Ізгілік пен сәттілікке толы болсын



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата13.04.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

3 6

      w w w . k m f . k z

С Ұ Р А Қ   –   Ж А У А П 

Қайырлы күн! Мен сіздердің компанияларыңыздан «Бизнес» өнімі бойынша кредит 

алатын тұрақты клиенттеріңіз болып табыламын. Бірақ, менің әлі де төлейтін 

кредитімнің сомасы айтарлықтай көп, бүгінгі күні дүкенді меншігіме сатып 

алатын мүмкіндік туып тұр, соған кредит қажет. Маған ұсынарыңыз бар ма?

Қайырлы күн!

Біз сіздің қалған кредитіңізді қайта қаржыландырып, «Шағын және орта бизнес» өнімі 

бойынша жаңа кредит бере аламыз. 

Шағын және орта бизнесті кредиттеу бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру кез 

келген бизнес мақсаттарға беріледі. Кредит сомасы – 7 млн. теңгеден жоғары, мерзімі 

60 айға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 25%, комиссиясыз. 

«Фермер», «Бизнес» өнімдерінде белсенді кредитті ішкі қайта қаржыландыруға рұқсат 

беріледі. 

Кредит пен бизнестің мақсатына қарай жеңілдік кезеңі мен өтеудің ыңғайлы кестесі 

қарастырылған. 

«ШОБ» кредит алуға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша тұрғылықты жеріңізде 

орналасқан біздің кредиттік мамандарға хабарласуыңызға болады. 

Қайырлы күн! Менің жолдасым Сіздің компаниядан біраз уақыттан бері 

кредит алады. Ауылшаруашылық бизнесінде. Қазір егін жинау науқанына 

дайындық үстіндеміз, ЖЖМ сатып алу керек – науқан басталмай алсақ 

арзанырақ болатын еді. Бірақ айналымдағы ақша аздап жетпей тұр, ал 

келесі кредитті алатын мерзімге әзір емес. Сіздердің компанияда осы секілді 

мақсаттарға қандай-да бір қосымша кредиттер қарастырылған ба? 

Біз Сіздің жолдасыңызға «Сезон» өнімін ұсына аламыз. Бұл қолданыстағы 

кредитке қатарынан берілетін кредит. Табыс көзі «ауыл шаруашылығы» болатын 

клиенттер үшін науқандық ауылшаруашылық шараларын жүргізу шығындарын 

қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады. 

 Шарттары өте ыңғайлы әрі біздің клиенттеріміздің сұраныстарына ие «Сезон» 

өнімі қашан да Сізге ыңғайлы! 

Сыйақы мөлшерлемесі – 0%

«Сезон» кредитінің сомасы 700 000 теңгеге дейін.

Комиссиясы – 5% дейін.

«Сезон» өнімінде қосымша кепіл талап етілмейді. 

Қайырлы күн! Сіздерден кредит алайын деген едім, бірақ менің кредиттік тарихым жақсы 

емес, менің екі банкте кредитім бар, бір банкте өтеу мерзімінен 12 күнге кешіктірсем, екінші 

банкте ұзақ уақыт кредитті өтемегенмін, бірақ бүгінгі күнге ол кредиттерді толығымен 

өтедім. Сіздердің банктеріңізден кредит ала аламын ба? 

Қайырлы күн! Біздің филиалдардың кредиттік комитеті сіздің төлем жүргізу ұқыптылығыңыз 

бен толық танысқаннан кейін ғана кредит беру туралы шешім шығарады. Егер сізде өзге қаржы 

институттарындағы кредиттеріңіз өтеу мерзімінен кешіктірілген болса, кредит алу бойынша 

өтініміңіз оң шешілмеуі әбден ықтимал. Оған қоса, Біздің компанияда «Қаржылық сауаттылық » 

жобасы қолданысқа енгізілген. 

Жобаның мақсаты: оқыту семинарларына тегін қатысуға мүмкіндік беру арқылы ҚР қаржылық 

сауаттылығын арттыру. Жобаға кез келген қалаған адам қатыса алады. 

Толығырақ ақпаратты біздің www.kmf.kz сайтынан біле аласыз. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

3 7

ӨЗІН-ӨЗІ  

ЫНТАЛАНДЫРУДЫ ОҢАЛТУ 

немесе Шабытты қалай қайтаруға болады?

ЛЮДМИЛА БОГУШ-ДАНД, 

«Bogush Time уақытты басқару студиясы» 

тренингтік компаниясының құрылтайшысы

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қызықты зерттеулер жүргізілді: кәсіпкерлерге 

бизнестеріне қаншалықты көңілдері толатыны, бастан кешкен қиындықтары және жеке 

бизнеспен бірнеше жыл айналысқаннан кейін кәсіпкерлік жайлы не ойлайтыны туралы 

сауалдар қойылды. Олардың арасында «Сіз осының барлығын бастаған кезде, Сізден не 

талап етілетінін және қандай қиындықтарды бастан кешіретініңізді білгенде, өз ісіңізді 

бастауға келісер ме едіңіз?» деген сауал да болды. Сауалнама жүргізілгендердің 95% бұл 

сауалға «жоқ» деп жауап берді. Сауалнамаға бизнесін дамытып, жетістіктерге қол жеткізген 

әрекеттегі кәсіпкерлер қатысқандығын атап өту қажет. Ал кәсібін дөңгелете алмай, банкрот 

болғандар кәсіпкерлік жайында не айтатынын ойлап көріңіз? 

Кәсіпкерлер туралы сөз қозғағанда, 

Максим Горькийдің сөздері еске түседі: 

«Ерлердің ессіздігін жырлаймыз біз!..» 

Өйткені әлемдегі даму мен ілгерілеу 

табысқа қол жеткізіп, жаңа тауарлар 

мен қызметтерді ұсынып, жаңа жұмыс 

орындарын ашып, «өз қанатының 

астына» жаңа адамдарды қабылдап, 

бизнесті қалыптастыру мен дамытудың 

барлық қиындықтарын еңсеретіндердің 

арқасында орын алады. Ешкім де оңай 

болады деп сөз берген жоқ.

Енді, сіздерге, яғни жеке басы мен отбасы-

нан басқа, ауқымды жауапкершілікті мой-

нына алған адамдарға қатысты бір-екі ауыз 

мақтау сөз айтқаннан кейін, мен кәсіпкерге 

өз шабытын қолдап тұру, ал қажет болған 

жағдайда қайта жандандыру үшін бірнеше 

пайдалы кеңестер бергім келеді. 

 «Бизнес иесінің таусылуы» феномені – 

кең тараған жағдай. Бірақ бизнесті өзіміз 

бастағандықтан, бұл өзен ағысымен 

өзіміз жүзетін боламыз, солай емес пе? 

Естеріңізде ме, Ильф пен Петровта: 

«Батып кетушілерді құтқару – батып 

кетушілердің өз қолында» деген сөз бар 

емес пе? Бірнеше жыл артқа шегініңіз, өз 

ісіңізді бастаған уақытты есіңізге түсіріп 

көріңіз, сізде не ақша, не тәжірибе, не 

өнім, не клиенттер, не есіміңіз, яғни 

ештеңе де болмады. Сізде тек өзін-өзі 

ынталандыру ғана болды.

Өзін-өзі ынталандыру деген не? 

Кәсіпкерде «өз-» дегеннен басқа ештеңе 

болмайтыны түсінікті жәйт. Ынталандыру 

– бұл қандай да бір әрекеттерді жасауға 

ішкі талпыныс, адамның бір әрекетке 

баруының себебі. Әрекет ете отырып, 

адамға мына жағдайлар елестейді: 

болашақтағы жеңістері, мүмкіндіктері, 

еркіндіктері және жетістіктері. Осы 

жағдайларды ойлап, оларға талпына 

отырып, адам тосқауылдарды еңсеруге 

және қиындықтарды жеңуге дайын. 

Сіз өз ісіңізді бастаған кезде арманыңыз 

сізді ынталандырды, солай емес пе? Ал 

содан кейін не болды, ынталандыру неге 

ғайып болды? Сеніңіз, ол әлі де сізбен 

бірге, тек сәл ғана ұмытылғаны болмаса, 

сондықтан ол байырғы күшін жоғалтып 

отыр. Таңертең оянған кезде Сіз 

бұрынғыдай әрбір күніңізге қуанбайсыз, 

өзіңізді жауапты ретінде ғана сезінесіз. 

Әрине, бұндай көңіл-күймен алысқа бара 

алмайсыз. Сондықтан арманыңызды 

бастапқы шабыт деңгейіне қайтаруыңыз 

керек. 


3 8

      w w w . k m f . k z

П О З И Т И В Т І   Ш Е Ш І М

350 000 тг.

36 397 тг.

Ең алдымен өзіңізді шектемей, күмән 

келтірмей және сын білдірмей, өз 

тілектеріңіздің тізімін құрастырыңыз. 

Осылайша, Сіз өзіңізді ынталандыру 

үшін негіз құрасыз. Егер тілектеріңіздің 

тізімі арманыңыздағы шынайы 

нысандардың суреттерімен қатар берілсе, 

бұл санаңызға бағыт-бағдарды мықты 

ұстануға мүмкіндік береді. Бұл орайда 

тізіміңізге жиі қарап тұру үшін оның оңай 

жерде тұрғаны өте маңызды. 

Ал енді өзін-өзі ынталандырудың жүйесі 

туралы сөз қозғайық. Бұл жүйе бірнеше 

міндетті іс-әрекеттерді атқаруды көздейді 

– азғантай болғанымен, өте қажетті іс-

әрекеттер. 

Тілектеріңізді жүзеге асырудың 

мүмкіндігін жіберіп алмас үшін күнде 

таңертең өз тілектеріңіздің тізіміне көз 

жүгіртіп отыру қажет. Бұл ісіңіз тамаша 

көңіл-күй сыйлайды, ал жақсы көңіл-

күй – бұл эмоция, ал эмоция – өзін-өзі 

ынталандыру үшін тамаша орта. Сананың 

визуалды екенін ескерсек, сіз өзіңізді 

автоматты түрде бағдарламалайсыз, оның 

мәні мынада – сіз шешімдерді қабылдау 

кезінде мақсаттарыңызға жетуге барынша 

қолдау көрсететін шешімдерді санадан 

тыс таңдайтын боласыз. 

Күнде кешке сол күннің қорытындысын 

жасау кезінде өз тілектеріңіздің тізімін 

қайта қарап шығу керек. Өйткені күнді 

жақсы көңіл-күймен аяқтау қажет 

және бұл өзіңізді бағдарламалау болып 

табылады. Ұйықтап жатқан кезде, 

санадан тыс еңбектенуді жалғастырасыз. 

Алайда санадан тыс ақпарат өңделу үшін 

оған нұсқау беру керек. Кешкі уақытта 

тілектердің тізімін қайта қарап шығу осы 

мақсатта жүргізіледі. 

Әр айдың соңында Сізге тізіміңізді қайта 

қарап шығып, жаңа тілектерді қосу 

және орындалғандарын белгілеу арқылы 

түзетулер енгізу қажет болады. Ешқашан 

орындалған тілегіңізді сызып тастамаңыз 

– бұл өз жетістіктеріңізді бағаламау 

деген сөз. Ал егер Сіз өзіңізді үнемі 

бағаламасаңыз, өзін-өзі ынталандыру 

туралы сөз қозғаудың қажеті қанша? 

Табыстылық тарихын қағазға түсіріңіз: 

осы айда қандай оң оқиғалар орын алды

неге қол жеткіздіңіз, ненің арқасында ол 

жүзеге асты, нені үйрендіңіз, келесі айда 

қандай іс-шараларды жоспарлайсыз. Бұл 

өте маңызды қадам. Табыстарыңызды 

қайталау үшін оларды міндетті түрде 

айқындап отырыңыз. Сәтсіздіктерді 

талдай отырып, осы жағдайдан қандай 

сабақ алғаныңызды жазғаныңыз абзал.

Жылдың соңында өз тізіміңізді 

жаңартып, жаңа тілектермен және 

суреттермен толықтырып, мұқият қарап 

шығыңыз. Ғажайып феномен байқалған: 

тілегіңіз орындалу үшін оны жазып 

қою жеткілікті. Ал адамның өзін-өзі 

ынталандыруы өз жобаларын жүзеге 

асыруда қаншалықты табысты екеніне 

байланысты, сондықтан міндетті түрде 

жетістіктер күнделігін жүргізіңіз. 

Кейінірек, компанияңыз үлкейгенде, сіз 

оның тарихын сипаттау қажеттілігіне тап 

боласыз (бұл пиар-қызметте маңызды 

нәрсе), сондықтан, қазірден бастап үлкен 

табысқа дайын болыңыз! 

Әрине, бизнесіңіз өркендеп дамуы үшін 

тек өзін-өзі ынталандыру аз болады. 

Ынталандыруға «қорек» болатын 

ұйымдастырушылық және қаржылық 

мәселелерді де шешу қажет, ал ол, өз 

кезегінде, сізге шабыт беруі қажет. Сол 

кезде Сіз өзіңіздің шағын бизнесіңіздің 

болашақта үлкен әрі беделді компанияға 

Қарапайым 

адамдар 


сәтсіздіктерге 

«қадалып 

қалады» және 

жеңістерін 

ескермейді, 

алайда табыс 

деген – 

қайталауды 

қажет ететін 

іс-әрекеттер, 

ал қателіктер 

болса, түзетуді 

қажет ететін іс-

әрекеттер.

Менің басты 

кеңесім – 

армандаңыз! 

Бұл ретте 

үнемі, кесте 

бойынша және 

жүйе бойынша 

армандаңыз.

айналатынына нық сенімді бола аласыз. 

Сізге шабыт пен биік мақсаттар тілеймін. 

Сіз бұған лайықтысыз. 

4 0

      w w w . k m f . k z

П О З И Т И В Т І   Ш Е Ш І М


МСБ

7 500 000 тг.

220 135 тг.

;


«БИЗНЕСТЕГІ ҚАЗАҚ 

ДӘСТҮРЛЕРІ»



Сіздің өміріңізде бойыңызда ыстық қан жүгіріп, ата-бабаңыздың үнін естіп, рухын 

сезінген сәттер болды ма? Дәмегүл Әбіханованың ұлттық киімдер салонының 

табалдырығынан аттаған кезде, дәл сондай сезім біздің бойымызды билеп алды. 

Дәмегүл Әбіханова қазіргі таңда қазақтың ұлттық киімдерін тігумен айналысатын 

табысты кәсіпкер, алайда Алматыға көшіп келгенге дейін, біздің кейіпкеріміз 10 

жылдан астам Шымкенттің мемлекеттік мекемелерінде медицина қызметкері 

болған екен. Қазір оның дүкеніндегі ғажайып көйлектердің, костюмдердің әсемдігін 

және салтанатын тамашалай отырып, біз күмбірлеген домбыраның қоңыр үніне, 

тынысыңды ашар сары дала жусанының аңқыған иісіне қанғандай болдық. 

4 2

      w w w . k m f . k z

К Л И Е Н Т   Т А Р И Х Ы 

Бұл өнер Дәмегүлге анасының сүтімен 

дарыды деуге болады, анасы Дәмегүлге 

кішкентай кезінен бастап ұлттық 

киімдерді дұрыс пішуді және тігуді 

үйретті. Әбіхановтарда бұл отбасылық 

кәсіп, тек анасы ғана емес, Дәмегүлдің 

әжесі де ісімер болған, ол өмірінің 

соңына дейін қолынан ине-жіп түспеген 

арда ана екен. 

Соған қарамастан, Дәмегүл балалық 

шақтан дәрігер болуды армандады. Ақ 

халатты абзал жан боламын деген ой оны 

алға жетеледі, ал ата-анасы қыздарының 

бұл талпынысын барынша қолдады. 

Алайда, ол тігіншілік кәсібінен қол үзген 

жоқ. Дәмегүл таңертең фельдшерлік-

акушерлік орталықта жұмыс істеп, ал 

кешкісін үйде киім тігумен айналысты. 

Дәмегүл медицина саласында 12 жылға 

жуық қызмет атқарып, жергілікті 

аурухананың меңгерушісі лауазымына 

дейін көтерілді. Алайда ата кәсібі 

басымырақ болып, 1997 жылдан бастап 

Дәмегүл отбасының сүйікті ісіне 

толықтай көңіл бөлу үшін медицинадан 

қол үзді. 

«1997 жылы біз Жетісай қаласында 

тұрдық, мен ауылдардың бірінде фельдшер 

болып қызмет істедім. Бұл өте қиын уақыт 

еді, жалақы айлап төленбейтін. Сол кезде 

мен ұлттық киімдерді тігіп, ақша табайын 

деп шештім. Үш жыл бойы айырбасқа 

жұмыс істедім. Бір камзол үшін маған бір 

қап картоп немесе бір қап ұн не болмаса 

бір қой берді», – деп есіне алды Дәмегүл 

Әбіханова. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

    

4 3


Дәмегүл бұдан әрі былай күн көре 

алмайтынын түсінді, өйткені ол 3 ұлы 

мен кіші қызын өсіріп, оқытуы қажет 

еді. 2009 жылы ол өзінің барлық мүлкін 

сатып, Алматыға көшіп келеді. Ең 

алдымен, Дәмегүл «Сайран» автобекетіне 

қарама-қарсы бір бутикті жалға алады, 

осылайша киімдерді жөндеу бойынша 

өзінің шағын кәсібін бастайды. Түскен 

ақша қолына тұрмайтын, себебі 

ол Алматыда оқып жүрген ұлына 

көмектесуге мәжбүр еді. Сөйтіп ол шағын 

кредит алуға бел буады. 

«Бір күні менің жұмыс орныма KMF-

тің кредиттік сарапшысы келіп, кредит 

алуымды ұсынды. Бірақ дәл сол кезде 

мен кредиттен бас тартқан болатынмын. 

Біраз уақыт өткеннен кейін кәсібімді 

кеңейту үшін маған ақша қажет болды, 

сол кезде мен KMF-тің қызметтерін 

пайдалануға бел будым. Бастапқыда мен 

150 000 теңге мөлшерінде кредит алдым, 

2 ай үшін тек 8 000 теңгеге артық төлем 

жүргіздім, ал басқа банктерде артық 

төлем бұдан көбірек еді», – деп Дәмегүл 

өз ойымен бөлісті. 

Кейіпкеріміз кредиттік қаражаттарды 

кестелеуге және тігуге арналған жаңа 

материалдарды сатып алуға жұмсап, 

ұлттық киімдерді тігуді жалғастырды. 

Содан бастап, оның ісі өрге басты. Сөйтіп 

ол екінші рет 500 000 теңгеге кредит 

алды, оны 3 айдың ішінде жауып, 750 000 

теңге болатын үшінші кредитті ресімдеді. 

Дәмегүлдің айтуы бойынша, кәсіпкерлік 

қызметке арналған шағын кредиттер оған 

өндіріс көлемін ұлғайтуға көмектесті, 

енді ол өз қаражаттарын қалай дұрыс 

инвестициялау қажет екенін сеніммен 

айта алады. 

«Ең дұрысы, қарызға алған ақшаны 

бизнеске құю керек, өйткені бұндай 

инвестициялар қайтып келеді. Өкінішке 

орай, көп адамдар кредитті үйлену тойын 

немесе мерейтойды өткізу, үйіне жөндеу 

жұмыстарын жүргізу немесе соңғы 

уақытта кең етек жайған жағдай – көлік 

сатып алу үшін алады. Ал содан кейін өз 

қарыздарынан құтыла алмай қиналады. 

Қазір мен 2-3 кредитті бірден жаба 

аламын. Айта кетейін, таяуда мен KMF-

тен 3 000 000 теңгеге кредит алдым. Осы 

ақшаға мен өзіміздің ұлттық көрпелерді 

тігуді жоспарлап отырмын, өйткені «Қыз 

ұзату» кезінде қыздардың ата-аналары 

көрпелер сатып алғысы келеді. Енді 

көрпелерді өзіміз тігетін боламыз» дейді 

Дәмегүл. 

Жақын арада біздің кейіпкеріміз өзінің 

дүкенінде сурет салонын ашты, енді 

келушілер ұлттық киімді киіп, суретке 

түсу, шақыру қағазын жасау, той 

баннерлерін жасау мүмкіндігіне ие болды. 

Болашақта Дәмегүл қалыңдықтарға той 

макияжын жасау үшін сұлулық салонын 

ашуды жоспарлап отыр. 

«Мен кредитті той өткізу үшін емес, 

өз бизнесіңді ашу үшін алу қажет деп 

есептеймін. Мен бұны өз туысқандарыма 

да айтамын. KMF ыңғайлы әрі 

қолайлылығы – көп құжаттар талап 

етілмейтіндігінде, банкке барып, кезекте 

тұрып, кредит алу үшін мүлкіңді кепілге 

қою қажет емес, кредиттік сарапшылар 

барлық қажетті құжаттарымен өздері 

келеді. Мысалы, менің сіңлім өз ісін, 

мен сияқты, жинаған-тергенінен және 

өзінің жеке қаражаттарынан бастады. 

Ал енді KMF берген кредиттердің 

арқасында Алматыда екінші сауда 

нүктесін (аспаздық) ашып отыр. Мен оған 

ақшасын бизнесті дамытуға жұмса деп 

кеңес бердім. Ол өзінің бірінші кредитін 

жауып үлгерді, ал жақында екіншісін 

алды. Қазір оның ісі алға басып отыр. 

Отбасыма келсем, менің жолдасым да 

жұмыс істейді, үш балам көмектеседі, 

тіпті 11 жасар қызым да бір нәрсе тігуге 

талпынады. Менің ісім өрге домаласа, 

мен ешқандай кредиттен қорықпаймын», 

– деп Дәмегүл Әбіханова өз ойымен 

бөлісті. 

Кәсіпқой фотографты қосқанда

4 4

      w w w . k m f . k z

К Л И Е Н Т   Т А Р И Х Ы 


Мен кредитті 

той өткізу 

үшін емес, өз 

бизнесіңді 

ашу үшін алу 

қажет деп 

есептеймін. 

Дәмегүлде 7 адам жұмыс істейді. Ол 

олардың барлығына жалақыларын 

уақытылы төлейді. Бұған дейін 

жұмыстың барлығын өзі атқаратын, ал 

енді оның көмекшілері бар: бір жұмыскер 

ою-өрнектермен айналысады, екіншісі 

материалдарды пішеді, үшіншісі кестелеп 

тігеді. Сөйте тұра, Дәмегүл сүйікті ісінен 

қол үзбек емес, қыр-сырын зерттеп, 

жаңа әрі тың туындыларды дүниеге 

әкелу жолында талантын шыңдауда, 

қолы ұйымдастыру-шығармашылық 

жұмыстарынан босағанда киімдерді өзі 

тігеді. 

Негізінен костюмдер тапсырыспен 

тігіледі, бірақ кейбір киімдерді жалға 

алуға болады. Тойға арналған костюмдер 

150 000 теңгеден басталады. Егер 

кестелеп тігілген элементтері көп 

костюмді алатын болсақ, оның жалға алу 

құны тәулігіне 35 000 – 45 000 теңгені 

құрайды, балалардың киімдері 10 000 

теңгеден басталады. Материалдарды 

Дәмегүл өзі таңдайды, клиенттерге 

қандай мата таңдау керектігі тұрғысында 

кеңес береді. Күрделі костюм 2-3 күн 

тігіледі. Балалардың костюмдері тезірек 

тігіледі, бір күнде 20 костюмге дейін 

тігуге болады. 

«Маған қазақтың ұлттық киімі өте 

ұнайды, оған сұраныс күшті. Сіңліме ең 

бірінші рет көйлек тігіп бергенім есімде. 

Одан мұндай әдемі көйлекті қайдан 

алғанын сұраған адамдар өте көп болды. 

Осылайша адамдар мені танып біле 

бастады» – деп, күлімсіреп жауап берді 

кейіпкеріміз. 

Айта кетейік, Дәмегүлдің жарнамаға 

ақша жұмсамайтыны шындық. Адамдар 

оған тек басқалардың кеңестері бойынша 

келеді. Бір ұзату тойынан кейін оның 

дүкеніне 5-6 адам келуі мүмкін. Өзінің 

костюмдерін Дәмегүл түсінде көреді, 

сондықтан сағат түнгі 3-те тұрып, 

олардың сұлбасын салуы мүмкін. 

Дәмегүлдің танымал клиенттерінің 

арасында келесілерді атап өтуге болады: 

“Тұран” ансамблі, “Гүлдер” би ансамблі, 

Алма Аманжалова, Индира Расылхан, 

Бауыржан Бегахметов. Ресейдің және 

Үндістанның сән көрсетілімдерінде 

Дәмегүлдің костюмдері жұртшылықтың 

назарына ұсынылған. 

Өткен жылы біздің кейіпкеріміз өзінің 

үлкен әрі жайлы үйін салып бітірді. 2010 

жылы ол өзінің үлкен ұлын үйлендірді, 

ал осы жылы екінші ұлының шаңырақ 

көтеру тойын өткізді. Қазір Дәмегүлдің 

сүп-сүйкімді немерелері өсіп келеді. 

Болашақта Дәмегүл Әбіханова Астана 

қаласында өз дүкенін ашуды жоспарлап 

отыр. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

4 5

36

35

34



33

32

31



36

35

34



33

32

31



36

35

34



33

32

31



36

35

34



33

32

31



«МАХАББАТЫМ ЖҮРЕГІМДЕ»-2 КМF-те

Құрметті оқырмандар!

Жаз айының соңғы күндері KMF-тің Бас кеңсесінде 

көпшіліктің көзайымына айналған отандық «Махаббатым 

жүрегімде» – 2 телесериалының түсірілімі болып өтті. 

Телесериалдың екінші маусымын «Хабар» телеарнасынан 

көре аласыздар. 

Түсірілім барысынан шағын фотоесеп. 

Телесериалдың қысқаша тарихы: 

Телехикаядағы оқиғаның шиеленісі 

беделді, әрі ауқатты отбасыларының 

өкілдері Нұрлан мен Мұраттың 

текетіресінен өрбиді, оған қоса тосын 

оқиғаларға толы болады. Олардың 

балалары Дастан мен Кәмшат отбасылық 

өмірде бақытты. Олар ұлдары Тимурмен 

бірге өздерінің пәтерінде тұрады. 

Кәмшат пен Дастанның анасы Жанна 

екеуі құрбылар. Басты мәселе, бас 

кейіпкерлер өмірдің сынына төтеп беріп, 

өздерінің отбасы мен бір біріне деген 

сүйіспеншілігін сақтап қала алуы. 

Бұл оқиға барысында әр кейіпкер күрделі 

шешімдерді талап ететін өмірдің қиын 

сәттеріне кезігеді. Бірақ, оған қарамастан, 

барлығы да бақытқа кенеледі. 

Түсірілім KMF-тің Бас кеңсесінде жүргізілді. 

4 6

      w w w . k m f . k z

Т Ү С І Р І Л І М Д Е Р

1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет