Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



жүктеу 8.91 Kb.

бет10/21
Дата09.01.2017
өлшемі8.91 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Сайлаубек Жұмабек
тағДыр таразысы – тарихи әДілет 
шынДығы
«Отырардың күйреуі» атты екі сериялы көркем 
фильм – қазақ кино өнеріне жаңа тұрпаттағы 
жас кинорежиссерлердің келгеніне айғақ. Біз осы 
орайда, кинорежиссер Ардақ Әмірқұловты осы 
буынның жар 
қын да қуатты, тегеурінді өкілі деп 
батыл айта аламыз. Өйткені кино өнерінің әлемдік 
бай тәжірибесін үйрен беу, меңгермеу және осынау 
мектептен өтпеу әсте мүм 
кін емес. Алайда, сол 
мектептің «үлгілі шәкірті» күй де қала беру көбіне-
көп балаңдыққа тән. Бірсыдырғы фильм түсіру 
кәсіптік деңгейдегі бірталай адамның қолы 
нан 
келеді. Бірақ бұл библиографиялық көрсеткіштер 
тізімі не ілінгенмен, рухани-көркемдік көкжиегімізді 
кеңей те  қоймайды. 
ХХ ғасырдың аяқ шенінде әлемдік кино мекте бі  -
нен қанаттанып түлеп ұшу, әсіресе, шебер ретінде 
көрі 
ну кемел 
дікке тән. Соңғы жылдардағы қазақ 
кино сы    ның жас өкілдері осыны анық дәлелдеп жүр. 
Мұ 
ның өзі біздің ки 
но өнеріндегі ілгерілеуімізді 
аңғар тады әрі осындай буыннан көп үміттенуге, көп 
сенім артуға, ауыр жүк артуы мыз ға, заңды талаптар 
қоюы  мызға, заңды мүмкіндіктер беру қажеттігіне 
итер ме лейді. Өзінің не бүгінгің, не тари хың туралы 
көркем сыр шерту, шындығыңды ащылы-тәт 
тілі 
күйде, байсалды түрде баяндау талантты шебер лер-

125
дің ғана қолынан келеді. Осындай еңбектері арқылы 
қалың көрерменді иландыру, мойындату, ойланту, 
көркем зерделеуге желеу кәнігі шеберлердің ғана 
маң 
дайы 
на жазылған. Міне, осындай туындылар 
молай 
ған тұс 
та ғана экранның профессионалдық 
деңгейі, көркем дік қуаты артады. Меніңше, кино ре-
жиссер Ардақ Әмір құлов «Отырардың күйреуі» атты 
көркем лентасымен осы ны дәлелдеп шыққан шы найы 
талант, шынайы профес сио нал. Бұл орайда, ол біздің 
кино өнеріміздегі Шәкен Айманов, Сұлтан Қожы-
қов, Абдолла Қарсақбаев сияқты жекелеген сирек 
құбылыстардың заңды түрдегі сапалық көрсет кі ші-
не айналған. Сөйтіп парасат қазынамызды «Отырар-
дың күйреуі» атты парасатты фильмімен толық  тыр-
ған. Бұл – кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың бол-
мы сын заңды түрде мойындау ғана. 
Мәселен, кинорежиссер өзінің осынау екі 
сериялы фильмінде әлемдік киноның – жапондық 
Акиро Кура саваның, шведтік Ингмар Бергманның 
және  тағы  басқа  лар дың  шығармашылық  мектебі нен 
ыждаһатты үйрен гендігін көрсетіп қана қой маған. 
Ол сонымен бірге осы нау озық мектептердің тәлі-
мін ұлттық топырақта өзін ше нанымды түрде жүзеге 
асыра да білген. 
Бұл оның – шындықты тым ширықтыра көрсе-
туде гі режиссерлік көзқарастары мен эстетика лық 
әсерді бе ре білгені толық дәлел. 
Бұған тарихымыздағы Отырар трагедиясын – ха-
лық трагедиясы ретінде көрсете білуін айтар едік. 
«Отырардың күйреуі» – тарихи фильм. Оның 
та рихи деректері мен дәйектері көрермендер тара-
пынан күмән тудырмайды. Кинорежиссер Ардақ 
Әмір 
құлов ХІІІ ғасырдың басындағы монғол шап-
қын 
шылығы 
ның қаншалықты жойқын екендігін 

126
Сайлаубек Жұмабек
қалай терең көрсет се, осынау күлталқан тіршілікті 
тағдыр несібесіне жаз ған халықтың соншама күрес-
кер, ғаламат жеңімпаз екенді гін де соншама терең 
көрсеткен. Өшкеннің жанып, өлген 
нің тірілетін 
құдіреті екендігіне уақыт биігінен қараған да тағы да 
бір көз жеткіземіз. Күйреген Отырардың қайта  дан 
тағы гүлденгенін тарихи құжаттардың талай рас таға-
ны белгілі.
Отырар трагедиясы – халық трагедиясы ретін-
де фильмде аяусыз көріністер шындығымен 
бейнеленген. Империялық саясаттар жер бетінде 
алшаң дап тұрған да, өктемдік жасап тұрғанда, тағдыр 
талқысына аз халықтардың, әрқашан алауыз қан-
дас 
тардың тап бола 
тыны белгілі. Геополитикалық 
озбыр саясаттың өңеші не әрқашан аз халықтардың, 
үй ішінен үй тіккен қандас 
тар 
дың жұтылаты 
ны 
белгілі. «Отырардың күйреуі» ат ты тарихи көркем 
фильмі, міне, осыны тағы бір дәлелдей ді. Тағы бір 
көз алдымыздан өткізеді. Тарих тағлымын тағы бір 
көлденең тартады. Бұл орайда, фильмнің көркем дік 
олжасы әбден жеткілікті. 
Екі сериялы «Отырардың күйреуі» – тым қатал 
фильм. Режиссер эстетикасы өзін-өзі толық ақ-
тайды. Бұл орай 
да суреткерлік темперамент өзін-
дік деңгейін мұқият ұс 
тай да, сақтай да білген. 
Бұған фильмдегі шапқыншылық пен биліктің ыды-
рауы, оның әралуан тарихи себептері, тақ пен ұлыс-
тарды билеу жөніндегі әралуан саясаттардың небір 
қитұрқылары тым қарама-қайшылықты қалпын-
да, тым ширықтырылған күйінде, тым шытырман 
күйінде нақ 
ты көрінуін жатқызар едік. Режиссер 
өзінің суреткер 
лік мұратын қаншалықты аяусыз, 
қаншалықты қатал кадрлардың өнбойында біртұтас, 
түбегейлі күйінде алып шыққан. Дегенмен, кинода 

127
режиссерлі кадрлар эмоция 
сы ара-тұра нақтылай 
түсуді, кейде созылыңқы жәйттер ді шектей түсуді 
қажет ететіні де аракідік байқалып қала ды. Мұның 
өзін шеберлікті шыңдау барысындағы жас 
тық 
шақтары ғана демеске шараң жоқ. 
«Отырардың күйреуі» атты көркем фильмнің 
күмбе зін жарқыратып, биіктетіп тұрған Қайыр хан 
мен барлау шы Інжу бейнесі. Актерлік екі жұмысты 
мейлінше бө лек айту, мейлінше атап айту өзінен-
өзі туындайтын заң 
ды құбылыс. Қайыр хан мен 
барлаушы Інжуді бүкіл фильм нің шешуші арте риясы 
десек, әсте қателеспейміз. Елдік 
тің, азаматтық-
тың символы Қайыр хан мен барлау шы Інжу Отан 
үшін отқа түсетін Қайыр хан мен барлау шы Інжудің 
өмірлері де, тіршіліктері де мейлінше күр делі. Екеуі де 
сайқал саясаттың сорына талай-талай бат қан. Талай-
талай сорлаған. Бірақ та бұлар қаншама қор лық тың 
құрбаны болғанмен, зорлықпен жер бетінен өшіру ге 
келмейтін, болмайтын күрескер, момын халық тың 
төл перзенттері. Елі үшін еңіреген ерлердің халық 
санасы нан өшпейтіндігіне осы екі бейне тағы да бір 
дәлел. 
Қайыр хан ролінде – әртіс Тұңғышбай Жаман-
құлов. Інжу ролінде – қырғыз әртісі Доха Қыдыр-
әлиев. Фильм 
нің мазмұнына, эстетикасына 
сай бұларға ғаламат ауыр жүк артылған. Кино-
режиссердің осы екі актерді таң 
дап алуының өзі 
қапысыздықты танытады. Жас режиссер 
дің үміті 
де, профессионалдық түйсігі мен сенімі де өзін-
өзі толық ақтаған. Сондықтан шығар, осынау 
фильм нің тұтастығын сақтауда, соның бүкіл дина-
микасын күшей 
туде, эстетикасын белгілі бір 
дәрежеде лайықты алып шығуға екі бейненің – 
екі актердің ортасынан зор еңбе 
гі бар. Қазақтың 

128
Сайлаубек Жұмабек
мемлекеттік академиялық театрында ғы белді актер 
Тұңғышбай Жаманқұловтың бұған дейін сахна мен 
экрандағы сомдап жүрген бейнелері әлде 
қашан 
көрермендер көңілінен орын алып жүргені белгі лі. 
Бұл арада біз дәлел тілемейтін сол аксиоманы тағы 
бір қайталағанымызды кемшілік деп санамаймыз. 
Керісін 
ше, мақтаныш санаймыз. Тұңғышбай 
дың 
осы фильмдегі Қайыр хан ролі қазақ киносын-
дағы, актер өмірбаянын 
да 
ғы кезеңдік бейне. Бұл 
бейне – «Қан мен тер» спектаклін дегі Тәңір берген 
рөлі тәрізді соқталы болып шық 
қан. Алқын-жұл-
қыны жоқ, бірақ оның есесіне психоло 
гия 
лық 
қатпарлары, ішкі драматизмі мол, адам баласы ның 
жан-дүниесіндегі алай-дүлей, тоғыз баллдық сіл кініс-
тер толассыз жүріп жататын тұлғаларды шынайы 
бейнелеу Тұңғышбай тәрізді серке актерлері-
міздің парасатты дара қолтаңбасын танытатын әмсе 
сүйсініс, әрқашан таңда 
ныс тудырады. Мәселен 
осы фильмдегі Отырар қорғанысы 
ның басынан 
аяғына дейін, әсіресе тұтқын арбасында 
ғы, азап 
үстіндегі Қайыр хан – Тұңғышбай Жаман 
құлов 
өнерінің кемелдігін мейлінше асқақтата көрсетеді. 
Кәнігі киноактер шеберлігінің тағы да бір жаңа 
асуы ретін де мейлінше көз тартады. Қайыр ханның 
жазалануы тари 
хи фактіден тарихи феноменге, 
тарихи символға көтеріл  ген. Шыңғыс ханның кесімі 
бойынша оның көзіне, мұрнына, құлағына, өңешіне 
балқытылған күміс құйып, азап 
тап өлтірілетіні 
тарихи деректерден нақты мәлім. Қайыр ханның 
осылайша жазалануы фильмде қатал жаза, қа 
тал 
фактіден гөрі тарихи феноменге, тарихи символға, 
көр 
кем ескерткішке көтерілген. Әлеуметтік мәні 
зор, көркемдік қуаты мол Қайыр хан бейнесі – 
Тұңғышбай Жаманқұловтың сомдауында осылайша 

129
кесек, осылай 
ша ірі болып шыққан. «Отырардың 
күйреуі» лентасын да мұның өзі күмістелген маскаға 
айналып шыға келеді. Елін сүйген, жерін жаудан 
қорғап азаппен өлген Қайыр хан, шындығында 
өлмепті. Халық санасында, тарих санасын 
да мәң-
гілік қалып қойыпты. Шынайы перзенттің шынайы 
күмістен соғылған бейнесі. Дүниеге жеті ғасыр-
дан соң, «Отырардың күйреуі» тәрізді көркем 
фильмді келтіріпті. Сондықтан шығар, тағдыр тара-
зысы әрқашан тарихи әділет шындығымен өлше-
неді. Республикамыздың мемлекеттік сый 
лы 
ғына 
ұсынылып отырған «Отырардың күйреуі» сияқты 
фильмнің талай халықаралық фести 
валь 
дардың 
бәйгесінен озып келуі – тарихи әділет шындығынан 
қуат алып жатқандығында. 
 
Желтоқсан, 1992 жыл 

130
Сайлаубек Жұмабек
зәБір мен зауал
«Қасқыр апаны» атты екі сериялы түрлі-түсті 
көр 
кем фильм басталған сәттен құйқа-тамырың, 
жұлын-жүйкең қас-қағым сәтте тіксініп, тыныс-
демің бітіп, экранда ғы әзірше беймәлім кейіпкерді 
оқыстан келген ажал дың өзіне қиғың келмей төбе-
шашың тік тұрады, жан терің шыққандай да бо лады. 
Көз алдыңда көргеніңді сараптауға мұршаң кел-
мей, тек қана экрандағы пендеге деген аяушы  лық, 
жанашырлық сезімде болып, соның тілеуін тілеп, 
жаның жай таппайды. Бәлкім бұл адамның таби-
ғат жаратқандағы әуелгі болмысының еріктен тыс 
шырылдап шығатын бітімінен болар. Экран 
дағы 
қасқыр апанына тап болған адам тағдырын мейлі 
киноситуация, режиссер 
лік трюк немесе өмірдегі 
қаны сорғалаған шындық деп қабылдайсыз ба, ол, 
әрине, өз еркіңіз. Дегенмен, төтен 
ше жағдай дағы 
адамға найзағай жарқылындай сәтте не бар, не жоққа 
айналатын басы жұмыр пендеге бұл әлемдегі адамзат 
баласының ең қымбат несібе-олжасын тірші лік тің 
емендегі иір бұтақтай болып келетін ұшын ойлан бай 
ұстатқың келеді... 
Фильмнің соңғы кадрларында аурухана 
ның 
реани мациялық  бөлмесіне  есі  кіресілі-шыға сы лы 
күйінде жә 
не шыбын жаны қыл үстінде шыр 
қы-
рап тұрса да, сыны мен жұмбағы мол осынау дүние-
ден тек «бір сәттік жарық сәуле» (М. Мақатаев) ғана 
сұрап бара жақтан сол пенденің, шын мәнінде, жаза 

131
басқан тұстарындағы орны толмас өкініш 
тер мен 
кемшіліктерінен ымырасыз қол үзген нағыз азамат-
тың тіршіліктегі тегеурініне күш-қайрат пен рухани 
жі гер дарыту әрі ендігі саналы келешегіндегі адам 
баласы   на тән де қажет әралуан әлеуметтік-тұрмыс-
тық рахатын арт тыру үшін дәрігер ретінде жанта-
ласа арпалысқың келе ді. Тән зардабынан жапа шегіп 
қансыраған және өмір лік жолын табуда адасып, опық 
жеп, рухани сансыраған жанға бір жағынан пенделік 
қол ұшыңды, екінші жағы нан азаматтық пары зың-
ды, ар-иман алдындағы кішілігің ді көрсеткің келеді. 
«Қасқырдың апаны» атты екі сериялы көркем 
лента ның басы мен соңында осылайша хал кешуің 
өмір мен өнер шындығының құйма көрі 
нісі 
нен, 
режиссер таланты мен кәнігі шебер лігінен. Карти-
наның әліпби прелюдиясы 
нан финалдық соңғы 
аккордына дейін драмалық тар тыс тың қитұрқы лары 
қыл шылбырдай еш үзілмей ді және мұның өзі эпизод 
сайын пісірілуі, бабына келіп әрі иі қанып, ширай 
түскені сонша, түптің-түбінде кемел режиссердің 
қолындағы қайыс тізгінге айналып кет кен сиқыр 
құбылыстай көрінеді. 
Фильмнің басы мен соңындағы драмалық ширы -
ғуы мен реализмі қақпайланбай-ақ шырқау шы-
ңына көте 
ріл 
ген эпизодтардағы адамдар тағ 
дыры 
екі серияның өн бойында бірте-бірте ашы 
лады. 
Характерлердің өздері 
не тән алабөтен әрі типтік 
бедер-болмыстары кесек қалпын да және еш қан дай 
«жасанды ушықтыруға» ұшырамай-ақ, қоспа 
сыз 
және боямасыз қалпында өрнек табады. 
Екі жарым сағатқа созылатын картинаның 
психо  логиялық-оқиғалық құрылымы отыз жылдан 
сәл астам мерзім ішіндегі адамдар санасындағы 
сарқыншақ кем 
шіліктер мен түбірлі өзгерістерді 

132
Сайлаубек Жұмабек
көркем түрде зерделеп-зерттеп, кестелеп шыққан. 
Ел мен қоғам өміріндегі «тар жол, тайғақ кешу» 
кезеңдерді, саналуан қысылтаяң шақ 
тардағы жат 
пиғылын бүркемелеген кейбір кертарт 
па адам-
дардың бойындағы қарақұрттай уын жайған кесепат-
індеттерді әшкерелеуді режиссер Болотбек Шәм-
шиев пен сценарист Еркін Әбішев қатал реализмге 
сүйене оты рып не жүдетпей, не қосын жасыр май 
ұсынады. 
Бабахан (Қазақ ССР халық артисі Кененбай 
Қожабеков) мен Нұрбек (артист Талғат Нығматул-
лин) тағдыр 
лары картинаның ет пен сүйектен 
жарал ған тұ тас болмысындағы екі полюстегі басты 
кейіпкерлері. Бірінің шын аты Баймырза. Ол көне 
Пішпектің тұрғындарын кезінде бір шыбық 
пен 
айдап-иірген бай-манап 
тың тұқымы. Келмеске 
кеткен, тозығы жеткен, азғын дүние ні көксеуші, жаңа 
дүниенің қоғамшыл ниеті мен қарыш 
тап көркейе 
бастаған шынайы күшін қолынан келсе, тас-талқан 
етуге талай ұмтылған. Соның нәтижесінде та 
лай 
тұтылған. Баймырза – Бабахан алпыс екі айлалы, 
қыртыс-қатпарларының шын бітімін шыңырауда 
ұстай біле тін жырынды таптың ең соңғы жырынды 
өкілі. Бабахан образы Қазақ ССР халық артисі 
Кененбай Қожабековтың орындауындағы соқталы 
тұлғалардың санатына жата ды. Бабахан Кененбай 
ағаның орындауында әуелде атым тай жомарт тәрізді 
көрініп, жетім өскен Саматты қармағы на қалай оп-
оңай түсірсе, көрерменін де әуелде тап солай би леп-
төстеп алады. Ашаршылықта жеген құйқаның дә мі 
пенде-пенде атаулы болып тұрғанда естен кетпек 
емес. Панасыз жетім, бейтаныс қаланың базарына 
көзін сат қан, саудагерлердің жаймасына телмірген 
Саматтың ба 
ла жүрегінде ізгілік пен мейірімнің 

133
өшпес дәнін еккен осынау сайқы-мырзалық 
тың 
лента соңында соншама жиреніш 
 
ке апаратынын 
ре жиссер мен актер диалектика логикасы на сай ба-
рынша заңды нұсқалаған, соған шеберлік пен та-
лантын аямай жұмсаған. Соның нәтижесінде дүние-
ге бірегей, өмірдің өзінен ойып алған қарапайым об-
раз келген. 
Баймырза әуелде түрмеден қашып шыққан, 
кейін нен соғыс ардагерін өлтірген (Шариповты), сол 
арқылы жал ған документпен өзінің жат пиғы лын 
бүркемелей жү 
ріп, қоғамның тіршілігіне қара 
ма-
қайшы келетін астыр тын контрабандистік қастан-
дықтың ұйтқысы. 
Төңірегіне жиналған өзі тектес адамдар үшін 
ол Бабахан деген астын тіреп тұрған алпауыттың 
айтқанын орындаушы ғана болып көрінеді. Әр 
басқан қадамын іш 
тей мың-сан сарапқа салатын, 
күдігіне көзі жетсе, ешнәрсе ден тайынбайтын және 
көз көріп, құлақ естімеген жауыз 
дық 
қа барудан 
жүзі жанбайтын адам. Ол өз сыбайлас та ры қата  ры-
на өмірден әртүрлі себептермен тепкіш көрген   дер ді 
немесе көздің құрты – дүние-мүлік үшін ар-ождан  -
нан жұрдай болуға арланбайтындарды бол 
маса 
сауат сыз     дық  жойылмай  тұрған  шақта  идеалық-әлеу-
меттік тәрбиесі әлі қалыптасып үлгермегендерді, оң-
солын толық ажы рата алмайтын әсершіл жасө с пі-
рім дерді, ауырдың үсті  мен немесе жеңілдің асты мен 
жүруді қалайтын ой-құлық  сыз тоғышарларды өзге-
лердің қолымен топтастыра біле тін әккі қу. 
Әуелде қасқыр апанына тап болған Бабахан-
ның жұм бақ хал-күйі лентаның аяғына дейін әлеу-
меттік-психо 
логиялық тұрғыдан нақтыланып, ірі-
леніп, қатерлі тип дәрежесіне көтеріледі. Міне, осы 
мезетте ғана әуелгі аяу шылық сезімімізді бекерге 

134
Сайлаубек Жұмабек
сайғызамыз, неге сонша аядық деп қынжыла-
мыз. Нұрбектің қолына, сонан соң мили 
цияның 
қақпанына түскен Бабаханның ой-пиғылы мен іс-
әрекеттері соған мәжбүр етеді. Көркемдік құдірет тің 
тағлымы да осында. 
Самат Қасымов Бабахан – Баймырзаның қолы на 
сәби кезінде аңдаусыз түссе, есейген кезінде оны-
мен бітіспес жау болып кетіседі. Кетісіп қана қой-
ған жоқ, ең соңын да әлеуметтік-рухани тұрғыдан 
жеңіп те шықты. Ол өзі нің бойына табиғат дарыт-
қан адамшылық-иманды 
лық қасиеттерді әуелде 
жоғалтып, кейіннен үлкен жігер-қай рат көрсеткен, 
азаматтық төзім мен мақсат жолында құрбан дық-
тан да тайынбайтын дәрежедегі характер ге көтері-
ліп, мінез-құлыққа алуан өткелдерден өтіп, бала 
кезін дегі адалдығын, мейрімін қайырып алады. Ол 
осы жолда тағдыр тәлкегіне шырматылып, еріксіз 
қыл  мыс кер  болып  шықты,  жастық  албырт тық-
пен аралас-құралас сыбайлас адамдарының арамза 
оқпанына батып құты 
ла алмады. Оңды-солды 
шашуға жарайтын, жалғанды жалпағынан басуға 
үйрет кен ақша мен байлық тың қызуына су құйып, 
мұз баса алмады. Осының салдары нан сүйген қызы 
Ажарына үйлену тойын өткізе алма ды, мас күнем-
дікке салынды. Бабаханның айдауындағы суға салса 
батпайтын, отқа салса жанбайтын сенімді қыл мыс-
кер әрі бірден-бір мұрагер болып шыға келді. Артист 
Талғат Нығматуллиннің орындауындағы Нұрбек 
(Самат) эмоцияның, бір опық жесе, тауы қайтып, 
күйректік ке салынып, іштей өзін-өзі жегідей жеп, 
артынша бәрі 
не қолын бір сілтеп жүре беретін 
бейкүнә, елгезек жан. Ба ла шақтағы намысқойлық, 
өжеттік, адалдық аңғалдық пен адасқан сәтте оны 
қатты ойға қалдырады. Жетімдік 
тің, жоқшы-

135
лықтың жарасы есіне түсе қалған кез 
де немесе 
Ажардың, Бектұрдың, Рахымның қарындасы 
ның 
тағдыр ларын көз алдына елестеткен тұста о баста-
ғы ождандық сипаттар тегеурінді бұл күшке айна-
ла ды. Фильмнің өн бойындағы характер дамуынан 
айқын көріп, қатты сүйсінген жайларымыз екенін, 
бүкпе сіз айтамыз. Бірінші серияның басындағы елу 
үш мың сом ақшаны мектеп-интернатқа аудару үшін 
бел байла ған Самат Қасымовтың (жалған доку мент 
бойынша Нұр бек Ахметов) шешімінің арқауы екін-
ші серияда еске түсіру мен шегіністер тәсілі арқы лы 
нанымды тартылады. 
Міне, біздер осы тұста Самат үшін, өз пер зентін 
Қасымов деген шынайы фамилиясына көшіруі-
не ұмтыл 
ған жанталасын ар-ождан 
ның қамшы-
лағанының куәсі боламыз. Реанимация бөлме 
сін-
де жат 
 
қанынан өзіміз қай 
нап жүрген кемел 
дену 
жо лын дағы 
қоғамымызды 
идея лық 
әлуемет т ік 
тұр 
ғы 
дан адасудан талайларды сақтан 
дыру үшін 
аянбайтын Самат үшін жоғарыдағыдай хал-күй 
ді 
бекер кешпегенімізге, үмітіміздің сексеуіл шоғын -
дай сөнбейтіндігіне, қайта керісінше, маздай түсе-
тінді гіне қанағат сезімінен туған ризашылығы  мызды 
жасы ра алмаймыз. Көркемдік құдіретінің сиқыры да 
осында.
«Қасқыр апаны» фильмін көрген сәтте актер-
лер ансам 
блінің, операторлық және сурет 
шілік 
шеберліктің жарасымды тұтастығын айтпай кетуге 
болмайды. Көрермендерге «Ақ кеме» карти 
 
насы 
арқылы жақсы та 
ныс СССР халық артисі Сүй-
менқұл Чокморов, артис 
тер Айтұрған Темірова, 
Мұрат 
Мәмбетов, 
Оразбек 
Құт мана лиев тер 
режиссер жүктеген көркемдік міндеттер ді төселген 
шеберлікпен алып шыққан. 

136
Сайлаубек Жұмабек
Сүйменқұл Чокморовтың орындауындағы мили  -
ция полковнигі байыпты, байсалды әрі жұмсақ 
күйін де шық  қан. Бұйыруынан гөрі тыңдауы, ой еле-
гі нен  өткізуі  ба сым. 
Ажардың бойына жастық жалын, көздеген ны-
сана 
сына жету барысындағы қарысқан табанды-
лық тән. Ата-анасы үкілеп отырған бойжеткенге тән 
балаң сұлулы 
ғы мен нәзіктігі оны құрбылары 
нан 
алабөтен ерекшелен діре түседі. Керек тұста ерке-
лігі мен сезімталдығын ірке алмайтын ақжарқын 
қыз әке мен шешенің ықпалы на көнбеген тұсында, 
сонан соң Самат тағдыры ның өткергенініне көзін 
жеткізген сәтінде де ол өзінің сезімі не сенеді және 
соның құдіретін, тазалығын бәрінен жоға ры да қоя 
біледі. Шығыс қыздарына тән иба-әдеп тәрбиесі нің 
озық үлгілерін бойына сіңірген Ажардың аэропорт-
тан кетіп қалуы, ата-ана көкейіндегі аборттан бас 
тар туы нанымды шыққан. Ол өздерінің мас күнем 
әрі қылмыс кер күйеуін өзгелер болса, тірші лігінен 
әлдеқашан өшіріп тастап, керек десең, кейіннен де 
өшігуін қоймайтын кей бір әйелдер тәрізді әрекетке 
де бармайды. 
Жүрек құрғырдың сезімі, әмірі арқасында тажал 
зынданы болған Бабахан үйінде де тұңғыш қы зығы, 
алғашқы махаббаты – Самат үшін неге де болса 
көну ге бар. Актриса Айтұрған Темірова көп ретте 
мұңлы-күй лі минорлы қимыл мен шешімдегі тұтас 
характерді әде мі жеткізе білген. 
Қомпоздың роліндегі артист Мұрат Мәмбетов жас 
та болса өзінің мүмкіндігі мол актер екенін дәлел-
деп шық қан. Табиғатынан қанағатшыл, арман шыл 
бала қала базарын да қалтаға кездейсоқ түсіп дәнік-
кен. Кембағалдарға, же тім-жесірлерге аз да болса, 
қайырым-мейірімін  төкпеген  аш көз  алып сатар ларды 

137
қан қақсатуды өзінше жөн санай ды. Сөйте жүре, 
адамгершілік нормаларына, принципі 
не өз көз-
қарасы бойынша адал және берік. Өмірден бір опық 
жеген Самат енді мынау Композдың дұрыс жолға тү-
суін талап етеді, соған бағыт-бағдар сілтейді. Ком-
поздың өзі Самат үшін өлімге де нартәуекел етеді. 
Ар-ождан ұшқы ны барынша бедерлі шыққан. 
Болотбек Шәмшиев кинорежиссер ретінде талай 
талант  тардың  өнердегі  тұсауын  кескен,  бол а  ша-
ғын аш қан суреткер. «Қараш-қараштағы» – Сүй-
менқұл Чоқморов, Нұрғазы Сыдықәлиев, Ораз 
бек 
Құтманалиев, Айтұр 
ған Темірова. Міне, «Қасқыр 
апанын дағы» – Мұрат Мәмбе тов те осындай дарын-
дылардың қатарына қосылып отыр деген үлкен 
үмітіміз. 
Болотбек Шәмшиевтің кинорежиссурадағы өзін-
дік қолтаңбасы одақтық, әлемдік кино мери диан дар-
дың талайында сөз болғаны, мойын 
далғаны бәрі-
мізге мәлім. Кино сыншылары қырғыз режиссері  н ің 
ерекшелі гі жөнінде – өмірді терең зерттеуші  лігіне, 
фиолософия 
лық байсалдылығына бірауыздан ден 
қойған. 
Ең бастысы, Болотбек Шәмшиев киноөнді-
рісін 
де 
гі жоспарлы фильмді сәтті түсіруді және 
сәтті өткізуді мұ 
рат тұтпайды. Оның мақсаты 
– дүниеге өнер туынды 
сын әкелу. Меніңше, діт-
тегені болмаса, Болотбек Шәмшиев қолға ешнәрсе 
алмайды. Сондықтан да, оның әрбір фильмі қырғыз 
киносының ғана емес, одақтық кинематограф  тың 
кезеңдік-кезеңдік тұстардағы ізденісін, толысуын 
шынайы танытатын көшелі картиналар. 
Болотбек Шәмшиевтің кез-келген фильмін, 
олай бол 
са оның бүткіл шығармашылық жолын 
суреткерлік қа тал әрі азаматтық реализмінің кемел-


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал