Издание агентства республики казахстан по делам религий



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/23
Дата10.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ · АГЕНТСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ РЕЛИГИЙ
1 (24) 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІң 
БАСЫП ШЫҒАРЫЛУЫ
ИЗДАНИЕ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  
ПО ДЕЛАМ РЕЛИГИЙ

«Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік 
пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның 
өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Азаматтық татулық  пен ұлтаралық 
келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, 
мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан 
жаһандық конфессияаралық үнқатысу  орталығына айналды».
Н.Ә. Назарбаев
«Несмотря на этническое, культурное и религиозное многообразие, мы сохранили 
в стране мир и политическую стабильность. Казахстан стал родным домом для 
представителей 140 этносов и 17 конфессий. Гражданский мир и межнациональное 
согласие – наша главная ценность. Мир и согласие, диалог культур и религий в нашей 
многонациональной стране справедливо признаны мировым эталоном. Казахстан 
превратился в центр глобального межконфессионального диалога».
Н.А. НАзАрбАев  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
1 (24) 2013

2
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН» ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің жуРналы, № 1 (24), 2013
ббк 86:67.0
Р 31
Р 31 «МеМлекет жƏне Дін» Қазақстан Республикасы Дін істері
агенттігінің журналы, № 1 (24), 2013– 150 б.
Р 31 «гОсуДаРстВО и РелигиЯ»: журнал агентства Республики
казахстан по делам религий, № 1 (24), 2013 – 150 с.
ISBN 978-601-7060-21-3
«Мемлекет  жəне  дін»  журналы  орталық  жəне  жергілікті  мемлекеттік  органдардың 
қызметкерлер,  дінтанушылар,  саясаттанушылар,  əлеуметтанушылар,  жоғары  оқу 
орындарының студенттеріне, қоғамдық жəне діни бірлестіктер мен баҚ өкілдеріне 
арналған.
журнал «государство и религия» предназначен для сотрудников центральных и мест-
ных органов государственной власти, теологов, политологов, социологов, студентов 
вузов, представителей религиозных и общественных объединений и сМи.
Басылымға жауаптылар:
C. сәдуақасов, а. ысқақова, с. біләлов, а. Қалназаров
Ответственные за выпуск:
садвокасов с., искакова а., билялов с., калназаров а.
ббк 86:67.0
ISBN 978-601-7060-21-3

3
ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігі
МЕМЛЕКЕТ ЖәНЕ ДІН
1 (24) 2013
Қазақстан Республикасы дін істері агенттігінің басылымы
2008 жылдан бастап әр тоқсан сайын шығады
РЕДаКция аЛҚасы
Лама Шариф Қ.Қ. 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы,  
«Мемлекет және дін» журналы редакция алқасының Төрағасы
Мырзалин М.К. 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Жауапты хатшысы
Шойкин Ғ.Н. 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі  
Төрағасының орынбасары
Әзілханов М.А. 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі  
Төрағасының орынбасары
Оспанов С.К. 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің  
Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директоры
Көлекеев Б.К. 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің  
Конфессияаралық қатынастар департаменті директоры
Копбосынов Б.К. 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің  
Әкімшілік департаменті директоры
Журнал Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат
Министрлігінде 05.09.2011 ж. қайта тіркелген.
Тіркеу куәлігі  №11968-Ж

4
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН» ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің жуРналы, № 1 (24), 2013
МаЗМҰНы
МеМлекет басШысы нҰРсҰлтан назаРбаеВ ХРистианДаР Мен баРШа ҚазаҚстанДыҚтаРДы 
РОжДестВОМен ҚҰттыҚтаДы .........................................................................................................................................................................................5
МеМлекет басШысы нҰРсҰлтан назаРбаеВ 
РиМ папасы ФРанЦискті киелі таҚ пОнтиФигі лауазыМына саЙлануыМен ҚҰттыҚтаДы ..........................................5
«ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің МӘселелеРі» туРалы  
ҚазаҚстан Республикасы ҮкіМетінің 2011 жылҒы 1 таМызДаҒы № 888  
Қаулысына ӨзгеРістеР енгізу туРалы ....................................................................................................................................................................6
2012 жылДың 10 желтОҚсанынДа «Діни ӘДебиет жӘне Діни МазМҰнДаҒы Өзге Де аҚпаРаттыҚ 
МатеРиалДаРДы, Діни МаҚсаттаҒы заттаРДы таРату ҮШін аРнаЙы тҰРаҚты 
ҮЙ-жаЙлаРДың ОРналастыРылуын бекіту туРалы»  
алМаты ОблыстыҚ ӘкіМДігінің Қаулысы ...........................................................................................................................................................9
ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің тӨРаҒасы ҚаЙРат лаМа ШаРиФтың  
ҚатысуыМен Өткен «ХХі ҒасыРДаҒы ҚазаҚстанДаҒы Дін» атты интеРнет-кОнФеРенЦиЯсы ..................................... 11
ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің  
2012 жылҒы жҰМыс ҚОРытынДысы жӘне елбасы н.Ә. назаРбаеВтың «ҚазаҚстан-2050» стРатегиЯсы 
ҚалыптасҚан МеМлекеттің жаңа саЯси баҒыты» атты ҚазаҚстан ХалҚына жОлДауы ШеңбеРінДе  
2013 жылҒа ҚОЙылҒан МінДеттеР туРалы алҚа ОтыРысы ...................................................................................................................13
ҚазаҚстан Республикасы ҮкіМеті жанынДаҒы Діни біРлестіктеРМен баЙланыстаР жӨнінДегі кеңес ............ 23
ҚазаҚстан Республикасы ҮкіМеті жанынДаҒы Діни  
біРлестіктеРМен баЙланыстаР жӨнінДегі кеңес ОтыРысына баЙланысты МаҚала тізбесі ..................................... 24
«РуХаниЯтсыз ӨРкениетті ДаМу бОлМаЙДы» –  
атыРау Облысы ӘкіМінің ОРынбасаРы ШыңҒыс МҰҚан .........................................................................................................24
«МаҚсатыМыз – Діни сауаттылыҚты аРттыРып, ӨңіРДе тҰРаҚтылыҚты ОРнату» –  
батыс ҚазаҚстан Облысы ӘкіМінің ОРынбасаРы сеРік сҮлеЙМен .................................................................................26
«жаҚсы Діни аХуал ҚалыптастыРуДа» – аҚтӨбе Облысы ӘкіМінің ОРынбасаРы  саРа нҰРҚатОВа ....... 28
«Дін жӘне ҚОҒаМ» –  
МаңҒыстау ОблыстыҚ іШкі саЯсат басҚаРМасының бастыҒы нҰРбОл телегенОВ ............................................. 30
астана-Ватикан 
10 – жылДыҚ ынтыМаҚтастыҚ .................................................................................................................................................................................34
«ӘЙел жӘне Дін» ХалыҚаРалыҚ ФОРуМы .........................................................................................................................................................36
«ҚазаҚстанДаҒы Діни сеніМ бОстанДыҒы» атты ХалыҚаРалыҚ кОнФеРенЦиЯ .................................................................58
«таблиҒи жаМаҒат – елге жат аҒыМ» атты РеспубликалыҚ ҒылыМи-пРактикалыҚ кОнФеРенЦиЯ .................. 62
тӨРаҒа ОРынбасаРы Ғ. н. ШОЙкиннің «МӘңгілік МҰРат» МаҚаласы ..........................................................................................66
ҚазаҚстан Республикасы Дін істеР агенттігі ҚызМеткеРлеРінің жаРиЯланыМДаРы ..................................................... 70
ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің 
ОҚиҒалаР ХРОникасы ....................................................................................................................................................................................................79

5
ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігі
МЕМЛЕКЕТ БасШысы НҰРсҰЛТаН НаЗаРБаЕВ 
ХРисТиаНДаР МЕН БаРШа ҚаЗаҚсТаНДыҚТаРДы 
РОЖДЕсТВОМЕН ҚҰТТыҚТаДы
Қымбатты отандастар!
православ  христиандары  мен  барша  қазақстандықтарды 
жарқын мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын.
Мемлекеттің өз азаматтарының рухани ұмтылысына деген 
ізгі  де  сыйластықты  көзқарасы  –  біздің  еліміздегі  дінаралық 
келісімнің  ең  басты  негіздерінің  бірі.  адамзаттың  мәңгілік 
ақиқаттарына,  адамгершілікке,  өзара  құрмет  пен  қолдауға 
сүйене  отырып,  біз  барлық  конфессиялардың  дамуына 
жағдай  жасадық,  ортақ  үйіміз  –  Қазақстан  Республикасында 
бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық.
Өткен  жыл  біздің  Отанымыздың  жылнамасына  ал-
тын  әріптермен  жазыларына  сенімдімін.  бұл  жыл  жасампаз 
істердің, табысты жүзеге асқан бағдарламалар мен болашақты 
көздеген  батыл  мақсаттардың  жылы  болды.  біз  экономикада,  саясатта  және  әлеуметтік  салада  толайым 
табыстарға жеттік. біз «Қазақстан – 2050» стратегиясын жария еттік. бұл – ізгі ниетті барша қазақстандықтарға 
айқара ашылатын жарқын болашақ.
еліміздің қоғамдық өміріндегі басты оқиғалардың бірі діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуінің аяқталуы 
болды.
бүгінде  Қазақстан  қоғамының  ажырамас  бөлігіне  айналған  православ  дін  өкілдері  еліміздің  әлеуметтік-
экономикалық және рухани дамуына, конфессияаралық қатынастардың үндестігіне сүбелі үлес қосуда.
Рождество күндері мәңгілік адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып, сүйіспеншілік пен ізгілікті, ақ ниет 
пен рухани тазалықты әрбір жүрекке жеткізеді. Осы арқылы қазақстандықтардың бойына өзара сыйластық, 
кемелдікке ұмтылу, ізгі істер жасау секілді жоғары адами қасиеттердің сіңуіне ықпал етеді.
жақындарымызға, өз халқымызға, өз елімізге деген сүйіспеншілік барлығымызды мызғымастай біріктіре 
түссін.
сіздерге, қымбатты отандастарым, зор денсаулық, рухани сергектік пен күш-жігер, сарқылмас қуат пен ізгі 
бастамаларыңызға табыс тілеймін.
МЕМЛЕКЕТ БасШысы НҰРсҰЛТаН НаЗаРБаЕВ 
РиМ ПаПасы ФРаНцисКТІ КиЕЛІ ТаҚ ПОНТиФиГІ ЛаУаЗыМыНа 
саЙЛаНУыМЕН ҚҰТТыҚТаДы
Қазақстан  президенті  нұрсұлтан  назарбаев  Рим  папасы 
Францискке құттықтау жеделхатын жолдады.
нұрсұлтан  назарбаев  Рим  папасы  Францискті  киелі  тақ 
понтифигі  лауазымына  сайлануына  байланысты  көп  ұлтты 
Қазақстан  халқының  және  жеке  өз  атынан  шын  жүректен 
құттықтады.
«Қазақстан  мен  Ватикан  арасындағы  өзара  түсіністік  пен 
сенімге  негізделген  қарым-қатынастар  20  жылдан  астам 
уақыттан  бері  дамып  келеді.  Рим  папасы  иоанн  павел  II-нің 
2001 жылы Қазақстанға жасаған тарихи сапары – соның айқын 
дәлелі» делінген жеделхатта.
Қазақстан президенті Рим папасы Францисктің қызметі екі 
ел арасындағы ынтымақтастық пен сындарлы үнқатысудың одан 
әрі дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
соңында  Мемлекет  басшысы  жарылқаушы  миссия  барша 
адамзаттың амандығы үшін атқарылып отырғанын атап өтіп, Рим 
папасы Францискке және жалпы католик қауымдастығына бейбітшілік пен шапағат тіледі.
www.akorda.kz

6
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН» ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің жуРналы, № 1 (24), 2013
«ҚаЗаҚсТаН РЕсПУБЛиКасы ДІН ІсТЕРІ аГЕНТТІГІНІҢ МәсЕЛЕЛЕРІ» 
ТУРаЛы ҚаЗаҚсТаН РЕсПУБЛиКасы ҮКІМЕТІНІҢ 2011 ЖыЛҒы  
1 ТаМыЗДаҒы № 888 ҚаУЛысыНа ӨЗГЕРІсТЕР ЕНГІЗУ ТУРаЛы
«Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  органының  үлгі  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  
Республикасы  президентінің  2012  жылғы  29  қазандағы  №  410  жарлығының  2-тармағын  іске  асыру 
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚаУЛы ЕТЕДІ:
1.  «Қазақстан  Республикасы  Дін  істері  агенттігінің  мәселелері»  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  2011  жылғы  1  тамыздағы  №  888  қаулысына  (Қазақстан  Республикасының  пҮаж-ы,  2011ж.,  
№ 51, 690-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген  қаулымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Дін  істері  агенттігі  туралы  ереже  осы 
қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі  
 
 
 
 
 
 
 
             с. ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы «1» тамыздағы 
 № 888 қаулысымен
бекітілген
ҚаЗаҚсТаН РЕсПУБЛиКасы ДІН ІсТЕРІ аГЕНТТІГІ ТУРаЛы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.  Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі 
(бұдан  әрі  –  агенттік)  діни  қызмет  саласындағы 
басшылықты 
жүзеге 
асыратын 
Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  органы  болып  та-
былады.
2.  агенттік 
өз 
қызметін 
Қазақстан 
Республикасының 
конституциясына 
және 
заңдарына, 
Қазақстан 
Республикасының 
президенті  мен  Үкіметінің  актілеріне,  өзге  де 
нормативттік  құқықтық  актілерге,  сондай-ақ  осы 
ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.  агенттік  мемлекеттік  мекеме  ұйымдық-
құқықтық  нысанындағы  заңды  тұлға  болып  та-
былады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөр мен 
мөртаңбалары,  белгіленген  үлгідегі  бланкілері, 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 
қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.  агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға 
өз атынан түседі.
5.  агенттіктің  егер  заңнамаға  сәйкес  осыған 
уәкілеттік  берілген  болса,  мемлекеттің  атынан 
азаматтық-құқықтық 
қатынастардың 
тарапы 
болуға құқығы бар.
6.  агенттік  өз  құзыретінің  мәселелері  бой-
ынша  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  агенттік 
төрағасының  бұйрықтарымен  және  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  көзделген  басқа 
да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.  агенттіктің  құрылымы  мен  штат  санының 
лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.  заңды 
тұлғаның 
орналасқан 
жері: 
Қазақстан  Республикасы,  010000,  астана  қаласы, 
есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс.
9.  агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Респу-
бликасы Дін істері агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
10.  Осы  ереже  агенттіктің  құрылтай  құжаты 
болып табылады.
11.  агенттіктің 
қызметін 
қаржыландыру 
республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12.  агенттікке  кәсіпкерлік  субъектілерімен 
агенттіктің  функциялары  болып  табылатын 
міндеттерді 
орындау 
тұрғысында 
шарттық 
қатынастарға түсуге тыйым салынады.
егер  агенттікке  заңнамалық  актілермен 
кірістер  әкелетін  қызметті  жүзеге  асыру  құқығы 
берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер 
республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

7
ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігі
2. агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13.  агенттіктің 
миссиясы 
діни 
қызмет 
саласындағы  мемлекеттік  реттеуді  жүзеге  асыру 
болып табылады.
14.  Міндеттері:
1)  діни  қызмет  және  дiни  бiрлестiктермен 
өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты 
қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2)  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
құрылған  дiни  бiрлестiктердiң,  миссионерлердiң 
және  рухани  (діни)  білім  беру  ұйымдарының 
қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзу;
3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында 
агенттікке  жүктелген  өзге  де  мiндеттердi  жүзеге 
асыру.
15.  Функциялары:
1)  діни  қызмет  және  діни  бірлестіктермен 
өзара  іс-қимыл  жасау  саласындағы  мемлекеттiк 
саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және 
iске асыруға қатысады;
2)  дiни 
ахуалдың 
дамуына, 
Қазақстан 
Республикасының  аумағында  құрылған  дiни 
бiрлестiктердiң,  миссионерлердiң  және  рухани 
(діни)  білім  беру  ұйымдарының  қызметiне  зерде-
леу мен талдау жүргiзедi;
3)  Қазақстан  Республикасының  діни  қызмет 
және  діни  бірлестіктер  туралы  заңнамасын 
жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4)  өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық 
актілерді әзірлейді және бекітеді;
5)  өз  құзыретiне  жататын  мәселелер  бойын-
ша  ақпараттық-насихаттау  iс-шараларын  жүзеге 
асырады;
6)  өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша 
түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз 
етеді;
7)  дiнтану 
сараптамалары 
және 
діни 
бірлестіктерді  құруға  бастамашы  азаматтар 
тізімдеріне тексеру жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
8)  жеке  және  заңды  тұлғалардың  Қазақстан 
Республикасының  дiни  қызмет  және  діни 
бірлестіктер  туралы  заңнамасын  бұзушылықтарға 
қатысты өтініштерін қарайды;
9)  Қазақстан 
Республикасының 
діни 
қызмет  саласындағы  заңнамасын  бұзатын  жеке 
және  заңды  тұлғалардың,  оның  iшiнде  дiни 
бiрлестiктердiң  қызметiне  тыйым  салу  жөнiнде 
ұсыныстар енгiзедi;
10)  заңнамада  белгіленген  жағдайлар  мен 
тәртіпте  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы 
хаттамаларды жасайды;
11)  діни  қызмет  және  дiни  бiрлестiктермен 
өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қаланың  және 
астананың  жергiлiктi  атқарушы  органдарының 
қызметiн үйлестiредi;
12)  шет  мемлекеттердiң  діни  қызмет  саласын-
дағы  уәкілетті  органдарымен  ынтымақтастықты 
ұйымдастырады және жүзеге асырады;
13)  діни  қызмет  және  діни  бірлестіктермен 
өзара  іс-қимыл  мәселелері  бойынша  мемлекеттік 
және салааралық бағдарламаларды әзірлейді;
14)  республика 
аумағындағы 
шетелдік 
діни  бірлестіктердің  қызметіне,  шетелдік  діни 
орталықтардың  Қазақстан  Республикасындағы 
діни  бірлестіктер  басшыларын  тағайындауына 
келісім білдіреді;
15)  облыстардың,  республикалық  маңызы 
бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы 
органдарының  ғибадат  үйлерін  (ғимараттарын) 
салу  туралы,  олардың  орналасатын  жерін 
анықтау,  сондай-ақ  үйлерді  (ғимараттарды) 
ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп бейінін өзгерту 
(функционалдық  мақсатын  өзгерту)  туралы 
шешімдерін келіседі;
16)  миссионерлiк  қызметті  жүзеге  асыратын 
адамдарды тіркейді;
17)  діни  қызмет  және  діни  бірлестіктермен 
өзара іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық 
ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ діни 
қызмет  саласындағы  келісімдерді,  меморандум-
дар  мен  шарттарды,  соның  ішінде  халықаралық 
құжаттарды әзірлейді және жасайды;
18)  өз  құзыретi  шегінде  ұлттық  қауіпсіздік 
жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
19)  ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен 
өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын 
қамтамасыз етедi;
20)   өз құзыреті шегінде агенттіктің мемлекеттік 
қызметтерін 
көрсету 
кезінде 
тұтынушылар 
құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
21)  Қазақстан Республикасының заңнамасында 
көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16.  Құқықтары мен міндеттері:
1)  оның құзыретіне жататын мәселелер бой-
ынша үйлестіруді жүзеге асыру;
2)  Қазақстан  Республикасының  заңнама- 
сында  белгіленген  тәртіппен  мемлекеттік  ор-
гандардан,  ұйымдардан,  олардың  лауазымды 
тұлғаларынан  қағаз  және  (немесе)  электрондық 
тасымалдағыштарда қажетті ақпаратты және мате-
риалдарды сұрату және алу;
3)  агенттікке  берілген  мүлікті  басқаруды 
жүзеге асыру;
4)  Қазақстан 
Республикасының 
өзге 
де 
заңдарында, 
Қазақстан 
Республикасы 
президентінің  және  Қазақстан  Республикасы  
Үкіметінің  актілерінде  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асыру.

8
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН» ҚазаҚстан Республикасы Дін істеРі агенттігінің жуРналы, № 1 (24), 2013
3. агенттіктің қызметін ұйымдастыру
17.  агенттікке 
басшылықты 
агенттікке 
жүктелген  міндеттердің  орындалуына  және  оның 
функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бо-
латын төраға жүзеге асырады.
18.  агенттіктің 
төрағасын 
Қазақстан 
Республикасының  премьер-Министрі  қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады.
19.  төрағаның  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және 
қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20.  агенттік төрағасының өкілеттігі:
1)  агенттіктің 
атынан 
Қазақстан 
Республикасының 
парламентінде, 
өзге 
де 
мемлекеттік  органдарда  және  ұйымдарда  өкілдік 
етеді;
2)  нормативтік  құқықтық  актілердің  жобала-
рын келіседі және қол қояды;
3)  агенттікте  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылықтарға 
қарсы 
іс-қимыл 
жасауға 
бағытталған шараларды қабылдайды және сыбай-
лас  жемқорлыққа  қарсы  шаралар  қабылдау  үшін 
дербес жауапты болады;
4)  өзінің  құзыретіне  жататын  басқа  да 
мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
агенттік  төрағасы  болмаған  кезеңде  оның 
өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны 
алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21.  төраға 
өз 
орынбасарларының 
өкілеттіктерін  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес 
белгілейді.
22.   
агенттіктің 
аппаратын 
Қазақстан 
Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына 
сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен 
босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. агенттіктің мүлкі
23.  агенттіктің 
заңнамада 
көзделген 
жағдайларда 
жедел 
басқару 
құқығында 
оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
агенттіктің  мүлкі  оған  меншік  иесі  бер-
ген  мүлік,  сондай-ақ  өз  қызметі  нәтижесінде  
сатып алған мүлкі (ақшалай кірістерді қоса алғанда) 
және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 
тыйым  салынбаған  өзге  де  көздер  есебінен 
қалыптастырылады.
24.  агенттікке бекітілген мүлік республикалық 
меншікке жатады.
25.  егер  заңнамада  өзгеше  көзделмесе, 
агенттіктің  өзіне  бекітілген  мүлікті  және 
қаржыландыру  жоспары  бойынша  өзіне  бөлінген 
қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен 
иеліктен  шығаруға  немесе  оған  өзгедей  тәсілмен 
билік етуге құқығы жоқ.
5. агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
26.  агенттікті  қайта  ұйымдастыру  және  тарату  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 
жүзеге асырылады.
агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi
1.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
ақмола облысы Дiн iстерi департаментi.
2.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
ақтөбе облысы Дiн iстерi департаментi.
3.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
алматы облысы Дiн iстерi департаментi.
4.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
атырау облысы Дiн iстерi департаментi.
5.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
батыс Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
6.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
жамбыл облысы Дiн iстерi департаментi.
7.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
Қарағанды облысы Дiн iстерi департаментi.
8.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
Қостанай облысы Дiн iстерi департаментi.
9.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
Қызылорда облысы Дiн iстерi департаментi.
10.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
Маңғыстау облысы Дiн iстерi департаментi.
11.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
Оңтүстiк Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
12.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
павлодар облысы Дiн iстерi департаментi.
13.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
солтүстiк Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
14.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
Шығыс Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
15.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
алматы қаласы Дiн iстерi департаментi.
16.  Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң 
астана қаласы Дiн iстерi департаментi.


жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет