Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014


қарағаЙДың қарсы БұтағынДаЙ



жүктеу 8.91 Kb.
Pdf просмотр
бет20/21
Дата09.01.2017
өлшемі8.91 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

265
қарағаЙДың қарсы БұтағынДаЙ
Қансейіт әБДезҰлы, 
әл­Фараби атындағы ҚазҰУ­дың профессоры
филология ғылымдарының докторы
Қазақтың қабырғалы қаламгері шерхан Мұртаза 
әдебиет сыншысы Сайлаубек Жұмабек інісіне арнаған 
сөзіне осылай деп тақырып қойыпты. Ары қарай сөз­
дің құнарын түйіп сөйлейтін жазушы сыншы еңбе­
гін бір ауыз сөзбен былайша қорытады: «Сайлаубек 
шығарманы, жалпы әдебиетті өзге сыншылардан гөрі 
жете таниды. Сол танығанын бүкпесіз, риясыз, тек 
өзіне тән турашылдықпен айта біледі. Бірақ «турасын 
айтсаң – туғаныңа жақпайсың» деген де бар. шын 
сыншының тағдырын Құдай солай жаратқан. Бірақ 
үйтіп үркектеп қалған Сайлаубек жоқ, қарағай тектес. 
Сынса да шарт сынады. әсте иілмейді». шер 
ағаң 
сыншы болмысын айна­қатесіз дәл жеткізіпті. Сын шы 
Сайлаубек Жұмабек шын мәнінде туған әдебие тінің 
болмыс­бітімін, оның көркемдік сапасын терең 
нен 
қозғап, өз шығармаларына арқау ете білді.
Кішкене шегініс жасасақ, қазіргі қазақ әдебиеті 
сынының тарихына, оның жүріп өткен жолы-
на көркемдік сапа деңгейі тұрғысынан қарағанда 
бірнеше айтулы кезеңдерді атап өтуге болар еді. 
ХХ ғасырдың 20–30 жылдарында Алаш арыстары 
негі 
зін қалаған, осылардың арқасында жаңаша, 

266
Сайлаубек Жұмабек
ұлттық танымдық-көркемдік биігіне көтерілген 
әдеби-көркем сынымыз, ең бастысы, осы арқылы сол 
кезеңдегі туған әдебиетіміздің тарихын, теория сын, 
көркемдік ізденістерін бір жүйеге түсіруге деген 
талпыныс, барлығы да зая кеткен жоқ.
Сол жылдардағы А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, 
М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Х. Досмұха-
медов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов,  
Б. Кенжебаев бастаған және осы ізденістер арнасын 
ары қарай сәтті жалғастырып кете алған кейінгі 
толқын әдебиет зерттеушілері мен сыншылары да 
ұлты-мызға теңдессіз мол мұра қалдырды. Қазір 
қолымызда қалған осынау баға жетпес құнды мұра 
бүгінгі әдебиетін іздейтін, әдебиетін сүйетін жас 
ұрпаққа да таптырмас рухани азық екендігін айтып 
жату артық. Демек, қазіргі қазақ көркем сыны та қыр 
жерден басталған жоқ, құнарлы мектептен, теле гей 
теңіз әдебиетіміздің өз қайнарынан қуат алды.
Қазақтың ұлттық әдеби сыны мен әдебиеттану 
ғылымындағы осынау күрделі жылдарда қалып-
тасқан, өркен жайған құнарлы дәстүр 60–90 жыл-
дары, керек болса, бүгінгі тәуелсіз әдебиетіміз бен 
өнеріміз үшін де баға жетпес биік тұғыр, эстетикалық 
құндылық болып отыр. Осы жылдар аралығында 
осынау құнарға табан тіреген, содан нәр алған 
бірнеше буын қазақ сыншылары да өсіп-жетілді, 
әдебиет айдынына шықты. 
Жетпісінші жылдардың ішінде жазған дүние-
лерімен оқырманын елең еткізіп, осынау құнарлы 
көшке келіп қосылған З. Серікқалиев, Т. Тоқбер генов, 
А. Сүлейменов, С. Әшімбаев Ж. Әбдірәшев, т.б. сын 
еңбектері әдебиетке соны леп алып келді. Осы нау 
талантты, тегеурінді, ең бастысы, әлемдік әдебиет-
тен тоқығаны, түйгені мол білімді, білікті әдебиет 

267
сыншылары буынының бел ортасында көрнекті 
қаламгер, кәсіби сынның ауыр жүгін ауырсынбай 
арқалап, осы әдебиет сынын ондаған жылдар 
бойында өз тағдырына балап, әдебиеттің барлық 
жанрларын бірдей қамтып, өндіре жазып, жемісті 
еңбек еткен Сайлаубек Естайұлы Жұмабекті бүгін гі 
күні еске алсақ артық емес. 
Әдебиет пен сынның биік белесіне сирек дарын, 
тума талантымен, ешкімді қайталамайтын өзіндік 
стилімен, жазу мәнерімен, ең бастысы, осынау ұзақ 
жылдардың өн бойында тынымсыз ізденіс пен таза 
еңбекке ғана арқа сүйеген Сайлаубек Жұмабек-
тің қазақ оқырманына ұсынған сын жинақтары аз 
емес. Мезгілсіз дүниеден өткен қарымды қалам гер-
дің қаламынан қалған, қағазға түсіріп, жоспар  лап 
қойған, туған әдебиетіміздің туын ұстаған бірне-
ше іргелі тұлғалардың шығармашылығын әр қыры-
нан талдап-таразылайтын еңбектері, өкінішке орай, 
көзі тірісінде жарыққа шығып үлгермеді. Өзі бақи-
лық болғаннан кейін іле-шала қазақтың қабырғалы 
қаламгері Қалтай Мұхамеджанов туралы кітабы 
ғана оқырман қолына тиді. Бұрынғы жарық көргені, 
кейінгі жылдары жарық көргені бар, сыншы 
ның 
қазір қолымызда қалған дүниелерінің өзі бай мұра.
Бүкіл ғұмырын әдебиетке арнап, қазақтың 
қабырғалы қаламгерлері туралы қадау-қадау еңбек-
тер жазып кеткен көрнекті сыншымыз Сайлау бек 
Жұмабектің «Сын пернесі» («Жазушы»), «Ғ. Мүсі-
репов» («Рауан»), «Сын әуені» («Елорда»), «Шер-
хан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер» (екін-
ші басылымы) («Өлке»), «Тахауи Ахтанов. Талант 
тектоникасы. (Ахтанов – Ахтановтың көзімен)» 
(«Күлтегін») атты қадау-қадау еңбектері, дүниеден 
өтіп кеткен, қазақ руханиятына қайталан 
бас 

268
Сайлаубек Жұмабек
көркем мұра сыйлаған Ғ. Мүсірепов, Т. Әлімқұлов,  
Ә. Әлімжанов, Ә. Тәжібаев, М. Мақатаев, Қ. Мұхамед-
жанов, М. Қаратаев, Ж. Нәжімеденов, Б. Соқпақбаев, 
О. Әубәкіров, Қ. Тұрсынқұлов, А. Сүлейменов, 
З. Серікқалиев, Қ. Мырзалиев, қазір де қолынан 
қаламы түспеген Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, 
 
Ш. Мұр 
таза, Ф.Оңғарсынова, Т. Молдағалиев, 
 
Ә. Тара зи, Т. Медетбек, К. Ахметова, Н. Оразалин 
сын ды шынайы суреткерлер жайындағы толымды, 
тағы  лы мы биік әдеби-эстетикалық эсселер мен әдеби 
тал 
дау мақалалар шоғыры, осының барлығы әде-
биет сыншы сының кейінгі он, он бес жыл көле мінде 
тыным 
сыз ізденіс үстінде толғана жүріп, өндіре 
жазған, бүгінгі әдеби үдерісті кең қамтып қорытқан 
туынды лары десек қателеспейміз. 
Сыншының осынау жемісті еңбегінің бір көрі-
нісі ретінде жоғарыдағы санымен емес, көркемдік 
сапасымен оқырман назарын өзіне аударған 
еңбектерінің қатарына жекелеген әдеби зерттеулері 
мен газет-журналдарда әр жылдары жарық көрген 
әдеби-сын мақалаларын да қоссақ артық бол май ды. 
Әрқайсысы қазақ әдебиетінің бір-бір шоқты 
ғына 
айналған жоғарыда аты аталған қаламгерлердің 
шығармашылық зертханасының, олардың көркемдік 
әлемінің сыншы кітаптарында қазіргі әдебиет тану, 
бүгінгі сыни-эстетикалық дүниетанымымыз 
дың 
биігінен талдау арнасында қарастырылуы басты 
рухани олжамыз дер едік.
Осынау пікір-байламдардың орнықтылығына 
оның 1990 жылдардың басында «Жазушы» 
баспасынан жарық көрген тұңғыш сын жинағы 
«Сын пернесі» атты кітабын қолға алғанда бірден 
көз жеткіземіз. Автордың алғашқы кітабының өзі 
әдебиетке не қосып, не алды, несімен қымбат, қалың 

269
оқырманына қандай ой-пікірлер айта алды деген 
сұрақтарға бір оралып көрсек. Бұл арада, ең алдымен, 
кітапқа сыншының әр кезде жарық көрген немесе 
жаңадан жазылған ең таңдаулы, соқталы деген 
сын еңбектерінің (мақала, сұхбат, эссе) іріктеліп, 
топтастырылғандығын айтар едік.
Бұл, ең алдымен, кітаптың мазмұнын, мән-мағы-
насын, сапалық деңгейін көтерген. Себебі, кітапқа 
енген мақала, сұхбат, эсселердің қай-қайсысы 
болсын мәнді мәселені көтереді, яғни олардың тақы-
рыптық арқауына қазіргі әдеби процестің арна лы, 
кіндік «мәселелері» өзек болған. Айталық, «Ұнам-
ды қаһарман» атты беташар мақалада шынайы 
реализм әдебиеті мен өнеріндегі кіндік мәселелердің 
бірінен саналатын көркемдік жинақтау, кейіпкер 
проблемасын, оның арғы-бергі тарихын, болмыс-
бітімін бірегей, біртұтас көркемдік құбылыс ретінде 
саралай келіп, оны қазіргі әлемдік әдеби үдеріспен 
сабақтастыра сөз етеді. 
Аталған проблеманы шешудегі басқа да ұлттар 
әдебиетінің әр кезеңде қол жеткізген табыстарын 
саралай келіп, сыншы негізгі әңгіменің арқауын 
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет», Ю.Бондарев-
тің «Таңдау», Ә.Нұрпейісовтің «Сең» романдарын 
талдауға құрады. Әсіресе, осынау шоқтығы биік 
шығар-малардағы қаламгерлер сәтімен тауып, 
суреткерлік деңгейде бейнелей алған Едігенің, 
Владимир Васильевтің, Жәдігердің әдеби кейіп-
керлер ретіндегі қайталанбас характерлері, мейлін-
ше дараланған мінез-мүсіні, олар көтеретін әлеумет-
тік-көркемдік жүк іргелі әңгімеге өзек болып, жинақ-
тау мен саралаудың арнасында ашылады. Мысалы: 
«Осы романдағы характерлер қақтығысы, сюжеттік 
желі тікелей іс-әрекет динамикасынан гөрі, ой-сана 

270
Сайлаубек Жұмабек
мен психологиялық шарпысулардан тұратын иірім-
дерге негізделген», – деп түйінделетін ой-пікіріне 
ден қоймасқа болмайды.
Сонымен, жоғарыда сыншының кітабында, 
негізінен қазіргі қазақ әдебиетінің қабырғалы 
қаламгерлерінің, айтулы ақын-жазушылардың 
творче 
ствосын тілге тиек ететіндігін астын сыза 
айттық. Және бірнеше мақалалар қазақ прозасы на 
олжа салған қаламгерлеріміз Е. Домбаев, С. Берді-
құлов, Б. Нұржекеев, О. Бөкеев, К. Ахметбеков, 
 
М. Бай ғұт, Қ. Қараманұлы, М. Мәжит шығармаларын 
тал дауға  арналыпты.
Нақтырақ айтсақ, «Роман және әлеуметті талдау» 
деп аталатын көлемді мақаладағы сөз болатын 
Е.Домбаевтың «Жаман Жәутік», О.Бөкеевтің «Өз 
отыңды өшірме», Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір 
үміт» романдарындағы қол жеткен көркемдік та  быс-
тар мен орын алған кемшіліктер нақты бір пробл е ма 
төңірегіндегі, яғни осы шығармалардағы әлеу 
мет-
тік талдау деңгейінің ара-салмағымен өлшенуі көп 
сырдың бетін ашқан. Осы орайда көркемдік талдау, 
кейіпкер шынайылығы, жазушының тіл ше берлігі 
сияқты мәнді мәселелер де назардан тыс қал майды.
Бұл ыңғайдағы мақалалардың ішінен, біздің-
ше, халқымыздың арқалы ақындары, қайта ланбас 
дарындар – Ә. Тәжібаев пен М. Мақатаев, Ф. Оңғар-
сынованың  шығармашылығына  арналған  дүние ле р ді 
ерекше бөліп айтуға болар еді.
Ал енді сыншының құлашты кеңге сермеп, 
ағынан жарыла, ақтарыла сөйлейтін тұсы – саң-
лақ суреткерлер Шерхан Мұртазаның «Қызыл 
жебе» романының екі кітабын, Әбіш Кекілбаевтің 
«Үркер» және «Елең-алаң» романдарын талдайтын 
мақалаларында. 

271
Бұл қаламгерлердің көп жылғы шығармашы-
лық ізденістерінің жемісті екендігін, олардың қала-
мынан туған шығармалардың көркемдік әле 
мін, 
танымдық-тағлымдық мән-мағынасын, рухани-
фил о софиялық парасатын, қала берді суреткерлік 
қол 
таңба ерекшеліктерін егжей-тегжейлі иін қан-
дыра әңгімелейді. Мысалы, «жазушы әке мен бала 
қарым-қатынасын педагогикалық, эстетикалық, 
философиялық өрімде өзгеше біртұтастық сақ-
тап, екі кітаптың өн бойында осы өрімді ылғи ірі 
планда көрсетіп отырады», – дей келіп, сыншы 
«Қызыл жебе» романындағы орталық кейіпкер-
лер Рысқұл мен Тұрар тұлғаларын даралаудағы, 
оларды типтік образ биігіне көтеру мақсатын дағы 
жазушы ізденістеріне, романның реалистік қуа-
тына, романтикалық тынысына ерекше әсер еткен 
көркемдік факторларды кеңінен сөз етеді. 
Ал, әдебиет классиктері Ғ.Мүсірепов және 
М.Қаратаевпен арадағы сұхбат-диалогтарда, алды-
мен туған әдебиетіміздің кешегісі мен бүгінгісі, 
әлі де қолымыз жетпей жатқан асуларымыз бен 
көркем 
дік мақсат-мұраттар сөз болады. Бүгіндері 
ара мызда жоқ, айтулы сөз зергері, үлкен суреткер 
Ғабит Мүсіреповтің қаламдас інісіне ағынан жары-
лып, аманат еткендей, абыз ойларын бүкпесіз ортаға 
салуы, оны қолға ұстатқандай жіліктеп жеткізуі – 
оқырман үшін ерекше қымбат, қастерлі болуға керек.
Тағы да бір мақаланы жеке-дара, бөліп алып 
әңгімелеуге толық негіз бар. Ол, әйгілі жазушы 
Шыңғыс Айтматовтың айтулы туындысы «Жан 
пида» атты романына арналған «Әлеуметтік әділет 
тартысы» атты көлемді мақаласы. Кезінде роман-
ның ізін суытпай, іле-шала «Қазақ әдебиеті» газе-
тінде жарық көрген бұл мақаланың басты құнды-

272
Сайлаубек Жұмабек
лығы, оның сол кезеңдегі одақтық пікірге дер 
кезінде үн қосып, алғашқы пікір – байламның бірі 
болғандығында ғана емес, сонымен бірге, автор-
дың терең таным-талғамын, биік парасат-пайымын 
байқатқандығында. 
Жалпы, кітапты оқып шыққаннан кейін, біздің 
ойымызша, сыншы қаламына тән басты ерекше-
лікті ажыратып айту ләзiм. Ең алдымен, оның сөз 
етіп отырған тақырыбына байланысты қай мәселені 
көтермесін, соны немқұрайды сөз етпей, терең-
нен толғап, сезіммен шалқуы, нені айтса да жүрек 
түбінен тебіреніп айтуы.
Ал, енді кітапқа енген басқа да шолу, талдау 
мақалалардың арқауында жатқан кіндік мәсе лелер, 
негізінен 60–80 жылдар прозасының, поэзия сы ның 
тақырыптық, жанрлық, стильдік ізденістерін қам-
тып айтуға арналады. Осы арнада енді таныла бас-
таған, алғашқы тырнақалды шығармаларымен оқыр-
манға жол тартқан жаңа толқын қаламгерлердің 
аяқ алысы туралы да сыншының ой-толғамдары, пі-
кір-байламдары орынды, орнықты көрінеді. Сын шы 
әдебиетіміздің ертеңгі күнінен де суыртпақтап сыр 
тартады. 
Жалпы алғанда, Сайлаубек Жұмабектің сын-
шылдық қолтаңбасын барлық кітаптарында бірден 
ажыратамыз. Әсіресе, ой-пікірді поэтикалық аяда 
айшықтап жеткізу, стильдік тұрғыдан шегелей, 
ширықтыра қайыру мақсатында әдеби-теориялық 
терминдерді, халықаралық лексикадағы таным дық 
аясы кең, өткір, танымал сөздерді сыншы өте ұтым-
ды ұстайды. Ұстайды да оларды контекст тініне ойна-
қы, тігісін жатқыза кіргізіп, киік сақасына қор ғасын 
құйғандай, сөзіне салмақ үйіреді. Бұл – сыншы-
ның ұтатын тұстары. Мысалы, көркемдік эволю-

273
ция, сүреңсіздіктің барометрі, қайсар иммунитет ті, 
барша парадокс, тағы басқа сол сияқты жеке сөздер, 
бірқатар сөз тіркестері бұған дәлел. Сыншы 
ның: 
«Жазушы Әбілқайыр, Тевкелев, Бөгенбай, Есет, 
Мәті, Тайлан образдарына ретушь жасамаған дық-
тан, қайта тарих пен тарихи тұлғаның қоғамдық тұтас 
бірлігін құрайтын әлеуметтік шифрды, суреткерлік 
кодты, шығарманың саяси-философиялық тонусын 
дәл тапқандықтан бұл образдар өзінің биік көр-
кем 
дік дәрежесіне көтерілген», – деген ой-толға-
мында шығарманың әлеуметтік салмағын, көркем дік 
сапасын дөп басып аңғаруын көреміз («Тарих және 
көркемдік шешім парасаты», 195-бет). Осындағы 
ретушь, шифр, код, тонус сөздері сыншының ой-
арнасында жарасым тауып, көздеген нысанасын 
дәл көрсетіп, дөп басуға, пікір байламын түйіндеп 
ұсынуға жол ашады.
Ал енді сыншының көзі тірісінде жарық көрген, 
Т. Ахтановқа арналған әдеби-танымдық еңбегі 
әде 
биет сынындағы, жалпы, соңғы жылдар беле-
сінде оқырман қолына тиген әдеби-талдау, әдеби-
сын еңбектердің ішіндегі жаңа белес десек, артық 
айтпаймыз. Тахауи Ахтановтай қазақ әдебиетін дегі 
орны бөлек, қайталанбас қаламгердің сан қырлы 
шығармашылығының тереңіне бойлайтын бұл 
кітаптың басты құндылығы – жазушы портретінің 
бүгінгі тәуелсіз санамыздың, тәуелсіз танымның 
биігінен сомдалғандығы.
Сыншының бұл жолы да қаламгер туралы өзіне 
дейінгі жазылған дүниелерді қайталамай, Т.Ахта-
нов қаламынан шыққан: «Қаһарлы күндер», «Маха-
б бат мұңы», «Дала сыры», «Боран», «Ант», «Шыра-
ғың сөнбесін», «Күй аңызы», «Жоғалған дос» сияқты 
көркемдік жаратылысы бөлек шығармалардың 

274
Сайлаубек Жұмабек
суреткерлік болмыс-бітімін, ең бастысы, осынау 
туындылардың қазақ руханияты мен ұлттық мүдде 
тұрғысынан қандай олжа салғандығын терең 
нен 
тартып сөз ететіндігі айырықша көзге түседі. 
Бір ерекшелігі, сыншының әдеби-эстетика 
лық 
талдаудың тосын, әрі қызықты, әрі өнімді көрінетін 
әдісі – Тахауи Ахтановты Ахтановтың өз көзімен 
ашуға ұмтылуы әсерлі шыққан. Суреткер қаламгердің 
эстетикалық көзқарастарын туындыларымен және 
әр алуан тақырыптағы әдеби-талдау мақала ла ры мен 
жарыстыра отырып, яғни сол кездегі әдеби үдеріс-
тегі қалам қайраткерлерінің көркемдік жүйесі мен 
жаңашыл ізденістерін қатар қарастырады. Сол тұста 
әдеби ағымдағы көзге түскен көркемдік ізденіс тер-
дің барлығын жарыстыра, салыстыра қарас ты рып, 
соның егіз өрім, бір өзек табиғатын, яғни та 
лант 
тектоникасындағы ішкі, әрі сәулелі қасиет 
терін 
аршып көрсетеді. Осының барлығы өз кезе 
гінде 
сыншы үшін қаламгер пор-третін іштен ашуға, іштен 
танытуға таптырмас кілт болған.
Сыншының Тахауи Ахтановтай суреткер қа-
лам гердің шығармашылығына арналған осы еңбе-
гін ҚР Ақпарат министрлігінің арнайы бағ 
дар-
ламамен мемлекеттік тапсырыс арқылы «Күл-
тегін» баспасынан жарыққа шығарғандығын 
үлкен игілік дейміз. Осы дәстүр жалғасып, мемле-
кеттік бағдарламамен қазақтың қайталанбас 
қаламгерлерінің: Тәкен Әлімқұлов, Бердібек Соқ-
пақбаев, Жұбан Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев 
шығармашылығына арналған жеке-жеке сын 
кітаптары жарыққа шықса, қанеки. Осынау қалам-
герлерге арналған әдеби-сын еңбектер, зерт 
теу-
лер қолжазбасының дайын мәтіні жекелеген зерт-
теушілер, әдебиетші-ғалымдар қоржынында бүгінгі 

275
күні дайын. Осы тұста сыншы С.Жұмабектің атал-
ған еңбегі кейінгі жарық көретін жинақтарға жақсы 
жолашар, тағылымды өнеге болды.
Сыншының осыдан біраз жылдар бұрын 
қазақтың тағы да бір еңбекқор, қабырғалы қаламгері 
Қалаубек Тұрсынқұлов шығармашылығын арқау 
еткен «Қазығұрттың перзенті» атты сын жи 
нағы 
әдебиетіміздің ең бір беделді, айбынды сыйлығы – 
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды. 
Тәкен Әлімқұлов, Асқар Сүлейменов, Зейнолла 
Серікқалиев, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекіл 
баев, 
Қадыр Мырзалиев, Қалаубек Тұрсынқұлов, Нұр-
лан Оразалин, т.б. шығармашылығына сыншының 
әр жылдары қайта-қайта айналып соғып, олардың 
туындыларындағы көбіміз аңғармай, айта алмай 
жүрген көркемдік құндылықтарды тереңнен 
тартып, талдау арқылы жіліктеп, арналатып жа-
зып жүргендігін айтқанымыз абзал. Сыншы 
ның 
шынайы әдебиет жанашыры ретінде осынау сирек 
таланттарға құрметпен қарап, ал дүниеден ерте 
өтіп кеткен дарындардың қаламынан қалған көр-
кем дүниелерге бір-бір кітап арнап немесе олар-
дың таңдамалы жинақтарына алғысөз жазып, тал-
дау мақалаларының арқауына негіз етуі таным-
дық астарын былай қойғанда, өнегелік, кісілік, 
тағылымдық мәні зор қадам. 
Сайлаубек Жұмабектің айта қаларлықтай 
құнды еңбегі – сөз зергері Тәкен Әлімқұловтың 
шығармаларына байланысты ой-пікірлері. Тәкен 
шығармаларын көзінің қарашығындай қадірле-
уші еді. Тәкен тақырыбына байланысты сөз бола 
қалса жанымен тербеліп, жүрек түкпіріндегі 
қымбатын қайта тапқандай, қайта қауышқан 
дай 
төгіле сөйлейтін, төгілте пікір айтатын, бірнеше 

276
Сайлаубек Жұмабек
кітаптарына Тәкен туралы жазған көлемді талдау 
мақалаларын кіргізді.
Тәкен Әлімқұловтың 2003-ші жылы «Раритет» 
баспасынан жарық көрген «Телқоңыр» атты 
таңдамалы әңгімелер жинағына «Тұңғиық тағдыр 
– тылсым тамырлы сөз» атты терең талдау құрыл-
ған, тағылымдық-танымдық маңызы өте биік соңғы 
сөз жазды. Мақаласының соңын: «Тәкен Әлімқұлов, 
сөз жоқ, өзінің ең таңдаулы туындыларында әрқа-
шан «өмірдің ащы-тұщысын көп татқан, ойланған, 
толғанған кішіпейіл санаткер» ретінде, «өткен дәуір 
мен осы мезгілдің ішкі байланысын көзге ілін бес 
нәзік нәрселерден ұғуға тырысқан» ұлы сурет кер 
ретінде көркемдік шырқау биікке көтерілген.
Біз де, бәлкім, осы Болмыспен – ұлы суреткер Тәкен 
Әлімқұловпен ұзақ сырласамыз. Келер ұрпақтар да өз 
Тәкен Әлімқұловымен ұзақ сырласа беретіні мен үшін 
кәміл. Өйткені, ана тілінің сөздік қорын сүлгетай лық 
феноменмен, созақтық феноменмен өзінше ға жайып 
байытқан менің Тәкен Әлімқұловым, сөз жоқ, ұлы 
суреткер!», – деп аяқтапты. Шын мәнінде, Тәкен дей 
сөз зергерімен Сайлаубек Жұмабек жазғандай қазақ 
оқырманының ұзақ сырласа беретініне ешқашан 
күмән тумаса керек.
Сайлаубек Жұмабектің 2005-ші жылы «Алатау» 
баспасынан жарық көрген таңдамалы бір том дығы 
«Сын симфониясы» атты еңбегін жеке-дара атап 
өткен орынды. Әдебиетіміздің үш ғасырлық тари-
хын қамтитын, сонау ХVIII ғасырдағы жырау 
лық 
поэзиямыздан бастап, XIX ғасырдағы демократ-
тық-ағартушылық классикалық әдебиетіміз, ХХ 
ғасыр басы – Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш 
арыстары шығармашылығы, кеше ғана өзіміз тағдыр 
кешкен ХХ ғасыр әдебиеті, барлығы тарау-тарау 

277
болып, ой елегінен өтеді. Осынау ғасырлар көшіндегі 
әдебиетіміздің жүріп өткен жолы, алған белестері 
нақты тарихи тұлғаларымыз арқылы баяндалады. 
Бұл кітабында Ахмет Байтұрсынов сынды әдебиет 
алыбына бөлек тарау арналған. Әдебиетіміздің көш 
бастаушысы, тұңғыш теоретигі, ұлы ойшыл, ғұлама 
ғалым Ахаң шығармашылығы бүгінгі жаңаша, 
жаңғырған көзқарас, яғни жаңа ұлттық дүни е таным 
тұрғысынан таразы басына түсуі, әрі тосын, әрі 
тағылымды. Бұл іргелі мақаланың танымдық тереңдігі 
де оқырманды баурайды. С. Жұмабек әдебиетіміздің 
осынау Алтын ғасырының көшбасында тұрған, 
соның іргетасын қалаған тұл-ғаның туынды ларын 
кең қамтып, терең талдап көрсете алғандығы бірден 
көзге түседі. Сыншылық сергектік, ой қорыту, пікір 
түйіндеу тұрғысындағы жаңалықтар, яғни жаңашыл 
ой-толғамдар мақаладан тайға таңба басқандай 
аңғарылады.
Ал енді осынау кітаптағы Әбіш Кекілбаев-
тың барлық жанрдағы туындыларын түгелдей 
қарастыратын «Ой Олимпіндегі Ойшыл Суреткер» 
атты көлемді мақаланың орны бөлек. Сайлау-
бек сыншы бұл туындысында ой ауқымын 
кеңге салған, қаламына қанат біткендей, екін-
ші тынысы ашылғандай, қапысыз қалам тер-
бейді. Ә. Кекілбаевтың бірде-бір туындысы назар-
дан тыс қалмайды. Барлығын бір тақырып 
тық 
ар 
нада, бір-бірімен сабақтастыра отырып, ой 
толға 
ғанда сыншының зерт-теушілік қарымы, өз 
объектісін терең білетіндігі тәнті етеді. Ең бас-
тысы, Ә.Кекілбаевтай ғұлама, суреткер қаламгердің 
шығармагерлік ерекшелігі, қаламгерлік қолтаң-
басын оның нақты туындыларына табан тірей оты-
рып, пікір түйетіні сәтті шыққан. 

278
Сайлаубек Жұмабек
Әсіресе, жазушының «Абылай хан» атты тарихи 
дастандық драмасына байланысты ой-толғам 
дары 
бүгінгі тәуелсіздік идеяларымен іштей тамырласып 
жатады. Сыншының: «Тарих та, бүгінгі күн де – 
тіршіліктің тартыс майданы. Мұның өзі – суреткер 
туындылары арқылы көрініс табатын адамдар 
тағ-дырлары үшін тиек болған көркемдік сахна 
ғана болып табылады. Ал, Әбіш шығармаларының 
басты өзегі – тарих пен тағдырлар философиясы. 
Ол осы көркемдік призма арқылы – тарихи-әлеу-
меттік ұстаным арқылы тағдырлар философиясын 
алуан-алуан тұрғыдан мейлінше саралап, мейлінше 
даралап көрсетеді. Мұның бір шырқау көрініс теріне 
– «Үркер» мен «Елең-алаң» роман-дило 
гиясын, 
«Абылай хан» халықтың қаһармандық дра 
малық 
дастанын, ұлы ақын Махамбет туралы «Шандоз» 
тарихи баянын жатқызар едік», – деп ой қорытуы 
өте орынды. 
Осы тұрғыдан, яғни тарихи-салыстырмалы 
тұрғыдан ой қорыту, жан-жақты қамтып айту, 
әдебиет тарихындағы айырықша орны болған туын-
ды 
ларды бір-бірімен сабақтастыра сөз ету мыса 
л-
дарын осынау кітаптағы Мұхтар Әуезов («Хан Кене» 
тарихи драмасы туралы), Әбділда Тәжібаев, Тәкен 
Әлімқұлов, Бердібек Соқпақбай, Қалтай Мұха-
меджан, Мұқағали Мақатаев, Зейнолла Серікқалиев, 
Жұмекен Нәжімеденов, Асқар Сүлейменов, 
Оспанхан Әубәкіров, Сейдахмет Бердіқұлов, Әкім 
Тарази, Қадыр Мырза-Әли және т.б. қаламгерлер 
туралы жазылған сүбелі мақалалардан молынан 
кездестіреміз. Жалпы, ХХ ғасыр әдебиетінің негізін 
қалаған классиктерден бастап, кейінгі шаңыра ғын 
көтеріскен қабырғалы қаламгерлеріміздің бір де 
біреуінің шығармашылығы сыншы назарынан тыс 
қалмапты. 
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет