Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.

бет13/15
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №2  (27)
шығыс  жағы  Наймандікі,  күн  батыс  жағы
Тобықтыныкі  болып,  бөлік  өзеннің  арнасы
болсын», - дейді. Сонда Қисық: «Өзің Доғал десе
Доғал екенсің ғой» дегенде, Доғал: «Өзің Қисық
десе Қисық екенсің ғой! Құдайдың өз бөлігіне
риза болмайтын» - дейді. Сөйтіп, бұлар да келісе
алмайды.
Бұған  Наймандар  разы  болмай:
«Құндызды шет бойын бұрыннан қоныстанып
келеміз, бүкіл  Шыңғысты алып,  оған тоймай,
Құндыздыға қол салдың ба Тобықты», - дейді.
Сонда,  Құнанбай:  «Құндызды  шет  бойы
Шыңғыстан  бөлек  емес,  Шыңғыстың  сегіз
өзенінің  бірі,  мен  Найман  жерін  даулап
отырғаным  жоқ,  атам  жеті  момынның  алған,
қонған  жерімді  қайтар  деп  отырмын.  Сен  біз
алыстан көшіп келгенше Шыңғысты иемденіп
алдың. Көптігіңді істеп, ерімді қазаға ұшыраттың,
малымды  талауға  салдың,  зорлық  жасап,  енді
жерімді бермей келдің, шығарған бидің кесіміне
де көнбей отырсың. Онда ояздарға салайық», -
деп орнынан тұрып кетеді. Құнанбай ояздарға
келіп, билерге салғанын қалай билік айтқанын,
оған  Найман  адамдарының  көнбегендерін
түсіндіреді.
Екі  ояз  бас  қосып,  Тобықты,  Найман
кісілерін шақыртып алады. Найман бұрын өз жері
екендігіне нақты дәлел айта алмайды, Құнанбай
Шыңғыстың  ескі  тарихынан  бастап,  алғаш
Шыңғысты  жеті  момын  руларының  қыстап,
жайлағанын, одан қалмақ шабуылына ұшырап,
көп жыл шетте жүргендерін, көп туыстары Орал
жақта  қалғанын,  Тобықтының  Шыңғысқа
келгенін,  Шыңғысты  қалмақтан  босатуға
Тобықты  батырларының  қатысқанын,  бұлар
келгенше Шыңғысқа Найманның қоныстанып
алғанын, екі ел арасында қанша жанжал соғыс
болып,  қанша  адам  өлгенін,  қанша  ауыл
шабылып, қанша мал талауға түскенін, Найман
зорлық қылып, бермей келгенін баяндайды.
Сонда, Қарқаралы оязы тұрып: «Бұл жер
ежелден  Тобықтының  жері  болғанына  менің
көзім әбден жетті. Бұл, біріншіден, Құнанбайдың
дәлелі толық, Наймандікі зорлық, және бір үлкен
дәлел: Біз осында келгелі, осы дау басталғалы
Тобықтының бірнеше кәрі адамдары күнде ерте
анау  бұрынғы  ата-бабаларының  моласына
барып,  дұға  қылып  жүрді.  Олар  жеріміз
Найманға  кетсе,  ата-бабаларымыздың
молалары қалады-ау деп, уайымдап, қайғырып
келіп  жүргенін  біз  күнде  көрдік.  Ал,  Найман
сенің  жерің  болып,  анау  молалар  ат а-
бабаларының моласы болса, біреуің барып, неге
дұға оқымадыңдар? Сендер жақта бір адамның
барғанын  көргеніміз  жоқ.  Сондықтан,  жер
Тобықтынікі екені анық. Және бұрын айтылған
билік дұрыс айтылған. Біздің айтарымыз: бөлік
Құндызды өзенінің арнасы болсын. Құндызды
шет бойынан Найман көшсін», - дейді. Сөйтіп,
Тобықты қолы жетпей келген Құндызды бойын
қайтарып алады.
Ел  «Құнанбай  ел  намысын  қуды,  жұрт
арманын  орындады»,  -  деп  алғысын
жаудырады.
Ал, Құнанбай өз тұсындағы адамдармен
мысалы:  Тобықтыда  Бөжей,  Байсал,  Қаратай
сияқты тұрғыластары мен басқа елдің Найман,
Барақтан  басқа,  Алшынбай,  Тезек,  Құсбек
сияқты  төре  тұқымдарымен  салыстырсақ,
олардан  қай  жағынан  болса  да  Құнанбайдың
асқар таудай биік, олардан көш ілгері, парасатты
адам  екенін  байқайсың.  Құнанбайды  не  деп
жамандасын,  қандай  адам  деп  жамандасын,
оған ары бар, бойында адамшылық қасиеті бар
адамның, келешек адамдардың нанбауы хақ. Елі,
халқы сүйген адамын қалай жамандаса да, бар
пәлені  жапса  да,  оны  халық,  тарих
алмайтынына кәміл сенемін.
Кейбіреуі: «Мейірімсіз Құнанбай келіні мен
Қодарды жазықсыз асып өлтірді», - дейді. Оны
Құнанбай неге істеді, не жазығы үшін істеді, оны
тексермеді.  Ол  жазаны  істетіп  отырған  ел,
халық,  ол  Қодар  өлген  баласының  әйелін  өзі
алған, оны неше жыл білдірмей тұрған. Ақыры
ол қылмысы айқындалған. Жоғары діни орынға
хабарлап, солардың үкімі бойынша өлтірілген.
Туысы  болса  да,  заңға,  адамшылыққа
жатпайтын, айуандық істі  істегені үшін «атқа
тисе,  алтынды  еріңді  жақ»  дегендейін,  арға
жатпайтын  істі  қылған  жақынын  да  аямаған.
Қодарға  өтірік  жала  жауып,  оның  малын
алайын дейтін Қодар бай емес, не өзіне қарсы
тұрып  жауласқан  жау  емес,  құр  жала  жауып
өлтірді  деген  сөзін  тек  Құнанбайды  қайтсем
жамандайын дегені болады. Бұған есі бар адам
нанбайды.

85
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
Әрине,  Құнанбайдың  үстінен  онымен
алысқан жандар, айтқанын істейтін адамдарға
да, неше түрлі жала жауып арыз бергізген, соған
да  нанасың  ба,  оны  бергізіп  жүрген  алаяқ
айласы көп жуандар емес пе? Меніңше Барақ,
Құнанбай сияқты адамдарға ойлана қарау керек.
Жоқ, біреуді көтеремін деп, екінші жазықсыз, елі
халқы сүйген адамдарды көтермелеймін деген
адамның  құрбандылығына  шалмау  керек.
Өйтем  деушілердің  өзі  халық  алдында,  тарих
алдында масқара болуы сөзсіз.
Қазақ  орысқа  әбден  қарап,  жаңа  заң
шығып, қандық қалып, оның орнына аға сұлтан-
старшын  сайланады,  Құнанбай  старшын  аға
сұлтан  болған  адам.  Қазақ  Құнанбай  қарадан
шығып хан, аға сұлтан болған деседі.
Құнанбайдың жігіт кезінде Қарқаралыда
орта жүз қазағы бас қосқан жиналыс болады.
Осыған  Тобықты  руының  сайланған  биі
Құнанбай  барады.  Хандық  қалған  соң,  аға
сұлтан сайлану керек. Орта жүздің аға сұлтаны
кім болмақ? Міне, жиынның шешетін жұмысы
осы. Орта жүздің айтулы билері осы топта бас
қосып  кеңесіп,  аға  сұлтан  сайламақ.  Ал,
бұрынғы  хан  тұқымдары  (төрелер)  аға
сұлтандыққа таласып, енді аға сұлтан болмақ
болады. Әкімдікке қырқысқан төре тұқымдары
елден  сайланып  барған  уәкілдерді  екі  бөліп
алып, партия тартысына түседі. Әр рудан барған
билер  төре  тұқымдарының  әкімдікке  таласып
жүрген  шонжарларының  басын  қосып,
берекелесу  сұрайды.  Жаңа  заңның  жобасы
оқылып  түсіндіріледі.  Кімді  сайлау  қазақтың
билерінің ықтиярына беріледі. Билер үйге лық
толады.
Төре  тұқымдарының  билері,  бұл
сұлтандық  хандық  о рны  болғандықтан,
бұрыннан болып келген төре тұқымынан біреу
сайлансын  деген  со ң,  төменде  о тырған
Құнанбай  орнынан  тұрып,  көптен  сөз  айтуға
рұхсат алады.
Құнанбай: «Біз орыс патшасына қарадық
Бұрынғы хандық дәуірі қалды. Енді қазақтан аға
сұлтан сайланатын болды. Ол қазақтың мұңын
жоқтап,  мұқтажын  орындайтын  адам  болуы
керек.  Менше  енді  мынау  төре  тұқымы,  хан
тұқымы  еді  деп  сайлай  салудың  керегі  жоқ,
халық қамын ойлайтын, адал адамды аға сұлтан
сайлау керек», - деді.
Сонда  төрені  жақтаушылар  олардың
шашбауын  көтерушілер  –  хандық  төре
тұқымынан айырылып көрген жоқ. Аға сұлтан
да төреден сайланады. Оған таласудың не орны
бар? Төре баласы ежелден елді билеп келді, әлі
де билейді десті.
Қазақ  билерінің  бірі  ел  намысына  қазақ
халқының 
намысына 
шаппай, 
төре
тұқымдарына 
қайсаңдап 
жағынып
отырғандарына  зығыры  қайнап  отырған
Құнанбай:  «Төре  тұқымына  хандықты  таңба
етіп  басып,  өмірлік  еншілеріне  берген  кім?
Халқымыз  қазақ.  Аға  сұлтан  қазақтан  неге
сайланбайды. Қазақтың елді бастайтын, халық
қамын ойлайтын кісісі жоқ па? «Төреге ерген
ерін арқалайды» - деген қазақ. Төрені бастық
қоямын деп, талай ғасыр ерін арқалап келгені
жетпеді  ме?  Қазақ  баласы  төреден  не
көрдіңдер?  Балаларыңды  оқытып,  көздеріңді
ашты ма? Адалыңнан арамыңды айырып әділ
билік  қалды  ма?  Берекеңді  сұрап,  біріктіріп
басыңды  қосты  ма?  Басыңды  біріктірмей
біріңді-біріңе  салып,  араларыңа  от  жағып,
берекеңді  кетіріп,  екі  бөліп  партия  араздық,
күндестікті екеннен басқа не істеді? Өз тізгініңді
өз  қолыңа  алатын  кезің  келген  жоқ  па?  Аға
сұлтан  сайлауды  өз  еркіне  беріп  отыр.  Менің
айтарым – намыс жігерің болса, аға сұлтанды
қазақтан сайла», - дейді.
Төрені  қолдаушы  билер  Құнанбайды
ауызға қағып, төрені жақтай сөйлейді. Керейден
барған  Сарыбай  биі  орнынан  тұрып,
Құнанбайға  қарап:  «Ей  бала,  әлі  шашыңның
дымы  да  кепкен  жоқ.  Жап-жас  басыңнан
өзіңнен үлкендерге, төре  тұқымдарына қалай
қарсы келесің? Ежелден бастық болып келген
тұқым  әлі  де  бастайды»,  -  дейді.  Сөйтіп,  бұл
жолы Құнанбай дауыстан жеңіліп төреден аға
сұлтан сайланады.
Тобықты  мен  Керей  жайлауы  қатар.
Құнанбай  сайлаудан  Керей  билерімен  бірге
қайтады. Ел жайлауы Шақпаққа жеткенде Керей
билері  бөлініп  елдеріне  қайтады.  Олар  кезең
асқанда Құнанбай жолдасы Мырзақанға: «Сен
Сарыбай биді шақырып келші», - деп жіберіп,
өзі тосып тұрып қалады. Мырзақан биді ертіп
келеді. Құнанбай оған дейін шылбырын шешіп

86
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
бұғалықтап ыңғайланады. Сайлауда өзіне қарсы
сөз  айтқан  би  жанасып  тақай  бергенде,
шылбырды мойнына тастап жіберіп, биді аттан
жұлып алып, тақымға салып сүйрей жөнеледі.
Әудем жерге дейін сүйретіп барып тастап кетеді.
Құнанбай  Мырзақанды  шақырып  алып:
«Анау өлген жоқ, есі ауып қалған шығар, атын
апарып мінгізіп жібер», - дейді. Мырзақан атын
алып келсе, демін алып, есін жиып отыр екен,
атына  мінгізеді.  Би  атына  мінген  соң
Мырзақанмен еріп Құнанбайдың артынан қуып
жетіп, тымағын алып: «Не өлтіріп кет, не өкпеңді
кешіп кет», - деп жалынады. Сонда, Құнанбай
«Сіз маған түк қылған жоқсыз, бірақ, қазақтық
қаныңыз,  намысыңыз  жоқ  екен.  Қазақтың
қамын ойламай, төреге жағындыңыз. Мен сіздің
соныңызға өкпеледім. Өз кегім емес, қазақ кегін
алдым.  Жау  болсаңыз,  жаулығыңызға,  ел
болсаңыз елдігіңізге тұрамын», - дейді. Би: «Шын
кешіп  кет,  мен  жаңылдым,  қателестім.  Енді
айтқан  жеріңнен  шығамын,  өмірлік  дос
боламын»,  -  дейді.  Құнанбай:  «Қазақ  аруағы
кешсе, мен кештім», - дей
ді. 
Со нымен,
Сарыбай  ауылы  мен  Құнанбай  ауылының
достығы бертінге дейін келді.
Осыдан бастап Құнанбайды жұрт тек өз
елінің ғана емес, күллі қазақ халқының қамын
ойлап,  қазақ  намысын  жоқтайтын  адамымыз
деп  ардақтады. Кейбір  адамгершілігі зор  төре
тұқымдары  да  Құнанбайдың  даналығын,
адалдығын  мойындап,  Құнанбайды  жақтады.
Ал,  мансапқор,  әкімшілікке  құмар  төре
тұқымдары  Құнанбайды  күндеп,  оның  көзін
жоғалту  жағын  қарастырды.  Онымен  қабат
Құнанбайды жақтаушыларды да бірге құртпақ
болды. Жеңіп сайланған аға сұлтан мен билер
Құнанбайдың,  оны  жақтаушылардың  артына
түсіп, Құнанбайдың өз елінен, өз қолтығынан
жау іздеді. Олардың ол ойлары болды да.
Кеңгірбайдың 
немересі 
Бөжей
Құнанбайға  қарсы  қас  болып,  төрелердің
қолына қонып, Құнанбайға жау болып шықты.
Сайланған  ұлықтар  Құнанбайдың  көзін
жоғалтып, орнына сені сайлаймыз деп Бөжейді
желіктірді. Бұл жаулықты бір ғана Құнанбайға
істеген жоқ, Құнанбайды жақтайтын, көпшілікті
жақтайтын,  қазақ  қамын  ойлайтын  билердің,
басты  адамдардың  бәріне  істеді.  Сөйтіп,
Құнанбай  бастаған  бірнеше  адамдарды  ауыл
шапты,  кісі  өлтірді,  партия  қылып,  патша
өкіметіне қарсы болды деп, талай пәле жауып,
өтірік куәлерді салып, жоғары ұлыққа шықты.
Үсті-үстіне берілген арыздар көбейіп, тергеуге
айналды. Сөйтіп, әр елден бірнеше кісі Омбыға
жауапқа  шақырылды,  1852  жылдың  күз
айларында Құнанбай айдалады, енді оның көзі
жоғалады  деген  сөзді  Құнанбайдың  жаулары
елге таратып жібереді.
Құнанбай  үстінен  арыз  түсіп,  Омбыға
шақырылғанын 
айтты. 
Құнанбайдың
айдалатынына көзі жеткен ел зар еңіреп: «Сені
көрсеткен  адамды  өлтіреміз,  соның  қолында
өлеміз», - деп шуласты. Халқының ашуын сезген
Құнанбай оларға сабыр айтты: «Өлушінің ажалы
жетпесе, өлтірушінің қолы жетпес» деген бар емес
пе?  Халқым,  арымды  араммен  жуғанымыз
болмас, ақпен жуғанымыз жөн болар.»Ақ иіліп,
сынбақ жоқ» деген ғой, ісіміз ақ қой, ағартар», -
деп жұбатты.
Құнанбай  еліне  амандасып  аттанарда,
жыламаған ешкім қалмады. Бірақ берік қайратты
Құнанбай көзіне жас алмай: «Халқым, аман бол!
Көріскенше  сендердің ақ тілектерің мені ажалдан
да алып қалған, адал тілеумен баталарыңызды
беріңіздер!»  -  деді.  Жұрт  еңіреп  тұрып,
Құнанбайдың аман келуін тілеп баталарын беріп
шығарып  салды.  Құнанбай  атқосшысы
Мырзақанды  ертіп  жүріп  кетті.  Сөйтіп,
көрсетілген бінеше адам күз түсіп келе жатқан
кезде,  1852  жылы  Омбыдағы  ұлыққа  келді.
Тергеуші олардың үстерінен арыз берілгендігін
ол  арыздардың  қаралып  тексерілетінін,  қашан
жұмыстары  тергеліп  біткенше  о лардың
по днадзор  болып,  күнде  келіп  көрініп
тұратындарын  айтты.  Сөйтіп,  олар  әр  жерден
пәтер  үй  алып,  күнде  ұлыққа  көрініп  Омбыда
жата береді.
Көп жатып қалатындарына көздері жеткен
соң,  атшыларын  қаражат  алып  келуге  елге
қайтарады.
Мырзақан келді дегенді естіп, жұртшылық
Құнанбай  үйіне  жиналды.  Мырзақан
Құнанбайдың  сәлемін  айтты.  Өзіміздің  елден
Бөжей, Байсал бастап Құнанбайды көрсеткенін
әңгімеледі. Бірақ, Мырза сіздерге көп сәлем айтты:
«Елден кетерде айтқанмын – арамдық пен өтірік

87
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
айтып кек алмалық деп, іс тексерілмей жатыр, іс
қаралса  ағарармыз»,  -  деді.  Сөйтіп,  Мырзақан
қаражат алып Омбыға қайта кетті.
Бөжей мен Байсалдың бастап Құнанбайды
көрсеткеніне көздері жеткен халық Бөжей мен
Байсалға:  «Құнанбайдың  үстінен  бергізген
арыздарын  қайтып  алсын.  Өтірік  айтып,
Құнанбайды айдатқандарына  біз риза  емеспіз,
өздері келіп мына қауымға жауаптарын берсін»,
- деп кісі жіберді.
Олар Құнанбайды айдатқан біз емеспіз, өзі
төрелермен  таласамын  деп  айдалғаны  деп,
нетүрлі  сылтаулар  айтып,  жөн  жауап  бермеді.
Жиналған халық: «егер Құнанбайды көрсетуден
аман  болса  мұнда  келсін,  ақылдасып,
Құнанбайды  қуып,  бо сатып  алу  жағын
ойластырайық», - деп екінші рет және кісі жіберді.
Бөжей мен  байсал: «Құнанбай кетсе,  ел қараң
қалмайды,  орнына  біреу  табылады,  біз  бара
алмаймыз  да,  берер  ақылымыз  да  жоқ»,  -  деп
қайтарады.
Олардың  жауабын  естіген  соң  халық
жиналып ақылдасады. Құнанбайдың айдауына
себеп  болған  анық  о сылар.  Біз  алдымен
Құнанбайдың кегін, көпшіліктің кегін осылардан
аламыз  деседі.  Сөйтіп,  ызаланған  жұрт
қарашаның қары жауып, ел қораға қонған кезде,
жүздей жас жігіттерді дайындап, бір түнде Бөжей
мен Байсалдың ауылдарын шаптырып, малдарын
алғызады. Бұған басшылық еткен Құнанбайдың
қайратты,  өжет  інісі  Майбасар  болады.  Олар
қалаға  шаптырып,  тергеуші  алдырады.
Тергеушінің  Бөжей  ауылына  келетінін  естіп
отырған  Құнанбайды  жақтайтын  ақсақалдар
ақылдасып  маңайдағы  түйелерді  жинатып,
түнде  айдап  алған  қойлардың  ізін  түйелердің
ізімен бастырып тастайды. Ақша мүлік жинап
жорға Жұмабайға беріп,  орайын тауып келген
ұлыққа беруін тапсырады.
Кешікпей  алынған  малдың  ізіне  түсіп
жүрген  тергеушімен  бірге  көп  адам  көрінеді.
Олардың алдынан Жұмабай шығып, жекелене
бергенде тергеушіге жанаса келіп, амандасқан
болып ақша мен жамбыны тергеушінің қойнына
тығып жібереді. Тергеуші Бөжей мен Байсалдан
алынған мал қой жеп жазып алынған. Бұл түсіп
келе жатқан із түйелердікі болған соң, оған қоса
қойнына  көп  олжа  тығылып  кеткен  тергеуші
қаһарлы  бетінен  қайтып  ат  үстінде  тұрып,
қамшысымен іздерді ұрып: «Айт шыныңды, сен
Құнанбайдікі  мал  ізі  ме?  Жоқ  Бөжейдікі,
Байсалдікі  мал  ізі  ме?  -дейді.  –  Міне,  із  жауап
бермейді,  сендердікі  қой  болады,  ал  бұл  түйе
болады. Бас қатыру керек жоқ, сендердікі өтірік
жала», - деп бұл жолы тергеуші қайтып кетеді.
Бөжей мен Байсал да кісі жиып мал алып, ел ішін
кезек барымталасып, жауласып жатады.
Құнанбайдың  інісі  Майбасардың  үстінен
арыз  бергізіп,  оны  да  Омбыға  жауапқа
шақыртады.  Мабасар  босап  шығады.
Құнанбайлардың ісі көпке созылады, тергеусіз
жатып қалады.
Қыс  түсіп,  мұз  қатады.  Айдалғандар
Омбыға  күнде  барып  ұлыққа  көрініп,
жұмыстарының  қашан  тергелетінін  сұрайды,
ұлық оларға әзір белгісіз деп жауап береді.
Омбыға  айдалып  барғандар  әр  пәтерде
тұрып,  басын  қосып  ақылдасып  тұратын
тұрақты үйлері болмаған соң, біреуіміздің үйіміз
болуға  керек,  біз  көп  жатып  алуға  айналдық,
бәріміз  осы  жерде  әйел  алайық  деседі.  Сөйтіп
кеңесіп,  ақша  жинап,  Құнанбайға  Омбыда
тұратын  шалақазақ  ноғайдың  қызы  Әйбәт
дегенді алып беріп, бөлек үйге шығарып, күнде
сол Құнанбайдың үйінде бас қосып ақылдасып,
құмалақ ойнап күндерін өткізіп жатады.
Қыс қатайып, қарлы боран соғып, қақаған
аяз  да  қысады.  Тергеу  болмай,  зарығып
жатқандар да қамығып, қажып, бала-шағаларын,
елді  сағынып,  жүдей  бастайды.  Бүйткен
тіршіліктен ақ өлім де артық шығар дескендер де
болады.  Осы  жағдайды  сезген  Құнанбай
түнімен толғанып шығады.
Ертеңінде  барлық  жауаптағылар  күндегі
әдетінше, ұлықтың  кішкене жалғыз  бөлмесіне
лық  толады.  Сонда  Құнанбай  ұлыққа:  «Қыс
болса  мынау,  сіздің  кеңсеңіз  суық,  осылардың
бәрін күнде топырлатып қайтесіз, келгенімізге
қанша  болды,  қашатын  адамның  жоқтығына
көзіңіз  жеткен  жоқ  па?  Бәріміз  үшін  күнде
біреуіміз келіп тұрсақ болмай ма? Егер бірі қашса
сол  адам  жауап  берер  еді.  Бәріміз  күнде
топырлауымыздың қажеті қанша?» - дейді. Бәрі
де  осы  тілекті  айтып:  «Тақсыр  қашатынымыз
жоқ,  тек  бәрімізге  жауапты  болып  күнде
Құнанбай ғана келіп тұрсын», - деседі. Осыған

88
тергеуші де келісіп, Құнанбай ұлыққа күнде келіп
кісілерді түгелдеп, қол қойып тұратын болады.
Құнанбай  бөлек  үй  болған  со ң,
Мырзаханға  екі  атты  жемге  байлаттырып,
семіртіп қойғызады. Январь айының ортасында
жолдастарына  Құнанбай  бір  кеңес  айтады:
«Сендер  елге  қайтып  жүре  беріңдер.  Ұлыққа
мен ғана көрініп тұратын болдым ғой.
Егер тергеу болатын болса, сендерге хабар
етермін,  соған  дейін  үйде  жата  беріңдер,
кейінгісін өзім көрейін», - дейді. Сөйтіп, осыған
келісіп,  бірге  барған  барлық  жауапты
жолдастарын елдеріне қайтарып жібереді. Өзі
күндегідей ұлыққа көрініп тұр.
Қасындағы жолдастары елге кеткен соң,
бірнеше күннен кейін ертемен тұрып, Құнанбай,
Мырзахан екеуі ұлықтың кеңсесіне кіреді. Күн
қатты аяз, кеңсе іші суық болады. Біраз отырған
соң  Құнанбай  тергеушіге:  «Кеңсеңіз  өте  суық
екен. Ауырып отыр едім, от жаққызсаңыз екен»,
- дейді. Тергеуші: «От жағушы кетіп қалды», -
дейді. Сонда Құнанбай: «мына менің жолдасым
жағады» деген соң, тергеуші ризалық білдіреді.
Құнанбай  ымдаған  соң,  Мырзақан  сырттан
кесулі қарағайды алып келіп, толтырып пешке
отын салады. Қарағай зулап жана бастайды. Сол
кезде,  Құнанбай  тергеушіге:  «Біз  не  үшін
жауапты болып жатырмыз, біздің жұмысымыз
қайсы, ісімізбен танысып көріуімізге бола ма? -
дейді. Тергеуші сендердің істерің міне деп ескі
шкафтан  топ-топ  жұмысты  алып,  столдың
үстіне  үйе  баст айды.  «С ендер  ауыл
шапқансыңдар,  мал  ұрлағансыңдар,  кісі
өлтіргенсіңдер,  патшаға қарсы  болғансыңдар,
мұнымен сендер айдалмағанда мен айдаламын
ба?» - деп, зеки бастайды. «Сендер қырғыздар
қарақшы, ұры, залымсыңдар!» - дейді. Сол кезде
пештегі отын жанып, қызыл шоққа айналады.
Мұны  байқап отырған  Құнанбай  Мырзаханға
есіктің  шотын  сал  деп  ым  қағады.  Мырзахан
есіктің шотын сала бергенде, Құнанбай қарсы
отырған  тергеушіні бас  салып, шаштан  алып,
тізерлетіп, жаныштап тастайды да Мырзаханға:
«Бар  жұмысты  о тқа  сал  деп  бұйырады.
Мырзахан стол үстінде тұрған бар қағазды алып
пешке салады. Сонда Құнанбай Мырзаханның
сасып, қолы қалтырағанын байқап: «қорықпа,
мен не көрсем соны көресің. Асықпа, қағаздың
арасы  жанбай  қалады,  көсеумен  әбден
араластыр»,  -  дейді.  Сөйтіп  жұмысты  тегіс
өртеп,  тергеушіні  талдырып,  есікті  сыртынан
тіреттіріп, бір бержағайды шақырттырып алып
соған  түсіп  үйіне  келеді.  Келісімен  екі  атты
шанаға жектіріп, Құнанбай, әйелі Әйбәт шанаға
отырып, Мырзаханға аттарды айдатып, Ертісті
өрлей елге тартып береді. Бірақ, Әйбәт деген
әйелі  бала  көтермей,  еліне  оралған  соң  бір
жыддан кейін қайтыс болады. Содан Құнанбай
жұмысы  1853  жылдың  жазында  ғана
қарастырылады.
***
1934  жылы  Шымкент  қаласы:  «Абай
романы»  жазылып  шықты.  Құнанбайдың
жаман  атағы  бұрынғыдан  да  ұлғайтылып
кеңінен  тарады.  Көзінің  тарыдай  ағы  да
жоғалып, бір жақ көзі ағып түскен соқыр болып
шыға  келді.  Абай  жақсы,  Құнанбай  залым,
зо рлықшыл  болып  шықты.  Құнанбай
Кеңгірбайдың  немересі.  Бөжейдің  ауылын
нақақтан  шапты,  адал  ақ  жүрек,  ел  қамын
ойлаған  Кеңгірбайдың  немересі  Базаралыны
нақақтан айдатып жіберді. Тіпті жерін тартып
аламын  деп,  нақақтан  Қодар  мен  келінін  де
өлтіртеді. Бар зорлық-зомбылық Құнанбайдың
басына үйіледі.
Ал,  мен  Құнанбайды  мақтап  жазып
отырмын.  Сонда,  мен  тірек  етіп  неге  сеніп
жазып отырмын, енді Құнанбайды мақтаудың
орны  бар  ма?  Орны  бар,  өйткені  мен  болған
тарихи Құнанбайды жазып отырмын. Ел, халық
сүйген  Құнанбайды  айтып  отырмын.  Және
тарих түбінде шын жақсы адамды тастамайтын
болса,  сол  тарих  тастамайтын  жақсы
Құнанбайды  жазып  о тырмын.  Әлі  де
Құнанбайды  жамандаған  елді  көргенім  жоқ.
Ашып  айтсам,  Құнанбайды  жамандады  деп
жұрт жазушыға наразы да. Бірақ, астарын алып
тастап  қарағанда,  Абайды  тәрбиелеуші
Құнанбай  жаман  Құнанбай  да  болмас.
Жазушыға мына жайт та себеп болуы мүмкін:
Біздің қазақ оқығандарының көбінің ауруы бар.
Өткен  кезде  біреу  би  яки  хан  болса,  оның
адамгершілігімен, 
оның 
шешендік,
тапқырлығымен  істеген  еңбегімен  санаспай,
хан, патша болса, елді қанады, би болса, пара
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)

89
алды деп ат тонын ала қашады. Өткір сөздерді,
мақал  тақпақтарды,  нақылдарды  шығарған
тілмар шешендер болған. Әрине елді шауып, қан
төгіп, нашарларды қанаған хандар болған. Пара
алған билер де бар. Осыларды айыру керек емес
пе?
Онан  соң,  біреуді  байдың,  жуанның
тұқымы  деп  жамандады.  Оларша  байдың,
жуанның тұқымы болса, жақсы болмайды деп
жориды. Осыған байланысты өзіміз білетін, ел
білетін кейбір орта буындағы адамдарымыздың
өмірбаянын  оқысаңыз  кедей,  нашар  жалшы
табынан шыққан болады. Өтірік айтып мұның
қандай  қажеті  бар?  Қазақтан  шыққан
ағартушылар Шоқан, Ыбырай, Абай – бәрі жуан
төре, билердің балалары. Толстой, Пушкин де
сорлы  кісінің  балалары  емес.  Хан,  патша
сұлтандардың  мансабына  қарай  емес,
адамгершілігіне, көптің қамын ойлауына қарай
бағалау  керек.  Және  ол  адамның  істеген  ісін,
ұстаған  бетін,  сол  өз  дәуірінің  таразысына
салып, сол дәуірдің кезімен өлшеу керек. Негізгі
ескертетін жұмыс – ол адамды халық сүйді ме,
оған халық  қалай баға берді, міне  осы жағын
тексеру керек. Тілінен майын ағызатын, сөзге
жүйрік,  жайдары  шешендердің  ұста  тілдері
жоқты бар етіп, барды жоқ етіп нандыруға әлі
келеді.  Біз  Құнанбайды  жамандап  жастардың
құлағына  сіңіріп  тастадық.  Енді  ол  Құнанбай
жақсы бола алмайды деу де қате. Егер Құнанбай
шын жақсы болған болса, оны кейінгілер, осы
күнгі жастар еріксіз тауып алады. Тарих оларға
еріксіз тауып береді. Асыл еш уақыта жойылып
кетпейді. Көмілгенмен шірімейді. Сол асылды
жамандаған біз шіриміз.
Мен Құнанбаймен алысқан Бөжей туралы
айтпаймын.  Өйткені  жоғарыда  айтылған  аз
сөзден  оқушылар  байқар.  Ал,  Базаралыны
айдатқан Құнанбай емес. Ол әлемге айқын, оған
дәлелдің де қажеті жоқ.
Найман Барақ төремен Құнанбай екеуі көп
жолдас  болып,  ұлы  жиын  сьездерде  билік
айтып, жиі кездесіп жүрген. Және, тату құрбы,
қатты қалжыңдасатын болған. Мысалы, бір күні
Құнанбай имам болып, Барақ оған ұйып, екеуі
намаз оқыпты. Намаз оқып болған соң, Барақ
Құнанбайға:  «Құнанбай,  сен  осы  намазыңды
қайта  оқы,  сен  намаздың  шартын  бұздың,
қусырған  қолыңды  кіндіктен  төмен  ұстамай,
әйелдерше кіндігіңнен жоғары ұстап тұрдың, бұл
намазың болған жоқ», - дейді. Сонда Құнанбай:
«Барақ,  сенің  оқып  жүрген  намазыңның  бәрі
анық ынтаңмен оқып жүрген намаз емес екен.
Сен  құдайды,  жұртты  алдау  үшін  ғана  оқиды
екенсің.  Сен  шын  ниетіңді  құдайға  аудармай,
менің  қолымның  қалай  тұрғанына  ниетіңді
аударыпсың. Мен намаз оқығанда бар ниетімді
құдайға аударамын, шын тілек тілеймін. Ал сен
намаз оқығанда бар ойың дүниеде болады екен.
Сондықтан, менің бір намазым қаза болса, сенің
жасыңнан  оқыған  бар  намазың  қаза  екен»,  -
депті.
Күздің кезінде Аягөз маңында үлкен сьез
болып, Құнанбай мен Барақ қазақ үйде отырады.
Барақ қара шақшаны қонышынан сурып алып,
насыбай атады. Сонда Құнанбай Бараққа: «әрі
ысырап,  әрі  харам,  осы  насыбайда  не  өшің
қалды? Осы былғаныш харамды иман айтатын
аузыңа  саласың.  Осыдан  нәпсіңді  қалай  тия
алмайсың? Мұны қойсаң нетті», -  дейді. Сонда
Барақ:  «Ал,  енді  мен  насыбайды  қойдым,
нәпсімді тыйдым, сенің көргенің осы болса» -
деп,  шақшасын жанып  тұрған отқа  лақтырып
жіберіп:  «Сайтанға  еріп,  нәпсісін  тия  алмай,
құдай  қоспаған,  ар  сүймеген  істі  істеп,  өзінің
келінін  қатын  қылған өз  Олжайыңды  көрмей,
менің насыбайымды көрдің ғой», -  дейді, ол кім
деп сұраса да Барақ айтпайды. Бірақ, естігенін
анық  екенін  оңашада  айтып  береді,  қай
Олжайың екенін  өзің тап,  менің атын  айтуым
лайық  емес»,  -  деген  сөзді  айтады.  Сьезден
қайтып келген соң Құнанбай Олжайдың басты
адамдарын жиып алып, Барақтың бетіне басқан
сөзін айтып береді. Біраз уақыт өткеннен кейін,
Бөкеншінің басты адамдары – Сүйіндік би мен
Тайлақбай келіп, келінін алып жүрген Бөкенші
ішінде  Борсақ  атанатын  таптан  Қодар  екенін
айтады. Қодар өзі палуан, ожар, тоңмойын адам
болатын. Ол баласы өліп, жесір қалған келінін
алып, елге қосылмай Шыңғыстың ішінде жалғыз
үй қалатын болған.
Құнанбай  бұл  сөзді  естіген  соң,  мұның
анықтығын білу керектігін ақылдасады. Ол үшін
әр  рудан  адал,  өтірік  айтпайтын  үш  адамды
жолаушы  жүрген  етіп,  Қодар  жайын  білуге
жібереді. Олар Қодардыкіне барып түсіп, алыс
АСЫЛ  СӨЗ

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал