Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



жүктеу 8.91 Kb.

бет13/21
Дата09.01.2017
өлшемі8.91 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

165
жалғыз фотографиясы ғана сақталға 
ны белгілі. 
Осының өзі-ақ парадокс емес пе? Ал, сурет Қа-
зақ Совет Энциклопедиясының оныншы томын-
да (466-бет) орын алған. Ерболат Сүгір бейнесін 
салу үстінде осы фотографияға сүйенген және дәл 
жеткізген. Әрі дәл, әрі өзгеше. Кескіндегі дәлдікті 
Ерболат өзінің творчество 
лық қиялымен байы 
та, 
толықтыра, келістіре бере біл 
ген. Айырмашы 
 
лық 
та осы арадан өрбиді, өйткені Сү гір музыкасы  нан 
өзінің сезінгендерін бояу арқылы беру  ге көп күш, 
қажыр-қайрат жұмсаған. Сүгір күйлерінің мә  ні мен 
мағынасын әркім өзінше түсінеді. Ерболат та күйші 
творчествосына деген өз көзқарасын, өз сүйіс пен-
шілі гін бояулар арқылы жеткізуге тырысқан және 
көзде 
ген мақсатынан толық шыққан деуі 
мізге 
болады. 
Сондықтан шығар, оның картинасының өн бойы-
нан күйші туындыларындағы тоғыз тарау соқ-
пақ сораптар мен қатпар-қатпар тыныс-тіріші 
лік; 
шуақ пен шер; күрделі де күрмеулі көп өмір мен 
қамшы сабындай қысқа ғұмыр 
дың өзара қарым-
қатынасы немесе ара салмағы; же 
тім құлын мен 
перзентінен айрылған пенденің кертол 
ғау сыр 
ла-
ры; яғни бір сөзбен айтсақ, күйлердің музыка  лық 
әрі философиялық атмосферасы толық сезі 
леді. 
Күй мен живопись арасындағы көзге көрінбес мета-
фора лық ассоциацияның әдемі шешімге ие болған-
дығына тағы да бір куә боламыз. Сондықтан шығар, 
Ерболат картина 
сындағы Сүгірдің бітім-болмысы 
тым зор. Солай бола тұра, ешқандай күдік-күмән 
тудырмайды. Күйшінің тұлға  сындағы осынау ірілік 
өнер мен талант құдіретінің ірілі 
гінен зор тірек 
алып тұрғаны және кәміл. Осыдан шығар, сурет ші 
салған Сүгір бейнесін біздер, көрермендер де жа-
тыр 
қай алмаймыз. Картинаның баурап алатыны 

166
Сайлаубек Жұмабек
сон ша, біздер де күйші бейнесін нақ осылай елес те-
теміз. Шығарманың ең басты көркемдік жетістігі де 
осынысын да болса керек. 
Полотноның артқы планында муза тәңірясы 
-
ның өнер иесіне домбыра ұсынып тұрған символи -
касы бар. Бұ 
лар бұлдырлау қалыпта берілгенмен, 
ишара ретінде көп нәрсені меңзейді. Өте нәзік бай-
ла  ныс, өте нәзік тұспал бар. Сондықтан шығар, осы-
нау символика картина 
ның өнбойындағы фило-
со 
фиялық контекст пен мазмұн 
ның шырайлығын 
тереңдете түскен.
Суретшінің «Жазушы Шыңғыс Айтматов», «Күй-
ші, ха лық композиторы Сүгір», «Ардагерлер ара сын-
да», «Есі гі ашық қызғылт бөлме» атты төрт кар ти-
насы жас живописшілердің 1985 жылы Болгарияда 
өт 
кен халық 
аралық көркем-конкурсында диплом 
алуы сүйсінуге тұрар  лық табыс, әрі бейнелеу өнерін-
дегі ұлттық мектеп тер өкіл дерінің халықаралық аре-
наға шығуының, сол ұлт тық мектептердің кемелдік 
кәмелетінің тағы бір айғағы емес пе? 
Ол өз шығармаларының барлығында дерлік Өмір, 
Адам, Қоғам, Табиғат тәрізді төрт қанатты бірлік 
шаңырақ 
тай тұтас дүниені суретшілік зердемен 
бейнелеуге ұмты 
лады. Өзінің азаматтық көз-
қарасын жасампаздық рух пен суарып, ұлы шебер-
ліктердің тәжірибесінен тірек тауып, шыңдауы 
басым. Сондықтан шығар, жаңа дәуір тыны сы мен 
фило софиясын әрі сыршыл, әрі тұңғиық бояулар-
мен жеткізу жолында Рембрант, Эль Герко, Делакруа 
тәріз ді ұлы алыптардың хас шеберлігін суреткерлік 
көкіре гі нен елеп-екшеп өткізуге, шығармашылықпен 
пайда лану ға тырысқан байсалдылық мол. 
Жас суретшінің Диего Ривероға арнаған «Азат 
дүние 
 
нің сиқы» атты триптихы оның әлемдік, 
жалпы адамзаттық өткір мәселелерге суреткер 

167
көзі мен қа рай білген күрескер позициясын айқын 
таны тады. Қазір гі заманның әрқилы тыныс-тір шілі-
гіне әлеуметтік әрі сыншыл көзқараспен жіті үңілу 
картинаның реалис 
тік шоқтығын арттыра түс-
кен. Бір қарағанда, триптихта 
ғы нәрселердің бәрі 
ежелден белгілі тәрізді. Сонда да мақсатын, айқын 
позициясын, ауқымды дүниелері 
нің молая түсуін 
қуана, қол соға құптауға тиіспіз. Әлем 
 
нің бүкіл 
проресшіл жұртшылығы ең алдымен бейбіт 
ші 
лік 
үшін, сонан соң ғана жұмыссыздық, аштық жай-
лап алған әлеуметтік теңсіздікке қарсы жұмыла кү-
ресіп отыр. Гуманистік мұраттарды көздейтін шы-
найы таланттар дың шығармаларындағы азаматтық 
поэзия әрқашан айқын. Самарқаулық пен сел қостық 
кез келген адам үшін де адамгершілік но 
рмалар 
тұрғысынан жат екен ді гі мәлім. Ал, өнер адамының 
самарқаулығы мен селқосты ғы қылмыспен барабар. 
Мұның өзі түптің түбінде кім-кімді болсын аяусыз 
әшкерелейтін шындықтың өзі десек, он да Ерболат 
«Азат дүниенің сиқы» атты триптихында өзі 
нің 
дүние-таным көзқарас ауқымын кеңейте түскен. Со-
ған лайық өнер шебері ретінде де пісіп жетілген деп 
то лық айта аламыз. 
Ерболат Төлепбаев шығармашылығын бір ма-
қала ның көлемінде тұтас қамту мүмкін емес. Жас 
сурет ші нің туындылары әралуан көрмелердің шы-
райын шыға 
рып жүрген қомақты әрі ауқымды 
дүниелер. Сондық тан болар, қалың көрермен қауым 
да ендігі кезең де Ерболаттан қазіргісінен де кемел 
шығармалар күтеді. Меніңше, суретші Төлепбаев 
қазір өрлеу, түлеу үстін дегі тынымсыз жан. Сурет-
ші палитрасына қызмет ететін қор да, құралдар 
да мазмұн да жеткілікті тәрізді. Тек шеберліктің 
шыңына талмай ұмтыла түсу қажет. Яғни, оның 
еншісіне Эжден Делакруа айтқандай, шығарма  ның 

168
Сайлаубек Жұмабек
ішінара кездесіп қалатын әлсіз тұстарын білдір меу 
мінде ті тиіп отыр. Мұндай сенімге, мұндай абыройға 
Ербо лат Төлепбаевтың таланты мен еңбекқор лығы 
жеткізіп отыр десек қателеспейміз. 
Әлбетте,осы арада айта кететін ортақ бір жәйт, 
ұлттық мәдениетімізде өнертану сынның алатын 
орны ерекше. Ал, осы өнертану сыны мен өнер сын-
шылары жоққа тән. Біздің өнер қайраткер 
леріміз 
өздерінің шынайы баға сын көбіне орталық баспа-
сөзден алып жатады. Өнертану сыны ның жағ дайын 
жақсарту үшін Қазақстан Суретшілері одағы бей-
нелеу өнері туралы баспасөз бетінде шыққан әралуан 
материалдарға жыл сайын сыйлық беруді қол 
ға 
алып, дәстүрге айналдырса, (Мұндай үрдіс Қазақс-
тан Кинематографистер одағында бар) игі еді.
Алматы көркем сурет театр институтында өнер-
тану мамандарын даярлайтын бөлім ашу қажет. 
Мәсе 
лен, Ерболат Төлепбаевтың дербес көрмесін 
қазір дің өзінде-ақ ұйымдастыруға да, жеке альбо-
мын шығаруға да болады. 
Сөз соңында айтарымыз, Қазақтың Абай атын-
да 
ғы мемлекеттік педагогикалық институтының 
көркем су 
рет-графика факультетін 1977 жылы 
бітірген жиырма екі жастағы жігіттің қазірге дейін 
яғни отыз бір жасына дейін тындырғанын авиация 
терминіне сүйеніп білдірсек: «на 
ғыз тік шырқап 
ұшу» болды деуге әбден болады. Қазақс тан Ленин 
комсомолы сыйлығының лауреаты, суретші Ер-
болат Төлепбаев өнер сүйер қалың қауымды, ұлттық 
бейнелеу өнерімізді небір дастан – полотно лары-
мен, күй 
лі-мұңлы бояулар иірімдерімен қуанта 
 
береді деп сенеміз. 
Наурыз, 1986 жыл

169
қазақы Бояулар әуені
Көрнекті суретші Тоқболат Тоғысбаевтың дүние-
ден озғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Бұдан 
аттай он жыл бұрын атақты қылқалам шебе рі нің 
50 жасқа то 
лу мерейтойы кезінде Оңтүстік өңі-
ріне, оның туған же рі – Төле би ауданына, Қас қасу 
ауылына Алматыдан бір-екі вагон суретшілер мен 
қаламгерлердің барғаны әлі жадымызда...
Кейде шеберханасына күн аралатпай шақы ратын, 
ал базбірде шеберханасына апталап-айлап шақыр-
май қоятын Тоқболат ағаны ауық-ауық сағы нас ың... 
Мұндай да жүрегіңнің сағыныштан қалайша сыз дап 
кеткенін өзің де сезбей қаласың...
Егер көзі тірі болса, көрнекті суретші, қазақ 
бейнелеу өнерінің тарихындағы бір ұстын – бір 
тіреу туындылары арқылы көкірек-көкейімізде әрқа-
шан дүрсілдей со ғып, жұмсақ үн қататын Тоқболат 
Тоғысбаев биыл 60 жас қа толған мерейтойын атап 
өтер еді... Біз де сол бәз-баяғы кө не Оңтүстік өңіріне, 
оның туған жеріне – Төле би ауданына, Қасқасу 
ауылына Алматыдан бір-екі вагон суретші лер мен 
қаламгерлердің арасында өзімен бірге барар едік...
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер 
қайрат кері Тоқболат Тоғысбаевтың туғанына 60 жыл 
толуына орай, суретшінің туған жерінде ас берілді. 
Мектепке есімі беріліп, ескерткіш ашылды. Осын дай 
игілікті істердің басы-қасында белгілі қоғам қайрат-

170
Сайлаубек Жұмабек
кері, Мәжіліс депутаты Қуаныш Төлеметұлы аға мыз-
дың жүргенін атап айтқан дұрыс. Осылай бола тұра 
сурет  шінің дербес мерекелік көрмесінің Алматы да 
ұйым дастырылмағаны  өкінішті...
Тоқболат аға әуелден-ақ ірі еді... Енді міне, арада 
жыл 
дар өткен сайын Тоқболат аға мейлінше ірі-
леніп, мейлін 
ше зорайып келеді. Кешегі Кеңестік 
дәуірдің өзінде-ақ ғұмыр бойы ұлттық дәстүрді, 
ұлттық болмысты қазақы бояулар әуенімен нақыш-
таған, қазақы бояулар әлемі мен көркейткен, яғни сол 
арқылы бүкіл қазақы тіршілік ті осылайша дербес 
үндестікпен жырлап келген Тоқбо 
лат Тоғысбаев 
болатын. Ол осының арқасында еліміз 
ге жар 
қы-
рап келген Тәуелсіздік дәуіріне дайын бола 
тын. 
Оның тәуелсіздікке деген құштарлығы мен аза мат-
тық қайраткерлігі суреткерлік бояулары мен қа-
рымы арқылы әріптестерін ғана емес, қалың қауым-
ды да қай 
ран қалдыратын. Ерекше әрі өте-мөте 
сүйсіндіретін.
Атақты қылқалам шеберінің тарихи арманы небір 
ұйқысыз түндердің аламан шабысына нәр берді, құ-
нар берді. Соның нәтижесінде, сіздер мен біздерге 
Тари хи шындықтардың, Тарихи аңыздардың нақты 
болмы сы ретінде, бейнесі ретінде қазақ өнеріне Төле 
би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді ұлы тұлға лардың 
жасампаз портрет тері келді.
Осынау үш бидің портреттері – атақты қыл-
қалам шебері Тоқболат Тоғысбаевтың қазақ бей-
нелеу өнерін де гі бүкіл еңбегі мен өзіне тиесілі орнын 
мейлінше айқындап берді десек, артық емес.
Тарихтың өзі Тоқболатқа мұндай сыбағаны дер-
бес несібе ретінде еншілеп берді және мұның өзі ға-
жайып заңды түрде жүзеге асты десек, әсте артық 
емес...

171
Тарихтың өзі Тоқболатқа осынау үш портрет тегі 
дер 
бес үрдісті мәңгілік несібе ретінде меншіктеп 
берді жә не мұның өзі ғажайып заңды түрде жүзеге 
асты десек әсте артық емес...
Көрнекті суретші Тоқболат Тоғысбаевтың бұдан 
бұрынғы бүкіл еңбектерінің шынайы тарихи қоры-
тын ды сы, шынайы тарихи тәжі, сөз жоқ, осынау үш 
портрет болып табылады.
Ал, осынау үш портреттің төңірегінде қаншама 
кере ғар пікірлер туды...
Ал, осынау үш портреттің төңірегінде қым-қи-
ғаш әрі не ше алуан қабылдаулардың, бағалаулар дың, 
теріс ке  шыға  ру шылардың,  жоққа  шығарушылар дың 
болғаны да жасырын емес...
Өнердегі тұңғыш нәрсенің, тың қадамның та лант-
ты туындының танылуы ешқашан оңай да, жеңіл де 
бол ған емес. Бұған нар төзім, нар қайрат, нар мінез 
керек. Мұның бәрі атақты қылқалам шебері Тоқ-
болат Тоғысбаев тың бойында әуелден бар болатын. 
Бірақ, суретші өзінің осынау табиғи болмысын еш -
қа шан арзан пайдаланып көр ген емес. Қайта кері -
сінше, тари хи әділдікке се ніп, тома ға-тұйық қалыпта 
тер төге еңбектенумен шұғылдана 
тын, жұба 
 
на-
тын. Міне, осы тұста сол кездегі «Егемен Қазақ стан» 
газе ті нің бас редакторы, Халық жазушы сы Шерхан 
Мұрта  за ның  суретші  Тоқболатқа  жан-жақ ты  қолдау 
көрсет ке нін әдеби-мәдени жұртшылық жақ сы біледі.
Үш ұлы би туралы әлеуметтік тапсырыстың өзі 
әу бас та осы «Егемен Қазақстан» газетінен болатын. 
Көрнек ті суреткер Шерхан Мұртаза өнердегі әріп тес 
інісі – көрнекті суретшінің өзін ғұмыр бойы буып 
келе жат қан асыл ойларының құлағын ашуға тіке лей 
мұрын дық  болды.

172
Сайлаубек Жұмабек
Міне, осынау тарихи себеп, тарихи түрткі сурет-
ші Тоқболат Тоғысбаевтың қылқаламынан үш ұлы 
биіміз дің портретін дүниеге әкелді. Төле би, Қазыбек 
би, Әйтеке би портреттерінде қазақ халқының 
ұлттық болмы сы; ұзын тарих көшіндегі күрес тері мен 
ұмтылыста ры; шынайы жаратылыстары мен ерек-
шеліктері өмір дің өзіндей қарапайым көрініс тапқан. 
Суретші Тоқбо лат Тоғысбаев қылқаламы ның басты 
табысы да, басты же ңісі де осынысында.
Үш бидің үшеуі де бір қарағанда, өзіміздің ата-
лары мыз сияқты. Момын. Монтаны. Қайсар. Дана. 
Абыз. Батыр. Күрескер.
Үш бидің үшеуі де енді бір қарағанда, мүлде 
ерекше, мүлде сұлу, мүлде ойлы, мүлде қайсар, мүлде 
жігерлі, мүл де мейрімді, мүлде қаһарлы.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би портрет-
терінде сайын Сарыарқаның, кәрі Қаратаудың, 
асқақ Алатаудың, асау Атыраудың табиғи бол  мыс-
тары, тарихи тыныс-тірші лігі айқын танылып, өте-
мөте сүйсіндіретін құбылыс 
қа, құдіретке, си 
қыр-
ға айналып кеткен сияқты көрі ніп тұрады... Шын 
мәнінде, сол сәулелердің нұры Тоқбо 
лат Тоғыс-
баевтың қазақы бояулар әуенінен, қазақы бояу-
лар әлемінен мен мұндалап тұратынын қай терсің... 
Мейлін ше жұмбақ әрі қарапайым...
Мұншама көзге көрінбес әсерді ешнәрсеге 
айырбас   тай алмайсың, ешнәрсеге балай алмайсың... 
Мей лінше анық әрі тылсым...
Үш портреттің бүкіл көркемдік бітімінде қазақ 
топы 
рағындағы пайғамбарлық парыз бен қасірет-
тің, пайғам барлық даналық пен парасаттың ғажайып 
философия сы жүгін де, нұрын да анық танытады.
Бұған тек бар болғаны, шынайы қазақ қана бо-
лып, шынайы қазақтың ғана көзімен қарап, шы-

173
найы қазақ тың ойымен-қиялымен ғана толықты рып 
барып, өз Төле биі ңе, өз Қазыбек биіңе, өз Әй теке 
биіңе бас июің керек, бас ұруың керек. Әрқашан 
зор мақтанышпен сүйсіне тұ 
рып, қазақтың Тоқ-
болат Тоғысбаев тәрізді атақты қылқа лам ше бе рінің, 
көрнекті перзентінің қазақы бояулары да зама налар 
көшіне әз Төле би, шешен Қазыбек би, өт кір Әйтеке 
би болып баянды сапар шеге беретіні қан дай ға-
нибет, қандай бақыт, қандай ырыс!
Желтоқсан, 2000 жыл

174
Сайлаубек Жұмабек
«шостакович симФонияларының 
тұтқынымын...»
Талантты дирижердың әрбір жұмсақ қимылы, 
емеуріні мен ымы көпшілігімізге қашан болсын 
беймәлім құпия, белгісіз әмір-құдірет, сиқырлы 
төгілген әуез күйінде қала береді. Сегіз қырлы, 
бір сырлы деген жоғары баға 
мыз 
дың өзі шы-
найы дирижердің қасиеттерін айқындау 
ға кел-
генде жетпейтін де тәрізді... Дирижердің кейде 
қас қаққанынан, кейде иек көтергенінен, іле-шала 
болма шы сәт жалбарына, телміре немесе көз жұма 
қалғаны 
нан оркестр де, зал да сілтідей тынып 
мамыражай, күнгей 
лі ләззат шуағына, шарта 
рап-
тан құйқылжыған арман, қиял, сағыныш се зі міне 
елітсе, ал сәлден соң-ақ оның түйіле-шүйілге нінен, 
үсті-үстіне үдеткен нөсерлі-дауыл 
ды, сел-тас 
қын 
қимылынан оркестр де, зал да бойын тез жи нап, 
жігерлілік, төзімділік, қаһарман ерлік көрсе 
ту-
ге өре тұрғандай дүр сілкінсе, мұнан соң арна 
– сабасына түскен дирижердің бірден мүсін боп 
құйылып қалған 
дай, шебер қолдан бітіп, ерекше 
бір сиқырлылықпен оркес 
тр мен залдың тізгінін 
ұстап қалықтағандай тым сырбаз, тым кербез, 
тым шікәмшіл қимылынан дирижер оркес 
трін, 
оркестр дирижерін еркелете аялағанын, өзек 
жар-
ды шынын-сырын тебірене, бүкпей ақтарылға нын 
аңғартса, мұның өзі түптеп келгенде, дирижердің де 

175
оркестрдің де өнер иесі – Халықты, шынайы өнер-
ді, музыканы, ха лық перзентінен адамзат перзенті-
не айналған Композитор ды әлпештегендей, соның 
тылсым құдіретіне табынға нын, сүйінгенін, әрдайым 
қарыздар екенін айқын көрсетеді. 
Бұл Жамбыл атындағы филармония за 
лын-
дағы жар 
қын премьераның әсері. Республикаға 
еңбегі сіңген колек 
тивтердің бірі – Мемлекеттік 
симфониялық ор 
кестр өзінің 46-шы маусымын 
премьерамен бастады. Бұл симфониялық музыка-
ның ХХ ғасырдағы шыңы деп атал 
 
ған Дмитрий 
Шостакович шығармаларының бірі – әйгілі Сег 
і-
зінші симфонияның астанамызда тұңғыш рет орын-
далуы. Дирижері – Қазақ ССР өнеріне еңбегі сің ген 
қайраткер, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сый лы-
ғы мен дирижердың Бүкілодақтық конкурсы 
ның 
лауреаты Тимур Мыңбаев. 
Премьерадан соң дирижерға жолыққаны мызда, 
Сегі 
 
зінші симфонияның орындалуындағы дири-
жерлік табыс тар мен кемшіліктер музыка сын шы-
лары мен маман дарына қалдырылды да әңгіме қа-
зіргі заманғы дирижер лік өнер төңірегіне ойысты. 
Сұрақ: Музыкалық шығармалардағы автор 
лық 
нұс қауларға қалай қарайсыз? Ноталық тексте қан-
дай жағ дай ларда нендей өзгеріс енгізесіз? 
Жауап: Авторлық нұсқаулар әр композиторда, тіпті 
әр шығармада әртүрлі болады. Мәселен, Дмитрий 
Дми  три евич  Шостакович  шығармаларында,  әсі-
ресе, симфо нияларында мұндай нұсқаулар мүмкін  -
дігін ше аз болады. Бірақ мұның өзі дирижерге «ер-
кін дік берілгендік ті» немесе сол авторлық нұс  қау-
лар  шеңберінде  шектеліп  қалу  дегенді  көрсет    пей ді. 
Меніңше шығарманың шырайын көтеретін басты 
сипаттардың қатарына көздеген мақса 
тыңа орай, 

176
Сайлаубек Жұмабек
сол шығарманы нақты орындау үстінде дири  жер лік 
шығармашылық қиялға кең мүмкіндік бере оты  рып, 
сол шығарманың әрі орындаушысы, әрі авторы ретін-
дегі суреткерлікті жатқызуға болады. 
Сұрақ: Дмитрий Дмитриевич Шостакович шығар-
ма 
 
ларына дирижер ретінде көбірек баруы 
ңыздың 
мәнісін айта кетсеңіз? 
Жауап:  Ең алдымен, мұны ұлы композитор 
Д.Шоста кович шығармаларының құдіретінен деген 
абзал. Симфо 
ниялық музыканың ХІХ ғасыр 
дағы 
биігін Людвиг ван Бетховен туындылары белгі-
лесе, ал біздің дәуіріміз 
дің ХХ ғасырдағы асқар 
шыңын Дмитрий Шостаковичтің он бес симфо-
ниясы айқындап отыр. Бұл бүкіл дүние жүзі 
нің 
музыка өнері мойындап отырған ақиқат. Адамзат 
перзенті атанған осынау композитордың шыға 
р-
ма 
лары дәуірі 
міз 
дің шын мәніндегі Музыкалық 
Шежі ресіне айна лып отыр. Осынау заңғар симфо-
ниялық туындылар да, музыка сыншысы С.Якубов-
скийдің пікірінше, музы 
калық романдарда адам-
зат баласының күресі мен жеңістерінің, халықтар 
қозғалысының кең картинасы, ХХ ғасыр адамының 
– замандасымыздың писхология 
лық портреті 
дәл беріліп қана қоймайды, сонымен қатар үстем-
дікке, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы бұғау үзер 
күреске үндейтін, жер бетінде Ізгіліктің, Әділдік-
тің, Теңдіктің, Ақиқаттың сәулесін мол шашаты-
нына сенім ұялататын, жарқын болашаққа талмай 
жетелейтін монументальді фрескалар деуге болады. 
Әлеуметтік-қоғамдық жалпы адамзаттық құбы-
лысқа айналғандық тан болу керек, бес құрлықтың, 
төрт мұхиттың әртүрлі меридиандары мен ендік-
терінде совет композиторы Шостакович шығар-
малары жиі орындалып, әралуан тыңдаушы 
ла-

177
рымен шүйіркелесе тіл табысып жататыны. Алай-
да, менің дирижерлік репертуарларымда совет-
тік және ұлттық композиторлар туындылары да 
сондай-ақ, Батыстың классикалық алуан шығарма-
лары да бар. Соған қарамастан Шостакович шығар-
маларына көбі 
рек ден қоятыным, ондағы әрбір 
фраза, әрбір интонация тұтастай кемел ойға тұнып 
тұрады. Әуен мен әуез 
дің әрбір бояуы, саналуан 
реңкі сол ұлағатты терең ойды жеткізуді көз дейді 
және соған бағындырылады. Бүгінгі Сегі 
зінші 
симфонияның премьерасы – менің дири 
жер 
лік 
етуімдегі Шостакович симфонияларының бесін 
ші 
премьерасы. Бұған дейін Төртінші, Алтыншы, Он 
екін ші, Он бесінші симфонияларының премье расы 
болып өткені өзіңізге мәлім шығар. Жалпы алғанда
Шостакович тің өзге симфониялары да кезінде басқа 
дирижерлер дің жетекшілік етуімен орындал ғанын 
да айта кету керек.
Сұрақ: Сіз дирижерлік интерпретацияның қан  дай 
сипатын жоғары қоясыз? 
Жауап:  Әрине, ең алдымен өзіңді суреткер ре-
тінде сезінбесең, солай көрсете алмасаң онда дири-
жер лік пультте тұрудың қажеті шамалы. Шығарма-
ның ішкі мазмұнын, көркемдік рухани жар қы  рата 
ашу – дирижердің де, оркестрдің де орын 
 
 
дау-
шылық мүмкін 
дігі мен ерекшелігін көрсе 
 
тетін, 
айқындайтын белгі. Әр дирижер мұны, әрине, 
мүмкіндігінше әртүрлі шешу 
ге ұмтылады. Менің 
басты мақсатым, жоғары айтқандары 
ма қоса түс-
сем, орындалатын шығарманың сұлу да ке сек бітім-
болмысын, рухани ләззаті мен құдіретін тап басу 
және соны тыңдаушыларма жеткізе білу. Менің ше
осылай ете білгеніңде ғана сен дирижер ретінде 
ешкім 
ге ұқсамайсың деп ойлаймын. Американ 

178
Сайлаубек Жұмабек
жазушысы Уильям Фольнер айтпақшы, өзгені емес, 
өзіңнен өзің асып түсу ге ұмтылғанға не жетсін. 
Сұрақ: Сегізінші симфонияға қанша репетиция 
жұм сағаныңызды білуге болар ма екен? 
Жауап: Әрине, өзін өзі сыйлайтын дирижер бел-
гілі бір шығармаларды таңдау, оны орындау жолында 
өзі 
нің суреткерлік принциптеріне сүйенетіндігі 
мәлім. Ал, репетицияның саны да, өтуі де сол орын да-
латын  шығар   малардың  табиғатынан,  күрде лі лігінен 
туындап жата 
 
ды. Мәселен, осы Сегізінші симфо-
ния төңірегін де нақ  ты айтар болсақ, партиту раны 
жатқа білуін бы лай қойғанда, оркестрдегі әртүрлі 
аспаптарда ойнайтын музыканттармен жекелеген 
дайындықтарды қоспаған да, яғни, оркестрдің толық 
құрамдағы репетициясының өзі он рет болады. 
Шынын айту керек, репетицияның көбі рек болып, 
көбірек тер төккеннен зиян жоқ. Осылай бола тұрса 
да, премьераның орны бөлек қой. Көздеген ойла-
рың мен мақсатыңның жүзеге асқанын, көкейден 
шыққа нын тыңдаушылардан «ертерек» көргенге не 
жетсін, өйткені сенің шығармашылық ізденістердің 
орнықтыратын да, бағытыңды терең айқындайтын 
да тыңдаушылардың әділ бағасы емес пе. 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал