соқтырады. Сондықтан өз басым, егер біз
тов. Электронды форматтағы мемлекеттік
лып отыр. Порталда мемлекеттік сатып алу
орналастырылады.
даланушылары бар. Онда 7 миллион лот
мәрте ену тіркеліпті. Олардың негізі қазақ-
енуі байқалған. Веб-портал жұмысын Қы-
лері де жіті қадағалап отыратын көрінеді.
Берік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ
Гүлнәр АХМЕТОВА
қайтады. Мұндай қызметке 300-500 дол-
лар төленеді. Бірақ олардың да рұқсат
жатыр. Өткен жылы қазақстандық жүргізу-
биыл 700 рұқсат қана берілген. Осыдан-ақ
теуге болады. Екіншіден, базардағы Қытай
тауары азайды. Соның кесірінен, арзан ды-
йызға көтерілген. Отандық тасымалдаушы-
сындағы өзара бәсекені дамыта түс пек.
нистрлігі көтерген болатын. Болат Жәмішев
гінен туындап отырған көрінеді. Бұл талап-
кеттік қолдау алмайтын болады. ШНҰ
кор порациялар арқылы жүзеге аспақ.
Мемлекет 13 миллиард
теңгеге көкөніс алады
«2011 жылы Қазақстан жеміс-
жидек үшін – 3,3 млрд теңге,
кө кө ніс үшін 9,7 млрд теңге жұм-
сау ды көздеп отыр» деп хабар-
лайды «Электрондық коммерция
орталығы» ЖШС баспасөз қыз меті.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№151 (603) 26.08.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
ҚОҒАМ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Адвокатқа ақы қалай төленеді?
Еңбекті нормалау және еңбекке
ақы төлеу басқармасының сарапшы
мама нының мәліметіне сүйенсек,
Қазақстан Республикасы Еңбек
кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 159-
бабына сәйкес жұмыс берушi өз
қаражаты есебiнен қыз меткерлерге
еңбекке уақытша жа
рам
сыздық
бойынша әлеуметтiк жәрдемақы
төлеуге мiндеттi.
Әлеуметтік жәрдемақы тәртібі
және төлеу, сондай-ақ оның
мөлшерін айқындау Қазақстан
Республикасы Үкі метінің 2007 жылғы
28 желтоқ
сандағы № 1339
қаулысымен бекітілген ережеге
сәйкес айқындалады (бұдан әрі –
Ереже).
Ереженің 5-тармағына сәйкес,
жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің
алғашқы күнінен бастап еңбекке
қабілеті қалпына келген күнге дейін
немесе мүгедектігін белгілегенге
дейін жұмыс істейтін орны бойынша
төленеді.
Ереженің 6-тармағына сәйкес,
айлық жәрдемақының мөлшері
Ережеде белгіленген жағдайларды
қоспағанда, он бес еселенген айлық
есептік көрсеткіш шамасынан аспауға
тиіс.
Адвокатқа еңбекке жарамсыздығына байланысты ақы төлеу
қалай жүзеге асырылады?
Дәнебек ЫСҚАҚОВ, Алматы облысы
Декреттік жәрдемақы нақты қалай есептеледі?
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеу-
меттік сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі
– Заң) сәйкес, Мемлекеттік әлеу меттік сақтан-
дыру қорынан (бұдан әрі – Қор) жүктілігіне және
босануына байланысты төленетін әлеуметтік
төлемдер (ӘТжб) жұмыс берушінің жұмысшы
үшін босануға дейін 70 күнге, босанғаннан кейін
56 күнге, жалпы 126 күнге арналған уақытша
ең
бекке жарамсыздық парағы (науқастық
қағазы) берілген күнге дейін соңғы 12 ай ішін-
дегі табыстан ай сайын Қорға аударатын әлеу-
меттік аударымдары (ӘА) негізінде есеп-
теледі.Қалыпты босанған жағдайда соңғы 12 ай
ішіндегі орташа айлық табыс 4,2 коэффициентіне
көбейтіледі.
Заңға сәйкес, ӘТжб мөлшері келесі фор-
муламен есептеледі:
ӘТжб=ОАТ*К,
мұндағы К = 4,2 (немесе 4,7; 5,7; 6,2; 1,9)
– науқастық қағазында көрсетілген күн дерге
сәйкес анықталады (126 күн - 4,2; 140 күн - 4,7;
170 күн - 5,7; 184 күн - 6,2; 56 күн – 1,9);
ОАТ=(ЕТ1+ ЕТ2+ …+ ЕТn)/n;
ЕТn – ӘА аударылған, n айға есеп телген табыс;
Мен декреттік демалыстан соң сәуір айынан бастап жұмысқа шыққан едім. Қазір
қайта аяғым ауыр болып, қыркүйек айында қайта декреттік демалысқа шыққалы
отырмын. Енді менің жәрдемақым қалай есептелінеді?
Ғайни СЕРҒАЗИНА, Шығыс Қазақстан облысы
n– Қорға ӘА түскен айлар саны 1≤n≤12;
ЕТn = ӘАn*100% / ӘА мөлшер лемесі;
ӘАn = (табыс-10%МЗЖn)* ӘА мөлшерле-
месі;
МЗЖn – n айға міндетті зейнетақы жарна лары;
ӘА мөлшерлемесі 2010 жылдың 1 қаңтарынан
бастап 5% құрайды.
Заңға сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушы үшін Қорға ӘА он екі айға
жетпейтін мерзімге аударылған болса, орташа
айлық табыстың мөлшері ӘА жүргізілген табыс
сомасын Қорға ӘА түскен айдың санына бөлу
жолымен анықталады. Демек, Сіздің
жағдайыңызда, егер Сіз үшін Қорға 2011
жылдың сәуірінен қыркүйегіне дейін ӘА төленсе,
онда n= 5, егер 2011 жылдың қыркүйегіне қоса
төленсе, n= 6 болады.
30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ
Арман-тілегіміз Ата Заңда айшықталған
Қазақстан мемлекеті Ата Заңының кі-
ріс песі: «Біз қазақ жерінде мемлекеттілік
құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және
татулық мұраттарына берілген бейбітшіл
азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүние жүзілік қоғамдастықта лайықты
орын алуды тілей отырып, қазіргі және
болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары
жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге
ала отырып, осы Конституцияны қабыл-
даймыз», – деп басталуында үлкен мән-
мағына жатыр.
Осылайша, елімізді демократия лан-
дырудың жаңа кезеңі – еркін демо кра-
тиялық қоғамды жедел дамыту жолына
нық қадам бастық. Қазақстан Республикасы
халықаралық құқықтың принциптері мен
нормаларын құрметтейтін, мемлекеттер
арасында ынтымақтастық пен тату көршілік
қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі
мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау,
халықаралық дауларды бейбіт жолмен
шешу саясатын жүргізетін, қарулы күшті
бірінші болып қолданудан бас тартатын
демократиялық, зайырлы мемлекетке
айналды.
Ата Заңның 3-бабының 1-тармағында
«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
– халық» деп атап көрсетілген. Байырғы
қазақ жерінде ортақ тарихи тағдыр бірік-
тірген Қазақстан халқы Қазақстан Респуб-
ликасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекетті
құру үстінде. Осы жерде айта кетуіміз ке-
рек, Қазақстанның мемлекеттік егемен-
дігін нақты жүзеге асыруына 1990 жылы
25 қазанда қабылданған тарихи құжат –
Егемендік туралы Декларация зор рөл
атқарды. Оның тарихи маңызы өлшеусіз.
Көп ғасырлық тарихы, мәдениеті мен
қалып тасқан мемлекеттік құқықтық дәс-
түрлері бар Қазақстанның өз жолын
белгілеп, өзгелермен шын мәнінде теңесе
білді. Декларация басқа да заңнамалық
актілерді әзірлеуге негіз салды.
Біз биылғы жылы еліміз Тәуелсіздігінің
20 жылдығын атап өтеміз. Сонымен қатар
Ата Заңымыздың қабылданғанына 16 жыл
толады. Тарих еншісіне салсақ, бұл – түкке
де тұрмайтын уақыт. Алайда біз осы аз
ғана мерзім ішінде өзімізді небір алпауыт
мемлекеттерге мойындатып үлгердік.
Айталық, жан-жағында сүйенері жоқ жас
бала ұлы көшке ілесемін десе – буынын
бекітіп алып, өз әрекетін өзі жасауы керек.
Бұл шет-шегі жоқ алыс сапарда оған көп-
теген қажеттілік керек. Қазір біз осы
жолдардан өттік, буынымыз бекіді. Тәуел-
сіздігімізді алғанымызға жиырма жыл
толғалы отыр. Ал жиырмадағы бозбала
жігіт жан-жағына жіті қарап, қаршығадай
көзін жалт-жұлт еткізіп, небір алыс қиыр-
ларды шолмаушы ма еді! Біздің жас мем-
лекетіміздің күні кеше ғана Еуропадағы
Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына
төрағалық етуі – биіктерге самғап бара
жатқан сол қыран құстың саңқ еткен үнінің
бір ғана жаңғырығы сияқты. Іле-шала
елімізде Қысқы Азия ойындарын өткіздік.
Бұл да оңай емес. Қазір ИЫҰ-на төрағалық
етудеміз. Жаңа Елордамыз күннен-күнге
жаңарып келеді. Осындай үрдісті, көзіңмен
көрмесең, сене алмайтындай өзгерістерге,
жаңарулар мен жасаруларға төрткүл дүние
түгел көз тігіп отыр. Олар да бізбен бірге
қуанады, таңғалады. Қазақ халқының
мықтылығына, Қазақстан халқының бірлігі
мен ынтымағына қайран қалады. Осындай
жетістіктеріміз бен еңсерген еңбектеріміздің
еш кетпеуі – далалық тарихымыздың та-
мы рынан нәр алып, дүниеге келген Ата
Заңы мыздың арқасы екендігі даусыз. Ол
– ақиқат. «Қасым ханның қасқа жолы»
деп, «Есім ханның ескі жолы» деп, Әз
–Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп,
солардан бас тау алған, нәрін сіңірген Конс-
титу циямыз халыққа қызмет етуде.
Конституцияны қабылдау қарсаңында
ұзақ мерзімді қызу жұмыстар атқарылды.
Көптеген Конституциялар, әсіресе ХХ
ғасырдың екінші жартысында қабылдан-
ған дары мұқият сараптаудан өткізілді.
Осылайша, білікті заңгерлердің қаты-
суымен, Елбасымыздың қадағалауымен
дүниеге келген тоғыз бөлім, тоқсан сегіз
баптан тұратын бүгінгі қолданыстағы Конс-
титуция – Қазақстанның бесінші Ата Заңы.
(1926 жыл наурыз, 1937 жыл 5 желтоқсан,
1977 жыл 7 қазан, 1993 жыл, 1995 жыл
30 тамыз). Соңғы екеуі – Қазақ станның
жаңа тарихында елеулі орын алатын
айрықша оқиғалар. Себебі онда тұңғыш
рет еліміздің Тәуелсіздігі, егемен
дігі,
мемлекеттік құрылысы, азамат
тардың
құқықтық мәртебесі, сондай-ақ мемлекет-
тік органдардың қызметтік жүйесі заңдық
тұрғыдан толық бекітіліп берілді.
Бұдан кейін қолға алынған конститу-
циялық өзгерістер елдің дамуын жаңа
сапалық сатыға көтерді. Елбасы 2007
жылы 16 мамырда Парламент палаталары-
ның бірлескен отырысында сөйлеген
сөзінде Конституциялық өзгерістер Қазақ-
станның қуатты, бәсекеге қабілетті және
демократиялық мемлекет ретінде қа-
лыптасуы жолындағы маңызды кезеңге
айналатынын атап көрсеткен болатын.
Сайлау заңнамасы жетілдіріліп, азаматтар-
дың құқықтары мен бостандық
тары
кепілдендірілді. Ұлтаралық келісім қам-
тамасыз етіліп, Қазақстан халқы Ассам-
блея сы нығайтылды. Сот жүйесі жетіл-
діріл ді. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қолда-
ныстағы Ата Заңымыздың әлеуеті барынша
күшейтілді.
Сондықтан, біз өзгелерден қалмау
үшін, биіктерге самғау үшін, алдыңғы
қатарлы мемлекеттермен тереземіз тең
болуы үшін азаматтарымыздың құқын Ата
Заңымыздың шеңберінде айқын басым-
дық пен қорғауымыз керек.
Бұл үшін 2011 жылдың өткен кезеңінде
қолданылған прокурорлық ықпал ету ша-
раларымен 18 238 тұлғаның консти туция-
лық құқықтары қорғалып, 6 мың жұмысшы
алдындағы 170 млн теңгені құрайтын
айлық жалақы бойынша қарыз сомасы
өндіріліп отыр. Әлеуметтік-эко номикалық
саладағы заңдылықты қада ғалау бағытын-
да жүргізілген 1354 тексеру дің нәтижесінде
27 мың заң бұзушылық анықталып, олар-
ды жою мақсатында 2345 прокурор лық
қадағалау актілері енгізіліп, олар қаралды.
Түрлі жауапкершіліктерге 3611 тұлға
тартылды. Мемлекет пайдасына 687 млн
теңгеден астам қаржының түсуі қамтамасыз
етілді.
Облыс прокуратурасы конституциялық
заңдылықты мүлтіксіз орындап, Елбасы
және Қазақстан Республикасы Бас Про-
курорының тапсырмаларын жүзеге асыра
беретін болады.
Ата Заңымыздың шуағымен еңбек етіп,
биіктерді еркін еңсеріп келе жатқан барша
қазақстандықтарды Конституция күнімен
құттықтаймын!
Берік ҚҰЛТАСОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысының
прокуроры, аға әділет кеңесшісі
Полигон жаңғырығы
«Біз 1938−1970 жылдар аралығында
Семей сынақ полигонындағы жоғары ра-
диациялық қауіпті аймаққа жататын Шар,
Жанғызтөбе өңірлерінде тұрдық. Полигон-
ның салдарынан тұңғышым 1967 жылғы
Мәрлен Ибраимов мүгедек болып туылды.
15 жыл Ақсай Республикалық ба ла лар ау-
руханасында емде ліп, 1973,1978 жыл-
дары аяғына ауыр оталар жасалынды.
1984 жылы Қазақ КСР-і ҒА-ның президенті
А.Қонаевтың арнайы жолдамасымен
Қорған (Ресей) қаласындағы ғылыми-
зерттеу институтына барып, әйгілі ака де-
мик-дәрігер Г.А. Илизаровтың өзі екі аяққа
18 спиция қойды. Жасаған ота нәтижесіз
болды. Ақыры республикалық комиссия
1985 жылдан бастап 1-топтағы мүгедек
деп шешті. Диагнозын «Толғақ кезінде
жарақат алудан болған балалар цере-
бральді салы» деп қойды. Онымен келіс-
пейтінімді мен сол кездің өзінде-ақ айт-
қанмын. Ешкім елеген жоқ. Арада 20 жыл
өткен соң, Алматыдағы Диагностикалық
орталыққа 2009 жылдың қазан айында
тапсырған иммунологиялық сараптың
қорытындысы сырқатқа радиациялық
сәулеленудің қатыстылығын растап отыр.
Баламның құрсақта төрт айлығында сәу-
леленгенін ойласам, ет жүрегім қан жы-
лайды. Жастау кезімізде тағдыр салған
салмақты ешкімге алақан жаймай өзіміз
көтердік. Баламды Қырым, Ефпатория,
Ялта, Қорған, Жаңақорған қалаларына
апарып емдеттік. Заман көшінен қалдыр-
май ҚазҰУ-дың сырттай бөлімін алты жыл
бойы таксимен қатынап жүріп бітірттік.
Қазір әйелі, екі баласы бар. Алайда соңғы
жылдары сырқаты асқынып, жорғалап
жүруден де қалды. Үйде жүруге арналған
арбаға отырғызудың өзі күннен-күнге
қиындап барады. Сыртқа шығаруға арнал-
ған арбаның кезегінде тұрмыз. Сатып алуға
жағдайымыз көтермей отыр. Осының
салдарынан баламның таза ауа, ашық
аспанды көрмегеніне де көп болды.
Баламның полигон зардабынан дүние
есігін мүгедек қалпында ашқаны дәлел-
денсе де, бастапқы қойылған қате диаг-
ноздың салдарынан заңды жеңіл діктеріне
қол жеткізе алмай отырмыз. Аш паған есік,
тоздырмаған табалдырық қалмады. Бірі
біріне сілтеп, әбден әуреге салды. Жаныма
бататыны – олардың менің жайыма жүр-
дім-бардым қарайтындығы. Баламды бірі
«сынақ құрбандарына жатпайды» десе,
енді бірі «ол Алматыда туылған, бұл нау-
қастар тізімінде жоқ», – дейді. Ядролық
сынақтардан зардап шеккен біз бірінші
ұрпақ болсақ, менің балам – полигонның
сынағына ұшыраған екінші буынның
ұрпақтары. Ғалымдар полигонның әлі де
бірнеше ұрпақты қуалайтындығын айтады.
40 жасқа дейін әділдікке қол жеткізе
алмаған балам, ең болмаса, енді өзіне
тиесілі көмектерге қол жеткізсе аналық
парызымды орындағаным болар еді».
Бастапқы қойылған қате диагноздың
салдарынан осы уақытқа дейін өзіміздегі
және Ресейдегі ем шаралары мүлдем
басқа бағытта жүргізілген. Оны Аймақтық
Диагностикалық орталықта 6606 нөмірлі
08.10. 2009 жылы өткізілген иммуно-
логиялық сараптама қорытындысы растап
отыр. Яғни бала ана құрсағында төрт
айлығында радиациялық сәулеге шал-
дыққан. Ана қанында эквивалентті доза-
ның бар екендігі анықталған. Орталық
қорытындысын «Республикалық клини-
калық Отан Соғысы мүгедектеріне арнал-
ған госпиталь» РМҚК жоққа шығарып,
Орталық сарап кеңесіне құжаттар тапсы-
руға жол сілтейді.
«Даудың басы – Дайрабайдың көк
сиыры» демекші, бар бәле М.Ибраимовтың
Алматыда дүниеге келгендігінде болып
тұрған көрінеді. Ал ата-анасының 40 жыл
жоғары радиациялық аймақта өмір
сүргендігін ескерсек, әңгіме соқырға таяқ
ұстатқандай анық. Ата-анасының екеуі де
Семейдегі ғылыми-зерттеу институтында
сараптамадан өткен. Оның қорытындысы
бойынша екеуінің де радиациялық сәулеге
ұшырағандығы анықталған. Мәрлен
1-топтағы мүгедек ретінде бүгінде 20 мың
теңге зейнетақы алады. Зіңгіттей азамат
үшін бұл соманың бала-шағасын асырамақ
түгіл, қара басының керек-жарағына да
жетпейтіні белгілі. Әлі күнге ата-анасының
қамқорлығында отырған жігіт ағасы: «олар
өліп кетсе, күнім не болмақ?», – дейді. Мә-
се ле Семей Радиациялық медицина және
Экология ғылыми-зерттеу институты мен
Республика Орталық сараптама ке ңесінің
қорытындысы негізінде шешімін таппақ.
Әділдікке жете алмай Алматы мен Аста-
наны, одан қалды Семейдің құзырлы
орындарына қанша рет ат басын тіресе де,
әділдікке жете алмаған қарт ана әлі де
болса үміт үзер емес.
Халаман МҰСАТАЙҰЛЫ
Семей ядролық қару сынақ
полигонының жабылғанына
20 жыл толуына орай
газетіміз ол турасында шама-
шарқынша мақалалар
жариялап келеді. Осыған
орай полигонның әлі де болса
зардабын тартып келе
жатқанын айтып хат жазып
жатқандар аз емес. Олардың
бірі – 43 жыл бойы сынақ
зардабынан құрсақта жатып-
ақ жазалы болған азаматтың
анасы, қарт-ұстаз, зейнеткер-
ғалым, «Еңбек ардагері»
медалінің иегері Мәкен
Молдабаева. Әңгімені қарт
ананың хатымен бастасақ...
Поделитесь с Вашими друзьями: