Ж. Әлекең әлемінің ақиқаты



жүктеу 85.2 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі85.2 Kb.

 

13.02.2016 ж. 

 

 

Әлекең әлемінің  ақиқаты 

 

Мирас АСАН 

 

«Қазақ жерінің әрбір тасы әр қазақтың кеудесіне түйме болып тағылуы керек» 



депті, қайран, Әлихан!

 

 



Ендеше,  Әлекеңнің  де  әрбір  сөзі  –

 

қазақтың  санасына  сына  болып  қағылуы 



керек. 

  

«Алаш» деген сөз түп атасынан түрлі сипатқа көшіп, ХХ ғасырдың басында 



қазақ  дейтін  қасиетті  ұлттың  қайта  өрлеу  идеясына  айналды!

  

Бұл  –



 

тура


   1917 

жылдың


  8-

12 қарашасы еді. Жалпыресейлік құрылтай жиынынан кейін

-

ақ, «Алаш» 



идеясы 

қазақты 


біртұтас  ұлт  қылып, 

қайта қалыптастырды.

 

 

Сексен  бес  жылдық 



сеңгір  тарих  ішінде 

қасиетті  қарашаңырақ 

 

«Орталық 



Қазақстанға»  ордалы 

ойға  шырақшы  болған 

біраз 

тұлға 


ат 

шалдырыпты. 

Бейімбет 

Майлин, 


Ғабит 

Мүсірепов, 

Саттар 

Ерубаев... 



Алаш 

идеясын 


мәңгілік  мұрат

 

тұтқан 



сол 

жақсыларға 

жалғас 



 



Әлихан 

Бөкейхан 

мұрасын 

зерттеуші 

ғалым 

Сұлтан Хан Аққұлы да 



редакция 

табалдырығын 

аттады. 

Бас 


редактордың  арнайы  шақыртуымен  келген  сұңғыла  ғалым  келелі  әңгіме  айтты. 

Жалпы оқырманға ұғынықты болуы үшін әңгіме бірінші жақтан баяндалғанын жөн 

көрдік.

 

Редакторлардыңредакторы«Қазақ»  газетін  шығару  идеясы  1905  жылы  Қоянды 



жәрмеңкесінде  Әлиханның  бастамасымен  көтерілгені  рас  па?  Және  алғашқы 

санының  беташар  алғысөзін  де  Ахмет  емес,  Әлекең  өзі  жазыпты...  «Алаш» 

идеясының  дүниеге

 

келген  жері  Қарқаралы  екені  қаншалықты  қисынды  сөз? 



Әңгіме осы тұстан басталды.

 

 



Алаш тарихына қатысты 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген әйгілі 

«Қарқаралы  петициясының»  орны  ерекше.  Тіпті,  Алаш  идеясы  да  сол  жерде 

дүниеге  келген  болып  есептеледі!  Петиция  да  алғаш  рет  қазақ  тілінде  газет 

шығару,  қазақ  тілінде  типография  ашу  бойынша  нағыз  демократиялық

  

жолмен 


ресми  органдарға  хабар  берілген.  1905  жылдың  қазан  айында

  

Санкт



-

Петербордың  «Наша  жизнь»  газеті  «Әлихан  Бөкейхан  өзінің  жерлестерімен 



алдағы сайлау мәселесін және ана тілінде газет шығару ісін ақылдасу үшін Қырға 

жүріп кетті» деп жазды

 

 

«Қазақ»  газетінің  бас  редакторы  Ахмет  Байтұрсынұлы  болып  тұрғанымен,  1905 



жылға  дейін  Әлекеңдей  баспасөз  құралында  талай  жыл  редакция  қызмет  кері, 

саяси шолушы, тілші, публицист ретінде жұмыс істеп көрген тәжірибелі қайраткер 

болмаған.  Әлиханның  алғашқы  көсемсөздері  1889  жылы  Омбы  техникалық 

училищесінде  оқып  жүрген  кездің  өзінде  «Особые  прибавлениія  к  «Акмолинским 

областным  ведомостям»  және  оның  қосымшасы  болып  шығып  тұрған  «Дала 

уәлаяты» газетінде қос тілде жарияланып жатты.

 

 1896-1897,  1902-



1903  жылдары  ом  былық  «Степной  край»  газетінің  белді 

қайраткері,  саяси  шолушысы,  қазақ  сахарасы  мен  Сібір  өлкесіндегі  бірден

-

бір 


Маркс идеясын насихаттаушы ретінде танылды. 1900

-

1905 жылдары «Киргизская 



степная  газета»,  «Дала  уәлаятының  газеті»,  «Семипалатинские  областные 

ведомости», «Семипалатинский листок», Ташкентте шығып тұрған «Туркестанские 

ведомости» газеттерімен тығыз байланыста болды. «Қазақ» газеті шыққанға дейін

 

1906-



1907  жылдары  жарық  көрген  Омбыда  басылып  тұрған  кадет  партиясының 

«Иртыш»,  «Омичъ»,  «Голосъ  Степи»  басылымдарының  бас  редакторы  болған. 

Сонда,  баспасөз  ісіне  Әлекеңдей  тәжірибелі  адам  болмағандығы  тайға  таңба 

басқандай  айқындала  түседі.  Ендеше,  «Қазақ»  газетінің  шығуына  түрткі  болған, 

мұрындық болған да Әлихан болып табылады. Тек бас редактор болып отыруына 

ұлт  көсемінің  саяси  күрестен  қолы  босамаған.  Оның  үстіне  «Қазаққа»  Әлихан 

редактор болса, газеттің қуғын

-

сүргінге ұшырайтыны да сөзсіз еді.



 

 

«Қазақ»  газеті  1913  жылдың  2  ақпанында  жарыққа  шыққан  күнінен



-

ақ  қалың 

қазақтың  жүрегін  жаулап  алуының  сыры  неде?  Бар  сыры  –

 

Әлиханның  бай 



тәжірибесінде  жатты.  Тіпті,  1915  жылы  халықаралық  басылымға  айналып, 

Қытайдағы,  Түркиядағы  қазақтар  жаздырып  алып  оқыған.  1915  жылы  «Қазақ» 

газетінің  таралымы  8  мың  данаға  жетті.  Ол  кезде  Санкт

-

Петерборда  шығатын 



Ресей  империясындағы  ең  ықпалды  конституциялық

-

демократиялық  партия  ның 



«Речь»,  басқа  оппозициялық  «Сын  отечества»,  «Наша  жизнь»  газеттерінің  өзі  10 

мың данаға жете бермейтін.

 

Әлихан бабамыздың жалпы шығар малар жинағы бүгінгі таңда 16



-

18 томды құрап 

отырған болса, оны Қазақстанның интеллектуалдық қазынасының қайнар көзі деп 

қастерлеуіміз керек. Соның ішінде табылмай отырған ең құнды екі еңбектің бірі  –

 

қазақтың  жылқы  тұқымдары  мен  жылқы  шаруашылығы  туралы  еңбегі.  Ол  еңбек 



туралы  1928  жылы  Мәскеуде  Сергей  Швецов  деген  ғалым  Әлекеңе  берген 

мінездемесінде  айтып  өтеді.  Екінші  жай,  Алаш  көсемінің  қызы  Елизаветаның 

(Қазақша –

 

Зейнеп) еске алуынша, шамамен 1930 жылдардың бірінші жартысында 



әкесі  француздың  «Фигаро»  газетімен  құпия  байланысып,  газет  бетінде  оның 

мақалалары  шығып  тұрған  сияқты.  Әлімхан  Ермекұлының  айтуынша,  әлемнің  9 

тілін еркін меңгерген Әлиханның бұл ісінде де қазақты бір ұшпаққа шығарам деген 

ниет барын көкірек көзі қырағы шолады.

  

Ол сияқты құнды мұраға қол жетер күн де 



алыс емес

-

ау.



 

1925  жылы  жазда  Әлихан  КСРО  Ғылым  акамедиясының  антро  поло  гиялық 

экспедициясының  эко  номи  калық  блогын  бастап,  ол  кездегі  Адай  оязы,  қазіргі 

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарын

 

зерттеген. Бұл сурет сол кезде түсірілсе 



керек. Суретте қақ ортада кепке киген, қырын қарап тұрған жас Әлкей Марғұланды 

да көруге болады. Осы экспедиция жұмысын ерте аяқтап, күзді күні С.Швецовпен 

екеуі  Қызылордаға  А.Байтұрсынұлы  мен  М.Дулатұлына  қонаққа  барып,  вокзалда 

ұлт  көсемін  ҚазАССР  халықкомының  төрағасы  Н.Нұрмақұлы  күтіп  алады. 

Қызылордадан  Ақтөбеге  оралған  сәтінде  Әлихан  Сталиннің  нұсқауымен 

тұтқындалып,  Мәскеуге  кісенделіп  жеткізіліп,  Бутыркаға  жабылады.  Қарт 

бәлшебек,  лениншіл  “ескі  гвардияның”  бір  өкілі  Василий  Шелгунов  Сталиннің 


Кремльдегі кабинетіне есікті қақпай кіріп келіп: –

 

Коба (ол Сталинді әлі де «Коба» 



деп  атайтын  бәлшебектердің  санаулысы  еді),  сен  кімді  тұтқындағаныңды  білесің 

бе?  Бұл  –

 

бізді  марксизмге  үйреткен  Әлихан  Бөкейхан,  дереу  босат!  –



 

дегенде, 

Сталин “ескі бәлшебектің” мысына қарсы тұра алмай, телефонмен “Босатыңдар!” 

деп нұсқау беруге мәжбүр болған.

 

Марксизмнің қазақ даласына елес болуына негіз жоқ



 

Әлекең  Патша  жандармериясының  көзіне  1893  жылы  Орман  шаруашылығы 

институтында  оқып  жүрген  студент  шағында  түскен.  Жандармерия  жансыздары 

жазбасында:  «Орман  институтындағы  студенттердің  толқуына  мұрындық  болып 

жүрген  бір  топ  азамат  бар.  Солардың  бірі  –

 

Әлихан»,  –



 

деп  жазылып,  оған 

«личность  сомнительной  благонадёжности»  деген  мінездеме  беріпті.  Мақтан 

ететін  құбылыс  –

 

Әлекеңнің  марксизм  арқылы  ұлттық  идеяға  келгендігі. 



Марксизмді  толық  меңгеріп  болған  Әлихан  1896

-

1906  жылдан  бастап  Щербина 



экспедиясымен  бүкіл  қазақ  даласын  аралайды.  Қалың  қазағының  өзіндік  салт

-

дәстүр,  тұрмыс



-

салтына  толық  қаныққан  Әлекең  марксизм  идеясының  қазақ 

даласын елес болып кезуіне еш негіз жоқтығын айтады. 1917 жылы қазан айында 

Томскіде  өткен  жалпы  Сібір  съезінде  мәлімдегендей:  «Әр  халыққа  өз  білгенінше 

өмір  сүруге,  марксизмнің

  

дайын  қалыбымен  емес,  халықтың  өз  салт



-

дәстүріне 

сәйкес өз қалауынша өмір сүру құқын беру керек» дейтіні сол.

 

 



Исі  қазақтың  ұлттық  идеямен  ғана  қайта  өрлеуінің,  дамуының  шыңына  жете 

алатындығын ашып көрсеткен Әлекең.

 

 

Ресейдің  мемлекеттік  кітапханасының  Химкидегі



  

газет  бөлімінде  1917  жылы 

Орынборда шығып тұрған бір газетте екінші жалпықазақ съезі жайлы айтыла келіп, 

Қазақ  автономиясының  атауына  тоқтала  кетіпті.  Яғни,  неге  «Алаш»  деп  аталды? 

Оның түпкілікті мақсаты –

 

ол кезде қара қырғыздар, бүгін қырғыздар мен басқа да 



түркі

-

мұсылман  халықтардың  басын  қосушы  деген  сөзге  саятындығын  ашып 



жазыпты.  Бұл  жайтты  башқұрттардың  ХХ  ғасыр  басында  көсемі  болған  Зәки 

Уәлиди Тоған (Башқұрт автономиясын басқарған 1917

-

1920 жылдары 



Ахмет


-

Заки 


Уәлидов 

Валидов)  Анкарада  жарық  көрген  естеліктерінде  нақтылап  кеткен.  Өз 



отарлығындағы  түркі

-

мұсылман  халықтардың  бірігуінен  патшалық  Ресей  ғана 



емес,  советтік  Ресей  де  түрпідей  қорқып,  1924

-

1925  жылдары  Қазақ 



автономиясынан  Орынбор  қаласы  мен  облысын  тартып  алып,

  

қазақтан  башқұрт 



пен татарды қасақана бөліп алды емес пе!

 

Әсет ақын –



 

Алашордашыл тұлға

 

Әлихан  Бөкейханның  тапсырмасымен  Ахмет  Байтұрсынұлы  бастаған,  құрамында 



Міржақып  Дулатұлы,  Садық  Аманжолұлы,  Райымжан  Мәрсекұлы  және  басқалар 

бар  өкілетті  делегациясының  Қытайға  қараған  Шығыс  Түркістан  аумағындағы 

Шәуешек  қаласына  барып,  жергілікті  қазақ  ауылдарын  аралап,  ұзақ  қонуы.  Бұл 

сапардың  негізгі де  түпкілікті мақсаты  еш жерде ашық  айтылып,  жазылмаған. Бір 

мәліметке  қарағанда,  ол  Алаш  автономиясының  делегациясы  Шәуешекке 

Әлиханның жолдау

-

хатын жеткізгенге ұқсайды. Шәуешекте олардың құрметіне ән 



шырқалып, күй тартылып, балуан күрестірілген екен. Әсет ақынның «Алаш» атты 

толғауы мен Шәуешекте түсірілген

  

жалғыз ғана фотосурет  –



 

осы сапардың куәсі 

болады. «Әсеттің ән сапарын сылтау еткен Әлихан Шығыс Түркістанның

 

қазақтар 



басым  тұратын  өңірлерін  Алаш  автономиясына  қосып  алуды  көздеген  жоқ  па?» 

деген ой да туады. Әйтпесе, азамат соғысы қайнап тұрған шақта Әсет ән салып, 

қазақ көңіл көтеретін заман ба?!

 

 



Ахмет  Заки  Валидов  өзінің  Түркияда  жарық  көрген  мақалаларында  жазып 

қалдырған  естеліктерінен  туатын  тағы  бір  маңызды  қорытынды:  1917  жылдың 

қарашасында  Қоқан  қаласында  құрылған,  тарихтан  «Қоқан  автономиясы»  деген 

атаумен  белгілі  Түркістан  мұхтарияты  да  Әлиханның  тапсырмасымен  құрылған 

болып шығады. 

  


Тұлға мен тобыр

 

Тарихқа тап келетін тұлғалар бар, жаңа тарих жасайтын тұлғалар бар. Есте тұтар 



екінші қағидат –

 

тарихты



  

тобыр емес, тұлға жасайтындығы.

 

 

Кейде  Әлиханды  Махатма  Гандимен,  Кемал  Ататүрікпен  салыстырамыз.  Қате 



топтау. Ататүрік болса заманында дүркіреп тұрған алып империясының қаңқасын 

сақтап  қалуға  ғана

  

тырысты.  Ал,  Әлихан  түп



-

тұқиянымен  жер  жастанған  Қазақ 

хандығының  күлінің  үстінен  жаңа  мемлекет  тұрғызу  жолында  күш  сарқыды.  Әрі

-

беріден  соң,  сол  Кемал  Ататүрік  мемлекет  басқару  ісінде  Міржақып  Дулатұлын 



ұстаз  тұтқан  екен.  Әлихан  Бөкейханның  шәкіртін,  әділ  үзеңгілесі.  Сол  кезде 

азаттықты аңсаған азаматтардың қатарында болған Түркияның тұңғыш президенті 

Мұстафа Кемал  Ататүрік билікке  келген бетте  досы  профессор Тайыр Шағатайға 

тапсырма  беріп,  «Оян,  Қазақ!»  кітабын  түрік  тіліне  аударып  шығартыпты  деген 

тарих  еске  түскенде,  Әлиханның  зор  тұлғасы  Алаш  баласы  үшін  тағы  асқақтай 

түседі.Әлихан мен Шәкерімнің туыстығы хақында бір сөз

 

Екеуі  –


 

бөле.  Шәкерімнің  шешесі  мен  Әлиханның  шешесі  –

 

апалы


-

сіңілі.  Әйгілі 

Мамай  батырдың  ұрпақтары  болған.  Шәкерімнің  шешесі  –

 

Бошантай,  Әлекеңнің 



шешесі  –

 

Бегім  ханым.  Енді,  осы  жерден  тағы  да  өзімізге  «Абай  мен  Әлихан 



кездесті  ме,  жоқ  па?»  деген  сұрақ  қойдық.  Қойдық  та  оған  Сұлтан  Хан  Аққұлы 

өзімізге жауап бергізді.Мұхтар Әуезовке «Абай

 

жолын» жаз деп тапсырма беруші –



 

Әлихан.  Дінмұхаммед  Қонаев  қайтыс  боларының  алдында  «Қазақстан»  ұлттық 

арнасына сұхбат беріп: 

«Абай жолының» алғашқы қолжазба нұсқасын оқып едім. 



Автор Шәкерімді, Кәкітайды, Тұрағұлды сондай сағынышпен жазған екен...» дейді. 

Кейін, өкінішке орай, ол кітап мүлде басқа сарында, өзгеше сипатта жарық көреді. 

Ұлы  Мұқаң  қайтыс  болардың  алдында  жеке  мұрағатына  ешкімді  жолатпауын 

аманаттапты. Әлихан сағынған Абай демек, әлі жарық көрген жоқ...

 

Ал,  енді,  өзіңіз  ойлап  қараңыз:  Оларды  кім  сағынуы  мүмкін?  Үшеуімен  де 



замандас, жақын дос, үзеңгілес болған Әлихан емес пе еді!

 

Осы сөзге атақты хакім Ақжан Машанидің «Абай жолының» екінші томын оқымай 



тастағанын  қосамыз.  «Дәтің  жетпеді  ме,  батылың  жетпеді  ме?  Қайдағы  бір 

Михаэлис келіп, Абайдың көзін ашты, өмірге көзқарасын бағыттады деген не сөз? 

Абайды үлкен жүрекпен бастағаннан кейін, оны аяғына дейін жеткізу керек еді...» 

деген  сөзі  бірінші  әңгімемізге  –

 

қосымша.  Әлекеңнің  тұңғыш  абайтанушы 



екендігіне, екі тұлғаның кездескен

-

кездеспегендігіне тұспалды жауап та –



 

осы.


 

Ал,  мына  бір  деректі  тағы  қайда  қалдырамыз?

1904-

1910  жылдары  Семейде 



«Семипалатинские  областные  ведомости»  деген  газет  шыққан.  Осы  газетте 

Семейдiң Статистикалық комитетiнiң 1904 жылғы iс

-

әрекетiнiң есебi шығады. Осы 



есеп  комиссиясында  мүше  болған  азаматтардың  аты

-

жөндерi  келтiрiледi.  Тiзiмге 



қарасаңыз,  «Ибраһим  Құнанбаев»,  «А.Букейханов»  деп  жазылған.  Яғни,  Әлекең 

мен  Абай  бiр  комиссияның  құрамында  болған.  Сондықтан,  олардың  өзара 

жүздеспеуi мүмкiн бе? Жүздесті ме? 

деген сауалдың өзі қисынсыз емес пе?!



 

Сұрқай  саясат,  зымиян  ой,  қолшоқпар  қоғамның  жетесіз  тобы  араласпағанда 

«Алаш»  идеясы  мұратына  жетер  де  еді

-

ау?!



  

Бұл  жайтқа  қатысты  да  әңгіменің, 

тіпті,  ашық  арнасына  түстік.  Бейтарап  пікір  ұстану  журналистикалық  тәртіп 

саналғандықтан,  төменде  алашшыл  тұлға  Міржақыптың  мақаласын  ғана  тұтас 

бермекпіз.  Оқырманның  ой  таразысы  –

 

ең  әділ  баға.Мархабат!Қазақ  халқының 



дұшпандары«Россия  мемлекетінде  болып  жатқан  бүліншілік,  жүгенсіздік  біздің 

қазақ  ішіне  де  кіре  бастады.  Болшевиктер  Орынборды  алғанда,  200  болшевик 

ғаскеріне  бастық  болып  Жалбағаев  –

 

Жангелдин  –



 

Степнов  деген  шоқыншақ 

Орынборға  келіп,  болшевиктер  тарапынан  Торғай  облысына  камисар  болып  тұр. 

Бұған  помошник  болып  Орынборда  тұратын  Мұхамедияр  Тұнғашин  деген 

белгіленді.

 


Енді бұлардың кім екендіктерін қысқаша айтып өтейін. Жалбағаев –

 

Жангелдин –



 

Степнов  –

 

түбі  Торғай  үйезінің  қазағы,  Николай  заманында  шоқынып,  орыс 



арасында  қаңғырып,  басы  ауған  жаққа  кетіп  жүретін  еді.  Бұл  күнде  мұсылман 

дініне  қайтыпты  дегенді  естиміз.  Бұл  бұрын  орыстың  поптарының  христиан  дінін 

үйрететін бастауыш мектебінде оқуын бітіре алмаған. Өзінің аз ғана өмірінің ішінде 

екі рет дінін айырбастап, иә орыс, иә қазақ бола алмай жүретін бұралқы еді.

 

Мұхамедияр  Тұңғашин  –



 

түбі  төренің  төлеңгіті.  Ырғыз  үйезінен.  Кешегі  Николай 

заманында  губернаторға  тілмаш  болып,  қазақтан  көп  пара  алып,  охраны 

отделение  де  тыңшылық  жұмысын  атқарып,  айына  20  сом  алып  тұрған  адам. 

Бұның  қазақтан  пара  алып,  «тыңшы»  болып  тұрғаны  мойнына  қойылып,  өткен 

жылғы апрель басында болған қазақ сиезінен қуылып шыққан еді.

 

Бұл  екі  бұзық  қосылып,  Орынборда  бірнеше  жылдан  бері  шығып,  қазақ  халқына 



бас

-

көз  болып  отырған  «Қазақ»  газетасын  жапты.  Алаш  автономиясына  қарсы 



болып,  автономияға  керекті  істерді  Торғай  облысында  істететін  емес.  Торғай 

облысында  һәм  үйездерде  земство  әзір  ашылған  жоқ  еді.  Енді  бұлар  бұл  күнде 

облосной  земствоны  аштыратын  емес  һәм  Торғай  облысында  учредителни 

сабрание  байлауы  да  біткен  жоқ  еді.  Мұның  да  сайлауын  істететін  түрлері 

көрінбейді. Бұлардың ғұмыры көпке бармас. Бірақ аз ғана күннің ішінде былтырғы 

хан болып,  ел  шапқан бұзықтарды  сүйеп, Торғай облысының қазағын бүлдіре ме 

деген қорқыныш бар. Заман ол қулардың дегенінше тұрмас. Ол аузы алты қарыс 

Николайды  да  тақтан  тайдырған  заман  ғой.  Қазақ  халқы  да  жоқ

 

болып  құрып 



қалмас. Көп кешікпей бұл бұзықтар қазақ сотының алдында жауап берер һәм тиісті 

жазасын тартар.Россия мемлекеті бұзылып, орыс халқы бірі

-

бірін талап, өзді



-

өзіне 


қасқырша  шауып  жатқанда.  Алаш  автономиясының  туын  тігіп,  бүліншілікке 

ұшыратпай,  алаш  балаларының  аман  қалуын  көздеп  тұрғанда,  автономия  ісін 

тоқтатуы  земство,  учредителни  сабрание  сайлау  жұмыстарына  кесе  түсуі,  бұның 

үстіне бүтін алашты тегіс аралап, бас

-

көз болып тұрған «Қазақ» газетасын жауып 



қоюы  бұл  қуларға  аз  іс  емес.  Бұл  сықылды  қазақ  халқына  зиян  келтірген  осы  екі 

бұзықтан жаман қазақ халқының дұшпандары бар ма?Арғын баласы.«Бірлік туы». 

1918  ж.  №  24.”Міржақып  ДУЛАТҰЛЫ.Жалпы,  “Орталықтың”  дөңгелек  үстелінде 

өрбіген  осы  тұрпаттағы  бүкпесіз,  боямасыз  әңгімелер,  қазақтың  бүгінгі  көзі  ашық, 

көкірегі  ояу  ұлтшыл  жастарының  санасына  Алаш  рухының  салқар  көшін  әкеп 

тіресе деген тілек.

  

Өкініштісі, біздің



  

ғалымдарымыз да, журналистеріміз де кешегі 

советтік іріп

-

шіріген идеологияның шырмауында қалып қоя береді. Шындықтың бір 



шетін аша қалсақ, “түбінде бір айтылар” деп бұғып жүре берген тарихтың шынайы 

бейнесі айқындала түсері анық.



 

Тарихи суреттер журналист Серікбол ХАСАННЫҢ жеке парақшасынан алынды.



 

 

Каталог: fulltext -> temat
temat -> Ж. Қазақстан. Тәуелсіздік. Назарбаев Серік Қирабаев
temat -> Ж. «Жұрттың көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды»
temat -> Ж. Ұлылық ұлағаты (Шыңғыс аға айтқан сыр) Болат бодаубай
temat -> Ыбырай алтынсарин
temat -> Бағасы келісім бойынша №73(19,281) Сейсенбі, 6 мамыр, 2003 жыл
temat -> Ж. Төле би – қазақтың данагөй абызы
temat -> Ж. Қажылықтың қасиетін білуді меңзеді Әбдіманап бектұРҒанов
temat -> Ж. Жаужүрек Мұхтар ҚҰл-мұхаммед
temat -> X X гасыр басыпдагы цазац зиялыларыныңАбай мурасыиа көз салмаганы жоц. Үлы ақын гиыгармаларынан сусындап

жүктеу 85.2 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет