Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



жүктеу 8.91 Kb.
Pdf просмотр
бет17/21
Дата09.01.2017
өлшемі8.91 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

223
әрекет үстінде-ақ құлан-таза айық 
қандығын 
байқаймыз. Ғабең мұнда ешбір бояу қоспасыз-ақ 
құр емеурінмен оқырманның суын тауып, көңілін 
көншіте білген. Автордың айтпақ ой бейнеленген 
түр 
де әрі жарасымды, әрі соншалықты нанымды 
болып шық қан (2-бет). Сонда «оқырманның суын 
қалай тауып, қа лай көншіте білген? Суреткер тілінің 
шеберлігі осы дәлел 
деу 
де қалай көрініс тапқан?» 
– деген сауалдарға нақ 
ты жауабымыз көбіне 
жоғарыдағыдай «әрі жарасымды, әрі соншалықты 
нанымды болып шыққан» тәрізді келеді.
Жазушыға тән тіл шеберлігінің бір ұшы кекесін 
мен мысқылда жататындығын, жанды құбылыс-
тарды бере білу де екендігін, жазушы кейіпкерлері-
нің «шетінен әзіл   қой, әңгімешіл, мысқылшыл болып 
келетіндігін» айта отырарсыз, мысалдар келті рер сіз. 
Бірақ сол көбі не – көп сүйсіну, тамсану дәре же сімен 
шектелесіз. Сүйсіну, тамсанудың өзіндік логи калық 
ішкі проце 
сін талдауларыңыздан көре алмай 
мыз. 
Тек нәтижесіне ғана ие боламыз.
Мысалы: « – Қатын болғанда қандай. Ойпырым-
ай 
дың өзі. Көзін-ай көпірдің, көзін айтам-ау мөл-
діреп тұр ған. Балқаштың көлі ме дерсің. Кірпік тері 
қандай. Ұшы азы 
рақ қайқайып, сарғайып ке 
л 
ген 
күзгі құрақтай, қоп-қоңыр. Саусақтары сүйрік тей... 
Сұлу қатынның да ақылдысы бо ла береді екен ғой, 
маған «Өтес Байжан» – деп сөйлесті» (50-бет).
«Байжанның осы бір сөзінде қаншама шынайы-
лы лық, қаншама бейнелілік, сөзден салынған сурет 
жатыр. Оқырман аузынан сілекейі шұбырып, таң-
тамаша оқи бер гісі келеді. Оқи отырып, жаның жәй 
тауып, рахаттанып күлесің. Нағыз байырғы сөздер, 
аңғырт  қазақтың  өзі мен  сөйлескендей,  тілдес ке н дей 
ләззат аласың», – деп дәлел  дейсіз (5-бет). Мұнда да 

224
Сайлаубек Жұмабек
тіл шеберлігінің шынайы көрі ністері эмпирикалық 
күйінде, тілдік факті төңірегінде қалған. Шебер-
лік сырларын, тіл құдіретін тану жолындағы (әрине, 
ғылыми тұрғыдан) талдаулар, жинақтаулар жоқ тығы 
бірден көзге түседі.
Сіз сонымен қатар, -да, -де шылауларының жазу-
шы сти 
 
лінде актив ретінде қолданылатын 
ды-
ғына; «қазақ тың қарапайым сөзіне Ғабеңнің өзіне 
терминдік жаңа мән беріп қолданылатындығына»; 
«біздің сөздіктеріміз де жоқ, ескерілмеген қаға беріс 
қалып жүрген сөздер дің бар екендігіне; «үйле сімді 
жаңа теңеу, соны метафора лық қолданыстардың аз 
кездеспейтіндігіне; «қанат ты сөзге айналып кетейін 
деп тұрған ұтымды сөйлемдер 
дің баршылық» 
екендігіне мысалдар келтіріп, атап өтесіз.
Мысалы: «Ғабең қазақтың кейбір қарапайым сөзі-
не өзінше терминдік жаңа мән беріп қолда 
нады. 
Сөйтіп қазақтың сөз байлығын сан жағынан ғана 
емес, сапа жағынан да байытып келеді. Мәсе лен, 
қазандық деген сөз ді орыстың кухня деген сөзі нің 
орнына (133, 213-беттер) қолданған (7-бет). Сонда 
«қазандық па терминдік сөз, әлде «кухня» ма? Екеуін 
де терминдік сөзге жатқыз ған қисынды әлі де еш 
жерден кездестірген жоқпыз.
Немесе «қолдас, бөгесін, тұрықтас, жалдап, 
божағы, тескіндік, дәрігерхана, балақсыз, дере, 
қалама – жанама үйлер, діңке мен өгіз, көтекілену, 
дәстерлеп, жанапайлап т.б.» – деп сөздіктерімізде 
жоқ сөздерді мысалға келтіре сіз де, «бұл сөздердің 
кейбіреулерін жұртың бәрі түсіне бермейтін 
дігін 
ескеріп, шығарманың келсі басылуын 
да түсі 
нік 
беріле кеткені де жөн болар еді» – дейсіз (7-бет).
«Тіл маманы ретінде» сіз де бұған тоқталмайсыз. 
Кон 
тексте келуіне орай жазушы шеберлігін 

225
көрсетуге сұра нып тұрған тілдік фактілерді көлде-
нең тартумен, тілек пен ғана шектелесіз.
Сіздің пікіріңізге сүйенсек: «Алайда көркем 
шығар ма дағы шеберлікті бір жақты емес, жан-жақ-
ты қарап тек серуді қажет етеді. Бізше, сөз шеберінің 
шеберлігін танып білу үшін оның әрбір қалам 
сілтесіне, әсіресе белгілі бір ойды қандай тәсіл-
мен, қалай айтып бере алды деген ге қатты зер салу 
керек сияқты. Сонда ғана бітеліп қал ған көзді судай 
небір құпия сырлардың беті ашылмақ» (2-бет) дей-
сіз. Бірақ мақалаңызда Ғ. Мүсірепов тілінің си қы-
ры, құ діреті, құпия-сырлары өзіңіз діттеген тұстан  
көрі не  ал маған.
Сәлеммен Сын бөлімінің меңгерушісі
Сайлаубек Жұмабеков.

226
Сайлаубек Жұмабек
құрметті, құланБаЙ кӨпішов ЖолДас!
Сіздің редакцияға ұсынған «Өмірдің өзіндей 
болсын» (№189, 16 шілде, 1986 ж.) деп аталатын 
мақалаңыз бен танысып шықтық. Бұл мақала ңызда 
өзіңіздің Қазақстан Жазушылар одағының жол-
дамасымен соңғы жылдары Павлодар облысында 
(5 жылдай тұрып) болып өнді 
ріс тақырыбына 
шығар малар жазғаныңызды айта келіп: «Сіз қалай 
жазасыз, ақындық өнер жолына түсуіңізге не әсер 
етті, поэзиялық творчествоңыз қалай қалыптасты?» 
– деген сұрақтар маған көбірек қойылады. Қызық-
ты да аса күрделі сұрақтар» – дейсіз де (1-бет) соған 
жауап беру ге күш салғансыз. Көздеген нысана ңыз 
дұрыс болған мен, профессионал қаламгер ре тінде 
діттеген жеріңізден шы ға алмағансыз. Оның бір неше 
себептері бар.
Ең әуелі, мақалада шашыраңқылық басым. 
Бір нәрсе 
ні айтып отырып, басқа бір нәрсеге 
көшіп кетесіз. Мәселен, сіз өз шығармашылы 
 
ғы-
ңыздан бастау, қалыптасу, өсу жо лын халық ауыз 
әдебиетінен қорек алғандығымен, көп жыл дар бойғы 
редакторлық 
еңбегіңізбен 
байланыстыруы   ңыз 
қисынға келеді. Осылай бола тұра, енді келіп, эпос 
пен лирика туралы айтысқа (3-бет) көшіп кетесіз. 
Сөй 
тіп, не поэманың авторын, не шығарма атын 
келтірмейсіз де, үзінді аласыз:
Жоқ Шығыс,
Батыс та жоқ,
Жоқ шегі үстіңдегі бір аспанның.

227
Жоқ Шығыс,
Батыс та жоқ,
Тек қана екі ұлы бар бір атаның (3-4 беттер). 
Әрине, поэма авторы – Олжас Сүлейменов 
екені, шығар 
 
маның «Адамға табын, Жер енді» 
деп атала 
тыны мә 
лім. Шамасы оқырман білігіне 
сенген шығарсыз неме  се аңдамай қалған шығарсыз, 
болмаса редакция қыз 
 
меткерлеріне қалдырған 
шығарсыз. Мұнан әрі өз пікі ріңізді: «Бұл жолдарда 
эпос та, лирика да бар. Екі жанр дың түйіскен жері. 
Мұнда «Мен», «Менікі» өз үйіңде бар. «Біз», «Біздікі» 
деп, жалпы адам баласына тән үйдің мүддесін көздеу 
де бар. Мұның өзі Отанымыздың өрлеу екпінінен 
туған жаңа серпіліс – ғылыми-техникалық рево -
лю ция туралы да поэзия. Сондықтан бұл поэ маны 
совет поэзиясындағы ғылыми-техникалық рево-
лю ция тура лы туған ең алғашқы поэма деп қарауы-
ңыз керек. За ман екпінінен қалыспау дегеніміздің 
нақты үлгісі осы болар. Ғылыми-техникалық про-
гресті әдебиетте адам жан-күйін тек «темір-терсек» 
деп қарамай нағыз мағы 
на 
сында философия 
лық, 
әлеуметтік ақыл-парасат мұрат тарымен шендестіре 
ашу дегеніміз осы емес пе?» деп түйе сіз (4-бет).
Бұл шығарма өзі эпикалық поэма. Бірақ та мұнда 
лири ка жоқ, эпос жоқ деп дауласқан, пікір айт қан 
адамдар 
ды естіген жоқпыз. Сонымен қатар, бұл 
шығарманың аясын «ғылыми-техни 
калық рево-
люция туралы да поэзия» – деп шектеуге, немесе 
«ғылыми-техникалық революция тура лы туған ең 
алғашқы поэма деп қарауымыз керек» де ген тәрізді 
ұшқарылау айтылған пікіріңізге келісе алмай  мыз. 
Сонда одақ көлемінде С.Кирсановтың, Л.Мартынов-
тың, Е.Евтушенконың, А.Вознесенскийдің, С.Про-
кофьев 
тің, Л.Кулешовтың және тағы басқа ақын-
дардың туынды 
ларын ескермей қоя саламыз ба? 

228
Сайлаубек Жұмабек
Ал, шынтуайтына кел 
генде, бұл туынды тұңғыш 
космонавт Юрий Гагарин тура лы тұңғыш поэма ғой. 
Профессионал қаламгер үшін пікір жаңсақтығы 
елеулі кемшілік саналады.
Екіншіден: «Техникалық революция, менің 
түсінуімше, сонау еліміздегі индустрияландыру 
уақы тынан бері қа рай жүргізіліп келеді. Мұның өзі 
Октябрь туғызған сер пін еді. Ғылыми-техника лық 
өркендеу – кейінгі он жыл дар деңгейінде, соңғы 
бесжылдықта туды», – дейсіз (5 бет).
Егер «ғылыми-техникалық өркендеу – кейінгі 
он жыл дар деңгейінде, әсіресе соңғы бесжыл дықта 
туды» деген пікіріңізге құлақ қойсақ, онда 1961 жы лы 
жарық көрген «Адам ға табын, Жер енді» атты поэма 
қалайша «ғылыми-техни калық революция туралы 
да поэзия», «ең алғаш қы поэма» болмақ?
Ал «техникалық революция» сіздің түсінуі 
ңіз-
ше «со 
нау елімізді индустрияландыру уақытынан 
бері қа рай жүргізіліп келеді» деген пікіріңізге кел-
сек, онда әдебиет тарихында, еліміз тарихында небір 
көркем туындылар ды қалайша есепке алмаймыз.
Профессионал қаламгер үшін бірін-бірі жоққа 
шыға 
ратын пікір қайшылықтары ерсі ғана емес, 
әбестеу көрі нетіні рас.
Үшіншіден, өз шығармашылығыңыз тура 
лы 
айтқан тұс тағы пікірлеріңіз тым жалпылама. Бел-
гілі жәйттерді ті 
зіп шыққансыз. Мысалы: «Бұл 
облыс республикамызда 
ғы, одақтағы, тіпті, бүкіл 
жер шарындағы әралуан кен байлықтарының ерек-
ше дарқандылығын табиғат өз қолы мен бір жерге 
топтастырған аса бақытты да бай өлке. Оның жер 
астындағы қоймаларында сіресіп жатқан бай 
лық 
көзін, энергиясын Орал мен Қазақстанның тың 
өлке 
ле 
рі мен жылдаған уақыт бойы пайдаланып 
 
ке леді»  (6-бет).

229
«...Мұның өзі аса күрделі де қиын тақырып еке-
нін ал дын-ала түсінгенмін. Бұл тақырыпта ақын дар 
құштарла на бара бермейді де» (6-бет).
«Бұл тақырыптың қиындығы өмірдің қат-қабат 
күрде лілігінде. Оның егжей-тегжейіне жетіп зерт-
телуін де. Мұ ның үстіне тақырып дәл жанында емес, 
заводтарға, цех тарға барып, стадион немесе металл 
қорыту пеші жанын 
да жұмысшылармен қатар 
тұрудың керектігінде» (6-7 бет тер). Мұндай жалпы-
ламалықтың осы мақалға қажеті бар ма екен?
Енді төмендегі мысалдарға назар аударайық: «Осы 
регионның еңбеккерлер турасында жазылған бес 
поэ мам бар. Атап айтқанда, олар «Екібастұз», алюми-
ний заво дының еңбеккерлері турасында «Металға 
қанат қақтыр ғандар», ғылымдар турасында «Гауһар 
тас туралы аңыз», трактор заводының жұмыс шы-
лары туралы, Ермак ГРЭС-і еңбеккерлері тура 
лы 
топтама өлеңдер, тағысын тағы лар (7-8 беттер).
«Енді кейбір шығармалардың қалай туғанын» айт-
қым келеді. «Екібастұз» – публицистикалық поэ ма. 
Ол «Қаһар ман» газетінің еңбеккерлерге, оның ма-
ңына салы 
нып жатқан ГРЭС-і, ГРЭС-11 құрылыс-
шы ларына  арнал ған.  Олармен  бірнеше  кезде су лер 
өткізіп, олар туралы өлеңдер жазып жүрдім. Ал, 
поэма жазылардан бұрын «Қаһарман» газетін 
 
дегі 
ең алғашқы өзі атап жүретін алып элеватор 
 
дың 
құрастырылған шегінен разъезге түсер 8 кило метр ге 
өзі жүріп барған тамаша сапарына қатыс тым. (Бұдан 
эксковатор онда ондап бар). Разърезге түс кен жер-
де  оның  инженер-техниктері,  жұмысшыла ры  мен 
кездесу өткізіп, олар турасында жазған өлеңде рімді 
оқып бердім. Өздері турасындағы өлеңді олар үлкен 
жү 
рек сезімімен тыңдады. Эксковатордың рас-
чет жүргі зіп отыратын аса жалпақ та үлкен журна-
лын маған ұсын ды. «Салынып жатқан төрт ГРЭС-ке 

230
Сайлаубек Жұмабек
күш қуат беретін сіз 
дер. Жер астының қат-қабат 
мол кендеріне қарай сүң гіп түскен сапарлары ңыз 
оң болсын», – деп автограф жазып кеттім. Поэ мада 
Екібастұздың Октябрь революциясы ның арқа сында 
табан тіреп түзілуі, әлеуметтік өзгеріс, дәуір ты-
нысы, осы күндегі күрес жолындағы халық бей несі 
публицистикалық сарында паш етіледі. Мұн 
да 
ғы 
салынып жатқан төрт ГРЭС-ті туып келе жатқан  төрт 
күнге теңедім» (8 бет).
Жоғарыда келтірілген мысалға стилистикалық 
кемші 
ліктер өз алдына, кейде ұғымға қанбай 
тын 
тіркестер де бар. Мысалы, «разърезге 8 километрге 
өзі жүріп барған тама 
ша сапарына қатыстым» – 
дейсіз. Эксковатордың да тамаша сапары болып, 
оған өзіңіздің қатысқаныңыз қа лай? Сапарға адам 
шығады ғой. Болмаса «жер астының қат-қабат мол 
кендеріне қарай сүңги түскен сапарлары 
ңыз оң 
болсын» – дейсіз. Кеншілердің жер астына сүңгуі не 
жол болсын?! Сонда олар суға сүңги ме әлде кен қаба-
тын қаза ма?!
Мақалаңызда профессионал қаламгер түсіні 
гі-
нің таяз дығын көрсететін жайттар осылай ша баян-
дап шығуға ға на емес, шығармашылық про цесс пси-
хологиясын қал 
қып-қарпып көрсетуде, кей 
бір ұш-
қары пікірлердің, адрес сіз сындардың орын алуында.
Мысалы: «Қиындықтың, нағыз қиындықтың бас-
қа жағы да болғанын ашық айтсам, әдебиетте әлеу-
меттік көзқарас болу керек дей бастасаң, сыншы-
ларымыз, тіп ті ақындарымыздың өздер: «Әлеумет-
тік мәселемен шұғыл 
данудың өзі әдебиет табиға-
ты на жатпайды, – немесе әде биетіміздің тәрбие лік 
маңызын еске ала бастасаң, – ақыл-парасат үйрету 
әдебиетінің ісі болып па?..» – деп шыға келеді.
Ал енді өндіріс проблемалары турасында олар-
дың ай туынша сөз етудің де керегі жоқ» (7-бет) не-

231
месе «поэмада ғы қолданған негізгі творчестволық  
әді сін – осы драма лық коллизия» (9-бет) дейді.
Алғашқы пікірдегі сыншылар, ақындар кім? Олар 
беймәлім қалады.. Нақты мысал, нақты факті кел-
тіріл се, оңды болар еді. Амал не, бұл жоқ. Баспасөзге 
шы 
ға 
тын материалдарға сілтеме міндетті түрде 
қажет. Әйтпе се, көпке топырақ шашу жараспайды.
Екінші мысалға көз жүгіртейік. Сонда «драма-
лық коллизия» қашаннан бері әдіске айнал 
ған. 
Есті ген құлақ қа, көрген көзге түрпідей тимей ме? 
Совет қаламгерлері нің негізгі шығармашылық әдісі 
о бастан-ақ социалис тік реализм әдісі ғой. Ал, сіз 
«негізгі шығармашылық әді 
сін – осы драмалық 
коллизия» болды дейсіз. Сонда мұны қалай түсінеміз? 
Егер шығарма осы түсінікпен жазыл ған болса, онда 
мүлде кәдеге аспайды емес пе? Сауатсыз дық па, әлде 
салғырттық па, жоқ шын мәніндегі түсінігіңіз осы 
ма? Қайткен күнде де ешқандай сын көтермейтін пі-
кір, сыпайылап айтсақ, әліппелік сауатсыз де меске 
ла жың  жоқ.
Өзге де пікір – тұжырымыңыз жоғарыда айтыл-
ған кемшіліктерден ашылмаған. Өйткені сіз өзі ңіз-
дің  твор честволық  лабораторияңыздың  қыр-сы  рын, 
құпия-қалта 
рысын, жетістік-кемшіліктерін оқыр-
мандарға әрі қыз ғылықты, әрі тартымды, әрі ойлы, 
әрі көркем түр де жеткі зіп бере алмағансыз. Оқыр -
ман талғамын ескермеген 
сіз. Сыдырта баяндап 
шығу, жалпылама үстірт айтыл ған пікірлердің уақы-
ты өткендігіне назар аудармаған сыз. Сон дық тан да 
біз «Өмірдің өзіндей болсын деп» атала тын мақа-
лаңызды кәдеге жарата алмадық.
Сәлеммен сын бөлімінің меңгерушісі  
Сайлаубек ЖҰМАБеКоВ

232
Сайлаубек Жұмабек
признание в лЮБви
(Открытое письмо Артуру Гильберту, 
жителю города Лос­Анжелеса)
Глубокоуважаемый Артур Гильберт!
Извините за нежданное и притом позднее обра-
щение к Вам через газету «Лос-Анжелес таймс», ко-
торое стало возможно благодаря великодушному гос-
подину главному редактору. Суть моего обращения к 
Вам через «Лос-Анже лес таймс» такова.
На днях я чисто случайно обнаружил отры-
вок газеты «Меdуа» от августа 1996 года. На второй 
полосе под руб рикой «В мире» напечатана малень кая 
информация в 25-30 строках с названием «Пода рок 
миллиардера-англичани на в 75 миллионов долларов». 
Цитирую дословно:
«Лондон. Миллиардер США Артур Гильберт, 
англича 
нин по происхождению, подарил Англии 
коллекцию сере 
брянных изделий в 75 миллионов 
долларов. 83-летний миллиардер, переселившийся в 
США 47 лет назад, сказал, что это богатство нажито 
им на недвижимостях.
По имеющимся сведениям, эта коллекция сере-
брянных изделий в настоящее время демонстри-
руется в од ном из музеев Лос-Анжелеса, где прожи-
вает сам Артур Гильберт».
Хотя газета одного из постсоветских суверенных 
государств Центральной Азии ссылается на Лондон-

233
ский источник, но событие происходит все-таки в 
США, горо де Лос-Анжелесе. Какое знаменитель ное 
событие! Поэто му я обращаюсь к вам, глубокоуважа-
емый господин Ар тур Гильберт!
Во-первых, эта информация глубоко потрясла 
меня. Во-вторых, вы, господин Артур Гильберт, вы-
ходец из Англии, живя в Лос-Анжелесе, столь благо-
дарны по отноше нию к своему народу. Такое не всяко-
му дано! В третьих, я полагаю, что каждый разум ный 
«Хомо Сапиенс», конечно, если он неравнодушен к 
прекрасному, должен гордить ся таким благородным, 
бескорыстным поступком. У нас, у казахов так гово-
рят: «Доброе дело всегда и озарит, и одухотво рит того 
человека, о достоинствах которого говорит ся при-
людно, всенародно!»
Вот мотивы, которым следовал я, при обраще нии к 
вам, мистер Артур Гильберт! Расценивайте, это, как 
призна ние в любви, и восхищение вам, господин Ар-
тур Гильберт!
Да, я действительно восхищен вами, вашим супер-
человечным, непостижимым суперпоступку, то есть, 
подлинно Божественным поступком! Могу тыся-
чекратно, бесконечно повторять это. Я уверен, такие 
исключительные и пленительные поступки совер-
шаются по велению ду ши. Дело тут не в огром ных 
суммах. Это каждому понятно. А такие возв ы шен-
ные нравственные поступки в конце ХХ на пороге 
ХХІ века очень редко можно видеть даже в Красной 
книге нравственных подвигов!
Да, смею утверждать, каждый простой смертный 
мой современник – искренне и неподдельно гордит-
ся вами, господин Артур Гильберт!
А иначе как! В 83-летнем возрасте вы, уважае мый 
Артур Гильберт, подарили Англии, то есть родной 

234
Сайлаубек Жұмабек
стране коллекцию серебряных изделий, условная 
стоимость которой составляет 75 миллионов долла-
ров. Некоторые считают, что и без этой серебря ной 
коллекции Англия останется великой страной. Ка-
кое примитивное и высокомерное суждение! Если 
следовать их логике, то в таких случаях многие люди 
ва шего возраста или вашего положе ния обычно огра-
ничиваются просто завещанием. На этот счет имеет-
ся масса примеров из истории. 
А вы, Глубокоуважаемый Артур Гильберт нару ши-
ли общепринятое мнение и поступили неорди нарно, 
что и делает вам великую честь! Я горжусь вами! И 
прошу вас, не сочтите этих строк за дифирамб. На-
оборот, прими те мои душевные восклицания толь ко 
как выражение глубокой любви и уважения!
Теперь я представляю себе, как Британский музей 
стал еще прекраснее, еще славнее, еще божествен-
нее пос ле подаренной Вами серебряной коллек ции! 
Как похоро ше ла «Старушка с Грейт Расселстрит»! 
Как превратилась она в восемнадцатилетнюю краса-
вицу! И как бы я хотел на нее посмотреть! Кон чено, 
это все мои мечты, мои грезы! Но тем не менее, я по-
лагаю, вы уже стали одним из гени альных членов 
Общества друзей Британского музея!
По моему, вы своим решением о даре подтверди-
ли простую истину: «Я англичанин и принимаю свою 
родину такую, какой ее вижу». Эти слова принад ле-
жат Генри Эсмонду, герою романа великого писателя 
Уильяма Теккерея. Одновременно вы стали «знаме-
нем нации», хотя может быть и не стремились к это-
му. Но ежегодный в совокупности пятимиллион ный 
посетитель несомненно бу дет восхищаться вами, ва-
шим поступком! Добавьте к это му будущие поколое-
ния посетителей Британского музея!

235
Коллекция серебряных изделий, я думаю, станет 
не только украшением, но и гордостью, бесценным 
сокровищем Британского музея. Вы Глубокоуважае-
мый Артур Гильберт, отныне ваше присутствие веч-
но, в имен ных залах музея, в изданиях разного про-
филя: в антологиях, в альбомах, в книгах, в исследо-
ваниях, в путеводителях. Каждый посетитель после 
посещения Британского му зея уносит в душе любовь 
и благодарность к вам. Быть вечным хранителем пре-
красного не всем суждено. Но вы им стали!
Например, после прочтения вышеупомяну 
той 
информации о вашем поступке, я все время пред-
ставляю вас могучим тысячелетним дубом – колос-
сом разума! И все время вслушиваясь в себя, загля-
дывая в свое сердце, я не нахожу другой причины мо-
его письма к вам, кроме глубо кой любви и уважения, 
которые я всегда бубу питать к вам!
Глубокоуважаемый Артур Гильберт! Да хра 
нят 
вас ангелы Господни! – Это перефраз великого Шек-
спира.
С глубоким почтением 
Сайлаубек Жумабек.

236
Сайлаубек Жұмабек
құрметті әсілхан оспанұлы ЖолДас!
Сіздің Қазақстан Компартиясы Орталық Ко ми-
те 
ті 
не жолдаған «Кітаптың сыр-сымбаты бірдей 
келсе…» атты мақалаңызбен танысып шықтық. 
Мақа лаңызда «Жазушы», «Өнер», «Ғылым» баспа-
сынан шыққан кей 
бір кітаптарда кеткен коррек-
ту ралық қателер жайлы ой қозғаған екенсіз. Мұн-
дағы кейбір пікірлеріңіз көңіл 
ге қонғанмен газет 
бетінде жарияланатын мақаланың салмағын көтере 
алмайды.
Біріншіден, «Студент Ақмамық Досқараеваның 
жер 
лесіміз, белгілі қазақ совет ақыны Белгібай 
Бектұрғанов жырлаған «Ақбөпе» дастаны бойынша 
ғылыми баянда 
ма әзірлепті». Бұл баяндаманы не 
баспасөз бетінен, не кітаптан кезіктірген жоқ пыз. 
Сіз айтып отырған ғылы 
ми дәлдіктерден кеткен 
кемшіліктерді, Сауытбек Ұстаушы, Белгібай Бек-
тұрғановқа қатысты ой-пікірлеріңіз 
 
ді М.О.Әуезов 
атын 
дағы әдебиет және өнер институты 
на, қазақ 
совет энциклопедиясы редакциясына, «Ғылым» бас-
пасына хабарлағаныңыз жөн.
Екіншіден, Тәкен Әлімқұлов пен Әбдіжәміл 
Нұрпейісов пікірлеріне кейбір аударма шығарма-
лардағы кет кен әріп қатесіне байланысты айтқан 
пікірлеріңіз орын ды. Ал бұлар негізінен автор лар дан 
кеткен кемшілік тер болмағандықтан, әрі сол кітап-
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет