Ізгілік пен сәттілікке толы болсын



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата13.04.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

pro

KMF


КОРПОРАТИВТІК ЖУРНАЛЫ I WWW.KMF.KZ I ЖЕЛТОҚСАН 2015

Компания 

жаңалықтары 

KMF-пен клиент қорғалған  

Smart Campaign 

 Ашық есік күндері

Жұмыла 

көтерген  



жүк жеңіл

Төлегеновтар отбасы

Медиа –

тұлға


«Голос» жобасына қатысушы 

Диана Шарапова

Аруларға 

кеңес


2016 Жаңа Жылды қарсы алу 

бойынша пайдалы кеңестер



Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл  

мерекесімен құттықтаймыз!

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға 

зор денсаулық, баянды бақыт, 

қуаныш пен шаттыққа 

толы ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй 

және шығармашылық 

табыстар тілейміз!

Жаңа жылда әрбір күндеріңіз 

маңызды оқиғаларға, 

бақытты шақтарға,

ізгілік пен сәттілікке толы болсын!



Құрметті оқырмандар!

Қыс дегеніміз – әр ұлпасы түрленген қар ханшайымның сиқырына таңдана қарап, шана сүйреткен 

балалардың шаттығына толы ғажайып кезең, оған қоса, отбасымен бірге берекелі дастарқанда бас 

қосып, бір жылғы еңбегін қорытындылап, болашақта бағындырар белестеріне көз жүгіртетін шақ. 

Жаңа 2016 жылдың қарсаңында атауы «proKMF» болып өзгеріп, тіркеуден өткен жаңа басылымның 

алғашқы  шығарылымын  ұсынып  отырмыз.  Бұдан  былай  журналымыз  жаңа  форматта,  жаңа 

мазмұнда  шығарылатын  болады,  демек,  пайдалы  әрі  қызықты  ақпараттардың  есебінен  журнал 

көлемі де ұлғаймақ. «proKMF» журналынан бизнесті жүргізу, қаржылық кеңестер, клиенттеріміздің 

жетістікке жету тарихы, сондай-ақ танымал тұлғалармен жүргізілген сұхбат және сарапшылардың 

аруларымызға  берген  жаңажылдық  кеңестерін  оқи  аласыздар.  Мейлінше  қызықты  әрі  өзекті 

тақырыптарды қамту мақсатында кейбір айдарлар әр шығарылым сайын өзгеріп отыратын болады. 

Бұл нөмірде біз компанияда орын алған соңғы жаңалықтарымызбен, қол жеткізген жетістіктерімізбен 

бөлісіп,  бизнес  сауаттылық,  ынталандыру  әдістері,  сондай-ақ  Жаңа  Жылды  ерекше  қарсы  алу 

құпиялалары жайлы баяндайтын боламыз. 

Аталмыш журналымыз көңілдеріңізден шығып қана қоймай, Сіздерге мерекелік көңіл-күй сыйлай-

ды  деген  ниетпен  «KMF»  компаниясы  атынан  Сіздерді  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік 

күні  және  келе  жатқан  Жаңа  Жыл  мерекелерімен  құттықтаймыз!  Сіздерге  және  Сіздердің 

отбасыларыңызға зор денсаулық, бизнестеріңізге екпінді даму, Егемен елімізге мәңгілік тәуелсіздік 

пен бейбітшілік тілейміз. Келе жатқан Жаңа мешін жылы молшылық пен тоқшылық жылы болғай! 

Құрметпен,

«KMF» МҚҰ Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

1

4

16

8



28

10

30



КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Балаларға шаттық сыйлайық!  ............................................................. 4 

Қазақстан халқы тілдері күні  .............................................................. 6

Клиенттерге арналған ашық есік күндері  .........................................  8

Жетістікке толы 10 жыл!  ................................................................... 10

Жұмыла көтерген жүк жеңіл!  ........................................................... 12

KMF-пен клиент қорғалған  ............................................................... 16 

KMF клиенттеріне арналған гранттар  ............................................  18

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ 

 «Отбасы бюджетін басқарудағы қаржылық  

сауаттылықты арттыру» жобасы ....................................................... 21 

БИЗНЕС САУАТТЫЛЫҚ

KMF-тің бейілді клиенттеріне пайдалы ақпарат!  ........................... 25 

Шығыс Қазақстан филиалындағы Бизнесті басқарудағы  

қаржылық сауаттылықты арттыру сабақтары .................................. 27 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ – KMF-ТІҢ БАСТЫ 

АКТИВІ!

KMF-тің тренинг орталығы ............................................................... 28 



СҰХБАТ

Владимир Туницкий, шағын және орта бизнесті  

дамыту мәселесі жөніндегі халықаралық кеңесші  ......................... 30

Елена Амерова, шағын және орта бизнесті дамыту  

мәселесі жөніндегі бизнес кеңесші  .................................................. 32

СҰРАҚ – ЖАУАП 

 .................................................................... 36

 

ПОЗИТИВТІ ШЕШІМ



Өзін-өзі ынталандыруды оңалту,  

немесе шабытты қалай қайтаруға болады ? ....................................  38

КЛИЕНТ ТАРИХЫ

Бизнестегі қазақ дәстүрі  .................................................................... 42 



2

      w w w . k m f . k z

М А З М Ұ Н Ы

«pro KMF» корпоративтік журналы

МЕНШІК ИЕСІ: 

«KMF» МҚҰ» ЖШС

МЕКЕНЖАЙЫ:

Алматы қ., 050010, Береговая көш., 39

Тел: +7 (727) 250 68 77, 250 68 78

Веб-сайт: www.kmf.kz

Басқарма Төрағасы: 

Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы 



Бас редактор: 

Ибрагимова Рауза Абдулвахитовна 



Шығарушы редактор: 

Карибаева Ботагөз 



Нөмірдің шығарылымына 

жауаптылар: 

Карибаева Ботагоз, 

Галиева Сания, 

Жұмалиев Мұхтар, 

Сабирова Виктория

Дизайнер: 

Ольга Кудрина 



2015 жылдан бастап шығарылады

Таралымы: 35 000 дана.

Express PRO ЖШС баспаханасында 

басылып шығарылған. 

«pro KMF» журналындағы 

материалды пайдаланғанда міндетті 

түрде сілтеме көрсетілуі тиіс.

pro

KMF


КОРПОРАТИВТІК ЖУРНАЛЫ I WWW.KMF.KZ I ЖЕЛТОҚСАН 2015

Компания 

жаңалықтары 

KMF-пен клиент қорғалған 

Smart Campaign 

 Ашық есік күндері

Жұмыла 

көтерген 



жүк жеңіл

Төлегеновтар отбасы

Медиа –

тұлға


«Голос» жобасына қатысушы 

Диана Шарапова

Аруларға 

кеңес


2016 Жаңа Жылды қарсы алу 

бойынша пайдалы кеңестер

32

48

42



58

ТҮСІРІЛІМДЕР 

«Махаббатым жүрегімде» – 2 КМF-те .............................................  46

МЕДИА-ТҰЛҒА

Диана Шарапова. «Голос» жобасының қатысушысы ...................... 48 

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Жаңа жылдық дастарқан

жасау тұрғысындағы кеңестер  .......................................................... 52

АРУЛАРҒА КЕҢЕС

2016 жылғы макияж үлгісі  ................................................................ 54

ЖҰЛДЫЗНАМА

Шығыс күнтізбесі бойынша 2016 жыл отты Мешін жылы  ..........  58

МЕКЕНЖАЙЛАР

 ..................................................................... 61

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

    

3


Бас кеңсе қамқорлығына алған №10 

мектеп-интернатындағы Білім Күні

Бүгін бірнеше бірінші сыныптың 

жас өрендері аталмыш оқу орнының 

табалдырығын аттады. Олар үшін бұл 

маңызды шара – ұзақ та, қызықты мектеп 

жолының бастауы болып табылады. 

 Білім күніне арналған салтанатты 

сапқа тұру мерекелік шарасын мектеп 

директоры Ләззат Көлбайқызы құттықтау 

сөзімен ашып, балаларға тұрақты қолдау 

көрсетіп, қамқорлық танытып отырған 

«KMF» МҚҰ-на алғыс білдірді. 

Оқушылар би билеп, ән салып өз 

өнерлерін көрсетті, сондай-ақ балаларға 

Мемлекеттік қуыршақ театрының 

әртістері қойылым көрсетті. Иә, әрине, 

бастысы, Алғашқы қоңырау соғылды! 

Өздеріңіз білетіндей, Бас Кеңседе №10 

мектеп-интернаты балаларының өздері 

жасаған қолөнер туындыларын өткізу 

бойынша Қайырымдылық аукцион 

өткізілді, нәтижесінде 200 000 теңгеге 

жуық қаражат жиналды. Жиналған 

қаржыны өнерлі балаларға ұлттық киім 

сатып алуға жұмсауды ұйғардық. Оның 

тарихы да қызық. 

Тапсырысты біздің компанияның бейілді 

клиенті, ұлттық киімдер тігу кәсібін 

жүргізетін Абиханова Дәмегүлге бердік. 

Ол тапсырысқа аса бір жауапкершлікпен 

қарап, тынымсыз еңбегінің арқасында 

қыз балаларға арналған 8 қазақ ұлттық 

көйлегі және ұл балаларға арналған 

4 қазақ ұлттық киімі дайын болды. 

Жалпы, қолдан тігілген ұлттық киімдер 

қымбат болатындықтан, жинаған қаржы 

тек қыз балалардың 8 костюмына ғана 

жетті, ал ұл балалардың 4 ұлттық киімін 

Дәмегүлдің өзі KMF-ке деген құрметі 

мен балаларға берген сыйлығы ретінде 

ұсынды. 


Міне, игіліктің игілікке ұласуы дегеніміз 

осы!


Салтанатты сап түзеуге жиналғандар 

тігілген ұлттық киімдерді салтанатты 

шарада өнер көрсеткен оқушылардың 

үстінен тамашалауға мүмкіндік 

алды. Директордың оқу ісі жөніндегі 

орынбасары ұлттық киімдерді жақында 

ғана алып келгенін және киімдерді көрген 

кездегі оқушылардың таңданысын да 

жеткізді. Мектеп оқытушылары KMF-тің 

жасаған сыйлығына дән ризашылықтарын 



Жаңа оқу жылының басталуы дегеніміз – ұстаздар, ата-

аналар мен олардың балалары үшін көптен күткен 

тебіреніске толы шуақты мереке. 

БАЛАЛАРҒА ШАТТЫҚ СЫЙЛАЙЫҚ!

KMF-тің «Розыбакиевтегі» Алматы филиалының 

қызметкерлері екі жыл қатарынан Онкология 

және Радиология Қазақ ҒЗО жанындағы 

Балалар Онкологиясы бөлімшесінде ем алып 

жатқан сырқат балаларға арнап, мерекелік шара 

ұйымдастырды. 

Бөлімшеде Қазақстанның түпкір-түпкірінен 

жиналған 30-ға жуық сырқат балалар емделуде. 

Кез келген жағымды жағдай оларға өздерінің ауыр 

кеселдерін ұмытуға сеп болары анық. 

Балалардың көңілін аулау үшін екі күлкілі клоун 

шақырылып, жаттықтырылған күшіктер қызықты 

шағын шоу көрсетті. Балалардың барлығы ойынға 

белсенділікпен қатысып, күшіктердің көрсеткен 

өнерлеріне таңдана, көз алмай қарады. 

Шара соңында сыйлықтар алған балалардың 

жанарларынан қуанышты көріп, көңіліміз бір 

марқайды. Ендеше, қолдарыңыздан келген 

жылылық пен қамқорлықтарыңызды аямай, 

балаларға шаттық сыйлаңыздар!

жеткізіп, балалардың тағы да кеңсеге 

келіп өнер көрсету жоспарлары бар 

екенін айтты!

KMF барлық оқушылар мен ұстаздар 

ұжымын Білім күнімен шын жүректен 

құттықтайды! Баршаңызға табыс, жемісті 

білім мен алға қойған мақсаттарыңызға 

жете берулеріңізді тілейді. 



К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы

4

      w w w . k m f . k z

ДОС

ДОСТ

АР

 2015 жылдың 16 қыркүйегінде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне 

орайластырып, «KMF» МҚҰ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп 

Талдықорған қаласының басты алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының  

20 жылдығы және «KMF» Микроқаржылық ұйымының 18 жылдығына арналған 

атаулы күндерге орай «Келісім – бірлік бастауы» атты фестивалін өткізді. 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ

ТІЛДЕРІ КҮНІ

6

      w w w . k m f . k z

К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы


Шара «Қазақстан халқының тілдері 

күніне» орай атқарылатын, аталмыш 

мереке Қазақстан халқының тілдеріне 

қолдау көрсету арқылы, еліміздегі түрлі 

ұлт өкілдерінің бірлігін нығайтуға 

бағытталды. Осындай ауқымды шара 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «KMF» 

МҚҰ-ның ұлтаралық келісім мен бірлікке 

қосқан үлесінің көрінісі ретінде дәстүрлі 

түрде өткізіліп отыр. 

 Мерекелік шараның өтетін орнын 

таңдау да тегін емес, себебі 1997 

жылдың қыркүйек айында, дәл осы 

Талдықорған қаласында Біздің компания 

ресми тіркеуден өткен болатын. Осы 

уақыт аралығында Микроқаржылық 

ұйым Орталық Азия, Кавказ елдері мен 

Шығыс Еуропадағы микроқаржыландыру 

секторының көшбасшысы атанды. 

KMF компаниясының әлеуметтік 

қызметінің бағыттарының бірі – 

Қазақстандағы тұрақтылықты, ұлтаралық 

келісім мен бейбітшілікті қолдау. 

Аталмыш мақсатта Қазақстан халқының 

Ассамблеясымен бірлесіп, жыл сайын 

тұрақты түрде Қазақстан халқы тілдері 

күні мерекесі қарсаңында мерекелік 

шаралар өткізеді. Және бұл шара жағымды 

дәстүрге айналды. «KMF» МҚҰ  

18 жылдан бері 60-тан аса ұлт өкілдеріне 

микроқаржыландыру бойынша қызмет 

көрсетіп келеді. Және олардың барлығы 

тең жағдайда сапалы қаржылық қызметті 

пайдаланады. Бұл Қазақстандағы 

ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді 

нығайтуға қосқан үлесі болып табылады! 

Биылғы жылғы «Қазақстан халқы тілдері 

күні» мерекесі – KMF-тің туған күнімен 

тұспа-тұс келіп отыр! 

KMF-тің 18-жылдығымен құттықтау 

шарасына мемлекеттік атқарушы 

билік өкілдері, бұқаралық ақпарат 

құралдарының өкілдері, Ассамблея 

мүшелері, сондай-ақ Талдықорған 

қаласының қонақтары мен тұрғындары 

келді. Мерекелік шара қаланың 

орталық алаңында ту ұстаушылардың 

шеруінен басталды. Аталмыш шара 

«Қазақстан халқы тілдері күніне» 

орайластырылғандықтан, қазақ, өзбек, 

корей, украин, орыс секілді түрлі 

ұлттардың ән-би ансамбльдерінің 

орындауларымен ашылды. Көздің 

жауын алатын костюмдер атаулы шараға 

жиналғандарға шаттық, мерекелік 

көңіл-күй сыйлады. Шара барысында 

біздің көпұлтты халықтардың тілінде 

ән салынды. Бүгінгі күні Жер жаннаты 

– Жетісу өңірінде де, жалпы кең байтақ 

еліміздегідей түрлі ұлттардың мәдениеті 

мен дәстүрі Қазақстанда тоғысып, бір-

біріне ортақ үйлесімділікке ие болып отыр. 

Сондай-ақ, шара шеңберінде түрлі 

байқаулардың қорытындысы шығарылды, 

соның ішінде – «Ортақ шаңырақ аясында» 

байқауынан «KMF» МҚҰ қызметкері 

Рысакова Дарьяның отбасы бірінші 

орынды иеленді. 

Түрлі ұлттық киімдер мен ту 

ұстаушылардың салтанатты шеруі 

өтіп, патриоттық әсем әндер рухты 

биіктетті... Осы секілді жарқын көріністер 

талдықорғандықтардың есінде ұзаққа 

қалары сөзсіз. 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5

    

7


KMF КЛИЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 

АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ 



Ағымдағы жылдың шілде – қазан айлары 

аралығында «KMF» МҚҰ барлық 80 бөлімшесінде 

Ашық есік күндері болып өтті. 

Шара дәстүрлі түрде KMF-пен сенімді 

серіктестік орнатқан Компания 

клиенттері арасында көп жылдар бойы 

өткізіліп келеді. Жыл өте Ашық есік 

күндері көптеген қонақтардың басын 

қосып келеді, және жылдан жылға 

мейлінше қызығырақ, танымды және 

қолайлы жағдайда өткізіліп келеді. 

Компанияның директорлары мен 

қызметкерлері қонақтарды құшақ жая 

қарсы алып, құттықтау сөздерінен кейін 

өз өңірлеріндегі Ашық есік күндерін 

ашық деп жариялады. Шара шеңберінде 

компания басшылары презентациялар 

өткізіп, даму жоспарларын, жетістіктері 

мен жалпы Компанияның, сондай-

ақ филиалдар мен бөлімшелердің 

көрсеткіштерін жеке-жеке көрсетті. 

Ашық есік күндерін өткізу мақсаты 

– көрсетілген қызметтің сапасы мен 

клиенттерге қызмет көрсету. 

Сондай-ақ, клиенттердің ұсыныс-

тілектерін білу мақсатында «Пікірлер 

жәрмеңкесі» өткізілді. Бейілді 

клиенттеріміздің Компаниядан көп 

жылдардан бері кредит алу өтілі 

8

      w w w . k m f . k z

К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы


болғандықтан, біз үшін бейілді 

клиенттеріміздің пікірлері компания 

қызметінің сапасын арттыру үшін аса 

маңызды болып қала бермек. Себебі 

KMF өз қызметін өзара сенімділік 

пен ашықтыққа негіздеген болатын. 

Бұдан кейін келіп түскен барлық 

ұсыныс-тілектер қаралады және көбісі 

қолданысқа енгізіледі. 

Оған қоса, клиенттерімізді бұдан 

да жіті тану үшін, және олардың 

табыстылығы мен бизнестерінің 

қалыптасу тарихы жайлы кері байланыс 

орнатуға тамаша мүмкіндік. Осы кездесу 

барысында клиенттер өздерінің KMF 

арасындағы серіктестік тарихы жайлы 

баяндап, кредиттік сарапшыларымен 

алғашқы таныстықтарын еске түсіріп, 

бизнестерінің бастауы мен жетістіктері 

жайлы әсерлі әңгімеледі. 

KMF Қазақстандағы қолданыстағы 

әлеуметтік рейтингі мен сертификациясы 

бар тұңғыш және бүгінгі күннің 

көрсеткіші бойынша жалғыз 

компания болып табылды. KMF 

Қазақстанда алғашқы болып аталмыш 

сертификациядан өтуге ниет білдіріп, 

оған сәтті қол жеткізген бірден бір ұйым, 

себебі бұл көрсеткіш Клиенттерді қорғау 

қағидаттарын ұстанатын тәжірибесін 

растаушы және клиентке деген қарым-

қатынасының көрсеткіші болып 

табылады. Ашық есік күндері шеңберінде 

компания клиенттеріне арналған 

қаржылық сауаттылықты арттыру 

жобасы жайлы ақпарат беріп, аталмыш 

жобаның тегін өтетіндігі, сондай-ақ жоба 

шеңберінде 60 000 астам адам білім алып 

үлгергені жайлы жеткізді. Сондай-ақ, 

бейілді клиенттерге арналған «Бизнесті 

басқарудағы қаржылық сауаттылық» атты 

жаңа жобасы ұсынылды. 

Клиенттердің шараға белсенділікпен 

қатысуы қашан да қызық. KMF-тің 

барлық қызметкерлері клиенттерге 

шаттық пен жақсы көңіл-күй сыйлады. 

Барлық филиалдар мен бөлімшелерде 

Амантаев Қылышбек: 

«Баршаңызға ізеттіліктеріңіз 

бен осындай Ашық есік күндері 

секілді шараға қатысуға 

мүмкіндік туғызғандарыңыз 

үшін алғысымды білдіремін. 

KMF ұжымына ашық-жарқын, 

адал қарым-қатынастарыңызға 

ризашылығымды жеткізгім 

келеді. Биіктерден 

көрінулеріңізге тілектеспіз! 

КЛИЕНТТЕРДІҢ ТІЛЕКТЕРІ:



Абилова Анар: «Мен KMF-тен 

көп уақыттан бері кредит алып 

келемін, Сіздерге үйреніп те 

қалдым. Мен басқа банктерден 

де кредит алып көргенмін, 

бірақ маған KMF-пен жұмыс 

жасаған ұнайды, содан болар, 

сіздердің тұрақты, әрі бейілді 

клиенттеріңіздің қатарынан 

орын алып отырмын. Сіздердің 

жылдам әрі уақытылы қызмет 

көрсетулеріңіз бен ілтипатты 

қарым-қатынастарыңызды 

ерекше бағалаймын. Компанияға 

даму, болашақта да жаңа 

белестерді бағындыру, ал 

қызметкерлерге денсаулық пен 

табыстылық тілеймін!» 

КЛИЕНТТЕРДІҢ ТІЛЕКТЕРІ:

қолданбалы өнер бойынша мастер-

кластар өткізілді. Әр бөлімшенің 

қолданбалы өнер туындыларын жасау 

бойынша өзінің жеке тақырыбы болды. 

Біреуі көне оригами өнеріне үйретсе, 

екіншісі сурет салу, енді бірі бокалдарды 

безендіруге машықтап жатты. Келген 

қонақтарды ескі заттардан жаңа әрі 

пайдалы туынды жасау шеберліктері 

ерекше қызықтырды, мысалы санаулы 

минуттардың ішінде ескі күй табақтан 

қабырғаға ілетін сағат жасау, ескі 

тұсқағаздардан бөлмені безендіруге 

арналған суреттер. Ал «ақша ағашын» 

қарапайым шпагат жібі мен бір уыс ұсақ 

тиыннан жасауға болады екен. 

Ашық есік күндері қарсаңында Астана 

қаласы филиалының 10 жылдық, 

ал Семей филиалының 5 жылдық 

мерейтойымен тұспа-тұс келгендігін игі 

ырымға баладық. 

Шара соңында Филиал директорлары 

тағы да клиенттер мен келген 

қонақтарға сенімді серіктестіктері үшін 

ризашылықтарын білдірді. Барлық 

клиенттерге салтанатты түрде алғыс 

хаттар мен естелік сыйлықтар табыс 

етіліп, суретке түсу рәсімі өткізілді. 

Клиенттердің шараның өту барысы 

көңілдерінен шығып, компанияға 

алғыстарысмен қатар, тілектерін 

жаудырып жатты. 

Әрине, ашық есік күндері аяқталса да, біз 

өтінім тілектеріңізді қуана қабылдаймыз. 

Клиенттерге деген сыйластық пен 

серіктестік қарым-қатынас табыстылық 

пен өркендеу кепілі болып қала бермек. 

Біз үшін клиенттердің бізге деген сенімі 

аса қымбат және өзара ынтымақты 

серіктестігіміз үшін шын жүректен алғыс 

білдіреміз !

Сіздерге есігіміз қашанда айқара ашық! 

Қош келдіңіздер! 

« p r o K M F »   к о р п о р а т и в т і к   ж у р н а л ы   № 1   ( 0 1 )   /   2 0 1 5



    

9

ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ  

10 ЖЫЛ 


2015 жыл KMF микроқаржылық ұйымының Астана филиалы үшін 

жемісті жыл болды. Дәл 10 жыл бұрын Қазақстанның елордасы 

Астана қаласында компанияның алғашқы кеңсесі 19 қыркүйекте 

клиенттерге есігін айқара ашты. Бүгінгі таңда Астана филиалында 

5000-нан астам клиентке қызмет көрсетіледі.

Қызмет атқарған жылдары Астана филиалы 

тамаша нәтижелерге қол жеткізді, ал филиалдың 

кредиттік қоржыны 1 млрд.теңгеден асты. 

Сапалы қызмет көрсету және өз клиенттерінің 

қамын ойлау арқылы филиал көп клиенттерге 

өз бизнесін ашуға әрі дамытуға көмектесті 

және өзін аймақтық микроқаржылық нарықтың 

белсенді қатысушысы ретінде таныта білді. 

Астана филиалының клиенттері кіші, шағын 

және агро бизнес саласында жұмыс істейтін 

1 0

      w w w . k m f . k z

К О М П А Н И Я   Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р Ы


кәсіпкерлер. Олар 10 жыл бойы KMF-

тің қолдауымен өз бизнестерін табысты 

дамытып келеді. 

«Астана және Ақмола облысының 

аумағында атқарған азғантай қызмет мерзімі 

ішінде филиал өз клиенттерімен серіктестік 

қарым-қатынас орнатып, сапалы клиенттік 

базаны құра алды. Біз клиенттеріміздің 

табыстарын мақтан тұтамыз және олардың 

адалдығына және біздің дамуымызға 

қосып жатқан елеулі үлестеріне алғыс 

білдіреміз» – деді филиал директоры Арман 



Каталог: upload -> iblock -> 054
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет