Ж. А. ҚҰрманалиева, А. Б. Кенжебеков 12 жылықҚа көшу жағдайында физика мұҒалімдерінің КӘсіби қҰзыреттілігін қалыптастыру



жүктеу 39.41 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.03.2017
өлшемі39.41 Kb.

Ж.А. ҚҰРМАНАЛИЕВА, А.Б.КЕНЖЕБЕКОВ  

 

Ж.А. ҚҰРМАНАЛИЕВА, А.Б.КЕНЖЕБЕКОВ  

12 ЖЫЛЫҚҚА КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

In  this  article  is  told  about  the  aim  of  increasing  education  quality,  having  the  high  llevel  of  meth-

odology using information technology and abiity of cognition in order to develop teacher`s competence in 

case of transition to the system of 12 years study.  

Құзырет, құзыреттілік дегеніміз не? Бұл ұғымдар 12 жылдық білім беру жүйесінде,білім беру 

сатысын дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық құзыреттілігін 

қалыптастыруда қанддай рөл атқарады? Алдымен осы сұрақтардың жауабын тауып көрелік.  

«Құзырет»  термині  соңғы  кездерде  ғылымның  әртүрлі  саласында  қолданыс  табуда.  Қолдану 

мүмкіндігіне қарай құзырет,құзыреттілік,құзыретті ұғымдарды дифференцияланады.  

Құзырет - тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске 

асыруға  қабілетінің  дайындығы.  Сыртқы  ресурстарға  білім,  білік,  дағды,  құзыреттіліктер  (іс- 

әрекет тәсілдері), педагогикалық-психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.  

Бүгінгі  қоғамда  оқушының  академиялық-энциклопедиялық  білім  жиынтығы  жеткілікті 

болғанымен,  күнделікті  өмірде  кездесіп  отырған  түрлі  жағдаяттарға  икемсізігі  байқалып  жатаы. 

Бұл  оның  өмір  сүру  үрдісінде  қажетті  құзыреттіліктерінің  қалыптаспағанын  айқындайды.  ҚР  12 

жылдық  жалпы  орта  білімнің  мемлекеттік  жалпыға  мінетті  білім беру  стандартының жобасында 

«Құзыреттілік  әрекеттің  әмбебап  тәсілерін  оқушының  игеруі  арқылы  көрінетін  білім  беру 

нәтижесі» еп көрсетілген. Әрине,бұл жердегі әрекет-танымдық әрекет [1].  

Қызығу  –  танымдық  іс-әрекеттің  қозғаушы  күші.  Оқушының  қызығу  іс-әрекетімен  оқып- 

үйрену  барысындда  қабілеті  ашылып,  дарыны  ұшталады,  өз  күшіне,  мүмкіндігіне  сенімі 

артады,аамгершілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.  

Танымық-қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттере 

оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады:  

-біріншісі-оқытудың мазмұны бойынша мұндағы оқушыларды қызықтыратын білім мазмұнның 

берілу  түрі,жаңалығы,ғылым  мен  техниканың  соңғы  табыстары,таңданыратын  тарихи  деректер, 

ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы,бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.  

-екіншісі-оқушылардың  таным  әрекетін  ұйымдастыру  формалары,құралдарын  және  әістерін 

жетілдіру: бұған жататындар сабақта жаңа технологиларды қолдану, соның ішінде дамыта оқыту 

технологиясын қолдану,сабақта қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін 

арттыру,  танымдық  ойындарды  ұйымдастыру,  пролемалық  және  интегративтті  ұстанымдарды 

жүзеге  асыру,  оқушылардың  өзддігінен  істейтін  жұмыстарды  және  өздігінен  білім  алуды  тиімді 

ұйымдастыру.  

-  үшіншісі-мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы  арасынддағы  қарым-қатынаста  сыйластық

 

-

танымдық  іс-әрекет  –  оқушының  білімге  деген  өте  белсенді  ақыл  ой  әрекеті.  Психолгтардың 



зертеулеріне  қарағанда  ,танымдық  іс-әрекеттің  қалыптасуы  өздігінен  тұйыққа  тірелген 

автономиялық  үрдіс  емес.  Ол  тек  әлеуметтік  орта  қоршауымен,адамның  өзіндік  қызымет 

сипатымен  ғана  емес,жеке  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекеті,танымдық  қажеттілігін  оятуға 

ынталандыратын  оқу  және  тәрбие  үдерісі,сонддай-ақ  өзінің  жеке  басының  белсенділігімен, 

ұжымдық іс-әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс 

[2].  


Дамыта  оқыту  тұжырымдамасының  негізгі  идеясы:  Оқушыға  арнайы  ұйымастырылған  оқыту 

арқылы  (теориялық  білім  және  ойлау  негізіне  )  балада  өзіндік  жетілу,өзінддік  тану  бағытында 

нақты қабілеттерді қалыптастыру.  

Қабілеттерді қалыптастырудың негізгі міндеттері:  

• физика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану;  

• алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің жетістігін қолдану;  

• барлық сабақтарда жоғары әдістемелік деңгейді қамтамасыз ету жолымен физикадан білім беру 

сапасын арттыру.  

Әдістемелік  іс-әрекетін  басқару  ұйымдары  мен  білім  беру  мекемелері  арасындағы  қарым- 

қатынасты  жетілдіру  оқытудың  әдістемелік  және  оқыту  мазмұны  мен  технологияларын  басқару 

ықпалын  толықтыруға  негізделеді.  Білімді  дамытатын  мемлекеттік  бағдарламаны  табысты  іске 

асыру-әкімшілік  ықпал  жасау  және  мониторинг  нәтижесін  анықтау  арқылы  ғана  емес, 

педагогтарың әдістемелік технологиясын жетілдіру кезінде де ғана іске асатыны анық.  


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

Соған  орай  физика  мұғалімдерінің  қалалық  әдістемелік  бірлестігінде  педагогтарың  кәсіби 

құзыреттілігін  қалыптастыру  жолы  арқылы  оқушылардың  білім  сапасын  арттыру  мақсатында 

жұмыстар істеуде. Әддістемелік бірлестігінің іс-әрекеті келесі міндеттерді орындауға бағытталған:  

• физика мұғалімдерінің шығармашылық тобын құру;  

•  жаңартпашылық  және  педагогикалық  технологиялар  жұмысына  мұғалімдерді  оқыту, 

компьютерлік және ақпараттық желілерде кәсіби бағытта жұмыс істеуге мұғалімдерді дайындау;  

• педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолымен физика пәнінен білім беру сапасын 

арттыру;  

Физика мұғалімдері әістемелік бірлестік іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары:  

• идеологиялық бағыт;  

• көкейтестілік;  

• ғылымилық;  

• жүйелілік;  

• сабақтастық,үздіксіздік;  

• шығармашылық бағыт;  

• жеделдік, ұғымшылдық,икемділік.  

Қалалық  мұғалімдердің  әдістемелік  бірлестігі  педагогтың  кәсіби  құзыреттілігін  арттыру  үшін 

жағдай  жасайды.  Білім  сапасын  арттыру  бойынша  қалалық  әдістемелік  бірлестік  іс-әрекетінің 

негізгі бағыттары:  

• білім беру-педагогикалық шеберлікті арттыру үшін жағдай жасау;  

• талдау-оқу, білім беру әрекетін мұғалімнің талай білуі;  

• зерттеушілік –басқа педагогтардың кәсіби қалыптасуын, педагогикалық ғылымды зерттеу;  

• сарапшылық-мұғалім әрекетін бағалау;  

• кеңес берушілік – мотивациялық – педагогтар қызметін ынталандыру.  

Қалалық  әдістемелік  бірлестік  іс-әрекеті  мұғалімнің  кәсіпкерлік  біліктілігін  қалыптастыруға 

бағытталған.  

Жоспарланған нәтижелер алуын қамтамасыз ететін жағдайлар:  

1. Мұғалімнің үнемі кәсіби құзыреттілігінің дамуы  

2. Білім үрдісіне қатысушылардың оның сапасына мотивациясы  

3. Аралық бақылау жүйесі  

4. Алдыңғы педагогикалық –әдістемелік тәжірибе «жинағының» болуы  

5. Оқушының жекелік және денсаулық есебін жүргізу  

6. Білім беру үрдісінің және тұрақты ,жекелік, ұжымдық нәтижелер рефлексиясы  

7. Инфрақұрылыммен байланыс (әлеуметтік,мәдениеттілік,экономикалық аспектілер).  

Мұғалімдер құзыреттілігін арттыру: әдістемелік тақырып бойынша жұмыс; құзыреттілікті арттыру 

курысы; проблемалық семинарлар мына түрде белсенді жүргізулер:  

- дөңгелек үстелде;

 

- жекеше кеңестер;  



- ашық сабақтар;  

- өзара қатынасу;  

- ғылыми,әдістемелік жұмыс;  

- қамқоршылық;  

- кәсіби шеберлік сайыстара қатысу.  

Жаңартпашылық педагогикалық тәжірибені қорғау және тарату:  

- шығармашылық топта жұмыс;  

- шығармашылықпен немесе жеке жаңартпашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің материалын 

жүйелеу және қорытындылау;  

- презентациялар,білім процесінде жаңартпашылық жұмыстарды қолдану және тарату;  

- шебер-сыныптар;  

- әдістемелік күндер;  

Мұғалімнің  кәсіби  жетектігін  (компетенциясын)  көтеру,оның  кәсіби  мүлтіксіздікке  іштей 

қалыптастыру оқу-тәрбие үдерісін шығармашылық еңбек жолында ғана іске асады [3].  

Физика  жас  мұғалімдерінің  кәсіби  педагогикалық  біліктіліктерін  жетіліру  барысында 

модульдік  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы  жас  мұғалімнің  жетістікке  жетуі  мектеп 

жұмысында ғана орындалады. Жас мұғалімнің физика тақырыбы бойынша білім сапасын көтеру 

үшін модульдік оқыту технологиясын қолдану негізгі бағыттары арқылы іске асады:  



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

- педагогикадан және психологиядан тартымы тақырыптар бойынша әдебиеттерді оқу;  

- жас мұғалімдердің практикалық қызметіндегі қиыншылықтарды айқындау;  

- жас мұғалімдерге дәстүрлі емес оқу-әдістемелік көмек көрсету;  

- тәжірибеге педагогикалық жаңартпашылықтарды енгізу және меңгеру.  

Физиканы  оқыту  барысында  жаңартпашылық  технологияларды  белсенді  енгізу  мақсатында 

педагогикалық озық тәжірибе мектебінің жұмысы ұйымдастырылды.  

-  педагогикадан,  психологиядан  тартымды  әдістер  мен  көрнекіліктерді,  дәстүрлі  емес 

компьютерлік технология,сабақтарың жаңа түрлері айтыс, конференция, ойын, жаттығу (тренинг), 

пікірталас физика ғылымдары бойынша әдебиеттерді оқу;  

- ең тәжірибелі педагогтардың жұмыстарын зерделеу, зерттеу;  

- үздік мұғалімдердің шеберлік жұмыстарымен танысу.  

Бүгінгі  мұғалімдер  12  жылдық  білімге  дағдар  дайындығы  ілгері  бастауда.  Осы  бойынша 

біліктіліктің  жаңа  бағыттары  жасалған,жаңа  сабақ  түрлері  мен  әдістемелері  қарастырылуда, 

оқушылардың оқу барысының мақсаты саналы білім алуға бағытталған; соған орай, сыныптарда 

дидактикалық  базаның  оқу  ортасы  жаңартылуда.  Физика  сабағының  негізгі  мақсатында 

оқушылардың тұлғалық дамуы қарастырылуы,оның теориялық білімі мен практикалық дағылары 

қалыптасады. Физика мұғалімдері сабақтағы негізгі іс-әрекеттерді қарастыруда: оқушының білім 

жүйесі бірінші кезекте тұрады: «Не үшін оқу керек?» Осының бәрі оқытудың дағыларын дамытуға 

және  сақтауға  көмектеседі,  оқушының  жеке  білімін  қамтамасыз  ету.  Соңғы  нәтижеге  бағдар  – 

құзыреттіліктің  қалыптасуы  мұғалімдерге  оқу  үдерісін  болжауға,  оның  нәтижесі,  жетістіктері 

балалардың  жеке  тұлғасын  дамытуға  көмектеседі.  Физика  сабақтарындағы  қолданылатын  жаңа 

технологиялар бүгін 12 жылдық білім мәселелерімен тығыз байланыста.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

1. Кенжебеков Б.Т. Болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық- әдіснамалық 

негіздері. –Алматы: Стандарт, 2006. -260 б.  

2.  Қабылбаева  А.С.  Дамыта  оқыту  технологиясын  пайалана  отырып,  оқушылардың  танымдық 

құзыреттілігін қалыптастыру.-www. Conference2- 08.kz.  

3.  Андриенко  Е.В.  Подгфтовка  учителя  к  самоактуализации  в  педагогической  деятельности.  Кан.ис.- 

Москва,1994. -209 с.  

Редакцияға 26.10.2010 қабылданды.



 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 39.41 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет