IYaT 7202 «Телекоммуникация саласындағы шет тілі»



жүктеу 89.44 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі89.44 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті 

Жылуэнергетикасы факультеті 

 «Шетел тілдері» кафедрасы  

 

 

 



 

«Бекітемін» 

ЖЭФ  деканы ________М.У. Зияханов 

___________2015ж.  

 

  

 



     IYaT 7202 «Телекоммуникация саласындағы шет тілі»  

пәніне арналған 

докторанттардың  6D071900 мамандығы бойынша  

 

Syllabus 

 

 

 

Курс – 1  

Семестр 1 

Барлық кредит саны –3 

ECTS  кредит саны -  4 

Жалпы сағаттар саны –135 

-практикалық сабақтар – 45 сағ. 

ДӨЖ – 90 сағ.  

Оның ішінде ДОӨЖ – 22 сағ.  

Емтихан  

 

  

  



 

Алматы 2015 ж. 

 


Силлабусты «6В071900 Телекоммуникация саласындағы шет тілі» 

 мамандығы  бойынша  ағылшын  тілі  пәнінен  докторанттардың  жұмыс 

бағдарламасының негізіне сай доцент В.С.Козлов құрастырған.    

Силлабус «Шетел тілдері» кафедрасының отырысында қаралды 

Хаттама № 9             29.05.2015ж.                                                 

 

«Шетел тілдері» каф. меңгерушісі                         Козлов В.С. 



 

Силлабус,  ЖЭФ  оқу-әдістемелік  комиссиясының  отырысында 

қарастырылған және бекітілген, 22.06.2015 жылғы № 4 хаттама. 

 

  



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Офис: «Шетел тілдері» кафедрасы 



Байланыс телефоны: 292-54-77  

Кабинет  А 312 

  

 


 

1. Оқытушылар жайлы жалпы мәлімет:  

АЭжБУ шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология 

ғылымының кандидаты –Козлов Владимир Сергеевич,  байланыс телефоны: 

292-54-77, кабинет  А 312. 

 

2Практикалық сабақтардың өткізілетін уақыты мен орны  курстың 

оқу кестесінде көрсетілген. 

1 семестр сабақ кестесіне байланысты. 

 

3. Бастапқы және түпкі реквизиттер: 

«Докторанттарға  арналған  шет  тілі»  пәні  міндетті  түрде  оқытылатын 

компонент  болып  табылады,  типтік  бағдарламаға  сай  міндетті  түрде 

оқытылатын «Шет тілі» және 3-ші курста оқытылатын «Кәсіби-бағытталған 

шет тілі»,  «Магистранттарға арналған шет тілі»  пәнінен кейін оқытылады.   

 

4. Оқу пәнінің сипаттамасы 

4.1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті  

 

Оқытудың  мақсаты  –  ғылыми  қызметтің  әр  саласында  шет  тілін 



мәдениет  аралық  байланыс,  жеке  қарым-қатынас  және  кәсіби  қарым-

қатынас құралы ретінде іс жүзінде қолдана алуы болып табылады.   

 

Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  барысында  коммуникативтік,  когнитивтік 



және жан-жақты дамыту жұмыстары жүзеге асырылады.  

 

Төменде  келтірілген  біліктіліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  іс 



жүзіндегі коммуникативтік міндетке жатады:  

          -  тиісті  білім  саласында  түп  нұсқада  берілген  шет  тіліндегі  әдебиетті 

еркін оқып, түсіне білу; 

         -  шет  елдік  ақпарат  көздерінен  алынған  деректерді  аударып,  оған 

реферат дайындап немесе аңдатпа жаза білу; 

          -  өз  мамандығына  және  саяси-қоғамдық  мәселеге  байланысты 

монологты  және  диалогты  түрде  ауызша  әңгіме  жүргізе  білу  (баяндама, 

хабарлама, презентация, пікір талас, қорытынды жасау ж.т.б.);  

         -  докторанттың  тікелей  ғылыми  жұмысына  байланысты  ғылыми 

мақала  жаза  білу  (ғылыми  мақала,  тезистер,  баяндама,  реферат  жаза  білу 

немесе аңдатпа жаза алу);  

         - анықтамалық сөздіктер мен ғылыми әдебиеттерді тиімді қолдана білу; 

        - ғылыми қатынастың тұрақты тәртібін сақтай білу. 

 

Когнитивтік  (танымдық)  міндетке  төмендегі  мәліметтер  мен 

дағдыларды бойына сіңіре білу жатады:  

         - ойлау қабілетін жан-жақты дамыта білу; 



          -  логикалық  ойлау  қабілетін  қажет  ететін  әртүрлі  іс  әрекеттерді 

орындай  білу  (талдау  жасау,  жинақтау,  себеп-салдарын  анықтау,  дәлелдер 

келтіру, талдап жалпы қорытынды жасау, түсініктеме беру); 

          -  алға  қойған  жоспар  мен  мақсатты  бір  тұжырымға  келтіру  және 

ғылыми  іс-әрекет  барысында  белгілі  бір  нәтижеге  қол  жеткізу  мақсатында 

шет тілін тиімді қолдана білу. 

 

 

Жан-жақты дамыту мақсатына:  



-  мәселеге  қатысты  өзінің  ой-пікірін  анық  және  ашық  түрде  шет 

тілінде егжей-тегжейлі жеткізе білу

-  ғылыми  мәселеге  байланысты  әріптесінің  көзқарасын  түсініп,  оны 

бағалай  білу,  бірге  атсалыса  жұмыс  жасауға  ұмтылу,  ауызбіршілікке  қол 

жеткізу,  белгілі  бір  әрекетке  әр  түрлі  көзқарас  туындаған  жағдайда  немесе 

иландырғанда жалпыға ортақ көзқарасты ұстана білу; 

- халықаралық деңгейде бірлесіп жұмыс істеудің барлық түріне дайын 

болу (ортақ жоба жасау, конференция, конгресс, симпозиум, семинар және 

кеңес  өткізу),  сонымен  қатар  тілін  оқып  отырған  елдің  қол  жеткізген 

ғылыми жетістіктерін меңгеру; 

-  елімізде  және  шетелдерде  докторанттарды  дайындаудың  мәдени-

әлеуметтік  ерекшеліктерін,  таңдаған  мамандығы  жайлы  күрделі  ғылыми 

орталықтардың  зерттеу  деңгейі  мен  олардың  жетістіктерін  тауып,  бір-

бірімен салыстыра білу. 

 

Докторантты  шет  тілін  жетік  меңгеру  мақсатына  бағыттай  отырып 



дайындауға  байланысты  болғандықтан,  оқыту  курсының негізгі  мазмұны – 

болашақ  маман  иесінің  белгілі  бір  сала  төңірегінде  кәсіби  және  ғылыми 

қатынасқа сай әртүрлі сөйлеу әрекетіне үйрету болып табылады.  

 

 



Докторантурада білім алушы – 

    білуге міндетті: 

-

 



ғылымның  және  техниканың  нақты  тілін  түсініп,  ғылыми-

техникалық терминдерді әңгіме барысында сауатты қолдана білу; 

 

епті болуға міндетті:  

- автордың көзқарасын сынап, өз бағасын ашып айта алуы керек; 

- автордың ұсынып отырған шешімінің тиімді немесе тиімсіз екендігі 

жайлы қорытынды жасай алуы керек; 

-  осы  мәселеге  байланысты  алынған  әртүрлі  деректерді  бір-бірімен 

салыстыру керек; 

-  басқа  жағдайда  дәл  осындай  тапсырманы  орындауға  әртүрлі 

деректерден алынған ақпарат негізінде қорытынды жасай білу; 



- презентация дайындау және өткізе білу 

-  пікірталасқа  қатысу,  кәсіби  және  мәдени-әлеуметтік  мәселе 

төңірегінде  тыңдармандардың  алдында  презентация  өткізіп,  ашық  әңгіме 

жүргізе білу; 

-  ауызекі  тілдесу  мен  жазбаша  жұмысты  орындау  этикетін  сақтап, 

дұрыс қолдана білу; 

- кәсіби-бағытталған бағдарламадағы талапқа сай баспасөз беттерінен, 

аудиовизуальды  және  электр  құралдары  арқылы  алынған  әртүрлі 

мәліметтерді  –  ғылыми-техникалық,  саяси-қоғамдық  және  мәдени-

әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас кезінде түсініп, өңдей білу; 



 

практикалық дағдыларды меңгеру: 

-

 



ана  тілін  бұрмаламай  ғылыми  техникалық  мәтінді  негізгі 

мағынасына  барабар    ана  тілінен  шет  тіліне,  шет  тілінен  ана  тіліне  аудара 

білу.  

-

 



ғылыми-техникалық  мәтінге  аңдатпа  жазу,  баға  беріп,  реферат 

жазу және кәсіби маман ретінде ағылшынша талдау жасай білу;  

-

 

ғылыми тұрғыдағы түпнұсқалық мәтінді оқу дағдысын меңгеру 



(монография, ғылыми журнал, мақала, тезистер); 

-

 



мәтінді  оқып  түсінудің  әртүрлі  деңгейін  және  оқыған  мәтіннің 

негізгі  мағнасын  сақтай  отырып,  қысқарта  білуді  көздейтін  ғылыми 

әдебиетті оқудың барлық түрін меңгеру; 

-

 



мәтіннің  мәнділігі  мен  қиындығына,  оған  қойылған  мақсатына 

қарай оқудың түрін өзгерте білу.   

 

 

5. Пәннің негізгі сипаттамасы 



Сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрін  оқыту  –  сөйлеу  әрекетінің 

әрқайсысының  ерекшеліктері  мен  олардың  жиынтықтарына  сай  жүзеге 

асырылады.  

 

Оқу 

Еркін және кемеліне келтіре оқуда – мәтін ішіндегі тілге тірек болар 

мағыналы  ой-пікірді  білдіретін  сөйлем  топтамасын  сөйлем  мүшелеріне 

қарай  талдау  дағдысын  қалыптастыру,  мәтіннің  маңызды  семантикалық 

құрылымын  анықтап,  өзекті  мәселені  ерекше  іріктеп  алу,  бір-бірімен 

логикалық байланысын тауып, артық ақпаратты алып тастау, сөйлем құрамы 

мен сөз тудыратын жұрнақтарға немесе халықаралық сөздерге қарап болжау 

арқылы сөйлемнің мағынасын түсіну дағдысын қалыптастыру және басқа да 

деректерге 

болжау 

жасау 


дағдысын 

қалыптастыру 

алдын 

ала 


қарастырылған.    

Докторантурада білім алушы:  

- ғылыми стильді түп нұсқада берілген мәтінді оқып түсіну дағдысын 

меңгеруі керек (монография, ғылыми журналдар, мақалдар, тезистер); 

-  ғылыми  әдебиеттерді  оқудың  барлық  түрін,  яғни,  жалпы  таныса 

отырып  оқу,  зерттей  отырып  оқу,  жан-жақты  іздену  арқылы  түсініп  оқу 

түрлерін  меңгеруі,  тіптен  мәтіннің  мағынасын  жобалап,  әртүрлі  деңгейде 

түсінуге де қабілетті болуы керек; 

-  мәтіннің  маңыздылығына,  күрделілігіне  және  белгілі  бір  мақсатқа 

бағытталуына қарай мәтінді оқудың түрін өзгерте білуі керек.  

 

Оқытудың түріне қарай мәтінді түсінгенін тексеру үшін сұраққа жауап 



беру,  толық  немесе  жинақтап  түсінгенін  айту,  мазмұнын  аударма  түрінде, 

реферат немесе аңдатпа жазу арқылы жеткізе білу тәсілі қолданылады.  

 

Оқыту түрлерінің басты мақсаты – еркін оқып, мамандығына сай шет 



тіліндегі  мәтінді  түсіну.  Оқу  курсы  кезінде  оқу  дағдысының  жан-жақты 

жетілгені  –  оқу  қарқынының  деңгейі  арқылы  анықталады.  Демек,  таныса 

отырып  оқу  кезінде  мәтіннің  70  %-ын  –  бір  минутта  500  баспа  таңбасы; 

қарқынды оқу кезінде – 1 минутта 1000 баспа таңбасы оқылуы керек.  

 

Сөйлеу 

Ауызекі  сөйлеуде  кәсіби  бағытталуға  қол  жеткізу  мақсатын 

меңгергенде сөйлеу және тыңдап түсіну дағдысы –  оқу дағдысы мен бірлесе 

отырып дамуы керек. 

Докторантурада білім алушы: 

- автордың көзқарасын сынап, өз бағасын ашып айта алуы керек; 

- автордың ұсынып отырған шешімінің тиімді немесе тиімсіз екендігі 

жайлы қорытынды жасай алуы керек; 

-  осы  мәселеге  байланысты  алынған  әртүрлі  деректерді  бір-бірімен 

салыстыру керек; 

-  басқа  жағдайда  дәл  осындай  тапсырманы  орындауға  әртүрлі 

деректерден алынған ақпарат негізінде қорытынды жасай білу; 

- презентация дайындау және өткізу. 

Ауызекі  сөйлеуде  –  коммуникативтілікке,  айталық,  алдын-ала 

дайындалған немесе дайындалмаған монологты және диалогты түрде нақты 

себептерді келтіре отырып, сөйлеуге ерекше назар аударған жөн. 

         Монологты  сөйлеу  барысында  докторант  төменде  көрсетілген 

дағдыларды меңгеруі керек: 

-  талқыланып  отырған  мәселенің  мағынасы  жағынан  да  құрылымы 

жағынан да жүйелі және жинақы түрде өзінің көзқарасын айту дағдысын; 



-  ғылыми  зерттеу  мәселесі  бойынша  жобаға  презентация,  хабарлама 

немесе баяндама жасау стратегиясын таңдап, жоспар құра білу дағдысын

бірегей  стилистикалық  әдісте  тыңдармандарымен  ауызекі 



байланысуды іске асыру дағдысын; 

Диалог  құру  барысында  докторант  төменде  көрсетілген  дағдыларды 

меңгеруі керек: 

        -    ғылыми  диалогтық  қатынас  кезінде  ауызекі  сөйлеу  этикеті 

ережелерін сақтауды;  

        -    ауызекі  сөйлеу  формаларына  барабар  проблемалы  диалогты  жүргізе 

алуы; 

        -  өз көзқарасын дәлел келтіре отырып жеткізу. 



 

Тыңдап түсіну 

Тыңдап  түсінуге,  жаттығуларды  орындауға  және  тыңдауға  берілген 

мәтіннің  мазмұнын  тексеруге  аудиториялық  уақыттың  10%-ы  бөлінеді. 

“Market  Leader  Upper-Intermediate”  “Market  Leader  Intermediate”,  IELTS 

Foundation  және  тағы  басқа  оқу  құралдарының  қосымшасынан  алынған 

үнтаспалар қолданылады. 



 

Оқу сағаттарының жалпы мазмұны 

 

 

Cабақтың тақырыбы 



 

Модуль  1.  Қоғамның  дамуында 

ғылымның атқаратын қызметі.  

 

Кәсіби-бағытталған мәтіндер. 



 

Модуль  2.  Докторанттың  ғылыми 

зерттеу  жұмысын  жүзеге  асыруда 

жалпы  ғылымның  қол  жеткізген 

жетістіктері.  

 

Кәсіби-бағытталған мәтіндер. 



 

 

 

 



Модуль 3. Докторанттың ғылыми 

зерттеу жұмысының мән-мағынасы. 

 

Кәсіби-бағытталған мәтіндер. 



 

Модуль  4.  Ғылым  саласындағы 

халықаралық 

ынтымақтастық:  

халықаралық 

ғылыми 

семинар 


(конференция,  конгресс,  пікірталас);   

халықаралық  сапарлар  (көмелерге 

қатысу,  шет  елдік  сынақ  мерзімін 

өткізу);  ортақ жобаға  қатысу,  жобаға 

презентация жасау. 

 

Кәсіби-бағытталған мәтіндер. 

 

Оқытудың тақырыптық жұмыс жоспарының жобасы 

 


 

р№ 


 

Тақырыптардың аттары                           



 

Қолданылған әдебиет 

 

1. 


Телекоммуникациялық жүйенің құрылу 

принциптері  



 

 

1 Learn to Read 

Science. Курс 

английского языка 

для аспирантов. 

Учебное пособие/ 

Н.И.Шахова.-М.: 

Флинта: Наука,2005. 

– 360 с. 

2. Рубцова М.Г. 

Чтение и перевод 

английской научно-

технической 

литературы. 

3. Кожевникова Т.В., 

Английский язык для 

университетов и 

институтов связи. 

Москва.  2004. 

4.Коробейникова 

Л.Я., Английский 

язык. Методические 

указания по 

развитию умений 

выступления с 

презентацией (для 

магистрантов всех 

специальностей), 

АУЭС. Алматы, 

2010. 


2. 

Телекоммуникациялық жүйенің құрылу 

принциптері  

Ақпарат, дабыл және кедергілерді түбегейлі 



өзгерту мен ұсыну тәсілдері 

 Көп каналды телекоммуникациялық жүйелер 



(құрылу принциптері мен құрылымдық 

сызбалар) 

 



Сандық телекоммуникациялық желі (түрлері 



мен ерекшеліктері) 

Байланыс желілері мен коммутация жүйелері 



Топология туралы жалпы түсінік, анықтамасы 

мен түрлері 

Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты 



тарату әдістері 

Ақпаратты ұйымдастырумен қамтамасыз 



етілген телекоммуникациялық желілер  

10 


Ұялы байланыс стандарттары мен  жүйелері 

11 


Радиобайланыстың спутниктік жүйелері 

12 


GPS және GLONASS навигациялық жүйелері, 

ұялы байланыс жүйелері  

13 

GSM және CDMA ұялы байланыс 



стандарттары 

14 


Ұялы байланыс стандарттарының 

болашақтағы дамуы 



 

 

Семестрлік жұмыс 

1.  Ағылшын  тілінде  мамандығына  сай  әдістемелік  нұсқау,  оқу  құралын 

даярлау. 

2. Сол әдістемелік нұсқауды, оқу құралын ана тіліне аудару. 

 

Емтихан мазмұнына қойылатын талаптар: 


Курс  бағдарламасына  қойылған  талаптарды  толығымен  орындаған 

докторантқа  және  жазатын  немесе  болашақта  зерттейтін  тақырыбына 

байланысты  оқыған  әдебиеттері  бойынша  ана  тілінде  қысқаша  аңдатпа 

жазып,  шет  тілінде  жалпы  шолу  жасай  отырып  даярлаған  (тақырыптық 

немесе  еркін  тақырыпта)  көлемі  10  –  12  баспа  беттен  тұратын  реферат 

жазып  өткізген  докторантқа  емтиханға  кіруге  рұқсат  беріледі.  Сонымен 

қатар,  зертеу  тақырыбына  тиісті  шет  тілінен  ана  тіліне  аударылған  термин 

сөздер жазулары керек. 

 

Емтиханның жазбаша бөліміне қойылатын талаптар: 

 

Стилистикалық  талаптарды  сақтай  отырып,  мамандыққа  сай  түп 



нұсқада  берілген  мәтінді  ана  тіліне  сөздікті  қолдана  отырып  жазбаша 

аудару. 


Мәтіннің көлемі 2000 баспа сөзден тұрады. Орындауға 45минут уақыт 

беріледі. Білімін тексеру формасы  – шет тілінде берілген мәтінді дауыстап 

оқу және орындаған аударманы тексеру. 

Емтиханның ауызша бөлімі: 

1. Түп нұсқада берілген мамандыққа сай мәтінді сөздіксіз таныса 

отырып оқу. Мәтіннің көлемі 1500 – 1600 баспа сөзден тұрады. Орындауға 

15минут уақыт беріледі. Білімін тексеру формасы  – мәтінді ана тілінде 

немесе шет тілінде айтып беру. 

2. Мамандыққа және ғылыми жұмысына байланысты тақырыпта 

оқытушымен әңгіме дүркін жүргізу. 

 

 

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 



Английский язык 

 

Негізгі әдебиеттер: 



 

1.

 



Кожевникова Т.В., Английский язык для университетов и институтов 

связи. Москва.  2004. 

2.

 

Бобылева С.В., Жаткин Д.Н. Английский язык для сферы 



информационных технологий и сервиса. Учебное пособие. . Ростов на 

Дону: Феникс.. 2009. 

3.

 

Коробейникова Л.Я., Английский язык. Методические указания по 



развитию умений выступления с презентацией (для магистрантов всех 

специальностей), АУЭС. Алматы, 2010. 

4.

 

Сергеева Л.Д.,  Английский язык. Методические указания по развитию 



умений выступления с презентацией (для магистрантов всех 

специальностей), АУЭС. Алматы, 2910. 

5.

 

Коробейникова Л.Я., Английский язык. Методические указания по 



развитию умений, АУЭС. Алматы, 2010. 

6.

 



Козлов В.С., Коробейникова Л.Я.б Учебное пособие. Английский язык: 

Developing and mastering translation skills. (For radio engineering students) 

для магистрантов.б АУЭС. Алматы, 2010 

7.

 



Коробейникова Л.Я. Английский язык. Методические указания по 

развитию  

     умений выступления с презентацией (для магистрантов всех 

специальностей),     

     АУЭС. Алматы, 2012. M.: OOO “Новое знание”, 2004. 

8.

 



Михельсон Т.Н., Успенская Н.В. Пособие по составлению рефератов на  

английском языке. – Л.: Наука, 2006. 

    

Қосымша әдебиеттер: 

 

1.

 



Соколов С.А. Обучение чтению научных текстов и устной речи по 

научной тематике на английском языке. 

  М.: Наука,2002 

2. Learn to Translate by Translating from English into Russian. Перевод с 

английского на русский, Голикова Ж.А. 

M.: OOO “Новое знание 

3. Крапицкая Н.А. Кудис С.П. Учебное пособие по переводу с английского на 

русский для аспирантов и магистрантов. Мн.: Изд.центр БГУ. 2002 

4. Коробейникова Л.Я., Бухина С.Б.Английский язык. Особенности 

грамматики для чтения технических текстов. Методические указания. АУЭС, 

Алматы, 2005 

5. Fabre Elena Marco, R.E. Santiago. Professional English in Use: intermediate to 

advanced. Cambridge: University Press, 2007 

6. Francois Leveque. Competitive Electricity Markets and Sustainability. 

Northamoton, 2006 


7. W.T. Joines, D.W. Palmer, J.T. Bernhard. Microwave Transmission Line Circuits. 

Boston: Artech House.2012 

8. Murphy Raymond.  Englіsh Grammar іn Use. Cambrіdge, 2004 

9.Родовель В.А. Учебное пособие «Английский язык для технических вузов», 

Москва,2010 

press, 2005.- 654p. 

10. Learn to Read Science. Курс английского языка для аспирантов.  

Учебное пособие / Н.И. Шахова. - М.: Флинта: Наука, 2005. – 360 с. 



 

Каталог: student -> sillabus 2015 -> inyaz kz
inyaz kz -> IYate 7202 –«Жылутехнологиясындағы шет тілі» мамандығы бойынша докторанттардың 6D071700 мамандығына арналған
sillabus 2015 -> Әлеуметтік пәндер кафедрасы
sillabus 2015 -> Бекітемін аатф деканы Табултаев С. С. 2015 ж. Ет4305 oraclde деректер қорын басқару жүйелерін администрациялау
sillabus 2015 -> Ag 1203 «Алгебра және геометрия» пәні бойынша
sillabus 2015 -> Ma 1207 «Математикалық анализ»
sillabus 2015 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
sillabus 2015 -> ҚР білім және ғылым министрлігі
inyaz kz -> 5В070200 –Автоматтандыру және Басқару мамандығы бойынша 2 курс студенттері үшін p-oIYa 3207
inyaz kz -> Psiyasrs 7205 -«Радиотехника мен байланыс жүйелері бойынша шет тілінде мақала жазу» мамандығы бойынша

жүктеу 89.44 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет