Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



жүктеу 8.91 Kb.
Pdf просмотр
бет8/21
Дата09.01.2017
өлшемі8.91 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

97
дәл тапқан. Бұған біріншіден, туындының үзіліссіз 
қалыпта, бір дем мен қойылғанын қош көрген мақсат 
өз дегеніне жет кен. Сахнадағы қара түн, күңіренген 
зар мен қара қапас түр 
ме, шейіт кеткендердің 
періште құрбандығын бейнелей 
тін символ, 
кескіленген бесікті бүтіндеу мен перзенті нен үміт 
үзбеген ананың әрекеттері, мойындарына бір 
де 
дар жібі немесе бірде парыз, бірде күрес бұйдасы 
болған салбыраған арқандарды, оған қоса бірде кеңсе 
немесе бір де түрме қабырғасы есепті болатын төрт 
қатар бөрене нің негізгі мақсат пен нысанға сәйкес 
көркемдік қиюласуын, тұтас бірлікті өзара, ішінара 
сәтті тауып жатуын ай тар едік. Бұл – екі.
Ал, үшіншіден, спектакльдің композиторы (Б.Дәл-
денбаев) мен суретшісінің (Е. Тұяқов) еңбектері 
режис 
сер 
лық мақсат пен нысанаға сәйкес едәуір 
көркемдік жүк арқа  лап тұрғаны және бар.
Ал осылардың баршасы ең алдымен спектакль 
үшін, яғни шешуші күш – актерлар үшін қызмет 
ететіні бесе 
неден белгілі жәйттер ғой. Мұндай 
аксиоманы қайта ламайтын театр сыншылары жоқ 
десек, әсте күпір жа сай қоймаймыз.
«Қилы заман» тарихи халықтық трагедиясының 
шыр 
қыраған жан даусы мен күңіренген қаралы 
әуенін қою 
шы-режиссер Әбубәкір Рахимов ана 
бейнесі (М.Омаро 
ва), Ұзақ батыр (У.Сұлтанғазин), 
Жәмеңке (С.Оразбаев пен Ж.Медетбаев), Әубәкір 
(Б.Әбділманов), Серік 
бай (А.Омаров), Жаңабай 
(Б.Тұрысов пен Е.Біләлов), Нүке (М.Нұрәсілов), 
Ыбырай (Б.Қаптағаев), Подпороков – «Ақжелке» 
(Ә.Кенжеев), Хлыновский (Қ.Тастанбеков), Түнғатар 
(Ғ.Сүлейменов), Фонов (Т.Мейрамов), прокурор 
(Ә.Боранбаев), Рахымбай (Ж.Рымжанов), Жебірбаев 
(Б.Әлпейісов), көпшілік көрінісінде Ғ.Әбдінәбиева 

98
Сайлаубек Жұмабек
сияқ 
ты кейіпкерлер мен актерлар арқылы көрер-
мен қауым ға әдемі жеткізе білген. Әрбір кейіпкер 
мен оны орында 
ған артистердің еңбегін түгелдей 
атау мен түгелдей талдау шарт болмаса керек. Бұл 
арада олардың спектакльде – театр шығармасында 
өздеріне тиесілі көркемдік жүк пен міндеттерді 
орындап шыққанын не шықпағанын айтса да жетіп 
жатыр дейміз. Ал, бұл орайда «Қилы заман» шын 
мәнінде, тарихи халықтық трагедия ретінде, яғни 
өнер туындысы – көркем спектакль ретінде толық 
шыққан. Демек, труппаны да құттықтауға болады!
Дегенмен, сын бар жерде таңдау бар. Таңдау бар 
жер 
де талғам бар. Ал талғам жөнінде таласудың 
бәтуасы шама 
 
лы. Таразылау мен пікір білдірудің 
әрқашан та 
лас туғызатыны және шындық. Осы 
орайда, «Қилы заман» тарихи халықтық трагедия-
сының көркемдік сүйегін ірі әрі бітімді етіп шығару 
жолында қоюшы-режиссер Әбубә 
кір Рахимов ең 
алдымен дәрігер Фоновты хас шеберлік 
 
пен сом-
даған Республика халық артисі Тілектес Мейрамов-
ты; Албан жұртының ақылгөйі Жәмеңкені ұлттық 
төр дәстүрінде сомдаған Қазақстан Республи 
ка-
сының ха 
лық артисі Сәбит Оразбаев пен Қазақ-
стан ның еңбек сіңір ген артисі Жұмабай Медетбаев-
ты; «көп сөйлемейтін, сөйлесе кесіп, байлап, бір-ақ 
айтатын» Ұзақ батырды дом жырау қалпында еркін 
шығарған Қазақстанның еңбек сіңір ген артисі Уайс 
Сұлтанғазинді; от-жалын, өр де елден-ерек болыс 
Әубәкірді бірде ақ, бірде нәзік сомдайтын ар 
тист 
Болат Әбділмановты; тосын уайымды, тосын үрей-
ді тосын тәуекелмен турап тастайтын Ыбырайды 
шат та адуын қимылмен нақты шығаратын артист 
Бауыр жан Қаптағаевты; орыс офицерінің шені мен 
пен деші лік көрсоқыр, өрекпіме менмендігін шайпау 

99
түрде беретін Хлыновскийді жеріне жеткізе орын-
дайтын Қазақс тан Республикасының халық артисі 
Құман Тастанбековті; зымияндығына найза бойла-
майтын, зәрі бетінен шап шып тұратын прокурорды 
«жаптым – жала, жақтым – күйе» қалпында нақты 
көрсететін Қазақстанның еңбек сіңір 
ген артисі 
Әнуар Боранбаевты; Елананың рухын сақтаған жә-
не ұдайы сол дәрежеде көрінуге ұмтылған, өз кейіп-
кері нің бүкіл трагедиясын шыншыл шығара білген 
артис Майра Омарованы; ішін мерез жайлаған 
Түн ғатар қажы ны дәстүрлі қалыпта нақты бей не-
лейтін Қазақстан ның еңбек сіңірген артисі Ғабдолла 
Сүлейменовты; көпші  лік сахнасында бір көрініп, бір 
ғана реплика айтса да, е с те қалатын Қазақстан ның 
еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиева сияқты 
актерларды дұрыс таңдап ала біл ген. Сонан соң осы 
актерлардан спектакль ансамблін тү зе білген.
«Қилы заман» тарихи халықтық трагедиясы сах-
на рампасын театр маусымының соңында көріп 
отыр. Труппаның мүшелеріне, яғни спектакльге 
қаты 
сушы 
лар 
дың барлығына ортақ бір тілек диа-
логтар мен реп 
ли 
калардың көркем текстіне мей-
лінше жауаптылық 
пен қарау, әрекет пен маз 
мұн-
ды ашатын сөздердің мағына лық жүйесі мен мақ-
сатынан мейлінше ауытқымау, жасан ды-қосар лама 
сөздерден мейлінше бас тарту жәйттерін ай 
 
тар 
едік. Премьера барысындағы қойылымдарда әредік- 
әредік ауытқулар, артық-ауыс сөздер мен қимылдар 
қы лаң бе ріп қалатынын жасыра алмаймыз.
Спектакльдің үзіліссіз жүретінін ескере отырып 
сахналық динамика мен ырғақтың актерлік темпе-
раменттер мен темптардың өзара үйлесімін сақтауға 
айрықша мән беріп, айрықша күш сала түссе, 
спектакль 
дің көркемдік ширауы мен ширығуын 
неғұрлым артты ра түсетіні талассыз.

100
Сайлаубек Жұмабек
Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына орай өтетін 
Ұлы тойдың сахналық көшін «Қилы заман» сияқты 
үз дік шығарма өзі бастады. Бұл эстафетаны белгілі 
ақын әрі жалғастырды деп есептейміз.
Өйткені, XX ғасырдағы қарымды қалам иегер-
лері нің бірі Шыңғыс Айтматовтың: «Әуезов жазып 
отырған сол қанды 1916 жылы да қазақтар мен 
қырғыздардың ежел гі руларының алдында тағы да 
(қанша рет десеңізші) не өмір сүру, не өлу, не туған 
жер топырағында қалу, не жат жер ге жылысып қоныс 
аудару мәселесі тұрды.
Өткендегі шексіз тұңғиық халық қасіреті мен 
біз дің бүгінгі шындығымыздың арасы жер мен көк­
тей, тіпті салыстыруға келмейтін категория  лар. 
Бірақ сол өт кеннің ішіндегі жақсылық жағы, жұрт 
еңсе көтеріп, пат 
 
шаның отаршылдық қанауы 
на 
қарсы халықтың сти 
хиялық толқуы, өз істері 
 
нің 
дұрыстығына көздері жетіп, еркіндікке ұмты   лып, 
адам рухының соншалықты мол қуатын таны­
тып, зорлық­зомбылыққа қарсы тұруы – таң­
қалуға болатын дүние және біз Әуезовпен бірге сол 
он алтыншы жылғы оқиғаның даңқын мадақ 
тай­
мыз, һәм қайғырамыз», – деген ұлағатты, қордалы 
тұжырымы 
на драматург Нұрлан Оразалин мен 
қоюшы-режис 
сер Әбубәкір Рахимов, спек 
такль 
труппасы жұмыла көтерген «Қилы заман» тарихи 
халықтық трагедиясы мейлін 
ше нақты жауап 
береді, осы тұжырымдағы мұраттар дың асқақты ғын 
мейлінше айқындай түседі. 
Ендеше, театрдың жаңа маусымдағы жеңістері 
мен табыстары үшін спектакль көші – «Қилы заман» 
тари хи халықтық трагедияның көші көлікті болып, 
мәртебе сі арта берсін дегіміз келеді.

101
ар кепілі – шынДық
 
Алматыдағы республикалық мемлекеттік жас-
тар мен балалар театрының сахнасында жүріп 
жатқан «Сен жан 
басаң...» спектаклін көргенде 
шын қуанғаның 
ды, шын ойға қалғаныңды, шын 
сүйсінгеніңді білдірмеу әсте мүм кін емес. Көрермен 
ретіндегі жан-дүниеңді қозғауы, ой-сезімінің 
нөпір селі өзара ұласатын ортақ арна тауып жатуы 
драманың көркемдік қуатына (яғни, пьеса авторына) 
және спектакльге (яғни, режиссер мен труппаға) 
әрі тікелей, әрі бірдей қатысты. Спектакль арқы-
лы кім-кімде болсын кү 
ні кешегідей көрінетін 
албырт жасөспірім шағына ора лып тұрып та иә бол-
маса қазіргі қалпында тұрып-ақ кепілі – шын дық 
екендігіне, азаматтық болмыс кепілі – нақты іс-
әрекет екендігіне тағы да кәміл көз жетікзе алады. 
«Сен жанбасаң...» спектаклі шығармашылық 
жас күш тердің талант қарымынан, ынта-жігерінен, 
қажыр-қайра тынан дүниеге келген. Мәселен, пьеса 
авторы Әділбек Тауасаров – жас драматург. Бұл 
– оның екінші пьесасы. Спек такль режиссері – 
Нұрқанат Жақыпбаев. Бұл да оның үшінші қойған 
дүниесі. Композиторы – Кеңес Дүйсекеев, сурет-
шісі – Марал Нұрмазанов. Спектакльге қаты сатын 
актерлер де, тұтастай алғанда сахнаға алғаш шық   қан 
жастар. Спектакльдің бүкіл жетістігі мен ішін 
ара 
кез десіп қалатын кемшіліктері де шығармашы лық 
жас тардың барлығына ортақ деп толық айта ала мыз. 

102
Сайлаубек Жұмабек
«Сен жанбасаң...» пьесасының тартыс желісіне 
– қазіргі уақыт пен замандастарымыздың тыныс-
тіршілі 
гі арқау болған. Драманың басты кейіп-
керлері – күні кеше мектеп бітіріп, туған ауылда, 
нақтырақ айтсақ, қой шаруашылығында еңбек 
етуге бел байлаған өрім дей жас жігіттер мен қыздар. 
Ермек пен Ұлжан былтыр ға на шаңырақ көтерген 
жас отау. Ұлжан (арт. Әсел Мәмбето ва) қарт әкесі 
Жабайдың (Қазақ ССР-інің еңбек сіңір 
ген артисі 
Атагелді Ысмайылов) ырқынан шықпай Ермек 
ке 
(арт. Болат Әбділманов) тұрмысқа шыққан. Жетім -
дік тің тақсіретін тартқан Ермектің бар ойы – «тама-
ғы тоқ 
тық, көйлегі көктік». Ағайынның қолына 
мөлиіп бала лық эгоизмнің енді саналы түрде тоғы-
шар лыққа ұла суы Ермектің ой-пиғылынан, іс-әреке-
тінен әрі нақты, әрі лайықты көрініс тапқан. Оның 
мұн дай тоғышарлық дер тін дамытуға, асқындыруға 
қайын атасы Жабайдың ық па лы аз болған жоқ. 
Жас семьяға көмекке келген Саян, Жанар, 
Нұрман, Рая, Мұраттар комсомол-жастар бриг 
а-
дасында білекке-бі 
лек қосып жұмыла еңбек етіп 
жүрген жандар. Бұлар дың барлығының заманы бір, 
уақыты бір, тәрбие алған мекте бі бір. Солай бола 
тұра, олардың қоғамдық игілікке қо 
сар үлестері 
әрқилы. Осыған дейінгі бүкіл тіршілігіне «ор 
тақ 
өгізден, оңаша бұзауым артық» деген принципті 
ұста нып келген Жабайдың қазіргі кездегі болмы сын 
Ермек тұлғасы көрсетеді. Кей-кейде оқылы-то қылы 
хал кеше 
тін Ермек, түптің түбінде өзінің қайын 
атасы Жабай дан да өткен сорақы, безбүйрек әрі қор-
қақ болатынын әзір қайдан білсін. 
Драманың алғашқы бөлімінде пісіп-жетілген тар-
тыс өзегі, енді екінші бөлі мде күрт шиыршық атып 
шыға ке ле ді. Жаңа әлгіндегі жастардың өн бойын-
дағы, ой-пиғы 
лындағы, іс-әрекетіндегі бейғамдық 

103
пен аңғырт тық, роман  тикалық сезімдер әрі тосын, 
әрі алапат сынға түсе 
ді. Мұның өзі мынау таби-
ғаттың да күтпеген тасқынға, көшкінге тап болға-
нындай. Өмірлік параллель көркем дік параллельге 
ұласады. Адам болмысы осындай ситуация 
да қа-
лай көрінеді? Драматург өзінің жас кейіпкерле рін 
тосын нәубеттен барынша табиғи қалпында, барын-
ша нанымды қалпында шыңдай алып шыққан. Олар-
дың өн бойындағы, іс-әрекетіндегі, ой-пиғылын дағы 
сапа 
лық түлеу-өзгерістердің диалектикалық бол-
мысына ав 
тор ешқандай қиянат жасамай, қолдан 
имей не қолдан күшейт пей шынайы жеткізе білген. 
Ұлжанның аяғы ауыр ғана емес, тіпті айы-күні де 
же тіп қалыпты. Толғақ қысқан үстіне қыса түсуде. 
Иен тау дың бір қуысында және жан-жағын тасы-
ған өзен мен құ 
лап жатқан көшкін қамауында 
қалған қыстаудағы жастар 
дың халі аянышты-ақ. 
Сонда бәрінің де дәрменсіз болға ны ма? Әлде өмір 
сыны мұншама қатал болады екен-ау деп ешқайсы-
сының ойламағаны ма? Енді не істемек? Бұ лар он 
жыл бойы мектептен, семьядан, қоғамнан, комсо мол 
мен Отаннан алған тәлім-тәрбиесін бір кәдеге асыра 
алмағандары ма? Ұлжанды не күтіп тұр? Болашақ 
сәби ді  ше? 
Шындық пен ардың, тосын жағдай мен іс-әрекет-
тің, адамдық, азаматтық болмыс пен ездіктің, 
жақсылық пен жамандықтың таразыға түскен сәті. 
Біздің қай-қайсы мыз болмайық, осындай ситуа цияға 
дайынбыз ба? Дайын болсақ не істер едік? Өзгенің 
бақыты үшін күресе ала тын іс-әрекетке бара ала мыз 
ба? Түптеп келгенде, кез кел ген жағдайда шындық 
жеңіске қалай жетеді, азаматтық іс-әрекет қалай 
көрініс табады? Драматург мұндай тұстар да шынайы 
реалистік өлшемді іздеп қана қоймайды, қанша ма 
қиындыққа түссе де, соны өмірдің өз шындығынан 

104
Сайлаубек Жұмабек
ойып алады әрі өз көркемдік көрігінде қорытып 
шығарғаны на көрерменін де нандырады. Өмір бойы 
жалған жеңіс 
ті малданып келген, өзін-өзі алдап 
келген Жабайдың соң  ғы тұяқ серпуі қанша наным-
ды болғанмен, бірақ шындық 
 
тың салтанат құруы 
үшін әлі де жеткіліксіз екендігін көр се теді. Шындық 
үшін, өзгенің бақыты үшін, өзін құрбандық қа қия біл 
парасатына көтерілу үшін өмір бойы толас сыз күрес 
жүргізу қажеттігін Жабай әрекеті көрермендер 
ге 
тұспалмен зердеге құйғандай болады. 
Сөзінен гөрі, іс-әрекеті бар Саянның (арт. Сәкен 
Рақы 
шев); тоғышарлықтың тұңғиығына тұн 
шық-
қан Ермек 
тің (арт. Болат Әбділманов); өздері 
нің 
сужүректігін, мен бол 
масам басқа біреу бар ғой 
дейтін немқұрайдылы ғын ар мен шындық алдында 
мойындаған Мұрат (арт. Қанат Құрымбаев) пен 
Нұрман (арт. Бақтияр Қожықов); қыз да болса, 
шыбын жанын құрбандыққа шалудан тайын 
бай-
тын Жанар (арт. Райхан Қалиолдина) мен Рая (арт. 
Шол 
пан Сіргебаева); бәрінен де өзгенің бақытын 
жоғары қоя 
тын, сол үшін ешнәрседен тайынбай 
-
тын Наржан (Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі 
Мәлік Құланбаев) әрі драматургиялық, әрі сахналық 
шешім тұрғысы нан еш қандай күдік-күмән кел тір-
мейді. Характер логика 
лық-психологиялық тұр 
ғы-
дан да нанымды. Шындық пен ар сотының символы 
болып елес беретін Анар (Қазақ ССР-інің еңбек сіңір-
ген артисі Роза Әшірбекова) бейнесі де өзіне лайық 
көркемдік жүк атқарып тұр. 
Драманың екінші бөлімінде тартыс динами касы 
арта түседі. Толғақ үстіндегі Ұлжанды, болашақ 
сәбиді аман алып қалу үшін шын мәніндегі жанталас 
енді бастала ды. Мұндай өмірлік фактілер енді кер-
неуі жоғары көркем дік ситуация есебінде шешуші 

105
мәнге ие болады. Драма ның финалында вертолеттің 
үні мен іңгәлаған шарана ның даусы бірдей естіледі. 
Аудан немесе совхоз орталығы на хабарды жеткізген 
Саян, Мұрат, Нұрман үшеуінің бірі екендігіне немесе 
бәрі екендігіне еш күмән жоқ. Мәсе ле, бұл арада 
өрімдей үш жас жігіттің өзгенің бақыты үшін өз дерін 
құрбан етуге тайынбағандарында. Пьеса 
ның да, 
спектакльдің де бүкіл тәрбиелік қуаты осындай биік 
адамгершілікті, абзал азаматтықты жас жігіт тер дің 
саналылықпен атқара білгендігінде. Драманың рес-
публикалық конкурста екінші бәйгені заңды түрде 
же ңіп алғандығы осы ерекшелігінде болса керек. 
Ал, спектакльдің өзіне келсек, режиссер Нұрқа-
нат Жақыпбаев актерлерді дұрыс таңдай білген. 
Аға буын артистер мен жас күштердің арасындағы 
өзара дәс түр жалғастығы қуантады. Ал, жас актер-
лер көп ретте өзде рін-өздері ойнап жүргендей әсер 
қалдырады. Олардың бойындағы сахнада ой науға 
құштарлық сезімі, жас ша ма сы өздерімен қара лас 
кейіпкерлерді көрерменге ұсын 
ған сәтте мұндай 
нышандардың көрінуі бір есептен заң ды. Мәселе тек 
шеберлікті әлі де ұштай түсуде және өзде рін-өздері 
қызықтап кетумен шектеліп қалмауда. 
Спектакльдің актерлік бір табысы ретінде – 
Мұрат роліндегі Қанат Құрымбаевтың ойынын бөліп 
айтар едік. Өзінің іс-әрекеті, жүріс-тұрысы арқылы 
көзге тез түсе тін, тез танылатын, оттай басыла тын 
«таныс-бейта ныс»  кейіпкерінің  осындай  ерек  ше-
лігін жас актер тап бас қан. Мұраттың әзіл-қал жы-
ңы, ақжарқын мінезі, кез кел ген іске мұрындық бола 
кететін елгезектігі Қ.Құрымбаев 
тың жара 
сымды 
ойын өрнегімен дараланады. 
Спектакльдің музыкасы мен декорациясы да 
ойдағы дай шыққан. Әуен мен таудың қиян бір түк-
пі 
ріндегі ша 
ғын ауылдың арасында айқын сезі-

106
Сайлаубек Жұмабек
летін нәзік бір байла ныс бар. Жарық пен дыбыстық 
тұрғыдан безендірілуі де тиімді шыққан. 
Пьеса мен спектакльдегі ішінара кездесетін 
кемші   ліктерді де айта кеткен жөн. Мәселен, пьеса-
да  пай да ла нылатын  өлеңдердің  драматургиялық 
тар 
тыс желісін 
дегі ролі жоққа тән. Біздің пікірі-
мізше, драмалық тартыс 
тың өткірлігі онсыз да 
жеткілікті көрінеді. Өйткені, осы өлеңдер кейінгі 
ұрпаққа ауызекі үнемі риза бол 
май жүретін аға 
буын пікірін жоққа шығару үшін неме се пьеса ның 
публи цистикалық сипатын үстемелеу үшін алына 
салынғандай. Спектакль барысында бұл өлең дер бас-
аяғы жинақы, тұйықталған нышан байқатқа н мен де, 
бәрі бір декларация түрінде қалып қойғандай әсер 
етеді. 
Спектакльде персонаждардың репликалары кей де 
айқайға, ал жас актерлердің жүріс-тұрысы, қи мыл-
әреке ті (әсіресе,екінші бөлімде) нақтылықтан абыр-
сабыр ға айналып кететін тұстар бар. Мұны тас қынға 
байланыс ты деп ақтауға болғанмен, алдағы уа қытта 
ескере, шира 
та түсетін жәйттер. Бірінші бөлімде 
орынды-орынсыз пау за көбірек. Кей сәттерде асып-
сасу, абдырау нышандары да қылаң беріп қалады. 
Қорыта келгенде, көрермен қауымның ой-пікір 
ауа 
нынан, көңілінен шыққан әрбір премьераны 
– жақ 
сы спек 
 
такльді көрген сайын, күрделі де 
көр кем  организм  бо лып  табылатын  театр ла ры-
мыз дың айнасы – репертуар деген әліппелік ақи-
қатқа келіп тірелетіндігіне тағы да бір көз же т кіз-
дік. Мәселен, мұның жарқын көрінісі не республи-
калық мемлекеттік жастар мен балалар теа тры ның 
сахнасынан көрген «Сен жанбасаң...» спек 
таклін 
жатқызар едік. 
 
Қаңтар, 1986 жыл 

107
лапылДаған отынан Өз кеуДесінің
(Тұрғанбек Дәулетбайұлына)
23 желтоқсан 1997 жыл! Жылдар-жылдар өте 
келе, есте қалатын ерекше тарихи-мәдени дата лар-
дың бірі бола тынына артар үмітіміз мол екенін несіне 
жасырайық!
Алматыда майдалап ақ ұлпа қар жауып тұр. 
Респуб 
ликамыздың халық жазушысы Шерхан 
Мұртаза ның: «Желтоқсанда театрға көктем келді» 
деген сөзінің жа ны бар сияқты. Сондықтан шығар, 
көз алдыңа өрік жап пай гүлдеген көктемнің бір сәті 
келеді... 
Бәлкім, бір орайда, тосын ассоциация болар!...
Бәлкім, бір орайда, «Өткендер мен Өткелдер» 
 
атт 
ы поэтикалық спектакльдің репетициясы мен 
прье ме ра сын  іштей  құлшынған  құштарлықпен, 
інілік іңкәр лік пен көрегендіктен шығар!...
Табиғаттың тосын тамашасын өмірдің тосын құ-
діре ті, өршіл әрекеті шындыққа айналдырған дық тан 
шы ғар,  бәлкім...
Бір орайда, өмірдің шындығын өнердің шыншыл-
ды ғы көмкергендей тәрізді!..
Бәлкім, өнердің шындығын өмірдің шыншыл ды ғы 
көм кергендіктен  болар!..
Қалай десек те, өмір мен өнердің шыншылдығы 
көбі некөп адамзат баласының бойындағы қылаусыз 
сезім дердің болмысына тікелей байланысты.

108
Сайлаубек Жұмабек
Өйткені, шыншыл сезім, шынайы сезім лапыл-
даған 
да соның қызуынан жылынбайтын жүрек, 
мейірленбей тін қатігездік, иілмейтін-иімейтін пен-
дешілік, мойында майтын бақастық, кіжінбей қал-
майтын іштарлық ал ғыс жаудырмайтын азамат тық 
ақжарылқап тілекпен арқа 
ланбайтын аруақ қал-
майды...
Сондықтан шығар, мөлдір сезімдерден нұр жа у-
ған шақ та сықырлаған қысың көк майса көктемге 
айналып, желтоқсан айында да гүлдеген өрікті көруге 
болады екен!..
Жаратылыстың бәлкім бір сиқыр құбылысы 
неме се құбылыстың бәлкім бір сиқыр жаратылысы 
осылай шығар...
Өйткені, Желтоқсанда гүлдеген өрікті көрген көз-
дің сүйсінбеуі, тіпті мүмкін емес!..
Өйткені, тәуелсіздіктің жетінші жылына қадам 
бас қан шақта Табиғат пен Өмірдің ішінара өзге ше 
бір жара сым тауып әкелген осындай селек циялық 
құбылысы на сүйсінбеу тіптен мүмкін емес!
Мұның бірден-бір дәлеліне кеше ғана, яғни 23 
желтоқ 
сан күні қазақтың Мұхтар Әуезов атын-
дағы мемлекет 
тік академиялық драма театрын 
да 
қойылған, «Өткендер мен Өткелдер» атты поэти ка-
лық спектакльді жатқызар едік.
«Өткендер мен Өткелдер», шын мәнінде, поэти ка-
лық драма емес. Автор мұны жақсы білген.
«Өткендер мен Өткелдер», шын мәнінде, поэти-
калық толғаныс. Автор өз туындысының табиғатын 
дәл  айқын даған.
Аталмыш туынды, шын мәнінде, драмалық спек-
та кль емес. Режиссер мұны жақсы білген.
Аталмыш туынды, шын мәнінде, сахналық қойы-
лым. Режиссер өз қойылымының табиғатын дәл 
айқындаған.

109
Олай болса, поэтикалық толғаныстың авторы – 
Қуаныш Төлеметұлы. Ол «Мәңгілік мезет» (1992) 
және «Арғы мақ жылдар, ақындар» (1997) атты кітап-
тардың  ав торы.
Олай болса, сахналық қойылымның режиссері – 
Әскер Кұлданұлы. Театрдың бас режиссері.
Оңтүстік Қазақстан облысының Жұмат Шанин 
атын дағы қазақ драма театрының Алматыдағы бір 
күндік-экспресстік гастроліне тікелей мұрындық 
болған респуб ликалық Мәдениет комитеті.
Бүгінгі соны үрдістің тәуелсіздік әкелген тың 
легін, мағыналы да мәнді бастаманың баянды бо-
луы үшін ақ жарылқап тілектестік көрсеткен, яғни 
киелі қара шаңы 
рақтың төрін ұсынған қазақтың 
 
М. Әуезов атындағы мем ле кеттік академиялық дра-
ма театрының көркемдік жетек 
шісі, республи 
ка-
лық мемлекеттік сыйлықтың лау реаты, халық артисі 
Тұңғышбай Жаманқұлов.
Бәрін айт та, бірін айт. Сонымен кеше ғана тәуел-
сіз 
дігі 
міз әкелген тарихи да өнегелі бір кештің 
көрермені бол дым. Куәсі болдық.
Бүгінгі мақсат – «Өткендер мен Өткелдер» атты 
поэтикалық толғаныстан, сахналық қойылым 
нан 
мін теру, сын айту емес. Оның есесіне алдағы уа-
қытта жалға сын табар бастаманың ақжол жоралғы-
сына құтқадам тілеу.
Өйткені, облыстық театр өзінің жаңа туын-
дысы мен не байқауға, не есеп беруге келіп отыр-
ған жоқ. Кие лі шаңырақ төрі арқылы алматы лық 
көрермендермен тіл табысу. Бұл екі жаққа бірдей 
жәйт.
Театр сыншыларының төл міндетін әдебиет сын-
шы сының атқаруы, бұл орайда, артық екені және рас.
Сонымен, кеше ғана, яғни 23 желтоқсанда гүл-
деген өрікті көрдік. Аппақ гүлдердің ақ ұлпа қармен 

жүктеу 8.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет