Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №2  (27)

96
Әлді  қысымда  жатқан  Әкәми  қимылдауға
шамасы келмей: «Мырза-ай! Не жазығым бар
еді»,- деп еңірейді. Баяғыда уақтар Қабекеңнің
(Кеңгірбайдың)  сақалын  кескенде,  сенің  пара
беріп, жалдама ноғай солдаттарын жіберуіңмен
болған.  Әйтпесе,  Уақтар  Қабакеңнің  ауылын
шаппас еді. Тек соның ғана кегін алдым. Енді
дос болсаң достығыңа, қас болсаң қастығыңа
шыдаймын»,-  деп  қостан  шығып,  атқа  мініп
жүріп кетеді.
Кеңгірбайдың сақалын Уақтар кесті деген
жәйт  былай  болған:  Тобықты  Шыңғысқа
келгенде,  Уақтар  Шұнай,  Доғалаң  тауларына
дейін жайлап иемденіп алған. Олармен Тобықты
көп уақыт алысып, ақыры Көкен тауына дейін,
онан да асырып Уақтарды қуып, Семейтауды да
алған.  Сол  Семейтауда  Кеңгірбайдың  «тас
үйген» деген биігі бар. Ол күні бүгін де сол атпен
аталады. Кеңгірбай қанша уақыт сол Семейтау
маңын, Арқалық бұлағын жайлап жүрген. Бір
жылы Кеңгірбай ауылы сол Арқалық бұлағын
жайлап  отырады.  Сонда  бір  түнде  Уақтар
мылтықты  солдаттар  алып  келіп,  көп  кісімен
Кеңгірбай ауылын қамап, Кеңгірбайды әріс етіп
Семейге алып кетеді. Кейінгі елге хабар барып,
артынан Көбей қуып  жетеді. Бірақ, солдаттар
мылтық кезеп, Көбейді Кеңгірбайға жуытпайды.
Сонда, Кеңгірбай дауыстап:
Жар жағалай жүгірген ақ киімді,
Атым Көбей дегенде жұрт сүйінді.
Бір жастан, екі жастан тоқсан сиыр,
Мұны тапқан жігітке не қиынды,
- деп жұмбақтайды. Соны естіген соң елге келіп:
«Қабакем  сөйлесіп,  тайынша  аралас  тоқсан
сиырға  басын  босатып  алмақ  болған  екен,
о сыны  жинауымыз  керек»,-  деп  елге
хабарландырады.  Бұл  хабарды  Балқаштағы
Тобықтылар естіп, Қараменде би екі кісі жібереді.
Бермек сиырдың жартысын біз төлейміз, қазір
айдап жетуге қиын, ол жақтан жинап қырық бес
сиыр  беріңдер.  Оған  орай  малды  біз  де
айдатамыз.  Кеңгірбайды  босатып  алыңдар»,-
дейді. Сөйтіп, Кеңгірбайды тоқсан сиыр беріп,
ел  бо с атып  алады.  Артынан  Кеңгірбай
ауылының  шабуыл  жайын  тексере  келіп,
Әкәмидің бұл іске араласып Уақтан пара алып,
ноғайдың  жас  солдаттарын  жалдап  жібергені
анықталады. Кеңгірбай Уақтан кегін ала алмай
кетеді. Кеңгірбайдың ауылын қамап, өзін әріске
алғанда бір Уақ: «Әй, сенен-ақ көрдік-ау»- деп,
сақалының  ұшын  кесіп  алыпты.  Міне,
Құнанбайдың Әкәмиді сабап,  шашын сай-сай
ғып  алып,  бір  жақ  мұртын,  жарты  сақалын,
қасын қырқып тастағаны сол. Кеңгірбайдың ала
алмай кеткен кегін қайтарғаны.
Табылдыны  алып  Құнанбай  мен  Барақ
оязға келеді. Ояз Құнанбайға қаһарлы дауыспен:
«Сені  жазықсыз  біреуді  тонап,  дүре  салып,
шашын мұртын, қасын құрдай қырып, азапқа
салсын деп жібергенім жоқ! Қашқынды тапсын
деп жібердік! Әкәмиді сабап, өзін масқаралап,
мүлкін талап жолсерік қылуың қалай?!»- дейді.
Сонда Құнанбай: «Маған жабылмайтын жала
бар ма? Партия қылатын кім – Құнанбай. Ауыл
шабатын, барымта алатын кім – Құнанбай. Кім
айдалсын – Құнанбай айдалсын. Кім абақтыға
жабылсын 
– 
Құнанбай 
жабылсын.
Құнанбайдың жақсылық ісі ұлыққа көрінбейді.
Кім  Құнанбайды  жала  жауып  жамандап
көрсетсе,  соның  сөзі  мақұл  болады.  Енді
Құнанбай  жолкесер  болып  қараланады.
Ақшаның  буымен  арақ  ішіп,  мас  болып,  өз
қызметкерлерімен төбелесіп, таяқ жеген көпесті
сабап,  тонаған  да  Құнанбай  болады.
Құнанбайдың өз мүлкі өзіне жетеді. Басқаның
мал-мүлкінің  Құнанбайға  қажеті  жо қ.
Құнанбайға  екі  аяғын  басып  тұратын  екі
алақандай жер бересіңдер ме, жоқ бермейсіңдер
ме, болмаса Құнанбайдың көзін құрту керек емес
пе!»-  дейді.  Сөйтіп,  Әкәмидің  Құнанбайдың
үстінен берген арызы аяқсыз қалып, оны сабап,
білгенін  істеген,  екі  арғымағын  алып  келген
Жуантаяқ жас жігіт болып есептеліп, онан екі
арғымағын қуған Әкәми ештеме өндіре алмайды.
Құнанбайдың қаһарына ілінген көпес енді оның
саудасы қыр арасына бұрынғыдай шалқып жүре
алмайтынын  ойлап,  үлкен  қауыпта  қалады.
Құнанбаймен  татуласпай,  кірешілерінің  жүре
алмайтынын,  саудасының  пайдасынан
қалатынын  сезеді.  Сондықтан  ол  Құнанбайға
келіп,  кешу  сұрап,  до с  болуды  қалайды.
Құнанбай:  «Достасуға  да,  қастасуға  да
жарамаймын  деп  бұрын  айтқанмын»,-  дейді.
Екеуі содан бастап тату болып, Әкәмидің сұрауы
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)

97
бойынша Құнанбай қалаға келгенде сонда түсіп
жүретін болады.
Табылдыға  сот  болады.  Қаралаушы
тергеуші одан жауап алады: -Тілмашты тонаған
сен бе?- дейді. Табылды: -Мен тақсыр,-дейді.
Тергеуші:  -Неге  тонадың,  не  жазығың  бар?-
дейді.  Табылды:  -Тақсыр,  ол  менің  келінімді
зорламақ болды. Қалай сабамаймын оны? Егер
біреу сіздің не қатыныңызға, не сондай жақын
адамыңызға хайуандық жасаймын десе қайтер
едіңіз?  Сіз  атып  тастар  едіңіз.  Қайта  мен
тілмашты ол жолы өлтірмей, тірі тастап кеттім»,
- дейді. Тергеуші: -Майорды тонап өлтірген сен
бе?  Табылды:  -Тақсыр,  мен.  Тергеуші:  -Неге
тонап, азаптап өлтірдің? Табылды: -Тақсыр, ол
менің  келінімді  зорламақ  болғанда  мен
өлтірмей, оған дүре салып, арбаға таңып кеткен
едім,  сонда  өлтірмей  кеткеніме  өкініп
жүретінмін. Екінші кездескенімде оны өлтіріп,
сені  тыншытпай  жүрген  қасаң  ғой,  қасаңды
тістеп жат деп қасасын кесіп алып тісіне тістетіп
кеткенім рас. Тергеуші:
-Бұл өлтіргенің тілмаш емес, майор ғой.
Табылды: -Тақсыр, көзі көк, өзі сары, шашы
жалбыраған  тілмаш  сияқты  болған  соң,  оны
тілмаш деп өлтірдім. Майор екенін білгем жоқ.
Тергеуші:
-Майорды  өлтіргенде  қасындағы  кім?
Табылды: -Тақсыр, қасымда ешкім болған жоқ,-
дейді.  Сөйтіп,  Табылдының  майорды
өлтіргенде қасында біреу болғанына нақты куә
табылмайды. Тірі қалған атшы: «Екі кісі сияқты
болып көрініп еді, күн кешкіріп қалған мезгіл,
боран  еді»,-  деп  нақты  мойындата  алмайды.
Сот Табылдыға ату жазасын кеседі.
Құнанбай мен Барақ Табылдыны бір күн
кепілге сұрап алып, түнімен қастарына алып,
ертеңінде бір ноғай молдасын қосып, атылатын
жерге  барғанша  иман  айтып  баруын
тапсырады.  Табылдының  басына  ақ  бөзден
қапшық кигізіп, екі солдат айдап жүреді. Кетіп
бара  жатып  Табылды  молдаға:  -Мына  сирек
қапшықтан екі жағымдағы солдат айқын көрініп
келеді. Бұлардың біреуінің кеңірдегін суырып
алып,  анасы  атқанша  өлтіре  алар  едім.  Онда
қандай өлімнен өлгенім болады,- дейді. Сонда,
молданың  өңі  қашып:  -Онда  шаһит  өлімі
болмайды,- дейді.
Сөйтіп,  Семейдің  шетіне  апарып
Табылдыны атады. Табылды атылған жерде қара
ала ағаш бертінге дейін тұратын қазіргі станса
жақта.
1874 жылы Құнанбай 70 жасында Меккеге
бармақ болады. Елін жиып алып кешу алысады.
Халық  Құнанбайдың  оң  сапарын  тілеп,  аман
келуін сұрасады.
Құнанбай  қасына  өзінің  асырап  алған
баласы – Ізқұттыны ертпек болады. Ешкім де
Ізқұттыны асыранды демейді. Оның асыранды
болуының  себебі  былай:  Құнанбаймен  бірге
туысқан  әпкесі  –  Тойбаланы  Найман  ішінде
Тоқабай  табынан  шыққан  атақты  бір  ауылға
ұзатады. Тойбала бала көтермеген соң, бірнеше
жылдан  кейін  Тойбаланың  күйеуі  екінші  әйел
алады. Оған бірнеше жыл өтіп кетеді. Құнанбай
аға сұлтан кезінде, сол Тоқабай жағындағы сьезге
барып, әпкесіне амандаса барғанда, Тойбаланың
үстіне  тоқал  алып,  одан  екі  бала  болғанын
есітеді.  Тойбаланың  үстіне  бұрынғы  қайын
жұртына  хабарламай  тоқал  әперген  қазақ
жолына  жатпайтын  ғұрып  деп,  Құнанбай
Тоқабайдың  басты  адамдарына  құдасының
үстінен  шағым  етеді.  Менің  әпкем  бала
көтермесе, баласына екінші әйел айттыратынын
маған  хабарлауы  жөн  еді.  Мен  бір  балдызын
берген болар едім. Не басқаны алуға ырзалық
берген  болар  едім.  Құдаларының  ырзалығын
алмай,  не  хабарламай,  баласына  тоқал  әперуі
қалай дейді. Осыдан Тоқабайдың билері қарсы
дау айта алмайды. Хабарламай баласына екінші
әйел әпергені үшін Тойбаланың атасына айып
кеспек  болады.  Сөйтіп,  тоғыз-тоғыздан  айып
кеседі.  Сонда,  Құнанбай:  «Мен  мал  айып
алмаймын. Алсам кісі алам және кісі алғанда өзім
бала  қылып  алатын  ана  екі  жиеннің  біреуін
аламын»,-  дейді.  Тоқабай  билер  айыпқа  кісі
беруге арланады. Оны берсек, құл берді дейді
ғой жұрт деп қиналды. Екіншіден, Құнанбайдың
қалағанын бермей, ренжітіп жақындықты үзіп
кетпеу  жағын  тағы  ойласады.  Сөйтіп,  билер
Тойбалаға ақылдасады. Сонда Тойбала: «Оның
алған  бетінен  қайтпайтын,  өкпелесе  көрмей
кетуге  шыдайтын,  айтқан  сөзін  орындап,
уағдасында  тұратын  қасиеті  бар  еді.  Ал,
жақыннан  кетіспейік  десеңіздер,  баланы
берейік»,- дейді. Тойбала солай келісіп, тоқалдан
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)

98
туған  екі  баланың  кішісін  Құнанбайға  беруге
келіседі.  Құнанбайды  қайта  шақыртып  алып,
Тойбала:  «Саған  кіші  жиеніңді  береміз,  өз
балаңдай  етіп  өсіресің.  Егер  оған  кемшілік
көрсетсең, біреуге көз түрткі етсең, өлгенде екі
қолым жағаңда болады, осынымды ұмытпа»,-
дейді.  Құнанбай  «Өз  баламнан  кем
ұстамаймын»  деп  уағдасын  береді.  Баланы
Құнанбай текпешекке салып, бір жорға құнанға
мінгізіп алып келеді. Оның атын Ізқұтты қойып,
бала қылып тәрбилеп өсіреді. Ізқұтты өте өжет,
қайратты жігерлі, сергек болып өседі. Ат үстінде
де, жаяуға да әлді жігіт болып, әсіресе, айбалтаға
өте шебер  болады. Ізқұттының  замандастары
оның өжет және шапшаңдығын әңгіме ететін.
«Ол өзіне төніп келген екі сойылды айбалтамен
қағып,  басына  дарытпаушы  еді»,  -  дейді.
Құнанбайды  жаулап  Жігітектің,  Көтібақтың
жуандары ұры-қарыларды елітіріп, Құнанбайды
өлтіреміз  деп  жүргенде,  Ізқұтты  түнде
Құнанбайды сыртынан күзетіп жүретін болған.
Мұны  сезген  Құнанбай,  Ізқұттыны  шақырып
алып: «мені күзетуді қой балам, ажалым жетсе
сен  күзетсең  де  өлем,  ал  ажалым  жетпесе,
өлтірушінің  қолы  жетпес»,  -  дейді.  Атақты
қырғын  соғыстың  бірі  –  «Мұсақұл  соғысы»
деген болған. Мұсақұл деген жер аты. Сол жерге
Құнанбай  мен  Бөжей  таласып,  қол  жиып
соғысқан. Атақты Қараке деген айбалта, найзаға
шебер  батыр  Бөжей  қолын  бастап,  Құнанбай
қолына тиіседі. Сол соғыста Ізқұтты Қаракемен
жекпе-жек келіп, Қаракені айбалтамен шауып,
маңдай терісін мұрнымен қоса аузына түсіреді.
Сөйтіп,  қол  басшысын  түсіріп,  жауын  жеңіп
шығады.  Қараке  өлмейді,  бірақ  беті  тыртық,
мұрны пұшық болып жазылады.
Міне,  Құнанбайдың  Меккеге  ертіп
барғаны – «Кіші қажы» атанатын атқосшы серігі
осы  –  Ізқұтты.  Сол  Ізқұттыға  Құнанбай  әйел
әперіп,  енші  беріп,  қыстау  беріп,  бөлек  ауыл
қондырады.  Оның  екі  әйелінен  жеті  баласы
болып,  бірнеше  үйлі  жан  болып,  өсіп  өнеді.
Ізқұтты  Құнанбайдан  тумады  деп,  мен  де
ойламаған емес едім. Оны кейіннен ғана білдім.
Ізқұттыдан туған балаларды «аға, ата» дейтін
едік.
1924  жылы  Құнанбайдың  бір  шөбересі
Ізқұттының баласы атымды ұрлады деп, жала
жауып  сотқа  берді.  Бірақ,  сот  бір  жыл  абақты
кессе де, қуып ағарып шықты алты айдан кейін.
Ол  Ізқұттының  кенже  баласы  Қажығайдар
дейтін  еді.  Ол  алты  ай  наққақтан  жатқанына
және  «сен  құлсын»  деген  сөзге  қорланып
Тоқабайлармен  байланыс  жасап,  1927  жылы
Тоқабайдан жиырма шақты кісілер келіп, көшпек
болды. Июнь айында олар Шәкәрімнен ырзалық
батасын аламыз деп, қоштасуға келді. Сонда мен
27 жаста едім. Кісі өлгеннен кем болмай, қатын-
қалаш,  бала-шаға,  шал-кемпірлер  жылап
шулағанда  естіген  жұрттың  тақаты  қалмады.
Со нда  сақалынан  жас  со рғалап  о тырып,
Шәкәрімнің  айтқан  сөзі  күні  бүгін  құлағымда
тұрғандай болады. Сондағы көрініс, күңіренген
қоштасу  әлі  есімде  тұрғандай  жүрегімді
елжіретеді. Әсіресе Шәкәрімнің: «Бұл мен өлген
соң болмады ғой. Көзім тірісінде көрдім-ау»,- деп
зарлағаны,  ақ  шашты  аналардың,  ақ  сақалды
аталардың бала, аға жеңгелердің жер күңірентіп
жылаған  дауыстары,  ауыл  адамдары  бір  белес
Ізқұтты ұрпақтарып шығарып салып, қоштасып
қалған көріністері көкейімде мәңгі қалды. Сөйтіп,
Ізқұттының ең үлкен баласы – Молдахмет мұнда
қалып, өзге алты баласы Найман Тоқабай ішіне
көшіп кетеді.
Құнанбайдың  Меккеге  жүретінін  естіген
соң, Шәкәрімнің шешесі Төлебике өзінің күндесі
Ботантайды, балаларын жиып алып ақылдасып,
қалаға  мал  саттырып,  Құнанбайдың  жол
қаражатына  деп  ақша  апарып  береді.
Құнанбайды  келін  балалары  «Тәте»  дейді.
Құнанбай Меккеге жүрерде екі келіні балаларын
ертіп, батасын алып қаламыз деп Құнанбайдікіне
келеді.  Сонда  Құнанбай  үйінің  бір  жағынан
шымылдық құрғызып, екі келініне рұқсат беріп,
өз үстіне кіргізіп алады:
-Қарағым келіндерім, мен сендерге үлкен
борыштымын. Сендер бірің 34 жаста, бірің 29
жаста  Құдайбердіден  жесір  қалдыңдар.  Одан
қалған  бес  баланы  ер  жеткізіп,  тәрбиелеп
өсірдіңдер. Балаға деген аналық мейрімдеріңді
басқа  ешбір  өмірге  айырбастамай,  тек  мына
немерелерімді адам етіп шығаруға жұмсадыңдар.
Міне сол еңбектерің бүгін өтеліп, бұлар ешкімге
көзтүрткі  болмай  ер  жетті.  Екеуіңнің  осы
қарыздарың  менің  мойнымда,  екеуің  не
қаласаңдар беремін деп еткен уағда бар еді. Және
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)

99
мынау  отырған  балаларым  мен  немерелеріме
өлгенше сендерді сыйлап өтіңдер деп көзбе-көз
тапсырмақ едім. Құдайберді – менің төл басым
еді. Ол бір анадан жалғыз болып, жастай қайтыс
болып, артына жас балаларын қалдырып кетіп
еді. Сол ақ үрпек балапандарын аялап өсірген
сендер.  Сендердің  бұл  балаларда  да  өтелмес
қарыздарың бар. Құдайберді өткенде балалары
жетімдік көрмей, ер жетер ме деп арман еткен
едім. Сол арман орындалды, оған құдайдан соң,
екі  келінім  сендер  себеп  болдыңдар.
Құдайбердінің балалары қағу-түрту көріп жүрсе
арылмас қайғы болар еді. Сондықтан екеуіңнің
менде қарыздарың бар деуім сол.
Құдайбердінің  балаларының  ренжігенін
ұнатпасаң,  өзің  Әмірді  неге  байлаттың
дейтіндер де болар. Мен Әмірді жын-сайтанға
ерме, бұзықтық қылма деп, Мұхамеджан екеуін
байлаттым. Бірақ, босатып ақылымды айттым.
Әлі де сендерге айтамын, арамдық, бұзықтық
жолға түсіп, адамшылық арыңды кетірмеңдер.
Қай-қайсының  ардан  безіп,  арамдық  қылсаң
жолдарың болмайды. Адалды қолдасаңдар ғана
құдайға  жөн  болып, халыққа  жағасыңдар!»,  -
дейді Құнанбай.
Құнанбай  Меккеге  барған  соң,  ондағы
жалпы  жағдаймен  танысады.  Онда  нашар,
кедей  адамдар  келсе  түсетін,  тегін  жататын
орынның жоқтығын байқайды. Осы оймен ол
Меккеге барған қазақ байларының басын қосып:
-Біз  осында  Құдай  жолы  деп  келдік  бәріміз
нашар емеспіз, жететін қаражатымыз бар. Ал,
осында  қаражаты  жоқ,  кемтар  келсе  қайда
жатпақ, пұл төлеп жатуға шамасы келмесе не
істемек?  Сондықтан,  біз  ортамыздан  ақша
жинап,  бір  жатақхана  салдырып,  құдайы
қылсақ, оған нашар кемтарлар келсе, үлкен сауап
болмай ма? Және құр қажы болып қайтқанға мәз
болмай,  халыққа  оның  ішінде  нашарларға
жәрдемі тиетін іс істеп қайтқанымыз жөн емес
пе? Бізді көріп тағы біреулер осындай игілікті істі
істеп, бірте-бірте үлкен сауап істеліп жатпай ма?,
- дейді.
Осыны  айтқан  соң,  қазақ  қажылары
орталарынан  ақша  жинап,  бұл  істі  басқарып
орындауды Құнанбайға  тапсырады. Құнанбай
ағаштан  астылы-үстілі  үлкен  жатахана
салдырып, құдайы қылып, оған Қанатбай деген
адамды  күзетші,  басқарушы  етіп  тағайындап
қайтады.
Әрі  өжет,  әрі  қайратты  жас  Ізқұтты,
қайратты  қайтып  қалған  Құнанбайға  жол
ауырлығын  көрсетпей,  елге  алып  келеді.
Меккеден келген соң Құнанбай ел ісіне кіріспей,
үйде отырып қалады. Ел ісіне оның балалары
араласады. Қайратты Құнанбай дүние ісіне көз
салып,  көңіл  аудармай,  1885  жылы  август
айында 81 жасында қайтыс болады. Денесі өзі
Халилолла  деген  баласына  салдырған,  өз
қорасы  қасында  Ақшо қыдағы  зиратқа
жерленеді.  Құнанбай  өте  шешен  сөз  тапқыр
адам болған. Оның сөйлеген сөзін естігендер
Құнанбайдың  сөзі  бұлақтай  ағып,  өлеңдей
қисынып  тыңдаушыны  ұйытып  жіберетін  еді
деседі.  Құнанбай  нақыл  сөздерді  де
қолданатын,  бірді-жарым  ауыз  өлең  де
шығаратын  адам  болған.  Бірақ,  өлең  жазып,
оның  жолына  түспеген  көрінеді.  Нақыл
сөздерді, бірлі-жарым айтқан өлеңі ұмытылған:
«Көптен  ажал  да  жасқанар,  ажалдан  арам  да
жасқанар», «Елге еңбек етсең бермесін аласың,
қиянат  етсең  тамұққа  жанасың»,  «Арсыздық
малға байланысты, адамдық арға байланысты»
дегендері бар.
«Көптің күшіне сен, басшының ісіне сен»,
«Жанымнан  малым  садаға,  арымнан  жаным
садаға» деген сияқты нақыл сөздері де болған.
Құнанбай  Омбыға  айдалғанда  жолдас
болған бір адам, кейінгі кезде Сібірге айдалып,
күні біткен соң қайтып арып шаршап Семейге
жетеді.  Қайыршы  қалпында  еліне  баруға
арланады және Құнанбай есіне түсіп, Құнанбай
ауылын  сұрастырып  қалашыларға  ілесіп,
Құнанбай ауылына тартады. Бірде жаяу, бірде
қалашылардың көліктеріне мініп, Семейден жүз
шықырым  жердегі  бір  ауылға  келіп  бір  үйге
шамасы  бітіп  зорға  жетеді.  Ол  үй  иесінен
Құнанбай ауылына жетуге  көлік сұрайды. Үй
иесі: «Құнанбай ауылы анау тұр»,- деп қораны
көрсетіп, бір бас білетін өгізін беріп: «есік алдына
барған соң бас жібін түріп қоя бер ауылға өгіздің
өзі  келеді»,-  дейді.  Әлгі  жолаушы  Құнанбай
ауылына келіп үйге сәлем беріп кіреді. Үйде көп
адамдар  отырады.  Бұл  есік  жақта  отырып
қалады.  Аз  уақыттан  кейін  Құнанбай  әлгі
жолаушыға қарап баяғы досы екенін танып, оған
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)

100
қарай орнынан тұрып бара жатып былай дейді:
Жаңылмас, қате баспас хан бола ма?
Тапжылмас, табан таймас жан бола ма?
Бәйгеге күнде қоссаң алдын бермес,
Тұлпарда арықтаса сән бола ма?
Кер заман кез келсе адам жаңылмай ма?
Кемеңгер келелі істе танылмай ма?
Айнымас таза жүрек, сенімді дос,
Тарығып, талған кезде табылмай ма?
Шықпайды жан, кесімді қаза келмей,
Асыл ерлер өтті ме наза көрмей?
Елі үшін еңбек етіп азап тартқан,
Мақшарда бейіске енер, жаза көрмей!
–деп,  досын  құшақтап  амандасып,  қасына
отырғызыпты.  Бірнеше  күн  силап,  қонақ
қылып, жақсылап киім кигізіп, ат мінгізіп еліне
қайтарыпты. Құнанбайдың бұл жолдасы руы
Керей,  Бейсеке  деген  Құнанбай  қайтыс
болғанша  соғымын,  керек-жарағын  алып
тұрады.
***
Мен  1934  жылы  бастаған  Құнанбай
туралы  естелігімде:  «Құнанбай  әділ  ақылды
парасатты, еліне еңбек еткен адам болса, оны
халқы сүйсе тарих тастамайды»,- дегенмін. Сол
айтқаным бүгін дәл шықты.
«Қазақ әдебиеті» газетінің 1964 жылы 28
февральда  шыққан  санында  «Ғасырлар
қойнауынан Поляк перзенті – Қазақ туралы» -
деген және сол газеттің 1964 жылы 6 мартта
шыққан санында екі мақала басылып шықты.
Бұл мақалаларды жазған Ф.Стеклова.
Ф.Стеклова осы мақалаларды бұдан бір
ғасыр  бұрын  айдалған  поляктың  демократ
революционнер  ардагер  ұлы  –  «Адольф
Янушкевичтің  өмірі  және  оның  Қырғыздар
даласынан  жазған  хаттары»  деп  басылып
шыққан кітаптан алған көрінеді. Екінші рет сол
кітап 1875 жылы Берлинде басылып шығады.
Ф.Стеклова осында тарихта болған шындыққа
сеніп жазған.
Осы екі мақаланы оқыған адам Барақ пен
Құнанбай және Қазақ жайы туралы қандай пікір
айтар екен.
Адольф  Янушкевич  шылғи  өтірік  айтып
отыр деуге кімнің адамшылық ары барар екен.
Поляктың  25  жыл  айдау  жазасына  кесілген
демократ-революцио нері, 
халқының
бостандығын  арман  еткен  аяулы  перезенті
Янушкевичті  кім  қадірлемейді.  Оның  аты
тарихтан  мәңгі  орын  алады.  Бостандықты
көксеген жұртына еңбек еткен ердің келбеті адал
адмдардың жүрегінде қалады. Озбыр өзімшілдер,
басқаны  көре  алмайтын  күншілдер  алмаса,
Янушкевичтің  бір  ауыз  сөзін  не  асырып,  не
жасырып айтты деуге ұяты жоқтардың ғана аузы
барады.
Янушкевич дәл көрген, білген уақиғаларын
айтып отыр. Ол ешкімге де жалынышты емес.
Оған өзінің ары ғана қожа. Ақыл-парасат иесі
бо лған,  құлашы  кең  халықтың  болашақ
бақытына  сенген  алдыңғыны  болжай  алған
ойшыл Янушкевичтің қазақтың келешегі туралы
айтқан саналы пікірінің үзіндісін айтсақ та жетіп
жатыр.
Ол Густав Зелинскийге жазған бір хатында,
қазақтың бір өлеңшісінің өлең айтқанын суреттей
келіп,былай  дейді:  «Мен  осының  бәрін  бүкіл
дүние жабайы тағы деп санайтын адамдардың
ортасында  далада  тыңдап  отырмын!  Бұдан
бірнеше  күн  бұрын,  екі  ел  болып  партия
тартысқан жиында, шаршы топтың алдында сөз
сөйлеген  шешендерді  көрген  едім.  Сонда  мен
тумысында  Демосфен,  Цицерондарды  естіп-
білмеген  жандардың жезтаңдай  тілмарлығына
таң-тамаша болып қол шапалақтаған едім. Ал,
бүгін алдымда не оқи, не жаза білмейтін ақындар
бұлбұлдай сайрап отыр. Мен бұлардың өнеріне
қайран қалудамын.  Олардың әні  жаныма азық
болғандай  жүрегіме  жылу  бергендей.  Міне,
осындай жандарды жабайы деуге бола ма? Жоқ
болмайды!  Еш  мүмкін  емес.  «Жаратқан  иесі
мұндай өнер берген халық мәдениет әлеміне өгей
болуға тиіс емес. Күндердің күнінде қырғыздың
(қазақтың) бетпақшөліне  де мәдениеттің  рухы
кіреді,  оның  ұшқынынан  жарық  сәуле  пайда
болады. Сөйтіп бүгінгі қырғыз-қазақ қазір өзінің
басынан  аса  қарап  тұрған  халықтардың
ортасынан ойып орын алатын күнде тақады!».
Янушкевичтің осы терең қатесіз ойының
өзінен қандай адам екені айқын көрінеді. Сонау
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)

101
1846  жылдарда  осындай  саналы,  ақиқат
парасатты ойды кім айта алады екен? Қандай
адам  Янушкевичтің  осы  айтқанын  теріс  деп
айта алар екен?
Бұл Янушкевичтің айтқан үзіндісін келтіріп
отырғаным әлі де болса, оның айтқанына сене
қоймайтындар  бо лар  дегендіктен  бірақ,
жоғарыда айтылды, бір есалаң біреу болмаса,
Янушкевичті  қате  айтты  деп  ешкім  де  айта
қоймас.
Янушкевичтің  Барақ  сұлтан  туралы  не
айтқанын, Бараққа қандай баға бергенін өздерің
оқып көрерсіңдер! Өзім естелік жазып отырған
Құнанбай  туралы  Янушкевичтің  не  айтты
қысқаша соған тоқтайын.
Адольф  Янушкевич  ең  алдымен  патша
үкіметіне қаны қас адам ол халықтардың ортақ
азаттығын  ұран  етіп  ұстаған  демократ-
революционерлердің бірі. 1846 жылы Густаев
Зелинскийге мынадай хат жазады: «Ташкент –
Бұхар – Қырғыздар (қазақтар) арасындағы дау
маған – халқының ішіне қадірі жүрген бүкіл дала
тайпаларының жарық жұлдызындай екі адамын
танытты.  Мен  саған  Барақ  Сұлтан  мен
Құнанбай би жайынан аз ғана әңгіме шертейін»,
-  дейді.  Сөйтіп,  Барақ  пен  Құнанбай  туралы
айтады.
Құнанбай туралы Янушкевич былай дейді:
«Құнанбай би Барақтан бір-екі жас қана үлкен
бұл да бүкіл әлемге әйгілі адам. Құнанбай қара
халықтан  шыққан,  жаратылыстан  ақыл-
парасаты  дарыған,  керемет  зерек,  қара  тілге
шешен, байыпты, тыңғылықты кісі. Халқының
қамын ойлайды, оған жақсылық қылсам дейді.
Елінің  ежелгі  жол-жобасына,  әлқұранда
жазылған шариғат жолына аса жүйрік, Россия
өкіметінің қырғыздар жөніндегі заң ережесіне
жеттік.  Қара  қылды  қақ  жаратын  әділ,  адал
азамат. Құнанбай халқының қамқоры, оны жұрт
пайғамбарындай көреді. Сондықтан, одан ақыл
кеңес алуға тіпті бір қиырдағы ауылдардан жас
пен кәрі, бай мен кедей ағылып келіп жатыр.
Тобықты  деген  мықты  рудың  қалауымен  ол
болыстық қызметке сайланып қойылған. Елден
ерек  білгіштігінің  арқасында,  бұл  қызметті
тасаяқтай  қағыстырып,  тамаша,  жақсы
атқарады, оның айтқаны екі болмайды, қабағын
қақса іс орнына келіп жатады.
Жасында ол сұлу жігіт екен, қазір шешектің
дағынан  беті  шұбар  болып  қалған.  Бұдан
бірнеше жыл бұрын шешек шығып өлім аузынан
қалыпты.  Құнанбай  бұлбұлдай  сайрап  сөйлеп
кеткенде,  тыңдаған  халайық  бетінің  шұбарын
мүлде ұмытады. Көркін кетіріп, ажарын алған
ауыр  науқастың  зардабын  айтқанда,  ол  өзі  де
тебірене сөйлейді. Сонда мұның тілегін тілеп,
саламаттығын  сұраған  халықтың  ықыласына
сіңірген  еңбегіне,  қадір-қасиетіне  айғақ
болғандай.
- Жанталасып қиналып ажалмен алысып
жатқанымда,  зар  илеген  қалың  топ  басыма
тігілген  отауды  күні-түні  бірдей  қамап  тұрып
алды. Елімнің көл қылып төккен көзінің жасы
мені  обып  болып  бара  жатқан  өртті  сөндірді.
Халқым менің  өмірімді алладан  сұрап алды,  -
деді.
Онан  аса  сұлтан,  бес-алты  мырза  бүгін
бізден шай ішті. Осы ру басы ел иесі деген барлық
ақсүйектердің  шама-шарқын  Поляктың:  «Паң
сарайына,  сарайы паңға  сай»  - (ағама  жеңгем
сай,  ақ  сүйектердің  ақылы  басынан  аспайды
деген мағынада) деген жалғыз ауыз мақалымен
біріруге болады.
Барақтың 
қасында 
ақсүйектерді
(сұлтандарды) жан білдіруге болмайды. Ал, бай
атаулы Құнанбайдың ұлтарағына тұрмайды», -
дейді Янушкевич.
Осы  Янушкевичті  Құнанбайға  берген
бағасы.  Янушкевич  тарихи  болған  халқын
сүйген, халқы оны сүйген Құнанбайды айтып
отыр.
Естеліктің басында да айтқанмын, тоғышар
өзімшілдер, күншілдер жамандағанымен – халқы
үшін  еңбек  еткен,  халқы  ардақтаған  адамын
тарих жойған емес! Сондықтан, Құнанбай мәңгі
өшпейтін адам.
Янушкевичтің  Құнанбайға  қандай  баға
бергенін,  халық  Құнанбайды  қалай  қадірлеп,
қалай  құрметегенін  айттық.  Енді  осы  өзіміз
білетін  заманда,  Аякөз  қаласында  туып  өскен
Сабыржан  Ғаббасовты  кім  білмейді?  Сондай
ардагер  азаматы  кім  қадірлемейді.  Ақ
бандыларының қолынан азаппен өлтірген жас
коммунист Сабыржанның өліміне кімнің жаны
ашымайды. Ол Совет адамдарының жүрегінде
қалып,  тарихтан  мәңгі  өшпес  орын  алды.  Ол
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)

102
Совет өкіметін орнатуға бар күш-жігерің салған,
ақ  бандылармен  ашық  шайқасқан  ардагер
жалынды  жас  революцио нер,  әрі  қалам
қайраткері еді.
Ғаббасов  «Айқап»  жуналының  1915
жылғы 6 санында «Тарих қазақ жайынан» деген
ұзақ  мақаласында  былай  дейді:  «Марқұм
Құнанбай мырза өте ақылды, сабырлы, халық
сүюші,  ғылым  мағрифатқа  құмар,  биік  дана
азамат  еді»,-  деп  мақтайды  Құнанбайды.
Ғаббасовтың  айтып  отырғаны  Абайдың  әкесі
Құнанбай  ма?  Жоқ  басқа  Құнанбай  ма?-  деп
күдіктенушілер болар.
Ол  Абайдың  әкесі  Құнанбайды  айтып
отыр. Ғаббасов осы мақаласында және былай
дейді:  «Баласы  марқұм  Абай  Құнанбай
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
мырзаның кім екенін жұртқа білдірді. Өйткені
бірнеше жыл болған Құнанбай мырза мен Абай
марқұмды жұрт жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім
мырза  Құдайберді  баласы  да  түсіреді»  деген.
Міне, Ғаббасовтың айтып отырғаны – біз естелік
жазып  о тырған  Құнанбай  екені  анық.
Янушкевичпен 
Ғаббасовтың 
айтып
отырғандары  Абайдың  әкесі  Құнанбай.
Ғаббасовтың жоғарыда жазған сөзіне қарасаңыз
да  Құнанбайдың  қандай  адам  бо лғанын
байқайсыз. Янушкевич те, Ғаббасов та тарихта
болған.  Халқы  сүйген,  ақылды,  шешен,  адал,
парасатты  халқына  еңбек  еткен  Құнанбайды
айтып отыр.

103
«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20а.
Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:
8 (7222) 35 48 52;
Е-mail:  shakarimtanu.semey@mail.ru
Компьютерде беттеген: Канапиянова А.
Корректоры: Жарылғасынұлы М.
Беттеуге тапсырылған күні - 19.06.2015 ж. Басуға қол қойылған күні - 26.06.2015 ж.
Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
баспаханасында басылды

Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Бас редактор
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет