Ж. И. Намазбаева Редакция алқасы



жүктеу 5.18 Kb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата01.06.2017
өлшемі5.18 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Резюме 
Сабирова Ж.Н. – к.психол.н, доцент Атырауского государственного университета  
им. Х.Досмухамедова 
Исследование проблемы подросткового общения и тревоности в психологической науке 
В  статье  проделан  разносторонний  теоретический  анализ  проблемы  тревожности  в  общении, 
встречающейся в подростковом возрасте. Определена роль общения в развитии личности, описаны 
особенности  и  трудности  общения  подростков  и  его  место  в  формировании  личности  подростка. 
Вместе  с  тем,  в  статье  проанализированы  и  рассмотрены  факторы  и  причины  воникновения 
тревожности  в  общении  у  подростков.  Также  осуществлен  анализ  результатов  некоторых 
экспериментальных исследований по данной проблеме в психологической науке. 
Ключевые  слова:  подростковый  возраст,  общение,  ситуативная  и  личностная  тревожность, 
неуверенность  в  себе,  низкая  самооценка,  семейная  тревожность,  общение  со  сверстниками, 
родителями и учителями. 
 
Summary 
Sabirova J.N. – Candidate of psychological sciences, associate Professor of Atyrau state University 
named after H. Dosmuhambetov 
The study of the problem of teenage communication and anxiety in psychological science 
The problem of anxiety in communication that occur in adolescence was theoretical analyzed in this 
article. The role of communication in personality development, describes the features and communication 
difficulties in adolescents and its place in shaping the personality of a teenager. However, the article analyses 
and examines the factors and causes of anxiety in dealing with adolescents. Also was analyzed of the results 
of some experimental studies on this issue in the psychological science.  
Keywords:  adolescence,  communication, situational and personal anxiety, self-doubt, low self-esteem, 
family anxiety, communication with peers, parents and teachers. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
29 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
УДК: 159.9 (574) 
 
ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ БЕКІТУ ҮРДІСІНІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ж.Ж. Бейсенова– психол.ғ.к., ҚазМемҚызПУ  
 
Мақалада  психология  ғылымындағы  тұлғаның  өзін-өзі  танытуы,  кәсіби  өзін-өзі  анықтауы  мен  өзін-өзі 
бекітуі  мәселесі  қарастырылған.  Психология  ғылымында  кәсіби  өзін-өзі  анықтауы  мен  өзін-өзі  бекітуідің 
ерекшеліктері  мен  маңыздылығы  көрсетілген.  Студент  жастардың  әлеуметтік-кәсіби  бейімделуі  мен  кәсіби 
бағыттылығы  психологиялық  тұрғыдан  талданған.  Кәсіби  өзін-өзі  анықтау  мәселесіне  қатысты  психолог 
ғалымдардың тұжырымдары жүйеленіп, теориялық сарапталды.  
Түйін  сөздер:  кәсіптік  психология,  тұлғаның  өзін-өзі  танытуы,  кәсіби  өзін-өзі  анықтау,  өзін-өзі  бекіту, 
кәсіби бағыттылық, әлеуметтік-кәсіби бейімделу, белсенді ұстаным, кәсіби қабілеттер, кәсіби мәнді  тұлғалық 
сапалар, кәсіби өсу, кәсіби өзін-өзі жетілдіру. 
  
Бүгінгі  таңда  өркениетті қоғам  алдына  қойылған негізгі  міндеттердің  бірі -  жан-жақты  дамыған 
жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу 
мәселесін  зерттеу  өзектілігі  қоғам  талаптарына  орай  еңбек  сипаты  мен  мазмұнының  аумақты, 
жылдам  өзгеруіне    байланысты кәсіби  бағдар  мен  мамандық  таңдауға  психологиялық  дайындықты 
қалыптастырудың  теориялық  және  әдіснамалық  талдауын  жүзеге  асыру  көкейтесті  мәселелердің 
қатарына  жатады.  Қазіргі  қоғам  талаптары  оқушы  жастардың  кәсіби  бағдарлануы  мен  кәсіби 
анықталуын,  соған  байланысты  іс-әрекетті  саналы  өзіндік  реттеу  мәселелерінде  кәсіби  бағдар, 
мамандықты таңдау, кәсіби сұрыптаудың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістерін қолдану, 
психологиялық  кеңес  беру  мен  кәсіби  бағытталған  тренингтерді  ұйымдастыруды,  мамандыққа 
дайындауды,  еңбек  субьектісі  ретінде  болашаққа  бағыт-бағдар  беруді  кеңінен  қолданудың 
маңыздылығын негіздейді. 
Психология ғылымындағы кәсіби бағытталған тұрғы қазіргі уақытта кәсіби іс-әрекетке теориялық, 
тәжірибелік  және  психологиялық-адамгершілік  дайындықты  қамтиды.  Кәсіби  өзін-өзі  анықтау 
тұлғаның  кәсіби  дамуының  бастапқы  кезеңі  болып  табылды.  Мұндай  даму,  кәсіби  өзін-өзі 
анықтаудан басқасын, мамандыққа дайындау, бейімделу, шеберлікті дамытуды қамтиды. 
Біздің  пікірімізше,  таңдалған  мамандықты  қанағаттандыратын  үш  негізгі  алғышарт  орындалу 
қажет: 

тұлғаның  мамандыққа  қызығушылығы,  ынта-ықыласы  және  бейімділігі,  яғни  «қалаймын» 
терминімен анықталатын тұлғалық мотивациялық құрылымдарының болуы; 

тұлғаның  кәсіби  мүмкіндіктері  -  білімі,  қабілеттілігі,  психологиялық  ерекшеліктері,  денсаулық 
жағдайы «істей аламын» ұғымына сай келетін мүмкіндіктер мен қабілеттер; 

еңбек  нарығындағы  таңдалған  мамандық  бойынша  кадрларға  деген  сұраныс  –  «қажет»  деген 
қоғам сұранысын қанағаттандыру. 
Адамның  тұлғалық  ерекшеліктері,  потенциалы  оның  кәсіби  іс-әрекетінде  ашылады.  Кәсіби  іс-
әрекетте  кәсібилік  сапаларын  ашып,  белсенділігін  көрсете  алса,  өзін-өзі  жетілдіруге  ұмтылса, 
тұлғаның өзін-өзі танытуы, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі бекітуі жүзеге асады. 
Өзін-өзі кәсіби анықтау дегеніміз – тұлғаның кәсіби әрекетіндегі тұлғалық даму және кәсіби өсіп-
жетілу процесі және өзінің қабілеттерін, тұлғалық-психологиялық мүмкіншіліктерін жүзеге асыруы. 
Тұлғаның кәсіби дамып-жетілуі бір кезеңде болмайды. Ол  белсенді кәсіби іс-әрекетте ғана жүзеге 
асады. Осы жолда тұлғаның кәсіби өсуге байланысты мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Бұл 
процесс  адамның  өмір жолында үздіксіз  жүреді және  тұлғаның  кәсіби  өзін-өзі  бекітуінің  толықтай 
негізі болып табылады. 
Кәсіби  өзін-өзі  анықтау  үрдісінде  тұлға  түрлі  қиындықтарды  бастан  кешіріп,  түрлі  бөгеттерді 
жеңіп шығуы олардың кәсіби жетілуінің маңызды психологиялық шарты болып есептеледі. 
Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің 
қасиеті.  Олардың  мамандық  алу  жолының  құрылысы  қызық.  Ол  кезде  тұлға  әрекетінің  стилі 
қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады. 
Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу — адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-
өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп 
қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады. 
30 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызды жағы болып табылады, себебі ол арқылы 
тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы іске асып, өз мүмкіншіліктерінің толығымен жұмсалуы қамтамасыз 
етіледі. Тұлғаның ішкі ұстанымсының дамуы көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен 
анықталады  деуге  болады.  Адамның  ішкі  ұстанымсы  өзінің  объективті  бейнеленуінде  тұлғаның 
кәсіби қалыптасуында көрінеді. 
Студенттік  шақтағы  кәсіпке  бейімделу  кезінде  үлкен  нәтижелер  көрінсе,  соған  орай  студенттің 
мотивациясы  жоғарылайды және кәсіп  арқылы  оның  шығармашылық  дамуы  басталады,  студенттің 
іс-әрекет  мәнері,  үлгісі,  қарым-қатынасы,  мінез-құлқы,  қызығушылығы,  құндылығы  қалыптасады. 
Тұлғаның қалыптасуы мен кәсіпке бейімделу процесі үздіксіз болуы қажет. Сонымен қоса, кәсіпке 
бейімделу кезінде тұлғаның құндылықтар жүйесі, қызығушылықтары және т.б. аумақтары бір-бірімен 
өте тығыз байланыста болады, сондықтан да оларды бөліп қарастыру мүмкін емес. Кәсіпке бейімделу 
кезінде студентте ең негізгісі “осы кәсіп маған керек” деген сана қалыптасуы керек. Ол студенттің 
қабілетіне,  жекедара  психологиялық  ерекшеліктеріне  тәуелді.  Студенттік  шақта  студентте  өте 
жоғары  құндылық  деңгейі  қалыптасса,  ол  еңбек  еткен  кезде  өте  сәтті,  тиімді  жұмыс  істей  алатын 
болады. Бірақ, нақты жағдайда осылай болып отыр ма, жоқ әлде керісінше ме. Осы сұрақ бәрімізді де 
толғандырады.  Кәсіпке  бейімделу  дегеніміз  -  бұл  студенттің  кәсіби  өзін-өзі  анықтау  жүйесінің 
соңғы  буыны. Кәсіпке бейімделу студенттің болашақ өміріне де өте үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан 
кәсіпке бейімделу кезеңін зерттеудің теориялық та, практикалық та маңызы зор. 
Жалпы  алғанда,  кәсіпке  бейімделу  ұжымға  бейімделу,  жұмыс  режиміне,  міндеттеріне, 
ерекшеліктеріне  төселу  болатын  көлемді  процесс  ретінде,  одан  сол  кезде  талап,  тілектер  мен 
нормалардың  табысты  іс-әрекетін  қамтамасыз  ететін  процес  ретінде  қарастырылады.  Толық 
бейімделген адам сол орта ерекшеліктерін қабылдайтын адам болып табылады. Ғалымдардың кейбірі 
кәсіпке бейімделуді өзара байланыс және қатынастардың дамуы ретінде қарайды. 
Кәсіби  анықталу  процесінде  кәсіби  маман  ретінде  ішкі  ұстанымсының  қалыптасуының  бірнеше 
кезеңдерін бөлуге болады: 
1)  Кәсіби  белсенді  ұстаным  қалыптасуының  алғашқы  кезеңі  маманның  болашақ  кәсіби  іс-
әрекетіне  деген  жалпы  жағымды  эмоциялық  қатынасымен  сипатталады.  С.Л.  Рубинштейннің 

қалаймын”   “істей  аламын”  “жасау  қажет”  түсініктерінің  арақатынасы  туралы  идеясына  сүйене 
отырып  айтатын  болсақ,  бұл  кезеңде  бірінші  “қалаймын”  компоненті  өте  айқын  көрінеді,  яғни 
мамандықты меңгеруге деген тілек жақсы дамыған, бірақ оның өзіндік қабілеттері мен қажеттіліктері 
енжар дамыған. Ал үшінші компонент соңғы кезеңге тән жастардың қоғамдық қажеттіліктерді кейінгі 
орынға қоюымен шарттасады. 
2)  Келесі  кезеңде  “істей  аламын”  кезінде  ішкі  ұстанымның  дамуы  өз  мүмкіншіліктері  мен 
қабілеттерін  саналау,  өз  іс-әрекеттерінің  мазмұнды  моменттеріне  деген  бағдар  қалыптасу  кезінде 
көрінеді. 
Бұл  “жасау  қажет”  кезеңінде  өз  кәсіби  іс-әрекеті,  өз  қабілеттері  жайлы  барабар  көзқарастар 
қалыптасады. 
Бұл айтылған кезеңдер кәсіп иесінің ішкі ұстаным типтерімен сәйкес келеді деп айтуға болады [1]. 
Осы негізде, Т.А. Кухарева тұлғаны негізгі анықтайтын сипат белсенді ұстаным келесі жүйелерден 
тұрады  деп  көрсетеді:  бағыт-бағдарлар  -  субъект  іс-әрекетінде  жүзеге  асады,  әлеуметтік-
психологиялық бейімделу тиімділігін анықтайды, барлық іс-әрекетте болады және әлеуметтік статус, 
кәсіби анықталу, тұлғалық сапа категорияларын қамтиды [2]. 
Н.А.  Свиридов  кез-келген  жүйеде  оның  қызмет  етуіне  баса  мән  берілуі  керектігін  айтады. 
Әлеуметтік аспектілерде бейімделу қоғам дамуын қамтамасыз ететін тәсілдермен және құралдармен 
сипатталады.  Әлеуметтік  бейімделу  заңды,  қажетті  қоғамдық  құбылыс  ретінде  тұлға 
қалыптасуындағы жеке сипатқа ие феномен болып табылады [3]. 
Ғылыми  әдебиеттерде  кәсіпке  бейімделудің  экологиялық,  биологиялық,  физиологиялық, 
операционалдық,  ақпараттық,  коммуникативтік,  әлеуметтік  және  психологиялық  аспектілері 
айтылады.  Аталмыш  психологиялық  аспектілердің  синтезін  біз  Б.Г.  Ананьевтің  адам  жүйесі 
тұжырымдамасында  таба  аламыз.  Бұл  тұжырымдамада  адам  еңбек  субьектісі  ретінде  тұлға  мен 
индивидтің  қасиеттерінің  қорытпасы  түрінде  қарастырылады.  Бұл  кезде  кәсіби  бейімделу  - 
индивидтің  кәсіби  ортадағы  физикалық  жағдайларға  бейімделу  бірлігі  психофизиологиялық  аспект 
деп аталынса, кәсіби міндеттерге, орындалатын операцияларға, кәсіби ақпараттарға бейімделу кәсіби 
деп  аталатын  екінші  аспект  ретінде,  кәсіби  ортаның  әлеуметтік  компоненттеріне  бейімделу  - 
әлеуметтік-психологиялық деп аталатын үшінші аспект ретінде түсініледі [4]. 
31 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
Әр студенттің жекедара ерекшеліктері өмір бейнелерінің жаңа талаптарына әсер етпей қоймайды. 
Студенттің оқуға түсуі бейімделудің күрделі жүйесі басталғандығын білдіреді. Бұл жағдай кезінде біз 
студенттің  бейімделуі  деп  тұлға  мінездемелерінің  негізгі  параметрлері  мен  оқу  процесінің  жаңа 
жағдайлары  арасындағы  динамикалық  тепе-теңдікті  қарастырамыз.  Сонымен  қоса  бейімделу  бұл 
жерде  нақты  жағдайлар  талаптарына  белсенді  икемделу  және  өз  құндылықтары  мен  нормаларын 
ерікті іске асыру болып табылады. 
Жоғары оқу орнындағы студенттің әлеуметтік бейімделуін келесі түрге бөлуге болады: 
А)  кәсіби бейімделу  оқу процесінің  мазмұнына,талаптарына,  ұйымдасуына,  сипатына бейімделу 
және ғылыми жұмыстардағы өз бетінше жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы; 
Б)  әлеуметтік-психологиялық бейімделу  индивидтің  топқа, олармен  өзара  қатынасқа бейімделуі, 
мінез-құлықтың өзіндік стилінің қалыптасуы. 
М.И.  Педаясаның  көзқарасы  бойынша,  кәсіби  бейімделу  бір  жағынан  оқытушының  субъективті 
қанағаттануымен  байланысты  болса,  екінші  жағынан  басқа  оқытушылардың  бағалауымен 
байланысты болады [5]. 
Студенттің  кәсіби  қабілеттерін  дамыту  мақсатын  зерттеу  нәтижесінде  ғалымдар  интегративті-
матрицалық  модель  қалыптастырды.  Оның  негізгі  кезеңдері  мен  элементтері:  бейімделу-
диагностикалық  -  студенттердің  жаңа  оқу  орнына  бейімделушілігіне  көмектесу,  білімнің 
қалыптасқан  деңгейін  анықтау,  дағды,  білім,  үйренуде  жетіспеушіліктерді  жетілдіру,  білімге  деген 
құндылықтар  қатынасының  профилін  құру;  жоспарлы-коррекциялық  -  студент  іс-әрекет  мақсатын 
анықтау,  болашаққа  деген  дайындығын  жобалау,  жоғары  оқу  орнында  оқу  тапсырмалары  мен 
мақсаттарын  шешу  іс-әрекет  жоспарын  жобалау,  тұлғалық  даму  жоспарын  құру;  ақпаратты-іс-
әрекеттік  –  студенттердің  білімді  меңгеру  іс-әрекетімен  тығыз  байланысты,  оқуға  деген 
құндылықтардың  құрылуы,  оқу  пәндерін  меңгеруде  керек  құндылықтарды  анықтау,  белгілі 
меңгерілген  пән  бойынша  іс-әрекет  жасай  алу,  құнды  білімдер  мен  дағдыларды  түсіне  алу; 
шығармашылық  -  өзін-өзі  жетілдіру  компоненті  оқу  барысында  студенттердің  өзін-өзі  дамыту, 
көрсету, әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктеріне көмектеседі, шығармашылық 
сипаттағы өзіндік еңбек, мәселені шешу кезіндегі шығармашылық құндылықтарды сезіну; нәтижелі-
бағалау  –  студенттердің  алған  білімдерінің  болашақ  іс-әрекеттегі  құндылығының  жалпы 
қорытындысы,  оқу  іс-әрекетін  бағалай  алуы.  Бұл  моделді  іске  асыру  нәтижесінде  студенттердің 
білімге деген құндылықтарының құрылуына, нақты мамандыққа деген көзқарасын өзгертуге өзі кепіл 
болады [5]. 
Кәсіби  іс-әрекеттің  бейімделу  функцияларына  тоқталып  кететін  болсақ,  оларды  төмендегіше 
қарастырамыз: 
1)
 
диагностикалық  -  бейімделу  процесін  басқаратын  субъектілердің  студенттің  тұлғасын 
диагностикалық зерттеу; 
2)
 
болжаушы  –  студенттің  кәсіби  оқу  орнына  бейімделуіне  алғашқы  және  кешенді  болжау 
жасауды іске асыру, бейімделу кезеңіндегі проблемаларды саналай алу; 
3)
 
оқыту  –  болашақ  кәсіби  іс-әрекетіне  және  жоғары  оқу  орнындағы  жағдайларға  табысты 
көндіге  алу  және  бұл  процестің  басқаратын  оқытушы  жұмысының  әдіс-тәсілдерімен  қамтамасыз 
етілуі; 
4)
 
дамытушы – бейімделу процесін жүйелі басқаруды жүзеге асыратын педагогикалық ортаның 
және  бейімделуші  субъектінің  шығармашылық  дамуы.  Бұл  жердегі  негізгі  критерий  -  студент  пен 
оқытушының дамуы; 
5)
 
бағамдау  –  оқытушылардың  жоғары  оқу  орнындағы  іс-әрекеттің  жалпы  заңдылықтарын 
саналай алуы, студенттердің бейімделе алу мүмкіншіліктерін, әдіс-тәсілдерін, бейімделудің жекедара 
ерекшеліктерін саналауы; 
6)
 
түзетуші – алғашқы және кешенді болжауларға сәйкес студенттердің жеке жақтарын түзету. 
Бейімделуші субъектілер бұл жұмысқа өздері белсенді, саналы қатысулары тиіс; 
7)
 
теңгерушілік  –  студенттердің  жоғары  кәсіби  оқу  орнына  табысты  бейімделуін  анықтайтын 
дамыған жеке қасиеттерін көрсету, бейімделу кезеңіндегі дағдарыстарды жеңілдететін әдіс-тәсілдерді 
пайдалану. 
8)
 
ғылыми-әдістемелік - ғылыми-әдістемелік құрылым құру, осы сипатқа ие іс-шаралар өткізу. 
Ресей  ғалымы  Ю.А.  Александровский  тұлғаның  әлеуметтік,  психофизиологиялық 
мүмкіншіліктердің  сәйкес  келмеуі  жаңа  ақпараттарды  өңдеу  кезіндегі  бейім  жағдайларда  жүйкелі-
психологиялық  шиеленіске  апарып  соғуы  мүмкін,  ол  адам  іс-әрекетін  жүйесіздікке  алып  келеді. 
32 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
Автордың  айтуынша,  бұл  іс-әрекеттің  тиімсіздігі  қанағаттандырылмаған  эмоция  туғызып,  ол 
тұлғаның бейімделмеушілігін көрсетеді [6]. 
Кәсіби  орта  мен  іс-әрекетке  бейімделмеушіліктің  салдары  адамның  әлеуметтік  және  тұлғалық 
байланыстарын  бұзады,  өз  қылықтарының  қорытындысын  болжау  мүмкіншіліктерін  төмендетеді, 
өзін-өзі  және  жағдайды  барабар  бағалай  алмайды.  Сонымен,  бейімделу  кезінде  бейімделмеушілік 
процесінің де орны бар.  
Кәсіпке  бейімделу  мамандығы  бойынша  еңбек  талаптары  мен  ерекшеліктерін  меңгеру  болып 
саналады.  Ол  мамандықты  меңгеру  кезіндегі  тұлғаның  кәсіби  қасиеттерінің  қалыптасуынан,  еңбек 
дағдыларынан  көрінеді.  Кәсіпке  бейімделу  адамның  ұжымға  сіңуіне  әсер  етеді.  Ол  жаңа  ұжымға, 
еңбек  талаптарына,  кәсіби  іс-әрекетке  қатысу  процесінің,  кәсіби  қызығушылықтардың,  жеке 
сапалардың осы іс-әрекет талаптарымен арақатынасын көрсетеді. 
М.И.  Дьяченко  және  П.А.  Кандыбович  өз  еңбектерінде  жоғары  оқу  орындарындағы  әлеуметтік-
психологиялық  бейімделу  себептері  мен  қиындықтарын  зерттеп,  психологиялық  астарларын  жан-
жақты  ашып,  көрсеткен.  жұмыстары  мәнді  орын  алады.  Авторлар  жоғары  оқу  орнындағы  негізгі 
қиындықтар қатарына: оқу материалдарының мазмұны, көлемі, сипаты және оқу процесі әдістерінің 
өзгеруі,  жоғары  оқу  орындарындағы  оқытушылардың  біліктілік  деңгейі,  студенттердің  өзін-өзі 
тәрбиелеу,  өзін-өзі  жетілдіру  дағдыларының  қалыптасуы,  жоғары  оқу  орнын  таңдау  дұрыстығына 
деген  сенімсіздік,  оқытушылармен  конфликт,  ұжымдағы  қарым-қатынас  қиындығы  және  т.б. 
жатқызды. Олардың айтуынша, студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуі арнайы зерттеуді қажет 
етеді [7]. 
Сонымен,  кәсіби  іс-әрекетке  бейімделу  процесінің  табысты  болуының  негізгі  жағдайларын 
көрсетейік. 
Біріншіден, кәсіби іс-әрекетке әлеуметтік-психологиялық бейімделу жоғары оқу орындарындағы 
жас маманды дайындау сапасымен, олардың тәжірбиелік дағдыларды жинақтауларымен байланысты. 
Кәсіпке оқыту және тәрбиелеу кезеңінде кәсіпке бейімделу басталады. Бұл жерде кәсіби іскерліктер 
мен  дағдылар  қалыптасады,  кәсіпке  керек  деген  білімдермен  қамтамасыз  етіледі,  еңбекке  деген 
шығармашылық  қатынас  пайда  болады,  ұжымдық  жұмыс  дағдылары  мен  кәсіпке  деген 
қызығушылық дамиды, яғни кәсіби іс-әрекеттің жағымды мотивациясы шыңдалады. Оқыту кезінде 
өндірістік және педагогикалық  практикаларға үлкен көңіл бөлінеді. 
Екіншіден,  кәсіпке  бейімделу  кезінде  кәсіпті  таңдау  мотиві  де  үлкен  орын  алады.  Адамдардың 
нақты  мінез-құлықтары  мен  әрекеттерінен  нақты  мотивті  көруге  болады,  ол  іс-әрекет  процесі 
кезіндегі  мақсатты  көрсетеді.  Мамандықты  өз  қызығушылығымен,  құндылығына  байланысты 
таңдаған кездегі кәсіпке бейімделу де табысты болады. 
Үшіншіден, кәсіпке бейімделудің табысты болуы кәсіби іс-әрекеттің ұнамдылығымен, ұжымның 
психологиялық климатымен, қоғамдық белсенділік және жекедара ерекшеліктермен байланысты. 
Төртіншіден,  кәсіпке  бейімделу  кезінде  еңбек  іс-әрекетінің  еңбек  мазмұны,  ұжымдағы  өзара 
қатынас, жақсы жағдайлар және еңбекті ұйымдастыру секілді параметрлері әсер етеді. 
Ағылшын  психологтарының  тұжырымдауынша,  студенттердің  оқу  іс-әрекетінің  табыстылығы, 
оған  бейімделу  көптеген  факторларға  байланысты.  Оған  танымдық  іс-әрекетін  реттеу  функциясы, 
өмірлік жоспары мен қызығушылықтары, мотивтердің, құндылық бағдарлаудың басым болатын түрі, 
ұмтылыс деңгейі, өзіндік бағалауы, мінез-құлықтарын саналы басқара алуы т.б. көптеген факторлар 
үлкен ықпалын тигізеді [8]. 
Студенттердің  кәсіби  бейімделуіне  келесі  факторлар  да  үлкен  ықпалын  тигізеді:  олардың 
дайындық  деңгейі,  құндылықтар  жүйесі,  оқуға  деген  қатынасы,  жоғары  оқу  орны  туралы  ақпарат 
алуы, кәсіптің болашағы туралы ойлары. Бейімделу кезінде студенттің ортаға тез бейімделе алуы, оқу 
іс-әрекетінің  жаңа  құралдары  мен  әдістерін  меңгеруге,  нормалар  мен  ережелер  жүйесін  түйсінуге, 
оқуға,  болашақ  кәсіпке  деген  құндылық  жүйесінің  қатынасы  болуы  керек.  Бұл  бірінші  деңгейдегі 
факторлар қатарына жатады. 
Кәсіби  іс-әрекетке  бейімделу  факторлары  объективті,  субъективті  және  субъективті-объективті 
сипатта болуы мүмкін. Субъективті факторлар психологиялық сипаттың ішкі бейімделу нәтижесімен 
түсіндіріледі.  Объективті  факторлар  әсерімен  бейімделу  нәтижесі  сыртқы  жағдаймен  анықталады. 
Субъективті-объективті факторлардың  бейімделу мағынасы бойынша детерминациялау нәтижесінде 
басты рөл бейімделушінің ішкі қасиеттерімен сыртқы ортаға беріледі. 
33 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
Бейімделу  факторларының  әсерлілігі  бейімделу  процесінің  әр  кезеңінде  көрініс  табады.  Осыған 
байланысты  университеттік  оқуда  және  кәсіптендірілу  кезеңдерінде  әсер  ететін  бейімделу 
әрекеттерінің факторларын түрлі бөлімдерге бөлу қажеттілігі туындайды. 
Студенттердің бейімделу жүйесіне нәтижелі енуі үшін қажетті шарттар жасау қажет, ал олар өз 
алдына кәсіби іс-әрекеттің дамуына алып келетін психологиялық бейімделудің құрылуына кепілдік 
береді. 
Осылайша, аталмыш мәселе бойынша психологиялық тұжырымдар мен зерттеулердің жан-жақты 
талдауы көрсеткендей, тұлғалық-кәсіби даму, өсу адам дамуындағы үзілмейтін процесс және тұлға 
өзін-өзі  кәсіби  іс-әрекетте  жақсы  ашып-көрсетеді,  кәсіби  іс-әрекетте  өзін-өзі  басқару  мен  мінез-
құлқын реттеудің, кәсіби мәнді тұлғалық сапаларды дамыту және білім-іскерлік, дағдыларды меңгеру 
нәтижесінде кәсіби өзін-өзі бекітуі мен жетілдіруі, белгілі бір мәртебе мен беделге ие болуы жүзеге 
асады. 
Сонымен,  студент  жастардың  әлеуметтік-кәсіби  бейімделуіне  психологиялық-педагогикалық 
қолдау  жасап,  қолайлы  жағдайлар  тудырылса,  кәсіби  бағыттылығын  дер  кезінде  дұрыс 
қалыптастырса, олардың болашақ кәсіби іс-әрекетінде тез бейімделуі мен кәсіби өзін-өзі анықтауы, 
өзін-өзі бекітуінің алғышарттары мен негіздері қаланады. 
  
1. 
Фонарев А.Р. Развитие личности в процессе профессиона-лизации // Вопросы психологии. – 2004 
г. - № 6. – С. 18-21. 
2. 
Кухарева Т.А. Адаптация молодых специалистов-инженеров. Автореф. дис. канд. психол. наук. - 
Ленинград, 1980.- 16 с. 
3. 
Свиридов Н.А. Социальная адаптация личности в коллективе // Социологические исследования. 
- 1980. -
№ 3. - С. 44-51. 
4. 
Ананьев Б.Г. О проблемах современного человеказнания. - М.: Наука, 1977. – 344 с. 
5. 
Организация учебного процесса / Под. ред. М.И. Педаяс. Тарту.: Тарт. гос. ун-т ЭССР, 1975. – 
125 с. 
6. 
Александровский  Ю.А.  Состояния  психической  дезадаптации  и  их  компенсация.  –  М.:  Изд-во 
Наука, 1976. – 271 с. 
7. 
Дьяченко М.И., Кандыбович П.А. Психология высшей школы. -Минск.: Изд-во Белорусск. Ун-та, 
1972. –320 
с. 
8. Expertise, Competence and Reflection in the Rhetoric of Professional Development // Richard Edwards 
and Katherine Nicoll // British Educational Research Journal. Vol. 32, No. 1 (Feb., 2006), pp. 115 - 131. 
Published by: Taylor & Francis, Ltd. Article Stable. - Access of mode: http://www.jstor.org/stable/30032661  
 
  

жүктеу 5.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет