Ізгілік пен сәттілікке толы болсын



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата13.04.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Кенжетайұлы Сәрсенғалиев. 

Филиалдың туылған күнінде компанияның 

бейілді клиенттері өз құттықтауларын 

білдіру үшін кеңсеге келді. Компания 

қызметкерлері қонақтарды ыстық 

ықыласпен және қуанышпен қарсы алды. 

Шара аясында қонақтарға компанияның 

көрсеткіштері, жетістіктері және 

өнімдері көрсетілген таныстыру рәсімі 

ұсынылды. Содан кейін қонақтар мерекелік 

дастарқаннан ауыз тиіп, өз ойларымен 

бөлісті. 

Барлық клиенттерге алғыс хаттар және есте 

қалатын сыйлықтар табысталды. 

«KMF» Басқарма Төрағасы Шалқар 

Аманқосұлы Жүсіпов өзінің филиал атына 

жолдаған құттықтау хатында: «Филиалдың 

барлық жетістіктері және табыстары – бұл 

білікті басшылықтың және ұйымшыл 

ұжымның арқасы» деген болатын. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

1 1

«Қайырымдылық 

– жылы 


жүректен». 

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН 

ЖҮК ЖЕҢІЛ!

Пролог.

Бірде, әкесімен баласы келе 

жатқанда, баласы жол бойында 

қатар өскен екі талды көреді. 

Олардың сорты бірдей 

болғанымен, түрлері мүлдем 

өзгеше болатын. Біреуі – 

түзу, жемісі мол, ал екіншісі 

– керісінше қисық өскен, 

жемістерін құрт жеген тал. 

Баласы әкесіне: Әке, мынау 

ағаш неге түп-түзу, ал мынау 

ағаш неге қисық?– деп 

сұрайды. Әкесі: мына ағашты 

күткен, суарған, қисық өскен 

бұтақтарын уақытында кесіп 

тұрған, сондықтан ол ағаш 

түп-түзу болып, жақсы өскен, 

ал, екіншісі күтім көрмеген, – 

депті.  

Әкесі түсіндіріп жатқан 

кезде, бір адам келіп талды 

суарып, түптеп кетеді. Бірақ 

екінші талға мойнын бұрып 

қарамайды да... Сонда әкесі 

баласына қарап: 

-«Міне, көрдің бе балам, тал 

үшін де дұрыс күтім мен дұрыс 

бағыт аса маңызды» деген 

екен...» 

1 2

      w w w . k m f . k z

К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы


Бұл аңызды алтын жүрек, ару-ана, 

Қостанай қаласындағы «KMF» МҚҰ-ның 

қызметкері Нұрлан Төлегеновтың жары 

Гүлжауһар Төлегенова айтып берген еді. 

Төлегеновтар отбасында 8 бала бар, ең 

үлкені – өздерінің туған баласы Абылай 

жасы 25-те, қалған балалары тете, 

аралары бір жастан – Алина, Шыңғыс, 

Софья, Дарья, Алан, Ринат және Мадина 

– мектепте оқиды. Үлкен қызы Вера 

болса, ержеткен, қалада оқығандықтан, 

ата-анасынан бөлек тұрады. 

Нұрлан Ғалымжанұлымен Компания 

филиалына қызметтік іссапар барысында 

таныс болғантынымын. Ол туралы сол 

Қостанайлық филиал ұжымы да Нұрлан 

Ғалымжанұлы туралы жиі айтатын, 

сол себепті кіммен Сұхбаттасатыным 

жайлы алдын ала білдім. Сөйте 

тұра, кездескеннен кейін отбасымен 

таныстырып, Сұхбат беруін сұрадым. 

Нұрлан Ғалымжанұлы жарқын жүзді жан 

екен, бірден келісе кетті де, 

– Кешкісін үйімізге қонаққа келіңіздер, 

қуана қарсы аламыз, – деді жүзінен нұр 

шашыраған отағасы. 

Сол жерде өзінің отбасы, балалары 

жайлы айта жөнелді. Үлкені Алина 

киокушинкай-каратэ күрес өнерін 

игеруде. Жасы 12-де болғанымен, 

республикалық жарыстарда жүлделі 

орындарға ие болып жүр. Оған қоса, 

Жапонияда өтетін әлемдік чемпионатқа 

дайындық үстінде. 

– Биге бар деген едім – бас тартты. 

Оған спорттың осы түрі ұнайды деп 

мақтанышпен сөзін өзге балалары – Алан, 

Шыңғыс, Дарья, Софья, Мадина, Ринат, 

Вералар жайлы жалғастырды Нұрлан. 

Әр баланың жанарларынан бақыт пен 

мақтаныш отын көріп, жүрегіміз жібіп 

кетті... қуантады… 

Қарап отырсақ балалардың барлығы 

спортпен шұғылданады екен – ата-

аналары спорттың денсаулыққа 

пайдалылығымен қатар, тәртіпке де 

жетелейтінін айтып өтті.

– Алина екеуіміз үйден қалаға баратын 

жолға дейін күніге жүгіріп шығамыз. 

– Төлегеновтар отбасы табиғаты 

тамылжыған, саф ауасы тынысыңды 

ашатын қаладан шеткері орналасқан 

мекенде тұрады. 

Бала асырап алу туралы ой баламыз ер 

жетіп, өзіне іні-қарындас сұраған кезде 

пайда болды. Нұрлан жұбайы екеуі 

ақылдасып, осы маңызды қадамға барды. 

Ең алдымен Алинаны асырап алды. 

 – Қостанайдың «Дельфин» атты сәбилер 

үйіне келдік, Мен бұрын соңды соншама 

кішкене бала көрмеген едім. Көп бала. 

Өте көп... Олардың жанары жабырқаңқы. 

Кіп-кішкене балалардың күлкісінен 

де жанарларынан мұң көрінетін – 

деп әңгімесін жалғастырды Нұрлан 

Ғалымжанұлы.

Топтарды аралап шықтық, біз ең кішкене 

балаларды көргіміз келген болатын. 

Олар түскі аста екен. Асханаға кірсек, 

бір кішкене қыз отыр, – кішкентай ғана 

қыз бір өзі жалғыз отыр екен. Мен көрген 

бетте оны алып кеткім келді. Барып 

ойымды балалар үйінің директорына 

жеткіздім. Ал директор болса: – Алина 

өжет және өткір қыз болғандықтан біз 

оны – «Дала қызы» деп атаймыз, деді. 

Мен шешімімнің дұрыстығына көзім жете 

түсті. Біз Алинаны алған кезімізде Алина 

1,5 жаста болатын, қалт-құлт етіп, дұрыс 

жүре де алмайтын, көбінесе еңбектейтін. 

Алдымен, қазақтың салтымен, үлкеннің 

батасын алайық деген ниетпен, «үлкен 

үйге» – анамызға алып келдік. Үйдегілер 

Алинаға тез үйренісіп кетті, ол да бізге 

тез арада бауыр басып қалды. Біз де 

кішкене Алинаның күнде өзгеретін тәтті 

қылықтарын қызықтап жүргенде Алина 

5 жасқа келіп қалды. – Гүлжауһар маған 

тағы ер бала асырап алғысы келетінін 

жеткізді. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

    

1 3


– Қыз баланы мен таңдадым, ұлды сен 

таңда,– деп Гүлжауһарға жол бердім, ол өзі 

барып, қарап жүріп, туғанына 4 ай болған 

Аланды таңдап алды – кіп-кішкене шақалақ. 

Бір аптаның көлемінде құжаттарын ресімдеп, 

үйге кішкене Аланымыз да келді, жұбайым 

Аланның құжаттарын ресімдеп жүрген кезде 

Ринатқа көңілі түсіпті екен, бірақ маған бірден 

айпапты еді, бір жылдан кейін Ринатты да 

алдық Алан екеуінің жас айырмашылығы 

жарты жыл. 

 Нұрлан мен Гүлжауһар балаларының асырап 

алынған екендігін ешкімнен жасырмайды 

екен. Өскенде біреуден естіп жүректеріне 

кірбің түсіргенше, кішкене күнінен бастап 

біліп жүргені жөн деп ұйғарыпты. 

– Алан көпке дейін оны қырыққабаттың 

арасынан тауып алдық дегенге сеніп жүрді – 

бақшаны суарып жүрген кезімізде, қарасақ, 

қырыққабаттың ішінде үлкен, көзі жап-жасыл 

қоңыз отыр екен – оның көздері сондай үлкен! 

– дейді отағасы күліп. 

 Сөйтіп, 2003 жылдан бері Төлегеновтар 

отбасы өсіп-өркендеп келеді және бұнымен 

шектелмек емес. Екеуі алғаш танысқан кезде 

Нұрлан өзінің жарына бізде 15 бала болады 

деген серті әлі есінде. Әрине қазір тағы бала 

алайын десек, үйіміздің аумағы таршылық 

етіп отыр. Отбасы өздері тұратын жерден 

500 метр қашықтықта кең, барлық бала-шаға 

сыйатындай үй салып жатыр, үйдің жобалау 

жұмыстарын да Гүлжауһар екеуміз жасадық. 

Бұйыртса, жаңа үйіміз тағы да кішкене 

балалармен толығады деген ниеттеміз. 

– Біз Қазақстандағы отбасы жылылығын 

беретін алғашқы балалар үйі болғымыз 

келеді, – дейді Гүлжауһар Төлегенова. Бала 

ыстық ықылас пен мейірімге бөленіп өсетін 

болса, көңілдеріндегі мұң сейіліп, жүзі нұрға 

бөленері анық. Сіз екі тал деген аңызды 

білетін шығарсыз, міне бірдей отырғызылған 

бір түрлі талдардың күтіп-бапталуына қарай, 

олар әр түрлі болып өседі. Күтім көрген 

тал да түзу әрі, жемісті болып өседі. Ол 

туралы аңызды да білетін шығарсыз? Сол 

секілді балалар да олардың шыққан тегіне 

емес, көрген өнегесіне қарай, алған тәлім-

тәрбиесіне сай болып өседі. 

Төлегеновтар отбасында жазалау 

қолданылмайды, бірақ қатаң тәртіп орнаған. 

Ұлдарды болашақтарына дайындауда, 

Шыңғыс – әсери адам боламын дейді, Алан 

нақты білімге бейім болғандықтан, қазақ-

түрік лицейінде оқығанын қалаймыз, сол үшін 

дайындалып жатыр, себебі нақты білімге 

бейім. Ал Ринат болса, медресеге барғысы 

келеді. Қыздарымыз қандай мамандық иелері 

болатындығы жөнінде әлі ойлана қойған 

жоқ, Алинаға келетін болсақ, ол өзін үлкен 

спорттан көреді. Жалпы айтқанда тек аман 

болсыншы осы құлындарым, қалғаны өз 

ретімен бола жатар. 

Биылғы жылы Төлегеновтар отбасы облыстық 

«Мерейлі отбасы» байқауына қатыстып, 



1 4

      w w w . k m f . k z

К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы

бірінші жүрделі орынға ие болды. Ал 

республикалық байқауда, екінші орынды 

еншіледі. Жарыс кезінде Мерейлі Отбасы 

байқауы барысында Компаниямыздың 

барлық қызметкерлері Нұрлан мен Гүлжауһар 

отбасының аталмыш дода мәресіне топ жарып 

келуін тілеп тақымдарын қысып, байқау 

қорытындысын тапжылмай күткен еді, бірақ 

SMS дауыс беру қорытындысы бойынша 

басқа отбасы қанжығаны қақтырып кетті. 

Әрине, Ұлан ғайыр жеріміздегі осы секілді 

отбасылар саны ортаймағын. Төлегеновтар 

отбасы сыйлықсыз қалмады. «KMF» МҚҰ 

басшылығы отбасына сужаңа «Volkswagen 

Transporter» микроавтобусын компания 

атынан сыйға тарту туралы шешім қабылдады. 

Оған қоса Компания қызметкерлері: «Бірігіп 

Ортақ үй тұрғызайық!» деген ұран тастап, 

Нұрлан Ғалымжанұлы отбасының салынып 

жатқан қала сыртындағы кең үйін аяқтауға 

қажетті қаржы жинап табыс етті. 

Компаниямызда Нұрлан мен Гүлжауһар 

секілді кең жүректі жандардың жұмыс 

істейтіні біздің көңілімізге қуаныш пен 

мақтаныш сезімін ұялатады. Нұрлан мен 

Гүлжауһардың таңдаған игі жолдарына қуат 

пен төзімділік, берекелі жарасымдық тілейміз! 

Виктория САБИРОВА

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

    

1 5


KMF-ПЕН КЛИЕНТ 

ҚОРҒАЛҒАН



Ағымдағы жылдың 29-31 шілдесінде Италияның Турин қаласында Smart 

Campaign бастамасымен Клиенттерді қорғау қағидаттары бойынша 

сертификаттауға қатысты бірінші саммит болып өтті. Саммит микроқаржылық 

индустрияның білікті қызметкерлеріне арналған микроқаржыландыру жөніндегі 

сараптамалық дайындық бағдарламасын көздейтін Боулдерлік микроқаржылық 

тренингпен ұштастырылды. 

Саммитті өткізу мақсаты 

сертификаттау бойынша тәжірибе мен 

пікірлерді, сондай-ақ кейінгі даму 

жолдарын талқылау үшін МҚҰ мен 

микроқаржылық нарықтың басқа 

сарапшыларының басын қосу болып 

табылады. 

Сертификаттау бағдарламасы 2013 

жылдан бастап іске қосылып отыр. Дей 

тұрғанмен, қазірдің өзінде әлемдегі 

аса ірі компанияның қоса алғанда, 

38 институт мамандандырылған 

рейтингтік агенттіктермен тексерілді 

және сертификаттаудан өтті. Осы 38 

мекеме бірлікте алғанда 20 миллионнан 

астам адамға не болмаса дүние 

жүзіндегі микроқаржыландырудың 

барлық клиенттерінің шамамен 10%-на 

қызмет көрсетеді. Осы ұйымдардың 

өкілдері бірінші саммитке қатысу үшін 

шақырылды. 

2015 жылдың сәуір айында KMF МҚҰ 

Клиенттерді қорғау қағидаттары 

бойынша сертификациядан өткенін 

еске саламыз. KMF – Клиенттерді 

қорғау қағидаттары бойынша 

сертификациядан өткен Қазақстандағы 

жалғыз компания. Бұл компанияның 

басқару жүйелерінің, саясатының және 

процестерінің Клиенттерді қорғау 

қағидаттарына сәйкестігін, сонымен 

қатар басшылықтың клиенттерді қорғау 

шеңберінде ұйымның өсуін әрі дамуын 



1 6

      w w w . k m f . k z

К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы

ынталандыруға тырысатындығын 

мойындау болып табылады.

KMF компаниясы өз клиенттерінің 

табысты болуын қалайды және озық 

халықаралық тәжірибені басшылыққа 

ала отырып, микроқаржылық 

қызметтерді ұсыну сапасын жақсарту 

үшін үнемі тынбай еңбек етпек. 

Сондықтан KMF-тің саммитке қатысуы 

қатысушылармен сертификациядан өту 

тәжірибесімен бөлісу ғана емес, ықтимал 

проблемаларды талқылау және оларды 

шешу жолдарын іздеу болды, өйткені 

Клиенттерді қорғау қағидаттарын ұстану 

және жетілдіру бойынша микроқаржылық 

нарық қатысушыларының назары 

келешекте тек күшейе бермек. 

 Саммитке 16 елді және 

микроқаржыландырудың миллиондаған 

клиенттерін қамтитын сертификациядан 

өткен 24 компанияның өкілдері, Smart 

Campaign Басқарушы компаниясының 

өкілдері, инвесторлар, рейтингтік 

агенттіктер және басқа қаржы мекемелері 

қатысты. Өкілдердің арасында келесі 

қаржы компаниялары болды: Arohan 

Financial Services, Cashpor Micro-

Credit, Ujivan, Utkarsh (Үндістан), 

Bayport Financial Services (Ботсвана), 

Compartamos Banco (Мексика), Enda Inter-

Arabe (Тунис), Kompanion (Қырғызстан), 

MDO Arvand (Тәжікстан), Microcred 

(Қытай), Viator microcredit (Әзірбайжан) 

және басқалар. Инвесторлардың өкілдері: 

OikoCredit, IFC, Blueorchard.

“Жиырма миллион клиент едәуір жетістік 

және микроқаржыландыруда клиенттерді 

қорғау мәселесі үнемі назарда екенін 

растайды” – деп мәлімдеді Smart 

Campaign директоры Изабель Баррес. 

“Мұндай ұйымдар идеяны тек құр сөзбен 

қолдамайды, өз тәжірибелерін жетілдіру 

үшін барлық күш-жігерлерін салады” – 

деп жалғастырды Изабель.

Саммиттің бағдарламасы қызықты әрі 

мазмұнды болды. Саммиттке KMF МҚҰ-

ның ресми өкілі Екатерина Деришева 

қатысты, ол ұйымдастырушылармен 

алдын ала шағын топтың басшысы 

(модератор) ретінде тағайындалды, 

яғни ол сертификацияның оң және 

теріс жақтарын талқылап, жалпы 

баяндама жасауы керек еді. Топ әртүрлі 

компаниялардың өкілдерінен және Smart 

Campaign өкілдерінен құрылды. Топтық 

таныстыру рәсімінде KMF-тің пікірі 

айтылды: «Компанияның үшінші жақтан 

бағалануы оның дұрыс жолмен келе 

жатқанын айғақтайды. Сертификаттау 

процесі ұжымды одан әрі біріктіруге 

көмектесті, сертификаттаудан өту 

процесінде барлығы – қызметкерлер, 

топ менеджмент, директорлар кеңесі 

бүтіндей бір команда ретінде жұмыс 

істеді – сертификаттау процесіне барлығы 

тартылды.»

Сондай-ақ саммит барысында 

қатысушылардың көбісінен 

сертификаттаудан өту тәжірибесі туралы 

ағылшын тілінде сұхбат алынды, оны 

Смарт Кампэиннің ресми сайтынан 

табуға болады. 

Дәстүрлі баяндамалардан басқа, саммитте 

қатысушылардың көптеген интерактивті 

талқылаулары өткізілді, соның арқасында 

әр қатысушы өз пікірімен бөлісу 

мүмкіндігіне ие болды. 

Екінші күні сертификациядан өткен 

барлық компанияларға сертификаттар 

салтанатты ресми түрде табысталды. 

Саммиттің үшінші күнінде Smart 

Campaign директоры Изабель Баррес 

сөз сөйледі. Ол Сертификаттау 

стандарттарын өзгерту бойынша 

жоспарларды және Сертификаттауды 

басқару құрылымындағы өзгерістерді 

ұсынды, сонымен қатар дамудың кейінгі 

перспективаларын атап өтті. 

Осы саммит қатысушыларға өз 

тәжірибесімен бөлісу, өз пікірін білдіру, 

дамудың кейінгі перспективаларын 

талқылау, инвесторлардың және 

халықаралық институттардың пікірлерін 

білу үшін тамаша мүмкіндік берді, 

себебі Клиенттерді қорғау қағидаттарын 

сақтау сапалы қызметтерді ұсыну және 

клиенттердің әл-ауқатының артуы үшін 

үлкен маңызға ие. 



SMART CAMPAIGN 

CLIENT PROTECTION CERTIFICATION  

Issue Date:

Issued to:

LLC MFO KMF

Isabelle Barrès

Smart Campaign Director 

 

MicroFinanza Rating Executive Director



39, Beregovaya street

050051 Almaty, Kazakhstan



April 2015

UNLESS EARLIER REVOKED BY THE SMART CAMPAIGN OR BY MATERIAL CHANGES THAT AFFECT CERTIFICATION STATUS, THIS 

CERTIFICATE IS VALID FOR TWO (2) YEARS FROM THE DATE OF ISSUANCE.

TO REPORT COMPLAINTS REGARDING THE HOLDER OF THIS CERTIFICATE OR MISUSE OF THE SMART CAMPAIGN NAME OR LOGO, 

PLEASE CONTACT THE SMART CAMPAIGN CERTIFIER AT 

info@microfinanzarating.com

 OR THE SMART CAMPAIGN AT www.smartcampaign.org.

Aw

arded 



April 2

01

5



Cl

ien


t Pr

otection Certifi

ed

For a complete list of entities that are currently certified against the standards for implementing the Client Protection Principles, see 



the Smart Campaign Certified Entities Directory at www.smartcampaign.org.  The standards can also be found on the website. 

Aldo Moauro

This Certifies that LLC MFO KMF has been evaluated according to the standards of the Client Protection Certification Program and found to 

take adequate care to implement Client Protection Principles as promoted by the Smart Campaign.

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

    

1 7


KMF КЛИЕНТТЕРІНЕ 

АРНАЛҒАН ГРАНТТАР



Құрметті клиенттер, ЕҚДБ-мен (Еуропалық қайта құру және даму банкі) 

орнатқан ынтымақтастықтың арқасында бизнесіңіз үшін тағы бір мүмкіндіктің 

туып отырғанын хабарлауға асықпыз. Осы сәттен бастап KMF-тің клиенттері 

ЕҚДБ-ден грант алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл бизнесті жүргізу сапасын 

жақсартуды, оның тиімділігін арттыруды, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отырған 

кәсіпкерлер үшін тамаша мүмкіндік болып табылады. 

ЕҚДБ шағын және орта кәсіптерді қолдайды. Жергілікті 

кеңесшілермен және халықаралық сарапшылармен жүргізілген 

жұмыстың арқасында, 1998 жылдан бастап Қазақстандағы 

1200 астам кәсіпорынға кеңес берілді. ЕҚДБ Қазақстанға 6,5 

млрд. АҚШ долларынан астам сомаға инвестиция құйды. 

Қазіргі таңда KMF ЕҚДБ-нің серіктесі болып табылады, 

соның арқасында компания клиенттері келесі бағыттар 

бойынша гранттарға қол жеткізе алады: 

•  Кәсіпорынның консалтингтік қызметтерге қажеттілігін 

анықтауда қолдау көрсету, сонымен қатар консалтингтік 

компанияны таңдауға ықпал ету;

•  Жоба туралы бастама көтеруден бастап оны орындағанға 

дейін кәсіпорындарға қолдау көрсету; 

•  10 000 еуроға дейін грант бөлу арқылы консалтингтік 

қызметтерге жұмсалған жалпы соманың 25-75% өтеу;

•  Әрбір жоба аяқталғаннан кейін бір жылдан соң жұмыс 

нәтижелерін бақылау және бағалау. 

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

•  Кәсіпорынның ауқымы – ҚР заңнамасына сәйкес 

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған 

кәсіпорындар; 

•  Меншік нысаны – бақылау пакеті Қазақстан 

Республикасының азаматтарына тиесілі жеке кәсіпорын 

(капиталға шетелдік компаниялардың қатысуы 49% аспауға 

тиіс);


•  Қызмет саласы – «Бизнестің жол картасы-2020» 

бағдарламасының төртінші бағытына сәйкес барлық басым 

секторлардағы қызмет, бұған банктік қызметтер, әскери 

мақсаттағы өнімдерді шығару немесе қызметтерді көрсету, 

темекі өнеркәсібі, ойын бизнесі жатпайды; 

•  Операциялық қызмет тәжірибесі – кем дегенде 2 жыл 

табысты жұмыс істеу және операциялық қызметтен түсетін 

ақша қаражаттарының оң қозғалысы; 

1 8

      w w w . k m f . k z

К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы


ГРАНТТЫ ҚАНДАЙ  

МАҚСАТТАРҒА АЛУҒА БОЛАДЫ:



•  Стратегиялық басқару: стратегиялық жоспарлау, бизнес-

жоспарлау, техникалық – және қаржылық-экономикалық 

негіздемені әзірлеу, қаржылық талдау және жоспарлау, 

серіктестерді іздеу; 



•  Маркетинг: сатуларды басқару, маркетингтік зерттеулер, 

маркетингтік стратегияны әзірлеу, брендинг және алға 

жылжыту, электронды маркетинг; 

•  Ұйымды басқару: ұйымдастырушылық даму, адами 

ресурстарды басқару; 



•  Процестерді басқару: бизнес-процестерді қайта 

инжинирингтеу, жеткізулер тізбесін басқару, қаржылық 

басқару және есепке алу процестерін жетілдіру; 

•  Ақпараттық технологиялар: қаржылық басқару және 

есепке алу бойынша ақпараттық жүйелерді ендіру, 

автоматтандырудың салалық жүйелері, құжат айналымын 

автоматтандыру жүйелері, IT-инфрақұрылым, өндірістік 

процестерді автоматтандыру жүйелері, менеджменттің 

корпоративтік-ақпараттық жүйелері; 



•  Инженерлік-конструкторлық әзірлемелер: өндірістік 

желілерді оңтайландыру, сәулеттік жоспарлау / дизайн, 

инфрақұрылымды және коммуналдық желілерді жоспарлау; 

•  Сапа менеджменті: сапа менеджменті жүйелерін ендіру, 

тамақ өнімдерінің қауіпсіздік жүйелерін ендіру, өндірісте 

қауіпсіздік жүйелерін ендіру, өнім қауіпсіздігі жүйелерін 

ендіру; 


•  Энергия және ресурс тиімділігі: энергия аудиті, 

cертификаттау және рейтингтер беру, энергия менеджменті 

жүйелерін ендіру, энергия тиімділігі саласында инженерлік-

конструкторлық шешімдерді ендіру, жаңғыртылатын 

энергия көздерін ендіру; 

•  Экологиялық менеджмент: экологиялық аудит және 

қоршаған ортаға әсерді бағалау, экологиялық менеджмент 

жүйелерін ендіру, экология саласына инженерлік-

конструкторлық шешімдерді ендіру; 

Консалтингтік қызметтердің басқа түрлері (мысалы, ауыл 

шаруашылығы үшін – тиімділікті арттыру, түсімділікті 

арттыру, асыл тұқымды малдарды көбейту бойынша 

кеңестер және т.б.; әртүрлі салалар үшін – өндіріске жаңа 

технологияларды ендіру және т.б.).

ШАҒЫН БИЗНЕСТІ  

ҚОЛДАУ ТОБЫ

Еуропа қайта құру және даму банкі

050100, Алматы қ., Қазыбек би, 41, 3-қабат

Тел. +7 727 332 0000, 3320014, 

факс +7 727 258 4632

knowhowkazakhstan@ebrd.com

Сайт: ebrd.com / knowhow

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



Каталог: upload -> iblock -> 054
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет