Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата16.01.2017
өлшемі2.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

б 63(5К)
Ж91
Л .   Қ .   Ж ү с і п о в а
МӘШҺҮР ЖҮСІП
КӨПЕИҮЛЫ -  ДЕРЕКТАНУШЫ
Шірсня
§ 
Л
т
т
т
т
—Ш
 Ң
 ЛСПАСЫ
Щ
Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Л. Қ. Жүсіпова
МӘІНҺҮР ЖҮСІП КӨПЕИҮЛЫ- 
ДЕРЕКТАНУШЫ
Тарих (бакалавр) мамандықтарының студенттеріне жэне
магистранттарына арналган оқу құрапы
Павлодар
Кереку
2013

ӘОЖ 951(574) 
*
КБЖ д а - 6 3 ,3  
&{5кЩ   Д   7 ^ 3
Ж90
С.
 
Торайғыров атындагы  Павлодар мемлекетгік университеті
Ғылыми кецесімен баспаға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
М. Қ. Әбусейітова -  Р. Б. Сулейменов атынд. Шығыстану 
институты директоры, тарих ғылымдары докторы, профессор
А. 
Қ. Ешмұратов -  тарих гылымдары кандидаты, доцент 
Е. К. Рахимов -  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 
университеті тарих гылымдары кандидаты, доцент
Жүсіпова Л.  Қ.
Ж90  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы-деректанушы: тарих (бакалавр)
мамандықтарының студенттеріне жэне магистранттарына 
арналған оқу кұралы /Жүсіпова Л.Қ.-Павлодар: Кереку, 2013.- 
120
 
6
.
І8В^ 9965 539 -79-0
Бұл оқу кұралы қазақ елінің гүлама ғалымы, энциклопедист 
Мэшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған.Мұнда ғалымның өмірі мен 
заманы туралы мәліметтер, оның көзін тірісінде жарияланғын 
еңбектері мен кейінен жарыққа шыққан шығармалары және ол туралы 
зерттеулер мен пікірлер берілген. Оқу құралы Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлы ғылыми тұғырнамасының деректанушылық көзқарасына 
тыңгылықты талдаулар ұсынадьі.
І8В^ 9965 539 -79-^
£
ӘОЖ 951(574)
КБЖ 78.5+63.3  63(5каз)
Торайғыро8
академик
атындағ
I /  I *Т

I  &
одар:ПМУ баспасы,  2013
Материапдың дұрыс болуьіма грамматикалык және орфографиялык кателерге авторлар
мен  құрастырушылар жауапты

А л ғ ы  сөз
Тарих  ғылымы  үздіксіз  дамуы  үшін  жаңа  деректер  таным 
арнасына  тартылып,  үнемі  зерттелуі  қажет  екені  баршамызга  белгілі. 
Деректанушы  ғалымдар  жергілікті  халықтагы  ауызша,  жазбаша 
деректерді  сол  елдің  тарихи,  рухани  дамуының  бірден-бір  кепілі 
ретінде  қарастарыды.  Ел  тарихының  объективті  зертгелуі  деректану 
гылымының дамуымен тікелей байланысты.  Ғьшыми ортага беймәлім 
қолжазба  мәтіндер  жарияланып,  зерделене  түссе,  тарихымыздагы 
ақтаңдақ мәселелердің  де ашыла түсері анық.
Осы  орайда  халқымыздың  тарихы,  мәдениеті  туралы  мол  мұра 
қалдырган  Мэшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  (1858-1931ж.)  қазақ 
ғылымына  қосқан үлесін  ерекше атауымызга болады.  Әрине,  Мәшһүр 
Жүсіп  Көпейұлы  еңбектерін  жіктей  қарастырсақ,  фольклортану, 
медицина,  астрономия,  философия,  космология, этнография,  теология 
т.т. гылым салалары үшін де құнды зерттеулер, деректік мәтіндер бар. 
Біз  үшін  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  “Мес”  деп  аталып  кеткен  30
томдық  жинағы  ішінен  Қазақстан  тарихы  турапы  жазылған 
қолжазбалары құнды болмақ.
М.  Ж.  Көпейұлының  тарихи  мұрасы  хақында  сөз  болганда, 
ғалым 
жазбаларын 
мазмұны 
жагынан 
екі 
жақты 
сипатта 
қарастыруымызга  іура  келеді.  Біріншіден,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы 
өмір бойы  (1917  ж.  дейін)  салт атпен  Қазақстанның  көп  жерін  аралап 
жүріп,  мол  мағлұмат  шогырын  жазып  алган.  Екіншіден,  көп  жылдық 
зерттеу  жұмысын  қолжазбалық  кітап  түрінде  жинақтаган.  Бұл 
жагынан  алғанда  Мәшһүр  қолжазба  кітаптарының  бірқатары  эрі 
деректанушылық, 
әрі 
тарихшылық 
мазмұнда 
жазылганын 
шамалаймыз.
Мәшһүр  Жүсіптің  тарихи  мағлұматтарды  шежіре  түрінде 
баяндап жазганы белгілі.  Белгілі  шыгыстанушы  галым  В.  П.  Юдин  өз 
зерттеуінде  фольклордағы  тарихи  әңгімелер  топтамасын  далалық 
ауызша тарихнаманың тарихи  білімді  жеткізудің  негізгі  формасы  деп 
көрсетеді:  “Ол—далалық  ауызша  тарихнама.  Тарихи  атқарушының 
(субъектінің)  өзінің  өткені  жөніндегі  жады.  Қазақстан  тарихын 
калпына  келтіру  тек  осы  екі  тарихнамалық  дәстүрді  пайдалану 
арқылы  гана  іске  аспақ.  Бірі-кәдімгі  жазбаша,  яғни  отырықшы 
елдердің мәдениетінің нәтижесі, екіншісі-далалықтардың ауызшасы.
Далалық  ауызша  тарихнама-Дәшті  Қыпшақ  көшпелілерінің 
тарихи  білімі.  Біз  үшін  Дәшті  Қыпшақтың  шыгыс  бөлігі  мұңгол 
заманынан  бері  көшпелілердің  ортақ  тарихи  зердесінен  бөлектене 
бастаған  ерекше  өлке.  Осы  себептен  тарихи  білімді  не  “ауызша
3

дәстүр”  деп,  не  “аңыз”,  “хикая”  деп  анықтауға  болмайды.  Далалық 
ауызша  тарихнама  не  мифология,  не  фольклор,  мысалы,  батырлык 
эпос  түрінде  ұтылмауы  керек,  себебі  фольклордьщ  өзі  далалык 
ауызша тарихнамадан нәр алған.
Осыны 
көрсететін 
шыгармаларды 
далалық 
ауызша 
тарихнаманың  деректері,  қайнар  көзі  деп  белгілесе  болар  еді.  Олар
Дешті  Қыпшақ  көшпелілерінің  тарихи  білімдерінің  тарауларына 
құрылған  тарихи  әңгімелердің  жинагы  сияқты.  Бұл  әңгіме  тараулар 
“қария  сөз”,  яғни  ескіден  қалған  көне  сөз  деп  ерекше  аталган.  Осы 
белгісімен  бұл  деректер  шығыстың  кәдімгі  сарай  тарихнамасынан 
бөлектенбеді.  Оларда  далалық  ауызша  жэне  шығыстың  жазбаша 
тарихнамасының элементтері аралас”[1, 64-65 б.].
В.  П.  Юдин  атап  көрсеткен  екі  тарихнамалық  (далалық  ауызша 
және  жазбаша  шығыс)  дәстүр  Мәшһүр  мүрасында  өзара  байланыста 
берілген.  Оның  үстіне  ғалымның  қазақ елі  тарихына  қатысты  барлық 
мәлімет  көздерін  қамтуға  тырысуы  және  бұл  тарихи  білімді  ғылыми
жүйелілік  тұрғысынан  баяндауға  ұмтылуы  қолжазбалар  құндылығын 
арттыра түседі.
Отандық  тарих  ғылымы  жазба  жәдігерлердің  жүйелі  түрде 
зерттелуін  қажет  етеді.  Арабтанушы  А.  Б.  Халидов  дүние  жүзінде 
630000  шамалы  қолжазба кітап  ( түпнұсқа )  сақталынғанын  анықтады 
[2,  255  б.].  Қазақ  колжазбаларын  зерттеген  М.  Бөжеев  пен  М. 
Ғұмарова Алматыдағы Орталық Ғылыми кітапхана қолжазба  қорында 
жэне Әдебиет және Өнер институты қолжазба қорында көлемі эртүрлі
40000  қолжазба  (түпнұсқасы  мен  көшірмесі  аралас)  3000  папкаға 
сидырылып салынғанын мәлімдейді [3, 
6
 б.].
Ал  бұл  қорларда  сақталынған  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы 
мұрасын  жете  зерттеген  ғалым  М.  Бөжеев  қолжазбалары  көлемі  30 
томдай  болады  деп  көрсетті  [4,  127  б.].  Мұндай  мол  қазынаны  игеру 
көп жылдық ізденісті қажетсінеді.
Мәшһүртану  тарихына  шолу  жасасақ,  Кеңестік  дәуірде, 
көбінесе,  әдебиетші  ғалымдар:  М.  О.  Әуезов,  М.  Бөжеев,  3. 
Сейітжанов, Д.  Әбілев, Ж. Шалғымбаева, С. Дәуітов т.т. зертеулерінде 
ғалымның  әдеби  мұрасы,  фольклоршылдық  қызметі  басым  айтылды. 
Академик  Ә.  X.  Марғұлан мен  Е.  Бекмаханов  еңбектерінде ғана оның 
тарихи мұрасына бага берілген. Түпнұсқамен жұмыс жүргізген ғалым, 
академик  Әлкей  Хақанұлы  Марғұлан  ғана  1940  ж.  басылып  шыққан 
мақаласында:  “Мәшһүр-Жүсіп  жинаған тарих, әдебиет материалдары 
өте бағалы”,-деген тұжырым жасады [5,91  б.].
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  қолжазбаларында  Кенесарытану 
саласы  бойынша  сақталынған  мәліметгерді  (кейіннен  жинақ  ретінде
4

құрастырылған  №1330  папка)  Орталық  Ғылыми  кітапхана  қолжазба 
қорынан  іздеп тауып,  аударып, жан-жақты  пайдалана білген  галым Е. 
Б. 
Бекмаханов  М. 
Ж. 
Көпеев 
мәліметтерінің 
географиялық 
нақтылыгына, тарихи шынайылыгына жогары баға берді  [
6
, 52 б.].
Алайда  1952  ж.  орын  алган  М
Е.  Бекмаханов  ісі”  Мәшһүртануға 
да  көп  қиындық  келтірді.  1984-1986  ж.  жарияланған  Ә.  X.  Маргүлан 
зерттеулерінен  [7,  353  б.]  басқа  ешбір  ғылыми  еңбектерде  Мәшһүр— 
Жүсіптің 
тарихшылық 
көзкарасы 
мен 
қызметі 
мүлде 
қарастьфьілмады.  Кеңес  өкіметі  жүргізген  саяси  қуғындау  шаралары 
және галым шыгармаларының ескі араб жазуында жазылуы  1952-1991 
ж.  тарихшы  галымдарымыздың  Мәшһүртану  бағытына  үлес  қоса 
алмауына себеп болды.
Ескі 
хадим 
жазуымен 
жазылғандықтан 
әдебиетші, 
фолклортанушы  ғалымдар  М.  Ж.  Көпеев  қолжазбаларын  толық  емес, 
шағын  үзік  фрагменттерін  ғана  тәржімалап 
отырды. 
Толық 
тәржімалау  мүмкіндігі  болмаган  себепті  бертінге  дейін  көптеген 
гылыми  жинақтарда  М.  Ж.  Көпеевті  көбінесе  әдебиетші,  фольклор 
үлгілерін жинаушы деп көрсетіліп келді.
Өткен ғасырдың 90-жылдары Мәшһүртануда зор  өзгеріс жүзеге 
асьш,  шежір>есі  (1993  ж.)  мен  екі  томдық  жинағы  (  1990,  1992  ж.) 
жарияланып,  тарихшы  ғалымдар  еңбектерінде  Мэшһүр мәліметтері 
пайдаланылып,  оң  бағалана  бастады.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы 
мұрасымен  таныс  болған  ғалым  М.  Қ.  Әбусеитова  ғылыми  еңбегінде 
жазбаларындагы  мәліметтерінің  тарихилығын  жоғары  багалап,  терең 
зерттеудің қажет екенін жазды.  [
8
].
Мәшһүртану  бағытында  тарих  ғылымы  саласы  бойынша 
Алпысбесұлы  М.  (1999  ж.  Қараганды)  мен  Жүсіпов  Е.  Қ.  (2000  ж. 
Астана)  кандидаттық  диссертацияларын  қоргады.  М.  Алпысбесұлы 
қазақ  шежіресіне  арнаған  еңбегінің  бір  тарауын  тікелей  Мәшһүр 
Жүсіптің  “Қазақ  шежіресі”  туындысын  зерттеуге  арнады.  Е.  Жүсіпов 
галым жазбаларындагы тарихи тұлғапар туралы  мәліметтерге сүйеніп, 
сол тұргыдан оның тарихтану, деректану көзқарасын қарастырды.
Кейбір  даулы  мәселелер  бойынша,  салыстыратындай  басқа 
мәлімет  кездесе  қоймағандықтан  Мәшһүр  мэтіндерін  сол  қалпында 
өзгеріссіз  келтірілген.  Билеушілердің  өмір  сүрген  жьшдарын,  ата- 
тегін,  мекендеген  жерлерін  т.т.  баяндайтын  Мэшһүр  мэтіндері  осы 
басылым арқылы  шыгыстанушы, өлкетанушы, тарихшы, деректанушы
ғалымдар  назарына  ілініп,  аідыңғы  болашақта  М.  Ж.Көпеев 
пайдаланған  дерек  көзі  иелерінің  есімдері  ашыла  түседі  деп  сенеміз. 
Алда  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  эр  қолжазба  үлгісін  толық

аударып,  қажетті  түсініктер  беріп,  жеке 
кітап  ретінде  жариялау 
міндеті тұрғаны түсінікті.
Әдебиеттері:

Утемиш—хаджи. 
Чингиз-наме. 
[Факсимилие, 
перевод, 
транскрипция, 
текстологические 
примечание, 
исследование
В.П.Юдина.  Комментарии  и  указатели  М.  Х.Абусеитовой. — Алматы:
Ғылым,  1992. —С. 296
2  Халидов  А.Б.  Арабские  рукописи  и  арабская  рукописная 
традиция.- Москва: Наука,  1985. — С.311
3  Қазақ  қолжазбаларының  гылыми  сипаттамасы  (ҚҚҒС). 
/Редакциясын басқарган  Ғабдуллин  М. -  Алматы:  Ғылым,  1975.  -  т. 1.
-3 4 7 6 .
4  Бөжеев  М.  Мәшһүр  Жүсіп  мұралары  хақында.  //  Жалын.—
1 9 7 4 .-N 4 .-1 2 7  б.
5  Маргүлан  Ә.  X.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев.  //Қазақ  әдебиеті.  -  
1940.  -5   қаңтар.  -   №2.  -4   б.  ;  Тілеке  Ж.  Шежіре:  Ертіс-Баянаула 
өңірі. -Павлодар: Дауа-Қазақстан,  1995. -   1  кітап. -  368 б.
6
  Бекмаханов  Е.  Қазақстан  XIX  гасырдың  20—40  жылдарында 
(Оқу кұралы). -  Алматы : Санат,  1994. - 4 1 6  
6
.
7  Маргұлан  Ә.  X.  Олжабай  батыр.  //Жұлдыз,  1984.  -  №2  -   171- 
175  б.;  Соныкі.  Ежелгі  жыр,  аңыздар.  -  Алматы:  Жазушы,  1985.  -368 
б.;  Соныкі. Еңбекпен өткен өмірім. //Жұлдыз. -   1986. -  №1. -   174-181
8
  Абусеитова  М.  X.  Казахстан  и  Центральная  Азия  в  ХУ-ХУІІ 
вв.:история, политика, дипломатия. -  Алматы:  Дайк-Пресс,  1998.  -  С. 
268
6

Қазақ  тарихында  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  (1858-1931) 
алар  орны  ерекше.  Жас  кезінде  Шығыс  әлемінің  білімімен 
сусындаған,  кейіннен  орыс тілін  меңгеруі  арқылы Батыс  өркениетінің 
де  ғылыми  жаңалықтарымен  танысқан  ол  тарих,  этнология  (шежіре 
нұсқалары),  фольклористика  (жинастырған  ауыз  эдебиет  үлгілері), 
әдебиет  (ақындығы),  тіл  тарихы,  этнография  (қазақ  халқының  салт 
дәстүрі  туралы  шығармалары),  философия  [1,  56-61  б.],  медицина 
(емшілік,  дэрілік  өсімдіктер  туралы  Орталық  ғылыми  кітапхананың 
қолжазбалар  қорындағы  N1175  папка  материалдары),  космология  [2, 
87—89  б.]  ғылым  салаларына  арналған  еңбектерді  жазып  қалдырды. 
Бұл  мэселе  бойынша  Ә.  X.  Марғұлан:  “Мэшһүр  ақындықтан  басқа 
ғалым  адам.  Күншығыс,  араб,  парсы  халқының  тарихын,  фәлсафасын 
жақсы  білген.  Химия,  физика,  астрономия  ғылымдарынан  жақсы 
хабары  болған.  Мэшһүрдің  бұл  сияқты  терең  ғылымдармен 
танысуына  көз  болған,  көбінесе  атақты  Әбу  Әли  Сина,  Әл-Фараби 
сияқты  орта  ғасырдағы  Бұқара  ғалымдарының  шығармалары  жэне 
араб,  фарсы,  түрік  кітаптарын  көп  оқыған.  Мәшһүр  Жүсіп  жинаган 
тарих,  әдебиет  материалдары  өте  бағальГ,  -  деген  тұжырым  жасаған
еді [3,91  б.].
Ол  1858  жылы,  қой  жылы,  Баянауылдағы  Қызылтаудың 
Найзатас  деген  жерінде  ережеп  айы,  жұма  күні,  бесін  кезінде  Көпей 
шаңырағьшда  дүниеге  келді. 
Әкесі  Көпжасардың  (Көпейдің) 
жанұясында  Мәшһүр  Жүсіптен  кейін  Қасен,  Мәдина  (қыз)  балалары 
туған еді,
Арғын  тайпасының  Сүйіндік  руынан  таралатұғын  ата-тегі 
Мәшһүрдің  өзінің  1907  ж.  Қазаннан  басылып  шыққан  кітабында 
баяндалынған: 
“Мен  өзім,  атым  Жүсіп, 
49 
жаста  отырмын.  Әкем 
аты  Көпей,  жылы  барыс  еді. 
73 
жасында,  барыс  жылы  өліп, 
Баянауылга  қойылды.  Оның  әкесі  Сермұхамед  жетпістен  асып 
өліп,  Қызылтауға  қойылды.  Оның әкесі  Ақжігіт 
49 
жасында  өліп, 
Көкшетау  бауырында  Шортаңқарагай,  Қыздың  қарасуы  деген 
жерге  қойылды.  Оның  әкесі  Бесім  қартайып  өліп,  Үлытауда  бес 
саланың  өре  басына  қойылды.  Бұрынгы  заманда  Үлытаудың 
теріскей  жагына  агатұгын  сайларды  “Бесімнің  бес  саласы” деуші 
еді.  Тірі  күнінде  өзінің  қоныс  қылган  жері  болганы  үшін...”  [4,
257-258 б.].
Мэшһүр  Жүсіптің  бала  кезінде  азан  шақырып  қойылган  есімі  -
м»
Адамжүсіп.  Кейін  9 жасында қалың топтың алдында “Қозы Корпеш -  
Баян сұлу” жырын жатқа айтып козге түскенде, Мұса Шорманұлының
1  М э ш һ ү р  Ж ү с іп :  ө м ір і  м ен ғ ы л ы м и  —зер ттеу  т ұ г ы р н а м а с ы
7

ұнатып:  “Өз  заманыкда  халыққа  Мэшһүр  болатын  бала  екен \-д еп  
лепес  кылуымен  тақиясына  үкі  тағылып,  Мәшһүр  бала  атанады  [5,
119-120 
6
.]. 
^
Неше жыл  бойы  керуеншілікте жинаған дәулетінен  1861  жылғы
жұтында  “ақ  сирақ”  болып  шығуы  әкесі  Көпейге  баласы  Мәшһүрді
“жұтамас байлық” оқуга беруге ой салады.
М.  Ж.  Көпеев  Баянауыл  медресесінде  1863-1868  жылдары
Нәжмедтин  молдадан,  1868—1872  жылдары  Қамар  (Хамерреддин) 
қазіреттен дәріс  алады.  Араб,  парсы,  шағатай  тілдерін  еркін  меңгеріп, 
Шығыс элемінің гылымымен танысады.  Сонымен  қатар ұстазы  Қамар 
қазіреттің  жыр-дастандарды  кітапқа  түсіріп  ел  арасына  тарататұғын 
ісіне  еліктеп  өзі  де  жастайынан  ауыз  әдебиеті  нұсқаларын 
жинастырып,  қагазга  түсіре  бастайды.  Мәселен,  әулеттік  архивте 
сақталынган  Ә.  Марғұланның  Сердәліге  жазған  хатында:“Сақау 
ақынның айтуынан  1865  жылы  (Мэшһүрдің  7  жасар  бала кезі  —Л.  Қ.) 
жазып  алған  Мэшһүр  Жүсіп  КөпейұльГ,  -  деген  мәлімет  беріледі  [
6
,
16
б.]. 
-V  В
1872-1874  ж.  Бұқарадағы  Көкілташ  медресесіндегі  оқуын 
аяқтаган  соң  Мәшһүр  Жүсіп  еліне  оралып,  Әкімбектің  сұратуы 
бойынша  1874-1876 ж.  ауылда бала оқытып  (оның  ішінде  Әкімбектің 
жалгыз баласы Қабылбек бар  -Л . Қ.) табыс табады.
1880 
ж.  бастап  Мәшһүр  Жүсіптің  өмірінде  жариялаушылық 
(публицистік)  қызметі  айқын  көріне  бастайды.  Ол  1880-1895 
жылдары  “Дала  уалаяты”  газетіне,  1887  жылы  Бұқарга  барган  екінші 
сапарында  Ташкент  қаласынан  шығатын  газеттерге,  1911-1912 
жылдары  “Айқап”  журналына  мақалалар  мен  фольклорлық  үлгілерді 
беріп  отырады. 
Бұл  мақалаларында  автор  қазақ  қогамының 
әлеуметтік,  экономгасалық мәселелерін  көтерумен  ғана  шектелмей,  ел 
тарихынан да мәліметтер келтіріп отырады.
Сонымен  қатар  Мәшһүр  Жүсіптің  ауыз  әдебиеті  нұсқаларын 
жинау  үшін  ел  аралағаны,  Қазақстан  жерінің  көп  бөлігін  салт  атпен 
жүріп  өткені,  білім  алу  мақсатында  Орта  Азия  қалаларына  үш  мэрте 
сапар шеккені мәлім.
Әсіресе,  ел  тарихы  туралы  мағлұматтарды  жинастыруда  23 
жасында,  1881  ж.  Ақмола  дуанына  шеккен  сапарьгаың  мәні  ерекше. 
Мұнда  ол  Қараөткел  (Ақмола)  өңірінің  атақты  шежірешісі,  орысша 
сауатты,  Сүйіндік  Жанайдар  батырдың  баласы  Мейрам  үйінде  бір 
жыл  бойы  қыстап  шыгады.  Ақмола  дуанында  да  ақындыгымен. 
шешендігімен  көзге  түскен  ол  сол  заманның  атақты  адамдарымен: 
Әліке  Байдалы,  Аққошқар  Сайдалы,  шежіреші  Қаракесек  Бердалы 
қожа,  Қанжығалы  Саққұлақ  (эйгілі  Бөгенбай  батырдың  немересі
8

Сәбелең 
Л.  Қ.)  және  Қоңырқұлжа  сұлтанның  ұрпақтарымен 
жолығып,  шежіре  нұсқаларын  алып,  ХУІІІ-ХІХ  ғ.  Абылай  мен 
Кенесары  замандары  турасында  аңыз-әңгімелерді  жинастырады. 
Мейрам  Жанайдаровтан  1870  ж.  Петербургтен  басылып  шыққан  В.В. 
Радлов кітабын (түпнұсқасында) көшіріп алады.
Кейіннен Көкшетау жерінде Абылай хан әулетінің адамдарымен 
кездесіп,  XVIII  ғасыр  тарихына  қатысты  фолыслор  үлгілерін  жазып 
алады.  Мәшһүр  Жүсіптің  29  жасында,  1887  ж.  Бұқара  қаласына 
шеккен 
екінші 
сапары 
оның 
тарихи 
танымының 
өсуіне, 
дүниетаньімының  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізді.  Барган  жолында 
Түркістан,  Ташкент  капаларын  аралап,  Бұқар  шаһарында  білімін 
толыктырады.  Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи  кешенін  көріп,  оның 
тарихын  баяндайды.  Ташкентте  Сыздық  Кенесарыұлынан  әкесі  К. 
Қасымұлының  істеген  ерлік  істерін  естиді,  Қасым  Абылайұлы 
әулетінің  шежіресін,  тарихын  жазып  алады.  Қайтар  жолында Шу  мен 
Сырдария өңірлерін, Үлытау мен Кішітауды, Есіл мен  Нұраны  аралап 
шыгып,  еліне  оралады.  Бұл  сапарында  Мәшһүр  Жүсіп  Майлықожа, 
Көшекұлы  Күдері  қожа  секілді  атақты  ақындармен  кездеседі.  Тіпті, 
Ақмолда,  Дайыр,  Молдагали  ақындармен  айтысып,  сөз  сайысына да 
түседі.  ¥лытауда  Алаша  хан  кесенесін  тамашалай  отырып,  бала 
кезіндегі  Баянауылдағы  домбырашы  тартымпаз  Ақай,  Қиялша
шалдардан  естіген  Ақсақ  құлан”  күйінің  тарихын,  “Алаша  хан” 
аңызын  Жеті  Кеңгірді  жайлаган  бір  найманнан  алынган  әңгімесімен 
ұштастырьш  қарастырады.  Басып  өткен  жерлеріндегі  Қыпшақ, 
Қоңырат,  Алтай  (Аргын),  Найман  рулары  адамдарының  тарихи 
сөздерін жинастырады.
1889-1891  жылдары  Кіші  жүз  жерінде  Жәңгір  төремен, 
Қаржауұлы  Науша  батырдың  шөбересі  Қадырмен  жолыгады.  Бөкей 
ордасы  мен  Кіші  жүзге  танымал  адамдар  туралы  (Науша  [7,  1-9  б.], 
Жәңгір,  Исатай,  Шернияз,  Тама  Сарыбас  мерген  т.т.)  маглұматтарды 
қагаз  бетіне 
түсіреді.  Кіш  жүз  ру  -тайпаларының 
ұрандарын, 
танбаларын, шежіресін сипаттайды [
8

1-2
 б.].
білімін толықтырады.
Самарқан
1905  ж.  "Қанды  жексенбі" 
оқигасынан  кейін 
шыққан
Манифестке  арналған  өлеңдерінде  М.  Ж.  Көпейұлы  патшаның  бұл 
шарасы жалгандыгын айтады.
1907  ж.  Қазандагы  Хұсайыновтар 
баспаханасынан  Мәшһүр 
Жүсіптің  3  кітабы:  “Хал—ахуал”,  “Тірлікте  көп  жасагандықтан  көрген 
бір тамашамыз”,  “Сарыарқаның  кімдікі екендігі” басылып  шыгады  [
9

112-123 
6
.]
9

Бұл  кітаптарында  Мәшһүр  Жүсіп  алгаш  рет  баспа  бетінде 
патшалы  Ресейдің  қазақ  жерін  отарлау  саясатын  ашык сынайды.  Сол 
саясат салдарынан қогам ішінде пайда болған партиялық ел тартысын; 
жуан  елдің  әлсіз  елге,  байдың  кедейге  жасаған  қысымын  әшкерелей 
отырып, бұл мәселелердің түп негізіне үңілтеді.  Сөзінің дәлелі  ретінде 
қалмақпен  соғысып,  қан  кешіп  жүріп  ата-бабалары  азат  еткен 
қазақтың 
Сарыарқа 
даласын 
шенеунікке 
сүйенген 
орыс 
мүжықтарының қоныстанып жаткандарын сөз етеді.
1907  ж.  Түркістан,  Ташкент  қалаларын  аралайды,  ел  сөзін 
жинастырады.  1912  ж.  патша  әкімшілігінің  цензурасы  назарына 
Мәшһүрдің 
1907 
ж. 
бастырылган 
кітаптары 
алынып, 
татар 
аудармашысының тәржімалауынан кейін 3  кітаптың екеуінің мазмұны 
Ресейдегі  патша билігіне қарсы мақсатта жазылған деп танылып,  1912 
ж. 
екінші 
рет 
басылган 

кітап 
баспахананың 
өзінде
тұгқындалынып  ,  12000  сом  айып  салынып,  14  кісі  айыпқа 
тартылады  [10,  75-77  б.].  Сол  кезде Мәшһүр  атын  атаудың өзі  кауіпті 
болғандықтан  “Айқап”  басылымы  иелері  одан  “Мұхаммед  Юсуф” 
деген жалған атпен макалаларын жіберіп тұруын сұрайды.
1916  ж.  қазақты  қара  жұмысқа  алу  туралы  июнь  жарлығына 
қарсы  болғанымен  Мәшһүр  Жүсіп  Баянауылда  жасақ  құрган 
көтерілісшілерге  (оның  ішінде  баласы  Әмен  де  бар  -   Л.Қ.)  батасын 
бермейді,  қарулы  патша  әскерімен  соғысса  тек  казақтардың  ғана 
шығынга  ұшырайтынын  ескертеді.  Соңынан  қара  жұмыска  М.Ж. 
Көпеев шаңырағынан Әмен алынады.
1917  ж.  Қазан  төңкерісі  кезінде  патша  өкіметінің  құлауына 
қуанганымен Мәшһүр Жүсіп Кеңес  өкіметіне сенімсіздікпен  қарайды. 
Ақындықпен  қош  айтысып,  өмір  бойы  жинаған  қолжазбаларын 
реттеумен, қорытумен шұғылданады.  1920 ж.  Ә. Диваев экспедициясы 
келіп,  Мәшһүр  мұрасының  бір  бөлігін  көшіріп  алады.  1921  ж. 
ортаншы  баласы  Әменнің  Ташкентте  мұғалім  болып  істеп  жүрген 
кезінде  қастандықпен  кісі  қолынан  қаза табуы  Мәшһүр Жүсіпке  ауыр 
тиеді.М. Ж. Көпейұлы  1931 
ж.
 27 қарашада жұмаға қарай таңға жақын 
кез  жұмып,  денесі  қазіргі  Павлодар  облысы,  Баянауыл  ауданы, 
Ескелді деген жерде өзі алдын—ала жасатқан зиратына қойылды.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов

жүктеу 2.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет