Ж. аймауытұлы прозасындағы пейзаждың КӨріністері



жүктеу 49.23 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.02.2017
өлшемі49.23 Kb.

 

Ш.Айдарбекова  



оқытушы 

 

Ж. АЙМАУЫТҰЛЫ ПРОЗАСЫНДАҒЫ 

ПЕЙЗАЖДЫҢ КӨРІНІСТЕРІ 

 

 

Қазақ  әдебиеті  мен  оның  жанрларына  көп  үлес  қосқан  қаламгердің  бірі–Жүсіпбек 

Аймауытұлы.  Жазушының  шығармашылығында  шағын  жанр-әңгімелері  өте  көп.  Қаламгердің 

әңгімелері  арасында  диалог  түрінде  және  пейзаж  арқылы  ұнамды  көрініс  тапқандары  да 

жетерлік.  Олардың  арасында  -  «Елес»,  «Жаңабайдың  жанындағы  трагедия»,  «Тұмарбай  мен 

қатыны», «Баушы мен бала», «Қара бақсы», «Жидебайдың баяндамасы», «Жол үстінде», «Әнші», 

«Алып  ұйқы»,  «Қилы-қилы  заман  болды,  қарағай  басын  шортан  шалды»,  «Радио  хабарлары», 

«Өзгермесе бұ не?», «Жаңа өмірге аяқ басты», «Далада наурыз», «Күмәжнек» (әмиән), «Тінікейді 

не  ойландырды»,  «Қойшы  тастамақ»,  «Сауатсыздықты  қалай  жою»,  «Соп-соп»,  «Қызыл  отау, 

Қызыл  бике»  т.б.  прозалық  әңгімелері  айрықша  назар  аударады.  Оларда,  көбінде  халық  өмірі, 

адам әлемі, тұрмыстары кең орын алады. 

Асылы, пейзаж  –  табиғатты суреттеу. Жазушының табиғатты суреттеуге  арналған бірнеше 

әңгімелері  бар:  «Оралдан  пойыз  өткенде»,  «Жапырақтар»,  «Боранды  болжағыш  әулие 

(барометр)» т.т. 

Қаламгердің  «Оралдан  пойыз  өткенде»  шығармасы  1925  жылы  жазылып,  «Ақ  жолда» 

басылады. Әңгіме тақырыбы маңызды. Мазмұны мәнді. 

Әңгімеде  адам  бейнесі,  оның  іс-әрекеті  туралы  айтылмайды.  Жүрдек  пойыз  ішіндегі 

сыртқы көрініс туралы ғана сөз болады. Әңгімеде жазушы қазақ даласының әдемі табиғаты мен 

оның  сарқыраған  өзен-көлдері,  тамылжыған  жасыл  жапырақ  орманын  көңілге  қонымды,  әсерлі 

жеткізеді. Пойыз болса «сақылдап тоқтамастан, құстай ұшып барады» *1, 23+. 

Жалшының аузынан шыққан: «Біз енді оқимыз. Біз енді адамбыз. Біз де өз тұрмысымызды 

өзіміз  түзетеміз»,  -  деген  сөздерден  кейін,  келешекке  үлкен  үмітпен,  сеніммен  қарайтындығы 

байқалады. 

Жазушы қаламынан туындаған әңгімесі кеңес шындығы мен ел тіршілігін суреттеу, сипатын 

ашудан  көрінеді.  Автор  ел  өмірін  жетік  біледі.  Ауыл-ел,  жол  мен  жолаушы  секілді  сипаттарды 

сенімді ашады. Сол арқылы ел-жұртты, өмірді, еңбекті көрсетеді. Өзгерген өңірге, өмірге көз қарас 

білдіреді *2, 120]. 

Біздіңше,  әңгіме  мазмұнынан  ел  өмірі,  жаңа  уақыт  тынысы  сезіледі.  Адам,  дала,  табиғат 

көріністері - уақыт бедерін, өмір шындықтарын жан-жақты танытады. Автор жаңа өмір, уақытты-

поезд арқылы, бейнелейді. Қоғам-кезең көріністерін бейнелі, көркем көрсетеді. Ең негізгісі, өмір 



 

мәні мен сыры, адам әлемі меңгеруге айрықша көрініс береді. Пейзаждық элементтер мол. Ол - 



шығарма табиғатын ашады. 

Ж.Аймауытұлының  жазушылық  шеберлігі,  ең  алдымен,  өмірді  зерттегіштігінен,  адам 

мұраты мен әлеміне, еңбегіне терең үңілуден көрінеді. Сол көрініс-құбылысты суретке құрады. Ол 

суреттер  жанды,  нанымды  әсер  етеді.  Сөйтіп,  Ж.Аймауытұлы  өмірді  жіті  бақылап,  соны  өнер 

тілінде, сезім күшімен береді. Жазушы әңгімелеріндегі өмір шындығының сыры да осы. 

Жазушының  келесі  әңгімесі  -  «Жапырақтар»  деп  аталады.  Бұл  әңгімеде  шағын  ғана  ауыл 

туралы  айтылады.  Ондағы  аппақ-аппақ  үйлер,  тамылжыған  жасыл  жапырақтар,  ауылдың 

табиғаты, көздің жауын алып тұр. 

Терезе  алдындағы  тал  шарбақтың  ішінде  екеуі  егіз  бірі  дара  ағаш  тұр.  Терек  пе,  тораңғы 

ма, үйеңкі ме, кім білсін? Қатар өскен үш ағаш бастары түйісіп, жапырақтары құшақтасқан тәрізді  

[3, 142]. 

Жапырақтары  ай  сәулесіне  жалтырап,  өзіндік  бір  сыр  бар  секілді  көрінеді.  Самал  жел 

соқса, көбелектің қанатындай сәл ғана жапырақтары қозғалып қояды. Солардың ішіндегі бірі дара 

тұрған ағаш сәл ғана қозғалып қояды. Байқамаған адам үшеуі бірдей қозғалып тұр екен деп ойлап 

қалады. 

Жапырақта  жан  жоқ  деп  ойлайсыз  ба?  Оларда  да  жан  бар.  Адам,  айуан  сықылды 

жәндіктер демді өкпесімен алса, ағаш жапырағымен алады. 

Жапырақ – ағаштың өкпесі. Өкпесі кетсе, адам да өлгені; жапырағы бітсе, ағаш та солғаны. 

Төңіректегі    Әлемнен  хабар  естілсе,  адамның  құлағы  селт  етеді,  ағаштың  жапырағы  жел  соқса 

селтең  дейді;  жапырақ  –  ағаштың  құлағы.  Жапырақсыз  ағаш  жасармайды,  гүлденбейді,  өспейді. 

Жапырақсыз ағаш – қу түбір *3, 143]. 

Көктем  айы  келген  де  дала  гүлденіп,  ағаштар    бүршік  атып,  жасыл  жапырақтар  аша 

бастайды.  Жапырақтарға  қарасаң  адамша  сыбдырлап,  үн  қосып,  ұрандасып,  шуласатынын 

байқайсың. Адамдардың көзіне жапырақтар жылы көрінеді, адамның көңіл-күйін көтереді. 

Жапырақтар жаз айының көркі. Осы көріністі жазушы жан-жүрегімен сезінеді. Қоғам, адам 

назарын аударады. Табиғат – қоғам бөлшегі, адам өмірінің тынысы.  

Әңгіме шындығы осында.  

Жүсіпбек  Аймауытұлының  «Боранды  болжағыш  әулие»  (барометр)  шығармасы  ауыл 

өмірін,  олардың  тұрмыс-тіршіліктері  мен  аздаған  ірі-қара  санаулы  қойлары  бар  екені  туралы 

баяндалады. Әңгімеде,  негізінен  Ыбырайым атты қойшы шалдың болжағыш әулиесі (барометр) 

туралы суреттеледі. Оның  мәні, сыры ашылады. Адам, табиғат қатынасы көрсетіледі. 

Оқып  көрелік:  «Сақылдаған  сары  аяз.  Қарадан  қарап  тұрып  бірдеме  шарт  ете  түседі.  Не 

терезенің  шынысы  шатынайды,  не  жер,  не  мұз  қақ  айырылып,  ырсиып  қалады.  Жермен  бірге 

мұздақ  қар  да  жарылып  кетеді.Ақырында  сары  аяз  мұрныңды  қариды.  Жеңіңнен  шығарсаң, 

қолың  илікпей,  тас  болып  қалады.Түнде  пешке  қойып  кептіріп  алған  етік,  аяғың  биенің    бір 

сауымында ағаштай қақиып, таяқ пен қақсақ  сақ - сұқ етеді» [3,87]. 



 

«Жайсыз  күнге  қарамастан  сиыр,  қойларды  шығарып,  бара  жатсаң  сиыр  малы  желдің  



ығына қарай қаша жөнеледі, оларды қайырып, тұрмасаң өз бетінше кете береді. Ал, қойлар үйір-

үйірге бөлініп бөлектеніп жайылады. Осылай күндер өте береді» *4, 65+. 

«Біз үйде асық ойнап отыр едік, әкем тысқа шығып келеді де: 

-  Темір  қазықтан  бір  ұшпа  бұлт  шықты.  Тұқымдай-ақ  бұлт.  Бірақ  түсі  жаман.  Тастаңдар, 

асықты. Малға барыңдар!» - деді *3, 88]. 

Ешқайсысы  орындарынан  тұра  қоймады.  Ойын  қызық,  үй  жылы.  Дала  аяз,  жаурап  талай 

зықымыз шыққан. Әкей тағы ақырды. Орындарынан тұра қоймады. 

Әкей  тысқа  шығып    келді      де,      пәлені      жаудырды,  -  жел      тұрды.  Жаяу  борасын  жүрді. 

Сиыр  өз  бетінше  кетіп  барады.  Ыбырайым  шойталаңдап,    қарға  малтығып,  жете  алмай  барады. 

«Жүгір, ұмтылдың» астына ала бастады. Сиырға біз де жеттік, боран да төтеп кетті. Жел құтырды. 

Алай-түлей.  Түк  көрінбейді.  Етектен  кірген  жел  тұла    бойды    кеуледі,  ауызды  ашып,  айғайласаң, 

боран қақалтып, дауысты шығармайды *3, 89]. 

«Соққан  желдің  күштілігінен    сиыр      әр    жерден    бір    көрінеді.  Ағайынды  екеуі  бір-бірін 

көре  алмай  қалады.  Жел  адамды  еріксіз  ықтырып,  домалатып  барады.  Қар  топаны  қаптады, 

ағайынды  екеуі  сол  топанның  арасында    қалады.  Сиыры  бір  жақта,  өздері  жанымен  қайғы 

болады.  Екеуі  қорыққанынан  жолды  тауып  алайық,  ауылға  қайтайық  деп,  Әбден  діңкесі  құрып, 

еңкеңдеп, боранмен дауылмен алысып, әрең дегенде ауылды табады. 

Ертесіне, сиырдың жарымынан асасы ұшып өліпті, сорға түсіп өліпті. 

Қойдан ұшып өлген болмаса, жағасы аман. Біздің үйден екі-ақ сиыр аман қалды. Ағайдың 

бет-аузы, аяғы үсіп келді. Әкей мен әжем соның аман қалғанына шүкірлік қылды» *3, 90]. 

Малға   ертерек   барғанда   бұлай  әуреге   түспейтін бе? Едік деп іштей қынжылам. Әкей: 

«Алла қайғыдан сақтасынға» баса берді. Дегенмен, қатты іренжулі екенін сеземін. Боран боларын 

күн бұрын амал болса, малдан бұлай қапыда айырылмас едік-ау, деп сол күнде ойлаушы едім. 

Содан кейін мен ержетіп, қалаға барып оқу оқыдым. «Пизике»  деген кітапта «барометр» 

деген бір аспан жайын бір оқытушымыз әңгіме қылады. Барометрдің бір қасиетінің барлығы, күні 

бұрын, күн ашық бола ма? Жел, қар, жаңбыр бола ма? Бәрін де күні бұрын көрсетіп тұрады екен. 

Сондай-ақ, шығармада барометрдің ерекше  қасиетінің   бар   екені   туралы   баяндалады *3, 91+. 

Жоғарыдағы  үзінділерден  адам  еңбегі  мен  мүлкіндегі,  табиғатқа  қатынасы  көрінеді. 

Осыны жазушы табиғат көріністері - пейзаж арқылы береді. Көзқарас, салыстыру бар. 

Яғни,  «Қайсыбір  шаруашылықпен  айналысатындарға,  әсіресе  қазақ  жұрты  үшін  қолайлы 

барометрдің  атмосфералық  қысымды  анықтайды,  метеорологиялық  бақылаулар  жүргізеді»,  - 

дейді Р. Тұрысбек *2, 123]. 

Жүсіпбек  Аймауытұлының    пейзаждық    әңгімелерінің  ерекшелігі  -  оның  табиғатты 

бейнелеудегі кейіптеу тәсілін мол пайдалануы. 

Жазушы табиғаттың  барлық компоненттерін бейнелейді. Мысалы: тау мен даланы, аспан 

мен жерді, таң мен түнді т.б. жан бітіре суреттейді. 



 

Пейзаж      өткен  классик  жазушылардың  қай-қайсысында  болса  да  кездеседі.  Мысалы: 



Пушкин, Толстой, Некрасов, Абай, Махамбет т.б. - бәрінен де көруге болады. Әсіресе, Тургеневтің 

шығармаларынан пейзаждың  түр-түрін кездестіруге  болады *5, 211]. 

Қысқасы,  бұл  тұстардан  да  жазушының  пейзаждық  элементтерді  ұтымды  беретіні,  көп 

мағына сыйғызатыны, уақыт сырын дөп басатыны танылады. 

Пейзаж  кейіпкер  өмір  сүретін  ортаны  анықтайды.  Сондай-ақ,  оның  психологиялық 

жағдайын  зерттейді.  Жазушының  шеберлігі  -  оның  пейзажды  кейіпкердің  ішкі  өмірін,  көркем 

игерудің  тетігі  есебінде  қолданыуында.  Алайда  табиғат  көрінісі  мен  кейіпкердің  жан 

толқыныстарының арасындағы байланысты, жоққа шығаруға болмайды, бұл байланыстың түбі әрі 

де, фольклорда жатыр *1, 95]. 

Жазушы  әңгімелерінде  бір  ғана  тақырыпты  қозғамайды, ондағы   сан алуан мәселелерді 

қозғайды.  Мәселен,  қаламгердің  «Далада  наурыз»  деген  шығармасы  пейзаж,  кейіпкер  түрінде 

айтылады.  Әңгімеде  наурыз  мерекесі  күні  ауа-райының  бұзылуы,  түйеші  мен  қойшының  өз-ара 

әңгімелесуі туралы баяндалады. 

«Аспанның      түрі      мынау:    сұп-сұр    болып,    мұнартып    тұрғаны.  Күннің  қабағы  бір 

жадырамайды. Ажары бір кірмейді. Артында тағы зілі бар ма, әлде немене... Қалған арық-тұрақты 

тағы типыл қылып кетпесе неғылсын...»  *3, 155+. 

Қойшы қойға қарап қойып көп ойланды. Баяғыда наурыз айында абыр -сабыр болып, күн 

жылынып,  қар  еріп,  жайма-шуақ  болып  жатушы  едік.  Қазан-қазан  құрт,  көже  істеп,  үй  басы 

жылқының  басын  асып,  наурызды  мейрам  қылып  жатушы  едік.  Мына  қардың  сіресіп,  кетпей 

жатуын қарашы - деп, қойшы бір күрсінді. 

Үстіне шидем күпі, басына жаман тымақ, аяғына тері қаптаған шәркелі киіз байпақ киген, 

белбеулі,  бір  көзі  соқыр,  солтаң  шал  түйеші  келеді.  Түйеші  жақындай  бергенде,  қойшы  сәлем 

береді: Салаумағалейкім! *3, 157+. 

Жазушы  адам  ойы,  сөзі  арқылы  да  қоғамға,  табиғатқа  үн  қатады.  Адам-табиғат  арасын 

жалғай түседі. 

Екеуі де таяғын тастай салып, құшақтасып көріседі. 

- Бұрын наурыз осындай болушы ма еді, Тасеке?! 

- Несін айтасың. Мен де соны ойлап тұрмын-ау!  

- О бір дәурен екен ғой! 

- Рас, солай екен. Ішуге тамақ, киюге лыпа жоқ. Енді қатықсыз қара көже, жасық ет жүректі 

кесіп, көзің бозарып жүргенің. Сұмдық қой бұл. 

- Күннің ажары бір кірмейді. Мен әлі қыстың аяғынан қорқамын. 

- Кіші үйдің боз інгені бүгін тағы өлді. Мойнақтан ол үй енді таза болды. 

-  Оның  өлетінін  мен  әлдеқашан  білетін  едім.  Әнеугі  қазынаның  етік  тасығанда  бітіріп 

әкелді ғой. Мұқым бұрлығып қалған көрінген... неше бозінгеннің жемтігі жолда қалмады дейсің. 

Қырық бес деп пе еді, немене еді өлген түйенің саны. Ауылнайлар айтып отыр еді. 



 

- Биыл бағуға жарайтын түйе қалмайын деп тұр ғой. Түйеші салмай-ақ кезектесіп бағар. 



Қойшы, қойнынан малтасын алып: 

- Қане,   енді    отырып   малта   жейік. Наурызды    малтаменен    мейрам  

қылмасақ, баяғыдай күн бар ма? 

Түйеші, отырып малта жеп: 

- Малта болса да қолға түсе берсе жарар еді-ау. Қайта сен тауып алған екенсің. 

- Наурызға көптеп сақтап жүр едім. Сенімен далада  бір  көрісерміз   деп ойлап... *3, 158].  

Күннің  бет-алысы  жаман,  қайтар  емес.  Бұл  да  жақсы  ырым  емес.  Біздікі  енді  иман-дағы. 

Балалардың бағын ашсын, - деп шүкірлік етеді. 

Негізінен,  Ж.  Аймауытұлының  шағын  жанрдағы  туындыларында  диалог  үлгісі  де, 

пейзажды  қолдану  мүмкіндіктері  де  мол.  Ол  әсіресе  тақырып  табиғатын  ашады.  Өмір 

құбылыстары мен шындықтарын суреттеуде айрықша мәнге ие болады. Демек, пейзаж арқылы да 

өмір мәнін айқындап, адам әлемін ашуға мүмкіндік мол. 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Қабдолов З.Сөз өнері – Алматы; Санат 2002-320б. 

2. Тұрысбек Р. Жүсіпбек Аймауытұлының әсемдік әлемі - Алматы; Қазақ университеті, 2003-320б. 

3. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. Екінші том –Алматы: Ғылым, 1997-223 б. 

4. Сыздықова Р. Сөз құдіреті – Алматы: Сана, 1989-300 б. 

5. Шалабаев Б.Көркем проза тілі – Алматы: 1994-350 б. 



 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 49.23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет