Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



жүктеу 8.91 Kb.

бет15/21
Дата09.01.2017
өлшемі8.91 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

193
Сонымен, не керек, екі жақта төмендегі мына күй-
лер кезек-кезек тартылады:
Құрманғазының «Адайы», «Қайран, ше 
шем», 
«Балқай 
мақ», «Кісен ашқан»; Сүгірдің «Тоғыз та-
рау», «Бозінген нің бүлкілі», «Қосбасар», «Шал қыма», 
«Жолаушының жол ды қоңыры», «Телқоңыр»; Дина-
ның «1916 жыл», «Бұл 
бұл»; Қазанғаптың «Көкіл»; 
Дәулеткерейдің «Топан», «Са лық өлген» және тағы 
басқа күйлер тартылды.
– Ойнасақ та, біраз жерге шаптық білем. Бай қай -
сыңдар ма, мына домбырашы бара-бара биік    теп бара 
жатыр.  Әрбір  әуеннің  әуезіндегі  бояу       лар  түр   ленген 
үсті не түрленіп, шырайы қанық, үні сиқыр құды-
ретке айналып бара жатыр. Мына домбы рашы  ның  
сау сағындағы бояу лар күйдің ішкі мазмұнын ашуға 
келген де, қапысыз шығады екен. Аңсарыңды ау да-
рып, өзіне ің кәр етіп қоя ды екен. Әсіресе, Дәулет-
керей күй лерін орындағанын да, төрелік тек тілікті 
ғажап жеткі зеді екен. Жалпы, жүре гін жайып салып, 
еркін ақта рып, барын базарлап, барын таратып бе-
ретін сақы домбы ра шы екен. Жеңілгеніміз ді мойын-
дап,  ризашылығы мыз  ды  білдіріп,  алғысымыз ды 
айтып, танысқанға не жетсін, – деді Төкең.
Сөйтіп, көрші үйге беттеуге бұрылғанда, ол 
жақтан да үш адам бізге қарай шыға келмесі бар ма?
– Әй, өзім де Мұрат боларсың деп іштей жобала-
ған мен, бұларға айта қоймап ем, – дейді Төкең.
– Төке, жаздым-жаңылдым. Ағасымен айтыс қан 
жаға ласқаннан да жаман ғой. Өзіме де обал жоқ, – 
дей ді  Мұрат.
– Айып бізде, Төке, – дейді термеші Шәрібек 
Алда шев.
– Оқасы жоқ. Бұл бір ғажап болды, – дейді сыншы 
Зекең.

194
Сайлаубек Жұмабек
– Жөн-жосық бізден, жасы үлкендерден. Біздің 
дастар ханға келіңдер, – дейді Төкең.
– Төке, «ағаны бордан, ініні зордан» жарат қан, 
біз дің дастарханға жүріңдер, – деп жыршы Шәрібек 
Алдашев өздеріне қарай икемдеді.
Мақаланың басындағы «ол» деген жұмбақ, міне, 
осы 
лайша Мұрат Кәрімуллин болып шықты. Ең 
алғашқы кездесу де, ең соңғы қоштасу да осылай 
болып шық ты ғой.
Әлбетте, тағдыр қиыстырған жұмбақ жүздесу, 
жұм бақ қоштасу болды демеске шараң жоқ бол ғаны 
өкінішті...
Мұнан кейінгі отырыста Мұрат пен Шәрібек 
терме лер мен ән шырқаса, Мұраттың тәуір домбы-
расы қолға тиген соң, сыншы Төкең тағы да бірнеше 
күй тартты.
Күй тартысы, күй айтысы бұл жолы ағалы-іні-
лілер дің өзара сырласуына айналғанын көзімізбен 
кө ріп, құлағымызбен естідік. Күйші, термеші, дом бы-
рашы Мұ раттың мейлінше елгезек, мейлінше бауыр-
мал, мейлін ше мәрт, мейлінше азамат екендігіне әрі 
сүйсіндік, әрі таңғалдық.
Оның мойылдай қап-қара шашы, мойылдай қап-
қара жанары, ашаң бойына, аққұба жүзіне айрық ша 
жарау сымбат, айрықша нұрлы сипат, айрықша отты 
кес кін дарытып, жігіттің төресі де, жігіттің сұлта ны 
да осын дай-ақ болар дегізетін еді.
Ал осынау болмыстың мазмұны, шын мәнінде, 
Мұрат таланты арқылы ерекше тартымды құдірет ке 
ие болға ны оған да, бізге де жасырын емес еді.
Мұрат сол күні кеште ұлы ақын Мұқағали 
Мақатаев тың «Отыздан асып барамын» атты өле-
ңін халықтық әуен ге негізделген мақаммен шыр-
қа 
ғанда, ақын Махамбет 
тің «Қоғалы көлдер, қом 

195
су лар» жырын күй етіп, зар төккен де, менің көз ал-
дыма көркем суреткер Ғабит Мүсірепов түпнұсқаға 
пара-пар етіп аударған новеллист Тенри 
дің «Соң-
ғы жапырақ» атты классикалық новелласын 
да 
ғы 
жалғыз жапырақтың – Мұрат тартқан күй бо лып, 
Мұрат төккен терме болып, шын мәнінде, өз таланты-
ның шанағы мен әуенінен жұмбақ күйде шық қан 
шүпілде ген көркемдік келісім болып елестейді...
Бұл өзі сонау 1989 жылдың ерте кезінде болған 
оқиға.
Сол жылы күз, маған ылғи да тым ерте түскендей 
бола ды да тұрады.
Бәлкім, бұл маған ғана осылай көрінген шығар.
Мұрат Кәрімуллин мен үшін кей-кейде кеш түсе-
тін көктемді, кеш түсетін жазды, кеш түсетін күзді, 
кеш түсе тін қысты ұнатпайтын жан болып көрінеді.
Солай бола тұра, мөлдірлікке, сұлулыққа, жомарт-
тық 
қа құштар шынының жүзіне іңкәр Мұрат 
Кәрімуллин, неге екенін қайдам, мен үшін ылғи 
өзінің айдын көлін қи май-қимай кетіп, соған де ген 
сағынышын кәусар күйін 
де жеткізу үшін қанаты 
талмай ұшатын қызғыш құстай ес те қалатыны бір 
жұмбақ.
Қалай десек те, сонау 1989 жылдың ерте кү зінде 
370 минутқа созылған ең алғашқы жүздесу үс тіндегі 
Мұрат Кәрімуллин, ең соңғы қоштасу үстіндегі 
 
Мұрат Кәрімул 
лин мен үшін дәулескер домбы 
ра-
шы, кө  мейі даңғыл тер  меші, сырбаз да сылқым сері 
болмы 
сы 
мен баянды ғұмы 
рын әлі де талай-талай 
жал ғас тыра беретіндей болып көрінеді...
Наурыз, 2003 жыл

196
Сайлаубек Жұмабек
әріптес іні әуез туралы Бір ауыз сӨз
Қайран Әуез!
Әттең Әуез!
Неге сонша асықтың екен?
Сен дүниеден өткен күні, қаншама адамды қайран 
қал дырып, қоштаспай кеттің!..
Сен дүниеден өткен күні, тұңғышың Нұржа у ды, 
қы 
зың Саяны, кенже еркең Дінмұхамедті, аяулы 
жарың, перзенттеріңнің анасы Орынханды қалай ша 
қиып, қа лайша қимай, неге сонша асықтың екен!
Бауырым Әуез-ау!
Сенің артыңда қалдырған әдеби мұраңа енді өзің-
нің көзің жоқта бір ауыз алғысөзді менің жазуым 
Саған да, маған да қажет пе еді соншама!!!
Осы дүниелеріңді баспаға әне ұсынамын, міне 
ұсы 
намын деп қаншама созғаның Өзіңе де, өзге-
лерге де қай бір опа болды дейсің бе? Қыл жы быр-
дай тіршіліктің-тағдырдың тірмізігін ұстай 
мын 
деп жүріп, осы кітабың ды өзіңнің де, өзгелердің де 
әлдеқашан көретін мүмкінді гің болғандығын не сіне 
жасырамыз?..
Дәл осы кітаптың мұқабасын ашып, бет 
терін 
парақ тағанда, қаншама әдемі де, сырлы очерк те рің-
ді, ойлы да жанашыр сұхбаттарыңды, тіліп те кесіп 
түсер сын мақа 
лаларыңды, әріден алғанда, сонау 
1980 жылдардың өзінде-ақ, тіптен беріден алғанда, 
1990 жылдардың кез кел ген мерзімінде жұртшылық-

197
қа ұсынып, өзің көріп – өзің қуа нып – өзгелерді 
қуантып кеткенің қандай ғанибет бо лар еді…
Өзің айта беретін «әттең, тонның келтесі» – тағы 
да се ні – Әуезді, тұңғышың – Нұржаудың, қызың 
– Саяның, еркең – Дінмұхамедтің әкесін Өзіңді, 
пер  зентерің  нің  аяулы  анасы  жан-жарың  Орын хан-
ның Әуезін тағ дыр өзінің аяусыз ажал торына ду шар 
еткені, әрине, орны толмайтын өкініш…
Сен енді оларды осы артыңда қалдырған әдеби 
мұраң мен  жұбатасың…
Сен енді олармен осы артыңда қалдырған әдеби 
мұраңмен сырласасың…
Сен енді өзіңді білетіндермен, өзіңмен өмір атты, 
тірші 
лік атты, толассыз сапарды талай-та 
лай ара-
ласқандар ды,  сондай-ақ,  өзіңді  тек  сыр тың  нан, 
баспасөз  беттерін де  жарияланған  туынды ла рың 
арқылы білетендерді осынау жинағыңмен қауы-
шасың…
Бұған да тәубе, бұған да шүкірлік етпеске Тәңі рі-
нің құлы – пенде атаулының шамасы келмейті ніне 
сен саналы түрде білетін едің, бірақ соған өзіңнің 
мезгіл сіз асыққаныңды қалайша айтпассың…
Сенің артыңда қалдырған әдеби мұраңды өзің 
де ген оқырмандарыңның тауып алатынына , тауып 
алып, табысып жатуына күмән жоқ. 
«Өмірдің көктеміне ғашық болып өткен» өзіңді 
– Әуезді, сенің сонау бозбала кезіңде жазған балау-
са өлеңін дегі бір ғана жол – бір тармақ жалқы жол 
біздің көз алдымызға сені қаз-қалпында әкеледі 
десем артық емес тей көрінеді.
Өмірдегі, тіршіліктегі әрекет-характердің, со 
н-
дай-ақ әралуан замандастарыңмен бүкіл бірге жүр-
ген, бірге кеш кен ғұмырдың, шын мәнінде, «Әуез 
– көктемге, көктем – Әуезге» айналып кеткені 

198
Сайлаубек Жұмабек
сондай, менің көз алдыма мәңгі көктемге – мәңгі 
ғашық өзіңнің, Әуез Бейсебаевтай ақын жүректің, 
тағдырлар болмысына терең үңілген сырлас қыш та 
сыршыл жүректің, талантты журналистің, өмір дің 
өзінен тәлім алған, өзінің қалам жігері мен пайы -
мын, әдебиеттің шынайылығын әспеттеуге, ардақ-
тауға арна ған батыл да сергек сыншының парасат 
білігін ғылы 
ми таныммен үстемелеген әде 
биетші 
ғалымның, жана 
шыр ұстаздың бүкіл бол 
мысы 
«Өмірдің көктеміне ға 
шық болып» атты жинақ-
тың – басты күретамыры, бас ты артериясы болып 
табылады.
Көз жеткізгілеріңіз келсе, оқып көріңіздер. Еш-
қан дай  өкінбейсіздер…
Сенбесеңіздер, оқып көріңіздер. Ешқан 
дай 
өкінбей сіздер…
Жинаққа Әуездің, Әуез Бейсебаевтың бозбала 
шағы нан – елі таныған, мойындаған, құрмет теген, 
сыйлаған, ғұмырының соңғы деміне дейін санас қан 
тұсына дейін гі бүкіл шығармашылық жолы – әдеби 
мұрасы жан-жақты қамтылып, хронология лық түрде 
топтастырылған.
Бірді-екілі жекелеген өлеңдері де, бірен-саран 
шағын әңгімелері де, журналистік сапарда жүріп 
жазған әр 
алуан очерктері де, әралуан сұхбат 
тары 
да, әралуан көр 
кем эсселері де, әралуан рецен-
зия 
лары мен шолулары да, әдеби көркем сынның 
әрқи 
лы проблемаларын сөз ет 
кен мақалалары да, 
әдебиетіміздің тарлан қайраткерле рі туралы жазыл-
ған мөлтек портреттері де, яғни бәрі-бәрісі мен Әуез 
Бейсебаевтың қаламынан ғана туған 
мын деген 
жалқы сипатты, өміршең де өршіл кейіп тегі қанағат-
шылдықты, өмірдің көктеміне ғана ғашық бол ған 
романтикалық болмысты, сөйте тұра барлық нәрсе-

199
ге реалистік көзбен қараған қарапайым парасат ие-
сін көрсетеді.
Жинақтағы дүниелердің әр жылдары жазыл-
ған мен, бірден сіздің ой-сезіміңізді баурап алатын 
қасиеті – мейлінше шыншылдығында. Ақын 
дық 
жаратылыс 
тың тазалығында. Өмірдің көктеміне 
ғашық жанның іңкәр шіл пәк мұратында.
Әуездің бұл дүниелері өзінің осындай болмы сы -
на байланысты небір ғажайып сырларды бүкпесіз 
ақ тарып салатыны және мұнысын дәл өзіңізбен дәл 
б үгін ай тып, көңіл-хошын білдіретіні сізді ешқан дай 
бейтарап хал де қалдырмайды.
Мәселен, Кененбай Қожабеков, Зейнолла Қабдо-
лов, Сырбай Мәуленов сияқты ақиық тарлан дары-
мыз дың өмір жолы, шығармашылық тұлғасы жөнін-
дегі және бас 
қа әралуан туындыларын айтсақ та 
жетіп жатыр.
Сондықтан шығар, осынау жинақтың өнбойын-
да ғы әралуан көркем дүниелердің әралуан жанрда 
жазылғаны на қарамастан, бәрі-баршасы біз білетін 
немесе біз біл мейтін Әуезді, бәріміз жетік білетін не-
месе бәріміз аз-кем білетін Әуезді, Әуез Бейсе баев-
тың тек өзіне ғана тән да ра келбетін, дара бол мысын 
әрқашан объектілеріне – ғашық жүрекпен, ғашық 
көзбен, ғашықтықпен, яғни тек ғашық қалам мен тым 
етене жақындатып, тым етене іріленді ріп көрс е тетін 
құпия сырлары жеткілікті деп білемін.
Бұл орайда, кітаптың кез-келген бөлігіндегі кез-
кел ген дүниесіне, кез-келген парағына көз жү гіртіп 
көрсеңіз де жеткілікті.
Көз жеткізгілеріңіз келсе, оқып көріңіздер. Ешқан-
д ай  өкінбейсіз.
Өйткені, бұл жинақтың әрбір дүниесінде өмір  дің 
көк теміне, ғашық болып өткен жанның – Әуездің, 

200
Сайлаубек Жұмабек
Әуез Бейсебаевтың ғана жүрек дүрсілі сол қал пында 
әлі дүрсілдеп тұр…
Өйткені, өмірдің көктеміне ғашық жан 
ның – 
Әуездің найзағай жарығындай әрқашан көз алдыңа 
осылайша келе тініне бір сәт шын өкінесің…
Солай бола тұра, өмірдің көктеміне ғашық 
жанның – Әуездің өз замандастарымен немесе өз 
оқырмандары ның әр буынымен кездескенде, най-
зағайдың жарығын   дай әрқашан көз алдына келеті-
нен кәміл сенесің, сенесің де, пенде ретінде тағы да 
бір кәміл түрде қанағат етесің…
Сонда ғой деймін, бозбала ақынның – Әуездің, 
талантты журналистің – Әуездің, батыл да сергек 
сын ш ының – Әуездің, білік-парасаты мол ғалым-
ның – филология ғылымының кандидаты, доцент 
Әуез Бейсе 
бевтың, жанашырлығы мен қамқор-
лығы ақтары 
л 
ған ұстаздың – Әуез Бейсебае 
в-
тың бүкіл  
жан-дүниесі, аңқылдаған болмысы бір 
тыл 
сым құдіреттің арқасын 
да «Өмірдің көкте-
міне ғашық болып өткен» азамат Әуез Бейсе баев-
тың іңкәр жүрегінен алуан-алуан өріс алып, өзіне 
және өзгелерге шуақ шашып, тіршілік дарыт 
қан 
артериясына, соның әрі ғаламат, әрі өксігі мол дүрсі-
лі не айналып кеткеніне куә болғанымыз ғана орны 
тол мас өкініш екен…
Қайран, Әуез!
Әттең Әуез!
Неге сонша асықтың екен!..
«Өмірдің көктеміне ғашық болып» атты жинақ-
тың бү кіл өнбойы осылайша өксіп, осылайша дүрсіл-
дей тін  сияқты…
12 ақпан, 2001 жыл 

201
хаттар, хаттар...
Ассалаумағаликум, шыңғыс аға! Сіздің 70 жыл -
дық мерейтойыңыздың әлемдік деңгейде – Париж-
де және Тәуелсіз Мемлекеттер Достасты 
ғында 
– Москвада аталынып өтуі зор мақтаныш екенін 
айтып жатудың артық болатынын сіз өзіңіз жақсы 
білесіз. Енді Біш кек пен Алматыда болатыны Сіздің 
суреткерлік ерлігіңіз  ді паш ететін ұлан ғасыр көр-
кем тойда қолыңызды алып, кең құшағыңызда тұр - 
 ған ға  не  жетсін!?
Бұл хатты тек бір өзіңізге жазып отырған ініңіз 
Сайлаубек Жұмабек қой. 1986 жылы «Жан пида» 
(«Плаха») романы бойынша Кеңестер Одағын-
дағы тұң ғыш мақаланы «Қазақ әдебиеті» газе тінде 
жарияланға 
нын кезінде «Литературная газета» 
редакторының бірін ші орынбасары Юрий Владими-
ровичке телефонмен ай 
тып қуанғаныңызды бі-
лемін. Сол кезде Бішкекке қасыңыз да отырған ме-
нің төбемнің көкке екі елі жетпей қалға нын айт сам, 
мақтанды деп ойламаңыз. Енді айта беру ге бо лады 
ғой деймін.
Мұнан соң да «Шыңғыс ханның ақша бұлты» 
«Белое облако Чингисхана» туралы да мақала жаз-
дым. Сіз дің қырғыз тілінің тағдыры мен бо ла шағы 
жөнінде жаса 
ған атақты баяндамаңызды ауда 
рып 
«Жалын» журналын да жарияладым.
«Шыңғыс ханның ақша бұлты» атты шығарма-
сында ғы табиғат перзенті болып табылатын адамға, 

202
Сайлаубек Жұмабек
яғни адам болмысына ажал жоқтығы, адамзат 
ұрпағын ешқан 
дай жарлықпен шектеуге, тоқта-
туға болмайтындығы ав 
тор философиясының бір 
күретамыры. Жарлық барысын 
да Шыңғысхан 
әскерінің құрамындағы бір жауынгер мен бір әйел 
дүниеге перзент әкелгені үшін жазаланады. Өйт  кені, 
бұлар Шыңғысхан жарлығын бұзғандар еді. Олар-
дың махаббаты бұған көнген жоқ. Сөйтіп, нәресте 
құ лан аман қалып, адамзат ұрпағының тірші лігін 
жалғастыра береді…
Ал «Тавро Кассандры» атты романыңызда ке-
рісін 
ше табиғат перзенті болып табылатын адам-
ға, яғни адам болмысына зорлық жоқтығы, адам-
зат ұрпағын еш 
қан 
 
дай жасанды жолмен жалғас-
тыруға, жоспарлауға бол 
майтындығы суреткер 
философиясының бір күре тамыры. Жасанды ұрық 
арқылы пайда болған адам 
да табиғи жаратылыс, 
табиғи болмыс, табиғи тіршілік болмайтыны белгілі. 
Жасанды адам тек жабайылық тың, содырлық тың, 
жауыздықтың, зұлымдықтың қолшоқпа 
ры ғана 
болады. Онда тек соқыр фанатизм ғана бар. Ол тек 
соқыр түйсіктердің, жасанды түйсіктердің ғана құ-
лы. Ғалым Андрей Крыловтың бүкіл еңбегі осындай 
жасан 
ды адамдарды – робот адамдарды дүниеге 
әкелу.
Адам және табиғат өзінің жаратылысын дағы бол-
мы сынан айнымауы керек. Адам мен табиғат ара-
сын да ғы мәңгілік үйлесімді Шыңғыс хан жар лығы 
да, аталмыш ғалымның ғылыми ғұмырын жұмсаған 
жасанды адам дар да бұзуға тиіс емес.
Мұның екеуі де антиқұбылыстар яғни құдай сыз-
дық, мәңгүрттік сияқты қасіреттер…

203
тілеуханға
Суреткер Шерхан Мұртаза міне, енді кешегі өзі 
басы 
нан өткерген кезең туралы шығарма жазуға 
қайта орал ды. Соның нәтижесінде «Ай мен Айша» 
роман-дилогия сы (2000 жыл) дүниеге келді.
Автор романның жолашар сөзінде:
Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.
Түсімде күн сайын Мың Бұлақ кіреді.
Түсімде ылғи Ақсу-Жабағылыны көремін.
Түсімде ылғи туған үйімді көремін.
Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұратаза түсіме сирек 
кіре ді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. 
Елесі еміс-еміс қана. 
Егде тартқанда, бүгін көргенің ертең естен 
шығады..
Ал енді бала кезде көргенім, естігенім бүгінгі дей 
әлі есімде.
Ендеше текке күшене бермей, соны неге 
жазбаймын?
«Ата-бабамның, Айшаның аруағы жар бола көр!» 
– деп қолыма қалам алдым» – дейді.
Міне, осыдан кейін роман басталады.
Сен де жазушымен бірге, алпыстан асқан Шерхан 
Мұр 
тазамен бірге оның туған жеріне, бала 
лық 
кезеңі не қайтадан аттанасың.
Роман – бір қарағанда өмірбаяндық роман бо-
лып көрінеді. Шығарманың бас кейіпкері – Айша, 
автор дың анасы. Туынды бірінші жақтан баянда ла-

204
Сайлаубек Жұмабек
ды. Баяндау шы – Барысхан. Барысхан – автор д ың 
өзі. Осынысы 
на қарамастан, бір отбасы тіршілігі-
нің, балалық шақ өте тін тұтас бір кезеңнің көркем-
айнасы.
Екі кітаптан тұратын «Ай мен Айша» роман-
дилогия 
сы автордың анасына қойған ғажайып 
көркем ескерткіші.
Егер анасы – Айша болмаса, Шерхан Мұрта за-
ның жазушы болмауы және қазақ әдебиетінің осы 
роман-монологта азды-кем талданатын бірта 
лай 
туындылар дан тұратын көркемдік олжаға кенел меуі 
басы ашық жәйт екенін осы роман-дилогия анық 
дәлелдейді.
Ардақ тұтқан жары Мұртазадан тірідей айы-
ры 
лып, «халық жауының» әйелі атанып, үш пер-
зентін «қанатты ға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтыр-
май» тәрбиелеп, ел қатарына қосқан Айшаның 
бүкіл тіршілігіндегі аза 
бы, шын мәнінде, Шерхан 
Мұртазаны жазушы еткен демес ке шараң жоқ.
Егер Шерхан Мұртаза жазушы болмаса, біздер 
туын дыдағы Айша мен Барысханның өмірінен не 
білер едік?
Үш перзенті үшін ешнәрседен тайынбаған, 
кеше 
гі кеңестік дәуірдің сонау 17-жылдарынан – 
87 жылдары 
на дейінгі тіршілігін көзімен көріп, 
басынан кешкен Айша тәрізді алып ананың тұң ғиық 
тағдырына бала шағы нан куә болған Барысхан ның 
кейіннен Шерхан Мұртаза 
дай суреткер бо 
л 
мауы 
әсте мүмкін емес еді.
Роман-дилогия зергер суреткер қолынан шық-
қан ғажайып моншақтың жүгерідей інжу-маржан 
тастары тәрізді мөлтек әңгімелерден түзілген. Ал 
осынау мөлтек әңгімелер тіршіліктің небір күнгейі 
мен теріскейін, шуағы мен көлеңкесін; қуаны 
шы 

205
мен қайғысын, мейірі 
мі мен қаталдығын; шапа-
ғаты мен озбырлығын, адалды 
ғы мен қараулы-
ғын; иманы мен күпірлігін, алғысы мен қарғысын, 
адамдығы мен айуандығын, кісілігі мен кісә пірлігін, 
жомарттығы мен сараңдығын және тағысын-та 
ғы 
жан-жақты көріністерін сәулет өнерінің ғажайып 
мозайкасындағы немесе витраж-коллаждарын дағы 
сиқы 
ры мол інжу-маржан моншақтың жүгері 
дей 
тастарына молы  нан дарыта білген.
Жүгері дәндеріндей мөлтек-мөлтек әңгіме 
 
лер-
дің ғажайып мөлдірлігінен Әдия, Зиба, Сәли, Қали, 
Қамқа, Ноха, Әміреқұл, Саид Ақбар қожа, Қыр ғыз 
ата, Тасбет жә н е тағы басқа талай-талай адам дар  дың, 
жандардың тірші лігі қаз-қалпында шынайы көрін е-
тіні таңғалдырады.
Жүгерідей інжу-маржан мөлтек-мөлтек әңгіме-
лер 
ге бүкіл тіршіліктің, бүкіл тағдырдың барша 
қыр-сырын бүкпесіз әрі көркем сыйдыра білу сирек 
шебердің, бүр ге тағалай білетін ғажап ұста-ісмер-
дің, біртуар суреткер дің ғана қолынан келетін құді-
реті. Реалистік мөлдір  лік қуатынан болса керек, осы-
нау дилогиядағы қанша ма адамдардың тағдыры бар 
болмысымен көз алдыңа қаз-қалпында келе қояды.
Суреткер Шерхан Мұратаза өзінің анасына деген 
пер зенттік сүйіспеншілік парызын орындау арқы лы, 
қазақ әдебиетіндегі ғажайып аналар галереясына – 
Айша тәріз ді алып ананың көркем бейнесін, ғала мат 
тұлғасын қос ты деп білеміз.

206
Сайлаубек Жұмабек
қымБатты ГерольД карлович!
Сіздің қай жағынан алса да, жалқы досыңыз Асқар 
Сүлейменовтың Геке дейтін ілтипатымен айтсақ 
та не месе қаламдас ініңіз ретінде Гер-аға, десек те 
жарасып жатады. 
Сіздің жаңа романыңызды оқып шыққан соң, 
өзіңіз 
дің жүйрік, әсіресе күлік талантыңыз ту-
дыр 
ған туынды 
ның оқырман көкірегіне қалдыр-
ған талғам-толағайы мол әсерлер жайында өзім-
нің жүрегім 
нен өткіздім. Сіз 
дің жан-сыры 
ңызды 
қалай түсі 
ніп, қалай қабылдағаным 
ды бүк 
песіз 
жеткізгім ке 
леді. Бір орайда, қатардағы оқу 
шы-
ңыз ретінде, әсі 
ресе сіздің шығармашы 
лы 
ғы-
ңыз 
ға үнемі сүй 
сі 
ніп жүретін қаламдас ініңіз 
ретінде осы хат арқылы сырласып сыр шерті су деп 
ұйғаратыныңыз 
ды кәміл сене отырып жеткізгім 
 
келеді.
Ең әуелі Гер-аға, бұл романыңыз кешегі кеңес-
тік дәуір зұлматының арқасында советтік неміс-
тердің басы нан өткізген зар заманын – кер зама-
нын, өзегіңді өрт жалғаған емес-ай, өрт жал ма  ған 
запыранның химия 
лық, физикалық, қоғам 
дық, 
саясаттық анализін көр кем тұрғыда суреттепсіз.
Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» поэтика лық жоқ-
тау ын қазіргі проза тілімен айрықша өткір, мей  лін ше 
шынайы бейнелепсіз.
Одан бері де ұлы ақын Махамбеттің:

207
Ау қызғыш құс, қызғыш құс,
Сен де айрылдың көліңнен,
Мен де айрылдым жерімнен, –
деген жыры еске түседі.
Одан бері де өзіңіздің досыңыз, ұлы замандасы ңыз 
Асқар Сүлейменовтың кезінде «Парасат» журналы-
нан тапсырыс берген «Зар» атты эссесін осы романы-
ңыз арқылы орындапсыз ғой.
«Ой түбіндегі асыл сөз
Шер толқытса шығады» –
деген Асанқайғы бабамыздың даналыққа толы афо-
ризмін Сіздің осы романыңыз толық растайды.
Кешегі кеңестік дәуірдің барша жақсылық 
 
тары 
пенде атаулыны тәубеге келтіріп, асқақтата оты-
рып, әлеумет 
тік ұшпаққа шығарса, жеті қат көк-
тің тө 
ріндегі тақ 
қа көтерсе, кейде осының бәрін 
еріген қар д ай етіп, құмға сіңіріп, пенде атаулы ны 
қорландыра отырып, әлеумет тік құрдымға, жеті қат 
жердің ас тына көміп жіберіп, түк болмағандай тұн-
шық тыратын  зұлматты  соншама  жоқ қа  шыға ра тын 
әлеуметтік әділетсіздігін тарих ешқашан жасы 
ра 
алмайды екен.
Гераға, сіз өзіңіздің бірде немісше, бірде орыс ша, 
ең бастысы, әрқашан қазақша ой жүйесімен, қа-
зақы ұғымдағы құнарлы қаламыңызбен бір миллион 
неміс 
тің кешегі советтік әріден алсақ, ре 
сей 
 
лік 
немістің – тұта с бір неміс атты ұлттың, бірің ғай 
топтасқан неміс философы ның – тұтас бір не міс 
атты этностың әлеуметтік-рухани тұрғыда жой ылуы 
тарихының, онсыз да шілдің тезегін дей шашырап, 
әр жерде емге қалған ұлы халықтың басында ғы он 


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал