Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



жүктеу 8.91 Kb.

бет19/21
Дата09.01.2017
өлшемі8.91 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

251
да, шыжығын да азды-көптi көрiп үлгердiк қой. Ал 
Сәнжарбекжанның он екiде бiр гүлi ашылмаған едi 
ғой. Көктей солды ғой жас түлек!
Қайтесiң, осындай ауыр қаза үстiнде де Алла 
Тағала пендесiнiң шүкiршiлiк етуiн қалайды. Олай 
болса, шүкiр, ғұмыр бойы сенiң қасың мен қабағыңа 
қарап, айтқан сөздерiңнiң бәрiн бұйрық пен 
жарлықтай қабылдап, бұлжытпай орындаған адал 
да, асыл жарың Зибагүл, алтын асықтай ұлда рың 
Барлас, Жалғас, Қайрат пен немерелерiң бiрге ту-
маса да, саған туған ағаңдай қамқор болған Төлеген 
ағаң бастаған аға, iнi, қарындастарың қалды. Шүкiр!
Әдебиеттен ойып тұрып алған ерек орның қалды. 
Шүкiр!
Жабыққанда жан-жүрегiнiң лебiмен дем берген 
достарың қалды. Шүкiр!
Басқа не айтамыз.
Бақұл болыңдар, асыл дос Сайлаубек, қимас 
перзент Сәнжарбек!»
Қаралы жиында менен басқа да Сайлаубектiң 
ұстаздары, үзеңгiлес достары, жүректерi күйреп-
күйзелгендей боп, егiлiп тұрып сөз сөйледi.
Сонан кейiн мәңгiлiк мекен Кеңсайға апарып, 
екеуiн Жер-ананың құшағына бердiк. «Жатқан 
жерлерiң жәннатта болсын» деп топырақ салдық. 
Әруақтарыңа бағыштап аят оқылды. Егiлiп, езiлiп 
тұрып, қош айтыстық. 
Бiрақ сол кезде бiз әлi ол аварияның қалай бол-
ғанын бiлмейтiн едiк. Әркiм әртүрлi айтады, әртүр-
лi қисын келтiредi. Тiптi, мен өзiм алғаш 
қыда 
Сайлаубектiң аяқ астынан Астанаға жол тарт қа нын 
түсiнбей, дал болдым. Өйткенi, бiз бiр күн ғана бұ-
рын жұмыста бiрге болдық. Әншейiнде бiрер сағат қа 
сұранып немесе айтып кететiн ол Астана жайын да 
бiр ауыз сөз қозғамаған.

252
Сайлаубек Жұмабек
Сөйтсем, Зибагүлдiң айтуынша, жолға шығу 
мәселесi шұғыл түрде шешiлiптi. Осында, Алма-
тыда iссапармен жүрген Сәнжарбек қайтар кезi 
жақындағанда, машина сатып алады. Ал, Сайлаубек 
баласын ұзақ жолға жалғыз жiбергiсi келмей, оны-
мен бiрге Астанаға дейiн барып, келесi күнi керi 
қайтпақ болады. Әйтеуiр, не керек, ертеңiне ертелеп 
жолға шығады.
Сонымен... Алматы-Астана трассасының 270-шi 
шақырымында машина апатқа ұшырайды. Апат 
қалай болды? Неден болды? Мiне, осы сұрақтарға 
әлi күнге жауап жоқ. Тағы да машина өзi жүрiп келе 
жатқан жағына емес, трассаның қарсы бет жағына 
аударылған. Оған не себеп?
Екеуi де аударылған жерде ұзақ уақыт бойы 
жатып қалған. Құдай-ау, трасса үстi ағылып жатқан 
машина ғой. Ол машиналардағы адамдардың бәрi 
де жол жиегiнде жайрап жатқан жандарды, қирап 
жатқан машинаны сөз жоқ көрдi ғой. Солардың қай-
қайсысы да тиiстi орындарға дер кезiнде хабар бе-
руге болады ғой. Әлде, хабар берiлсе де, тиiстi орын-
дар не шабандық, не салғырттық танытты ма? Әлде... 
Әлде... Әйтеуiр, ойлансаң-ақ самсап шыға келетiн сан 
сұрақтың түбiне жете алмайсың. 
Ең сұмдығы, Сәнжарбектiң қалтасындағы ұялы 
телефоны мен сексен мыңдай теңгесiн әлдекiм-
дер алып кетiптi. Кiмнiң алғаны белгiсiз. Анық 
бiлмегеннен кейiн, мынау шығар деп болжам айту дың 
өзi де күнә. Өлiп жатқан адамды да тонайтын қан дай 
зұлым, қандай қаскөй, қандай қатыгез заманда өмiр 
сүрiп жатырмыз, Құдай-ау! Осындай сұмдық тарды 
көре-көре немесе ести-ести кейде мына өмiр 
ден 
мүлде шығынып, қос қолыңды төбеңе қойып, безiп 
кеткiң келедi... 

253
II
Сайлаубек пен менi, әлгiнде айтып өткенiмдей, 
сарыала күздiң тамылжып тұрған бiр күнiнде, маған 
әрi ағайын, әрi ауылдас болып келетiн Балтакестi 
Өтебеков деген жiгiт таныстырып едi. Мен ол 
кезде республикадағы жоғары оқу орындарының 
қара шаңырағы болып саналатын Абай атын дағы 
педагогикалық институттың екiншi курсында оқып 
жүргем. Ал, Сайлаубектердiң ҚазМУ-дың бiрiн 
шi 
курсына ендi түскен беттерi. Ол кезде бәрiмiздiң де 
сымға тартқандай талдырмаш, тарамыс кезiмiз.
Сайлаубек екеумiз танысқан бойда табысып 
кеттiк деуге болады. Бiрден-ақ ежелгi сыралғы 
достай емен-жарқын әңгiме-дүкен құрып, өзiмiз де, 
сөзiмiз де жарасқандай боп, ешқандай тосырқамай 
да, бiр-бiрiмiзге тосын мiнез көрсетпей де, тiзе қосып, 
қатар жүрiп кеттiк. Ә, дегеннен бiр-бiрiмiздi жа қын 
тартып, бiр-бiрiмiзге құлай жығылғанымыз сонша, 
ендi ол маған жерлес десе жерлес, ағайын десе 
ағайын, Балтакестiден де жиi келетiн болды. Мен де 
жиi-жиi iздеп барамын. 
Сол кездесулерде әңгiмемiз махаббат, қыз-
қырқыннан гөрi, әдебиетке көбiрек ойысып кете 
беретiн. О бастан-ақ қазақ әдебиетiн жақсы оқып-
бiлiп келген ол, көп ұзамай, орыс, шетел әде-
биетi туралы да жиi-жиi айтатын болды. Әсiресе, 
оған бұл тұста жақын нағашы боп келетiн Асқар 
Сүлейменовтiң әсер-ықпалы көп тидi деуге болады. 
Ол кезде Асқар Сүлейменовтiң есiмi зиялы қауым 
арасында, әсiресе, жастар арасында үлкен құрмет пен 
аталатын. Оның бiлiмпаздығы, шешендiгi, қайтпас 
қайсарлығы ауыздан ауызға аңыз болып тарайтын.
Әлi есiмде, Сайлаубек екеуiмiз 1966 жылы 
Қазақстан жазушыларының кезектi құрылтайы-

254
Сайлаубек Жұмабек
на қатыстық. Әрине, оған бiз сияқтыларды кiргiзе 
салмайды. Өйткенi, Жазушылар одағының мүшесi 
емеспiз. Мен Жұмекен ағадан, ал, ол Асқар ағасы нан 
бiр-бiр шақыру қағазын қолға түсiргенбiз. Соны мен 
кiрдiк. 
Құрылтай жүрiп жатыр. Төрде Мәскеуден, Одақ-
тас республикалардан келген атақтары жер жара-
тын небiр жақсылар мен жайсаңдар отыр. Жазушы-
лардың бiрiнен соң бiрi шығып сөйлеуде. Байқаймыз, 
көбiсi бiрiн бiрi қайталайды. Алдымен, коммунис-
тiк партияның көрегендiгi мен кемеңгерлiгiн мақ-
тайды. Социалистiк реализмдi әспеттейдi. Буржу-
азиялық қоғамды түкке алғысыз етiп, буржу а зия  лық 
реализмнiң итсiлiкпесiн шығарады. Социализм-
нiң мәртебесi мен мерейiн асыратын жар 
қын 
шығармалар беру керектiгiн айтады. Жат 
танды. 
Әуелде желпiнiп кiрген Сайлаубек екеуiмiз әрi-
берiден кейiн жалыға бастадық. Бiр кезде сөз Асқар 
Сүлейменовке берiлдi. Мен Асқар ағамыздың терең 
бiлiмдi, аузымен құс тiстеген жүйрiк шешен еке-
нiн сонда көрдiм. Ол ондаған жылдар бойы сананы 
сартап, талғамды таптаурын етiп келген, қатып-семiп 
қалған сiрескен схемалар мен қасаң стандарттар дың 
быт-шытын шығарып сөйледi. Ол мiнбеден түскен-
нен кейiн, жиналысты жүргiзiп отырған төраға оған 
қатқыл дауыспен зекiгендей болып, ескерту жа сады. 
Асекеңнiң таймас қайсар мiнездi адам екенiн сонда 
көрдiк. Жөнсiз жасалынған ескертуге қарсы 
лық 
ретiнде Асекең және Әбiш Кекiлбаев, Алтын 
шаш 
Жағанова үшеуi құрылтайды тастап шығып кеттi. 
Сол күнi Сайлаубектiң нағашысы үшiн мақтан ғанын 
көрсеңiз. Шынында да, ол мақтанса мақтанатын дай-
ақ оқиға едi. 

255
Мiне, сол Асекең Сайлаубектi көп баулыды. Ол 
тәрбиенiң ықпал-әсерi, Сайлаубек арқылы маған да 
тиiп жатты. Асекеңнiң айтуымен ол мынадай-мына-
дай жазушылардың мынадай-мынадай шығарма-
ларын оқып жатырмын дейдi. Жалпы менiң бойымда, 
ол қаншалықты жақсы, қаншалықты жаман, оны 
бiлмеймiн, бiреуден қалмайын деген ұмтылушылық, 
бүгiнгi тiлмен айтқанда, бәсекелестiк қабiлет қатты 
дамыған. Содан ба, мен де Сайлаубектен қалмайын 
деп дәл iргемiздегi Пушкин кiтапханасына жиi-жиi 
барып, кiтап дүкендерiн жиi-жиi аралайтын болдым.
Жалпы мен өз өмiрiмде, бағыма орай, көп оқитын, 
көп iзденетiн адамдарға жақын жүрдiм. Бұл тұр-
ғыда маған Жұмекең, Әбiш ағаларымның, кейiнiрек 
Сайымжан ағамның ықпалдары көп тидi. Олар дың 
қай-қайсысы да бiлiмдерi ауқымды азаматтар болды. 
Бұл қатарға мен Сайлаубектi де қосар едiм.
Сайлаубек, сөз жоқ, Асқар Сүлейменов ағасына 
көп елiктедi, тек елiктеп қана қоймай, одан бойына 
көп қасиеттердi сiңiре де бiлдi. Ең алдымен, оның 
Асекеңнен алғаны, қай нәрсеге де, белгiлi бiр 
шығармаға болсын, айналада болып жатқан құбы-
лыстарға болсын, адамдар арасындағы қарым-қаты-
настарға болсын, жұрттың айтуымен жығыла кет-
пей, өз көзқарасы болу керектiгiн қалыптас тырды 
дер едiм. Алғашқы жылдары, басқаны былай қой-
ғанда, оның күнделiктi өмiр сүру жүйесiнен де, тiптi, 
сөйлеу мәнерiнен де Асқар Сүлейменовтiң әдетi мен 
салты көрiнiп тұрушы едi. Мәселен, ол да күйлер дiң 
пластинкаларын жинап, соларды ұзақ уақыт бойы 
тыңдап отыратын.Шахматты да жақсы меңгерiп 
алды. Небiр күрделi дебюттердi жатқа бiлетiн. Әрине, 
о бастағы бұл балаң елiктеулер, жалаң елiктеу ғана 
болып қалған жоқ. Олардың бәрi Сайлаубек бойына 

256
Сайлаубек Жұмабек
терең тамыр салып, бара-бара оның да әдетi мен 
салтына айналып, оны бұрынғыдан да байыта түстi 
деп ойлаймын. Жанында жүрген адамның жан- 
дүниесiнiң бай болуы, дүние-танымының кең болуы, 
бiле бiлсең, ол да бiр Алла тағаланың басыңа бер ген 
бағы ғой.
Кезiнде мектептi күмiс медальмен үздiк бiтiрген 
Сайлаубек университеттi де жақсы тәмамда 
ды. 
Жақсы тәмамдап қана қоймай, аспирантура 
сына 
түстi. Қорғайтын тақырыбын да бекiтiп алды. Бiрақ 
ол бiр күнi нiлдей бұзылды да, ғылыми жұ 
мыс-
пен айналысқысы келмейтiнiн айтып, аспиранту-
раны тастады да кеттi. Сонан кейiн, ол таза сын-
шылық жолға түстi. Әрине, сыншы болу үшiн 
талант-таралғы, қабiлет-қарыммен бiрге, жан-жақты 
үлкен бiлiм керектiгi бесенеден белгiлi болса керек. 
Ғалым деген, не болғанда да, көбiне-көп белгiлi бiр 
тақырып аясында ғана қалып қояды. Оны бiз бү гiнгi 
таңда да жиi көрiп жүрмiз. Әсiлi, Сайлаубек осы ны 
ерте түсiнген болу керек. Оның бастамай жатып, 
ғылыммен тез қоштасуына осы жағдай себеп болды 
ма деп ойлаймын. 
Оның үстiне, Сайлаубек те, бәрiмiз сияқты тұр мыс 
тапшылығын көрудей-ақ көрдi. Пәтерден соң пәтер 
жалдап, әлдекiмдерге тәуелдi болып, күркешiк терде 
де отырды. Бiрақ, Құдай оңдап, күндердiң күнiнде 
ол қазiргi әкiмдiк тұрған жердiң маңынан туған 
туыстарының көмегiмен, құрқылтайдың ұясын-
дай ғана жер үй сатып алды. Үш-төрт адам зорға 
сиятын тап-тар үй. Бiрақ өз үйi! Дүниеге балалар да 
келе бастады. Ал оларды аспиранттың стипендиясы-
мен асырай алмайсың ғой. Оларды тек қызмет iстеп 
жүрiп қана дұрыс жетiлдiруiң мүмкiн. Мiне, бұл 

257
тұрмыстық фактор да Сайлаубектiң ғылымнан қол 
үзуiне себепкер болса керек.
Сөздiң ретi келiп тұрғанда айта кетейiн, 
Сайлаубек пен Зибагүл екеуi төрт ұл сүйдi. Екеуi де 
бала тәрбиесiне аса мұқият, аса тыңғылықты қара-
ды. Екеуi де оларға талап қойғыш болып шықты. 
Балаларының жүрiп-тұруын, қандай кiтап оқу керек, 
қай уақытта сабақ оқу керек, әйтеуiр, бәрiн-бәрiн 
белгiлеп, солардың орындалуын қатаң қадағалайтын. 
Ал бұлардың бәрi адамнан қаншама күш-қуатты, 
қаншама қайрат-жiгердi қажет ететiнi кiм-кiмге де 
белгiлi болса керек. Сайлаубек пен Зибагүл бойы нан 
сол ерiк-жiгер мен қайрат-қуат табыла бiлдi. Олар 
сол төккен тер мен берген қуаттың жемiсiн де көрдi. 
Барлық баласы мектептi алтын, күмiс медальдар мен 
бiтiрiп, жоғары оқу орындарына еш қиналмас 
тан 
өз күштерiмен түсiп кеттi. Сайлаубек оларды оқуға 
түсiру үшiн адам да iздеген жоқ, ол адамға беретiн 
қаржы да iздеген жоқ. Балалары оқуға түскенде, 
жууға ғана шығынданғаны болмаса, басқаға басын 
ауыртпады, жүгiрiп табанын тоздырмады. Қазiр ол 
балаларының бәрi сан салада қызмет iстеп жүр. 
Сайлаубекке құдай Зибагүлдей асыл жар бердi. 
Зибагүл Сайлаубектiң де қасы мен қабағына қарап, 
келiмдi-кетiмдi қонақтарға да қызметiн көрсетiп, 
төрт баланың да жағдайын жасап, оның үстiне, өзi де 
ғұмыр бойы жұмыс iстеп, бiр тыным таппайтын. Бұл 
үй мен қаншама қарым-қатынаста жүрген бiз Зиба-
гүлдiң бiр рет не ренжiп, не қабақ шытып, тымы-
райып отырғанын көрмеппiз. Ол – Сайлаубектiң 
шын мәнiндегi жан жары, Құдай қосқан қосағы 
болды! 
«Достың достығы басына iс түскенде бiлiнедi» 
деген тап рас. Ол кезде Сайлаубектiң қай жерде 

258
Сайлаубек Жұмабек
жұмыс iстеп жүргенi дәл қазiр есiмде жоқ, әйтеуiр 
мен қазақ телевизиясында жүргем. Бiр күнi әкең 
қатаң жатыр дегеннен кейiн буынып-түйiнiп, әйел 
бала-шағаларыммен ауылға кеттiм. Анам бiр жыл 
бұрын қайтыс болып кеткен. Төсек тартып жатып 
қалған әкеме қарайтын жан жоқ. Содан әкемдi төрт 
ай күтiп, ақтық сапарға шығарып сап, Алматыға 
қайта келсем, менi жұмысқа кешiктi деп қызметiм-
нен босатып жiберiптi. Бұл өмiрдiң әкең өлiп қалса да 
қайырылып қарамайтын қайырымсыз қаталдығын 
сонда алғаш бiлдiм! 
Содан далада қалдым. Вокзалға барып жүк 
түсiрдiм, ет комбинатының тоңазытқыш цехын-
да жүкшi болдым. «Малая станица» деген мекенде 
ақ амур дейтiн балық өсiретiн көлшiктер бар екен, 
сонда жұмысшы болдым. Қолым қалт еткенде, 
редакцияларды аралап, жұмыс iздеймiн. Бәрiн 
дерлiк әлденеше рет адақтап шықтым деуге бола ды. 
Бiрақ бiр де бiреуi табалдырығынан аттатпақ тү гiлi, 
маңынан жүргiзбейдi. 
Мiне, осындай моральдық жағынан күйзелтiп, 
тұрмыстық жағынан жаншып жiберетiн қиын  дық-
та жүрген кезiмде менiмен бiрер адам ғана қа тыс-
ты. Менi бiрер адам ғана iздедi. Соның бiрi, тiптi, 
бiрегейi – Сайлаубек айналайын болды. Қай жерге 
көшiп кетсем де, қай жерде қолымды күс, иығым ды 
жара етiп, қан сорпам шығып, жұмыс iстеп жүр сем 
де, әйтеуiр, ол менi тауып алатын. Әңгiмесiн айта-
тын, қабаржып жүрген көңiлiмдi көтеретiн, әдебиет-
те болып жатқан қылт еткен жаңалықты жеткiзе тiн, 
кейде ол кезде Зибагүлдiң елiнен келiп тұратын майы 
сорғалаған қайаз деген балықты қағазға орап алып 
кеп, сыраханаға алып кететiн. Әйтеуiр, Сайлаубек 

259
сол бiр жаным жүдеу тартып, шаршап жүрген жыл-
дары қасымнан табылды. 
Күндердiң күнiнде бiр де бiр редакция менi 
табалдырығынан аттатпай қойғаннан кейiн, бала-
ша ғамды шұбыртып, Маңғыстау қайдасың деп тар-
тып отырдым. Ол кезде Маңғыстаудың атағы жер 
жарып, дүниенi дүңкiлдетiп тұрған кезi. Тек барсаң 
бол ды, ақшаны күреп тауып, қапшыққа сала беретiн-
дей сөздер айтылады. Жаспын ғой, сол сөздерге 
қатты елiккен болуым керек. Әбден тұрмыс қажы-
тып, дiңкелеп жүрген адам ондай сөздерге елiк пей 
қайтсiн! 
Жиған-терген аз-мұз кiтабымды Сайлаубек пен 
Дүйсенбектiң үйiне теңдей бөлiп, аманат етiп қал-
дыр дым да, жолға шықтым.
Иiнi келiп тұрғанда, айта кетейiн, менi Маңғыс-
тауға ешқандай да романтика емес, тұрмыс айдап 
барды. Сол кеткеннен мен ол жақта 25 жыл жүрдiм...
Бұл жерде де менiң айтайын дегенiм, алыста қиян 
шет, қиыр өлкеде жүрсем де, айналайын Сайлау-
бек тағы да жанымнан табылды. Яғни, үздiксiз 
хабарласып тұрды. Бiр де бiр хабарын үзген жоқ. 
Бiршама уақыттан кейiн, ол «Қазақ әдебиетi» газетiне 
ауысты да, менiмен хабарласуын бұрынғысынан 
да үдетiп жiбердi. Сөйтiп жүргенде, күндердiң бiр 
күнiнде аса бiр құрмет тұтып, сыйлайтын ақын 
ағам менiң шығармашылығым туралы «Қазақ 
әдебиетiнiң» бетiнде қатал мақала жариялады. 
Әрине, ол мақаланың, бiлген адамға, пайдалы, құлақ 
қояр жақтары аз емес. Бiрақ ол мақаладағы құ рыл-
ған жүйе, яғни, менiң кемшiлiгiмдi тым қазба лап, 
жерге тыққандай етiп тұқыртып сөйлегенi жаны ма 
қатты батты. Мен ол мақала шыққанға дейiн көлем-

260
Сайлаубек Жұмабек
дi сын мақала түгiлi, рецензия жазып көрмеген екем. 
Амал жоқ, өз позициямды қорғауым керек болды. 
Сайлаубекке хабарластым. Ол «жазам десең өзiң 
бiл, Шер-ағаңа (Шерхан ағамыз бас редактор) ұсы-
нып көрейiн» дедi. Қарсы мақаламды жаздым да 
жiбердiм. Әдеби сындағы тұңғыш мақалам болса 
да, жаман шықпаған сияқты. Көп ұзамай, ол мақала 
жарқ ете қалсын. 
Сол мақаладан кейiн-ақ өлеңмен бiрге сын 
жанрын да қатар алып жүретiн болдым. Сын мақа-
лалар кiтабым жарық та көрiп үлгердi. Бүгiнде ойлай-
мын, егер, сол тұста Сайлаубек «Қазақ әдебиетiнде» 
жұмыс iстеп жүрмегенде, ол мақала жарық көрер 
ме едi, көрмес пе едi деп. Ал, ол мақала жарық көр-
месе, менiң одан әрi қарай сын жанрына бара қоюым 
екiталай едi. Яғни, менiң сынға баруыма, әдебиет-
тiң қыры мен сырына одан сайын қанығып, оның 
проблемаларын талқылауға қатысуыма Сайлаубек 
бiрден бiр ықпал еттi деп ойлаймын. 
Сайлаубектiң сыншы болып әбден қалыптасқан 
кезi де, жұртқа кеңiнен танылған тұсы да сол «Қазақ 
әдебиетi» газетiнде жұмыс iстеп жүрген жылда ры 
деп бiлемiн. Ол жылдар – «Қазақ әдебиетi» газетi   нiң 
де сын жанрының өркендеуiне айрықша көңiл бөл-
ген жылдар едi. Әрине, ең алдымен, басшыға бай ла -
нысты ғой. Дәлiрек айтсақ, қай жерде редактор болса 
да, сол жердiң бағын ашатын Шер-ағаңның iскер лi-
гiнiң арқасы. Солай бола тұра, сол газет бетiнде қазақ 
сынының беделi мен мерейiн көтеруде бел буып, бiлек 
сыбанып жұмыс iстеген Сайлаубектiң де ең 
бегiн 
жоққа шығаруға болмайды. Сол жылдары «Қазақ 
әдебиетi» газетiнiң бетiнде, әсiресе, қазақ сыны-
ның маңдайы жарқырап ашылуына Сайлаубектiң де 
еңбегi зор деп бiлемiн.

261
Жаныңды түсiнетiн, не нәрсенi де айтқызбай-ақ 
қас-қабағыңнан ұғатын жақын доспен бiрге жұ мыс 
iстеген қандай жақсы! Жұмыста не болмайды. Бiр-
де күн шыққандай қуансаң, ендi бiрде бұлт бас қан-
дай ренжисiң. Ондайда жақын досың қуанышың-
мен де, ренiшiңмен де бөлiсiп отырады. Бiр-бiрiңдi 
жебейсiң, бiр-бiрiңе демеу боласың. Несiн айтасың, 
бiз бұрынғыдан да жақындаса түстiк. 
Бәрiмiз жақсы бiлемiз, 2002 жылы Қазақстан 
жазушыларының кезектi құрылтайы болды. Жазу-
шылар одағының бiрiншi хатшылығына бiраз 
жұрт қолдау көрсетемiз дегеннен кейiн, мен де 
кандидатурамды ұсындым. Өтпей қалдым. Несiн 
жасырам, құлап қалған оңай ма, күйреп, күйзелiп 
кетпесем де, жанымның жабырқап қалғаны рас. Сегiз 
ай, сегiз күн жұмыссыз үйде жаттым. «Жұмыссыз 
ұзақ жатып қалдың ғой» дегендерге, «Құлағанда да 
қатты құлаған екенмiн, жамбасымды әлi ала алмай 
жатырмын» деп әзiлдейтiнмiн. Кейiннен «Ақиқат» 
журналына бас редактор болып тағайындалдым. Көп 
ұзамай, неге екенi белгiсiз, Сайлаубек те Жазушылар 
одағынан кетiп, «Қазақ әдебиетiнде» жұмыс iстеп 
жүрген. Бiр күнi ол: «Темке, бұрынғыдай емес, мына 
жер маған, жас келiп қалғаннан кейiн бе, ауыр лау 
болып жүр, егер, мүмкiндiк болып жатса, сен жаққа 
ойыссам қайтедi» дедi. Көп ұзамай, күтпеген жер-
ден бiр орынның да орайы келе қалғаны. Әрине, бұл 
әңгiменiң бәрiн тәптiштеп айтып отырған себебiм, 
негiзгi айтылар сөзiмiз жұртқа неғұрлым түсiнiктi 
болсын деген ниеттен туып отыр. 
Менiң туған күнiме, жыл сайын, бала-шағам-
нан басқа, тек Сайлаубек пен Зибагүл ғана келетiн. 
Алматыға көшiп келгелi, олардың келмей қалған кезi 

262
Сайлаубек Жұмабек
болған емес. Сол дәстүрмен екеуi әдеттегiдей гүл-
дерiн құшақтап келе қалды. Дастарқан басына жай-
ғас тық. Өткен-кеткендi айтып, әңгiме-дүкен құрдық. 
Несiн жасырам, ащы судан да алып қойып отырмыз. 
Бой қызды, ой кеңiдi, тiл шешiлдi. Бiр кезде неге еке-
нiн бiлмеймiн, Сайлаубекке төтесiнен: «Сен осы 
өткен сайлауда кiмге дауыс бердiң, маған ба, әлде 
Нұр ланға ма?» дегенiм. Сайлаубек ешқандай мүдiр-
местен: «Нұрланға дауыс бердiм» дедi. Сайлау бек 
өзiн де, өзгенi де алдау дегендi бiлмейтiн. Досты ал-
дау, қанша ауыр болса да, ол үшiн күнә болып сана-
латын. Әрине, шындығын айтты. Мен ренжiп қалдым. 
Пендешiлiкпен артықтау сөздер де айтып жi берген 
болуым керек. Ол сөздерiм Сайлаубектiң көңi лiне 
тидi ме, тимедi ме, бiлмеймiн, өйткенi, ол ештеңе дей 
қойған жоқ, тек Зибагүлдiң қабағын шытып отырып 
қалғаны есiмде.
Ертеңiне екеумiз де жұмысқа бардық, бiрақ 
арамызда түк болмағандай, кешегi әңгiменi қайта 
қозғап, бықсытқан жоқпыз. Бiраз уақыт өткен-
нен кейiн, тiлiмнiң тағы да қыши қойғаны бар емес 
пе: «Сайлаубек, байқаймын, осы Нұрлан екеуiңнiң 
араларың салқын тартып қалғандай. Не боп қалып 
едi?» дедiм. Ол: «Ештеңе де болған жоқ. Оның тек 
менi маған емес, сiзге дауыс бердi деп, iштей өкпелеп, 
күдiктенiп жүруi мүмкiн. Ал, мен кiмге дауыс 
бергенiмдi өткен жолы өзiңiзге айтқам. Құдайды да, 
өзiмдi де, өзгенi де алдай алмаймын ғой. Шыным сол. 
Басқаша, Нұрланмен сөзге келген емеспiз» дедi.
Мен бұл әңгiменi бүге-шiгесiне дейiн қалдыр май 
айтып отырған себебiм, Нұрлан мен туралы не десе 
о десiн, о дүниелiк болып кеткен адамның соңы нан 
пендешiлiк жасап, ғайбат сөз айтпасын деп айтып 
отырмын...

263
Мен ендi бұл жерде Сайлаубектiң адами тiршi-
лiктегi бiрер ерекшелiктерi туралы да айта кеткендi 
де жөн көрiп отырмын. 
Сайлаубек, әдетте, сырт көзге салдыр-салақтау 
болып көрiнгенмен, жұмысқа келгенде, аса мұқият 
едi. Бiр iсiнен де шашау таппайтынсың. Бәрi орын 
орнында хатталып, қатарласып тұра қалатын. Мен 
оның бiр де бiр рет қойын қалтасына телефон-
блокнот салып жүргенiн көрген емеспiн. Жады өте 
берiк едi. Бейне бiр анықтама бюросы сияқты едi. 
Қаншама автобустардың нөмiрлерi мен маршру-
тын сұрасам болды, жатқа айтатын. Бұдан үш-төрт 
жыл бұрын, бiрер рет қана телефон шалған адам-
ның телефон нөмiрiн ойланбастан айтып бе ре тiн. 
Шетелдiң болсын, өзiмiздiң болсын, жазу 
шылар 
шығармаларындағы өзiне ұнаған абзацтарды түйдек-
түйдегiмен соғатын. Бiрақ ол қабiлетiн көрсетiп, 
бiлгiшсiнiп көзге түсе бермейiн дейтiн болуы керек, 
кез келген жерге килiктiре бермейтiн. Орайы мен 
оңтайы келгенде ғана айтатын.
Бұл жерде тағы да айтпауға болмайтын нәрсе, 
Сайлаубектiң кiтапханасы дер едiм. Сайлаубектiң 
кiтапханасы – мен бiлетiн кiтапханалардың iшiндегi 
бай кiтапханалардың бiрi. Тағы да бiр тектi емес, әр 
тектi: музыка, өнер, философия, архитектура, тарих, 
әдебиет боса-болмасын, әйтеуiр, бәрi қамтыл 
ған. 
Сайлаубектiң дүниетанымының кеңдiгi содан болса 
керек. Ол ғұмыр бойы кiтап жинап өттi.
Кiтапханасын кез келген адамға көрсетпек тү-
гiлi, табалдырығынан аттатпайтын. Тiптi, балалары-
ның өзiне рұқсатты сирек беретiн. Ал, бiрақ маған 
келгенде, кең жайлау едi. Маңғыстаудан келген 
сайын, кiтапханасында жататынмын. Көңiлi жақын 
бiреу лер керек кiтабын таба алмай, ақырында Сайлау-

264
Сайлаубек Жұмабек
бекке кеп: «Сенде ол кiтап бар ғой, шамалы уақытқа 
бере тұршы, қарап шыққан бойда керi қайтарып 
берем», — деп қиылып сұрап қоймаса, кiтапты берсе 
де, қолхат жаздырып алып қана беретiн. Бiрде оның 
осы мiнезiн айтып күлiп отырғанбыз. «Ойбай, Темке-
ау, несiне күлесiз, ондай қолхатты сiз де жазғансыз» 
дегенi. «Қой, Сайлаубек, мен сенен ешқандай кiтап 
алған емеспiн» дедiм. «Бұдан жиырма бес жыл бұрын 
француз ақыны Аполлинердi алғансыз, қолхаты ңыз 
үйде тұр, сенбесеңiз ертең әкеп көрсетейiн» дедi. 
Ертеңiне әбден сарғайып кеткен бiр қағазды әкеп 
тұр. «Мiне, қолхатыңыз». Бүктеуiн жазып ашып қа-
расам, шынында да, менiң қолхатым. «Түу, саған дауа 
жоқ екен» дедiм...
Сайлаубек туралы айта берсем, сөз көп. Құбылып 
тұрған бұл өмiрде қуансам да, ренжiсем де алды мен 
көз алдыма Сайлаубек келедi. Ондайда сырлас та 
мұңдас досымды аңсап, жападан жалғыз қалға н дай 
боп, iштей мүжiлiп, iштей егiлiп, үн-түнсiз оты рып 
қалам. Қимас, асыл досым-ай, орның бөлек екен ғой.


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал