Ізгілік пен сәттілікке толы болсын


үйретуіне ерекше көңіл бөлінді. Кейіннен



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата13.04.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

үйретуіне ерекше көңіл бөлінді. Кейіннен 

қызметкерлерді жүйелі оқыту үшін бас кеңседе 

ішкі бизнес-тренерлер деген позициялар ашылды. 

2006 жылы Компанияның кеңеюіне байланысты 

корпоративтік Тренинг орталығын құру және 

бизнес-тренерлердің командасын қалыптастыру 

қажеттілігі туындады. Тренинг орталығының 

функциялары және жоспарларымен толығырақ 

танысу үшін орталық қызметкерлерімен кездестік: 

Бейсенова Айман – орталық басшысы, Төребаев 

Тимур – бас бизнес-тренер, Мұхаметжанова Индира 

– жетекші бизнес –тренер.

proKMF: КМF-тегі қызметіңізді қалай 

бастағандығыңызды баяндап беріңізші?

Тимур Торебаев: KMF-ке дейін 

мен БҰҰ-ның микроқаржыландыру 

жөніндегі жобасында қызмет істедім, 

микроқаржылық ұйымдардың 

жұмысын зерттедім. 2005 жылы 

KMF-пен таныстым, сол сәтте ол 

ҚКҚ (Қазақстанның Кредиттеу Қоры) 

деп аталатын. Осы жобамен жұмыс 

істеп жүргенімде ҚКҚ өзінің кәсіби 

қызметімен, бір жолға қойылған ашық 

процедураларымен қызықтырды, сол 

себепті компанияның командасына 



2 8

  w w w . k m f . k z

Қ Ы З М Е Т К Е Р Л Е Р   Қ Ұ Р А М Ы   –   K M F - т і ң   Б А С Т Ы   А К Т И В І !

Индира Мұхаметжанова

осы жобаның шеңберінде кәсіпкер 

клиенттерімізге бизнесті жүргізудің және 

кеңейтудің әр алуан аспектілері туралы 

қосымша ақпарат ұсынуға тырысамыз, 

атап айтсақ: маркетинг жүргізу, сату 

техникалары, ақша ағындарын басқару, 

қызметкерлер құрамын қабылдау 

мәселелерін қамтимыз. Осы жоба 

кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және өз ісін 

тиімді басқаруда тиімді қызмет атқарады 

деп сенеміз. 



proKMF: Тренинг орталығының 

алдағы қызметіне қатысты өз 

жоспарларыңызбен бөлісе аласыз ба? 

Тренинг орталығы: Біздің 

жоспарларымыз өте көп, бұл оқыту 

жүйесінде қолданылатын тәсілге және 

оқытудың әр алуан әдістерін пайдалануға 

қатысты. Дегенмен, клиенттің мүдделерін 

жоғары қоятын компания ретінде біз 

үшін ең маңызды міндеттердің бірі – 

клиенттерге кәсіби қызмет көрсету үшін 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Бұл 

компанияның осы жоғары абыройы мен 

беделін арттыра түсу үшін қажет. 

proKMF: Алдына қойған мақсаттарына 

жетуі үшін бизнес-тренер қандай 

болуы керек? 

 

Тренинг орталығы: Тренер үнемі өзін-

өзі дамытуға, бірнеше қадамын алдын ала 

ойластыруға ұмтылуы керек, бұл ретте 

ол Компанияның стратегиясын дұрыс әрі 

нақты түсінуі қажет. Бизнес-тренер жан-

жақты болуы керек – практик, жаңашыл, 

тәлімгер, кәсіпқой, рухтандырушы, 

ұйымдастырушы – міне осы қасиеттердің 

қосылғым келді. Дәл осы кезде – 

2006 жылдың көктемінде – компания 

бизнес-тренер қызметіне қызметкерлер 

қабылдап жатқан еді, мен БҰҰ-ғы жұмыс 

тәжірибем, микрокредиттеу саласындағы 

білімім осы позицияға қойылған 

талаптарға сәйкес келеді деген оймен 

компанияға келген болатынмын. 



Айман Бейсенова: Мен KMF-ке 2006 

жылдың желтоқсан айында заңгер 

ретінде қызметке қабылдандым, содан 

кейін бірнеше жыл Алматы филиалында 

қызмет жасадым. Филиалда қызмет етіп 

жүргенімде маған оқыту шараларын 

ұйымдастыру мен оны өткізу процесінің 

ұнайтынын түсіндім. 2013 жылдың 

наурызынан бастап мен компаниядағы 

қызметімді Тренинг орталығының 

бизнес-тренер позициясында 

жалғастырдым.



Индира Мұхаметжанова: Мен бұл 

компанияға 2013 жылдың желтоқсанында 

бизнес-тренер ретінде қызметке 

қабылдандым. Бизнес-тренер жұмысы 

мені әрқашан қызықтыратын, сондықтан 

менің практикалық және теориялық 

тәжірибем Компания үшін пайдалы 

болады деп есептедім. 



proKMF: Компанияның қызметінде 

бизнес-тренердің рөлі қандай? 

Тренинг орталығы: Егер жалпылама 

айтатын болсақ, компанияда оқыту 

жүйесінің негізгі міндеті KMF-тің 

стратегиялық мақсаттарына жету, оның 

миссиясын және міндеттерін жүзеге 

асыру үшін мамандарды дайындау 

болып табылады. Осы міндеттерді 

жүзеге асыру аясында бизнес-тренерлер 

басқа тәжірибелі әріптестермен ішкі 

құжаттарды түсіну және орындау, 

біліктілікті одан әрі арттыру мақсатында 

жаңа қызметкерлерді тағылымдамадан 

өткізеді, қызметкерді өзін-өзі дамытуға 

ынталандырады. Сондай-ақ өз 

қызметімізде қызметкерлердің ұжымға 

енуіне ықпал етіп, компанияның 

ортақ нәтижелеріне қолдау көрсететін 

ұжымдық командалық рухты, жайлы 

атмосфераны қолдау және нығайту 

шаралары басты борышымыз деп білеміз. 



proKMF: Қазіргі таңда Компанияның 

филиалдарында «Бизнесті басқарудағы 

қаржылық сауаттылықты арттыру» 

жобасы жүзеге асырылуда. Осы 

жобаның мақсаты қандай? 

Тренинг орталығы: Біздің Компания өз 

қызметінде әлеуметтік жауапкершілікке 

үлкен мән береді, яғни біз үшін қоғамға, 

соның ішінде өз клиенттерімізге пайда 

келтіру өте маңызды. Сондықтан біз 

барлығы бизнес-тренер деген ұғымға 

сыйып кетеді. 

proKMF: Жаңа жылда өз 

әріптестеріңізге, KMF-тің 

клиенттеріне қандай тілек білдіресіз? 

Тренинг орталығы: Біз баршаңызға 

мықты денсаулық тілейміз, бизнестеріңіз 

өрлей берсін, алдыға қойған 

мақсаттарыңызға жете беріңіздер. 

Сондай-ақ, әрқашан білім алуға 

талпыныстарыңыз бен өздеріңіздің 

тұлғалық қасиеттеріңізді дамытуға деген 

ынта-жігерлеріңіз арта берсін! 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

  

2 9


Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі 

жөніндегі халықаралық кеңесші 

ВЛАДИМИР ТУНИЦКИЙМЕН 

жүргізілген сұхбат



proKMF: Владимир, Сіз KMF 

клиенттері үшін бизнес сауаттылық 

жөніндегі Шағын және орта 

бизнесті дамыту мәселесі жөніндегі 

халықаралық жобаны әзірлеушілердің 

бірі болдыңыз. Соның тарихына 

тоқталып өтсеңіз. 

Владимир Туницкий: «KMF» МҚҰ 

Қазақстанда өз жұмысының әлеуметтік 

нәтижелеріне әрқашан көп көңіл 

бөледі. KMF-тің қаржылық қызметтері 

негізінен елдегі микро-, шағын және 

орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталып 

отыр. Осы мәселенің әлеуметтік жағы 

– ШОБ қолдау арқылы Қазақстанның 

экономикалық дамуына Компанияның 

үлес қосуы. Бұл жаңа жұмыс орындарын 

құруға, халықтың өз кәсібімен 

айналысуына жақсы мүмкіндік туғызады. 

Өтпелі экономикалық кезеңде көбісі 

өз жұмыстарынан айырылды, еңбек 

нарығы өзгерді. Осы адамдардың 

біразы отбасын асыраудың басқа 

жолдарын іздей бастады. Олардың 

көбісі кәсіпкерлікті, яғни өз ісімен 

айналысу мүмкіндігін таңдады. KMF 

ұсынған қаржылық қызметтер оларға 

өте қажет еді, қазіргі таңда да өзектілігін 

жоғалтпады. Алайда, KMF-пен жұмыс 

істейтін әрбір клиенттің табысы арқылы 

ұйымның табысын қарастыра отырып, 

кәсіпкерлерде «KMF» МҚҰ ұсынатын 

қаржылық қызметтерді пайдалануда 

қосымша тосқауылдар туындайтыны 

анықталды. Бұл тосқауылдар қай салада 

туындап жатыр? Қаржылық білім, 

бизнесті басқару бойынша дағдылар мен 

біліктілік саласында. Бизнес сауаттылық 

3 0

  w w w . k m f . k z

С Ұ Х Б А Т


бағдарламасы «KMF» МҚҰ клиенттеріне 

осы дағдыларды дамыту, қосымша 

білім алу, өз бизнестерін басқарудағы 

көзқарастарын өзгерту мүмкіндігін 

ұсынады. Семинарларды өткізу идеясы 

да дер кезінде туындады және оның 

пайдасы өте зор. Сондай-ақ KMF осы 

мәселелерге үлкен жауапкершілікпен 

қарайды – оқытуды бастамас бұрын 

зерттеу жүргізілді, зерттеу нәтижесінде 

кәсіпкерлердің басқару дағдыларында 

және білімдерінде үлкен олқылықтар 

анықталды. KMF басшылығы бизнесті 

басқарудағы қаржылық сауаттылықты 

арттыру бағдарламасы бойынша білім 

алған Компания клиенттері өз істерінде 

көбірек табысқа жетері сөзсіз, олар өз 

отбасыларының материалдық жағдайын 

барынша қамтамасыз етедіп, нәтижесінде 

– жалпы елдің экономикалық даму 

деңгейін арттырады деп есептейді. 

proKMF: Владимир, Сіз қазақстандық 

кәсіпкерлердің арасында зерттеу 

жұмыстары жүргізілді деп айтып 

өттіңіз. Сіздің ойыңызша, оларға өз 

кәсіптерін барынша табысты жүргізу 

үшін не жетпейді? 

Владимир Туницкий: Егер зерттеу 

нәтижесіне шолу жасайтын болсақ, біз 

жаңа ештеңе көрмейміз. Біз бір нәрсеге 

көз жеткіздік – микро-, шағын және орта 

бизнестегі кәсіпкерлердің проблемалары 

бүкіл дүние жүзі бойынша әмбебап. 

Өйткені бұл адамдар өздігінен білім 

алғандар. Оларда қандай да бір бизнес 

туралы сауаттарын ашуға мүмкіндіктері 

болмады. Олар бизнесті басқаруда күрделі 

қиындықтарға тап болып жатыр. Мысалы, 

қандай да бір экономикалық білімі бар 

кәсіпкерлер есеп болмаса бизнестің де 

болмайтынын түсінеді. Есепке алмайтын 

нәрсені қалай басқаруға болады? 

Алайда, біз: «Мен барлығын есте сақтай 

аламын, есеп жүргізудің қажеті қанша?» 

– деген сөзді жиі естиміз. 

Олар дұрыс есеп жүргізуден бас 

тартады және өз бизнестерін қарқынды 

дамытуға көмектесетін шешімдерді 

және кеңестерді назарға алмайды. Егер 

олар дұрыс есеп жүргізсе, орын алған 

олқылықтарға жол бермес пе еді? Кезінде 

бизнестерін базардағы бір дүңгіршіктен 

бастаған кәсіпкерлердің көбісінің 

қазіргі таңда бірнеше сауда нүктелері 

бар, алайда олардың өз қызметкерлерін 

басқару бойынша түсініктері тар ауқымда 

қалып отыр – олар осы мәселеде өте көп 

қателіктерге бой алдырады, нәтижесінде 

кәсіпкерлердің өздеріне көп қиындық 

туғызады. Бұл кадрлардың тұрақсыздығы, 

лайықты кандидаттарды таба 

алмаушылық, бұл тұста Қазақстандағы 

еңбек нарығы жұмыс іздеушілер үшін 

емес, жұмыс берушілер үшін өте қолайлы 

екенін атап өткен жөн. 



proKMF: KMF ұсынатын бизнес 

сауаттылық жөніндегі семинарлар – 

5. Болашақта біздің кәсіпкерлерімізге 

пайдалы болар дейтін, бірақ қазіргі 

таңда талқыланбай жатқан мәселелер 

бар шығар? 

Владимир Туницкий: Әрине, біз 

барынша барлығын қамтығымыз 

келеді – бағдарламаға тыңдаушыларға 

қажет болатын барлық тақырыптарды 

қосуға тырысамыз. Дегенмен KMF-

те де ресурстар шектеулі, сондықтан 

клиенттерге барынша оң нәтиже беретін, 

маңызды семинарларға ғана тоқталуға 

бел будық.

Менің ойымша, белгілі бір санаттағы 

кәсіпкерлерге пайдалы болатын 

тақырыптардың бірі – бұл белсенді 

бизнесті жоспарлау тақырыбы. 

Жоспарлау – өте маңызды әрі күрделі 

процесс, бұл жерде қателікке бой алдыру 

өте оңай. 



proKMF: Владимир, семинарларыңыз 

кімге арналған? Ісін жаңадан 

бастайтын кәсіпкерлерге ме әлде 

кәсіптерін бұрыннан дөңгелетіп 

жүрген кәсіпкерлерге ме? 

Владимир Туницкий: Біз, бірінші 

кезекте, бұрыннан жұмыс істейтін 

кәсіпкерлерге көмектескіміз келеді. 

Алайда, біз әзірлеген өнімдер жаңадан 

бастайтын кәсіпкерлерге де пайдалы 

болмақ. 


proKMF: Оқыту бағдарламасы өте 

оңай жеткізіледі, қаржыдан ешқандай 

хабары жоқ адамға да түсінікті 

болатын сияқты. 

Владимир Туницкий: Оңай әрі жеңіл 

оқыту – біздің міндеттеріміздің бірі. 

Семинарларды әзірлемес бұрын, 

біз бағдарлама бойынша барлық 

практикалық білімді тыңдаушыларға 

аса жеңіл және түсінікті тілмен жеткізу 

үшін көп жұмыс жасадық. Сондықтан 

дәл өздері сияқты кәсіпкерлердің 

тәжірибесінен мысал келтірдік. 

proKMF: Владимир, біздің клиенттерге 

қандай кеңестеріңіз бен тілектеріңіз 

бар? 

Владимир Туницкий: Менің басты 

кеңесім KMF клиенттері тренингте 

үйренгендерін іс жүзінде қолданудан 

қорықпаса екен дер едім. Семинарларға 

қатысуға жұмсалған уақыт міндетті түрде 

белгілі бір нәтиже беретінін білсе деймін. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

  

3 1


Шағын және орта бизнесті дамыту 

мәселесі жөніндегі бизнес-кеңесші 

ЕЛЕНА АМЕРОВАМЕН 

жүргізілген сұхбат



3 2

  w w w . k m f . k z

С Ұ Х Б А Т

proKMF: Елена, біз бүгін KMF-

тің бизнес-тренерлеріне арналған 

тренингке келдік, Сіз онда біздің 

қызметкерлерімізді бизнес 

сауаттылық бағдарламасы бойынша 

оқытып жатырсыз. Бұл Компания 

клиенттеріне арналған «KMF» МҚҰ-

ның жаңа жобасы. Жоба туралы 

баяндап берсеңіз. 

Елена Амерова: Бұл жоба қаржылық 

ұйымдарға арналған дәстүрлі емес 

қызметтерге жататынын атап өткім 

келеді. Бұл МҚҰ өз клиенттеріне 

көрсететін қаржылық емес қызмет. Ең 

алдымен, мәселені түсіну үшін қаржылық 

емес қызметтер дегеніміз не екенін 

түсініп алайық. Жалпы оларды 4 санатқа 

бөлуге болады: 

1. Ақпаратты жариялау. Бұған не жатады? 

Бұл бизнестерін дұрыс жүргізу, үздік 

бизнес шешімдерді қабылдау үшін 

Компания клиенттеріне пайдалы 

болуы мүмкін кез келген ақпарат. 

Бұған мақалалар, маркетингтік 

зерттеулер, кездесулер, форумдар, баға 

позицияларына шолулар, компанияның 

веб-сайтындағы қосымшалар 

жатады. Осылардың барлығы 

бизнеске қызықты мәселелер және 

бизнестегі көрсеткіштерін жақсартуға 

көмектеседі. 

2. Оқыту. Бұл қазіргі таңда кең таралған 

тәсіл – егер қаржылық ұйым қаржылық 

емес қызметтерді ұсыну туралы шешім 

қабылдаса, ең алдымен тренингтер, 

семинарлар, оқыту бағдарламалары 

ойымызға келетіні сөзсіз. Олар ұзақ 

мерзімді не болмаса бір күндік болуы 

мүмкін. Оқытудың ұзақтығы туралы 

шешім ұйымның қалауына байланысты 

қабылданады. 

3. Кеңес беру. Бұл да оқытуға ұқсас, 

алайда бұл санатта ол сәл басқаша 

сипатқа ие, яғни жеке адамға 

бағытталған. Мысалы, қаржылық 

ұйымның заң кеңесшісі бизнеске 

кеңестер береді, шолулар жасайды, 

бизнеске жалпы талдау жүргізеді не 

болмаса бизнес қоятын сауалдарға 

тікелей жауап береді. 

4. «Нетворкинг» немесе қауымдастықтар 

құру. Ол арқылы қаржылық ұйым 

бизнестің меншік иелеріне немесе 

әріптестерге бірін-бірі табуға 

көмектеседі. Бұған конференцияларды 

ұйымдастыру, клубтар құру жатады. 

Мысалы, клубтың мүшесі болу 

қаржылық ұйымның клиенттеріне 

қандай да бір артықшылықтар береді 

– тауарларға жеңілдіктер, бонустық 

бағдарламалар. Осындай жағдайларды 

жасау қаржылық ұйымға жүктеледі. 

Бұның клиенттер үшін пайдасы 

өте көп, дегенмен компания да құр 

алақан емес, клиенттер компанияға 

алғыстарын білдіреді, олар тұрақты әрі 

бейілді бола түседі. 

Біздің бизнес-тренерлерді оқыту 

жөніндегі тренингіміз клиенттермен 

одан әрі жұмыс істеу үшін оқыту 

санатын таңдады. Менің ойымша, KMF 

басшылығы өз клиенттерінің бизнесті 

жүргізуде қаржылық сауаттылығын 

арттыруға қатысты біршама озық шешім 

қабылдады. Бұл тек KMF клиенттері 

үшін ғана емес, ұйымның өзіне де тиімді, 

басқаша айтқанда «win-win» қағидаты 

(ағылшын тілінен аударғанда «ұтыс-

ұтыс») орын алады. 



proKMF: Елена, шетелдік қаржылық 

ұйымдардың клиенттерді оқыту 

бойынша тәжірибесімен бөліссеңіз. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



  

3 3

Елена Амерова: 5 жыл бұрын қаржылық 

ұйымның өз клиенттерін семинарға не 

болмаса тренингке жинау туралы шешім 

қабылдауы бір реттік оқиға болатын. 

Қазіргі таңда бұл тек микроқаржылық 

ұйымдарда ғана емес, сонымен қатар 

банктер арасында да кеңінен таралып 

отыр. Неге? Өйткені олар бұның 

өздері үшін, сондай-ақ клиенттер 

үшін де пайдалы екенін көріп отыр. 

Жақын шетелден мысал келтірейік – 

украиндық банктер, кредиттік одақтар. 

Мен украиндық кредиттік одақтар, 

негізінен, жеке тұлғаларды оқыту туралы 

шешім қабылдаған көп жағдайларды 

білемін және бұл халықтың қаржылық 

сауаттылығын арттыруға бағытталған 

жобалар болды. Сондай-ақ банктерді де 

айтуға болады – украиндық банктердің 

арасында орта бизнес иелері үшін 

тренингтер әзірлеп жатқан банктер бар. 

Армениядан, Әзірбайжаннан, Грузиядан 

мысал келтіруге болады. Мен жоғарыда 

айтқан барлық санаттардың ішінде олар 

қаржылық емес қызметтерді танытады. 

Бұл оқыту және кеңес беру, сондай-ақ 

телевизиялық бағдарламалар. Жалпы 

алғанда, бұл мәселе қаржы секторында 

өте қарқынды талқыланып жатыр. 

proKMF: Елена, қазақстандық 

қаржылық ұйымдар туралы не айта 

аласыз? 

Елена Амерова: Мен Қазақстан бойынша 

айта алмаймын – менде ондай ақпарат 

жоқ, алайда KMF туралы айтып өтейін. 

Сіздердің жасап жатқандарыңыз, 

сіздердің 2 жыл бұрын тұрғындардың 

қаржылық сауаттылығын арттыру 

бойынша жобаны іске қосқандарыңыз, 

ал қазір өз клиенттеріңізге бизнес 

сауаттылық бойынша жобаны 

бастағандарыңыз, әрине, бұл өте 

батыл шешім. Өйткені Сіздер бұған 

қаражаттардың жұмсалатынын түсінесіз, 

осыған орай үлкен жауапкершілік 

туындайды. 

Менің ойымша, осы нарықта бірінші 

болу керек. Өйткені жасаған істеріңізді 

қайталайтындар көптеп табылады. 2-3 

жылдан кейін көбісі өз клиенттерін 

оқытатын болады. Сондықтан бұл ретте 

KMF зор артықшылыққа ие. 



proKMF: Елена, Біздің клиенттерімізге 

не тілейсіз? 

Елена Амерова: Әрине, оқымай-

ақ бизнесті жүргізе беруге болады 

– түйсігіңізбен сезініп немесе 

тәжірибеңізге сүйеніп, жұмыс істеуге 

де болады, алайда бұл әрқашан дұрыс 

шешім қабылдайтыныңызға кепілдік 

бермейді. Біз бизнесте не туралы 

айтамыз? Бизнестің экономикалық 

маңызы қандай? Шектелген ресурстар 

жағдайында барынша жоғары 

экономикалық нәтиже алуға тырысамыз. 

Бизнес сынақтар мен қателер арқылы 

белгілі бір шешімге келеді, әрине бұл 

жаман емес, дегенмен осы сатылардан 

бұған дейін басқалар өтіп үлгерді. Белгілі 

бір салада тәжірибе жинақталған – бұл 

«ең үздік практика» – бұл «кілегей», 

көптеген елдердегі кәсіпкерлердің көп 

жылдық тәжірибесі. Бұл тәжірибе ең 

үздік шешімдерді қабылдауға негізделген. 

Егер бизнес сауаттылық туралы 

тренингтерде ең үздік тәжірибені алуға 

болатын болса, қателердің жолымен 

жүрудің қажеті қанша? Тренингтерде 

үш нәрсе үйретіледі – білім, дағды, 

түсініктер мен тәсілдерге көзқарасты 

өзгерту. Ең қиыны осы шығар – орнықты 

пікірі бар ересек адамдардың көзқарасын 

өзгерту. Мысалы, сатылымдар. Сатушы 

сатушыға тән қасиеттермен туылуы 

қажет деген пікір бар. Сату процесі 

ойдағыдай жүрмей жатса, бизнестің 

иелері сатушыны ауыстыру қажет деп 

есептейді, сату көрсеткіштері артса, 

сатушыға қандай да бір артықшылықтар 

беру жеткілікті деп ойлайды. Бизнес 

сауаттылық жөніндегі семинарларда оқу 

барысында бизнес иесінің көзқарасы 

өзгеруі мүмкін және ол бір сатушыны 

жұмыстан шығару, ал екіншісін 

жұмысқа алу – проблеманы шешпейтінін 

түсінетін шығар. Өйткені жаңадан алған 

сатушылар да дәл солай жұмыс істеуі 

мүмкін. Сатушыларды оқыту дұрысырақ 

болар ма еді? Олар сату процесінде 

пайдалана алулары үшін сату техникасын 

үйрету дұрыс болар ма еді?

Ең қиыны – бұл оқуға уақыт табу, 

сондықтан менің кәсіпкерлерге берер 

кеңесім – білімдеріңізді толықтыруға 

уақыт табыңыз, бұл бизнеске құйған 

Сіздің ең үлкен инвестицияларыңыз 

болмақ. 

3 4

  w w w . k m f . k z

С Ұ Х Б А Т


Сall center   

жұмыс уақыты: 

дүйсенбі-жұма   

8.00-ден 

19.00 дейін 

Құрметті  

клиенттер!

Сіздерге   қызмет  

көрсету  сапасын  

арттыру   

мақсатында  тамыз  

айынан  бастап,   

KMF -те 

   


Сall center

іске қосылды

Сұрағыңыз немесе  

туындаған  

мәселеңіз  бойынша

7474 

(ұялы  телефоннан  

қоңырау  шалу  тегін)

нөміріне   

хабарласыңыз.  


Сәлеметсіз бе! Интернет арқылы кредитке өтінім 

қалдыруға болады ма?

Қайырлы күн!

Иә, әрине! Кредитке өтінімді біздің корпоративтік  

www.kmf.kz. сайтына жолдауыңызға болады. Кредитті 

ресімдеуге 1 минуттай уақытыңыз кетеді. Содан кейін 

кредитік мамандар сізбен хабарласып, Сіздің кредиттеуге 

қатысты қойған сұрақтарыңызға жауап береді. 

Сәлеметсіз бе! Зейнетақы аударымдарым жоқ, бірақ 

кішкеше бизнесім бар, нақтырақ айтсам, аудан орталығында 

контейнерім бар сонда өзім әйелдердің киім-кешегін сатамын, 

Сіздердің компанияңыздан кредит ресімдеуге мүмкіндігім  

бар ма?

Қайырлы күн!

Біздің компаниядан бизнесі бар клиенттер ай сайынғы зейнетақы 

аударымдары болмаса да кредит ресімдей алады. Біздің кредиттік 

мамандар бизнес орныңызға барып, Сіздің төлемқабілеттілігіңізге 

бағалау жүргізеді – бұл қызмет түрі тегін. 

Толығырақ ақпаратты тұрғылықты жеріңізде орналасқан 

филиалдардағы кредиттік мамандардан біле аласыз немесе 7474 

Call-Center телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін). 

 Біздің филиалдардың байланыс ақпаратын біздің www.kmf.kz 

сайтынан біле аласыз. 

Сәлеметсіз бе! Мен КМФ компаниясының клиенті емеспін, бірақ сіздерден газ жүргізу, жөндеу 

жұмыстарына берілетін кредит жайлы естіп едім, сол кредиттің шарттары туралы толық 

ақпарат бере аласыз ба? 

Қайырлы күн!

Біздің компанияда жөндеу, қалпына келтіру, құрылыс және үй-жай жағдайын жақсартуға бағытталған 

«Шаңырақ» жаңа өнімі қолданысқа енгізілді. Бұл өнім Сіздің үйіңізді немесе пәтеріңізді жөндеу, қалпына 

келтіру және үй-жай жағдайын жақсартуға, сондай-ақ сіздің сауалыңыздағы газ, су, жарық жүргізуге де 

бағытталған. 

Кредиттің сомасы 1 500 000 теңгеге дейін, ал мерзімі 60 айға дейін, сонымен қатар, 300 000 теңгеге дейінгі 

сома кепілсіз беріледі. 

Кредитті ресімдемес бұрын біздің компанияның құрылыс саласына жауапты мамандары жүргізілетін 

құрылыс бойынша, сондай-ақ мейлінше тиімді жөндеу жұмыстары мен сапалы құрылыс материалдарын 

таңдау бойынша кеңестер береді 

«Шаңырақ» өнімі клиенттерінің алған кредиттерімен қатар берілетін кредит болып табылады. 

Толығырақ ақпарат алу үшін Өзіңіздің тұрғылықты жеріңізде орналасқан филиал мамандарынан білуіңізге 

болады. 


Топтық кепілсіз кредит дегенді қалай 

түсінуге болады?

Қайырлы күн! Біз Сізге кепілді және 

кепілсіз кредит беретін «Дос» және 

«Достар» өнімдерін ұсына аламыз. 

«Дос» тобында 2 адам болады 

(Кредиттің ең жоғары сомасы 700 000 

теңгеге дейін).

«Достар» тобында 3 адамнан 10 адамға 

дейін болады. Кредиттің сомасы 

алғашқы рет 700 000 теңгеден, әрі қарай 

сатылай 5 млн. теңгеге дейін. 

Бір топта түрлі кәсіп иелері кредит 

ала алады – олар бизнестің иесі, ұйым 

қызметкері және фермер болуы мүмкін. 

Кепілдікке топ мүшелері арасындағы 

өзара ынтымақты жауапкершілік 

алынады. Яғни топ мүшелері бірін-бірі 

жақсы білуі және бір-біріне сенуі тиіс. 

Толығырақ ақпаратты тұрғылықты 

жеріңізде орналасқан филиалдардан 

біле аласыз. Биздің филиал жайлы 

ақпаратты біздің www.kmf.kz сайтынан 

біле аласыз. 


Каталог: upload -> iblock -> 054
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет