Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/15
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №2  (27)
Өскенбай Құнанбайды он тоғыз жасында
үйлендіріп, өзі отырған тасқорғанның күн шығыс
жағындағы  кезең  астындағы  сайдың  алдына
кондырады. Өскенбай өзіне біткен отыз шақты
жылқысының он екісін Құнанбайдың еншісіне
береді. Басқа мал Өскенбайда аз болады.
Құнанбай енші алған жылы қыс өте қатты
болып, жылқы ерте март айында қолға келіп, сол
жылқыларын Құнанбай жаяу бағады. Ол кезде
Тобықты Шыңғыс ішіне жаңа орналысып, басқа
Найман,  Керей,  Арғын,  Уақ  сияқты  елдерді
Шыңғыстан  зорға  дегенде  қуып,  жауласып,
барымталасып тұрған кезі. Көбінесе, Тобықты
Найманмен жиі шабыса беретін болған.
Оның  негізгі  себебі:  Шыңғыс  тауын,
Арқаның қалмақ иемденіп қалған басқа да жерін
қалмақтан  босатып  алғаннан  кейін,  ақтабан
шұбырындыда  Мұғаджар  тауына  ауып  кеткен
Тобықты  руы  көп  уақытқа  дейін  ата-қоныс
Шыңғысқа  келе  алмай  жүргенде  Шыңғыстың
қалың  ішіне  Найман  кіріп  орналасып  алады.
Сыртын  Керей  иемденеді,  бауырын  Уақ
иемденеді, Шаған өзенінің бойын Арғын алып
қояды. Сөйтіп, Тобықты Шыңғысқа келген кезде
Шыңғыс бос болмай, жоғарғы айтылған төрт ру
елмен  алысып,  жерін  қайта  алуға  тура  келеді.
Әрине, орналасып, бауыр басып қалған ел жерді
жанжалсыз, ұрыссыз бере қоймайды. Олармен
алысып,  тартысып-дауласу  –  Кеңгірбайдың
үлесіне  тиеді.  Сөйтіп  аяғында  Тобықты  өзінің
ата-қонысы Шыңғысты қан төгіс, жанжал, ұрыс,
шабыс арқасында басқа елден босатып алады.
Бірақ,  шабыс,  барымта,  жанжал  басылмайды.
Со ндықтан,  басқа  елдің  шабындысынан
құтылуға, малын жерін қорғауға сайысқа түсетін,
жаудан қорғайтын елге батыр керек.
Енді  Құнанбай  елін  басқа  жаудан
қорғайтын  ел  қорғаны  болуды,  батырлықты
аңсайды. Ер жігіттің қанаты ат, ерге аты сай болу
керек. Бірақ Құнанбайда жауға мініп шабарлық
ат жоқ. Оған қуса жететін, қашса құтылатын ерге
серік  ат  керек.  Ол  енді  Өскенбайдың  үйінде
отырған жоқ, бөлек үй, шаңырақ иесі болды.
Елге жау тисе, қалай шаппай отыра алады?
Елі үшін еңіреп туған ер ел жауымен шайқаспай
қалай отыра алады?
Құнанбайдың  ойына  төңірекке  атағы
жайылған,  алдына  ат  салмаған,  өзінің  атасы
Ағанас бидің әйгілі тор шолақ аты есіне түседі.
Мен енші алып, бөлек отау болғанымды айтып,
атамнан  тор  шолақ  атты  қалап  сұрайын  деп
ойлады.  Осы  оймен  Құнанбай  аяқ  артуға
жарайтын қызыл бестіге мініп, жолға екі қонып,
Ағанас бидікіне келеді. Ағанас амандықты сұрап,
еншіге  12  жылқы  алғанын естіп,  саған  би  бар
жылқысын  беріпті  ғой.  Өскенбайдың  дәулеті
маған белгілі ғой. Мал үлкен үйде болғаны жақсы
емес пе, сен жоқ болсаң, онан аласың, ал үлкен
үйде мал жоқ болса ол сенен ала ала ма? – дейді.
Екі күннен соң Құнанбай қайтпақ болады. Ағанас
ертеңгі  асты  ішкен  соң,  бәйбішесі  мен  бас
жылқышысын шақырып алып: -Мына Құнанбай
енші алып, бөлек отау болып шығыпты. Қазір он
бес  құлындайтын  биесімен,  бір  айғыр  үйірін
және  Күңке  мен  екеуі  мінетін  екі  жақсы  ат
алғызып беріңдер, айдап қайтсын. Ел жайлауға
шыққанда жүз қой, үйлерін артатын алты түйе
алып кетер. Ал, енді өзіңнің қалаған-сұрағаның
бар  ма?,  -  дейді.  Құнанбай:  -Мен  басқа
алмаймын,  Торшолақ  атты  қалап  келдім,  -
дегенде  Ағанас  би:  Мен  Торшолақ  атты
бермеймін,  одан  басқа  не  қаласаң  соны  ал,  -
дейді.  Құнанбай:  -Мен  басқа  ештеме  қалап
келгем жоқ, - деп киіне бастағанда, Ағанастың
бәйбішесі: -Би, ол іші боқ, сырты түк бір қара емес
пе? Балаңыздан тор атты несін аядыңыз?, - деді.
Ағанас: -Мен бұдан ат аяп отырғаным жоқ. Өзін
аяп  отырмын.  Қазір  Тобықты  басқа  елмен
жауласып  отыр.  Еліне  жау  шапса,  бұл  жауға,
аттанға шаппай отыра ала ма? Бұл жауға шапса,
осы  торы  атпен  шабады.  Қара  көрсе
тоқтамайтын ат оны алып жауға кіреді, не мұның
бейнетіне,  не  ажалына  себеп  болады.
Сондықтан,  бұған  торы  атты  бере  алмаймын.
Басқа не аламын десе де қолын қақпаймын, - деп
тысқа  шығады.  Құнанбай  да  тысқа  шығып
енесінің  берген  екі  қоржынбасы  сәлемдемесін
бөктеріп  атына  мінеді.  Енесі  көзіне  жас  іркіп,
Құнанбайдың  маңдайынан  иіскеп  сүйіп,
амандасып, сәлем айтып қала береді.
Құнанбай  кезең  аса  бергенде  артынан
шақырған дауыс естіп қараса жылқышы қолын
бұлғап тұр екен. Қайта келгенде Ағанас: -Сені
жақсы бола ма деуші едім. Сен жаман екенсің ғой.
Бір  тайды  бермеді  деп  мойның  түсіп  кеткені
қалай? Мен сенен бір тайды аяғаным жоқ дедім

79
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
ғой. Енді маған сертпен торшолақ атты беремін.
Топқа би мінсін, өзің ауыл арасында көкпарға,
тойға мін. Бәйгеге қос. Бірақ, жауға мініп шабушы
болма,  ана  берген  малым  берген,  -  дейді.
Құнанбай: -Қазір қыс жаман болып, жақ жұты
болып, қыс аяғы қара суық болып тұр. Бұл жолы
торы  атты  ғана  алайын,  басқасын  кейін  жер
қарайып,  күн  жылығанда,  көк  шыққанда
алармын, - дейді. Аздан кейін қылшығы түлеп
алатаң  болған  қабырғасы  жабық  торы  атты
жылқышы  ойнақтатып  жетелеп  алып  келеді.
Құнанбай  торы  атты  жетекке  алып,  хош
айтысып, елге тартады. Кезең асқан соң торы
атқа  ерді  салып  мініп  алып,  бестісін  жетекке
алып, жолға бір түнеп үйіне келеді.
Көктем  шығып,  күн  жылынып,  жер
құлпырып көктеген кез. Хан өзенінің басында
екі саланы Қарабатыр және Әнет деген екі ру
кедей ауылда қыстап шығып, күн жылынған соң
Шыңғыстың  күнгей  бетіне  көшіп  қонған.
Құнанбай ат қаратіл  болғанда торшолақ атты
жаратып, ақтабан сойылды дайындап, белбеуге
іліп, атты түнде байлап қоятын.
Бір күні таң қараңғысында тау жаңғыртып
аттанған  дауыс  естіліп,  азан-қазан  айғайға
ұласады.  Дауысты  естіген  Құнанбай  атып
тұрып, сойылын алып, атқа жайдақ мініп, өзенді
өрлей  жөнеле  береді.  Жолда  сала-салалардан
«қайдалап шапқан бірнеше адамдар қосылып,
Шыңғыстың  сыртқы  биік  жотасына  шығады.
Бұл кезде таң ағарып, жер беті айнадай болып
көріне  бастайды.  Биікте  бұрын  шығып
тұрғандардың бірі: Найман жауы болса керек.
Мына сырт нашар елдің тай-тулағын тік көтере
айдап кетті. Жау қарасы Томаша бауырына жаңа
ғана кірді, - деді.
Осы кезде Бұшантай жазығынан жаудың
да  қарасы  көрінеді.  Сонда  Отыншы  ақсақал:
«Дәмелі,  аты  әлді  жігіттер  іріктеліп  жауды
қуыңдар,  бөгеңдер,  арттарыңнан  көп  қолдар
жетеді, енді тұрудың қажеті жоқ», - деген соң,
аты әлді, ер жігіттерден іріктеліп жиырма шақты
жігіттер жау артынан жөнеп берді. Сол топпен
бірге  Құнанбайда  шығады.  Аз  уақыттан  соң
бұларға,  жылқыны  айдап  бара  жатқандар
алдыңғы белеске шыққанда,  арғы жағындағы
жазықтан  жау  қарасы  көрінеді.  Бұлар  жауды
көрген  соң,  ат  басын  ірікпей  жөнеп  береді.
Алдындағы жау қарасын көрген торы ат басын
бір  шайқап  ауыздықты  жалғыз  ауызға  салып
алып,  құйындай  жүйіткіп  оқтай  зулап,  топтан
қара үзіп жөнеп береді. Құнанбай аздап ат басын
тежейін  дегенге  торы  ат  ерік  бермей  құстай
ұшып,  жауға  тақайды.  Мұны  көрген  жау
бастығы, басында айыр қалпағы бар, қара құлын
терісінен  киген  жарғағы  бар,  қолында
қылжалаулы  найзасы  бар  батыр:  -Мынау  бір
ершікеш  екен,  басқаларың  жылқыны  айдай
беріңдер. Сегіз  кісі қалып  екі бөлініп,  ортадан
өткізіп  сазайын  берейік,  орталарыңды  аша
беріңдер, - деп найзаны оқталып, Құнанбайды
тосып тұрады. Мұны көрген Құнанбай ат басын
тартуға бой  бермеген соң  амалсыз екі  топтың
ортасынан өте беріп, қол ыңғайы жақтағы бірін
ұрып жібергенде оң жақ кеудеге найза да сарт
етіп  қадала  түседі,  ат  басы  қайырылып
тоқтайды. Жау найзаны екі рет басып аттан түсіре
алмайды, үшінші рет басқанда найза ұңғысынан
шарт етіп сынып кетеді. Сол кезде ортада қалған
Құнанбай  қарғып  түсіп,  тізгінді  ат  басынан
қайырып  екі  қо лын  айқастырып,  аттың
шоқтығынан басып ат тамағына отырып алады.
Жау айқастырған қолдан ұрып, саусақ сыртын
талқандап  жараласа  да  Құнанбай  аттан
айрылмайды.  Сонда  жау  батыры:  «Бір  тайдан
туған неме екен. Жүріңдер, қуғыншылар келіп
қалды.  Өзіне  де  қыларымды  қылғамын,  адам
болса  барып-барып  адам  болар»  -  деп  жөней
береді.  «Иә,  қылғансың»  -  деп  Құнанбай  атқа
қайта мінбек болғанда, қарыстай шығып тұрған
атқа тірелген кеудесіндегі сынған найзаны көреді,
мықтап ұңғысынан ұстап тұрып, суырып алады.
Сол кезде өзі құлап  та түседі. Артқылар келіп
басын сүйеп, оң жақтағы емшегінің астын ала
кіріп,  оң  жақ  жауырынның  астынан  шыққан
найзаның орнынан қан судай сорғалап шапши
бастағанда  Құнанбайды  қырынан  жатқызып,
жиылған халық жараның екі жағынан кезектесіп
қанын сорып тез-тез төгіп, қанды ішке жібермеу
айласын  жасайды.  Ішке  қанды  жібермей,  тез
кезектесіп сорып төгуге жұрт тізіліп тұра қалады.
Қайсы біреу қан ішіне кетіп, жүрегі айнып құсып
та  жатады.  Бұл  кезде  Құнанбай  аппақ
шүберектей  қуарып,  өңі  қашып,  өлер  тірілері
белгісіз  халде  жатады.  Қан  әбден  таусылған
кезде,  дайындап  қойған  ат  қылын  күйдіріп,

80
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
ыстықтай  жараның  аузына  қайтайлай  басып
отырады.  Көйлекті  жыртып  алып  жараны
таңады.
Күн жоғары көтеріліп, сәске болған кезде
көзімді  ашсам,  -  дейді  Құнанбай  немересі
Шәкәрімге, - қаным кеуіп барады екен, бір аяқ
айран шалапты дем алмай бір-ақ жұтып аз дем
алып айналама қарасам, төңірегім толған адам
екен. Бәрінің көздерінде жас, қариялар кіселерін
мойындарына салған, алладан тілек тілеп менің
жанымды қалдыруын сұрап тұр екен. Мен аздан
соң екінші аяқ сусынды тағы ішіп есімді жинай
бастадым. Сол кезде жұрт «А, құдай! Ақсарбас,
көк  қасқа  жолыңа  айттық»,  -  деп  шулап,
күңіреніп  жылап  жіберді.  «Егер  ел  тілегі
болмағанда мен өлген адам едім. Көп тілегі көл
болып, көптің тілеуін құдай қабыл қылып, аман
қалдым.  Мені  теңге  салып,  Шыңғыс
сыртындағы  Қарабатыр,  Әнет  ауылдарына
алып  келгенде  алдымнан  кәрі  аталар,  қарт
аналар,  қатын-балалар  шулап,  а  құдайлап
шыққандағы,  олардың  маған  деген  кіршіксіз
жүректерінің ақ ниеттерінің, адал тілектерінің
ауғанын  ауызбен  айтып  жеткізу  қиын  шығар.
Қарабатырдың  үлкен  үйі  Отыншыныкіне
кіргізерде  кәрі  әже  мені  ұшықтап  кіргізді.
Отыншы  айтқан  ақсарбасын  со йып  мен
қалжалап, етті елге таратып, кешке ауылға алып
келді.  Мен  жаз  бойы  теңге  түсіп  жүріп,
жазылдым», - дейді.
Құнанбайдың сол жарадан қалған оң жақ
емшегінің  астыңғы жағында  алақандай  беріш
тыртығы,  оң  жақ  жауырынының  астында
бармақ басындай тыртық орны бар.
Құнанбай  бұдан  бұрын  да,  бала  жігіт
күнінде ажалға тап болып, одан және ел болып,
құдайдан тілеп алып қалады.
Құнанбайға шешек шығып, өлім аузында
жатады. Бірнеше күн ол ас-судан қалып, денесін
көк шешек қаптап, екі көзін аштырмай, кірпігі
қимылдаумен  жатады.  Аузын  арандай  ашқан
ажал оны буындырып, жанын алқымына алып
келеді.  Құнанбайды  оңаша  үйге  салып,  ата-
анасы бағып  отырады. Ол жатқан  үйді халық
қо ршап  ажалға  қарсы  тұрды.  Кемпірлер
күндіктерін,  шалдар  кіселерін  мойындарына
салып,  еркек-әйелдер  еңіреп,  құдайдан
Құнанбайдың  жанын  қалдыруды  сұрап  тілек
тілейді.  Айтылмаған  көк  қасқа,  ақсарыбас
қалмайды. Міне, осындай ел тілегі бірнеше күнге
созылады. Ақырында ажалды халық тілегі жеңіп,
Құнанбай  тәуір  болады.  Бірақ,  аямай  алуға
келген  ажал  оның  нұрлы  сұлу  бетін  аздап
шұбарлап, сол жақ көзінде қабағының астын ала
тарыдай ақ қалдырып кетеді. Бірақ беті шұбар,
көзінде  тарыдай  ағы  –  оның  қасиетін,
адамгершілігін,  халқының  сүю  махаббатын
кеміте  алмайды.  Қайта  ол  халық  тілегінің
ажалмен  алысып,  ажалды  жеңген  белгісінің
айғағы болып қалады. Мұны көріп, ауыр халды
басынан  өткізген  Құнанбай  бұрын  ел  үшін,
адамшылық үшін еңбек етсем десе, енді біржола
халқым  алдында  арыммен  борыштымын,
елімнен  жаным  садаға  болсын  деген  сертін
жүрегіне түйеді. Елінің екі ажалдан тілек тілеп
алып  қалуы  Құнанбайдың  халыққа  деген
сүйіспеншілік  қасиетін  қайрап  жетілдіреді.
Халық оның абыройын көтеріп, атағын жайып,
ақыл, адал адамгершілігі зор, әулие, парасатты
деп,  Құнанбай  атын да  атамай  үлкендер  оған
«мырза» деп ат қояды. Жастар, балалар «Тәте»
деп  атайды.  Сөйтіп  Құнанбайдың  атағы  өз
елінен  асып,  басқа  алыс  елдерге  жайыла
бастайды.
Әкесі Өскенбай қайтыс болып, бір жылдан
соң Қамбарлар отырған Көкшетауда үш жүздің
баласының  басын  қосып,  ат  шаптырып  ас
береді. Ташкент, Бұхара маңындағы қазақтар да,
жақын елдерден сыйлық алып, елдеріне шеттен
қашып  келген  адамдардан  «сен  сақта,  саған
әкелген кісіміз» деп салт басты жігіттерді тартуға
әкеп береді. Мысалы, Кавказдан қашып келген
Қазақбай  (Ғабдолла),  түбі  серкеш  солдаттан
қашып Керей, Шүршіт ауылына сіңген Ғабитхан
ноғай.  Осындайларды  Құнанбай  тартуға
әкелген  құл  демей,  өз  туысындай  көріп  әйел
әперіп, алдарына мал салып, жер бөліп берген.
Ғабитханға бар балаларын оқытқан. Мұндай әр
рудан сіңгендердің саны көп. Оны керекті жеріне
айтармын.
Со л  әкесі  Өскенбайға  ас  бергенде
Құнанбай  үш  жүздің  басты  адамдарымен  бас
қосып сөйлесіп, олардың кім екендерін танып,
өзінің  кім  екенін  танытады.  Сол  аста  атақты
Балта ақын Құнанбайға:

81
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
Өскенбай Бұхараның қақпасындай,
Айқан сөзі – құранның тақтасындай.
Әлде болса орыны бос қалған жоқ,
Артында  алтын  қалды  ат  басындай,  -
дейді.
Ат бәйгеге келіп, ас жанжалсыз тарағанына
көңілі жай болған, неше күндей тыным көрмеген
Құнанбай үйге кіріп, ұйықтап қалады. Бәйгеге
берілетін,  қоршауға  қамалған,  малдарды  ел
таратып алуға бата алмайды. Құнанбайды оятуға
Балта ақынды жібереді. Сонда Балта Құнанбайға
келіп:
Үш жүзді жиып ас бердің,
Келістіріп сәйкесін.
Қазақты түгел билеттің,
Алшысы мен тәйкесін.
Келсең кел дер кез келді ғой Құнеке-ай!
Кейіте беріп қайтесің, - дейді.
Сонда,  Құнанбай  қоршауды  аштырып,
алдымен бәйгені, сыйлықты үлестіріп, артылған
малдарды  түн  ортасына  дейін  нашарларға
үлестірді. Сол Өскенбайға ас бергенде қазылған
жерошақтардың орны бертінге дейін жататын.
Мұндай ас қазақта сирек болған деседі.
Осы ас Құнанбайды бүкіл қазақ баласына
танытады. Әрине, бұл асты да берген Құнанбай
елі.  Өзі  жақсы  көрген  ел  Құнанбайдан  жанын
тілеуін аямағанда, малын аяй ма?!
Әрине,  Құнанбайдың  өз  елінде  жауы,
күндесі  болған  жоқ  деуге  бо лмайды.
Құнанбайды  көре  алмай,  алдынан  шығып
жағасынан  алып,  жағаласқан  туысқандары  да
болды.
Қазақтың  тарихында  өзін-өзі  құртып,
өсірмей келе жатқан осы күндестік, күншілдік,
жақсыны  күндеу,  алға  басқанның  ақты
қолдағанның  жағасынан,  аяғынан  алу  қаны
бұзықтардың бойына біржолата сіңген дерт. Бұл
дерттен  арылатын  күні  болар  ма  екен?!  Жоқ,
осылай  өтер  ме  екен.  Ол  белгісіз.  Араздық,
достық, қулық, алдау, өтірік, айла қоса жүреді.
Сол – күндестігін Құнанбайға да істеп баққандар
аз болған жоқ. Бірақ, оған орай адамгершілігі зор,
сенімді  адамдар,  мысалы,  Найман  Барақ
сияқтылар  Құнанбайдың  адамгершілігінің  зор
екенін  байқаған.  Атын  ұмыттым  сол  кездегі
орыс-поляктың Құнанбайға көп жолдас болған
саяси  тұтқындағы  есті  адамдары  да
Құнанбайдың адамгершілігін, әділдігін, шешен,
берік,  қайраттылығын  байқаған.  Жуандық,
зорлық,  өтірік,  ұрлық-қарлық,  қиянаты  жоқ
көпшілік  Құнанбайды  жан-тәнімен  жақсы
көрген.  Құнанбайды  ажалдан,  бейнеттен
айырып  қалғандар  да  басына  бақ,  абырой
әперген де солар. Солардың тілектестігі.
Құнанбай  діншіл  адам  болған.  Ол
балгерсіген  бақсы  құшынаштарға,  қисынсыз
ырымдарға нанбаған. Пара алуды, пара беруді,
өтірік айтып, ұрлық қылуды, адамға табынуды
жаны  түршігіп  жек  көрген.  Ол  тек  құдаймен
көпке ғана бағынуды лайық деп санаған. Бұрын
зекет беруді білмейтін байларға малынан зекет
беруді орындатып, оларды нағыз нашар, кемтар,
жетім-жесірге бергізген. Арам өлген мал етін,
қан, безді жейтіндерді де тыйған. Тобықты елінің
ұрлығын пышақ кескендей тыйған. Бірақ оған
сол  өзінің  аяғынан  алған  туыстары  көнбеген.
Ұрлығын  қылдыра  берген.  Бірлі-жарым
көнбеген  ұрыларға  аямай  дүре  салдырып,
ұрлығын  қойғызып,  өз  қолына  ұстап  жұмыс
қылдырған. Бір молда насыбай харам деп айтты
деп, насыбай атқандарды тотияйын езіп қоямын
деп насыбай атушыны тыйған. Жұртқа құдайға
құлшылық қыл, қиянаттан аулақ жүр деп, бұрын
намаз  оқымайтындарға  да  намаз  оқытқан.
Құнанбай  атшабарларына  біреудің  бір  тал
қылын, рұхсатсыз алма деп қатты тапсыратын
болған.  Кенесарыны  қусып,  Жалайыр  еліне
барғанда сол елдің бар әйелі орыстармен бірге
сіздің  бір  жолдасыңыз  білезік  жүзік,  сәукеле
моншақтарымды  алды  деп  арыз  еткенде,
жолдастарынан оның Төбет батыр екенін білген
соң Төбетке дүре салдырып, әйелдің бар затын
түгел  таптырып  берген.  Қазақ  балаларының
оқығанын арман етіп көксеген Құнанбай өзінің
күзегінен ең  алғаш там салдырып  сауын мал,
азық  жинап  беріп,  айналасындағы  қазақ
балаларын, 
өз 
балаларын 
оқытқан.
Құнанбайдың  алғаш  қо йған  оқытушысы
Байдалының Сарымолдасы деп аталып кеткен,
руы ноғай Мұхамед деген жоғары оқуы бар адам
болған.  Онан  кейін  Ғабитханды  қойған.
Жылына Ташкентке бір рет керуен жіберіп, өрік,

82
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
мейіз,  күріш  және  шығыс  әдебиетшілерінің
шығармаларын,  түрік  тіліндегі  кітаптарды
алдырып,  отыратын  болған,  бұларға  қоса
Ғибадат сламия, тапсір, мұхтасар сияқты түрлі
діни кітаптарды да алдыратын болған. Сөйтіп,
Сарымолда елге қосылмай, сол тамда балаларды
оқытып  жататын  болған.  Ол  бала  оқытқан
күзеттің орны бүгін бар. Ол қонысты «ескі там»
деп атайды.
Құнанбайдың бар балаларының қайсыбір
басқа елден келіп оқығандардың, туыстарының,
көршілерінің  балаларының  хатты  жақсы
танитындарының  себебі  сол.  Өз  баласы
Халиолланы  Құнанбай  орысша  Омбыдағы
Кадет корпусынан оқытқан.
Құнанбай  өз  елінің  арман-тілегін
орындауда да барлық күш-жігерін салған. Басқа
жуан  көп  рулардың  істеген  көп  зорлықтарын,
атақты  адамдарын  қорлаған  қылықтарын
көтермейтін болған. Олрадың кегін, ар намысын
қорғаған.  Бірақ  керегі  не,  Құнанбайдың  өзі
айтқандай: «Мені сырт жау алмайды, іш жауым
өз бауырым алады», - дегені сияқты ішкі жауы,
өз бауыры  аяғынан, жағасынан  алып, жауына
қосылып, Құнанбайды да айдатқан, байлатқан,
жаппаған  жаласы,  айтпаған  өсегі,  істемеген
қастығы қалмаған.
Шыңғыс тауын («Найман күре» - Шыңғыс
тауының монғолша алғашқы аты. «Найман күре
найман деген сөз сегіз мағынасында ал Күре –
өзен  мағынасында,  сонда  «сегіз  өзенді  тау»  -
деген  сөз  болып  шығады.  Шыңғыс  атануы
Шыңғысхан  (Темучин)  келіп  орнағанда,  осы
жерде  ол  әскер  басшылығынан  хан  сайлаған.
Шыңғыс ханды хан сайлағанда ақ кигізге орап,
көтеріп  шығарған  биік бар.  Ол  Шыңғыс  биігі
атанып, тау Шыңғыс тауы аталған себебі сол).
Арғы замандағы жеті момын атанатын Атығай,
Қарауыл,  Бәсентиін,  Қанжығалы,  Тобықты,
Саржетім, Шақшақ рулары жайлаған, солардың
ата-мекені  болған.  Одан  1722  жылдар
шамасында  қазақ  «ақтабан  шұбырындыға
ұшырап,  қалмақтан  жеңіліп,  Ордың  қара
ағашына  Мұғаджар  тауына  барған.  Содан
бірнеше  жылдан  кейін,  Абылайдың  тұсында
қалмақтан  «Ақтабан  шұбырындының»  өшін
алып,  ата-қонысын  босатып  алған.  Шыңғыс,
Тарбағатай  тауының  аймақтарындағы
қалмақтарды қуысуға, бірнеше қолмен Тобықты
Мамай  батыр  келген. Ол  Тобықтының  билері
Қараменде мен Кеңгірбайға Шыңғыс тауының
қалмақтан  босатылғанын  айтқан.  Сонда
Қараменде  мен  Кеңгірбай  ондағы  туыстары
Атығай, Қарауыл, Бәсентиін, Қанжығалыға ата
қонысқа  көшейік  деп  ұсыныс  жасаған.  Бірақ
орналасып  қалған  олар  көшпеген.  Бұл  арада
бірталай уақыт өтіп кеткен. Аяғында Тобықты,
Қанжығалы көшкен. Бұл кезде Шыңғыстың ішін
Найман, сыртын Керей, бауырын Уақ, батысын
Арғындар  мекендеп  алған.  Шыңғыстың  көп
жерлерін  алып,  суығына  кіріп  орналасқан
найманның Матай рулары болған. Шыңғысты
басқа  ел  алып  қойыпты  дегенді  естіп,
Қанжығалы  жолда  Арғын  мен  Кіші  жүздің
жапсарында  қалып  қойған.  Тек,  аз  ғана  ат
төбеліндей  жеті  ауылдың  сабағы  Тобықты
көшкен. Тобықтыны Кеңгірбай би мен Мамай
батыр бастап, 1780 жылдарға таяған кезде келіп
Шығысқа кірген Кеңгірбай алдымен өз туысы
Арғынмен  айтыса-тартыса  жүріп,  Шаған
өзенінің бойын алған. Одан кейін Уақты қуып
Шыңғыстың бауыр жағын босатып алған. Одан
соң «Үш балапан» деп аталатын Бөкенші, Хан,
Қарауыл өзендерін Матайдан босатып, Шыңғыс
сыртындағы  «Барлыбай»  өзенін  Найманнан,
арғы жайлауын Керейден босатып алған.
Орнығып  қалған  әрі  жуан,  әрі  көп  ру
Найман  Шыңғыстың  күн  шығыс  жағындағы
Құндызды  өзенін  бермей  қалған.  Бұл
Шыңғыстың сегіз өзенінің бірі. Кеңгірбай мұны
алғаш  алам  деп  жүргенде  қайтыс  болған.
Кеңгірбай  өлерінде:  «Құндыздыны  ала  алмай
кеттім,  Тобықтының  жігерлі  ері  туса  алар»,  -
дейді,  Кеңгірбайдың  осы  аманат  арманын
естіген қариялар Құнанбайға айтады. Бұл кезде
Тобықты өсіп-өніп бес старшын, бес болыс елге
айналады.  Шыңғысқа  келгеннен  кейін,  жер
тапшылығынан  екі  жылдан  соң,  Қараменде
Балқаш төңірегінде Тоқырауынға көшіп кетеді,
олар қазір екі болыс ел.
Бұрын жер ала алмай жүрген нашар рулар
Әнет,  Бәкең,  Жуантаяқ,  Қарабатыр  сияқты
кедей  руларды  орналастыру  Құнанбайдың
үлесіне  тиеді.  Өздері  әділ  деген  Құнанбайға
арыздарын  шағады.  Құнанбай  Тобықтының
басты  адамдарын  шақыртып  алып  кеңеседі.

83
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
Бұрын орнығып қалған жуандар нашар таптың
балаларына  жер  бергісі  келмейді.  Құнанбай:
«жер адамның жері емес, құдай жері, бір кісі үшін
жаратқан  жоқ,  барлық  адам  баласы  үшін
жаратты.  Қайта,  жауды  жанын  қиып,  белсене
қуысқан  сендер  емес,  осы  нашар  атаның
балалары. Ел намысын қуған ерлер де солар», -
дейді.  Жуантаяқ  руына  сырттағы  жайлаудан
Уақпен  жапсарлас  бауырға  дейін  қоныс  бөліп
береді.  Оған  жалғас  Бәкең  руына  жер  кесіп
береді. Ең нашар, кедей Әнет пен Қарабатыр еді,
бұлар менің іш көйлегім сияқты еді. Бұларға өз
тиесімнен берейін, қыс қыстауын, жаз жайлауын
менімен  жалғыз  болсын  деп  Хан  өзенінің  бас
тарауына  орналастырады.  Қарабатырдың
қалғандарын  Бөкенші  өзенінің  бас  тартуына
орналастырады. Шыңғыс Әрине, бұған жуандар,
аталы  мықтылар  разы  болмайды,  бірақ  әділ
Құнанбай оларға қарамайды.
Біз,  -  деді  Құнанбай,  -  қолымыз  жетсе,
Найманнан Құндызды бойын даулап алуымыз
керек. Егер жолымыз болып, Найман Құндызды
бойын  босатса,  елдің  сол  жақ  шетінен  бастап
алған жерге қарай ауысады. Бүгін жерді қимай
отырғандар сол күнде және көнбей жүрмеңдер.
Соны ескертемін. Бүкіл алынған жер көлеміне
қарай  ауыстырылатын  болады,  -  дегенде,
отырған көпшілік бұл ұсынысын мақұлдайды.
Сөйтіп, Құнанбай бастап, Тобықты Найманнан
Құндызды бойын даулайды.
Құндызды  өзенінде  Жетісу  оязы  мен
Қарқаралы  оязының  бас  қосқан  сьезі  болады.
Тобықты  Найманнан  Құндызды  өзені  ата-
қонысым,  Шыңғыстан  аққан  өзеннің  бірі,
Найман зорлықпен алып отыр дейді.
Екі ояз келісіп, өздерің биге салып, қазақ
жолымен  бітісіңдер,  егер  бітісі  алмасаңдар,
билігін  біз  айтамыз»,  -  деп  қазақтың  өздеріне
береді. Өңшең айтыс-тартысқа түсіп, дауға шебер
болған шешендер керісіп, сөзге келісе алмайды.
Тобықты  билері жерді  алғысы келеді,  Найман
билері жерден айырылғысы келмейді. Сөйтіп,
олар тоқтамға келісе алмайды. Сонда Құнанбай
тұрып: «Біз бұл керіспен дауды шеше алмайды
екенбіз, өмірінде билік дауға түсіп, билік айтпаған
адамға айтқызайық», - дейді. Осыған Найман да
Тобықты да тоқтасады. Бұған Найман Қисықты
шығарады. Тобықты Мәмбетей руынан шыққан
Доғал деген момын, адал адамды шығарады.
Бұл екеуі де малды, момын адамдар.
Құнанбайдың сенімді атқосшысының бірі
Керей  руынан Жұмабай  оны жорға  Жұмабай
деп атандырған. Ол өте пысық, сөз тапқыш адам
болған.  Оны  Құнанбай  ояздардың  астарын
дайындап,  жұмыстарын  орындап  тұруға
тағайындаған. Өзі жылпос жігіт ояздарға үйір
бо лып  алады,  қолдарына  су  құйып
орамалдарын  дайындап  тұратын,  астарын
жасап  беретін  сол.  Айтқандарын  екі  қылмай
әбден жағып алған.
«Құндызды»  өзінің  таудан  шыға  беріс
жағасындағы қабақта ескі моланың орны бар.
Ол мола үйілген тас, қалмақ моласы ма, қазақ
моласы ма, кімдікі екені  белгісіз. Сол молаға
күнде  ерте  оншақты  шалдар  келіп,  моланың
басына отырып-отырып, күн батарда қайтады.
Мұны  күнде  ерте  тұрып,  байқап  жүретін
ояздар:  «Бұлар  неге  күнде  анау  жерге  барып
қайтады?» - деп жорға Жұмабайдан сұрайды.
Со нда 
Жұмабай: 
«Тақсырлар, 
олар
Тобықтының шалдары, анау үйілген ерте кезде
өлген Тобықтының сол отырған шалдардың ата-
бабаларының  моласы.  Енді  екі  ел  мына
Құндызды бойына таласып жатқанда, егер жер
Найманға кетсе, қайран ата-бабаларымыздың
моласы жат елде қалып, елдің малы таптайды
ғой,  бастарыңа  келіп,  дұға  қылатын  адам  да
болмайды,  -  ғой  деп,  со ны  уайымдап
аталарының  басына  дұға  оқып,  қоштасып,
күнде жыласып қайтады», - дейді.
Қисық  пен  Доғал  екеуі  де  бұрын  билік
айтып көрмеген, оңаша шығып Құндыздының
жағасына  келіп  отырысады.  Әлден  уақытта
Доғал: «Ау, Қисық екеумізді билік айтуға зорлап
шығарды. Құдайға да, адамға да ұятты болмай
қанда
й  билік  айтамыз.  Сен  не  айтқың
келіп  отыр»,  -  дейді.  Сонда,  Қисық:  «Жоқ,
ақсақал, билікті өзің айт» - дейді. Осы керіспен
екеуі  көп  отырады.  Әлден  уақытта,  Қисық
болмаған соң Доғал орнынан тұрып, құбылаға
қарап,  қолын  жайып:  «А,  құдай!  Адамдар  да
сенікі, жер де сенікі, сенің жаратқан жеріңе кесіп,
пішіп билік айту күнә, қателесіп айтсам өзің кеш!
–  деп  Қисыққа  қарап,  -  біз  несін  таласамыз.
Құдайдың  өзі  билігін  айтып  қойған  жоқ  па?
Белгісін салып, өзеннің ағысымен, өзеннің күн

84
АСЫЛ  СӨЗ

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал