Ж. И. Намазбаева Редакция алқасы



жүктеу 5.18 Kb.
Pdf просмотр
бет5/21
Дата01.06.2017
өлшемі5.18 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
Резюме  
Аманова И.Қ. – к.психол.н, доцент КазНПУ им. Абая,  
Сейітнұр Ж.С. – к.психол.н, доцент КазНУ им.аль-Фараби  
Способы повышения экологической валидности  экспериментальных исследований в 
психологической науке 
В статье рассматривается проблема экологической чистоты проведения экспериментальных исследований в 
психологии. Показана особенность и значимость проведения экспериментальных исследований в психологии, а 
также  основные  требования  к  ее  организации  и  проведению.  Проделан  экскурс  истории  становления 
экспериментальной  психологии.  Осуществлен  анализ  взглядов  и  подходов  современных  зарубежных 
исследователей  по  проблеме  экологической  валидности  эксперимента.  Указаны  этапы  проведения 
эксперимента,  требования  к  его  планированию.  Вместе  с  тем  в  статье  отражены  проблемы  индигенной 
психологии.  
Ключевые  слова:  экспериментальная  психология,  экспериментальное  исследование,  экспериментальные 
планы  и  схемы,  экологическая  валидность,  надежность,  репрезентативность,  индигенная  личность,  методы 
исследования. 
 
 
Summary  
Amanovа I.K. – Candidate of psychological sciences, associate Professor, KazNPU named after Abay, 
Seitnur Zh.S. – Candidate of psychological sciences, associate Professor, KazNU named after al-Farabi 
Ways to increase the ecological validity of experimental research in psychological science 
In this article was analyzed a problem of validity of experimental research in psychology.  The problem shows the 
feature and significance of experimental studies in psychology, as well as basic requirements for its organization and 
conduct.  In addition, it  was analysed  history of experimental psychology, research  approaches  in  modern foreign 
psychology in relation with  validity of the experiment. It was shown  steps of psychological  experiment,  its 
requirements.  
Key words:  experimental psychology, experimental study, experimental plans and schemes, ecological validity, 
reliability, representativeness, indigenous personality research methods. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
23 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
ӘОЖ: 159.9 (574) 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МЕН МАЗАСЫЗДАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ  
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Ж.Н. Сабирова – психол.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 
мемлекеттік университетінің доценті  
 
Мақалада психология ғылымындағы көкейтесті мәселе жасөспірімдік шақта кездесетін қарым-қатынастағы 
мазасыздану  мәселесі  жан-жақты  теориялық  тұрғыдан  талданды.  Қарым-қатынастың  тұлға  дамуында  алатын 
орны  айқындалып,  жасөспірімдік  шақта  көрініс  табатын  қарым-қатынастың  ерекшеліктері  мен  қиындықтары 
және қарым-қатынастың жасөспірімнің тұлғалық жетілуінде алатын орны сипатталды. Сонымен қатар мақалада 
жасөспірімдік  шақта  кездесетін  қарым-қатынастағы  мазасыздануға  әсер  ететін  факторлар  мен  пайда  болу 
себептері талданып, қарастырылды.  
Түйін  сөздер:  жасөспірімдік  шақ,  қарым-қатынас,  жағдаяттық  және  тұлғалық  мазасыздану,  өзіне-өзі 
сенімсіздік, төмен өзіндік бағалау, отбасылық мазасыздық, құрбы-құрдасармен, ата-аналармен, мұғалімдермен 
қарым-қатынас. 
 
Бүгінгі күні қоғам талаптарының бірі - жан-жақты, үйлесімді, өзіне-өзі сенімді және 
коммуникативті дағдылары дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Тұлғаның әлемді танып білуі, сол әлемге өзін таныта білуі қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. 
Қазіргі таңда адамның қарым-қатынас процестері түрлі теле- және компьютерлік коммуникациялар, 
ғаламтор  сияқты  жаңа  технологиялар  негізінде  жүзеге  асады.  Заманауи  технологиялардың  көптеп 
шығуы жастардың үйлесімді де белсенді қарым-қатынас жасауына кедергі болуда. Бұл жерде оқушы 
жастардың  бір-бірімен  бетпе-бет  жүретін  эмоционалды  және  зерделік  механизмдерге  толы 
тұлғааралық  қарым-қатынас  жасай  білу  қабілеттері  дұрыс  дамымай  қлу  қаупі  туындауда.  Осының 
салдарынан  жасөспірімдер  агрессивті,  эмоционалды  түрде  сезімталдығы  аз,  бірін-бірі  түсіну  мен 
қолдау көрсету сияқты әрекеттері марымсыз дамиды. Сондықтан, психологтар мен педагогтар басты 
назарды тұлғаның қарым-қатынас мәселесіне ерекше аударып, олардың өзін-өзі жіне басқа адамдарды 
тани  білуге  үйрететін,  сондай-ақ  қазіргі  заманда  өте  маңызды  болып  таылатын  коммуникативті 
дағдыларды  қалыпастыратын,  жалпы  тұлғалық  өсіп-жетілуге  мүмкіндік  тудыратын  психологиялық 
тренингтерді  жиі  жүргізіп  отырулары  шарт.  Әсіресе  түрлі  себептермен  мазасыздануы  жоғары, 
айналасындағы  өзгерістерге  бірден  бейімделе  алмайтын,  ұялшақ,  қарым-қатынасқа  жеңіл  түсе 
алмайтын, сыныпта оқшауланған жасөспірімдермен ерекше жұмыс істеу қажет.  
Жасөспірімдердің құрбы-құрдастармен, ата-аналармен, мұғалімдермен қарым-қатынасы мен өзара 
әрекетінің психологиялық ерекшеліктері және олардың тиімділігін арттыру мәселесі психологтар мен 
педагогтар  үшін  маңызды  мәселелердің  қатарына  жатады.  Жасөспірімдік  шақтағы  қарым-қатынас 
мәселесі қоғамның түрлі даму кезеңдерінде әлі де көкейтестілігін жоғалтқан жоқ және ғалымдардың 
қызығушылығын тудыратыны бәрімізге мәлім. 
Қарым-қатынассыз адамның өзін-өзі жүзеге асыруы, өзін-өзі көрсетуі және өзін-өзі бекіту 
ұмтылысымен байланысты жеке қажеттіліктерінің  қанағаттануы мүмкін емес. 
Жасөспірімнің  онтогенездегі  психикалық  дамуы  –  қоғамның  әлеу-меттік  өмір  жағдайында 
көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  есептеледі.  Осыған  орай,  жеткін-шектік  кезеңде  қарым-
қатынастың  және  қоғамдық  пайдалы  іс-әрекеттің  маңызды-лығы  ерекше  деп  қарастыруымызға 
болады. 
Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың 
барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда 
сапалық  жаңа  құрылымдар  қалыптасады,  организмнің  сана-сезімінің,  үлкендермен  және 
жолдастарымен  қарым-қатынасын,  олармен  әлеуметтік  өзара  іс-әрекет  әдістерінің,  мүдделердің, 
танымдық  және  оқу  іс-әрекетінің  мінез-құлыққа,  іс-әрекет  пен  қарым-қатынасқа  арқау  болатын 
моральдық-этикалық  нормалар  мазмұны-ның  қайта  құрылуы  нәтижесінде  ересектік  элементтері 
пайда болады. 
Жасөспірімнің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік 
белсенділігі;  ол  белгілі-бір  үлгілер  мен  игіліктерді  игеруге,  үлкендермен  және  жолдастарымен, 
ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады. 
24 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
Ересектендіретін    жағдайлар:  мазмұны  жағынан  сан  алуан  ақпараттардың  орасан  зор  тасқы-ны, 
көптеген  ата-аналардың  бос  уақытының  аздығы,  осының  мүмкін  салдары  ретінде  балалардың 
дербестікке  ерте  жетуі,  жолдастарымен  қарым-қатынастың  жедел  дамуы,  дене  күші  дамуы  мен 
жыныстық толысудың акселерациясы. 
Жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда кездесетін қиыншылықтар осы жастың психологиялық 
ерекшеліктерімен  байланысты:  қозудың  жоғары  болуы,  нерв  жүйесінің  тұрақсыздығы,  организмде 
болып  жатқан  өзгерістердің  жылдамдығы,  талап  дәрежесінің,  өзін-өзі  бағалауының  жоғары  болуы, 
өзіне сенімділігін т.б. 
Жасөспірімдердің бір-бірімен қарым-қатынасында мына жағдайлар дамиды: 

идентификация (ұқсату); 

бір-бірін түсіну қабілеті; 

бір-біріне қажет екендігін сезіну. 
Бір-бірімен қарым-қатынас орнату келесі қажеттіліктерді жүзеге асыруға ықпал етеді: 

өзін таныта білу (ересектер өміріне қатынасып сезіну, өзіне сенімділігі); 

өзімен-өзі қатынас орнату (нақты «мен» және қиялдағы «мен»); 

жауапкершілік; 

сезімді қорғаныс. 
Жасөспірімдердің өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау мотивтері де өзгереді: 

4 сыныпта өз құрдастарымен бірге болу ықыласы пайда болады (мысалы, бірге ойнау, бірге бір 
нәрсені орындау, жасау...); 
- 5-
6 сыныптарда қарым-қатынас мотиві - өз құрдастарының арасында ар-найы орын табу болып 
табылады; 
-  7-
8  сыныптарда  негізгі  мотив  жасөспірімнің  құрдастарының  тобында  дер-бес  болуға  ұмтылуы 
(
өзінің бағалы екен-дігін мойындауға ұмтылыс). 
Жасөспірімдер мына жағдайларды меңгереді: 
- 5-
6 сыныптағы жасөспірімдер – ересектерді сыйлау ептілігі, бағыну ептілігі (айтқанды орындау); 
-  7-
8  сыныптағы  жасөспірімдер  -  кішілерге  қамқорлық  жасау,  ілтипаттылық,  лидер  болуға 
ұмтылыс [1]. 
Жасөспірімдер  сенімді  қарым-қатынасты  мұқтажданады,  содан  кейбір  қыздар  күнделік  арнай 
бастайды.  Зертеу-лерге  қарағанда,  күнделік  жазу  стрессті  түсіруге  ықпал  етеді,  эмоциялық  дис-
комфорттан құтылуға көмектеседі. 
Жасөспірім жас кезеңіндк баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе 
жаңа  құрылымдар  қосылады.  Бұл  құрылымдар  бұрынғы  психологиялық  және  физиологиялық 
көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген 
екі  жақтылық  орын  алады.  Сондықтан  бала  көптеген  қиыншылықтарға  ұшырайды:  болашақта  кім 
болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі 
туғаннан бала уайым шегіп өз орнын іздейді. 
Көптеген  шетелдік  және  кеңестік  психологтар  тұлғаның  қарым-қатынас  аумағына  ерекше  көңіл 
бөлген.  Қарым-қатынас  мәселесіне  қатысты  ойлар  мен  зерттеулерді  көптеген  ғалымдардың 
еңбектерінде  таба  аламыз.  Мысалы,  Э.  Берн,  К.  Роджерс,  Лири,  Б.Г.  Ананьев,  А.А.  Бодалев,  Г.А. 
Ковалев,  А.А.  Леонтьев,  Л.А.  Петровский  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  қарым-қатынас 
психологиясының  жалпы  әдіснамалық  және  теориялық  негіздері  талданып,  зерттеу  нәтижелері 
көрсетілген. 
Қарым-қатынас мәселесі жөнінде маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов М. Дулатов және 
т.б. қазақтың кемеңгер азаматтарының еңбектерінде көрініс тапқан. 
Жеке адамның өзі қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның өміріндегі әрбір қимыл-
әрекеті,  ісі  қоғамдық  өмірдің  көрінісі  болып  табылады.  Қарым-қатынас  жасаудың  адам  өміріндегі 
қоғамдық-әлеуметтік  және  психологиялық  негізі  –  ең  алдымен  адамның  күнделікті  тіршілік 
қажеттіліктерін қанғаттандыру мақсатымен байланысты. 
Адамның  жеке  тұлға  болып  тумайтындығы  баршамызға  белгілі.  Ол  тұлға  болып,  басқа 
адамдармен қарым-қатынас  барысында  қалыптасады.  Адам  қандай  әрекет жасаса да (көп жағдайда 
мақсатсыз)  қоршаған  орта  бұны  қабылдай  ма?  –  деген  сұрақ  маза  бермейді.  Басқаша  айтқанда  ол 
басқа  адамдардың  талап-мүдделерін  көзқарасын,  сезімдерін  өзіне  «салып  өлшейді». 
Айналасындағылардың  көзқарасынан  адам  бойындағы  өз  мінез-құлқын  реттейтін  өзіндік  бағалау 
атты механизмін қалыптастырады [2]. 
25 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
Тұлғааралық  қарым-қатынас  азаматтық  қоғамның  өмірлік  қажеттіліктерімен  бір  уақытта  жүзеге 
асырылатыны сөзсіз. Адамның әлеуметтік-тарихының тәжірибесін игеру барысындағы жасөспірімнің 
тұлғалық  қалыптасуындағы  жолдастарымен  қарым-қатынасы  біріккен  іс-әрекет  ретінде 
жасөспірімнің  тұлғалық  қалыптасуының  маңызды  алғышарты.  Қарым-қатынас  процесінде  ол 
коммуникативті  дағды  және  икемін  жаттықтыра  отырып,  өз  «Менін»  қоршаған  ортадағы 
жолдастырымен салыстыра отырып қалыптастырады. 
Психология  ғылымында  тұлғааралық  қарым-қатынастың  үш  жақтылығы  мәлім.  Қарым-
қатынастың  коммуникативті  жағы  ақпараттық  алмасуымен  байланысты,  жора-жолдасының 
жинақтаған  білімдерін  бір-бірімен  толықтырып  отырады.  Қарым-қатынастың  интерактивті  жағы 
біріккен іс-әрекет процесінде құрбы-құрдастарының өзара практикалық, әсерін қарастырады. Бұнда 
олардың  бір-біріне  көмектесу,  бір-бірімен  келісу,  яғни  жасөспірімдерде  өз  құрбы-жолдастырмен 
бірігіп жұмыс атқару қабілеті пайда болады. 
Қарым-қатынас  икемділігі  мен  дағдысының  жоқ  болуы  немесе  олардың  құрастыру, 
тұжырымдаудың жеткіліксіз болуы – жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына кері әсерін тигізеді және 
тәрбиелеуде қиындықтарға әкеледі. 
Қарым-қатынастың  перцептивті  жағы  жасөспірімнің  жолдастарын,  құрдастарын  қабылдау  және 
олардың индивидуалды қасиеттерін және ерекшеліктерін тану процесін сипаттайды. Бірін-бірі тану 
және  қабылдау  процесінің  негізгі  механизмдері  –  идентификация,  аттракция,  эмпатия,  рефлексия 
және стереотипизация болып табылады. 
Қарым-қатынастың  коммуникативті,  интерактивті  және  перцептивті  жақтарының  бірлігі  – 
балалардың өмірлік іс-әрекетінің рөлі мен формасын және мағынасын анықтайды. Жасөспірімдердің 
өз құрбы-жолдастарымен, ересек адамдармен қарым-қатынасы жеке адам дамуының өмірлік қажетті 
алғы шарты болып табылады [3]. 
Қарым-қатынастың  интенсивтілігі,  формасы,  мағынасы  жасқа  байланысты  өзгеріп  отырады. 
Осыған  орай  жасөспірім  балалардың  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынасы  бір  үлкен  ортақ 
құндылықты білдіреді. Олардың бір-біріне қызығушылығының өсуі және өзін құрбы-құрдастарымен 
салыстыруы, олармен интимдік достықты игеруге орнатуға ұмтылады. 
Ересек адам жасөспірім үшін мінез-құлық эталоны еліктеудің үлгісі болып табылады. Ал, құрбы-
құрдастары  –  бұл  біріккен  іс-әрекеттегі  серіктестер  рөлін  атқарады.  Жасөспірімдер  ересектер  мен 
құрбы жолдастарына жаңа талаптар қойып өзара қатынастың көп түрлілігін тудырады. 
Кон.  И.С.  пікірінше,  егер  төменгі  сынып  баланың  жағдайы  үлгерімінің  негізіне  байланысты 
болып,  ересек  адамдардың  талаптарын  орындаудағы  мінез-құлқына  тәуелді келеді.  Ал 
жасөспірімдердің  көбісі  құрбы-жолдасының  топтық  жетілуіне  өзінің  сәйкестенуіне  маңызды  ден 
қояды. Осыдан келіп, батылдық аңғарымпаздық, зеректік, өз досын түсіну және оған көмек көрсету 
икемділігі сияқты қасиеттер жасөспірімдер үшін құндылықтың негізі болып табылады [4, 37 б]. 
Жасөспірім өзінің құрбы-жолдасына көмек көрсетуге, тірегі болуына дайындығын білдіреді және 
жолдасынан  да  сондай  көмекті  күтеді,  яғни  әділеттілікке  ұмтылады.  Жасөспірімдер  арасындағы 
қатынастардың күрделенуі жүреді. Жасөспірім құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасынан әлеуметтік 
және моралды есеюінің жаңа деңгейінің көтерілу мүмкіндігіне ие болады. Жасөспірім кезінде құрбы-
жолдастарымен  қарым-қатынас  екі  тенденцияны  құрайды:  қарым-қатынасқа  ұмтылу  және  берілген 
топқа мүшелікке қабылдануға ұмтылу. 
Жасөспірім  жасындағылар  қарым-қатынасқа  өте  құмар  келеді.  Олардың  жолдастарымен, 
құрдастарымен,  сыныптастары,  қарым-қатынасы  төменгі  сыныптардағы  балалардың  қарым 
қатынастарынан  гөрі  күрделірек,  көп  салалы  әрі  мазмұны  тереңірек  болады.  Тұлғааралық  қарым-
қатынасты жан-жақты зерттеген А.А. Бодалев оның жас кезеңдеріне байланысты өзгеру динамикасын 
көрсеткен  [5].  Жасөспірімдік  кезең  де  жақындық  дәрежесі  жөнінен  әр  түрлі  қарым-қатынастар 
қалыптасады, оларды жасөспірімдер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос, деп нақпа-нақ 
саралайды.  
Жасөспірімдер көбінесе өзінің құрбы-құрдастардың ортасында жеткілікті беделге ие болмағанда, 
оның  өзіне-өзі  сенімсіздігінен,  төмен  өзіндік  бағалаудан  туындайды.  Үнемі  кез-келген  нәрседе 
мазасыздану салдарынан жеткіншектің айналадағылармен қарым-қатынас аумағы, оқу үлгерімі мен 
жеке  өмірінегі  жетістікке  жету  деңгейлері  төмендейді.  Ал  кейбір  жағдайларда  қарым-қатынастағы 
мазасыздық  сезімін  жақсы  үздік  оқитын,  тәртіпті  оқушылар  бастан  кешіреді.  Мұның  сеебі  олар 
біріңғай  оқу  іс-әрекетіне  беріліп,  өздерн  тұлға  ретінде  сыртқа,  әсіресе  құрбы-құрдастар  ортасында 
көрсете алмайды. 
26 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
Мазасыздық күйі үнемі көрініс таба берсе, тұрақты тұлғалық ерекшелікке айналып кетеді. Мұндай 
жасөспірімдер  өздерін  эмоционалды  түрде  жағымсыз  сезінеді.  Жасөспірімдерде  кездесетін 
мазасыздық  оның  барлық  қарым-қатынас  аумақтарында  –  құрбы-құрдастармен,  басқа  жыныс 
өкілдерімен,  ата-анасымен  және  мұғалімдермен  қарым-қатынаста  көрініс  табады.  Әсіресе 
ұялшақтығы басым оқушылар коммуникативтік қиыншылықтарға тап болады. Ондай жасөспірімдер 
қоршаған ортаға әсер ете алмай, интроверсиялық мінез типтері басым болады. 
Жасөспірімдер  қарым-қатынасындағы  мазасыздықтың  көріну  себептері  мен  факторларын 
талдайтын болсақ, мазасыданудың көрініс табуы көбінесе тұлғаның субъективті жағымсыз күйінен 
болады.  Заманауы  психологтар  Спилбергер  мазасыздықты  жағдаяттық  және  тұлғалық  мазасыздық 
деп  екіге  бөлген.  Біріншісі  белгілі  бір  жағдайларда  көрініс  тапса,  ал  екіншісі  адамның  тұлғалық 
ерекшелігіне жатып, оның қарым-қатынасы мен іс-әрекетінде жүйелі түрде көрініс табады [6].  
Сондай-ақ  керісінше,  жасөспірімдердің  өз  қарым-қатынасымен  көңіл  толмаушылығы  олардың 
мазасыздығын одан әрі күшейтеді. 
А.М. Прихожанның пікірінше, мазасыздану күйі әсіресе жасөспірімдік шақта жиі көрініс табады. 
Олар кез-келген нәрседе – өз-өзінің түр-келбеті, сымбаты, ақыл-ой деңгейі, метктептегі мәселелерге 
және  түрлі  адамдармен  қарым-қатынасына  байланысты  мазасызданады.  Ал  ересектер  тарапынан 
түсінбеушілікке тап болса, жасөспірімдердің мазасыздығы одан әрі артады [7]. 
Эйдемиллер  Э.Г.,  Юстицкий  В.В.  «отбасылық  мазасыздану»  ұғымын  енгізген.  Бұл  негізінен, 
отбасындағы  дау-жанжалдың  жиі  орын  алуынан  немесе  отбасындағы  мазасыз  ата-ананың 
қатынасынан көрініс табады. Отбасы мүшелерінде шамадан тыс мазасыздықты танытатын адамдар 
болса,  оның  өзі  жасөспірімге  психологиялық  түрде  жұғады.  Себебі  олар  ересектердің  мінез-құлық 
моделін қабылдайды. Бұл сондай-ақ отасындағы адамдардың жасөспірімге деген жеткілікті сезімдері 
болмағанда,  соған  байланысты  да  жасөспірімнің  мазасыздығы  орын  алады.  Э.Г.  Эйдемиллер,  В.В. 
Юстицкийдің  пікірінше,  отбасы  мүшелерінің  шамадан  тыс  мазасыздық  танытуы  жасөспірімнің 
бойында  обсессивно-фобиялық  неврозды  тудыруы  мүмкін.  Оның  салдары  психозға  айналып  кетуі 
мүмкін [8]. 
Жасөспірім үшін ең қолайсыз жағдай - ұжымның, жолдастарының оны шындап кінәлауы, онымен 
қарым-қатынас  жасағысы  келмеуі  болады,  ал  ең  ауыр  жаза  өзіне  ашықтан-ашық  немесе  жасырын 
бойкот  жасауы  болмақ.  Өзінің  жалғыздығын  сезіну  жасөспірім  үшін  төзгісіз,  ауыр  жағдай. 
Сыныптастарымен  қатынастардың  қолайсыздығы  оны  өз  мектебінен  басқа  жерден  жолдас,  дос 
іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр кезде бірдей жақсы болып шыға бермейді. 
Мұндай фактілердің күйінішті зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.  
Жасөспірімнің  жолдастарының  назарын  өзіне  аударуға,  олардың  ынтасын  туғызып,  жақсы 
көрінуге  ұмтылуы  түрліше  болып  көрінуі  мүмкін:  бұлардың  өз  қасиеттерін  тікелей  көрсетуде 
ересектер қоятын талаптарды орындамау да болуы, сондай-ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге 
тырысқан  іс-әрекеттер,  өтірік-шыны  аралас  әр  түрлі  жайларды  айту  болуы  мүмкін. 
Е.Я.Мелибруданың  жүргізген  зерттеуінде  жасөспірімдердің  қырсық  мінез  көрсетунің  бір  себебі  өз 
жолдастарының назарын аудару екендігін дәлелдеген. Ал тұйық жасөспірімдерде керісінше, қарым-
қатынасқа түсудің қиындығы, ұялшақтық, мазасыздық күйлері орын алады [9].  
Жасөспірім  жаста  қарым  қатынас  үшін  өте  маңызды  ерекшелік  -  құрдастарының  талаптарын 
есепке  ала  білу  дамиды.  Қарым-қатынас  жақсы  болу  үшін  бұл  қажет  нәрсе.  Мұндай  қаситтің 
болмауын жасөспірімдер инфантілділіктің көрінісі деп бағалайды. 
Жасөспірімдер достығыныңа мұраты - «қашан да бірге болып, бәрін бірдей бөлісу!» Бұлай дегенде 
жолдастық  кодексі  мен  достық  қарым-қатынастарға  қойылатын  қосымша  талаптардың  бұлжымай 
сақталуы ғана ұғынылмайды, екіншісінің өмірінің барлық жақтарына біріншісінің түгелдей араласып, 
бәрінде бірлесіп іс-әрекет етуі ұғынылады. Жасөспірімдер дос–жолдасымен ортақ өмірге ұмтылады. 
Өсе  келе  «жан-дүнисінің  жақындығы»-ішкі  өмірдің  ортақтығы,  өзара  түсіністиік,  жеке  адамның 
маңызды  мәселелер  жөніндегі  құндылықтарының,  ұмтылыстарының,  көзқарастарының  ортақтығы 
барған сайын маңызды бола түседі . Толып жатқан өмірлік, этикалық, эстетикалық проблемаларды 
талқылау,  кейде  ұзаққа  созылып,  барынша  эмоциялы  болатын  таластар  арқылы  осындай  достық 
қалыптасады. 
Жасөспірім жасында махабат сезімі, сүйіспеншілік орын алады. Достық қатынас адамдардың бір-
біріне  жақындасуының  бірінші  акті  болса,  махаббат  оның  қорытындысы  болып  келеді.  Махаббат 
адамдардың  бір-бірін  тек  жақсы  көруі  ғана  емес,  басқаға  деген  барлық  жанының  асылын  сыйлау. 
Орта сыныптарда оқушылардың басым көпшілігі, әсіресе қыздар, кім кімге ұнайды деген мәселеге 
27 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
зер  салады.  Оларда  махаббат  сезімі  ояна  бастайды. Өзінің  сүйіспеншілік  қарым–қатынасы  туралы 
жасөспірімдер  әдетте  досына  не  жақын  жолдасына  ғана  айтатын  болғанымен,  мұны, 
сыныптастарының  көбі  біледі,  олар  аңғарғыш  болады  және  жаңалықтармен  бір-бірімен  күнделікті 
алмасып тұрады. Кіші жасөспірімдік шақта балалар мен қыздар арасында достық сирек болады, ал 7-
8  - 
ші  сыныптардан  бастап  олар  бір-бірімен  жиі  кездесіп,  өзара  ұнау  өте  эмоционалды  болып, 
өмірінде маңызды орын алады. 
Өзі  ұнататын  адамның  көңіл  аудармауы,  ұнатпауы  жасөспірімдердің  күшті  уайымдары  мен 
толғаныстардың  қайнар  көзі  болып  табылады.  Романтикалық  қатынастар,  ортақ  мүдделер  немесе 
ортақ  ұмтылыстар  болған  жағдайда,  жолдастық  қатынастар  түрінде  дамуы  мүмкін,  ал  мұндай 
мазмұнда  болмаса,  кездесулер,  серуендер,  киноға,  мұз  айдынына,  саябақтарға  және  т.б.  демалыс 
орындарына баруылары жиі кездесуі мүмкін. Осы қатынастардың нәтижесінде мектеп сыныптарында 
ұлдар мен қыздардың аралас топтар құру тенденциясы орын алады. 
Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынастар өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Басқа 
жынысты  құрдастарына  деген  қатынастың  жасөспірімнің  жеке  басының  дамуы  үшін  маңызы  зор. 
Ұнатқан  объектісіне  барынша  көңіл  аудару  саралай  аңғарғыштықтан  көрінеді:  өзіне  ұнаған 
құрдасының  қылығындағы,  әсерлеріндегі,  көңіл  күйіндегі,  толғаныстардағы  нәзік  өзгерістерді 
аңғаруға бейімтділік пайда болады. 
Ұнайтын  адамымен  қарым-қатынастың  нәтижесінде  өзінде  болатын  психикалық  көңіл  күйге 
бөленеді.  Романтикалық  ұнату  жеке  бастың  барлық  мүмкіндіктерін  ширықтырады,  жақсы  болуға, 
жақсылық жасауға, көмектесуге, қорғауға ұмтылдырады. Бұл назар аудару нәтижесінде балалардың 
өзін-өзі жетілдірудің себептерінің біріне айналады. Өзінің жақсы көрген адамына ұнау үшін балалар 
өздеріне  тән  теріс  қасиеттерден  қол  үзіп,  өзгелерге  ұнамды  болу  үшін  тұлғалық  оң  қасиеттерін 
дамытады [10]. 
Жасөспірім  шақта  жолдастарымен  қарым-қатынас  жасау  жасөспірімнің  жеке  басынаның 
қалыптасуына  үлкен,  көбіне  шешуші  ықпал  жасайды.  Жолдастары  оған  үлгі  болады,  балалар  бір-
бірімен бірлесіп көптеген іс-әрекеттерге белсене қатысады. Осы іс-әрекет барысында олар бірін-бірін 
тәрбиелейді. 
Сондықтан жасөспірімдердің үлкендермен қарым-қатынастары ғана емес, жақын жолдастарымен, 
достарымен,  ұнатқан  адамдарымен  қарым-қатынастары  да  педагогикалық-психологиялық  ықпал 
жасау барысында қамтылуы тиіс.  
Қарым-қатынас  жасайтын  адамдары  тек  мектеп  шеңберіндегі  оқу  әрекетімен  шектелместен, 
барған сайын мектептен тыс шыға береді, жаңа мүделерді, кәсіптерді, қарым- қатынастарды қамтып, 
жасөспірім өмірдің дербес және өте маңызды саласы болынып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр 
түрлі  оқиғалармен,  күрес  пен  қақтығысулар,  жеңістер  мен  жеңілістер,  жаңалықтар  мен  өкініштер, 
күініштер  мен  қуаныштар  кездесіп,  осының  бәрі  жинақталғанда  жасөспірімнің  нағыз  өмірін 
құрайды.  
Сонымен, жоғарыдағы талдау негізінде төмендегідей қорытынды жасаймыз: 
1.
 
Жасөспірімдік кезең қарым-қатынастағы сензитивтік кезең болып табылады; 
2.
 
Жасөспірімдердің  өзіндік  бағалауының  төмендігі,  өзіне-өзі  сенімсіздік  сезімі  олардың 
мазасыздануын күшейтіп, ішкі тұлғалық жағымсыз эмоционалдық күйді тудырады; 
3.
 
Көбінесе  әлеуметтік  орта  және  отбасындағы  мазасыздану  деңгейі  жасөспірімдердің 
мазасыздану сезімінің пайда болуына әкеледі; 
4.
 
Оқу-тәрбие  процесінде  қарым-қатынас  тренигтері  арқылы  жасөспірімдердің  өзіндік 
бағалауына әсер, етіп, олардың қарым-ұатынас дағдыларын қалыптастыруға болады; 
5.
 
Психологиялық  тренингтер  жасөспірімдердің  өзіндік  сенімін  күшейтіп,  жағымды  қарым-
қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 
Жасөспірімдік шақта психологтар мен педагогтар оқушылармен дер кезінде тиімді жұмыс 
жасаса,  онда  оқушылардың  тұлғасы  үйлесімді  дамып,  өзіндік  бағалаулары  төмендемей,  қарым-
қатынастағы мазасыздығы азайып, өзіне деген сенімділігі жоғарылайды, өз қарым-қатынас шеңберін 
өздері құруға тырысып, әлеуметтік ортадағы белсенділіктері артады. Сондықтан тұлғааралық қарым-
қатынас барысында жасөспірімдердің өзіндік сенімі мен өзіндік бағалауларын дұрыс қалыптастыруда 
психологиялық қолдау болуы басты шарттардың бірі. 
 
1.
 
Аверин В.А. Психология детей и подростков: 2-е изд.  – СПб.: Питер, 2014. – 380 с. ISBN 5-
8016-0034-5. 
28 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
2.
 
Алякринский  Б.С. Общение и его проблемы.   –  М.:  ИНФРА–М,  2013.  –  198  с.  ISBN 
отсутствует. 
3.
 
Ломов Б.Ф. Психологическое исследование общения. – М.: Наука, 1996. – 384 с. 
4.
 
Кон И.С. Психология старшеклассника. – М.: Просвещение, 1982. – 207 с.  
5.
 
Бодалев  А.А. Личность и общение. – М.: Международная педагогическая академия, 2002. – 
320 с.  
6.
 
Gaudry  E. & Spielberger, C. D. Anxiety and Educational Achievement. - Sydney: 1971. 
7.
 
Прихожан А.М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная 
динамика. – М.: Воронеж, 2000. – 312 с.  
8.
 
Эйдемиллер Э. Г., Юстицкий В.Э. Психология и психотерапия семьи. 4-е изд. — СПб.: Питер, 
2012. — 
672 с.:  
9.
 
Мелибруда Е.Я. Я-Ты-Мы: психологические возможности улучшения общения. Пер. с польск. 
— 
М.: Прогресс, 1986. 
10.
 
Макшанцева  Л.В.  Тревожность  и  возможность  ее  снижения  у  детей.  //  Психологическая 
наука и образование. - №2. - 2012. – 27-34. 
 

жүктеу 5.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет