Ж. И. Намазбаева Редакция алқасы



жүктеу 5.18 Kb.
Pdf просмотр
бет4/21
Дата01.06.2017
өлшемі5.18 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
Түйіндеме 
Намазбаева Ж.Ы. – психол.ғ.д., академик, Абай атындағы ҚазҰПУ «Тұлға психологиясы» ғылыми 
орталығының директоры  
Өскелең ұрпақ тұлғасын дамытудың кейбір психологиялық мәселелері 
Мақалада  ХХІ  ғ.  жаңа  тұлғасын  қалыптастыруға  бағытталатын  ұлттық  білім  беруді  жаңартудың  негізгі 
психологиялық  мәселелері  ашық  көрсетіледі.  Білім  беру  саласында  толыққанды  тұлғаны  тиімді  дамытудың 
негізгі психологиялық аспектілері алғаш рет белгіленген. Алдағы ғылыми зерттеулердің жолдарын анықтауға 
мүмкіндік  беретін  психологиялық  қамтамасыз  етудің  қандай  да  бір  бағыттарын  нұсқайтын  Психология  ҒЗИ 
ғылыми зерттеулерінің кейбір нәтижелері көрсетіледі. Психологиялық көмек пен психологиялық профилактика 
кешенді  түрде  жүзеге  асырылу  керектігі  жайында  баса  айтылады.  ҚР  білім  берудің  өзекті  психологиялық 
мәселелерін шешу бойынша нақты ұсыныстар беріледі.    
Түйінді  сөздер:  тұлға,  ұлттық  білім  беру  жүйесін  жаңартуды  психологиялық  қамтамасыз  етудің 
тұжырымдамасы,  психологиялық  профилактика,  психологиялық  қамтамасыз  ету,  психологиялық  көмек, 
психологиялық  қызмет,  адами  ресурстарды  басқару,  Мемлекеттік  бағдарлама,  толыққанды  тұлға,  білім  беру 
құрылымдары мен жанұяның өзара әрекеттестігі, жағымсыз мінез-құлық.  
  
Summary
 
Namazbaeva Zh.I.- d.psihol.n, academician, director of the Scientific "Psychology of personality" center Abai 
Kazakh National Pedagogical University
 
Some of the psychological problems of the younger generation ID 
The article describes the main psychological problems of modernization of national education, which should be 
directed to the formation of a new identity in the twenty-first century. For the first time identified the main 
psychological aspects of successful development of self-sufficient person in the educational sphere. Showing some of 
the results of scientific researches Research Institute of Psychology, highlighting the different ways of psychological 
support, which allows to plan ways of further research. It is emphasized that the psychological prevention and 
psychological support should be carried out comprehensively. Given concrete proposals for solving urgent problems of 
psychological education in Kazakhstan 
Keywords: personality, the concept of psychological support for the modernization of the national education 
system, psychological prevention, psychological support, psychological counseling, psychological services, human 
resource management, the State program, self-sufficient person, interaction of educational institutions and the family, 
negative behavior. 
 
 
 
 
14 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
УДК 159.9  
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ КҮЙРЕУІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   
 
Г.Б. Ниетбаева– педагогика және психология мамандығы бойынша PhD докторы, Қазақ 
Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
 
Бұл мақалада педагогикалық іс-әрекет барысындағы педагогтардың кәсіби және эмоционалдық күйреуінің 
психологиялық ерекшеліктері жайында айтылады. Эмоционалдық күйреу синдромының пайда болу себептері, 
даму  салдары  және  алдын  алу  жолдары  көрсетіледі.  Педагогтардың  кәсіби  күйреуін  жеңу  бойынша  кейбір 
психологиялық ұсыныстар беріледі. 
Түйін  сөздер:  педагог,  кәсіби  күйреу,  эмоционалдық  күйреу  синдромы,  жүйке-психикалық  жүктеме, 
психологиялық қорғаныс, психологиялық көмек, психологиялық денсаулық, алдын алу. 
 
Соңғы кезде қоғамымыздың білім беру саласында тек дамытушы, білім беруші ғана әлеуетке ие 
болатын  емес,  сонымен  қатар  білім  беру  үрдісінің  барлық  қатысушыларының  денсаулықтарын 
сақтайтын  қызу  реформалар  болып  жатыр.  Бұл,  егер  педагог  кәсіби  құзыретті,  физикалық  және 
психологиялық  тұрғыда  дені  сау,  сонымен  қатар  кәсіби-шартталған  жағымсыз  жағдайлардың 
дамуына тұрақты болса ғана, жүзеге асуы мүмкін болады. Қазіргі кезде соңғы міндеттің орындалуы 
үлкен  қиындықтар  тудырады.  Педагогтың  кәсіби  іс-әрекетінің  эмоционалдық  қауырттылығына, 
педагогикалық  жағдайлардың  стандартсыздығына,  мұғалім  еңбегінің  күрделілігі  мен 
жауапкершілігіне  байланысты  «эмоционалдық  күйреу»  синдромының  даму  қаупі  күшееді  [1].  Бұл 
арада  «эмоционалдық  күйреу»  синдромының  қалыптасу  қаупін  төмендетуге  және  жалпы  кәсіби 
дағдарыстың  пайда  болуына  жол  бермейтін,  педагогтардың  денсаулықтарын  сақтауға  бағытталған 
қолданыстағы  тиімді  психология-педагогикалық  және  медициналық  технологияларға  айтарлықтай 
мән берілмейді.        
Күрделі,  экстремалдық  әлеуметтік-экологиялық  жағдайларда,  құбылмалы,  тұрақсыз  әлемде  өмір 
сүретін  тұлғаның  психологиялық  денсаулығы  мәселесі  адам  туралы  ғылымдар  ғасырында  -  ХХғ. 
соңында және ХХІ ғ.басында ерекше өзектілікке ие болды. Бұл жерде негізгі шоғырландырушы орын 
психология ғылымына тән.    
Еңбек субъектісі ретіндегі адамға деген үлкен қызығушылық   зерттеушілердің назарын кәсіби іс-
әрекетпен айналысу барысында тұлғаның бойында болатын өзгерістерге түсірді.     
Мұғалім  еңбегі  «адам-адам»  типіндегі  мамандықтарға  жатады,  яғни  бұл  мамандық 
психоэмоционалдық  күйдің  қарқындылығымен  және  қауырттылығымен  ерекшеленеді  және  кәсіби 
күйреудің ықпалына көбірек шалдығады. Қазіргі кезде аталған синдром диагностикалық мәртебеге ие 
болды.  
Қазіргі заман мұғалімі күрделі педагогикалық күш-жігерді талап ететін міндеттерді шешуге бейім 
болуы тиіс. Оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін, оқу пәндерінің жаңа мазмұнын меңгеру, тәрбие 
берудің тиімді жолдарын іздестіру, гуманистік парадигманы жүзеге асыру, қоғамда және оқытылатын 
пәннің  ақпараттық  аясында  өте  жылдам  болып  жатқан  өзгерістерді  ескеру  қажеттілігі  –  осының 
барлығы  психологиялық  тұрғыда  дені  сау,  кәсіби  құзыретті,  шығармашылықпен  еңбек  ететін 
мұғалімнің ғана қолынан келеді.             
 
Себебі оқушылардың психологиялық денсаулығы көбінесе мұғалімнің денсаулығына байланысты 
болады.  Көптеген  эмоциогендік  ықпалдардың  (объективтік  және  субъективтік  те)  әрекеті 
мұғалімдерде  үдемелеп  келе  жатқан  қанағаттанбаушылық  сезімін,    хал-жай  мен  көңіл-күйдің 
нашарлауын,  шаршағандықты  тудырады.  Аталған  физиологиялық  көрсеткіштер  жұмыстың 
қауырттылығын  сипаттайды,  ал  ол  өз  кезегінде,  кәсіби  дағдарыстарға,  күйзелістерге,  жүдеу  мен 
күйреуге  әкеледі.  Мұндай  үрдістердің  нәтижесі  болып  мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекеті  тиімділігінің 
төмендеуі  саналады:  ол  өз  міндеттерін  атқара  алмайтын  болады,  өз  пәніне  және  өз  еңбегінің 
нәтижесіне байланысты шығармашылық икемінен айырылады, өзінің кәсіби қатынастарын, рөлдері 
мен қарым-қатынасын бұзады.  
Соңғы  кезде  кәсіби  күйреу  сияқты  құбылыс  жайында  көп  айтылады  және  жазылады.  Отандық 
әдебиетте «кәсіби күйреу» ұғымы айтарлықтай бертін пайда болды, ал шет елдерінде бұл феномен 
ширек ғасырдан бері анықталып, белсенді зерттеліп келеді (Маслач, Джонс, Фрейденбергер және т.б.) 
[2]. 
15 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
Күйреу құбылысы кәсіби күйреу синдромын құрай отырып, бірқатар белгілер түрінде байқалады.   
Бұл қандай синдром және қалай пайда болады? 
Мұғалім  –  ол  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  негізгі  тұлға  және  оқыту  барысында  басты  рөл  атқарады. 
Сондықтан  да  мұғалімнің  психологиялық  саулығы  жайындағы  мәселе  қазіргі  педагогикалық 
психология саласының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты білім беру 
саласында  еңбек  ететін  мамандардың  іс-әрекеттерінің  тиімділігіне  және  олардың 
психофизиологиялық денсаулықтарына жағымсыз ықпал ететін, күйреу деп аталатын психологиялық 
құбылыс феноменін зерттеу зор маңызға ие болып келеді.        
Мұндай  кәсіптік  сырқат  1950  жылдардың  басында  ашылған  және  көп  жылдар  бойы  зерттелмей 
қала  берген.  1980  жж.  басында  кейбір  ғалымдар  жаңа  «вирустың»  түсініксіз  әлеуметтік 
талғамдылығына  назар  аударған:  ауруға  шалдыққандардың  75%  «ақ  жағалылар»  қатарына  жатқан 
немесе солардың отбасыларының мүшесі болған. Дегенмен ғалымдар сол кезде созылмалы шаршау 
синдромының  пайда  болу  табиғатына  байланысты  әлі  ортақ  шешімге  келмеген.  Олар  жұмыстағы 
күйзелістердің,  кәсіби  артық  жүктемелердің  және  сырқаттанған  адамдар  санының  күрт  өсуінің 
арасындағы тікелей байланыстарды аңғарған.   
«Күйреу» термині (burnout – грек тілінен аударғанда – жанудың аяқталуы, күйреу) деген сөз алғаш 
рет  ғылыми  әдебиетте  1974  ж.  пайда  болды.  Оны  американдық  психолог  Х.Дж.Фрейденбергер 
«
Әлеуметтік  көзқарастар»  журналында  жариялаған  мақаласында  қолданған  [3].  Мұнда  бұл  термин 
сау  адамдардың  психологиялық  хал-жағдайларын  сипаттайтын  тұжырымдама  аясында  ұсынылған. 
Оған дейін аталған ұғым жұмыс күйзелісі тұжырымдамасының төңірегінде қолданылып, моральдік 
азғындауға, фрустрацияға және іс-әрекет тиімділігінің төмендеуіне әкелетін күйзеліске қарсы әлсіздік 
ретінде белгіленген.    
Кәсіби  күйреудің  ғылыми  тұжырымдама  ретіндегі  дамуында  негізгі  орынды  К.Маслачтың 
еңбектері мен оның С.Джексон, А.Пайнс сияқты әріптестері иеленді. Олар жасаған кәсіби күйреудің 
модельдері аталған феноменді ары қарай зерттеуге мүмкіндік берді [4].    
Бұл феномен ұғымының өзі бірнеше рет өзгерген. 1976 жылы К.Маслач күйреу ұғымын клиенттен 
немесе оқушылардан эмоционалдық алшақтауға, оларға ізгілікті емес қатынасқа, еңбек тиімділігінің 
төмендеуіне апаратын жұмыспен байланысты күйзеліске деген жауап ретінде анықтады. 1981 жылы 
К.Маслач  және  С.Джексон  келесідей  анықтама  ұсынды:  кәсіби  күйреу  –  ол  адамдармен  жұмыс 
жасайтын  қызметкерлердің  эмоционалдық  жүдеуі  және  арсыздық  синдромы.  Бұл  өз  клиенттеріне 
жағымсыз  қатынастың  дамуына  әкелетін  құбылыс.  1986  жылы  К.Маслач  өзінің  еңбектерінде, 
адамдарға  қызмет  көрсету  салаларында  және  білім  беру  мекемелерінде  жұмыс  істейтін  адамдар, 
мамандықтың  шарты  бойынша,  уақыттарының  басым  бөлігін  өзге  адамдармен  қарқынды  өзара 
байланыста өткізуге мәжбүр, деп көрсетеді.  
 
В.В.Бойко  аталған  ұғымға  келесідей  анықтама  береді  [1].  Эмоционалдық  күйреу  –  ол 
психологиялық жарақат келтіретін кейбір ықпалдарға, тұлғамен қалыптасқан толық немесе жартылай 
эмоциялардан  арылу  түріндегі  психологиялық  қорғаныс  механизмі.  Бұл  эмоционалдық,  көбінесе 
кәсіби мінез-құлықтың жүре келе пайда болған таптаурынын білдіреді. Бір жағынан, ол адамға өзінің 
энергетикалық  күш-жігерін  мөлшерлеуге  және  үнемді  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Екінші 
жағынан, күйреу адамдармен жұмыс жасауда жағымсыз нәтижелерге әкеледі.     
Кәсіби  күйреу  –  ол  созылмалы  күйзеліс  аясында  дамитын,  қызмет  атқаратын  адамның 
эмоционалдық-энергетикалық және шығармашылық ресурстарының жүдеуіне апаратын синдром.   
Кәсіби  күйреу  синдромы  –  адамдармен  жұмыс  жасайтын  және  іс-әрекеттері  қарым-қатынассыз 
мүмкін  емес  жандарда  (мұғалімдерде,  әлеуметтік  қызметкерлерде,  психологтарда,  саясаткерлерде 
және т.б.) пайда болатын өте қауіпті кәсіби сырқат.     
Н.Е.Водопьянованың  анықтамасы  бойынша  [5],  эмоционалдық  күйреу  –  ол  орта  тиімділіктегі 
созылмалы кәсіби күйзелістердің салдарынан пайда болатын ұзақ мерзімдік күйзелісті жағдай. Оны 
кәсіби күйзелістердің ықпалынан туындайтын тұлғалық өзгерістер аспектісінде қарастыруға болады.   
Эмоционалдық күйреу жағдайына әдетте келесідей сезімдер, ойлар, әрекеттер сәйкес келеді:  
-
 
Сезімдер:  бәрінен  шаршау,  жабырқаңқылық,  қорғансыздық,  еш  нәрсені  қаламау,  қателесу 
қорқынышы, белгісіз бақыланбайтын жағдайлардан қорқу, аса күшті емес, толық жетілмеген болып 
көрінуден қорқу.  
-
 
Ойлар:  өзіне  қатысты  әрекеттердің  әділетсіздігі  туралы,  қоғамдағы  өз  орнының  жөнсіздігі 
жайында, өзінің еңбектегі жетістіктерінің қоршаған ортадағылармен тиісті бағаланбауы, өзінің толық 
жетілмегендігі жайында. 
16 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
-
 
Әрекеттер: өзіне және өзгелерге қатысты сын, біреудің көзіне түсуге немесе, керісінше, түспеуге 
тырысу, барлығын жақсы жасауға тырысу немесе мүлдем талпынбау.  
Белгілі тұлғалық сипаттамаларды кәсіби күйреудің пайда болуы жағдайында тәуекел факторы деп 
атауға  болатындығы  түсінікті.  Өз  қадірін  сезінудің  төмендеуін  аса  маңызды  фактор  деп  атауға 
болады.  Сондықтан  мұндай  адамдар  үшін  әлеуметтік  бәсекелестік  күйзеліс  тудыратын  жағдайлар 
болып табылады. Сырттай ол өз мәртебесімен қанағаттанбаушылық, әлеуметтік жағынан табыстырақ 
адамдарға  қатысты  нашар  жасырылып  байқалатын  наразылық  (тіпті  күншілдікке  дейін)  ретінде 
көрінеді.  Олардың  жетістіктері  бәсекелесетін  адамдарға  тең  келе  алмағандықтан  кездейсоқтық 
ретінде түсіндіріледі. 
Көп жағдайларда өзіне деген құрметтің төмендеуінен еңбексүйгіштік, табыстылыққа деген жоғары 
мотивация,  бәрін  және  ылғи,  мүмкіндігінше,  барлығынан  жақсы  істеуге  тырысу  сияқтя  қасиеттер 
пайда  болады.  Тіпті  объективтік  себептер  бойынша  да  еңбек  нәтижелерінің  қандай  болмасын 
төмендеуі жағымсыз реакция тудырады: өзімен-өзі болудан және өзінің депрессивтік уайымдарымен 
оңашаланудан бастап кінәліні іздеуге дейін және оған қарай қатаң агрессивтік ызаларды бағыттауға 
дейін.      
Келесі  ерекшелік  –  интроверсияға  бейімділік,  қызығушылықтарының  өзінің  ішкі  әлеміне 
бағытталуы.  Сырттай  ол  эмоционалдық  тұйықтылық,  байланыстардың  нысандануы  түрінде 
байқалады.  Рөлден  шығуды  қажет  ететін  кез  келген  жағдай  қатты  мазасыздық  тудырады,  тіпті 
агрессияға  дейін  апарады.  Мұндай  адамдарға,  әдеттегідей,  өздерінің  өмірлік  жоспарларын,  мінез-
құлықтық таптаурындарын өзгерту қиынға түседі, сондықтан олар эмоционалдық күйреу мәселесін 
өз  беттерімен  шеше  алмайды.  Соның  салдарынан  оның  ары  қарайғы  даму  кезеңі  болып  түрлі 
психосоматикалық аурулардың пайда болуы саналады.   
Кез  келген  жұмысты  орындау  барысында  адамдарға  түрлі  физикалық  және  жүйке-психикалық 
жүктемелерді бастан кешуге тура келеді [6]. Олардың көлемі айналысатын іс-әрекет түріне, саласына 
қарай  әр  түрлі  болады.  Үнемі  болатын  шағын  жүктемелерде  немесе  ауқымды,  бірақ  біржолғы 
жүктемелерде  өзін-өзі  реттеудің  табиғи  мезанизмдері  санасыз  түрде  іске  қосылады.  Сонда  ағза, 
адамның  саналы  қатысуысыз-ақ,  жүктемелердің  салдарын  өздігінен  көтере  алады.  Жүктемелер 
ауқымды  және  ұзақ  әрекет  ететін  басқа  жағдайларда  ағзаның  қалпына  келуіне  көмек  болатындай 
түрлі әдіс-тәсілдерді саналы түрде қолдану маңызды болып табылады.  
Отандық және шетелдік көптеген ғалымдардың зерттеулерінен белгілі болғандай, педагогтардың 
қызметі  көптеген  жүйке-психикалық  жүктемелермен  байланысты.  Мұнда  еңбек  жағдайымен 
байланысты  физиологиялық  (көру,  есту,  дыбыстау  аппараттарына  шамадан  тыс  жүктемелер  және 
т.б.)  факторлар  ғана  емес,  ең  бастысы  психологиялық  және  ұйымдастырушылық  қиындықтар 
жайындағы мәселелер маңызды: үнемі бапта болу қажеттілігі, оқушыларды таңдауға мүмкіншіліктің 
жоқтығы,  эмоционалдық  бәсеңдеудің  болмауы,  жұмыс  күні  бойы  қарым-қатынастың, 
байланыстардың тым көптігі және т.б. Күнде мұндай жұмыс жасау барысында қауырттылық деңгейі 
жинақталып арта беруі мүмкін. Қобалжудың мүмкін көріністері ретінде келесі реттегілер саналады: 
қозғыштық,  шектен  тыс  ашушаңдық,  алаңдаушылық,  бұлшықеттің  ширығуы,  дененің  көптеген 
бөліктеріндегі  қысымдар,  тыныс  алудың,  жүрек  қағысының  жиілігі,  қатты  шаршағандық.  Мұның 
басқа  да  жеке  көріністері  болуы  ықтимал.  Қобалжудың  белгілі  бір  деңгейіне  келгенде  ағза  өзің 
қорғауға тырыса бастайды. Бұл оқушылармен өзара әрекеттестік уақытын азайтуға деген мұғалімнің 
саналы немесе санасыз талпыныстарынан байқалады.         
Кәсіби  күйреу  синдромының  алдын  алу  және  педагогтарға  көмек  көрсету  үшін  төмендегілерді 
ұсынамыз:   
-
 
эмоционалдық жеңілдену;     
-
 
жұмыс істеу және демалу тәртібін оңтайландыру; 
-
 
релаксация және өзінің психикалық күйін өздігінен реттеу тәсілдерін үйрену;  
-
 
басымды мінез-құлықтың құрылымдық (табысты) модельдерінің дағдыларын игеру.  
Сонымен, эмоционалдық күйреу синдромының дамуына жол бермеу үшін негізгі психологиялық 
кеңестерді бөліп көрсетеміз: 
 1. 
Өзіңізді маман ретінде сынай бермеңіз. Өзіңізге қатысты наразылықтың болуы адамның өзін-
өзі бағалауына соққы болады. Өзіңіздің бірегей қызметкер екеніңізді естен шығармаңыз.  
2.  Басқа  өмірлік  мәселелерден  жұмыста  жасырынып  қала  беруге  тарыспаңыз.  Жұмыс  адамды 
барлық мәселелерінен құтқара алмайды.  
17 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
3.  Шаршағандықтың  алғашқы  белгілерін  уақытымен  байқауға  тырысыңыз.  Ағзаңыздың  іркіліп 
қалғанын күтпеңіз – одан да оған уақытымен демалыс беріңіз.  
4. 
Өзге адамдардың өмірімен өмір сүрмеңіз. Жұмысты біреудің айтқаны бойынша емес, өзіңіздің 
қалауыңыз бойынша іздеңіз. Шын мәнінде сізге не жақсы, жаныңызға не жақын соны сіз және тек 
өзіңіз ғана білесіз. 
5.  Ертеңгі  күннің  жоспарын  кешке  дайындап  қоюды  әдетке  айналдырыңыз.  Бұл  сіздің  жүйке 
жүйеңізді алдағы күннің басымды істеріне қатысты таңғы ойларыңыздан қорғайды.  
6. 
Өзіңіз үшін уақыт арнаңыз. Назарыңызды тек жұмысқа ғана бағыттамаңыз. Өзіңіздің көңіліңізді 
қанағаттандыратын  жұмыстарымен  айналысуға  құқығыңыз  бар.  Өзіңіздің  қалауыңыз  бойынша 
ұнайтын іспен шұғылданыңыз және міндетті түрде босаңсуды үйреніңіз.   
Сондықтан, педагог мамандарының басты мақсаты ХХІ ғ. дені сау, жан-жақсы дамыған тұлғасын 
тәрбиелеп  оқыту  болса,  онда  ең  алдымен  өзінің  психологиялық,  психикалық,  физиологиялық 
саулығына зор мән бергені абзал. 
ХІХ ғасырдың басым дидактикалық жүйесінің бірі - денсаулықты 
сақтау  педагогикасы  болып  табылады.  Оның  технологиялық  негізі  оқытудың  денсаулықты  сақтау 
технологияларын  пайдалану  және  денсаулыққа  зиян  келтірмей  оқытуды  ұйымдастырудың  тәсіл, 
форма,  әдістерінің  жиынтығы  болып  айқындалады.  Адам  өз  өмірінің  көп  уақытын  білім  беру 
мекемелерінде өткізеді, сондықтан оқушының денсаулықты құндылық қатынас ретінде ұғынуы үшін 
педагогтың рөлі зор болып табылады.   
  
1.
 
Бойко В.В. Синдром «эмоционального выгорания» в профессиональном общении. [Текст]/ 
Бойко В.В.- СПб.: Питер.- 1999.- С.99-105. 
2.
 
Maslach, C. Burnout: A social psychological analysis. In The Burnout syndrome ed.J.W.Jones, 
pp. 30
−53, Park Ridge, IL: London House, 1982. 
3.
 
Schaufell, W.B., Enzmann, D. And Girault, N. Measurement of burnout: A review. In Professional 
Burnout: Recent Development in Theory and Reserch ed. W.B.Schaufell, C.Maslach and T.Marek, 
pp. 199
−215, Washington, DC: Taylor&Francis 
4.
 
Маслач К. Профессиональное выгорание: как люди справляются: Статья 1978. 
5.
 
Водопьянова Н.Е., Старченкова Е.С. Синдром выгорания: диагностика и профилактика. / 
Водопьянова Н.Е.- СПб.: Питер, 2005.С. 212 
6.
 
Пряжников Н.С., Ожогова Е.Г. Стратегии преодоления синдрома "эмоционального 
выгорания" в работе педагога: Психологическая наука и образование. -№2.-2008.С.103 
 
Резюме  
Ниетбаева Г.Б. – PhD доктор по специальности педагогика и психология, Казахский Государственный 
женский педагогический университет 
Психологические особенности и пути профилактики профессионального выгорания педагогов  
В  данной  статье  говорится  о  психологических  особенностях  профессионального  и  эмоционального 
выгорания  педагогов  в  процессе  педагогической  деятельности.  Раскрываются  причины  возникновения, 
последствия  развития  и  пути  профилактики  синдрома  эмоционального  выгорания.  Даются  некоторые 
психологические рекомендации по преодолению профессионального выгорания педагогов. 
Ключевые  слова:  педагог,  профессиональное  выгорание,  синдром  эмоционального  выгорания,  нервно-
психическая  нагрузка,  психологическая  защита,  психологическая  помощь,  психологическое  здоровье, 
профилактика.    
 
Summary
  
Nietbaeva G.B. - PhD Doctor in specialty education and psychology, Kazakh State Women's Pedagogical 
University
 
Psychological features and ways of prevention professional burnout teachers
 
     This article refers to the psychological characteristics of professional and burnout of teachers in the process of 
teaching. Reveals the causes, consequences and ways of prevention of burnout syndrome. We give some psychological 
advice on overcoming professional burnout of teachers. 
Keywords:  teacher, professional burnout, burnout syndrome, nervous and mental strain, psychological defense, 
psychological care, mental health, prevention. 
  
 
 
 
18 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
УДК: 159.9 (574) 
 
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ВАЛИДТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
И.Қ. Аманова– психол.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ 
Ж.С. Сейітнұр– психол.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  
 
Мақалада  психология  ғылымындағы  эксперименттік  зерттеулерді  жүргізудің  экологиялық  валидтілігі 
мәселесі  қарастырылған.  Психология  ғылымында  эксперименттік  зерттеулерді  жүргізудің  ерекшеліктері  мен 
маңыздылығы  көрсетілген.  Эксперименттік  психологияның  қалыптасу  тарихына  қысқаша  шолу  жасалып, 
қазіргі заманауи шетелдік ғалымдардың зерттеудің экологиялық валидтілігі мәселесіне қатысты көзқарастары 
мен  тұрғылары  талданған.  Эксперимент  жүргізудің  кезеңдері  мен  оны  жоспарлауға  қойылатын  талаптар 
баяндалған. Сонымен қатар, мақалада индигенді психология мәселесі көтерілген.  
Түйін  сөздер:  эксперименттік  психология,  эксперименттік  зерттеу,  эксперименттік  жоспарлар  мен 
схемалар, экологиялық валидтілік, сенімділік, репрезентативтілік, индигенді тұлға, зерттеу әдістері. 
 
Қазіргі  заманда  психология  ғылымында  эксперименттік  зерттеулердің  экологиялық  валидтілігін 
арттыру  мәселесі  өте  өзекті  әрі  күрделілердің  қатарына  жатады.  Себебі  психологиялық 
құбылыстарды зерттеу күрделі зерттеу іс-әрекетін қажет етеді. 
Психология  ғылымы  ғылымдар  жүйесінде  орталық  орынды  иеленетінін  әйгілі  академик 
Б.М.Кедров атап көрсеткен [1]. Сондықтан психологиялық зерттеулердің өзіндік ерекшеліктері бары 
түсінікті.  Ол  бір  жағынан  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  қатарына  кірсе,  екінші  жағынан 
жаратылыстану  ғылымдарымен  де  тығыз  байланыста  болып,  оның  жетістіктерін  өз  құбылыстарын 
зерттеуде  қолданады.  Бұған  дәлел  осы  ғылыми  салалармен  іргелес  жатқан  психологияның 
салаларының болуы.  
Психологтар  эксперименттік  зерттеулерінде  объективтілікке  ұмтылып,  жаратылыстану 
ғылымдарында  жүргізілетін  эксперименттік  зерттеулердің  дәлдігіне  қол  жеткізгісі  келеді.  Алайда 
психологяның негізгі зерттеу нысаны адам психикасы болып табылғандықтан, оны зерттеуде терең 
әрі  жан-жақты  айрықша  сандық  және  сапалық  талдау  жасай  білудің  маңызы  зор.  Сондықтан 
психология  ғылымында  эксперименттік  зерттеулер  жүргізу  өте  күрделі  болғандықтан,  оны  жүзеге 
асыруда экспериментатордың мол ғылыми-зерттеу тәжірибесі мен жоғары кәсіпқойлығы қажет. 
Экспериментті  дұрыс  ұйымдастырып,  өткізудің  ең  алғашқы  шарты  -  оның  жоспарлануы. 
Экспериментті  жоспарлау  сатысы  оның  ары  қарайғы  тағдырын  анықтайды,  себебі  экспериманттің 
логикалық  және  хронологиялық  схемасын  құруға,  зерттелінушілердің  құрамы  мен  санын  немесе 
өлшеудің  керекті  мәнін  анықтауға,  математикалық-статистикалық  өңдеудің  жоспарын  жасауға, 
көрсеткіштерді  және  өңдеу  аппаратын,  шешім  қабылдаудың  бағдарын  таңдауға  мүмкіндік 
тудырады. Егер  біз  әртүрлі  эксперименттік  жоспарлар  мен  схемалардың  негіздерін  білмесек,  бізге 
эксперименттің сапасы мен нәтижелерін бағалау қиын болады. 
 
«Идеалды  эксперимент»  ұғымын  Д.  Кэмпбелл  қолданысқа  енгізді.  Идеалды  эксперимент  уақыт 
мерзіміндегі  зерттелушілер  сипаттамаларының  өзгеріссіз  болуын  білдіріп,  эксперименттің  шексіз 
жүргізілу мүмкіндігін анықтайды. Осының салдарынан барлық эксперименттік әсерлер бір мезгілде 
жүргізіледі. Егер бізде салыстыру үшін үлгі болса, онда біз алғашқы жоспарлар сәтті болғандығын 
нақты айтып бере алар едік. Мінсіз эксперимент осы үшін қызмет атқарады. Экспериментті абсолютті 
мінсіз етуге болады ма? Кез-келген экспериментті шексіздікке дейін жақсартуға болады немесе оның 
мүлдем  өткізуге  болмайды.  Шынайы  эксперименттер  мінсіз  экспериментке  жақындатылып  жүзеге 
асырылады. 
Сондай-ақ  идеалды  эксперимент  түсінігі  арқылы  эксперименттің  мінсіздігін  анықтауға  болады. 
Идеалды  экспериментте  тек  қана  тәуелсіз  айнымалының  өзгеруіне  жол  беріледі.  Қалғанының  бәрі 
өзгеріссіз қалады, Сондықтан тәуелді айнымалыға тек тәуелсіз айнымалы ықпал етеді.  
Дегенмен,  мінсіз  эксперимент  идеал  эксперимент  тәрізді  бізге  басшылыққа  алатын  үлгі  ретінде 
қызмет атқарады. Мінсіз идеалды эксперименттер шынайы эксперименттерді бағалауда қолданылуы 
мүмкін. 
Идеалды  эксперимент  шынайы  эксперментке  қарама-қайшы  келеді.  Себебі  шынайы 
экспериментте  зертеушіні  қызықтыратын  айнымалылар  ғана  емес,  басқа  да  жағдайлар  өзгертіледі. 
Идеалды эксперименттің шынайы эксперментке сәйкестігі ішкі валидтілік сияқты сипатамада көрініс 
19 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
табады.  Неғұрлым  зерттеушімен  қадағаланбайтын  жағдайлар  тәуелді  айнымалыға  көп  әсер  етсе, 
соғұрлым эксперименттің ішкі валидтілік деңгейі төмен болып саналады. Сәйкесінше, экспериментте 
анықталған фактілер жалған артефактілер болып табылуы мүмкін. 
Жоғары  ішкі  валидтілік  –мінсіз  экспериментке  жақын,  жақсы  эксперименттің  басты  көрсеткіші 
[2]. 
Көптеген зерттеулер ғылыми нақтыланумен  байланысты. Олардың мақсаты - шекараны белгілеу, 
яғни  теория  эмпирикалық  заңдар  мен  фактілерді  қалыптастыру  шегін  қарастырады.  Алғашқы 
эксперимент  үлгісімен  салыстырғанда,  жүргізілген  зерттеудің  обьектілері  мен  әдістемесі  ерекше 
болады.  Алдын-ала  теориялық  білімнің  шындығының  қандай  ауқымына  жатқызатындығы  да 
тіркеледі. 
Оның  мақсаты  алынған  нәтиженің  обьективтілігін,  сенімділігін  және  жеткіліктілігін  анықтау 
болып  табылады.  Кез-келген  зерттеудің  нәтижесі  зерттелген  басқа  да  зерттеу  жұмыстарының 
нәтижесіне  ұқсас  болу  керек.  Сондықтан  да  жаңа  эффектілердің,  заңдардың,  әдістемелердің 
құрастырылуынан  кейін  осы  нәтижені  тексеру  болып  табылады.  Эксперименттің  әдісі  мен  нақты 
әдістемесі интерсубъективті болу керек. Шынайы ғылыми зерттеудің теориясы алдын-ала құрылатын 
болжамға сүйенеді. 
Кез  келген  ғылыми  зерттеудің  күмәнсіздігі,  шүбәсіз  дұрыстығы  өте  маңызды  боп  саналады. 
Ақиқатқа  жету,  жете  дәлелдеуді  талап  ету  ғылымды  өзге  салалардан,  мәселен,  діннен  ажырататын 
басты  өлшемнің  бірі.  Қазақша  айтсақ,  ғылыми  зерттеудің  төрт  құбыласы  тең  болуы  керек,  яғни 
репрезентативтілік,  валидтілік,  сенімділік,  шүбәсіздік  (шынайылығы)  шарттары  сақталуы  қажет. 
Репрезентативтілік  талабы  жалпылау,  қорытынды  жасау  үшін  маңызды.  Зерттелінетін  пән 
экспериментке  кірмейтін  адамдардың  ерекшеліктерін  қамтитын,  бейнелейтін  болуы  керек. 
Эксперименттік  іріктеу  тобында  алған  нәтижені  шынайы  өмірдегі  топтың,  популяцияның 
психологиясына көшіре алмасаң не үшін зерттеу жүргізілді деген сауал туындайды.  
 
Бұл  мақалада  біз  валидтілікті,  соның  ішінде  экологиялық  валидтілікті  жетілдіру  мәселесіне 
арнайы  тоқталамыз.  Барлығыңызға  белгілі,  эксперименттік  психология  мен  психодиагностикадағы 
іргелі ұғымдардың бірі болып валидтілік (validity) түсінгі саналады. Валидтілік әдістемелердің белгілі 
бір  сапаларды,  ерекшеліктерді зерттеуге  қаншалықты  жарайтындығын  және  оның  тиімділігін 
анықтайды.  Яғни,  бұл  ұғым  зерттеу  әдістемелері  мен  нәтижелерінің  алға  қойылған  міндеттерге 
сәйкес  келуін  білдіреді.  Тест  немесе  әдістеме  өлшеуге  тиіс  нәрсені  өлшеуі  керек.  Валидтілік − 
әдістеменің басқаны  емес  дәл  сол  құбылысты  өлшеуге  арналғанын  көрседі    және  оны өлшеуге 
жарамдылығы  мен  тәжірибелік  пайдалылығы  жөніндегі  мәліметтерді қамтитын  зерттеу  әдісінің 
кешенді сипаттамасы. Валидтілік (жарамдылық)  алынған нәтижелер өлшенетін объектілер қасиетіне 
қатысты  біржақты  (орнықты)  болып  табылады,  яғни  өлшеу  пәніне  қатысты  болады.  Валидтіліктің 
сенімділіктен айырмашылығы — өлшеудің "объектісі" мен "пәні" ұғымдарын айырумен байланысты 
түсіну  керек.  Валидтіліктің  келесі  негізгі  түрлері  болады:  ішкі,  сыртқы,  операционалдық, 
конструкттық,  популяциялық  немесе  экологиялық.  Кейбір  зерттеушілер  экологиялық  валидтілікті 
сырттқы  валидтіліктің  жеке  бір  формасы  ретінде  қарастырады.  Нақты  зерттеу  қортындыларын 
лаборатория жағдайынан реалды жағдайға тарату мүмкіндігін айтады.  
 
Бүгінгі таңда лабораториялық зерттеулердің нәтижесін күнделікті өмірге көшіру мәселесі өзекті 
болып тұр. Қаншалықты жасанды жағдайда алынған зерттеулер нәтижесі шынайы өмірге жарамды? 
Мысалы,  кәсіби  жарамдылықты  анықтауға  арналған  жазбаша  тест  қортындысы  адамның  кәсіби 
практикада  ол  жұмысты  ойдағыдай  атқара  алатынын  анықтай  ала  ма?  Немесе  әлеуметтік 
психологиядағы эксперимент күнделікті өмірдегі әлеуметтік өзара әрекеттесуді қаншалықты шынайы 
бейнелейді  әрі  болжайды?  Осы  мәселені  дұрыс  шешу  үшін  ғалымдар  «экологиялық  валидтілік» 
(ағыл. ecological validity) ұғымын қолданады.  
 
Экологиялық валидтілік − эксперимент жағдайының зерттелінетін шынайы болмысқа сәйкес келу 
дәрежесі. Ол сыртқы валидтілікпен қатар  психологиялық эксперименттің нәтижелерін қаншалықты 
шынайы  өмірге  көшіруге  болатынын  көрсетеді.  Зерттеу  нәтижесі  зертханадан  тыс  жағдайға  жарай 
ма? Күнделікті өмірге сай келмейтін эксперименттік зерттеулердің бізге қандай пайдасы бар? Қазіргі 
жаратылыстану  ғылымдары  мамандарының  өзара  коммуникациясында  жиі    қолданатын  «ин  ситу» 
деген  сөз  орамы  бар,  яғни  in situ  (лат. —
 «сол  жерде»,  «болған  орында»)  сөзі    құбылысты  оқшау, 
арнайы  ортада  емес,  нақ  орын  алған  жерде    қарастыруды  білдіреді.  Медициналық  ғылымдарда 
экспериментті орындау технологиясында әдетте үш сөз жиі қолданылады: in vitro (шыны түтікте), in 
vivo 
(жанды  ағзада)    және  табиғи  ортаға  қайта  аутотрансплантация  жасауды  білдіретін  in situ  сөз 
20 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
тізбегі (фразасы). Информатика саласында in situ сөзі жүйенің қалыпты күйін тоқтатпайтын, үзбейтін  
операцияны білдірсе, авиация мен космонавтикада  бұл сөйлем құрал-жабдықтардың  дұрыс жұмыс 
жасайтынына көз жеткізу үшін сол жерде, яғни ғарыш жағдайында тесттілеуді талап етеді. Аквариум 
не жылыжайда өскен тіршілік иесінің табиғи жағдайда қалай өмір сүріп кететіні үлкен бір мәселе. 
Сол  сияқты  жоғары  кабинеттерде  қабылданған  шешімдердің  күнделікті  өмірде  жүзеге  асуы  да  екі 
түрлі дүние болуы мүмкін. Мәселен, үш тұғырлық тіл жобасының қазақ ұлтының тағдырына қатысты 
қандай  нәтижеге  әкелетінін  тек  шынайы  өмір  көрсетеді.  Ойлаған  нәрсенің  күткен  нәтиже  бермеуі 
жасанды мен табиғи жағдайдың ерекшеліктерін ескермеуден туындайды. Ғылымда да жорамалдың, 
болжамның шықпай жатуы лабораториялық жағдай мен өмірлік жағдайдың айырмашылығы барына 
мән бермеуден болады [3]. 
 
Адамдар  көбіне  экологиялық  валидтілікті  сыртқы  валидтілікпен  (ағыл.  external  validity)  жиі 
шатастырады.  Бұлар  өзара  тығыз  байланысты  болғанымен  екеуінің  өзіндік  айырмашылығы  бар. 
Мәселен,  зерттеу  сыртқы  валидтілікке  ие  болғанымен,  бірақ  экологиялық  валидті  болмауы  мүмкін 
немесе  керісінше  жағдай  орын  алады.  Мәселен,  экологиялық  валидтілік  жазбаша  алынған  тест 
нәтижесі  кәсіби  практикада  да  өз  тиімділігін  көрсете  алатынына  жауап  береді.  Зерттеуді  шынайы 
өмірге  жақындатады.  Сыртқы  валидтілік  (англ.  external  validity)  −  нақты  бір  зерттеу  нәтижелерін 
осыған  ұқсас  жағдайлар,  оқиғалар,  объектілердің  барлық  тобына  қаншалықты  таратуға  мүмкін 
болатынын  анықтайтын  валидтіліктің  түрі.  Ғылыми  зерттеулердегі  талдап  жинақталған 
қорытындылардың  сенімділігі  мен  күмәнсіздігіне  үлкен  мән  беріледі.  Яғни,  сыртқы  валидтілік 
алынған  нәтижелерді  қаншалықты  сенімді  әрі  жеткілікті  жалпылауға  болатынын  көрсетеді. 
Зерттеулер ең жоғары валидтілік дәрежесіне ие болу үшін оның нәтижелерін басқа популяцияға, өзге 
де жағдай мен шарттарға, басқа уақыт аралығына тарату, қолдану мүмкіндігі болуы тиіс. Алынған 
нәтижелер  гетерогенді  популяцияларға  жарамды  болу  үшін  тек  эксперименттік  әдістермен  ғана 
шектелмей,  кросс-  мәдени  зерттеулер,  бақылау,  амбулаторлық  бағалау    және  т.б.  әдістерді 
қолдануымыз  қажет.  Кез  келген  валидтілік  түрі  сияқты,  ғылыми  зерттеулерде  сыртқы  валидтілікті 
абсолюттік тұрғыда сақтау мүмкін емес, бірақ  оның бұзылуын айқын тіркеуге болады. Сондықтан 
валидтіліктің сақталу дәрежесін ескеру маңызды. Психология ғылымында сыртқы валидтілікті сақтау 
құнды дүние болып табылады. Өйткені, шектеулі жағдайға қарағанда, кең ауқымда ғылыми нәтижені 
қолдану  сол  құбылысты  алдын  ала  болжауға  мүмкіндік  береді.    Зерттеушілердің  пайымдауынша, 
психологиядағы  натуралистік  әдістер  лабораториялық  эксперименттерге  қарағанда  күнделікті 
өмірдегі  мінез-  құлықты  анағұрлым  дәл  анықтай  алады.  «Табиғи»  жағдайдағы  «табиғи»  мінез- 
құлықты анықтаудың практикалық пайдасы зор. Американдық философ Томас Нейджел өзінің әйгілі 
«Жарғанат болу қалай екен?» («What Is It Like to Be a Bat?», 1974) деген мақаласында тәжірибенің 
субъективік  сипатына  ерекше  мән  береді.  Эксперименттегі  жасанды  жағдай  квалианы,  тікелей 
сезімдік  тәжірибені  ескермей  жататынын  естен  шығармауымыз  керек.  Сот  залындағы  шынайы  сот 
процесін  сезіну  мен  оны  сынақ,  эксперимент  барысында  төрешілер  үлгісін  имитациялау  негізінде 
жаттығу арасында  айтарлықтай айырмашылықтар бар. Экологиялық жарамды болу үшін, ғылыми-
зерттеу  әдістері  нақты  өмір  жағдайына  жақын  болуы  тиіс.  Сонымен,  эксперименттің  экологиялық 
валидтілігін жетілдіру, әдетте сыртқы валидтілікті де арттырады.  
 
Зерттеу  нәтижелерінің  практикалық  құндылығы  мен  инновация  талабы  тек  академиялық 
шеңберде  шектеліп  қалмаудың  маңыздылығын  көрсетеді.  Алынған  ғылыми  қорытындылар 
практикада,  шынайы  өмірде  қолдануға  жарай  ма?  Қазақстандық  ғылыми  зерттеулерге  метаталдау 
жасасақ  қаншасы  бұл  талап  үрдісінен  шыға  алады.  Әдетте,  академиялық  эксперимент  жүргізуші 
психолог  ғылыми  экспериментті  теория  мен  болжамды  тексеру  үшін  жасайды.  Американдық 
психолог  Ури  Бронфенбреннер  эксперименттік  зерттеулерде  қатаңдыққа  басымдық  беру  керемет 
әдемі боп  көрінгенімен  көбіне шектеулі  дәрежедегі  нәтижеге  әкелетінін атап  өтті.  Ол  экологиялық 
валидтілік  тұжырымдамасын  өзгертуді  ұсынды:  зерттеу  табиғи  жағдайда  жүзеге  асырылып  және 
күнделікті  өмірдегі  нысаналар  мен  қызметтерді  қамтитын  болса  ғана  экологиялық  валидті  болып 
табылады [4].   
 
Бүгінде  психологиялық  зерттеулердің  экологиялық  валидтілігін  арттыру  үшін  индигендік 
психология (Indigenous psychology) бағытының маңызы зор. Бұл бағыттың ең жарқын өкілдерінің бірі 
кәріс  психологы  У.Кимнің  пайымдауынша,  «индигендік  психология  –  басқа  аймақтан  алып 
келінбеген  және  тек  «өздеріне»  арналған  ерекше  психологиялық  білім  [5].  Бұл  тұрғыдан  қарасақ, 
психологиялық  құбылыстар  әлеуметтік-мәдени  контексте  зерттелінуі  тиіс,  кез  келген  құбылысты 
психологиялық түсіндіру мен түсіну жергілікті стандартқа сай болуы тиіс. 
21 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология», № 4 (49), 2016 г. 
 
Индигендік  психологияға  тән  белгілерге  қысқаша  тоқталып  кетейік.  Біріншіден,    индигендік 
психология    психологиялық  феномендерді  контексттік  тұрғыда  зерттеуге  үлкен  мән  береді. 
Екіншіден,  индигендік  психология  -  жалпы    барлық  елдерді,  мемлекеттерді  қамтиды.  Көбінесе 
адамдар  индигендік  психологияның  зерттеу  пәнін  шеткері,  оқшауланған  жерлерде  өмір  сүретін 
«экзотикалық»  адамдар  жайлы  антропологиялық  зерттеулермен  теңестіреді.  Ол  қате  түсінік. 
Индигендік психологияның мазмұнын тек «Үшінші Дүниеде» өмір сүретін адамдар жайлы ғана білім 
емес,  кез  келген  мәдени  және  этностық  топтарға  тән  жергілікті,  инсайдерлік    білімдер  жүйесі 
құрайды.  Үшіншіден,  индигендік  психология  психологиялық  әдістемелерді  негіздеумен  не 
дәлелдеумен, болмаса құрастыру не жоюмен  айналыспайды. Ол кез-келген феноменді талдау үшін 
тиімді  әдістемелерді  қолдануды  жөн  көреді.  Өйткені,  ғылыми  қауымдастықтың  қолданатын 
әдістемелері    сан  алуан  және  әдіснамалық  әрі  әдістемелік  аспект  ғылымда  әлі    шешуін  таппаған 
күрделі мәселелердің бірі. Индигендік психология әр түрлі әдістер мен әдістемелердің қолданысын 
жақтайды:  сапалық,  сандық,  экперименттік,  салыстырмалық,  көптік  методикалар,  философиялық 
талдау және т.б. 
Төртіншіден,  тек  мәдениет  иелері,  яғни  іштегі,  жергілікті  адамдар  ғана    нағыз  төлтума  және 
жергілікті мәдени феномендерді толық түсіне алады, ал сырттан келгендерге бұл түсінік шектелген 
түрде ғана қол жетімді болып есептеледі. Бесіншіден, индигендік психология күнделікті тұрмыстық, 
эмпирикалық білімдерге, яғни эпизодтық білімдерге мән береді. Адамдар өздері және айналасындағы 
әлеуметтік  дүние  жайлы  күрделі  түсініктерге  ие.  Олар  практикалық  және  эпизодтық  түсінікке  ие 
болғанмен,  берілген  құрылымды  немесе  үдерісті  сипаттайтындай  аналитикалық  қабілеттерге  ие 
болмауы  мүмкін.  Эпизодтық  және  аналитикалық  білім,  екеуі  екі  түрлі  таным  болып  табылады. 
Жалпы психология психологтардың концепцияларын, түсіндірмелерін ұсынғанмен, ол нақты адамзат 
психологиясын білдірмейді. Басқа сөзбен айтқанда, қазіргі заманның психологиясы - психологтардың 
психологиясы болып табылады.  Жергілікті психологияда алынған эпизодтық ақпараттар тестіленіп, 
дәлелденуі үшін,  аналитикалық пішінге келтіруі тиіс.     
Алтыншыдан,  жергілікті  концепциялар  индигендік  психологияның  мысалдары  ретінде 
қарастырылған.  Гректің  филотимо  концепциясы  («сыпайы,  ізгілікті,  сенімді,  намысқор  адам», 
Триандис,  1972),  үнділік  анасакти  («бөлінбеу»,  Панде  &  Найду,  1992),  жапондық амаэ  («шыдамды 
тәуелділік»,  Дой,  1973),  Филиппиндегі  капва  («тұлғаның  басқалармен  бөлісуі»,  Энрикез,  1993), 
Кореяның  джунг  түсінігі  («терең  құштарлық  немесе  іңкәрлік»  Цой,  Ким  &  Цой,  1993)  арнайы 
талданып, түрлі мәдениетке байланысты синдромдар ретінде танылды. Қазақтардың да тек өзіне тән 
мәдени  синдромдары,    индигендік  тұлға  концепциялары  (мәселен,  Абайдың  «толық  адам» 
концепциясы, Шәкерімнің ар ілімі сияқты) бары белгілі. Өкінішке орай, батыстық әдіснамадан өзгені 
мойындамайтын  қазақстандық  психологтар  ондай  тақырыптарға  бойлап  бара  бермейді.  Жоғарыда 
келтірілген  концепциялар  қызықты  болғанмен,  тілдік  кедергілер  коммуникативтік  процесске  бөгет 
болуда.  Екінші  бір  мәселе,  берілген  концептуализациялардың  шынайылығын  нақтылау  қиынға 
соғады.  Үшінші  мәселе,  осы  жергілікті  талдауларға  эмпирикалық  қолдау  көрсетілмегендіктен, 
ғылыми  еңбекті  іске  асыру  қиынға  соғады.  Дескриптивтік  талдау    –  осы  индигендік  психология 
зерттеулеріндегі бастапқы нүкте болғанмен, қорытынды нүктесі емес.  
Жапон зерттеушісі С. Ямагучидің пікірінше, мәдени психология мен индигендік психология адам 
психологиясының  әмбебаптығы  идеясын  қабылдамайды.  Индигендік  психологияның  өкілдері 
зерттеудің  теориясы,  әдістері,  терминологиясы  сол  зерттелінетін  мәдениетте  дамуы  тиіс  және 
зерттеуші ғалым ретінде нақ сол  мәдениеттің адамдары болуы шарт деп есептейді.  
 
Сонымен,  зерттеушілер  индигендік  психология  ретінде  белгілі  бір  мәдени  дәстүрге  негізделген 
психологиялық ой-пікірлер мен практиканың жүйесін атап жүр. Индигендік психология әлеуметтік 
мінез-құлықты  зерттейтін  ғылымдардың  мәдени  аспектіні  ескеру  қажеттілігінен  туындап  отыр. 
Өйткені,  қазіргі  психологиялық  ғылымдардың  қортындыларының  әмбебаптығы  проблемасы  өткір 
тұр.    Бүгінде    адамдардың  әлеуметтік  мінез-құлқы  туралы  ғылыми  түсініктер  батыстық  мәдениет 
негізінде  қаланып  отыр. Батыстық  психологиялық  білімдер  (WASP,  ағылшынша    Western  academic 
scientific psychology — 
Батыстық академиялық ғылыми психология) басым көпшілік әлеміне сәйкес 
келмейтіні эмпирикалық деңгейде белгілі болды. Статистикалық тұрғыдан да, демократиялық қағида 
тұрғысынан да  көпшілік маңызды.  Егер психология ғылымы нағыз ғылыми қорытынды шығарғысы 
келсе,  онда  мәдени  ерекшеліктерді  ескеретін  кросс-мәдени  (салыстырмалы)  зерттеулерін  жүргізуі 
шарт. Индигендік психология осы талаптарды ескереді. Өйткені, индигендік психологтар жергілікті 
(локалды)  адамдар  қоғамының  әлеуметтік-мәдени  фактісіне  сәйкес  келетін  мінез-құлық  туралы 
22 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 4 (49), 2016 ж. 
 
ғылымды  дамытқысы  келеді.  Адамдарға  психологиялық  көмек  көрсетуде  индигендік  тұрғыдан 
келудің  тиімділігі  бары  анықталды  [6].  Индигендік  психология  батыстан  бөлек  қоғамның  дәстүрі, 
нанымы, сенімі мен идеологиясын бейнелейтін психология. Батыстық психологияның басымдығына 
қарсы реакция (жауап) ретінде өмірге келіп отыр. Оны этноғылымдар қатарына жатқызуға болады. 
Сонымен, төлтума және жергілікті жағдайға сай келетін психологиялық құбылыстарды зерттейтін 
индигендік  психология  психологиялық  зерттеулердің  экологиялық  валидтілігін  сақтауда  маңызды 
рөл алады. Демек, мұндай пәндерді психолог мамандарды дұрыс даярлау үшін оқыту бағдарламасына 
арнайы кіргізудің мәні зор есептейміз. 
 
1.
 
Кедров Б.М. Классификация наук. Книга 3.
 – 
М., 1985. – 325 c. 
2.
 
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. – М., 2012. – 475 c. 
3.
 
Bronfenbrenner, U . The Ecology of Human Development: Experiments by Nature and Design. - 
Cambridge, MA: Harvard University Press,. (1979). – 412 p. 
4.
 
Kim U., Yang K-Sh., Hwang K-K. Indigenous and Cultural Psychology: Understanding People in 
Context.  – Springer US, 2010. – 518 p. 
5.
 
Лебедева  Н.М.  Этническая  и  кросс-культурная  психология:  Учебник  для  высших  учебных 
заведений. - М.: МАКС Пресс, 2011- С.18 
6.
 
Бондаренко  А.Ф.,  Федько  С.Л.  Тенденции  индигенизации  и  их  осмысление  в  современной 
консультативной психологии // Медицинская психология в России: электрон. науч. журн. – 2014. – № 
5(28). – 
С.27-31. 

жүктеу 5.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет