Ізгілік пен сәттілікке толы болсын


БІЗ СІЗГЕ:  КӨМЕКТЕСЕМІЗ



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата13.04.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

БІЗ СІЗГЕ: 

КӨМЕКТЕСЕМІЗ. 

Диана Шарапова 

«Г

олос» жобасының қатысушысы



4 8

      w w w . k m f . k z

М Е Д И А - Т Ұ Л Ғ А

Сауалнама:

Аты-жөні:

 

Шарапова 



Диана 

Юрьевна


Отбасы жағдайы:

 

танымал 



жүргізуші, 

шоумен Роман 

Мироновтың 

жұбайы


Қызмет түрі:

 

қазақстандық 



әнші

Жұлдызнамасы: 

Таразы


Сүйікті түсі:

 

Қызыл



Музыкалық 

талғамдары: 

Соул, Джаз, 

Джаз – рок

БЛИЦ –СҰРАҚТАР 



– Өмірлік ұраныңыз… Қадам басқан 

қыр асар!



– Сынға көзқарасыңыз… Орынды 

сынға қарсылығым жоқ!



– Сіздің бақытты кездеріңіз. Отбасым 

барлығы бірге жиналған сәт.



– Достық Сіз үшін… Өмірде шынайы 

достар өте аз, сондықтан оларды қадірлеу 

қажет. 

– Бала Диананың арманы... Кішкентай 

кезімде күнде үйде караокемен ән 

салатынмын содан болар өскенде 

танымал әнші болуды армандадым. 



– Балалық шағыңыздан есте қалған 

оқиға… 15 жасымда менің айтқан әнім 

радиоэфирде берілді.



– Өкіндіретін жайт... Ұлыма уақыт аз 

бөлетінім өте өкінішті. 



– Жұмыс туралы айтатын болсақ, Сіз 

үшін ең бастысы? 

– Бірге жұмыс істейтін адамдардың 

кәсібилігі. 

 

– Сахнада ән айту – балалық шақтың 



арманы ма? 

– Иә, мен бала кезімнен әнші болуды 

армандадым. 

– Өнердегі жолыңыз қалай өрбіді? 

– Еліміздің экономикасы сияқты, жалпы 

жаман емес (күліп жіберді), алайда 

самғау да, құлдырау да болды. 



– Қандай қиындықтарға тап 

болдыңыз? 

– Барлығын басынан бастау, әрине, 

қиын. Бар тапқанымды топқа, студияға 

әрі өзіме жұмсадым, жаңа өлеңдер 

жаздырдым, жаңа костюмдер тіккіздім. 

Бірақ қазір осының барлығы өз жемісін 

беруде, менің жеке дыбыс жазу 

студиям және жеке вокал мектебім бар, 

командамда тек кәсіби мамандар қызмет 

етеді, мен оларды басты құндылығым 

деп білемін. 

– Сіз өте белсенді арусыз. Гастрольға 

жиі шығасыз, бейнебаяндар түсіресіз, 

«Дауыс», «Бас сахна» сынды әр 

алуан шоуларға қатысасыз. Осының 

барлығына қалай үлгересіз?

Маған менің отбасым, жолдасым 

көмектеседі, ол мені үнемі қолдап 

жүреді, «Дауыс» шоуына өтінім жіберген 

менің жолдасым, біз барлық жерге бірге 

барамыз. Жолдасым болмаса, күрделі 

шешім қабылдауға және барлығын 

қайтадан бастауға батылым жетпес еді. 

Біздің жұмсаған барлық күш-жігеріміз 

елеусіз қалмаса екен деймін, менің 

шығармашылығымның, әндерімнің 

аудиториясы кеңейеді деп үміттенемін. 



– Бұлардан өзге Сіздің жеке вокал 

мектебіңіз бар. Вокал мектебін ашу 

туралы идея қалай туындады? 

(Бұл орайда мектеп кәсіби педагогтардан 

вокал бойынша сапалы білім алу 

мүмкіндігі ретінде қарастырылады)

– Мен 2005 жылдан бастап көптеген 

қазақстандық әртістер үшін жеке дәріс 

бердім, көбісінде әндерді жазу кезінде 

вокалдық продюсер болдым. Алайда 5 

оқушыдан артық ала алмайтынмын, оған 

қоса басқа қалалардағы концерттеріме 

байланысты сабақ беруге уақыт болмай 

қалады, сондықтан менің жүйем 

бойынша жұмыс істейтін педагогтар 

дәріс беретін вокал мектебін ашуға бел 

будым. Мен мектебімді тек өткен жылы 

ғана аштым, ал бұған дейін педагогтарды 

іріктеп, оларға өзімнің әдісімді 

үйреттім. Олар тамаша адамдар – Ерлан 

Құрманғазы атындағы консерваторияны 

үздік бітірді. Айдана – джаз вокалы 

бойынша Ресей өнер академиясын 

тәмамдады. Ең бастысы, тек дарынды 

ғана емес, сондай-ақ тәртіпке бағынатын, 

өсуді қалайтын және жаңалыққа, білімге 

құштар адамдарды табу болатын. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

4 9

Біздің жұмысымыз заманауи әдістемеге 

негізделген, ол бойынша дәріс алушылар 

алдымен ән айтады, тек содан кейін ғана 

теорияға көшеді. Ал кеңес одағындағы 

мектептерде керісінше болатын. Өздеріңіз 

білетін шығарсыздар, бұл әдіс әлі күнге 

дейін ТМД аумағында қолданылып 

келеді. Егер осы мектептердің екі өкілі 

кездесетін болса, еуропалық әдіспен 

оқыған әнші артықшылыққа ие. 



– Сіз үшін осы жыл қаншалықты 

жемісті болды? 

– 4 бейнебаян түсірдім, Ақылбек 

Жеменеймен орындаған дуэтке бейнебаян 

түсірдік, Арал теңізінің трагедиясы 

жайлы әлеуметтік бейнебаян ел назарына 

ұсынылды, бірінші желтоқсанда тағы бір 

бейнебаяным жарыққа шығады, сондай-

ақ Ресей жұлдызымен орындалған 

дуэт те алдағы уақытта көрермендерге 

жол таппақ. Осы жылы мен гастрольде 

көп болдым – Мәскеу тұрғындарына 

әндерімді тарту еттім, Астраханьда өткен 

Уитни Хьюстонды еске алу кешінде, 

Ресейдегі Қазақстан мәдениетінің 

күндерінде ән шырқадым және т.б. 

Сондай-ақ мен Россия телеарнасындағы 

«Бас сахна» шоуына қатыстым. www.

vocalschool.kz вокал мектебінде біз 

60-дан астам адамға өлең айту өнерін 

үйреттік, көбісіне дарындарын ашуға, 

ал кейбіреулеріне ұялшақтық сезімінен 

арылуға көмектестік. 



– Шығармашылықпен айналысатын 

адамның бойында қандай қасиеттер 

болуы қажет? 

– Шығармашылықпен айналысатын 

адамдар басқа ешнәрсемен айналыса 

алмайтындарын түсінеді. Егер Сіз өзіңізді 

басқа кәсіппен айналыса аламын деп 

ойласаңыз, онда сахна сіздікі емес. 



– Жұмысыңызды жеке уақытыңызбен 

қалай байланыстырасыз? (Отбасы 

қағидаты, отбасыңызбен уақытты 

қалай өткізесіз? Жолдасыңыз және 

балаңыз туралы айтып берсеңіз) 

– Демалыс күндері біз үнемі табиғат 

аясына шығамыз, тауға, саяжайға 

барамыз, шаңғы тебеміз. Ешқашан үйде 

отырмаймыз, жазда ашық бассейнге суға 

түскенді жақсы көреміз. 



– Жақындарыңыз уақытыңыздың 

тығыздығына қалай қарайды? 

– Жақындарым үйреніп кетті. Ұлым 

қатты сағынады, алайда мен басқа 

қалада бір аптадан артық бөгелмеуге 

тырысамын. Ұлымыз бізді сондай 

қуанышпен қарсы алады, ол күні әдетте 

бірге ұйықтаймыз. Мен оған ертегі айтып 

беремін, ал әкесі батутқа апарып секіртеді 

не болмаса бассейнге апарады. (Ұлыңыз 

үйде ұзақ болмағанда қалай қарсы алады)



– Жасырын болмаса, жақын арада 

тыңдаушыларыңызды немен 

қуантасыз? 

– Бұған дейін айтып өткенімдей, жылдың 

соңында 2 бейнебаяным жарыққа 

5 0

      w w w . k m f . k z

М Е Д И А - Т Ұ Л Ғ А


шығады. Бір әнім бұған дейін еш жерде 

айтылмады, ол өте көңілді және биге 

арналған ән, онда кубалық ритмдерді 

естисіз. Испан тіліндегі реггитонды 

кубалық Dj Умберто оқиды. Ал әннің өзі 

қазақ тілінде шырқалады. 

Тағы бір бейнебаянды Ресей жұлдызымен 

18 қарашада түсіреміз. Барлық мән-жайды 

1 желтоқсанда білетін боласыздар))))))

– Жаңа 2016 жылда оқырмандарымызға 

тілер тілегіңіз? 

– Жаңа жылда, ең бастысы, барлығына 

денсаулық тілеймін. Дағдарысқа және 

тағдырдың тауқыметіне қарамастан, 

өз істеріңізге, армандарыңызға адал 

болыңыздар. Барлық ғашықтар некелерін 

қисын, балалы болуды армандаған 

отбасылар сәбидің шат күлкісіне бөленсін. 

Еліміз дағдарыстан тезірек шығып, ауқатты 

халықтың қатарынан табылсын. Адамдар 

әрбір күннен ләззат ала білсе екен. Ал оған 

менің әндерім арқау болмақ, әндерімді 

www.dianasharapova.kz сайтынан жүктеп 

алуға және тыңдауға болады. 



Сұхбат бергеніңізге рақмет! 

Ботагөз КАРИБАЕВА

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

    

5 1


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДАСТАРҚАН

жасау тұрғысындағы кеңестер

ТҮС МАҒЫНАҒА ИЕ. 

Дастарқан жаюдың негізі әдеттегідей 

қалады: мерекелік ыдыстар, жарқыраған 

бокалдар мен дәмді тағамдар. Жыл 

иесі дастарқан жаю барысының түстер 

реңктеріне өзінің өзгерістерін енгізбей 

қоймайды: олар қызыл немесе қызылға 

жақын түстер болуы керек, олар сарғыш 

қызыл, күлгін, сары түстер болуы 

мүмкін. Қызыл түс басым болуы керек 

деген оймен дүкенге барып қызыл түсті 

ыдыс алу міндетті емес. Дастарқан 

мен майлықтарға немесе безендіру 

элементтеріне мән берсе жеткілікті. 

Қызыл түс пен табиғи материалдардың 

үйлесімділігі. 

Ал қызыл түс табиғи ағаш бөлшектерімен 

тамаша үйлесімділік табады. Егер 

үйіңізде ағаштан жасалған үстел болса, 

оның үстіне дастарқан жаюдың керегі 

болмай қалады. Үстелдің дәл ортасына 

қызыл матадан жолақ жайып қойса 

жеткілікті. 

Бөлшектерді қызыл түске бояңыз. 

Безендіру барысында ақ түсті негізгі 

түс ретінде пайдаланыңыз және соның 

үстіне қанық қызыл «бояуларды» 

орналастырыңыз. Мысалға, үстеліңіздің 

үстіне ақ дастарқан жайып қойыңыз. 

Оның үстіне ал қызыл матадан жолақ 

жайып, мерекелік майлық төсеңіз. Тағы 

бір үлгі ретінде шырша бұтағынан шір 

(венок) жасап, оны алтын түсті және ал 

қызыл түсті ойыншықтармен безендіріңіз 

де үстелдің ортасына орналастырыңыз. 

Үстелдің үстіне ақ түсті ыдыстарды 

қойып, ыдыстардың тұсына әдемі қызыл 

майлықтарды төсеңіз. 

БУФЕТ-ҮСТЕЛ

Мешін жұртты таңқалдырғанды жақсы 

көреді, сол себепті дастарқанды жаю 

үлгісі де ерекше болуы мүмкін. Мысалға, 

әдеттегі үстеліңізді буфет-үстелге 

алмастырыңыз. Аталмыш нұсқаны 

басшылыққа алсаңыз, ұйымдастыру 

барысында кейбір ережелерді ұстаныңыз. 

Буфет-үстелді қабырғаға тақап 

орналастыру керек. Буфетті бірнеше 

қабат етіп орналастыру керек, ол үшін 

тіреуіш пен жәшіктерді пайдалануға 

болады. Үстелдің бетіне төсейтін 

дастарқанның ең үлкенін табыңыз, себебі 

дастарқан үстелдің үстінен еденге дейінгі 

Қызыл реңктер, ашық бөлшектер мен дастарқан жасаудың бірегей шешімдері. 

Шығыс күнтізбесіне сәйкес, 2016 жылды Қызыл мешін басқаратын болады, демек, 

аталмыш мешін адам өмірінің барлық саласына өз әсерін тигізбей қоймайды деген 

сөз. Жыл иесінің оң ілтипатына бөлену, соның ішінде жаңа жылды тиісті түрде 

қарсы алу аса маңызды болып табылады. Әрі дастарқан жасауда жабдықтарға 

көңіл бөлген де артық болмайды. Relax.by сіздер үшін Қызыл мешін жылы жаңа 

жылдық дастарқанды әрлей отырып жаю жайында бір-екі құнды кеңесті ұсынады. 

5 2

      w w w . k m f . k z

П А Й Д А Л Ы   К Е Ң Е С Т Е Р 


аралықты жауып тұруы тиіс. 

Тамақтарды секторларға бөліп 

орналастырыңыз: жемістер, тәттілер, 

көкөністер, балық, ет. Әдетте тәттілерді 

жоғары қабатта орналастырады, ал 

дәмтатымдарды үстелдің шетіне 

қарай қояды. Сусындарға келсек, ол 

үстелдің көлеміне байланысты болады, 

егер қоятын орын болса, сусындарды 

бокалдарға құйып қойыңыз, ал орын 

шектеулі болса, құмыраларды сусынға 

толтырып қойсаңыз жеткілікті. 

Таза ыдыс-аяқтар мен майлықтар 

буфеттің екі жақ шетінде 

орналастырылуы тиіс. Келген 

қонақтардың пайдаланылған ыдыс-

аяқтарды қоятын шағын үстел қойып 

қойсаңыз артық болмайды. 

 

ӘРЛЕУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ДЕ АСА 



МАҢЫЗДЫ 

Дастарқанды әрлеу жұмыстарын әр кім өз 

қалауы бойынша жүзеге асырады. Бірақ, 

жыл иесі мешінге ұнайтын тұстарды да 

ескерген жөн. Егер жыл иесімен жақсы 

қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, ұсақ-

түйекке де мән берген жөн. 

Майшамдар. Егер олар қызыл түсті 

болса керемет болады. Бұл сәндік элемент 

сіздің отбасыңызды тек қана сәттілік 

пен табысқа бастап қана қоймай, көңілді 

отырысқа жылылық пен мерекелік көңіл-

күй сыйлайды. Үлкен үстел болса, биік 

майшамдар қойыңыз, ал үстел шағын 

болса, аласа, бірақ көлемді майшамдар 

болса үйлесімді көрінетін болады. 

Жылтырақтар мен гирляндалар. Келер 

жыл иесі үйлеріңіздегі жылтырақтардың 

көп болғанына қуанатын болады. 

Дастарқанды жаяр кезде жылы түсті, 

жарқырайтын, қызыл түстен бастап 

алтын түс аралығындағы түрлі 

бөлшектерді таңдап алыңыз. 

Мешін жемістерді жақсы көреді. 

Демек жаңажылдық үстелдің үстінде 

жемістер молынан болуы тиіс. Оған қоса, 

апельсиндер мен бананды дастарқанды 

безендіру үшін пайдаланыңыз. Мәселен, 

апельсиннен жасалған кептірілген 

дөңгелекшелер даршын таяқшаларымен 

жақсы үйлесім тауып, әсемдік беріп 

қанай қоймай, бөлмені жағымды әрі 

ғажап иіске бөлейді. 

 Дастарқан жаюдың негізгі қағидалары 

Дастарқан жаю барысына әр мереке 

өзінің толықтыруларын енгізеді. Тек кез 

келген тақырыпқа арнаулы дастарқанның 

өзіндік қағидасын ұмытпаған жөн. 

Дастарқан (төсеніш). Ол салтанатты 

шараның басты назар түсетін бөлігіне 

айналуы тиіс. Дегенмен бұл тағамдар 

аясы болып табылатындықтан, мерекелік 

тақырыппен үйлесімде болуы, сондай-

ақ мұнтаздай таза әрі үтіктелген болуы 

тиіс. Дастарқан үстелдің әр жағынан 20 

сантиметрден кем емес ұзындықта түсіп 

тұруы керек және 40 см. аспаған дұрыс. 

Майлықтар. Майлықтардың түсі 

дастарқанның түсімен кереғар түстес 

болуы керек немесе сол дастарқанның 

түсімен бірдей болса үйлесімді болады. 

Орналастыру орнына келсек, ауыр 

матадан жасалған майлықтарды жеңіл 

тамақ салатын табақтарға салады. Әрине, 

қағаз майлықтар да болуы мүмкін, бірақ 

олар аса назарды аудартпайтындай етіп 

орналастырады. 



Дастарқанды сәндеу үстелдің үстіне 

табақтарды қоюдан басталады. Содан 

кейін, әдетте қалған ас құралдары, 

соңында шынылар мен хрусталь 

қойылады. 

Пышақтар мен қасықтар табақтың оң 

жағында орналастырылса, шанышқылар 

сол жағына қойылады. Ас құралдарын 

дөңес жағын төмен қаратып қояды, 

ал пышақтың өткір жағын табаққа 

қаратып орналастырады. Стақандар 

мен бокалдарға келетін болсақ, оларды 

табақтың алдына сол жағына таман 

қояды. 

Бірыңғай стильді қолдану маңызды 

болып табылады. Себебі қарама-қайшы 

келетін стильдердің үйлесім табуы қиын 

болғандықтан, дастарқанды сәндеу 

үшін белгілі бір стильді пайдаланып, 

соны ұстанған жөн. Бұл қағида түстерді 

пайдалануға да қатысты. Жаңажылдық 

жылтырақтардан басқасында түстерді 

шамадан тыс қолданудан сақ болу керек. 

СКАНДИНАВИЯЛЫҚ СТИЛЬ

Бұл стильдің негізін табиғи заттар, 

қарапайымдылық пен ұстамдылық 

құрайды, дей тұрғанмен, барлығы 

сәнді көрінеді. Стильді жүзеге асыру: 

табақтарды бұғының немесе қар 

ұшқынының суретімен безендіріңіз. 

Жаңажылдық үстелге шамқойғыш 

пен майшам қойыңыз. Олар ағаштан, 

шыныдан немесе тастан жасалуы мүмкін. 

ЭКОСТИЛЬ

2016 жылғы жаңажылдық үстелді 

әсемдеуге арналған барлық заттар 

табиғи материалдардан жасалу тиіс. Бұл 

жағдайда ағаштан жасалған үстел тамаша 

көрініс табады. Әсемдеудің бұл үлгісінде 

сарғыш, жасыл және қоңыр түстер болуы 

тиіс. 


Бұл стильде үлкен ақ балауыз майшамы 

мен қылқан шыбығы үйлесім табады. 

Майлықтарды безендіру үшін кенепті 

пайдаланыңыз, ал қонақтарыңызға 

комплимент ретінде тәтті тоқашты өзіңіз 

пісіріңіз. 

КЛАССИКАЛЫҚ СТИЛЬ

Бұл стильде қымбат материалдарды 

пайдаланған маңызды: хрусталь, 

күміс, фарфор мен алтын жалатылған 

бұйымдар. Осы секілді ұстамды стильдер 

үшін сарғыш және ақшыл сары түстер 

тамаша үйлесімде болады. Ал қызыл 

түстер мүмкіндігінше аз қолданылуы 

керек. Дей тұрғанмен, әсемдеу кезіндегі 

дастарқанның түсі міндетті түрде ақ 

болуы тиіс. Әр қонақ үшін асқа арналған 

ас құралдарының бірнешеуі болуы керек. 

www.mag.relax.by

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

5 3

2016 жылға арналған

 

МАКИЯЖ 



Жаңа жыл кеші – айрықша кеш. «Жаңа жылды 

қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» деген 

сөз бар. Әйелдер қауымы жаңа жылда құлпырып 

жүру үшін осы мейрамға ерекше дайындалатыны 

ешкімді таңқалдырмайды. Алдын ала көйлек 

сатып алынады, шаш үлгісі таңдалады, алайда бұл 

ретте макияжға ерекше көңіл бөлінбейді, ал бұл 

дұрыс емес. Макияж Сіздің сұлулығыңызды аша 

түсуі мүмкін немесе дұрыс жасалмаған макияж 

барлығын бүлдіруі мүмкін. 

2016 ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МАКИЯЖЫ ҚАНДАЙ 

БОЛУЫ КЕРЕК?

Біріншіден, ол сіздің жас шамаңызбен және ажарыңызбен үйлесуі керек. Дұрыс 

жасалған макияж көркіңізге көрік қосады және кемшіліктеріңізді жасырады. 

Екіншіден, макияжыңыз жаңа жылдық киіміңізбен үйлесуі керек. Егер Сіз ашық, 

бірден көңіл аудартатын көйлек киетін болсаңыз, макияж тым қанық болмағаны 

дұрыс. Ал егер көйлегіңіз қарапайым болса, ашық әрі қанық макияж жасауға 

болады. 

2016 жылдың тренді табиғилық, дегенмен осы жаңа жыл кешінде әр алуан түстерді 

қолдана аласыз: ашық және қанық далап, жылтырауықтар, страздар және т.б. Бірақ 

шектен шықпаңыз, Сізді жаңа жылдық шыршамен шатастырып алмасын. 

Күнделікті жасалатын макияж сияқты бұл жерде де бір нәрсеге ерекше көңіл 

бөлу қажет. Егер Сіз көзіңізге ерекше мән бергіңіз келсе, ерніңізді көзге түспейтін 

далаппен немесе жылтырмен бояңыз. Керісінше: егер Сіз ашық, қанық түсті 

далапты таңдасаңыз, көздің макияжы қарапайым болуы керек. Алайда көзді де, 

ерінді де елеусіз қалдыру дұрыс емес. 

2016 жылға арналған макияж 2016 жыл – шоқ қызыл мешін жылы, сондықтан 

2016 жылға арналған макияждың түсі «от түстес» болуы керек. Қызыл, қызғылт 

сары, күлгін реңктерге, сонымен қатар алтын және күміс түсті жылтыраққа ықылас 

білдірген жөн. 

5 4

      w w w . k m f . k z

А Р У Л А Р Ғ А   К Е Ң Е С


БЕТТІ 

МАКИЯЖҒА 

ДАЙЫНДАУ:

Тоналды крем жағу

Таза әрі жарқын бет терісі – сұлулықтың 

негізгі құраушысы. Сондықтан мерекенің 

алдында теріңізді безеулерден және басқа да 

кемшіліктерден тазартқан дұрыс. Дегенмен қажетті 

уақытта бетіңізді мінсіз ету оңай шаруа емес. 

Сондықтан мерекелік макияжды бастамас бұрын, 

міндетті түрде бетіңізге тоналды крем немесе 

опа жаққаныңыз жөн болады. Олар теріге 

балғындық беріп, кемшіліктерін жасырып 

қана қоймайды, сондай-ақ дұрыс 

пайдаланған жағдайда бет-әлпетті 

ажарландыруға себепші 

болады. 

КӨЗГЕ  


АРНАЛҒАН МАКИЯЖ

Жаңа 2016 жылда көз макияжын жасау бой-

ынша кеңестер:

2016 жаңа жыл кеші – ашық косметикалық құралдарды 

пайдалану үшін аса қолайлы уақыт: қанық реңкке ие меруерт 

түстес көз бояуы, түрлі-түсті сүрме, алтын және күміс түстес 

жылтырақтар, страздардың өзі көзіңіздің сұлулығын аша түспек. Ал 

егер макияж жасау кезінде ерніңізге ерекше көңіл бөлсеңіз, көзіңізді 

тым ашық бояудың қажеті жоқ. 

Бір түсті көз бояуы жаман емес, дегенмен көзді бояғанда кем дегенде үш 

түс қолданған жөн. Оларды мына схема бойынша жағыңыз: 

Көз бояуын қалай жағу керек

Контурды қарындаштың немесе сүрменің көмегімен жасауға болады, 

тым айқын сызықтарды сәл сүртіп жіберу керек. Дұрыс жағылған көз 

бояуы және дұрыс сызылған контур көздің қиығын айқындап, кейбір 

кемшіліктерді жасыруға мүмкіндік береді. 

Көздің макияжы 

Әрине, көздің макияжын аяқтау үшін тушь жағу керек. Жаңа жыл 

кешінде тек қара әрі қоңыр түсті тушьтарды ғана емес, түрлі-түсті 

– жасыл, көк, күлгін түсті тушьтарды қолдануға болады. Ең 

бастысы – тушьты тым көп жағып қоймаңыз: «өрмекшінің 

аяқтары» ешбір қызды ажарландырмайды. 

Қасқа көңіл бөлуді ұмытып кетпеңіз: күтім 

жасалмаған қас сіздің барлық 

еңбегіңізді зая етеді. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

5 5

www.tolko-poleznoe.ru

ЕРІН 


МАКИЯЖЫН 

ЖАСАУ БОЙЫНША 

КЕҢЕСТЕР:

Ашық далап – жаңа жылдық кеште маңызды. Егер 

сіздің ерніңіз мінсіз емес деп есептесеңіз, оны көзге 

қатты түспейтін түспен бояған жөн. Сондай-ақ мерекелік 

макияж да көзіңізге қатты көңіл бөлінсе, бұл ретте де ашық далап 

қолданбаған дұрыс. 

Бірден ерінге далап жаққан қате болады: далаптан бұрын ерніңізге 

корректорды немесе тоналды кремді жағыңыз. Олардың арқасында да-

лап ерніңізде ұзағырақ сақталады. Егер ерніңіздің терісі құрғақ болса, 

ылғалдандыру құралдарын пайдалануға болады. 

Ерін макияжы 

Далаптан бұрын ерніңіздің контурын қарындашпен сызып, айқындап 

алыңыз. Ол далаппен бірдей реңкте болмаса да, тек бір тонға ғана 

қоюлау болуы мүмкін. Контурыңыз қатты байқалып тұрмау үшін 

оны сәл сүртіп жіберіңіз. 

Ерніңізге далап жаққаннан кейін оны майлықпен сәл сүртіп 

жіберіңіз. Содан кейін далапты екінші рет жағыңыз. Бұл 

далаптың ерніңізде ұзақ сақталуына көмектеседі. 

Егер ерніңізге қосымша көлем бергіңіз келсе, 

түссіз жылтырақты төменгі еріннің 

ортасына жағыңыз.


Каталог: upload -> iblock -> 054
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет