
Үшінші курс – мамандандыруға кіріспе, ғылыми жұмыстарға қызығушылықтарының беку кезеңі. 
Бұл  олардың  келешекте  дамуы  мен  кәсіби  қызығушылықтарының  тереңдеуінің  көрінісі  болып 
табылады.  
Төртінші  курс  –  оқу  практикасын  өту  кезінде  мамандығымен  шынайы  алғашқы  танысу  кезеңі. 
Олардың  мінез-құлқына  арнайы  дайындықтың  рационалды,  яғни  дұрыс  жолдары  мен  формаларын 
қарқынды түрде іздеу тән. Өмірдің көп құндылықтарын қайта бағалап, болашақ іс-әрекетінің нақты 
практикалық ұстанымдарын қалыптастырады. Болашақ мұғалім жоғары оқу орнының ұжымдық өмір 
сұру формаларынан біртіндеп алшақтап, меңгерілген зияткерлік әлеуеті негізінде кәсіби іс-әрекетке 
ауысады.  
Болашақ  мұғалімдердің  зияткерлік  әлеуетінің  жалпы  мазмұны  атқарып  отырған  міндетіне  тән 
кәсіби  қызметімен  тығыз  байланысты.  Осыған  орай  болашақ  мұғалімдердің  міндеттерін  нақтылау 
маңызды мәселе болып табылады. 
Білім, ғылым саласында, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ісінде сапалы, жаңа, жетілдірілген 
жұмыс  міндетін  қалыптастырумен  педагог  мамандары  айналысып  келді,  осы  дәстүр  өз  жалғасып 
тауып келеді. 
Педагог  мамандығы  түрлі  қызметтерге  жіктелсе  де,  оларға  тән  жалпы  қызметтік  мінез 
ерекшелігін,  яғни  өнегелі  қоғамдағы  оқу-тәрбие  ісінің  зияткерлігінен,  шығармашылығынан 
туындайтынын ескеруіміз керек. 
Қоғам тарихында көптеген әлеуметтік міндеттерді шешу кадрлар деңгейімен тікелей байланысты 
болып  жатады.  ЖОО-нда  болашақ  мұғалімдердің  зияткерлік  әлеуетін  дамыту  үрдісінде  мәдениетін 
қалыптастыру – бұл тәрбие мен білім берудің өзекті міндеті. Демек, тұлғалық өмір сүру болмысын 
қамтамасыз  ету  міндеті  көзделетіні  байқалады.  Ондай  жағдайда  болашақ  мұғалімнен  ең  алдымен 
оның  мәдени  әлеуеті,  тұлғаның  әлеуметтік  мәні  бар,  зияткерлік  әлеуетін,  өз  қабілеттерін  адамның 
өмірлік тәжірибесінде оңтайлы қолдана алу шеберліктері ескеріледі.  
Осы  мәселе  төңірегінде,  яғни  мұғалімнің  кәсіби  қасиеттеріне,  ерекшеліктеріне  қатысты 
ғалымдардың ойлары бар. В.П. Беспалько, К.А. Абульханова-Славская пікірінше, мұғалім: 
36 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 

жақсы  кәсіби  дайындығы  бар,  психология,  педагогика  салаларынан,  инновациялық  оқыту 
технологияларынан білімі жетік; 

жоғары дәрежелі мәдениетті; 

қоғамдағы  қазіргі  инновациялық  технологияларды,  педагогикалық-психологиялық  үрдістер 
туралы ақпараттан хабардар; 

түрлі әлеуметтік топпен жұмыс істеуге қабілетті;  

жоғары дәрежелі зияткерлік әлеуетті;  

қоршаған  адамдарға,  көпшілікке  сүйкімді,  сеніміне  ене  алатын  кәсіби  өнегелік  қасиеттерінің 
болуы;  

эмоционалды жағдайда өзін-өзі ұстай алатын, өз міндетін әділ орындай алатын дағдыға ие; 

іс-әрекет барысында туындайтын стандартты емес жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай алатын, 
өз ойын нақты, сауатты, түсінікті білдіре алатын шеберлігі болуы тиіс [3,4]. 
Айтылған  тұжырымдарға  сай,  сондай-ақ  тұлғаның  зияткерлік  әлеуетіне  тән  жалпы  болмысты 
ескерсек,  соңғы  талап  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  мінезіне  тән  арнайы  зияткерлік  қабілеттерге 
негізделгенін, оның кәсіби біліктілігіне, өзін басқаруға, зияткерлік-шығармашылық жұмысты жүзеге 
асыруға бағытталған қабілеттерге сүйеніп сипатталғанын аңғарамыз. 
Елбасымыз  бұл  мәселе  жөнінде  «Болашақ»  бағдарламасының  стипендианттарының  форумында 
атап өткен болатын. «Жоба үш қағидалы жағдайды ескеруі керек. Біріншіден, білім беру жүйесінің 
инновациялық  дамуы.  Жастарымыз  тек  білімді  алумен  шектелмей,  сонымен  қатар,  жаңа  білімді 
жасай алатындығына қол жеткізуі керек. Бүгінгі күні ең құнды білім креативті ойлау, білімді өндеу 
іскерлігі,  жаңа  шешімдер,  технологиялар,  инновацияларды  жасау  болып  табылады.  Ол  үшін 
оқытудың  жаңа  әдістемелері,  жаңа  формалары,  жаңа  мамандар  қажет».  Жобаны  жүзеге  асырудың 
екінші  маңызды  жағдайы,  мықты  ақпараттық  революция.  Ал  бұл  салада  біз  бірсыпыра  арттамыз. 
Еліміздің даму  қарқынын  қолдау  үшін  электронды  қызмет  көрсетуде  алға  шығуды  қамтамасыз  ету 
керектігі айтылады. Үшінші бағыт ретінде жастардың адамгершілік, рухани тәрбиесі деп көрсетіледі, 
яғни жаһандану үдерісінің ықпалын ескере отырып, жастардың ұлттық-мәдени құндылықтарын және 
адамгершілігін  нығайту.  Біздің  жастарымыз  мына  шындықты  меңгеруі  тиіс:  нағыз  жетістікке  қол 
жеткізу деген - адамдарға, өз еліне және жеріне пайда әкелу. Мемлекеттілік әрқашан мәдениет пен 
ұлттық тарихты терең білуден құрылады, оны түсініп, сақтаса ғана сол қоғамның күштілігі артады 
[5].  Сонымен,  жоғарыда  аталған  қасиет,  сапалар,  адамгершілік,  рухани  тәрбие  мемлекеттігіміздің 
басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады.  
Интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  бағытындағы  зерттеулердің  инновациялық  және  бәсекеге 
қабілеттілігі елімізде мынандай жолдармен айқындалады:  

адам капиталы дамуының негізі ретінде танылуымен;  

Қазақстандағы «Интеллектуалды ұлт – 2020» Ұлттық жобасының тиімді жүзеге асуының кепілі 
ретінде  бұқараға  ақпараттық-коммуникативтік  ықпал  етудің  инновациялық  технологиялардың 
әзірленуімен; 

еліміздің  инновациялық  дамуының  басты  приоритеті  ретінде  танылған  интеллектуалды  ұлт 
қалыптасуы басты тренд ретінде айқындалуымен; 

еліміздің әлеуетінің тың арнада, жаңа бағытта жүзеге асуын болжайтын ақпараттық саясаттың 
әзірленуімен; 
-
Қазақстандағы  интеллектуалды  ұлт  қалыптасуы  үрдісінде,  тиімді  жүзеге  асыру  кезеңінде  олқы 
тұстары  мен  приоритетті  бағыттарын  белгілейтін  кепілдемелерге  негізделген  қолданбалы 
зерттеулермен. 
Мемлекет  басшысының  ізгі  мұраты  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру.  Осындай  мақсатпен 
Елбасы  білім  берудің  2020  жылға  дейінгі  бағдарламасын  бекітті.  Ал  бағдарлама  бірінші  кезекте 
білімнің  сапасын  арттыруды  көздейді.  Бұл  бағдарлама  білім  беру  ісінің  базалық  бағыттарын 
айқындайды, жұмыстың жақсаруына меңзейтін нақты міндеттерді алға тартады.  
Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыратын  Ұлттық  орталық  құрылып,  Назарбаев  Интеллектуалдық 
мектептердің жанынан педагогикалық шеберлік орталықтары қызметтер жасауда [6]. 
Ең бастысы – мұғалімдердің еңбекақысын арттырып, олардың мәртебесін көтеру көзделіп отыр. 
Мектепке дейінгі білім саласында мемлекеттік және жекеменшік арасындағы әріптестік өз жалғасын 
тауып келеді. Мұндай тетік өзінің нәтижесін беретіндігі мәлім. 
Бүгінгі  күнге  дейін  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  дайындық  деңгейін  жаңа  талаптарға 
(жеделдетілген прогресс, ағылып жатқан ақпараттың алмасуы, адамзат капиталы құндылығының арта 
37 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
түсуі,  мамандардың  үздіксіз  білім  жетілдіруге  бағытталу  және  өмір  тіршілігіндегі  барлық  саланың 
бәсекелестігі)  сәйкестендіру  ісі  өзекті  мәселеге  айналып  келді.  Оны  шешу  үшін  еңбек  нарығының 
сұранысына лайықты мамандарды дайындайтын педагогикалық ЖОО оқытушыларының көмегі мен 
күші тартылуы тиіс. 
Өмірдегі  ақиқат  болмыс  пен  қоғам  дамуы  үрдісіндегі  ортақ  қажеттіліктен  туындаған  маңызды 
міндетті шешуде жоғары мектеп тек студенттердің бойына іргелі және арнайы білім мен іскерлікті 
сіңіріп  қаңа  қоймай,  олардың  бойындағы  жеке  кәсіби  тұлғалық  қасиеттерін,  зияткерлік  әлеуетін, 
креативті  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  атсалысуы  тиіс.  Себебі  бұл  қасиеттер  келешекте  жаңа 
идеяларды тез қабылдауға, стандартты емес шешімдерді қабылдап, шешуге септігін тигізеді.  
Қазіргі  психологтардың  зерттеулерінде  тұлғалық  қасиеттердің  ауқымын  кеңейту  арқылы,  оның 
ішінде  тұлғаның  эмоционалды  кеңістігін,  тұлғааралық  қарым-қатынас  жасау  қабілетін,  әсіресе 
педагогтарда  жетілдіру  арқылы  тұлға  әлеуетінің  толық  болмысын  айқындауға  болатыны  жиі 
айтылады. Осы тұрғыдан алғанда білім беру мәдениеттің ажырамас компоненті ретінде маңызды рөл 
атқарады, себебі, білім көзі зияткерлік әлеуетті дамытудың бірден бір құралы болып есептеледі.  
Қазіргі  заманауи  талаптарға  сай  білім  беру  мен  тәрбие  ісі  маманның  жалпы  мәдениетін 
қалыптастыруға  бағытталған:  яғни  білім  беру  ісін  гуманизациялауды,  тұлға  мәдениетін 
қалыптастыруды, маман қызметін ізгілік тәрбиесі аясында ұйымдастыруды көздейді.  
Мұғалімдердің  зияткерлік  әлеуетін  дамыту  мәселесіне  философиялық  тұрғыдан,  әдіснамалық 
ізгілік амалын басшылыққа алу қажеттілігі бар. 
Сөздіктегі  «гуманизм»  ұғымына  ежелгі  рим  философы  Цицеронның  пікірі:  «Гуманизм  -  адам 
қабілеттерінің  жоғары  мәдени  және  адамгершілікті  дамуы,  жұмсақтық,  мейірімділік  пен 
адамшылдықпен үйлескен эстетикалық форма» [7]. 
Атақты ғалымдар Ш.А. Амонашвили, А.А. Бейсенбаева, т.б. [8,9] оқу үрдісін ізгілендірудің мәнін, 
субъекттік  қатынас  орнату  мүмкіндігінің  жаңа  бағытын  ұсынды.  Ізгілік  амалы  әрбір  тұлғaның 
құндылығы мен бірегейлігін мойындауғa, оның мүмкіндіктерінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту, өзін-
өзі жетілдіру қабілеттеріне сыйлaсымды қaтынас жасауға назар аудaрады. 
Білім  беру  мен  тәрбие  міндетін  шешудегі  қиындық  ЖОО  түлектерінің  мәдениетін 
қалыптастырудың  шынайы  деңгейі  мен  мәдениетті  маман  бейнесі  туралы  түсініктер  мен  талаптар 
арасындағы  қайшылықты  жоюда  жиі  байқалады.  Бүгінде,  түлектер  бойындағы  руханилық  пен 
зияттылық  тапшылығы  сезіледі.  Осы  айтылған  білім  беру  мен  тәрбие  арасындағы  қиындық  пен 
қайшылықты  тудырады.  Қоғамдық  санада  осы  тапшылық  пен  одан  туындайтын  әлеуметтік 
жағымсыз, теріс құбылыстар, түрлі кемшіліктерді түсіну, оларды шешу қажеттілігінен туындайды.  
Е.П.  Гоголевтің  пайымдауынша,  «Бұқара  кәсіби  зиялы  қауымның  ішінде  рухани  мұраны 
шыңдайтын  да,  сақтайтын  да  мамандықтың  бірі  –  мұғалім,  тәрбиеші  және  оқытушы.  Себебі  бұл 
маман  иелері  ұрпақ  пен  ұрпақ  арасын  жалғайтын  адамгершілік,  мәдени  байланыстарды 
қалыптастырады, отбасымен қатар баланың тұлға ретінде әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның 
болашақ  қызметкерлері  мен  жұмысшыларын  қалыптастырады.  Мұғалім  тұлғасының  ықпалында 
түптеп  келгенде  барлық  адам  болады,  олар  сол  ықпалда  жүріп,  зияттылыққа,  руханилыққа, 
адамгершілікке  тәрбиеленеді.  Демек,  мұғалімнің  әлеуеті  жоғары  болған  сайын,  оның  ықпалында 
жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісі де соғұрлым тиімді әрі сапалы, ұтымды болады» [10]. 
Сондықтан,  өзге  мәселелер  сияқты  болaшақ  мұғaлімдердің  зияткерлік  әлеуетін  дамыту  мәселесі 
оқыту  -  тәрбие  үрдісінде  мәдениеттанымдық  амалды  мағыналы  түсініп  қолдaнуды  талап  етеді. 
Себебі,  біртұтас  педaгогикалық  үрдістің  білім  беру,  оқыту,  тәрбие,  дaмыту  ұғымдары  «мәдениет» 
ұғымымен  тығыз  бaйланысты.  Сонымен  қатар,  білім  беру  мен  тәрбиенің  өзекті,  кезек  күттірмес 
мәселелерін шешудің, Елбасымыздың жолдауларында көрсетілген басты приориттерге қол жеткізу, 
жaстарды  тәрбиелеуге  қойылған  тaлап,  міндеттерді  жүзеге  асыру  мәдениеттанымдық  амалдың 
мaзмұнымен байлaнысты.  
Мәдениеттанымдық  амал  зерттелініп  отырған  мәселе  контекстінде  тұлғаның  мәдениет  әлеміне 
табысты  кірігуін  қамтамасыз  ететін  мәдени  құндылықтарды  меңгеруге  және  тасымалдауға  жағдай 
жасауға  бағытталған  теориялық-әдіснамалық  заңдылықтар  мен  ұйымдастырушылық-педагогикалық 
іс-шаралар жиынтығын ұсынады.  
Тұлғаның  зияткерлік  даму  үрдісіне  педагогикалық  ықпал  етуді  анықтайтын  басты  ұғымдардың 
бірі. Мәдениеттілік ұстанымының қазіргі заманғы анықтамасы тәрбие мен білім берудің мәдениеттің 
жалпыадамзаттық  құндылықтарына  негізделуі  және  этникалық  әрі  ұлттық  мәдениеттің 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  құрылуы  тиістігін  көрсетеді.  Бұл  амал  білімалушылардың  зиятын 
38 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
қазіргі  әлемнің,  мемлекеттің,  қоғамның  жалпы  құндылық-мәнділік  басымдылығында  дамытуға, 
мәдениеттің алуан түрлі пластасына адамды қатыстыру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді [6,6б.]. 
«Мәдениет»  ұғымының  кең  қолданысы  бар.  С.И.  Ожеговтың  сөздігіндемәдениет  адамдардың 
өндіріс, қоғамдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы деп түсіндіріледі[1, 245б]. 
Мәдениет - қоғамның қозғаушы күші, соның негізінде қоғамды ілгері жылжытады, яғни тұлғаның 
мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. 
«Мәдениет» - (лат. cultura) латын тілінен алғашқыда «жерді өндеу, күту, баптау» деген ұғымды 
білдірді,  кейін  өнделіп,  ауыспалы  мағынада  «мәдениет»-адамның  дене-жан-рухани  қабілеттері  мен 
қасиеттерін  күту,  жақсарту  деп  қолданылады.  Осы  мағынада  ежелгі  рим  философы 
Марк  Туллий 
Цицерон
(«cultura animae») 
адамның ақыл-ой, рухының мәдениеті деп тұжырымдайды[7,257б.]. 
Психологиялық-педагогикалық  еңбектерді  талдай  келе,  кәсіби  педагогикалық  мәдениеттің  мәні 
әртүрлі аспектіде қарастырылғанын байқадық. Я.А. Коменский, А.Дистервег, А.В. Луначарский, А.С. 
Макаренко,  т.б.  педагогикалық  мәдениетті  тұлғаның  іс-әрекетін  жүзеге  асыратын,  оның  қоршаған 
адамдарға  ықпалын анықтайтын  кәсіп  саласындағы жалпы  мәдениеті,  рухани  құндылықтар  жүйесі, 
интрегративті сапасы ретінде қарастырады [11-14].  
Ғалым  Ш.Т.  Таубаеваның  пікірінше,  мұғалімнің  мәдениеті  –  нақты  бір  іс-әрекет  саласында 
тәжірибелік  дағдылар  мен  іскерліктерден,  кәсіби  еңбекке  қажет  моральдық  нормалар  мен 
ережелердің жиынтығынан құралған күрделі жүйелі бірлік [15]. 
А.А.  Молдажанованың  пайымдауынша,  педагогикалық  мәдениеттің  мазмұны  мұғалім  іс-
әрекетінің объектісі, яғни біртұтас педагогикалық үрдіс туралы білімдар болумен байланысты нақты 
бір кәсіптің мәдениетінің бейнесі болып табылады [16]. 
Мәдениеттілік  ұғымына  тоқталсақ,  мәдениеттілік  –  әдептіліктің,  имандылықтың,  ізеттіліктің 
көрінісі.  Ұлттық  мәдениетті  қастерлеу-мәдениеттіліктің  белгісі.  Әдеп  сақтау,  әдеппен  сөйлеу, 
көргенділік  белгісі,  жан  тазалығы,  тән  тазалығы-мәдениеттілік  болып  табылады.  Мәдениеттану-
адамзат  қоғамы  жасаған  материалдық  және  рухани  байлықтарды  оқып  үйрену.  Оқушының 
мәдениеттанушылық танымы өзі араласып жүрген жақын орта мәдениетінен басталып, өз ұлт және 
туысқан халықтар мәдениетін оқып білу, одан әрі жалпы адамзаттық мәдениетпен танысу арқылы өз 
мәдени  дамуы  да  біртіндеп  көтеріле  береді  [17].  Бұл  жерде  тұлғаның  мәдениеттілігімен  қоса, 
мемлекеттіміздің көпұлтты, көпдінді ерекшелігін ескеріп, мәдениетпен тығыз байланысты тұлғаның 
толеранттылық қасиетінің де болуын аңғарамыз.  
Біздің  ойымызша,  жалпыадамзаттық  мәдениет  деп  болашақ  мұғалімнің  адамзаттың  мұрасын, 
мәдени құндылықтарды түсіне отырып, меңгеріп, жанына, бойына қажеттісін сіңіруі, ішкі жан әлемін 
байытуы негізінде әртүрлі іс-әрекеттер барысында қолданып, осы мүмкіндіктерді жүзеге асырса ғана 
ол  нақты  мәдениеттің  көрінісі  болады.  Сонымен  қатар,  зияткерлік  әлеуеті  дамыған  мәдениеттің 
үлгісіне  айналған  мұғалімнің  қоршаған  адамдарға  әсері,  ең  біріншіден  оқушыларына  үлгі-эталон 
ретінде болып, нағыз зиялы, мәдениеттік көзқарастарын қалыптастыратынына еш күмән жоқ. 
Сонымен, болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытуда мәдениеттанымдық амалдың мәні 
– 
болашақ  мұғалімдердің  педагогикалық  іс-әрекеттің,  кәсіби  ойлаудың,  қоршаған  адамдармен 
(
әріптестері, оқушылар, ата-аналар, т.б.) қарым-қатынастың, жүріс-тұрыс пен мінез-құлық мәдениетін 
меңгеру деп түсінеміз.  
 
1.
 
Ожегов С.И. Словарь русского языка. - М., 1991. – 390 с. 
2.
 
Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. - М.: Политиздат, 1982. – 255 с.  
3.
 
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, 1989. – 190 с. 
4.
 
Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности. - М.: Наука, 1980. – 258 с. 
5.
 
Назарбаев  Н.А.  Выступление  на  встрече  со  стипендиантами  программы  «Болашак».  – 
Астана, 2008, январь – 30 // 
http://www
. akorda.kz. 
6.
 
Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  ұлттың  интеллектуалды 
әлеуетін  дамыту  Тұжырымдамасы  //  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  Хабаршысы.  «Педагогика 
ғылымдары» сериясы. – 2012. - №4(36). – Б.  3-12. 
7.
 
Философский энциклопедический словарь. - М., 1997. – 357 с. 
8.
 
Амонашвили  Ш.А.  Личностно-гуманная  основа  педагогического  процесса.  -  Минск,  1997.  – 
574
с. 
39 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
9.
 
Бейсенбаева  А.А.  Формирование  гуманистической  направленности  учащихся  с 
использованием межпредметных связей // Вестник высшей школы Казахстана. - 1997. - №4. - С. 125-
128. 
10.
 
Гоголев  Е.П.  Формирование  личности  учителя  и  развитие  ее  творческого  потенциала  // 
Личность:  развитие  и  реализация  в  творчестве:  сб.  научных  трудов  /  под  ред.  П.Ф.  Кравчука.  – 
Курск, 1996. – 325 с. 
11.
 
Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. - М., 1995.-360 с. 
12.
 
Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. - М., 1956. – 320 с. 
13.
 
Луначарский А.В. 
Собрание соч. // В 8 т.
 
М., 
1963
.
365 с. 
14.
 
Макаренко А.С. Некоторые выводы из педагогического опыта // Соч. -М.:АПН РСФСР, 1951.  

Т.1.- 318 с. 
15.
 
Таубаева  Ш.Т.  Система  деятельности  ИУУ  по  изучению,  обобщению  и  использования 
передового педагогического опыта: дис.  …  канд. пед. наук.- М., 1991.- 263 с. 
16.
 
Молдажанова А.А. Особенности формирования педагогической культуры будущего учителя: 
дис.  … канд. пед. наук. - Алматы, 1996. - 178 с. 
17.
 
Қазақтілітерминдерініңсалалықғылымитүсіндірмесөздігі.  Педагогика  және  психология.  - 
Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002. - 256 б. 
 
 

жүктеу 5.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет